Бесінші септеуге nom.sing-ы –ēs-ке , ал gen.sing-ы - ēī- ге немесе -ěī-ге аяқталатын зат есімдер жатады. Мысалы: speciēs, ēī f – түрі; fidēs, ěī f – үміт, ě
Жоғарыда берілген мысалдардан байқауға болатыны егер nom.sing-тың (атау септіктің жекеше түрі) –ēs жалғауы дауысты әріптен кейін тұрса, gen.sing. (ілік септігіндегі жекеше түрі) формасында – ēī жалғауы ұзақтық белгісімен, ал егер nom.sing-тың (атау септіктің жекеше түрі) –ēs жалғауы дауыссыз әріптен кейін тұрса, gen.sing. (ілік септігіндегі жекеше түрі) формасында – ěī жалғауы қысқалық белгісімен қолданылады.
Бесінші септеудің зат есімдері негізінен женский родқа жататын зат есімдер.
Бесінші септеуге жататын res, rěi f – зат, іс және dies, diēī f - күн зат есімдерінің ғана көпше түрі бар, қалған бесінші септеуге жататын зат есімдердің көпше түрі мүлдем жоқ немесе тек қана nominativus пен accusativus pluralis-та қолданылады.
|
singularis |
pluralis |
singularis |
pluralis |
|
|
Nom. Gen. Dat. Acc. Abl. Voc |
rēs rěī rěī rěm rē rēs |
rēs rērum rēbus rēs rēbus rēs |
diēs diēī diēī diem diē diēs |
diēs diērum diēbus diēs diēbus diēs |
Ескерту (N.B.) res зат есімі кейбір сын есімдермен бірігіп тұрақты фразеологиялық бірліктерді құрайды; res publĭca –мемлекет; res gestae (pl) – қылық; res novae (pl) –мемлекеттік төңкеріс; res secundae (pl) – сәттілік, бақыт; res adversae (pl) –бақытсыздық; rerum scriptor - тарихшы
Жаттығулар
forma et status (forma –I септеу, status –IV септеу)- нысан мен құрылыс
Дұрыс жауабы:
sing.
Nom. forma et status нысан мен құрылыс
Gen. formae et status нысан мен құрылыстың
Dat. formae et statui нысан мен құрылысқа
Acc. formam et statum нысан мен құрылысты
Abl. formā et statu нысан мен құрылыспен
Voc. forma et status нысан мен құрылыс
pl.
Nom. formae status нысандар мен құрылыстар
Gen. formārum statuum нысандар мен құрылыстардың
Dat. formis statĭbus нысандар мен құрылыстарға
Acc. formas status нысандар мен құрылыстарда
Abl. formis statĭbus нысандар мен құрылыстармен
Voc. formae status нысандар мен құрылыстар
Дұрыс жауабы:
Res publĭca – res popŭli est. Variae sunt formae et status rērum publicārum. Gloriam rei publĭcae exercĭtus defendit. Viri boni rem publĭcam amant, in rebus secundis et in rebus adversis rei publĭcae auxilio sunt. Cives saepe de rebus publĭcis atque de rei publĭcae commŏdispŭtant. Vir bonus nullum pericŭlum pro re publĭca, nullum incommŏdum pro patria vitat. Fidem virōrum Romanōrum poētae saepe laudabānt. Diēbus festis pupŭlus Romānus deis deabusque sacrificābat et pro re publĭca deos orābat.
Дұрыс жауабы:
Мемлекет – халық ісі. Мемлекеттің әртүрлі нысаны мен құрылымы бар. Мемлекет даңқын қорғайтын әскер. Жақсы адамдар мемлекетін жақсы көреді және қайғыда да, бақытта да мемлекеттің қорғаны болады. Халық мемлекеттік істі, әрі мемлекет пайдасын жиі талқылайды. Жақсы адам мемлекетін қорғауда қиыншылықтан қашпайды, отанын қорғауда есептеспейді. Ақындар римдықтардың берілгендігін жиі мадақтаған. Мерекелерде рим халқы құдайларға құрбандық шалып, мемлекетке жақсылық сұраған.
Сөздік