9 Сын есімнің шырайларының емлесі

Жай шырай формасында дауысты (e, u, i) әріптен кейін тұрған – us жалғауына аяқталатын сын есімдердің шырайлары  синтетикалық жолмен емес яғни жұрнақ арқылы емес, күшейткіш үстеулерді сын есімдердің  алдынан қою арқылы жасалады. Салыстырмалы шырайда magis (аса, тым) үстеуі және  күшейтпелі шырайда maxĭme (ең, аса, орасан, өте) үстеуі қолданылады. Мысалы:

Жай шырай

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

idoneus - қолайлы

necessaries - қажетті

magis idoneus - қолайлылау

magis necessaries - қажеттілеу

maxĭme idoneus - өте қолайлы

maxĭme necessaries - өте қажетті

Салыстырмалы шырайда екі түрлі септеу қолданылады. Септеудің қолданылуы  quam шылауына байланысты. Егер  салыстырмалы шырай quam - қарағанда, салыстырғанда  шылауы арқылы жасалса, онда атау септік (Nominatīvus) қолданылады. Мысалы: Aqua  levior est, quam ferrumСу темірге қарағанда жеңіл. Шылаусыз формада шығыс септік (a b l a t ī v u s  c o m p a r a t i ō n i s) қолданылады. Мысалы: Aqua  levior est ferrōСу темірден  жеңіл. Аblatīvus жиі қолданылады. 

Күшейтпелі шырайда ілік септігі предлогсыз қолданылады. Оны   g e n e t ī v u s  p a r t i t ī v u s деп атайды. Мысалы: Fortissĭmus  omnium –Барлығының ішіндегі ең батылы