Оқу әдістемелік құралы, жоғары оқу орындарының бағдарламасына сәйкес «Әлеуметтік психологиялық тренинг», «Педагогикалық қарым-қатынас тренингі», «Жеке тұлға өсу тренингі» курстары бойынша құрастырылған, сондықтан да қазіргі таңдағы дидактикалық және әдіснамалық талаптарға сай келеді. Оқу құралында білім беру бағдарламаларына арналған жаттығулар, тренингтер мен кейстер түсініктер жүйесі қазіргі ғылым негізі болып есептелінеді.
Бүгінгі таңда психология және педагогика ғылым саласының аясы біршама кеңейе түсті. Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, тіпті орта және жоғарғы оқу орындарында да балаларды тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелеріне отбасы мен педагог бірлескен өзара тығыз байланыста болуға тиісті. Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі. Оны әмбебап әдіс деп те атайды. Ал осы жаттығулар мен тренингтерде жеке тұлғаның ерекшелігінің даму деңгейін анықтайтын диагностикалық әдіс қолданылды және осының негізінде тренингтің, ойындар мен арттерапия элементтерінің көмегімен көптеген жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік бар. Тренингтегі топтық жұмыстар қатысушылардың белсенділігін арттыруға, серіктестік қатынасын дамытуға, басқа адамдардың көзімен қарауына мүмкіндік туғызды. Жаттығулар мен тренинг арқылы оқытушы мен оқушылар арасындағы өзара байланыс нығая түседі. Тренингтің тағы бір пайдалы жағы қарым-қатынас, яғни әңгімелесу еркіндігі мен тәуекелділік атмосферасы болып табылады. Интерактивті әдістерді қолдану арқылы жеке тұлғаның дамуына,тәрбиелілікке, оқыту қабілетін ұтымды пайдалануға, ықпалдастыққа, өзін-өзі кемелдендіруге, ортаға бейімделуге жетелейді
Оқу курсының мазмұны жаттығулар мен тренингтер сұрақтар қызықтырып жүрген оқырмандарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушы мен магистранттарға өз жұмыстарында қолдануға арналады.