6 Зат есім (Nomen Substantīvum)

Сөйлемде кім?(quis?) не?(quid?) деген сұрақтарға жауап беріп, заттық мағанада жұмсалатын сөздерді зат есімдер дейміз. Зат деген ұғымға  күнделікті  өмірде кездесетін әдеттегі заттар ғана емес, сонымен бірге табиғат пен қоғамда  ұшырасатын әр алуан  құбылыстар мен оқиғалардың  атаулары, ұғымдар мен түсініктер де енеді.

Латын тілінде зат есімнің келесі грамматикалық категориялары бар: тегі (род), көптелуі (число), септелуі (падеж)

Үш тегі (genus): genus feminīnum – женский род (f), genus masculīnum – мужской род (m), genus neutrum – средний род (n).

Genus masculīnumге еркек текті адамдар мен жан-жанурлардан басқа, желдердің, айлардың және өзендердің атаулары жатады: cōnsul    консул, rēx патша, Cupīdō Купидон, Līps оңтүстік-батыс жел,  Etēsiae пассaт желі, Aprīlis  сәуір;

Genus feminīnumге әйелдер мен ұрғашы жан-жануарлардың аттарынан басқа, көбіне ағаштар атаулары, қалалардың, елдердің, аралдардың атаулары: uxor жұбай, soror әпке, socrus ене, anus кемпір, laurus лавр, gus бук, Corinthus Коринф, Aegyptus Египет, Rhodus Родос;

Genus neutrumге септелмейтін зат есімдер жатады: pondō фунт, gummi камедь.

Екі көптелуі (numerus):  жекеше түрі  – singulāris және көпше түрі -plurālis.

Алты септеуі (casus):

Nominatīvus (Nom.)

Атау септік

кім? не?

Genetīvus (Gen.)

Ілік септік

кімнің? ненің?

Datīvus (Dat.)

Барыс септік

кімге? неге?

Accusatīvus (Acc.)

Табыс септік

кімді? нені? қайда?

Ablatīvus (Abl.)

Көмектес септік

кіммен? немен? қай жерде?

Vocatīvus (Voc.)

Қаратпа сөздерде

қолданылады кім? не?

 

Мысалы: Ave, magistra! Сәлеметсіз бе, ұстаз!

Қазіргі кезде Vocatīvus септеуі украйн, белорусь, грек тілдерінде сақталған (сынку, друже, Галю). Латын тілінде Vocatīvus ІІ септеуден басқа септеулерде Nominatīvus-пен сәйкес келеді.

Латын тілінде зат есімдер бес түрлі жолмен септеледі. Септелудің түрі ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы арқылы анықталады. Сондықтан зат есімдердің сөздікте ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы міндетті түрде беріледі.

1-септеудің     Gen. Sing. - ae

2-септеудің     Gen. Sing. – i

3-септеудің     Gen. Sing. – is

4-септеудің     Gen. Sing. – us

5-септеудің     Gen. Sing. – ei

Ескерту (N.B.) Зат есімдерді жаттағанда міндетті түрде  екі формасын есте сақтау қажет (!) – атау және ілік септіктерін, мысалы: avis, avis f   құс; terra, terrae f жер, ел;  lupus, lupi m қасқыр [7].

      

Тапсырмалар

 

Келесі сөздерді оқыңыз, ілік септігінің жекеше түрінің жалғауы арқылы қай септеуге жататынын анықтаңыз:

nox, noctis f   – түн

patria, ae  f     – отан

victoria, ae f   – жеңіс

sĕriēs, ēi f       –  қатар

aurum, i     –  алтын

oratŏr, ŏris m – шешен

pecunia, ae f  – ақша

magister, tri m –ұстаз

opus, ĕris n   –  іс

fructūs, ūs  m  – жеміс

miles, ĭtis  m   – солдат

persona, ae f  – тұлға

ăvŭs, i m      – ата

fĭdes, ĕi  f      – сенім

testis, testis  m – куәгер

domūs, ūs  f    –  үй

iūs, iūris  n      – құқық

diēs, diēi  m     –  күн