Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін және сынның белгілерін көрсетеін сөз табын үстеу деп айтады.
Басқа сөз таптары сияқты, үстеудің мағанасында да, тұлғасында да, сөйлемде атқаратын қызметінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.
Үстеулер – басқа сөз таптарынан қосымшалар арқылы немесе сөздердің бірігуі арқылы, тіркесу арқылы пайда болып, жаңа бір мағанаға ие болған сөз тобы.
Латын тілінде үстеу сөздер морфологиялық құрамы жағынан екі категорияға бөлінеді. Олар: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Қазіргі кезде құрамындағы негіз бен қосымшалардың жігі бөлінбейтін, яғни бөлшектеуге келмейтін үстеулерді негізгі үстеулер дейміз: fere шамалы, ubi қайда, semper ұдайы.
Жұрнақ, жалғау жалғану арқылы жасалған үстеулерді туынды үстеу дейміз.
Сын есімнен жасалған үстеулер сын есімнің gen sing.формасындағы жалғауын жұрнаққа ауыстыру арқылы жасалады.
Бірінші топтағы үстеулер I және ІІ септеуге жататын сын есімдердің gen sing.-тағы ī жалғауын ē жұрнағымен ауыстыру арқылы жасалады.
Кейбір ІІ септеуге жататын сын есімдерден түбірге о жұрнағын жалғау арқылы үстеу жасауға болады
cit-us, a, um жылдам, cit-o жылдамдау
rect-us, a, um түзу, rect-e түзурек
Nom.sing. |
Gen.sing. |
Adverbium |
latus кең liber еркін pulcher әдемі,көрікті minĭmus кішкене fortissĭmus батыл |
latī liběrī pulchrī minĭmī fortissĭmī |
latē liběrē pulchrē minĭmē fortissĭmē |
Екінші топғы үстеулер ІІІ септеуге жататын сын есімдердің gen sing.-тағы -ĭs жалғауын -ĭter жұрнағымен немесе –nt-дан кейін - er жұрнағымен ауыстыру арқылы жасалады.
Nom.sing. |
Gen.sing. |
Adverbium |
acer үшкір celer жылдам fortis қайсарлы felix бақытты sapiens дана |
acris celeris fortis felīcis sapientis |
acrĭter celerĭter fortĭter felīcĭter sapienter |
Үшінші топғы үстеулерге a c c u s a t i v u s s i n g u l a r i s немесе a b l a t i v u s s i n g u l a r i s формаларында тұрған средний родтағы зат есімдер мен сын есімдер жатады: multum көптеу, primum біріншіден, facĭle жеңілдеу, casu төтенше, multo тым
Сын есімнен жасалған үстеулердің салыстырмалы шырайы ретінде a c c u s a t i v u s s i n g u l a r i s формасында тұрған средний родтағы сын есімдер қолданылады (–iŭs жалғауына аяқталады). Мысалы: altus биіктеу, latius кеңдеу, celeries тездеу, felicius бақыттылау
Үстеудің күшейтпелі шырайы сын есімнің күшейтпелі шырайына -ē жұрнағын жалғау арқылы жасалады: fortissĭmē (fortissĭmus-тан), celerrĭme, minĭme
Ерекше жалпы ережеге бағынбай жасалатын үстеулер де кездеседі: bonus жақсы(сын есім), bene жақсы (үстеу), alius басқа (сын есім), alĭter басқа (үстеу). Осы топта жиі кездесетін үстеулер:
bene – жақсы; male – жаман; multum – көп; optĭme – тым жақсы; pessĭme - тым жаман; minĭme – тіпті аз; plus – көбірек; minus – аздап; plurĭmum – ең көп; parum-аздап [9].
1. Төмендегі сын есімдерден үстеулер құрыңыз:
Gravis, honestus, simplex, celer, pulcher, facĭlis, prudens.
2. Келесі сөз тіркестерін қазақшаға аударыңыз:
iter longius, opus facillimum, mons altissĭpugna acerrĭma, equus celerior.
3. Сын есімдердің күшейтпелі, салыстырмалы шырайларын жазыңыз:
Bonus, parvus, celěber, difficĭlis, novus, mobĭlis.
4. Сөйлемдерді аударыңыз:
1. Ата-анаға (dat.)баладан қымбат ештеңе жоқ. 2. Бұл жол ең қысқа жол. 3. Ақымақ дос жаудан да қатерлі. 4. Ит қасқырға қатты ұқсайды. 5. Жазда қысқа қарағанда күні ұзақ, түні қысқа екені белгілі. 6. Эдип ең қиын жұмбақты шешкен дейді. 7. Күміс алтыннан арзан, алтын күміс-тен қымбат. 8. Отан өмірден де қымбат. 9. Цицерон рим шешендерінің ең әйгілісі. 10. Барлық галдықтардан ең батыл болғаны бельгилықтар.
5. Афоризмдерді жаттаңыз. Қазақ мақал-мәтелдері мен фразеоло-гизмдерін қарап шығып, афоризмнің баламаларын жазыңыз:
1) Oleum addere camnio – Жел беру, ушықтыру, отқа май кұю.
2) Omnie intium difficile est – Әр бастама қиын.
3) Omnia vincit amor – Махаббат бәрін жеңеді (Вергилий).
4) Satius est supervacua discere quam nihil – Ештеңені білмегеннен гөрі, артық оқыған жақсы.
5) Сerium voto pete finem – Өзіңізге тек айқын мақсаттар қойыңыз.
6) Ex auribus cognoscitur asinus – Біз ақымақты артық күлкіден танимыз.
7) Facĭte dictum, difficĭle factu – Айтуға оңай, орындау қиын.
6. Recĭta!
De Solō et Croeso
Solo, ille sapens, qui leges utilissĭmas Atheniensĭscripsit, terras aliēnas libenter visitābat. Aliquando Croesus, Lydiae rex, Solōnem invitāvit, nam divitias suas viro sapienti ostenděre desiderāvit. Croesus Solōne divitior, sed Solo Croeso sapientior erat. Croesus, qui se ipsum fellicissĭmum putābat (nam divitissĭmus erat), Solōnem interrogāvit: “Quem tu, vir sapiens, omnium homĭnum felicissĭmum putas?» Solo respondit: «Tellum Atheniensem felicissĭmum puto, nam filios bonos honestosque educāvit et ipse pro patria pugnans morte honestissĭmāvitam finīvit». Alios quoque viros, qui mortem honestam habuěrant, nomināvit; tum rex irātus: «Nonne me felicissĭmu omnium homĭnum putas? Quis enim pulchriōres vestes, splendidiōres gemmas, aedificia ampliōra habet?» «O rex, – inquit Solo, –nunc te divĭtem et regem video, sed felīcem non prius te nominābo, quam vitam bonā et honestā morte finivěris». Hoc responsum minĭme regi placuit, et Solo regnum eius relīquit.
1. Solo, Solōnis — ІІІ септеу, Солон (б.з.д 640 – 560 жылдары өмір сүрген) – жеті грек даналарының бірі, саясаткер, ақын. Б.з.д 594 жылы Афинада елеулі қоғамдық-саяси реформалар өткізген; 2. se ipsum fellicissĭmum putābat - өзін ең бақытты адам деп есептеген; 3. сын есім dives, divĭtis – бай, дәулетті – келесі шырайлары бар: dives, divitior, divitius; divitissĭmus немесе қысқартылған түрі – dives; ditior, ditius; ditissĭmus; 4. te divĭtem et regem video – мен сені бай және патша ретінде көріп тұрмын; 5. minĭme ... placuit – ұнамады, мүлдем ұнамады; 6. carus, a, um – қымбат ; 7. vilis, vilis, vile – арзан; 8. aurum, i – алтын ; 9. argentum, i – күміс; 10. pretiōsus, a, um – қымбат (бағасы жағынан), жоғары бағалы; 11. fortis, fortis, forte – мықты, күшті; 12. Galli, Gallōrum - галдықтар; 13. Belgae, Belgārum - бельгилықтар
Б.з.б. 753 жылы Римді Ромул құрды. Ол бір жылды 10 айға (Ромул жылы), наурыздан бастап бөлді. Алайда 10 айлық жыл ұзақ болған жоқ, келесі патша Помпилий оны 12 айға ауыстырды. Келесіде жылдың басын 1 қаңтарға көшірді. Цезардың қолдауымен күнтізбе қайта қаралды және айлардың күндері саналды. Бұл күнтізбемен Ресей 1918 жылға дейін қолданды.
Апта күндері жұлдыздар атауларымен белгіленді: Ай, Марс, Меркурий, Юпитер, Венера, Сатурн және Күн. Апта сенбіден (Сатурннан) басталды. Айдың кейбір күндері ерекше атаулармен белгілеңді. Мысалы, айдын 1 -ші күні – «календа», 5 немесе 7-ші күн – «нона», 13 немесе 15-ші күн – «ида» деп аталды. Римдіктер тәулікті екіге бөлді: күн және түнге.