5 АҚШ-тағы азамат соғысы

5.1 Азаматтық соғыстың басталуы мен алғышарттары

5.2 Азаматтық соғыстың бірінші кезеңіндегі соғыс қимылдары (1861– 1862 ж.ж.).

5.3 Президент А.Линкольнның ішкі және сыртқы саясаты. Құлдықты жою заңы. Гомстед туралы заң.

5.4 Азаматтық соғыстың екінші кезеңі және Оңтүстік бірлестіктің жеңілісі (1862-1865ж.ж.)

5.5 Оңтүстікті «қайта құру» 1865–1877 ж.ж.

Линкольнды сайлау 1860 жылдың 6 қарашасында өтті; президенттікке қызметке кіруі тек 1861 жылдың 4 наурызында өтуі керек болды. Осылайша, сол сәттен бастап алшақтық болу үзілу бір жола шешілген соң президенттік сайлау сатінен бастап арадағы алшақтық оңтүстіктіктерге 4 ай мерзім сыйлады. Сол уақыт арасында федерациядағы жоғарғы билік іс жүзінде олардың қолында болды. Бұндай ыңғайлы жағдай оңтүстіктегілерге азаматтық соғысқа дайындыққа кірісуге мүмкіндік берді.

Линкольн 1861 жылы 4 наурызда президенттік қызметіне ресми түрде кіріскен соң өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде жаңа аумақтарда және бөлінген штаттарда құлдықтың таралуын тоқтату және сақтау жөнінде өзінің ұстанымын тағы да бир рет айтты және екі жақты татуласуға (Жаңа таныла бастаған конфедераттарды Кеңеске қайтып келуге) шақырды.

Екі жақтың бейбитшилик түрдегі қарсылық тағы да біраз уақытқа жалғасар еді: Линкольн әлбетте мәселені саяси әдістермен шешуге бет бұрды.

Бірақ, оған Самтерге шабуыл түрімен көрсетілген мемлекеттің тұтастығына төнген нақты қауіпті ескермеске болмады.

Оңтүстіктегілердің чарлстон айлағында кішігірім аралында орналасқан Самер фортына жасалған сол шабуыл Оңтүстік Каролина (бірақ дегенмен Кеңеске адал болып қалған), азаматтық соғыстың басталуының белгісі болды.

Оңтүстік Каролинаның билігін тоқтату түрінде жаңа орынға орналастырылуға мәжбүр болған Моултри фортынан келген әскер есебінен ұлғайған форт гарнизонының азық түлік жеткізілімі әлі өткен жылдың желтоқсан айының соңында күрделі жағдайда болды – ауыз су мен азық түлік таусылуға шақ қалды, фортта қамалғандар үшін азық түлік және екі жүз әскер жеткізбек болған кеме көтерілісшілердің тарапынан шабуылға ұшырап кетуге мәжбүр болды. Кейінірек, Линкольнның бұйрығы бойынша, фортқа азық түлік қоры тиелген кеме жіберілді, бірақ олар Черлстонның айлағына кірер маңда батып қалып фортқа сол қалпы жете алмады. Конфедераттар өз кезегінде Самтер фортына гарнизонды шұғыл түрде эвакуациялау талабын жіберді. Фортты басқарып отырған майор Роберт Андерсон бұл ұсыныстан үзілді кесілді бас тартты.

1861 жылдың 12 сәуірінде таңертен ерте Самтердің артиллериялық атысы басталды. Форт қорғаушылары жауап қайтаруға тіпті талпынбады (оларда бұл үшін оқ дәрілер болған жоқ); гарнизон екі тәуліктен аз уақыт ішінде жеңілді. Форттың үстінде Конфедерацияның туы көтерілді – оңтүстіктегілер басталып жатқан соғыста бірінші жеңістерін тойлады.

Азаматтық соғыстың қайтымсыздығына түбегейлі көзі жеткен соң, Авраам Линкольн 15 сәуірде солтүстік штат губернаторларына жетпіс бес мың еріктілерді үш айға әскер қатарына шақыруға ұсыныс жасады.

Осы мәселеде жолдастары Дэвис анағұрлым аңғарымпаз болып шықты – Конфедерация өзінің армиясына бір жылға жүз мың еріктілерді бір ай бұрын жинады.

Елде жағдай біртіндеп өрши түсті - алғашында бейтараптылық сақтап жүрген Арканзас, Вирджиния, Теннесси және Солтүстік Каролина штаттары Конфедерация жағына шықты (бұл штаттардың тұрғындарының басым көпшілігі сецессияны жақтаған жоқ, сонымен қатар, вирджинцтардың жартысы Кеңес жағында соғысты). Делаверецтар Кеңеске адалдық көрсетті; өз жағына бағындыруды көздейтін Дэвистың әскерініңкүшінен шошып қалған (құл иеленуші штат болған) Мэриленда тұрғындары да кентуккйцтіктер сияқты солтүстіктіктердің жағында болып шықты; Миссури штаты да ең ақырында Линкольн жағында болып шықты.

Соғыстың басталу кезінде қарсыласушы жақтардың әр қайсысында өзінің жеңісіне сенуінің өзіндік себептері болды.

Оңтүстіктегілерден халық санымен, анағұрлым дамыған көлік инфрақұрылымымен басым түскен, өз қарамағында флот бар, мемлекеттің өндірістік кәсіпорындарырың басым көпшілігінің шоғырлануының есебімен мол артықшылығын иеленген өзінің қарсыласынан күштірек болып саналуға барлық мүмкіндіктер бар сияқты көрінді.

Бірақ, өздерінен ана ғұрлым күштірек қарсыластарына қарсылық көрсетуді бастауға батылдық көрсеткен конфедераттардың қолында да қолдарында өздерінің «мүмкіншіліктері» бар болды.

Америкалық әскердің офицерлерінің басым көпшілігі бүлікшілердің жағына шықты – Кеңес әскерінің үштен бір бөлігі соғыс басында кызметтен кетті, ал одан кейін Конфедерацияның жағында соғысты – олардың көпшілігі оңтүстік штаттардан шыққандар болды. Сондай ақ, қарсыласы Авраам Линкольнға қарағанда Конфедерацияның президенті Джефферсон Дэвиста соғысты жүргізу тәжірбиесі үлкен болды.

19 ғасырдың бірінші жартысында ел аумағында (1812-1815 жылдар ағылшынды-америкалық соғыс, мексикалық кампания) әскердің қатысуымен әр түрлі соғыс қимылдары жүріп жатқанына қарамастан, бейбіт уақытта АҚШ-тың қарулы күштерінің жалпы саны әр жылдары орта есеппен 6 дан 12 мыңға дейінгі адамдарды құрады.

1861 жылға қарай көбіне үнді территориясының шекарасында шашылған америкалық әскердің жалпы саны 16 мыңнан астам адамдарды құрады. Әскерді қаржыландыру үкімет үшін басым болған жоқ.

АҚШ-та әскердегі қызмет бейбітшілік кезде де ерікті болған.

Конфедерация тарапынан соғыс қорғаныс түрінде болғаны Оңтүстіктің пайдасына шешілді; соғысты бастау әдісінде қорғанысты азды-кемді «шығынды» деген объективті көзқарас қосымша «субъективті» факторды қалыптастырды – өйткені, конфедеранттардың әскерінің еріктілері іс жүзінде өз туған жерлерін қорғаған болатын.

Өзінің әскерінің бас қолбасшысы ретінде Авраам Линкольн ол кезде подполковник шенінде болған Роберт Лиды көргісі келді. Әскер саласында көп жылдарын сарп еткен, өте тәжірбиелі және дарынды қолбасшы, Вест Пойнтта өз курсында ең үздіктердің бірі Ли бас қолбасшы қызметіне бір де бір үміткер болды.

Бірақ, Линкольнның ұсынысын алысымен Вирджинидың тұрғыны Лидың алдында бір мәселе тұрды – өзінің туған оңтүстік штатымен бірнеше рет соғысқан елмен екінің біріне таңдау жасау керек болды. Оған шешім қабылдауға бір хабар көмектесті. Ол – 17 сәуірде Вирджиния Кеңес құрамынан шықты, содан кейін подполковник Ли президент Лиден қызметтен босатылу жөнінде өтініш жіберді.

1861 жылдың мамырында өтіп жатқан соғыс қантөгісті және ұзақ болатынына қарап, Линкольн тағы да 42 мың еріктілер жинайтынын хабарландырды; әлбетте, әскери қызмет мерзімі енді үш ай емес, үш жылды құрады.

Екі жақта да еріктілердің саны жеткілікті болғанын айта кету керек, Девиске тіпті бір мезетте Конфедерация жағында соғысуға келіскен кейбір еріктілерден бас тартуға тура келді, оның қарапайым себебі бар, ол осынша әскерді киіндіру және қаруландыруға жағдайы болмағаны.

Сол себепті, маңызды соғыс қимылдарының басына қарай екі әскердің де негізгі құрамын тұрақты әскер емес, жеткілікті жақсы үйретілмеген (әсіресе Кеңес жағынан), шынайы әскери қимылдар жүргізуге ешқандай тәжірбиесі жоқ еріктілер құрады. Әрине, еріктілердің арасында барі де соңына дейін соғысқан жоқ, олардың жартысы бастапқыда келісілген үш айлық мерзімнен кейін үйлеріне қайтты, ал екінші жартысы соғыс шын мәнісінде бастапқыда ойлағандай емес, өте күрделі әрі қиындай бастағанда соғыстан қаша бастады.

Вирджиния штаты Манассас қалашығының маңындағы шайқас, сонымен қатар Булл-Ран өзеніндегі шайқас ретінде де атақты 1861 жылдың шілде айында болды. Бұл солтүстік пен оңтүстіктің әскерлерінің бетпе бет кездескен бірінші кездесуі болды. Оңтүстіктегілердің негізгі мақсаты стратегиялық маңызды болған қаланы солтүстіктің шабуылынан қорғау болды (Конфедерацияның астанасы Ричмондқа ауыстырылған болатын).

Шайқасты солтүстіктегілер бастады; Ирвин МакДауэлл басшылық еткен әскер бүлікшілердің шегінуіне мәжбүрледі, бірақ, көп кешікпей генерал Томос Джексонның бригадасының қарсылығына тап болып шабуылды уақытша кідіруге тура келді; қосымша күш жеткен соң конфедераттар қарсы шабуыл жасап, ендігіде солтүстіктегілердің шегінуіне мәжбүр етті.

Мәжбүрлеген жеңістің нәтижесінде конфедераттар Кеңестің астанасы – Вашингтонды шабуылдау ықтималдылығына мүмкіндік алды. Бірақ, Конфедерацияның соғысты жүргізудегі таңдалған қорғаныс тактикасының нәтижесінде ондай шабуыл іске асқан жоқ.

Кейіннен Булл–Ран өзеніндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін Джексон «тас қамал» деген лақап атқа ие болды.

Өндірістік мекемелердің басым көпшілігі елдің солтүстігінде орналасқанын ескере отырып, Линкольн аталмыш факт конфедераттарды өздерінің әскерін қару жарақпен қамтамасыз етуге Европадан көмек сұрауға мәжбүрлейді деп қисынды болжады. Осыған жол бермеуді мақсат етіп ол Оңтүстік Каролинадан бастап Техасқа дейінгі жағалауларды қоршауға алғанын жариялады, одан кейін Вирджиния штатының Конфедерацияға біріккенін, сонымен қатар, Арканзас пен Солтүстік Каролинаның да осыны жасайтынына дайын екенін білген соң бұл штаттарды да қоршауға алғанын жариялады. Со5ысты4 бастапқы уақытында Кеңестің қарамағында қырық шақты кеме ғана болғанына қарамастан, біртіндеп, өзінің флотының саны артылғанымен, солтүстіктегілер оңтүстік штаттарға көмек көрсететін көтерілісшілер кемелерді айтарлықтай қысқарта алды.

Сол кезде, құрлықта Кеңес әскері де айтарлықтай сәтті соғысып жатты; осылай, Улисс Гранттың соғысу дарынының арқасында солтүстіктегілерге Теннесидың бірнеше маңызды орталықтарын жаулап алудың сәті түсті.

Азаматтық соғыстың шайқастарының ең қантөгістілерінің бірі Теннеси штатында Шайлодағы шайқас болды. Улисс Грант басқарған кеңестік әскер демалуға аялдады, бірақ, барлаушыларға айтарлықтай мән берген жоқ, сонымен 1862 жылдың 6 сәуірде таңертен солтүстіктегілердің лагеріне генералдар Альберт Сидни және Пьер Борегара басқарған Конфедерацияның әскері тосыннан шабуыл жасады.

Қас қарайғанша дейін жалғасқан шайқас солтүстіктегілерге айтарлықтай шығын келтірді, сондықтан да олар келесі күні шегінуге мәжбүр болды. Шайқас жалғасқан кезде, қосымша күш алған Кеңес әскері қайтадан кек қайтара алды. Екі жақтан да шыққан өлгендер мен жарақаттанған шығындар саны шамамен алты мыңдай адамды құрады, бұл – бұның алдындағы америкалық әскердің барлық шайқастарындағы шығыннан да көп.

1862 жылы сәуірдің аяғында конфедераттардың маңызды орталығы Жаңа Орлеанды ешқандай атыссыз Кеңес әскері жаулап алды, 6 маусымда Мемфисті де дәл осылай жаулап алды.

Генерал Джордж Маклелланбасқарған Кеңес әскері конфедераттардың астанасы - Ричмондқа келген кезде, президент Линкольн қаланы жаулап алуға шешім қабылдап қойған болатын.

Ричмондты қорғау үшін жіберілген Солтүстік Вирджини аскерін басқарып отырған Девиске президент болып Роберт Ли тағайындалды. Солтүстіктің әскері саны жағынан қарсыластарынан екі есе басым болды. Соған қарамастан, қала үшін 7 күн жалғасқан шайқас Линкольнның әскеріне жеңіс әкелмеді – Ричмонд конфедераттарда қалды.

Бәрінен бұрын, коп ұзамай Ли мәжбүрлей алды

Более того, Ли вскоре удалось заставить теперь уже северян обороняться – благодаря успеху во время второй битвы на реке Булл–Ран южане оказались в непосредственной близости от Вашингтона.

1862 жылдың 14 қыркүйегінде Конфедерацияның скерінің бес жүз мың сарбаздары Потомак өзенінің өткелінен өтіп Вашингтон жаққа бағыттады – Кеңес атанасынан бірнеше ондық шақырым ғана бөліп тұратын.

17 қыркүйектің таңғы уақытында жауласқан күштердің арасында қақтығыс болды. Бірнеше майданда өткен қантөгісті қарсылық екі жақ әскердің мың шақты жауынгерлердің өмірін алып кетті, бірақ генерал Лидың әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Солтүстіктегілерді басқарушы Маклеллан шегінген жауын қудалаған жоқ.

Маклелланның аса қатты абайлаған стилін президент Линкольнға бұрыннан ұнатпаған болатын, сондықтан да, 7 қарашада оны атқарып отырған қызметінен босатып, орнына генерал Амброз Бернсайд тағайындалды.

1862 жылдың 22 қыркүйегінде Линкольн босату жайында прокламацияға қол қойды; ол көтеріліс жасалған аумақтардағы қара нәсілді құлдарға бостандық берді; бұл құжат ендігіде Солтүстік үшін Кеңестің тұтастығын сақтаумен қатар басқасы – елді құлдықтан босату тапсырмасы қосылғанын түсінуге мүмкіндік берді.

1865 жылдың 18 желтоқсанында Линкольнның құлдықты жою туралы жарғысы елдің Конституциясының он үшінші түзетуі ретінде Конгресспен бекітілді.

Бұл үндеу қағаздың арқасында Кеңес әскері көбіне оңтүстік штаттардан екі жүз мыңдай қара нәсілді еріктілерді қабылдап алды.

Қаранәсілді жауынгерлер Кеңестің жеңісіне өзіндік айтарлықтай үлес қосты; ол үшін олар ең бағалысын қиды: өз еркіндігі үшін олардың әр бесіншісі соғыста қаза тапты.

1862 жылдың желтоқсанында Фредриксберг түбіндегі шайқаста Вирджиния штаты генерал Бернсайд пен Лидың әскерлері көзбе көз жекпе жекте кездесті: бұл шайқаста жүз жеті мыңнан астам адам қатысып, АҚШтағы Азаматтық соғыстың ең көпшілік қозғалысы ретінде тарихта қалды.

Бұл шайқасты Солтүстіктің есебіне кіргізуге келмейді: ұрыс ауданының сәтті алынған және жақсы бекітілген шебінің арқасында бүлікшілер генерал Лидың жауынгерлерінен жасырыну үшін қолдарында ештеңе болмаған, сол аумақта ғана шабуыл жасауға мәжбүр болған Кеңес әскерін ешқандай қиындықсыз сазайын тарттырып отырды. Өзінің жауынгерлерінің арасындағы үлкен шығынды көре отырып және аталмыш шабуылдың еш мәні жоқ екенін түсініп, Бернсайд біраз уақыт өткен соң өзінің әскеріне кейін шегінуге бұйрық берді.

Фредриксберг түбіндегі сәтсіздік үшін Бернсайд кетуге мәжбүр болды. Линкольн оның орнына Джозеф Хукерды қойды.

Алайда, екі жылға созылған соғыстың құлшынысы солтүстіктің лагерінде де олардың қарсыластарының арасында да ендігіде азая бастады, адамдар бұл ауыр соғыстан шаршады: жаңадан келгендер шақырылған жерге ендігіде топпен бет алмайтын болды; керісінше көбі әскери міндетінен қашуға тырысты, әскердегі қашқындық жиілей түсті; екі жақтың президенттерінің де даңқы ел ішінде төмендей бастады; әсіресе соғыс қимылдарынан әлсіреген, солтүстіктердің оңтүстік штаттарды қоршауының арқасында сырттан көмек ала алмай отырған оңтүстіктегілердің жағдайы өте ауыр болды.

1863 жылдың басы оның суығы және жолдарының су шаюы қарсылас жақтың біраз кідіруіне мәжбүрлетті. Сонымен қатар, қанағаттанбаушылық жағдайда тұрып жатқан әскер әр түрлі аурумен ауыра бастады (қарсыластардың оқтарының орнына әр түрлі аурулар келе бастады (мысалы, холера, дизентерия), бұл аурулар тұрмыстың ауыфр болуынан немесе жауынгерлердің жорық жағдайларына дайындалмағандықтың себебінен туған болатын).

Бұл жағдайда оңтүстіктегілер үшін өте ауыр болды, өйткені барлығына азық түліктен үлкен қиындық болды.

Бірақ, көктемгі жылулық келгеннен бастап соғыс қимылдары қайта басталды.

1863 жылдың мамыр айында Фредриксбергтан алыс емес Ченселлорсвилл түбіндегі шайқаста жүз мыңнан астам жауынгері бар Джозеф Хукердың әскері құрамында айтарлықтай аз жауынгері бар, Джексон және Ли басқарған әскерден жеңіліс тапты.

Тосыннан, бүйірден жасалған шабуылдан бүлікшілер Кеңес әскерін айтарлықтай шығынға ұшыратты, типти кейн шегінуге мәжбүр қылды; қолбасшы генерал Джексонның жарақаттануы солтүстіктегі шегінушілерді дұшпандарының қудалауларынан сақтады.

Жарақаттанған генерал Джексон бірнеше күннен кейін қайтыс болды; дарынды әскер басшысынан айцрылған Конфедерацияның әскері үшін және Роберт Ли үшін бұл өте ауыр соққы болды:

Ченселлорсвиллдің түбіндегі ұрыста Конфедераттар шамамен әр бесіншіні жоғалтты, бірақ, көп ұзамай Лидың адамдарына Геттисбергтің түбіндегі атақты шайқаста генерал Джордж Гордонның әскерімен соғысқанда оңтүстіктегілердің шығыны ұлғая түсті. Мида Джозеф Хукердың орнына келді.

Тарихқа еңген бұл шайқас бірінші шілдеде басталып, бірнеше күнге жалғасты: шайқастар ауыпалы сәттіліктермен өтіп жатты, ең ақырында өзінің әскерінің айтарлықтай бөлігінен айрылған Ли кейін шегінуге бұйрық берді.

Геттисберг түбіндегі шайқас Азаматтық соғыстың маңызды оқиғаларының бірі болды – үлкен шығын көрген Конфедерация әскері Виджинияға шегінуге мәжбүр болды.

Соғыстан қажыған, ары қарайғы үлкен шайқастарға шамасы жетпеген Лидың әскері Конфедерацияның барлық әскерінің айнасы болып табылды деп айтуға болады.

1863 жылдың 4 шілдесінде қатыгез шайқастар мен қоршаудың бірнеше жұмасынан кейін Уллис Грант Висбергты ала алды – қарсыласудың бекерлігін көре отырып, бүлікшілер қару қоюға шешім қабылдады; бұл жеңіс тек қана солтүстіктегілердің бірнеше маңызды жеңілістерден кейінгі жауынгерлер рухын көтеру үшін ғана емес, Миссисипидегі Виксбургты алу Кеңеске атақты америкалық өзеннің үстін қадағалап отыруға мүмкіндігі үшін маңызды болды.

Гранттың жасаған Виксбергтегі сәттілігімен қанаттанған Линкольн дарынды генералды Кеңес әскерлерінің бас қолбасшысы етіп тағайындауға шешім қабылдайды. 1864 жылдың 12 наурызында президент қажетті бұйрыққа қол қояды. Сол сәттен бастап Солтүстік пен оңтүстіктің қарсылығы көбіне Азаматтық соғыс кезіндегі ең атақты әскер басшылары Грант пен Лидың қарсылығы болып табылды деп айтуға болады.

Кө ұзамай 1864 жылдың мамыр айында шайқас алаңында екі дарынды әскер басшыларының тікелей кездесуі болды, бұл шайқас Ченселлорсвиллда қайғылы жағдайда көп күн өтті; Грант бүлікшілерді қайткен күнде де қиратуға бел буды, Лидың әбден әлсіреген әскері соңғы күші қалғанша өжет шайқасты.

Мыңдаған жауынгерлердің өмірлерін қия отырып Кеңес Ричмондқа жақынырақ жылжи алды. Бірақ Конфедерация астанасына дейінгі жолда Питерсберг те болды, оны қоршап алу бірнеше айға созылды.

Әрине, әр түрлі штаттардың аумақтарында шайқасқан басқа да әскер басшыларының рөлдерін де ұмытуға болмайды. Сонымен, Гранттың сыбайласы генерал Шерман Джозеф Джонсонмен қатар, оны ауыстырған Джон Худтың қарсылығына тойтарыс бере алды.1864 жылдың қыркүйегінің басында Джорджия штатының Атлант қаласына кірді.

Көп ұзамай, Шерман Грантпен ары қарайғы қимылдардың жоспарын талқылаған сон өзінің әскерімен оңтүстікке Атлантикалық мұхитқа аттанды, ендігіде желтоқсанның басында жағалауға келді, рождество кезінде Саванна жаулап алынды, ал сонда орналасқан конфедераттар әскері Чарлстон жаққа кейін шегінуге мәжбүр болды.

Генерал Томас Теннесида соғыс қимылдарын сәтті жүргізіп жатты, желтоқсанның ортасында штаттың астанасы Нэшвиллды жаулап алды. Бірақ, сол сәтте соғыстың кілті Ли-Гранттың қарсыластығы болып табылды. Конфедераттар Питерсберг пен Ричмонд қалаларын ұстай алмай отырғанын Роберт ли жақсы түсінді – күштер тым теңеспейді.

Соғыста жеңілістің болмай қоймайтынын түсініп Джефферсон Дэвис 1865жылдың қысында солтүстіктегілермен сөйлесуге өзінің өкілдерін жіберді. Бірақ олар ештеңесіз құр бос қайтып келді. Дэвистың ұсынған екі мемлекет құру негізіндегі татуласу шарттары елдің тұтастығын қалыптастыруға ұмтылған Линкольнның көңілінен шықпады.

1865 жылдың наурыз айында Лидың Грант әскерін жаулап алу талпынысы сәтсіздікпен аяқталды – Шерманның әскерінен оған жолбике болу түрімен келген қосымша күшті алған соң Грант бірнеше күндік шайқастан кейін бүлікшілерді кейін шегінуге мәжбүрлей алды. Дэвис үкіметі Ричмондтан тез арада кетуге мәжбүр болды.

Шерман мен Шериданның әскерінің қолдауымен Грант Лиды Аппаматокс деген жерге тықсырып тастады, бұл америка тарихында маңызды орын алуға жазылған еді.

Генерал Грант Лиға хат жіберді, хатта жаңадан құрбандар болдырмас үшін оның тізе бүгуін қабылдауға дайын екені көрсетілді. Бұл жолдауды алған Ли, қалыптасқан жағдайды өзінің генералдарымен талқылап, Грантқа жауап жазды, хатта оңтүстіктегілердің генералы Грантпен жеке бетпе бет сөйлесуді талап етті.

Бұл тарихи кездесу 1865 жылдың 9 сәуірінде болды. Салтанатты әскери киімде келген генерал Ли Гранттың ұсынған тізе бүгудің талаптарын қабылдады – ал олар тіпті офицер көтерілісшілерге өзінің қаруы мен аттарын сақтауға дейін рұқсат етілген айтарлықтай игілікті болды.

12 сәуірде Роберт Лидың әскерлерінің қару жарақтарын тапсыру салтанаты өтті. Американдықтар (әсіресе солтүстіктегілер) соғыс ақыры аяқталғанына ерекше қуанды, бірақ, бір жағдай жеңімпаздардың қуанышын қатты тұмандандырды. 1865 жылдың 14 сәуірінде Форд театрында мылтықтың дауысы естілді. Атқан конфедераттық ойларды жақтаушы Джон Уилкс Бут болды; ол үшін нысана АҚШ президенті Авраам Линкольн болды. Азаматтық соғысты жеңген соң келесі күні президент қайтыс болды. Азаматтық соғысқа қатысқан үш миллион адамдардың ішінде алты жүзден астамы үйлеріне қайтқан жоқ: оңтүстіктегілер төорт миллион адамдар жоғалтты, Кеңестің күш шығыны үш жүз елу мыңнан асты, жүз мың адам ауыр жарақат алды.

Әдебиет [4, 38–47].