4 Студенттік әнұран

«Гаудеа́мус» немесе «Гаудеа́мус и́гитур» (лат. gaudeamus igitur – қуанайық; көңіл көтерейік) – латынша жазылған студенттік әнұран. Бірінші сөздің немесе жолдың атымен аталған. Латындық Vita brevis ars longa афоризмін парафразалаған, сондықтан ол «De brevitate vitae» («Өмірдің өткіншілігі туралы») деп те аталады. Ән XIІІ немесе XIV ғасырларда Гейдельбергте немесе Париж университетінде пайда болды (Себастьян Брант 1267 ж. «Gaudeamus igitur» деп аталатын әнұран туралы айтады). «Gaudeamus» ваганттардың – ортағасырлық кезбе ақындар мен әншілердің, олардың арасында студенттер де болған, ән жанрына жатады.

Ваганттар. Ваганттар (латын тілінен vagantes – кезбелер (странствующие) – Батыс Еуропадағы орта ғасырлардағы (XI–XIV ғғ.) шығармашылықпен айналысатын ән жазуға және орындауға қабілетті адамдар. Бұл ваганттар ұғымы сияқты сөзді қолданғанда әлеуметтік гетерогенді және белгісіз топтарды қамтиды, француз жонглёрлері (jongleur, jogleor – латын тілінен алғанда joculator – «әзілқой. әзілкеш»), неміс шпильмандары (Spielmann), ағылшын менестрелдері (minstral – латын тілінен алғанда ministerialis – «құл») сияқты және т. т. Алайда, әдетте, «Ваганттар» сөзі тар мағынада өз шығармашылығында тек діни басқарманың халықаралық касталық тілін, немесе, ең болмағанда, латынды пайдаланған кезбе ақындарды белгілеу үшін қолданылады. Алғашқы ваганттар – өз шіркеуінен тыс өмір сүрген немесе белгілі бір шіркеу кеңсесінде жұмыс істемейтін діни қызметкерлер болған; Уақыт өте келе ваганттар мектеп студент-терінің бірлестіктерімен толықтырыла бастайды, бір университеттен екінші университетке ауыса бастайды, кейінірек – вагант поэзия-сының өзі әлсіреген дәуірде – басқа топтардың өкілдері, атап айтқанда, қалалықтар бұл топқа қосыла бастайды. Бұл топтың әлеуметтік құрамы ваганттар поэзиясының формаларын да, мазмұнын да анықтайды. Лирикалық және дидактикалық ваганттық поэзия формалары каролингтік дәуірмен тығыз байланысты, онда ваганттық форманың барлық элементтері (рифмалар, лексика, стилистикалық декорациялар) шашыраңқы түрде, ал ол арқылы – ерте христиандық пен ежелгі әлемнің латын поэзиясымен берілген. Ваганттардың махаббат лирикасы үшін Овидияның маңызы ерекше («Ғашықтық туралы ғылым» және басқа да еңбектері).

Ежелгі поэзияның әсері ваганттар шығармаларында айқын көрінеді.

Ежелгі поэзияның әсері ваганттар шығармаларын безендіруді ұнататын мифологиялық аксессуарларда ғана емес (Венера, Купидон, Амур, кейде тіпті нимфалар мен сатиралар) және кейіпкерлердің аттарында (Флора, Филлида және т.б.) көрінеді, олар құстардың әнін тыңдағанды ұнатады, куртуаздық лирика жоқ олардың шығармаларында, вагант поэзиясына жалаңаш дененің
сипаттамасы тән,  трубадурлар мен миннессерлердің мәтіндеріне қарағанда (мыс.: Вальтер фон дер Фогельвайд).

Табиғаттың суреттелуі мен символикасында ежелгі поэзияның реминисценцияларын ваганттардың шығармаларында байқауға болады, олар түстерінің жарықтығы бойынша көбінесе куртуаздық лирикасынан асып түседі; екінші жағынан, табиғат символикасында ваганттардың халық әнімен көптеген сәйкестіктері бар, бұл халық поэзиясының олардың поэзиясына әсер еткені сөзсіз. Ваганттардың лирикасындағы махаббат мотивтері шарап пен маскүнемдік мотивімен байланысты; Студенттік көптеген әндер кейіннен вагантты ішу әндерінің (застольная песня) жанрынан дамыды: «Meum est propositum» ( «Архипиита» XII ғ.), «Gaudeamus igitur» және т.б. Ваганттар сатирасында діни әдебиеттің элементтерін пайдаланады – оның негізгі формаларына пародия жасайды (көзқарас, әнұран, жүйелілік және т.б.), олар литургия мен Евангелияны пародиялауға дейін барады.

Ваганттардың шығармалары жасырын. Белгілі ваганттар: «Contra ecclesiasticos juxta visionem apocalypsis» жазған француз ақыны Чатильон (XII ғасырдың екінші жартысы); Примас Орлеанский (XII ғасырдың басы); «Архипииты» лақап атымен танымал неміс ваганты Архипиита Кельнский (XII ғасырдың екінші жартысы), Вальтер Шатильонский  және басқалары.

Ваганттар поэзия XII–XIV ғасырлардағы қолжазба қорларында сақталған. Олардың ішіндегі ең көлемдісі (250-ге жуық туындыдан тұрады) – «Ка́рмина Бура́на» (Carmina Burana). Оның қолжазбасы 1803 жылы Бавариядағы Бенедиктбеуерн монастырынан табылған (сондықтан жинақтың атауы латынша). Ваганттар өз өлеңдерін айтқан әуен (сирек жағдайларды қоспағанда) сақталған жоқ.

Ғасырлар бойы ән ауыздан-ауызға өтіп, сондықтан көптеген нұсқаларға ие болды. «Гаудеамус»  тексті алғаш рет 1776 жылы жа-рық көрді, ал 1781 жылы саяхатшы жазушы Христиан Вильгельм Киндлебен оған осы күнге дейін жеткен форманы берді. Киндлебеннің айтуынша, әннің текстіне елеулі өзгерістер, соның ішінде цензурлік өзгерістер енгізілуі керек еді. Әннің алғашқы нотасы  Lieder für Freunde der Geselligen Freude (Лейпциг, 1788) жинағында жария-ланған. «Гаудеамустың» бұл нұсқасы бүгінде танымал болып қала береді, бірақ бұл жалғыз емес: әннің 1717 жылдағы нұсқасының ми-нор шкаласында сақталған ертерек нұсқасы бар.

Халықаралық университеттік спорт федерациясының ресми ән-ұраны болып табылады. Төменде әннің латын мәтінінің нұсқаларының бірі берілген. Әр өлеңнің алғашқы екі және соңғы жолдары екі рет айтылады. Сонымен, әр өлеңнің жолдары келесі ретпен орындалады: I, II, I, II, III, IV, V, V. Ресейдің жоғары оқу орындарында әнұран дәстүр бойынша қысқартылған түрде орындалады - тек бірінші және төртінші (кейде алтыншы) шумақтар.

П. И. Чайковский 1874 жылы «Гаудеамусты» 4 дауысты ерлер хо-рына және фортепианоға жазған, сол жылы хор партитурасы Б. Л.бүр-кеншік атымен жарияланды (Чайковский өзінің музыкалық фельетон-дарында осылай қол қойған). Әннің орыс тілінде бірнеше поэтикалық аудармасы бар. Ең танымалы: С. И. Соболевский (филолог, ежелгі классикалық тілдер аудармашысы, 1864–1963) және Н. В. Бугаев (математик, Мәскеу университетінің профессоры) аудармалары. Аудармалардың ешқайсысы жалпы қолданылмайды.

Универсиададағы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде ел-дің мемлекеттік әнұранының орнына «Гаудеамус» ойналады. «Республика ШКИД» фильмінде Викниксор Достоевский атындағы мектеп оқушыларының алдында «Гаудеамусты» орындайды. «Гаудеамустың» аудармасын Мәскеудің бесінші сынып оқушылары орта мектеп оқушылары гимназисттікке қабылдау рәсімі кезінде  орындайды.    

1 Gaudeāmus igitur,

Juvěnes dum sumus!

Post jucundam juventūtem,

Post molestam senectūtem

Nos habēbit humus!

2 Ubi sunt, qui ante nos

In mundo fuēre?

Transeas ad infěros,

Transeas ad supěros,

Hos si vis vidēre!

3 Vita nostra brevis est,

Brevi finiētur;

Venit mors velocĭter,

Rapit nos atrocĭter,

Nemĭni parcētur!

4 Vivat Academia!

Vivant professōres!

Vivant membra quaelĭbet!

Vivat membrum quodlĭbet!

Semper sint in flore!

5 Vivant omnes virgins

Gracĭles, formōsae!

Vivant et muliěres

Teněrae, amabĭles,

Bonae, laboriōsae!

6 Vivat et res publĭca

Et qui illam regunt!

Vivat nostra civĭtas,

Maecenātum carĭtas,

Qui nos hic protēgunt!

7 Pereat tristitia,

Pereant dolōres!

Pereat Diabǒlus,

Quivis antiburschius

Atque irrisōǎǔȳres!

Тапсырмалар

1. Латын оқу ережелерін ескере отырып, әнұранда екпіндерін қойыңыз, әнұранды оқыңыз.

2. 1–4 шумақтарды жатқа айту.

3. 5 және 7 шумақтардың транскрипциясын жазыңыз.

4. Композитор Ж.Оккенгейм рөлі, мәтін мен әуен авторлары, өлеңнің тарихы жөнінде мағлұмат беріңіз.

5. Әнұран мәтінін аудармасымен көшіріп жазу.

6. Сөздік жұмысын жүргізу: өлеңнен – mus, -t, -nt, -ntur жалғауы бар 14 етістікті жазып алу.

7. Өлеңнен 1, 3 септеудің зат есімдерін сөздік формасында жазып алу және сын есімдерді жазу.

8. Гумус, транзит, флора, фауна, республика, протекция, регалии сөздері қандай латын сөздерінен шыққанын жазу.

Римдіктер жөнінде деректер

Тирон – Цицеронның құлының шын аты. Ол – шынайы достық пен қамқорлық көрсеткен ұлы шешеннің хатшысы болды. Цицерон Тиронға бостандық береді, бұл оның атын өзгертуге әкеледі. Бостандық алғаннан кейін, заңға сәйкес, ол өзінің бұрынғы қожайынының рулық атын (nomen), есімін (ргаеnomen) алады. Тирон бостандыққа шыққан сәттен бастап Цицерон оған енді dominus - иесі болмайды, раtronus – қанатының астына алушы болады, ол өзінің атын лақап есім (прозвище) ретінде сақтады (cognomen). Яғни босатыл-ғаннан кейін оның аты Marcus Tullius Tiro болды. Тирон Цицеронның хаттары мен кейбір баяндамаларын шығарушы болды. Ол жазуды қысқартуды қолдану арқылы жұмысын жеңілдетті, ол кейінірек «Тирон белгілері» (поtае Тironianae) атауын алды. Бұл қысқартулар ежелгі уақытта тахиграфия (шапшаң жазу) деп аталатын стенография-ның бастамасы болды.