1-есеп. Сіз досыңызға оқулықты беруге уәде бердіңіз. Ол сізден алыста тұрады. Досыңыз оқулыққа келген кезде, сіз оны дайындап қоюыңызды ұмытып кеткеніңіз есіңізге түседі. Оны ұзақ іздеу керек. Сіз осы жағдайда қандай әрекет етесіз және досыңызға не ұсынасыз?
2-есеп. Сіз театрға келгеніңізді елестетіп көріңізші, егер сіздің орныңыз қатардың ортасында болса, бірақ барлық көрермендер отырып қойғанын көріп, орныныңызға өту үшін сіз қандай әрекет жасайсыз?
3-есеп. Театрдағы спектальде отырған жағдайда, барлық көрермендер өте қызығып қарап отырғанда, жақын жерде отырған біреу өзінің көршісімен сөйлесе бастайды, күле бастайды. Ал артта, сіздің арқаңызда, біреу кәмпиттің қағазын шытырлатып ашып кедергі жасап отыр. Сіз қандай әрекет жасайсыз?
4-есеп. Сіз қызбен поезд күтіп, перронда тұрасыз. Қыз балмұздақ алып жеді. Жеп боғансоң, ол балмұздақтың қағазын қайда тастайтынын білмей, жан жағына қарап, оны лақтыру үшін жәшікті көзімен іздейді. Жәщік алыс, міне поезд жақындап келе жатты. Қағазды қайда лақтыру керек? Сіздің әрекетіңіз?
5-есеп. Нұржан автобусқа мінді. Кенеттен автобус жүргізушісі көліктің тежегішін қатты басты. Нұржан өзінің теппе теңдігін ұстап қалмағандықтан қасында тұрған адамды итеріп жібереді. Ол бірден кешірім сұрады, бірақ оған қарамастан ол адам дөрекілік танытып қатты сөйлеп, жауап береді. Нұржан оған әдейі істемегенін, ұстай алмайқалғанын және өзінің ыңғайсыздығы үшін тағыда кешірім сұрады. Бірақ, ол оны әдейі жасады деп айыптады. Ұл баланың ары қарайғы әрекеттері қандай болуы мүмкін?
Өмір стратегиясы мен мінез-құлық бағыттарын таңдауға бағытталған кейс-есептер:
1-есеп. Мысалы екі адамды танисыз. Екеуінің де достары бар. Екеуінің біреуі күн сайын достарына қоңырау салып, оған көмектесуді сұрайды: ақша беру, тамақ алып беру, сонымен қатар басқа да өтініштер. Егер олар шын мәнінде достары болса, онда олар одан бас тартпайды дейді.
Енді басқасына тоқталайық. Күн сайын ол бәрін жасау және үлгеру үшін ерте тұрады. Ол өз достарына шын жүректен берілген, сондықтан оларға жиі және себепсіз қоңырау шалуды жөн көреді, өз өтініштеріне ауыртпалық түсірмей немесе ол үшін достық қалай маңызды екенін атап көрсете отырып, оларға көмектесіп келеді. Осы екі адамның қайсысын сіз дос ретінде көргіңіз келеді?
2-есеп. Тимур математикадан қатты артта қалды. Сыныптың ең соңында, барлық пәндер бойынша үздік оқитын Мөлдір отыратын. Сыртынан қарағанда ол тартымды емес. Сонымен қатар, көңілді және сөйлесуге қызықты сыныптастар аясында ол тым қарапайым болып көрінетін.
Жыл соңына қарай, оқудың бітуі алдында Тимурдың үрейленіп, мазасы қаша бастайды. Ол барлық күштерімен математиканы жақсы тапсыру тәсілін іздей бастады. Біраз уақыттан кейін ол Мөлдірге көңіл бөліп, туған күніне гүл сыйлады. Үзілісте ол жиі оған жақындай, көңіл бөле бастады, ойын-сауыққа шақырып, күлкілі әңгімелер айтты.
Сыныпта Мөлдірге ешкім мұндай көңіл бөлмейтін, сондықтан да барлығы Тимур оны шынымен ұнататын деп ойлай бастады. Бітіруші емтиханда Тимур Мөлдірдің жұмысын толық көшіріп жазып, математикадан «өте жақсы» деген баға алды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Жамандықсыз жақсылық болуы мүмкін бе?
2.Неліктен әрекеттің мотивациясы маңызды?
3.Егер бұл туралы математика пәнінің мұғалімі білсе, ол не істер еді?
3-есеп. Бүгін сізге көптен бері көрмеген досыңыз келіп, сізді театрға шақырды. Сіз оның ұсынысына келісесіз де және онымен бұл уақытты бірге өткізетініңізге өте қуанышты екеніңізді айтасыз.
Содан кейін сіз анаңызға ескерту үшін қоңырау шаласыз, бірақ сіз оны айтуға үлгермес бұрын, анаңыз сіз қоңырау шалғаныңызға қуанып, сізге өтініш жасайды: үйде кішкентай ағасымен отыратұрғаныңызды сұрайды. Жұмыстан кейін ол әріптестерінің бірімен кездесіп, сол кездесуде болашақта жақсы жұмысқа ауысуы және материалдық жағдайында жаңа перспективалар ашылуы мүмкін екендігін айтады.
Шешім:
1.Егер сіз тек анаңызды ренжітпеуді ойласаңыз, досыңызға бара алмайтындығыңызды айтасыз. Сіз ініңізге қарау үшін үйде қаласыз, бірақ өзіңізді нашар сезінесіз, өйткені бұл тек анаңызды ренжітпеу және ашуландырмау мақсатымен жасалынып отырған жағдай. Және ең жаманы – досыңыз сізді түсінбей ренжитіндігінде.
Тапсырма: сіз үшін ең қолайлы шешімді таңдаңыз немесе нұсқаңызды ұсыныңыз.
Ортада өзінің жүріс-тұрыс стилін таңдауға арналған кейс-есептер:
1-есеп:
Оқушылардың барлығы бірге оқыған мәтін талқылануда. Көптеген сыныптастар ұқсас көзқарасты ұстанады. Тек Қайратқана әрдайым барлығымен келіспейтіндігін білдіреді. Ол өз пікірін әрдайым ерекше дәлелдейді. Ол өзін жан-жақты білімі бар деп сезінеді де барлығына дөрекілік көрсете бастайды. Алайда, осы жолы сіздің көзқарасыңыз Қайраттың айтқанымен сай келіп тұр. Ол өзінің көзқарасын айтқан соң, мұғалім барлығына қарап, сізге тоқталады да сіздің пікіріңізді айтуға ұсынады. Сіз Қайратпен келісіп тұрғаныңызбен, оны дауыстап айтсаңыз, барлық топ сізді күлкіге көтеретінін біліп тұрсыз. Сіз қандай әрекет жасайсыз?
Шешімі
А (ортаға кедергі болмау). Ешбір жағдайда сіз ойлағаныңызды айта алмайсыз. Сіз топтың барлығы айтқан пікірге ұқсас пікір айтасыз. Сіз өзіңіздің шын мәнінде ойлағаныңызды ешкімге айтпайсыз.
Б (мәмілеге келу). Сіз өтірік айтпағаныңызбен, осы жағдайда өтірік жауап табуға тырысасыз: шындығында басқаша ойлағаныңызбен, сіз барлығымен келісесіз, себебі сыныптастарыңыздың құрметін жоғалтқыңыз келмейді.
В (ортаның әсеріне түспейді). Сіз өз ойлағаныңызды айтасыз, позицияңызды анық айтасыз. Сіз бәрінің ойы мен пікірін жоққа шығаруға тырыспайсыз.
Тапсырма: шешім нұсқасын таңдаңыз немесе ұсыныңыз.
2-есеп. Бір күні сіз достарыңызбен бірге досыңызға қонаққа барасыз. Ата-аналары үйінде жоқ болғандықтан, балалар ішімдік іше бастайды. Олар бөтелкелерді шеңбер бойынша жібереді, ал ол аяқталған кезде, келесісін бастайды. Сіздің ішкіңіз келмейді, басқалардың алдында ыңғайсыз болмау үшін, сіз оны жайлап досыңызға сыбырлап айтасыз, бірақ ол тек сізді мазақтап, күледі: «Ия, сен ешқашан еркек бола алмайсың!».
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Балалардың мінез-құлқының әрекеттерін талдаңыз?
2.Осы жағдайда сіз не істер едіңіз?
Шешімдер:
Б. Ішпеу үшін, әр-түрлі себептерді ойлап айтасыз: «Дәрі ішіп жүргенедім, оны шараппен араластыруға болмайды».
Вопросы и задания 1. Какое решение вы примете, оказавшись в подобной ситуации? 2. Если вас не устраивают предложенные варианты, опишите свой способ решения задачи.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
3-есеп. Сіздің тобыңызда ерекше, барлығының жүйкесіне әсер ететін бала бар, оның есімі Жұмағали. Ол үнемі өз жетістіктерімен мақтанып, әкесі шетелден көлік әкегені туралы және оған қанша сыйлықтар әкелетіні туралы айтып жүреді. Үнемі біреулерге шағымданады.
Сіз достарыңызбен сөйлесіп отырғанда, олар Жұмағалиды жамандап, ол жайлы әр-түрлі әзілдер айта бастайды да, келекетіп мазақтайды. Сіз олармен келіспеуіңіздің себебі, Жұмағалидің неге өзін осылай ұстайтынын білесіз – оның достары болмағандықтан және бәрі оған нашар қарайтындықтан. Ол сіздің досыңыз емес, бірақ бәрібір айтылып отырған әзілдер мен оған күлгендері сізге ұнамайды.
Шешімде:р
А. Басқалармен бірге күлесіз. Сіз олармен келіспесеңізде, оны қолдайтыныңызды білмесін дегенді ойласыз.
Б. Олардың әзілдеріне күлмейсіз, бірақ оларға деген қарым-қатынасыңызды білдірмейсіз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Сіздің осындай жағдайда не жасар едіңіз?
2.Дайын әрекеттер түрлерін таңдаңыз немесе өзіңіздің нұсқаңызды ұсыныңыз.
4-есеп. Сіз өзіңіздің ең жақсы құрбыңыз туралы танитын екі қыздардың әңгімесін естисіз. Сіз құрбыңыз жайлы жағымсыз әңгімені естігеніңізбен, оны қорғауға тырыспайсыз, себебі олар сізге күдіктеніп қарай бастайтынын білесіз.
Сізде үш мүмкіндік бар:
А. Қыздарға жақындап, досыңызды жақтайсыз.
Б. Қастарынан ештеңе естімегендей өтіп кетесіз.
Сұрақтар:
1.Жағдайды талдаңыз.
2.Дайын нұсқалардың біреуін таңдап, дәлелдңіз немесе өз нұсқаңызды қсыныңыз.
5-есеп. Ата-аналар сізге туған күніңізге аңның жүнінен жасалған бас киім сыйлайды. Сіз әкеңі оны сатып алу үшін ұзақ ақша жинағанын білесіз. Сіз жаңа бас киімге қуаныштысыз. Бірақ сіз университетке келгенде, танысыңыз былай дейді: «Сен бұл қорқынышты бас киімді қайдан алдың?» Басқалар да оның айтқанын қолдай отырып, әр нәрселерді айта бастады. Осы жағдайда сіз қандай әрекет жасар едіңіз?
Шешімдер:
А. Басқалардың айтқандарын қолдап, ол сізге ұнамайтынын айтасыз.
Б. Бөрік әлі де сізге ұнайды, бірақ енді сіз оны тек ата-аналардың ғана көзінше киесіз.
В. Бас киім сізге ұнағандықтан достарыңыздың айтқанына қарамастан киебересіз.
Жауап нұсқасын таңдау есеп:
Баласы анасынан дискотекаға бару үшін ақша беріңіз деп сұрайды!
Жауаптардың нұсқалары:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қыздарға немесе ұлдарға педагогикалық әсер ету тұрғысынан жауаптардың барлық нұсқаларын талдаңыз.
2.Әр жауап қандай позицияны көрсетеді?
Қайта бағдарлау есептері:
1-есеп. Бір күні балалар мұғаліммен бірге орманға ақ акация тұқымын жинауға барды. Мұғалім тұқымдардың жер бетінде өте аз екендігін айтып, олардың көбі жоғары бұтақтарда болатынын ескертті. Есен мұғалімнің айтқанын естуімен, талдың жоғары жағына өте тез шығып алды, әрине ол бұл әрекетті бұзақылықпен жасағаны анық. Бірақ, таңқаларлық жағдай, мұғалім Есенді ұрыспай қайта мақтады: - Есен, Жарайсың! Қазір ол бізге жоғарыдан тұқымдарды лақтырады. Мұғалімнің бұл әрекеті Есенді сасқалатты... Бірақ ойлануға уақыт болған жоқ, акация астында балалар отыра қалып, шұлап, «Маған таста, маған да таста деп» сұраныс жасай бастады. Сондықтан ол құрғақ тұқымдарды лақтыра бастады. Сонымен қатар тағы бір бала батылдық танытып, талдың жоғары жағына шығып, тұқымдарды лақтыра бастады. Сонымен балалар жарыса бастады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
3.Адамдардың арасындағы дау-дамайлық жағдайларда нені есте сақтаған жөн?
2-есеп. Бала досын қорлады. Көршісі бұл туралы ата-анасына айтты.
– Менің ойымша, ол өзінің жазасын алды. Мен дұрыс жасадым - деп - жасөспірім ата-аналарына өз құқықтарын түсіндіруге және дәлелдеуге тырысады.
- Яғни, бұл дұрыс емес әрекеттер жасаған адамдарға қарсы күрес әдісі ме? – деп әкесі нақтылайды. - Иә. Егер сенің анаңдікі де дұрыс болмаса, оған да осылай айтарсың?.. Біз бұл әрекетіңді ұнатпаймыз, бірақ біз сені жақсы көреміз және бұл қайталанбайды деп сенеміз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Жанжалды шешуге көмек көрсету есептері:
1-есеп. Сабаққа барар барысында педагог сынып алдында топ балаларын және екеуі төбелесіп жатқанын көреді. Педагог барлығынан кабинетке кіруді, ал төбелескен балаларды дәлізде қалуды сұрады. Есіктерін жауып, ер балалармен оңаша қалған, педагог олардан сұрайды:
- Төбелес неден пайда болғанын түсіндіре аласыздарма? – деп сұрайды. Ұлдар үнсіз тұрып, бір-біріне қарай береді. - Бұл құпия ма? - педагог тағы да шындап сұрайды. Олар бастарын изеді.
- Онда былай жасаймыз, сіздерге 5 минут беремін - ер азамат ретінде төбелессіз және қорлаусыз сөйлесіп, тыныштықпен өз қарым-қатынастарыңызды бейбітшілік түрде анықтаңыз. Және есіңізде болсын, сіз қиын өмірлік мәселелерді мәдениетті түрде шешуге қалай болатынын бәріне көрсетуге тырысыңыздар. Барлығына бұрын қандай күшті достар болғандарыңды сыныпқа кіріп көрсету керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Мұғалім осы жағдайда дұрыс шешім қабылдады ма? Осы шешім қабылдағанда нені басшылыққа алды?
Педагогикалық тұрғыдан ынталандыру есеп:
Екінші тоқсанның басында мұғалім бастауыш сынып оқушыларына келесі шешім қабылдағанын ұсынады: - Мен сіздермен жұмыс істеуге ыңғайлы болатындай етіп отырғызамын. 3 немесе одан төмен баға алған балалар менің оң жағымнан жақтағы қатарға отырасыздар.
Ал басқа бағаларды алғандар менен солға отыруыңызды сұранамын. Не үшін? Өйткені, сіз 3 емес, 5 алған жағдайда, сізді басқа қатарға ауыстырамын, ал 4-тен төмен баға алған соң, сізді қайтадан орындарыңызға отырғызамын. Бұл қозғалыс ойыны оқудағы табыстар мен сәтсіздіктерді айқын көрсетеді! Оң жақта отырған балалар менің көмегімді және сыныптастарының көмегін қажет етеді. Олар мектеп пен үйдегі өз жұмыстарына деген қарым-қатынасын өзгертуі керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған есептер:
1-есеп. Бенджамин Франклин (1706-1790) - атақты американдық ағартушы және мемлекет қайраткері, АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясының авторларының бірі, өз уақытының адамгершілік құндылықтарына сүйене отырып, өзіне нұсқаулық ретінде «жақсылық кешені» құрастырып, әр аптаның соңында олардың бұзылу жағдайларын атап белгілейтін. Бұл кешен:
- Ұстаным. Тамақ жегенде тоймай жеу. Ішкенде мас болмағанға дейін ішу керек.
- Үнсіздік. Өзіңе және басқаға пайда әкелуі мүмкін нәрсені ғана айту керек, бос сөйлесуден аулақ болу керек.
- Тазалық пен тәртіп. Әрбір заттың өзінің орны болу керек. Әр бір әрекеттің өз орны мен уақыты болуы керек.
- Батылдық. Істейтін нәрсені батылдықпен орындау керек, шешілген нәрсені мүлтіксіз орындау керек.
- Еңбекқорлық. Уақыт жоғалтуға болмайды, әрқашан пайдалы нәрсемен шұғылдану керек, қажетсіз әрекеттер мен қатынастардан бас тарту керек.
- Шынайылық. Алдауға болмайды, таза және әділ ойлар мен жүру керек.
- Әділдік. Біреуге зиян келтіруге болмайды, сенің міндеттеріңнің қатарына кіретін игі істерден аулақ болуға болмайды.
- Шыдамдылық. Қарамақайшылықтардан бас тарту керек, әділетсіздіктен реніш сезімін аулақ болу.
- Тазалық. Дене кірлеуіне жол бермеу керек, киімде және тұрғын үйде ұқыптылықты сақтау керек.
- Төзімділік. Болмайтын жағдайларға алаңдаудың қажеті жоқ.
- Қарапайымдылық және т. б
«Бірақ жалпы, - осылайша Франклин өмірдің соңында қорытынды жасады - Мен осы тәжірибесіз болғанда, менің адал ниеттерім адалдықтан, қазіргі жағдайдан өте алыс болатын едім... ». (Франклин Б. Избр. произв. М., 1956. С. 482-483).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
2-есеп. Жеке даму жоспарын құру үшін адам өмірінің негізгі төрт саласына өз көзқарасын білдіру керек:
- Таңдалған мамандықпен жақсы таныстым ба?
- Өмірлік мақсаттарға жеткенде маған ЖОО-да оқу көмектеседі ма?
- Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін қандай жұмыс атқарғым келеді
- Қазір мені не басқарып, білім алуға не итермелейді? Ал бес жылдан кейін?
- Менің болашақ жұмысым менің жеке талаптарыма сай болатынына, мені не сендіре алады?
- Мені басқа адамдардың пікірі мен көзқарастары шын жүректен қызықтырама?
- Мені басқалардың мәселелері мен қиындықтары қызықтыра ма?
- Мен басқаларды тыңдай аламын ба?
- Мен басқаларға пікірімді және өз ойымды дәлелдеймін бе?
- Мен қарым-қатынас жасайтын адамдарды бағалай аламын ба?
3.Денсаулық - психофизикалық жағдайы.
- Менің көңіл-күйім қандай?
- Мен күн тәртібін, еңбек және демалыс режимін сақтаймын ба?
- Мен спортпен айналысамын ба?
- Менің салмағы (дене салмағы) қандай?
- Мен жеткілікті ұйықтаймын ба?
- Мен өз денемді ұмытпаймын ба?
- Дене жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолдануға болады?
- Өзіндік дамуыммен айналысамын ба?
- Мен ақпараттарды алуға тырысамын ба? Неде?
- Мен көрмелерге, концерттерге, театрларға барамын ба?
- Менде қандай да бір хобби бар ма?
- Қолымнан өзімді, көңіл-күйімді басқара аламын ба?
- Менің ерік-жігерім жеткілікті ме?
- Жан жайлылығым үшін не істей аламын.