4.1 Тәуелсіздік үшін және отарларды Англиядан бөліп алу үшін соғыс. Тәуелсіздік туралы мағлұмдама (4 шілде 1776 ж.).
4.2 1787 ж. Конституция және оның Солтүстік-Америка құрама штаты үшін тарихи маңызы.
4.3 Конфедерацияның құрылуы және АҚШ конституция қабылдауы.
4.4 Тәуелсіздік үшін соғыстың тарихи маңызы және негізгі қорытындылары.
Ұлыбританияның соғыстан кейінгі француздықтар мен үнділіктермен жүргізілген жаңа саясат империяның ішінде байланыстарды айтарлықтай әлсіретіп жіберді. 1760 жылдардың басында ағылшын үкіметі Канадағы 10 мыңдай гарнизонды асырау үшін, сонымен қатар, үнді тайпалары мен өктем жүргізуге бел буған өктемпаз жер аударылушылар арасындағы қақтығыстардың алдын алу үшін колониялықтарға салық салуды шешті. Ағылшындықтар колониялық әкімшілікті қайта құруға кірісіп кетті. 1762 ж. Арнайы заңмен шекаралық бақылау күшейе түсті, ал патшалық айлаққа контрабандашыларды қудалау міндеті жүктелді. Екі жылдан кейін сырттан келген тауарларға галлон үшін алтыдан үш пенске дейін баж салығын төмендету және франциялық Вест-Индиядан келген басқа тауарларға баж салығын жоғарылату заңы қабылданды; сонымен бірге, үкімет бұл қаржыны америкалық колонияның халқынан өндіріп алуға нақты ниет білдірді. Колониялар арасындағы жағалық сауда-саттыққа өте қатал шектеулер қойылды, ал Галифакста (Жаңа Шотландия) контрабандаға қатысқандарды жазалау үшін арнайы вице-адмиралдық сот құрылды. 1767 ж. Колониялық баж салығын жинауды қадағалау үшін кеден комиссарлары кеңесі құрылды. Ақыры, колонияларды басқаруды орталықтандыру мақсатында мемлекеттік хатшы қызметі тағайындалды.
Бұл шаралардың бәріне колониялықтардың қатты көңілдері толмады. Америкалық саудагерлер пара беру сияқты айла-тәсілдерді қолданып, баж салығынан айналып өтуге мәжбүр болып жүрді. Ендігіде шенеуліктердің сыбайластығын ашықтан ашық көрсететін жаңа бюрократиялық салғырттық кедергілер, заңсыз контрабандалық тауарларды тексеруге «заңсыз» (олардың ойынша) берілетіні, вице-адмиралдық сотта сот мүшелерінің жоқтығы олардың ашуын келтірді.
Көп кешікпей, саудагерлердің наразылықтарына басқалары да қосылды. 1765-1766 ж.ж. Нью-Йоргтік ассамблея әскерді мекендерге орналастыру, яғни ағылшындық жауынгерлерді өз үйлерінде тұрғызуға колониялықтарды міндеттеу жөнінде заңдарға наразылықтарын білдірді. Жер саудагерлері және ұсақ ферма шаруашылық иегерлері 1763 ж.Аппалачтық таулардан бастап батысқа дейінгі құнарлы жерлерге өтуге тосқауыл болған декретке қарсы шықты. Біреулер үкімет пен патшаға арнайы өтініш жіберді, басқалары жаңа тәртіп орнатуға талпынған билік өкілдеріне қарсылық көрсетіп, олардан зорлық-зомбылық, жәбір көрді.
1765 ж. Британдық парламентпен қабылданған Елтаңбалық алым жөнінде заң бірінші бұқараның озбырлықтың жаппай ашу-ызасын оятты.
Барлық заңды құжаттарға, газеттерге, және басқа да басылым материалдарға салық төлеуге талап еткен заң сол күйі күшіне еңген жоқ. «Еркіндіктің ұлдары» деп аталатын құпия қоғамды қорғаушы, қамқоршы саудагерлер мен адвокаттардың бастамаларымен ұйымдастырылған бүліктер салық жинаушыларды қайта шақыруға мәжбүр етті. Көпшілік отаршылардың өкілдерінің қатысуымен елтаңбалық алым жайлы заң жайында, ағылшын парламентінің еңгізуімен жиналысқа Нью-Йоргте жиналды
Колония өкілдерінің көпшілігі қатысқан гербтық салық туралы жиналыс Нью–Йоркте ғылшын парламенті олардың келісімінсіз енгізген салыққа қарсылық жариялау үшін жиналды. Американдықтардың қарсыластығының ауқымдылығынан үрейленген марких Рокингеймнің үкіметі 1776 жылы гербтық салық туралы заңды жойды. Сонымен бірге парламенттің барлық колониялардағы билігін нақтылайтын Декларациялық акт қабылданды. Парламентің мұндай үстемдігіне қарсы болған жалғыз британдық саясаткер Уильям Питт болды. Ол парламент колниялар үшін заң шығаруы тиіс, ал салық жинау колонисттердің жеке ісі деп есептеді.
Америкалықтардың кейбірі жергілікті салық салулар мен заңнамаларды арасындағыайқын шекараны өткізуге бейім болды, ал басқалары парламент сауда-саттықты реттеу мақсатында сыртқы салықтар еңгізуге хұқылы деп есептеді. Осы ойды пайдалана отырып, қазынашылықтың жаңа канцлері Чарлз Тауншенд 1767 ж. Парламенттің келісімімен шайға, шыныға, және басқа да отаршылдық тауарларға баж салығын еңгізді. Тауншенд жиналған қаражаттың жартысын империялық шенеуліктермен күресте қолданатын дәстүрлі қаржы тетігін қолданып отырған жергілікті ассамблеяларды мүмкіндіктен айыру үшін шығындарды жабуға жұмсаймын деп сенді, соны көздеді.
Таушендтың баж салығы отарлықтардың қарсыласуын тудырды. Жаңа баж салығы сауда-саттықты реттеу үшін емес, тек қана колониядан қосымша пайда көру үшін бағытталған, сондықтан конституцияға қарама қайшы келеді деп көрсетілген памфлеттер пайда болды. Бостондағы ашық наразылықтар кедендік шенеуліктерге қол жұмсау арқылы кек қайтару жағдайларына ұласты, оған британдық гарнизонның жартысын жіберуге туда келді. Алайда, бұл қауіпсіздік шарасы наразылық ахуалды тек өршіте түсті. Америкалықтар әр түрлі колониялар арасында жасалған импорттан бас тартуға келісу арқылы Ұлыбритания үкіметіне қаржылай қысым жасауға тырысты. Шындығында, көпестердің жартысы бұл келісімге бағынудан бас тартты, және де, «Бостандықтың ұлдарына» оларға ықпал жасау шараларын қолдануға тура келді. Әйткенмен, бұл келісімнің арқасында, 1770 ж. Таушендтің барлық баж салықтарын жоюға қол жеткізе алды.
1773 ж. Шай салығын қайта қарастыру және Ост-Индиялық компанияның басқа да сауда-саттық жеңілдіктермен қамтамасыз ету жағдайлары империялық биліктің жеңілуіне әкеліп соқтырған бірнеше уақиғалардың болуына жол берді. Жаңа премьер-министр лорд Норд британдық парламенттің үстем құруы жайлы деклорацияға көңілі толмады, бірақ оны өмірде іске асыру борышым деп санады.
Колонияларда қастандық тармағы кең тарай бастады. Жаңа заңнама империялық үстемдіктің алысқа барар және мұқият жоспарланған стратегиясы ретінде қарастырылды. Жаңа заңдар мен шенеуліктер америкалықтардың дәстүрлі еркіндігіне қол сұқты. Оларға қарсы тұрақты әскер жіберілді, Бостондағы қақтығыстарда бес адам өлтірілді, сот өкілдері таратылды, ал салық колонисттердің келісімісіз үш есеге ұлғайтылды.
Осының бәрін бірге алғанда, осы оқиғалардың барлығы бір нәрсені ғана білдіруі мүмкін: патша мен оның министрлері Америкада абсолютизм жүйесін құруды көздеді.
Бұндай жағдайлар Жаңа Англияда ерекше қатты болды. 1773 ж.желтоқсан айында үндістер кейіпінде киінген бірнеше қоныс аударушылар сауда-саттық кемелеріне жасырынып кіріп, Бостондық айлаққа 342 сандық шай түсіріп алды. Бұған жауап ретінде, лорд Норт қатаң жазалау шараларын жүргізуге ашулы парламенттің келісімін алды. Британдық заң шығару өкілдері Таушендтегі баж салығы мен елтаңба алымы жөніндегі заңды алып тастау шешімі жөнінде өздерінің бітімгерлік шешімі жөнінде өкініп қалды. Колониялықтар «төзгісіз» деп атаған жазалау заңдарына сәйкес, Бостон айлағы жойылған шайлардан келген шығындардың орны толтырылғанша дейін жабылды. Ал Массачусеттегі өзін-өзі басқару өкілділіктері қысқартылды. Бірақ, ағылшындық парламенттің бұндай қатаң керітартпа әрекеттері колониялықтарды одан бетер жақын біріктірді.
Ортақ іске күресу рухы 1774 жылы қыркүйекте Филадельфияда жиналған Бірінші Құрлықтық конгрессте айқын байқалды. Жаңа Англияның делегаттары колониялардың құқықтары жөніндегі декларация қабылдауды және метрополияға қарсы экономикалық санкция еңгізуді ұсынды. Виргиндік топ да бұл талаптарды қолдады, орта атлант колониясының өкілдері анағұрлым сақтық позициясын ұстанды. Пенсильваниядан шыққан Джозеф Галлоуэй конгрессті отаршыларды бірігіп басқару жоспарын мақұлдауға шақырды
1775 ж.ақпан айында лорд Норт Галлоуэйдің ұсынған жоспарына ұқсас бастама жасады. Бір мезетте ол Бостонға генерал Томас Гейджға массачуйлік ассамблеяның көшбасшыларын қамауға және отаршы елдерге тиесілі қаружарақ және оқ дәрі қоймаларын жоюға бұйрық жіберді. Осы бұйрықты орындау үшін ағылшындық әскерлер 1775 ж.Конкорд пен Лексингтонға жорыққа шықты.
Бұл жағдайда Құрлықтық конгресс өзінің жұмысын жаңарта отырып, 1775 ж.10 мамырында орындаушылық және заң шығарушы билікті бір арнаға біріктіре отырып, колониялардың орталық үкіметінің міндеттерін өзіне алды. Оның бірінші шешімдерінің бірі тұрақты әскер құру және оның бас қолбасшысы етіп Дж.Вашингтонды тағайындау болды. 1775 ж17 маусымда америкалықтар Банкер Хиллда елеулі шығын келтіре отырып, британдық тұрақты әскердің қарсылық көрсету мүмкіндігін көрсетті. Метрополиямен арадағы алшақтық мүмкін емес болып көрінді, алайда конгресс бір жыл өткен соң ғана нақты шешім жасауға дайын болды.
1776 ж. 4 шілдеде құрлықтық конгресспен қабылданған Тәуелсіздік деклорациясы америкалық революцияның негізін құраушы құжат болып табылды. Бұнда Бұнда 13 солтүстік америкалық колониялар Ұлыбританиядан бөлінуі жарияланды. Метрополиямен бөліне алмау мүмкіндігі, әсіресе 1775 ж. сәуірде әскери қозғалыстардың басталуынан кейінгі өскен америкалықтардың көп бөлігімен мойындалды. 1776 ж. 7 шілдеде Р.Г.Ли конгресс отырысында Дж.Адамстың қолдаған шешімін еңгізді. Онда: «Бұл біріктірілген колониялар шын мәнісінде еркін және тәуелсіз Штаттар болуы керек және солай болып табылады, олар британиялық тақтан толық босатылады, және олар арасындағы және Ұлыбритания мемлекетімен арасындағы барлық саяси байланыстар бұзылған және солай болуы керек» деп көрсетілген болатын. 7-10 маусымда өткен пікірталастардан кейін, шешімге дауыс беру 1 шілдеге ауыстырылды, ал 11 шілдеде Декларацияны дайындау үшін осы резолюцияны яғни шешімді қолдау ретінде комитет құрылды. Құрамында Т. Джефферсон, Дж. Адамс, Б. Франклин, Р. Шерман және Р. Р. Ливингстон болды. Комитет Декларацияның жобасын құруды Джефферсонға тапсырды, ол мәтінімен 17 күн (11 нен 28 маусымға дейін) жұмыс істеді, және де ғылыми трактаттарға, памфлеттерге, немесе комитеттегі әріптестеріне көмекке жүгінбей-ақ дайындады. Кейінде авторы есіне алғандай декларация «америкалық ұмтылыстың көрінісі ретінде қызмет етуге және оған лайықты екпін мен рух берілуге» лайықты деп табылды.
Джефферсонның жобасы Дж.Адамс пен Б.Франклинның кішігірім редакциялық түзетулерінен кейін 28 маусымда конгресске ұсынылды. Р.Г.Лидың қарарын талқылау 1 шілдеде қайта жаңартылып, келесі күні бірауызды бекітумен аяқталды. Одан кейін Декларацияның жобасын талқылау басталды. Талқылау барысында оған бірқатар өзгерістер еңгізілді, сондай ақ, құлдық және құл иеленушілікті талқылайтын бөлім алып тасталынды. 4 шілденің кешінде Декларация бірауызды мақұлданып, конгресстің президенті Дж.Хэнкок пен хатшы Ч.Томсонның қолдарымен куәләндірілді. Нью-Иоргтың Декларациясы 2 және 4 шілдеде дауыс беруге қатысқан жоқ, себебі онда қажетті өкілеттілік болған жоқ, жалпы ой-пікірге тек 15 шілдеде ғана қосылды.
Тәуелсіздік декларациясы америкалықтарды метрополиядан бөлінуге түрткі болған себептерді ұғындырып қана қойған жоқ. Бұл тәуелсіздік қағидаларын мемлекеттік құрылымның негізі ретінде жария еткен тарихта бірінші құжат болды. Оның айқын тұжырымдамалары халыққа көтеріліске және қатал үкіметті құлатуға құқықты бекітті. Демократияның негізгі ойларын жариялады, олар: адамдардың теңдігі, олардың «ажырамас» құқықтары, оның ішінде өмірге, бостандыққа және бақытқа ұмтылуға деген құқық». Декларация жаңа мемлекеттің тек қана «туу туралы куәлігі» ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар, америкалық әдебиеттің әйгілі жәдігері болып табылды: Джефферсон атақты көзқарастары мен ойларын қысқа және қолжетімді түрде тамаша тілмен жеткізе алды.
Декларацияның түп нұсқасы конгресстың кітапханасында сақталып тұрған жерінен 1952 жылы желтоқсанда АҚЩтың Ұлттық мұрағаттың ғимаратына Вашингтонда Конститюшн авенюға ауыстырылып, Билль мен АҚШтың Конституцияның түпнұсқаларымен қатар көрме залына көпшіліктің назарына шығарылды. Р.Г.Лидың басқа да екі шешім қарарлары шетел мемлекеттерімен және «Конференция баптарымен мәңгілік одақ» атты бірінші америкалық конституцияның жобасымен «келісімшарттар жоспарларын» құрастыруға әкелді.
1775-1776 ж.ж. әскери әрекеттер алма-кезек сәттіліктермен өтіп жатты. 1775 ж. 3 шілдеде әскери қолбасшылықты қабылдаған Вашингтон 1776 ж. наурызда жеңіспен аяқталған Бостон қоршауын басқарды. Америкалықтардың Канадаға басып кіру шешімі 1775 ж.13 қарашада Монреалды алумен аяқталды. Алайда, Квебекты алу мүмкін болмады, және 1776 ж.соңында экспедиция сәтсіз болды. Британдық күштерді басқарушы генерал У.Хай (Гоу) Нью-Йоргтың стратегиялық жағдайын пайдалануды шешті. Өзінің ағасы адмирал Р.Хаудың жалауы тағылған эскада кемелерінен қолдау көрген ол, 1776 ж.тамыз айында Лонг-Айландта 20 мыңнан астам жауынгерлерді түсіріп кетіп, Бруклин түбінде америкалықтарға ауыр соққы жасай отырып 5 қыркүйекте қаланы жаулап алды. 1776-1777 жж. шекарада Вашингтон бірнеше рет жеңіліс тапты, бірақ, Тренстон және Принстон түбінде кек қайтарды. Оның жетістігі америкалық әскердің моральдік рухын көтерді. Әр түрлі штаттардың милиция қатарларынының негізінде құрылған әскер құрылымнан, оқытудан және жабдықтаудан үнемі қиындықтар көрді. Олардың мүмкіндігі шашыраңқы сап тәсілінде болды. Англиялық әскерінің классикалық желілік сабына қарсы сәтті қолданды. Осындай кенеттен бас салу тәсілін тәжірбиелік тұрғыда Атлантикаға шығып Британия жағалауларында қарауылдап британиялық кемелерге қарсы америкалық кемелердің капитандары да қолданды.
Британдық қолбасшылық 1777 ж. негізгі соққыны Жаңа Англияға беруді жоспарлады. Генерал Дж.Бургойнның әскері шілденің ортасында Канададан шығып, маңызды стратегиялық форт Тайкондерогты басып алып, Хаббартон түбінде америкалық арьергардқа соққы беріп, оны кейін шегінуге мәжбүр етті. Америкалықтар күш жинап алып, 13 тамызда Беннигтон түбінде қарсыластарға соққы берді.
Генерал Хау өзінің стартегиялық жоспарын өзгертіп, солтүстікке емес, оңтүстікке қарай жылжыды. Тамызда флот оның әскерін Чесапик бұғазына әкеліп, Нью-Йорктен 54 шақырым жерге шығарды. 11 қыркүйекте Брэндивайн–Крик түбінде американ әскерлерін жеңген ағылшындар 26 қыркүйек күні Филадельфияға басып кірді. 4 қазан күні Вашингтон Джермантаун түбінде жеңіліске ұшырап, 1777 жылдың желтоқсанында өз армиясын Вэлли-Фордтағы қысқы пәтерлерге әкелді.
Елдің солтүстігіндегі жағдай басқаша еді. Мұндағы генерал Гейтс бастаған американдықтар 1777 жылғы 17 қазанда Саратоганы қоршауға алып, генерал Бургойнның әскерін ойсырата жеңді. 1777 жылғы соғыс камапаниясы британдықтар үшін сәтсіз аяқталды: орталық штаттардың бәрі дерлік азат етілді, ағылшындар тек Филадельфия, Нью–Йорк және Ньюпорт қалаларын қолдарында ұстап қалды.
Саратога түбіндегі жеңіс АҚШ-тың халықаралық аренадағы позициясын бекітті. Франклин басқарған Америкалық дипломаттар 1778 ж. 6 ақпанында Франциямен достық жөнінде және қорғаныс одақ құру келісім шартқа қол қойды. АҚШқа 1780 ж. қарулы бейтараптылық жариялаған Ресейдің ұстанымы да қолайлы болды. АҚШтың ішкі жағдайы тәуелсіздік үшін соғыс бойы аса ауыр болды.
Қаржы жағдайының ауырлығы инфляцияға ұласты. Штаттарда ақша қағазға айналып құнсызданды, конгресс толығымен сырттан берілетін қарызға тәуелді болып қалды. Жергілікті жерлердегі демократиялық қайта құруды іске асыру қиындай бастады. Британдық тәжге беріктігін сақтаған лоялисттер британ әскерлерімен қатар соғысты. 1777 жылы қабылданып, 1781 жылы ратификацияланған «Конфедерация баптары» орталық билікті шектеп, штаттардың суверенитетін сақтап қалды.
1778 жылы Англияның жаңа қолбасшысы генерал Г. Клинтон Филадельфияны тастап, барлық әскери күштерді Нью-Йоркте шоғырландыруға мәжбүр болды. 1778 жылдың соңында ағылшындар «оңтүстік нұсқаға» тоқталып, Джорджия мен Оңтүстік Каролинаға соққы бермек болды.
29 желтоқсан күні Саваннаны, бір айдан кейін Огастаны басып алған ағылшындар Джорджияны толық басып алды. Американдықтар шілде мен тамыз айларында Стони-Пойнт және Паулюс-Хук түбінде жеңіске жетіп, ағылшындарға Гудзон өзеніне бақылау орнатуға кедергі болды. 1779 жылы Клинтонның 8-мыңдық әскері Нью-Йорктен Оңтүстік Каролинаға бет алды. Клинтонның армиясының саны қосымша әскерлермен бірге 14 мың адамды құрады. Олар 12 мамыр күні Чарлстонды басып алып, 5,4 мың американдық сарбаздар мен 300 зеңбіректі олжалады.
Клинтон Нью-Йоркке қайта оралды, тамыз айында генерал Ч. Корнуолис бастаған ағылшындар Камден түбіндегі шайқаста генерал Гейтске соққы беріп, Солтүстік Каролинаны баұылауға алды. Ағылшындардың ары қарайғы қозғалысы американдықтардың 7 қарашада Кингз-Маунтин түбіндегі жеңісі тоқтатты, алайда американдықтар үшін 1780 жылғы әскер кампаниясы жеңіліске ұшырады. Генерал Н. Грин Гейтсті алмастырып, 1781 жылғы 17 қаңтарда ағылшындарға Каупенс түбінде ойсырата соққы берді. 15 наурыздағы Гилфорд-Корт-Хауз түбіндегі шайқас генерал Корнуолиистің жеңісімен аяқталғанымен, бұл шайқас оның әскерін әлсіретіп жіберді. Генерал Гриннің тактикасы Корнуолиисті Виргинияға алдап әкелді, бұл жерде ағылшын әскері әскери қамтамасыз қалды. Ағылшындар оңтүстіктегі иеліктерден айырылды, тек қана Чарлстон 1782 жылға дейін олардың қолдарында қалды. Корнуоллис Виргиниядағы ағылшын әскери бөлімдерімен бірікті, оның қол астында 7,5 мың адам болды. Тамыз айында ағылшын әскерлері Йорктаун қаласында бекінді, Вашингтон біріккен француз-американ әскерлерін осында әкеліп, Йорктаунды қоршауға алды. Бұған дейін адмирал де Грасс басқарған француз эскадрасы қаланы теңіз жақтан қоршауға алған болатын.
Йорктаун түбіндегі шайқас 1781 жылғы 19 қарашада аяқталды. Осыдан кейін барлық әскери операциялар аяқталды. Ендігі жерде барлық бейбіт келісімшарт жүргізу Парижде жүргізілді. Оған Б. Франклин, Дж. Адамс және Дж. Джей басқарған американ дипломатиялық миссиясы қатысты. Олар ағылшын-француз қарама-қайшылықтарын пайдаланып, 1781 жылғы 30 қарашада Ұлбыританиямен алдын-ала бейбіт келісімшартқа келді. Бұл шарттың 1 бабы бойынша АҚШ-тың тәуелсіздігі мойындалып, американдық шекаралар бекітілді. 1783 жылғы 3 қарашада қол қойылған Париж бейбіт келісімшартына аталмыш құжаттың негізгі бөлігі енген еді.
1776–1789 жж., елде орнаған тұрақытылық колониялардың тәуелсіздік үшін соғысының басты себептері әлеуметтік және экономикалық емес екендігін көрсетті. Тіпті осы жылдардағы саяси өзгерістер шектеулі сипатта еді. Колониялардағы британ қожалығының жеңілісі американдқытар арасында билік үшін күресті тудырмады, олардың өзін-өзі басқару органдары бұрысынша қызмет етті. Саяси билік қала жиналыстарына, округтік әкімшіліктерге және провинциялық ассамблеяларға көшті. Көп жағдайда бұрынғы кадрлардан құрылған бұл дәстүрлі институттар жай ғана өздерінің функцияларын кеңейтіп, ағылшын шенеуніктері кеткеннен кейінгі бос орындарды толықтыруға тырысты.
1780 жылға қарай барлық американ штаттарында жаңа конститтуциялар қабылданды. Көп жағдайда биліктің үш тармағы орнады: атқарушы, заң шығаушы және сот билігі. Пенсильвания мен Джорджияда бір палаталы, қалған штаттарда – қос палаталы заң шығарушы органдар құрылды. Штаттардың заң шығарушы жиналыстарында тұрғындардың саны бойынша өкілдік квоталары белгіленді, олар бойынша адамдар саны көп батыс штаттар заң шығару саласында үстемдікке ие болды. Штататрдың көбінде сайлаушылар мен мемлекеттік шенеуніктер үшін мүліктік ценз енгізілді. Саяси және құқықтық мәртебелер тек ақ нәсілділер үшін ғана болды. Кейбір солтүстік штаттарда құл иеленушілік жойылды, алайда нәсілшілідіктің өршуіне байланысты азат афроамерикандықтар бұрынғысынша құқықтарсыз қалды. Пенсильванияның оңтүстігіне қарай құл иеленушіліктің экономикалық маңызы жоғары болды, сонымен бірге нергрлердің кек алуынан қорыққан ақ нәсілділер бұл институтты жоюға тырысты. Тіпті құл иеленушілердің өзі мұны бостандық және ресбуликалық басқару қағиадалырна қайшы келетінін түсінді.
Баға, салық және ақша саясатын жүргізудегі келіспеушіліктер американ саяси өмірінің басты мәселесі еді. 1776 жылға дейін саяси қызмет жоғарғы таптың үлесінде ғана еді. Соғыс және экономикалық дағдарыс саясатқа тұрғындардың басқа да топтарын кіріктіріп, ортақ мүдде бойынша бірлескен жаңа топтарды құқруға жағдай жасады. Қысқа уақыт ішінде елдің саяси өмірінде демократияға бетбұрыс жасалды. Соғыс жылдарында штаттардың заң шығарушы органдарына сайланғандардың арасында орташа және төмен пайда табатын фермерлер саны артты.
Осы кезде штаттарды біріктіру жүргізілді. 1777 жылы Континентальды конгресс «Конфедерация баптарын» қабылдап, орталық үкіметті құрды. «Баптарда» барлық штаттардың өкілдері енетін бір палаталы заң шығарушы орган құру қажеттілігі туралы жазылған еді. Орталық билікке деген қорқыныш сезімі аса жоғары болған жағдайда құрылған Кофедерация бастапқыда тек штаттардың одағы ретінде құрылып, өте шектеулі мүмкіндіктерге ие болды.
Конфедерация салықтар енгізуге, саудаға бақылау жасауға құқықтары болған жоқ, ол істермен штаттар тікелей өздері айналысты. Конфедерация қабылдаған заңдар 13 штаттың кемәінде тоғызы мақұлдаған жағдайда ғана тиісті заңды ресімдеуден өткізілді. Штаттың кеез-келгені оның құқықтарын шектейтін заңға вето салуға құқығына ие болды. Дегенмен де Конфедерацияның осғыс жариялауға және бейбіт келісімшарттарды жүргізуге құқықтары болды. Осы құқықтар одақтың негізінде жатты. 1785 жылдан бастап Конфедерация Огайо өзенінен солтүстік-батысқа қарай аумақты территорияны бөліске салу туралы заң шығарды. Тәуелсіздік деклоарациясында белгіленген өзін өзі анықтау идеясының аясында Конфедерация 1787 жылы Солтүстік-Батыс территорияны игеру туралы заң шығарды. Жаңа құрылған штаттар бастапқы штаттармен тең құқықта болды және олардың территориясында құл иеленушілікке тыйым салынды.
Бұл маңызды жетістіктер Конфедерацияның тұрақсыз қаржылық және әлеуметтік-экономикалық жағдайында жағымды әсер берген жоқ. Салық түсімдерінің азаюы және бағаның түсуі көптеген штаттарды көрші штаттардан түскен тауарларға қарсы тарифтік барьерлер қоюға мәжбүрледі. Конфедерация бұл қайшылықтарды шешуге немесе импорттық тауарларға бірыңғай салық енгізуге қауқарсыз болды. Орталық үкіметтің штаттардан түскен жыл сайынғы түсімдерден қаржылық мұқтаждығы мемлекеттің соғыс кезіндегі сыртқы қарыздарын жабуға және Франция мен Нидерландыдан қосымша трансфертер алу мүмкіндігін шектеді. 1786 жылы Анаполис қаласында (Мэриленд) сауда конвенті жиналып, осы мәселелрді «Конфедерация баптарына» енгізу арқылы шешпекші болды. Осы жиналысты ұйымдастырып, басқарған адамдар сонымен бірге континенталдьды конгрессте де отыратын еді. Оларды кішігірім, экономикалық жағынан әлсіз штаттар Коннектикут, Нью-Джерси, Мэриленд, Делавэр және Джорджияның өкілдері, сонымен бірге кредиторлар, көпестер және қаржыгерлер еді. Олар елдің халықаралық сауда аренасындағы әлсіздігі және 40 млн. доллар көлеміндегі сыртқы қарызды жабу мәселесі алаңдатып тұрған еді.
1787 жылғы мамырда Филадельфияда өткен конвенттік келесі жиналысында күшті орталық мемлекет құру туралы мәселе қозғалды. Алайда бір айға созылған талқылаудан кейін штат делегаттары штаттардың суверенитетін сақтай отырып, орталық билікті күшйейту туралы жобаны қабылдамады. Конвент шынымен де ұлтшыл үкімет сайлауды ойластырды. Идея авторы Дж. Мэдисон бұл үкімет штаттарды басқарудың орнына олардың азаматтарын басқаратын болады деп шешті. Мұнндай шешім қабылданғаннан кейін делегаттар өздерінің құқықтарын асыра пайдаланып, «Конфедерация баптарын» қавйта қарап, жаңа конституцияның жобасына кірісті.
Конвент делегаттары үш айға созылған пікірталас кезінде өкілдік туралы мәселелерді қарап, ортақ шешімге келді. Кішкентай штататрдың мүдделері жаңа ұлттық заң шығарушы органның жоғарғы палатасындағы тең өкілдікпен қорғалды. Өз кезегінде бұл штаттардың өкілдері төменгі палатадағы пропорционалды өкілдікке келісті. Кіші штататрдың сұранысын қанғаттандырғаннан кейін конвент болашақ ұлттық үкіметке көптеген өкілеттіктер берді. Конституцияның ережелері және Конгресстің заңнамалық актілері барлық штаттар үшін міндетті болды; орталық билік барлық әскери күштерді, ақша эмиссиясын, сыртқы сауданы басқарды; ол үкімет Конституцияның ережелерін орындау үшін қажетті құқықтар берілді. Жаңа құжатты Конфедерацияның Конгресіне бергеннен кейін конвент 13 штаттың 9-ы мақұлдағаннан кейін Конституция автоматты түрде күшіне енетіні туралы хабарлады. Тәуелсіздік үшін болған қозғалыс сияқты жаңа Конституция аса білікті саясаткерлердің еңбегінің жемісі еді және халықтың сеніміне бірден ие болған жоқ. Жаңа мемлекеттік жүйені мақұлдау үшін шақырылған съезд кезінде делегаттарды сайлау ірі меншік иелері мен кедей тұрғындар арасындағы қарама-қайшылықтарды ашып көрсетті. Жалпы алғанда орташа фермерлер жаңа Конституцияға қарсы болды, алайда ірі фермерлер, көпестер және қала қолөнершілері оны қабылдағысы келді. Шеткі аймақтардың тұрғындары қолдаған антифедералисттердің көсемдері жаңа Конституцияны онда құқықтар туралы билььдің болмағаны үшін және орталық үкіметке шамадан тыс құқықтар берілгені үшін сынға алды. Соынмен бірге, олар қарапайым адамдардың ұлттық заң шығарушы органдарында өкілдігінің болмағаны үшін наразы болды. Француз ағартушысы Монтескьенің идеяларын қолданған антифедералисттер республикалық институттер тек қалалар және кішкентай штаттарға лайықты деп санады. Үйткені тәуелсіз халық қана үкіметке бақылау жүргізіп, басшыларды олардың жеке қасиеттеріне қарай таңдай алады деп есептеді.
Бұл наразылықтарға жауап ретінде Джеймс Мэдисон Александром Гамильтон және Джон Джеймен бірігіп, 1787–1788 жж. Ұлттық үкіметті қорғауға бағытталған памфлеттер жазды. Олар орталық үкіметтің диктатурасын орнату мүмкіндігіне қарсы шықты және штаттарға берілген құқықтар берілгенін, мемлекеттік биліктің үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот билігі бөлінетінін атап көрсетті. Ең соңында Мэдисон Монтескьенің идеяларын жоққа шығарып, Құрама Штататарды аумағының көлемді және көптүрлілілігі республикалық үкіметке қауіп төндірудің орнынан оған сенімсді гарантия болады деп жазды. Үйткені халықтың көп болуы көпшіліктің билігін орнатуға жол бермейді деп есептеді. Осы себептерді алға тартқан федералисттер 1789 жылы Конституцияны қабылдады. Бұл Конституция халықтың суверенитеті негізінде 1776 жылы құлатылған орталық биліктің жүйесін қалпына келтірді.
Американдық революция XVIII ғасырда Еуропада өткен саяси өзгерістермен қабысып жатты. Уақыты жағынан ол Француз революциясымен қатар жүрді және осы екі революцияның себептері бірдей болды. Сондықтан осы екі революцияны тарихшылар көбінесе қатар қарастырады. Американ революциясының нәтижесі туралы айтқанда феодалдық институттарды жою оның басты нәтижесі болды. Америкаға енгізілген феодалдық тәртіптердің аздығына қарамастан олар экономикалық және саяси факторларға негізделген тарихи тенденция еді. Соныдқтан американ революциясының басты нәтижесі феодализмнің ескіліктерін жою емес, феодалдық тенденцияны жоюда еді.
Америкалық зерттеуші Фостердың айтуы бойынша Америкадағы революция өз сипаты бойынша «демократиялық элемент өте қатты байқалған буржуазиялық революция болды». Революция АҚШ-тың тарихи дамуының жаңа кезеңін ашты. Бірақ, Америкадағы оқиғалар бұрынғы ағылшындық колониялардың шеңберімен тәмәмдалған жоқ. Европаның көптеген елдері сол кезде америкалық революцияның әсерін сезінді. Бұл бірінші кезекте Францияға қатысты болды. Бірінші тәуелсіздік декларациясы, содан кейін АҚШ-тың конституциясы, осы кемшіліктерге қарамастан Америкада алдыңғы республикалық құрылым бекітілді. Америкалық революцияның бағдарламалық құжаттары 1790ж.және 1793 ж. Францияның адам және азамат хұқығы декларациясына, сонымен қатар конституциясына әсерін тигізді. Америкадағы революция Испания мен Португалия билігінің қол астында болған латиноамерикалық елдердің босату қозғалыстарына түрткі болды.
Әдебиет [3, 5–6, 12, 22, 29–37].