Перфект жүйесіне жататын шақтар: perfectum, plusquamperfectum, futurum II (secundum). Инфект жүйесіндегі шақтардың инфект және перфект формаларының айырмашылығы жалғауында болса, ал перфект жүйесінің актив және пассив формалары толық құрлымын өзгерту арқылы жасалады.
Перфект шақтарының өздік етісі перфект түбірінен синтетикалық жолмен жасалады.
Перфект шақтарының ырықсыз етісі перфект түбірінен аналитикалық жолмен жіктелетін етістіктің participium perfecti passivi формасымен және esse көмекші етістігінің көмегімен жасалады. Participium perfecti passivi формасы супиннан құрылады, сондықтан перфект жүйесінде перфект түбірінен немесе супиннан жасалған формалар деп бөліп отырады. Инфект шақтарында етістіктер төрт жіктеуге бөлініп, олар әртүрлі жолмен жіктелсе, перфект шақтарында барлық етістіктер қай жіктеуге жатса да бірдей жіктеледі.
37.1 Perfectum indicativi activi
Латын перфект формасының екі түрлі мағанасы бар:
а) Перфект қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта аяқталғанын көрсетеді, оны p e r f e c t u m h i s t o r i c u m деп атайды. Мысалы: Vēni, vidi, vici -Келдім, көрдім, жеңдім (Юлий Цезардың боспор патшасы Фарнакты тез жеңгені жөніндегі хабары). Бұл сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта қысқа мерзім ішінде орындалғанын бір ғана факт хабарлап тұр. Ego semper illum appellāvi inimīcum meum - Мен оны ылғи менің жауым деп атайтынмын. Мында да қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта болғаны көрсетіледі, бырақ ұзақ уақыт бойы орындалғанын ылғи (semper) үстеуі арқылы көрсетіледі.
б) Перфект қимыл, іс-әрекеттің өткен уақытта орындалып, қазіргі кезде орындалып жатқандығын білдіреді. Оны p e r f e c t u m p r a e s e n s деп атайды. Мысалы: consuēvi – менің әдетім (қазір де сол өткендегі әдетті сақтаймын); sibi persuāsit – оның көзі жетті (қазір де сенеді). Көбінесе мұндай мағаналар перфектті ырықсыз етіс формасында береді: illud mare Aegaeum appellatum est – Бұл теңіз Эгей теңізі деп аталған (қазір де солай аталады). Латын перфектісінің осындай мағаналары батысеуропа тілдерінде қазір де кездеседі.
Perfectum indicativi activi перфект түбіріне арнайы жалғаулар жалғау арқылы жасалады. Жалғаулар барлық төрт жіктіктегі етістіктерге бірдей.
Етістіктердің Perfectum indicativi activi формасы перфект түбіріне төмендегі жіктік жалғауын жалғау арқылы жасалады:
Жақ |
Singularis |
Pluralis |
1 |
- -ī |
-ĭmŭs |
2 |
-ĭstī |
-ĭstĭs |
3 |
-it |
-ērunt |
Еске саламыз, перфект түбірі І жақ жекеше түрде тұрған Perfectum indicativi activi -дің –ī жалғауын алып тастау арқылы анықталады.
Numerus |
Persona |
orno, ornāvī, ornātum, ornāre - әшекейлеу |
|
sing. |
1 2 3 |
ornav - ī ornav - ĭstī ornav - it |
мен әшекейледім сен әшекейледің ол әшекейледі |
pl. |
1 2 3 |
ornav - ĭmŭs ornav - ĭstĭs ornav - ērunt |
біз әшекейледік сендер әшекейледіңдер олар әшекейледі |
Есте сақтаңыз, перфект түбірі етістіктерде біркелкі емес, алты түрлі жолмен құрылады:
І және IV жіктеуге жататын етістіктерде перфект түбірі – vī -ға аяқталады (v жұрнағы мен ī жалғауы инфект түбіріне жалғану арқылы жасалады). Мысалы: orno, ornāvī, ornātum, ornāre 1 – әшекейлеу; audio, audīvi, audītum, audīre 4 - тыңдау
ІІ жіктеуге жататын етістіктердің көбісінде перфект түбірі -uī –ға аяқталады (u жұрнақ + ī жалғау). Бұл жерде инфект түбіріндегі соңғы –ē дауысты әрпі түсіп қалады. Мысалы: moneō, monuī, monĭtum, monēre 2 – сендіру; doceō, docuī, doctum, docěre 2 – оқыту
ІІІ жіктеуге жататын етістіктердің көбісінде перфект түбірі -sī –ға аяқталады (s жұрнақ + ī жалғау). Бірақ s - жұрнағының алдындағы дауыссыз әріптер өзгеріске ұшырайды. Тіл арты дауыссыз g s және t әріптерінің алдында тұрса қатаңданады, с [k] дыбысы s дыбысымен қосылып, x дыбысымен белгіленеді. Мысалы: duco, duxi ( duc + si), ductum, ducere 3 – жетелеу; rego, rexi (reg + si), rectum (reg + tum), regere 3 – билік жүргізу; Ұяң b дыбысы s және t әріптерінің алдында тұрса қатаңданады. Мысалы: scribō, scripsī (scrib + si), scriptum, scriběre 3 – жазу.
Тіл алды d және t дауыссыздары s – дыбысының алдында ассимиляцияға ұшырайды. Мысалы: mittō, misī (mit + si), missum, mittěre 3 – жіберу, жөнлту, жолдау.
Біршама етістіктердің перфект түбірі инфект түбіріне жұрнақ жалғау арқылы емес, түбірдегі дауысты дыбыстың ұзақ дыбысқа ауысуы арқылы жасалады. Мысалы:
videō, vīdī, visum, vĭdēre 2 - көру
mŏveō, mōvī, mōtum, movēre 2 – жылжыту, қозғау
legō, lēgī, lěctum, legěre 3 - оқу
veniō, vēnī, věntum, věnīre 4 - келу
Берілген етістіктердің:
Инфект түбірі |
Перфект түбірі |
vĭdē-, movē-, legě-, věnī- |
vīd-, mōv-, lēg-, vēn- |
Егер түбірде ă тұрса, жаңа ē тудырады. Осы жолмен жасалған перфект үндіеуропа тілінен келген дауыстылардың орын ауыстырылуы деп аталады. Қазіргі кезде неміс және ағылшын тілдерінде кездеседі. Ондай өзгеріс келесі жиі кездесетін етістіктерде:
ăgō, ēgī, actum, ăgěrě қуу
căpiō, cēpī, căptum, căpěrě алу
făciō, fēcī, făctum, făcěrě істеу
jăciō, jēcī, jăctum, făcěrě тастау
Инфект түбірі |
Перфект түбірі |
ăgě-, căpĭ -, făcĭ -, făcĭ - |
ēg-, cēp-, fēc-, jēc- |
Кейбір латын етістіктері үндіеуропа перфектісінің жасалуының көне формасын сақтаған, яғни бастапқы дауыссыздың қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы:
dō, dedī, dătum, dărě беру
mordeō, momordī, morsum, morděrě тістеу
currō, cucurrī, cursum, currěrě жүгіру
ІІІа жіктеуіне жататын етістіктердің бірқатарынның префект түбірі етістік түбіріне ұқсас. Мысалы:
statuo, statui, statutum, statuěre 3 қою
verto, verti, versum, vertěre 3 айналдыру [9].
Көмекші етістік esse Perfectum indicativi activi формасында
Жақ |
Singularis |
Pluralis |
1 |
fu–ī мен болғанмын |
fu–ĭmŭs біз болғанбыз |
2 |
fu–ĭstī сен болғансың |
fu–ĭstĭs сендер болғансыңдар |
3 |
fu–it ол болған |
fu–ērunt олар болған |
1. Келесі етістіктерді imperfectum indicativi activi және perfectum indicativi activi формаларында жіктеңіз:
1 deleo 2 бұзу, қопару; pono 3 қою. respondeo 2 жауап беру; duco 3 жетелеу
2. Етістіктердің формасын анықтап, қазақшаға аударыңыз:
fuistis, affuistis, potuistis, fē respondi, misērunt, expugnavērunt; putavěrat, conscripsěrat, scripsĭmus, potuerĭmus, collocavěrint, interfuěrint, tulērunt; prodiit, voluisti, voluěras.
3. Өздік етісте тұрған сөйлемдерді ырықсыз етіске алмастырыңыз, құрастырған сөйлемді қазақшаға аударыңыз:
a) Milĭtes montem б) Graeci monumenta exstruēbant.
4. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеоло-гизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:
1) Hodie mihi ,cras tibi – Бүгін маған, ертең саған.
2) Homines amplius oculis,quam auribus credunt – Адамдар құлағына емес, көзіне сенеді.
3) Neminem cito laudaveris ,neminem cito accusaveris – Ешкімді асығыс мақтамаңыз, ешкімді асығыс айыптамаңыз.
4) Nemo omnia potest scire – Ешкім бәрін біле алмайды.
5) Tantum scīmus, quantum memoria tenebĭmus – Біз қанша есте сақта-сақ, сонша білетін боламыз.
6) Concordia amorem nutrit! – Түсіністік махаббатты күшейтеді.
7) Amor librum nos unit – Кітапқа құмарлық бізді біріктіреді (баспа ұраны).
8) Ex umbra in solem – Көлеңкеден күнге (баспа ұраны).
5. Оқып аударыңыз:
De Aenēa
Graeci diu Troiam urbem oppugnavērunt; decĭmo anno Troiam expugnavērunt. Aenēas, unus e principĭbus Troianōrum, cum patre sene et filio parvŭlo et cum sociis naves conscendit et post multos et longos errōres in Italiam advēnit. Rex Latīnus Aenēan in hospitium accēpit et filiam Laviniam in matrimonium ei dedit. Sed primum Troiāni cum Rutŭlis pugnābant, Latīnus enim antea Laviniam Turno, Rutulōrum princĭpi, in matrimonium dare promīsit. Aenēas oppĭdum Lavinium (condĭdit) et filius eius, Ascanius, Albam Longam condĭdit. Ea gente Romŭlus, condĭtor Romae, fuit.
1. oppugno, oppugnāvi, āre – шабуылдау; 2. ex-pugno, expugnāvi, āre – басып алу; 3. conscendo, conscendi, ěre – көтерілу; 4. navem conscendere – кемеге отыру; 5. ad-venio, adveni, īre – жету, келу; 6. accĭpio, accēpi, ěre – алу, қол жеткізу; 7. do, dedi, dare – беру; 8. pro-mitto, protmsi, ěre – сөз беру; 9. condo, condidi, ěre – негізін салу, қалау; 10. ea gente … fuit – осы рудан тараған.
2. Мәтінді оқыңыз, мәтіндегі етістіктерді талдап, аударыңыз:
De puero mendaci
Puer, custos ovium, saepe per iocum auxilium rogavit magna voce clamans: «Auxilium mihi date! Lupus adest!» Vicīni auxilio veniēbant, sed lupum non vidēbant, et puer eos irridēbat. Aliquando lupi re verā in oves irruērunt, et puer, ut antea, clamāvit: «Lupi adsunt! Auxilium mihi date!» Sed nemo puěri mendāci credĭdit neque ei auxilium dedit, et lupi multas oves arripuērunt.
1. mendax, mendācis – өтірікші; 2. custos ovium – шопан; 3. iocus, i m – әзіл; 4. auxilium, i n – көмек; 5. magnā voce – қатты дауыстап; 6. vicīni – көршілер; 7. auxilio venīre – көмекке келу; 8. аliquando – бірде, бір күні; 9. vere – шынымен; 10. ovis, ovis f – қой
Ежелгі дәуірдің дәрігері Галеннің арқасында медицина қызметін-де дуализм жарық көрді. Клавдий Гален Пергане қаласында атақты ар-хитектор Никонның жанұясында дүниеге келген. 17 жастан бастап ме-дицинамен айналысқан, Перган, Коринф, Афина және Александрияда білім алған, біршама тілдерді біліп, көп саяхаттаған. Перганға оралғанда бірнеше жыл бойы гладиатор мектебінде дәрігер боп жұмыс жасайды. Гладиатор көтерілісінен кейін Гален Римге көшіп келіп, лекциялармен, медицина тәжрибесімен белгілі болған. Гален медицина саласындағы –125 еңбектің авторы (бізге тек 80 жетті). Ең маңыздысы: «Адам денесіндегі бөліктердің қызметі», «Анатомия туралы», «Терапевтік әдістер», «Ауру денелердің бөлшектері», «Дәрілердің құрамы туралы». Галеннің бірнеше еңбектері «Гиппократтың жинағымен» таныстырды. Гален Александрияға келгенде, онда адамдар мүрдесімен жұмыс істеу тоқтатылғандықтан, ол маймылдар, шошқалар, иттер мен тағы басқа жануарларды зерттеумен айналысты. «Анатомиялық бұлшық еттер туралы» трактатта 300 бұлшық ет бар екені баяндалған, олардың ішінде адамдарда болмағандары да бар. Галеннің анатомия жүйесін, сүйектерді, сіңір, бұлшық еттерді, ішкі мүшелерді, әсіресе жүйке жүйесін сипаттауда қызметі зор. Ол бас миы және жұлын бөлімдерінің құрылысын түсіндірді. Жүректің анатомиялық құрылысын, күре тамырдың ағу жолын дұрыс түсіндірді. Жүректің қоршауын қанға өткізгіш деп санады. Бұл дұрыс емес көзқарас VI ғасырға дейін дұрыс деп саналды.