7 І-септеу

Бірінші септеуге атау септігінде жекеше түрде (Nom.Sing.)  -ға, ал ілік септігінің жекеше түрінде (Gen. Sing.)  -ае-ге аяқталатын  женский және мужской родта тұрған зат есімдер жатады.

Ескерту (N.B.). 1. Ілік септігінің жекеше түріндегі  -ае жалғауын  алып тастау арқылы зат есімнің түбірі анықталып, барлық жалғаулар осы түбірге жалғанады. Мысалы: terră, ae f  зат есімінің түбірі terr-;

2. Dea, deae және filia, ae зат есімдерінің dat. және abl. pluralis формаларында –bus жалғауы да кездеседі: deābus және filiabus.

Септеу үлгісі: terră, ae f  – жер, ел.

     

септеулер

singularis

plurālis

Nom.

Gen.

Dat.

Acc.

Abl.

Voc.

terră     жер

terrae   жердің    

terrae   жерге  

terrăm  жерді

terrā     жермен    

terră   жер                                                     

terrae        жерлер

terrārum   жерлердің

terris          жерлерге

 terrās         жерлерді

 terris          жерлермен

terrae          жерлер

Тапсырмалар

1. Келесі сөздерді жекеше және көпше түрлерінде септеңіз:
stella, ae f – жұлдыз;      via, ae f  –  жол;   incola, ae f, m – тұрғын

2. Оқып аударыңыз:

1. Scientia potentia est. 2. Terra est sphaera. 3. Terra est stella.
4. Terra et luna sunt stellae. 5. Philosophia est magistra vitae. 6. Historia est magistra vitae. 7. Historia est schola vitae. 8. Schola est via scientiārum. 9. Roma est in Italiā. 10. In terrā et in aquā est vita. 11. In lunā non est vita. 12. In silvis sunt bestiae. 13. Ibi victoria, ubi concordia. 14. Experientia est optima magistra. 15. Aurora musis amica.

4. Латын тіліне аударыңыз:

Жерде, жерге, жер астында, жер астына, орманда, орманға, ормандарда, ормандарға, Италияда, Италияға, Африкаға, Африкада, аралда, аралға, аралдарда, аралдарға, айда, айға, суда, суға, су астында, су астына.

5. Жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жүріп отырып таныс сөздерді теріп жазыңыз:

M

I

N

E

R

V

A

F

R

I

C

A

A

S

C

I

E

N

T

I

A

B

C

D

D

E

F

B

X

H

E

L

T

R

P

E

V

X

Z

I

A

G

R

I

C

O

L

A

S

T

E

L

L

A

R

A

Y

X

J

H

I

P

Q

V

I

T

A

Q

U

I

L

A

L

U

B

I

N

T

A

B

U

L

A

A

V

Q

X

C

S

Y

V

I

A

J

L

Q

A

B

C

T

U

Q

R

O

M

A

U

U

I

N

C

O

L

A

D

P

U

G

N

A

Y

Z

H

R

A

A

B

D

S

M

A

R

A

X

L

I

N

G

U

A

C

B

X

I

N

U

N

A

U

T

A

R

A

L

A

N

Сөздік

1. scientia, ae f – білім; 2. potentia, ae f – күш; 3. est  - болу етістігінің ІІІ жақта жекеше түрде қолданылатын нұсқасы;  4. terra, ae f  – жер; 5. sphaera, ae f  - шар; 6. stella, ae f  - жұлдыз, планета ;  7. luna, ae f  – ай;  8. magistra, ae f – ұстаз; 9. vita, ae f – өмір; 10. schola, ae f  – мектеп; 11.via, ae f - жол; 12. Roma, ae f  - Рим; 13.  aqua, ae f - су; 14. silva, ae f  - орман; 15. non –жоқ; 16. bestia, ae f – аң; 17. victoria,  ae f – жеңіс; 18. сon-cordia, ae f  – келісім;  19. experientia, ae f  – тәжрибе; 20. amica, ae f – дос; 21. au-rora, ae f – шапағат; 22. sunt – болу етістігінің ІІІ жақта көпше түрде қол-данылатын нұсқасы; 23. in - да,-де,-та,-те жалғауы яғни «қай жерде?»  және «қайда?» сұрақтарына байланысты аблятив пен аккузативті керек ететін предлог; 24. et – және; 25. ibi – анда;  26. ubi - қай жерде?; 27. filia, ae f – қыз; 28. insula, ae f- арал; 29. lingua, ae f - тіл;  30. nauta, ae m  – те-ңізші; 31. collega, ae m  – жолдас; 32. poēta, ae m- ақын; 33. agricola, ae m  - жерөңдеуші; 34. regina, ae f – патшайым;  35. dea, ae f  – әйел құдай; 36. sub - астында яғни «қай жерде?» және «қайда?» сұрақтарына байланысты аблятив пен аккузативті керек ететін предлог.

2. Латын тіліне аударыңыз:

1. Су бар жерде тіршілік бар. 2. Диана – ормандар мен айдың құдайы. 3. Греция мен Италияда Диана мен Минерваның мүсіндері бар. 4. Жұлдыздар мен ай - планеталар. 5. Сицилия тұрғындары - жерөңдеушілер мен теңізшілер. 6. Сицилия жағалауында Грецияның колониялары бар. 7. Галия – Еуропаның жері. 8. Рим Италияда орналасқан. 9. Жер астында. Жер астына. 10. Жерде, суда өмір бар.

Сөздік

Sicilia, ae  f Сицилия; Graecia, ae  f Грекия; Italia, ae   fИталия; Minerva, ae f Минерва; Diana , ae  f Диана; colonia, ae f колония; ora, ae f жағалау; Roma, ae   f Рим; Galia, ae   f Галия

Римдіктер жөнінде дерек

Шекарада орналасқан легиондар жорық кезінде біркелкі үлгі бой-ынша тұрақты лагерлер салды. Легион лагерінде әдетте 5 мыңға жуық адам болатын. Лагерлер бір жоспар бойынша салынғандықтан, жауын-герлер қайда болса да өз бөлімін  оңай таба алатын. Бірте-бірте шатырлардың орнына ағаштан тұрғын үйлер салынды. Біздің заманымыдың II ғасырында римдіктер тастан бекіністер сала бастады. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін сарбаздар көбінесе олар қызмет еткен бекіністің жанында қоныстанды. Лагерьлердің айналасында осылай қалалар пайда болды. Ұлыбританиядағы осы бекіністердің бірінің жанында жеке үйлер мен таверналардың қирандылары (руина) табылды.