8 Сын есімнің шырайлары

Заттың  сыны мен сапасы  үнемі бір деңгейде болмайды. Мысалы: ақ, ақшыл, ақшылтым,  ақтау, өте ақ дегенде ақ түсінің әр түрлі дәрежеде қолданылып тұрғанын байқау қиын емес. Осындай  заттың сынының әркелкі дәрежеде болуын шырай деп атайды. Бір түрлі түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әрқилы реңдерін шырай дейміз.

Латын тілінде сын есімінің үш түрлі шырайы бар: жай шырай (gradus positīvus), салыстырмалы шырай (gradus comparatīvus), күшейтпелі шырай (gradus superlatīvus).

Заттың жай белгісін, түрін, түсін, сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, исін, дәмін, т.б. көрсететін  белгіні жай шырай дейміз. Бұл шырай қалған шырайларды жасауға негіз болады. Мысалы: жақсы

Біркелкі сынның, сапаның бір-бірінен артық не кем екенін көрсететін сын есімнің түрін салыстырмалы шырай дейміз. Мысалы: жақсырақ, жақсылау.

Латын тілінде салыстырмалы шырай сын есімнің Gen. sing формасының жалғауын (екінші септеуге жататын сын есімдердің –ī жалғауы да, үшінші септеуге жататын сын есімдердің –ĭs жалғауы) мужской және женский родта – ior, ал средний родта – iŭs жұрнақтарына өзгерту арқылы жасалады. Салыстырмалы шырайдың Nom.sing – асигматикалық (яғни s  дыбысынсыз деген термин, бұл термин гректің  σ – «сигма» әріпінің атауынан шыққан)

P o s i t i v u s

C o m p a r a t i v u s

Nom.

Gen.

m

f

n

altus

miser

pulcher

celer

facĭlis

felix

alt-ī

misěr-ī

pulchr-ī

celěr-ĭs

facĭl-ĭs

felīc-ĭs

alt-ior

miser-ior

pulchr-ior

celer -ior

facil-ior

felic-ior

alt-ior

miser-ior

pulchr-ior

celer -ior

facil-ior

felic-ior

alt-iŭs

miser-iŭs

pulchr-iŭs

celer -iŭs

 facil-iŭs

 felic-iŭs

Барлық сын есімдердің салыстырмалы шырайдағы Gen.sing формасының жалғауы үш родқа бірдей. Олар – ior-is - қа аяқталады.

Cеп-теу

singularis

pluralis

m

f

n

m

f

n

Nom.

Gen.

Dat.

Acc.

Abl.

Voc

altior altiōrĭs altiōri altiōrem altiōrě

altior

altior

altiōrĭs

altiōri

altiōrem altiōrě

altior

altiŭs altiōrĭs altiōri altiŭs altiōrě

altiŭs

аltiōrēs

altiōrum altiōrĭbŭs altiōrēs altiōrĭbŭs altiōrēs

altiōrēs

altiōrum

altiōrĭbŭs

altiōrēs

altiōrĭbŭs

altiōrēs

altiōră altiōrum altiōrĭbŭs altiōră altiōrĭbŭs altiōră

Заттың  бастапқы жай белгісін – сапасын, көлемін, аумағын, дәмін, иісін, т.б. қасиеттерін күшейте түсетін сын есімнің түрін күшейтпелі шырай дейміз. Мысалы: жап-жақсы

Латын тілінде көшейтпелі шырайының жасалу түрі бірнешеу. Көбінесе жай шырайдағы сын есімнің Gen.sing формасының жалғауының орнына  - issĭm жұрнағы  мен сын есімнің родтық –us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады. Сондықтан женский родтағы сын есімдер І септеу бойынша, ал средний мен мужской родтағы сын есімдер ІІ септеу бойынша септеледі.

 Жай шырайда  -er, -a, -um- ға (І мен ІІ септеуге жататын сын есімдер) және  -er, -is, -e -ге (ІІІ септеуге жататын сын есімдер) аяқталатын сын есімнің күшейтпелі шырайы мужской родтағы Nom.sing. формасына -rĭm  жұрнағын және –us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады.

P o s i t i v u s

C o m p a r a t i v u s

Nom.

Gen.

m

f

n

clar-us

beāt-us

sapiens

miser

celěber

 clar-i

 beāt-i

sapientis

miser-i

 celěbr-is

 clar-issĭm-us

 beat-issĭm-us

sapient-issĭm-us

miser-rĭm - us

celěber-rĭm-us

 clar-issĭm-a

 beat-issĭm-a

sapient-issĭm-a

miser-rĭm - a

celěber-rĭm-a

 clar-issĭm-um

 beat-issĭm-um

sapient-issĭm-um

miser-rĭm - um

celěber-rĭm-um

ІІІ септеуге жататын Nom. sing. және Gen.sing формалары мужской және женский родтарда –ĭlis –қа аяқталатын алты сын есімнің күшейтпелі шырайы  Gen.sing формаларындағы  -ĭs жалғауының орнына – lĭm (sĭm-нан) жұрнағы мен – us, -a, -um жалғауларын жалғау арқылы жасалады.

facĭlis     (gen sing. facĭlis) жеңіл  facil-lĭm-us, a, um

difficĭlis (gen sing. difficĭlis) ауыр difficil-lĭm-us, a, um

simĭlis    (gen sing. simĭlis) ұқсас simil-lĭm-us, a, um

dissimĭlis (gen sing. dissimĭlis)  ұқсамайтын dissimil-lĭm-us, a, um

humĭlis   (gen sing. humĭlis) аласа humil-lĭm-us, a, um

gracĭlis   (gen sing. gracĭlis) сымбатты gracil-lĭm-us, a, um

Бірнеше латын сын есімі  өзінің  шырайларын жалпы ереже бойынша емес яғни жұрнақтар арқылы емес, басқа түбірлерден жасайды. Кейде оны синтетикалық емес жол деп атайды. Ол сын есімдерді жатқа білген жөн:

Жай шырай

Салыстырмалы шырай

Күшейтпелі шырай

bonus, a, um - жақсы

malus, a, um - жаман

magnus, a, um - үлкен

parvus, a, um - кішкене

multi, ae, a - көп

melior, meliŭs

pejor, pejŭs

major, majŭs

minor, minŭs

plurēs, plură

optĭmus, a, um

pessĭmus, a, um

maxĭmus, a, um

minĭmus, a, um

plurĭmi, ae, a