Кейс-тапсырма 1. «Баланы жастан...»
1 қыркүйекте мектепке жаңа жас биология мұғалімі жұмысқа орналасады (Жанар Ахметқызы Айтиева), жаңа мектепке келу себебі, жаңа пәтер алуы. Өзінің баласында осы мектептің 3 сыныбына ауыстырады (баласын ерте 19 жасында босанған).
Мектептің педагогтар ұжымы жаңа мұғалімді құшақ жая қабылдады деуге бола қоймас. Бастауыш сыныптарға жауапты мектеп директорының орынбасары да жаңа мұғалімге үнемі ескертулер жасап жүреді. Баласының жаңа сынып жетекшісі Аманкүл Бердеш қызы оның құрбысы еді. Баласы Санжар сүйкімді болғанымен үлгерімі онша емес деп үнемі Жанарға – Өзің мұғалімсің балаң сабағын үлгермейді – деп, үнемі сабақтарында үш деген баға қояды.
1 тоқсан бітуге жақындағанда Жанар баласының сынып жетекшісіне барып, өтініш жасайды, қосымша тапсырма беріп, бағасын көтеруге мүмкіншілік беруіне. Сонымен Санжарға «Дүниетану» сабағынан баяндама ретінде тақырып беріп, оны қорғауға дайындалу керектігін ескертеді.
Жанар баласы (ұяң болғанымен), тапсырмаға жауапкершілікпен қарайтындығын байқайды. Санжар кітапханаға барып, тақырыбына байланысты көп материалдар, сүреттер тауып, жақсы, қызықты, өте әдемі сүреттері бар, баяндама даярлайды. Сонымен баға қорыту сабағы келеді. Санжар күндегісінен ертерақ тұрып, бүгін баяндамасын қороғайтын екендігін айтып, тіптен галстук тағып шығады. Сабақ барысында, Санжардың кезегі келгенде, мұғалім оны шақырып, қолындағы баяндаманы көріп, оны қорғауға да мүмкіншілік бермей – Отыра бер, бәрібір қатырмассың, үштен артық алмайсың – деп, 3 деген баға қояды. Сол сәтте Санжар айқайлап, қолындағы баяндаманы мұғалімнің бетіне лақтырады да сыныптан жүгіріп шығады. Аманкүл Бердеш қызы дереу Жанарды және директордың орынбасарын шақырып, айқай шу шығарады. Жанарға балсына тәрбие бере алмаған деп, кінәләп, жұмыстан шығаруға талап етеді.
Директордың орынбасары Санжарды мектеп психологіне апару керек екендігін ескертеді. Мектеп психологі бұрыңғы тарих сабағының мұғалімі, сағат жетіспегендіктен, қайтадан квалафикациясын ауыстырып, мектеп психологі штатына қабылданған. Психолог сынып жетекшісін тыңдап, балаға арналған карточканы толтыруына және 3 аптадан кейін баламен бірге келуіне ұсынды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
2. Баланың мінез-құлқындағы агрессияшылдықтың ықтимал себептерін (гипотезаларды) анықтаңыз.3. Педагогтар мен психологтар «стигманың» (клеймо) қалыптасуына қалай әсер етуі мүмкін?4. Аманкүл Бердеш қызының позициясы мен әрекеттерін сипаттаңыз да талдаңыз. Одан шығу үшін оған қандай кеңес бересіз?
5.Сынып жетекшінің осы жағдайдағы әрекеті неге әкелуі мүмкін?
6.Мектеп директорының орынбасары ретінде қандай шешім қабылдар едіңіз?
Кейс-тапсырма 2: Арман 9 жаста. Арманның анасы мен әкесі ажырасқанда, ол 3 жаста еді. Әкесі Арманның отбасына көмектесуге уәде бергенімен, жоғалып кетті. Арман анасымен және әжесімен бірге жатақханада тұрды. Көп кешікпей ұзаққа созылған аурудан әжесі қайтыс болады. Арманның анасын жатақханадан қуып шығады. Олар барлық құжаттарын ұрлатып алады. Шындығында, олар үйсіз қалды.Сонымен олар ескі қараусыз үйлерді паналап өмір сүрді. Арман өзінің 9 жасында мектептің табалдырығын аттап өтпеген еді. Сұрақтар мен тапсырмалар:Педагог ретінде сіз қандай әрекет жасар едіңіз?
Кейс-тапсырма 3: Қайрат, жас жігіт (27 жаста), төртінші жыл некеде тұрады. 2 жасар ұлы бар. Ол күйеуі мен әкесінің әлеуметтік рөлдерін меңгереді. Қайрат ұлына көп көңіл бөлмейді, жиі үйіне тым кеш қайтады, өзімен-өзі айналысады, достарымен көп уақыт өткізеді. Жұбайының баласына көбірек назар аударуды талап ете отырып, онымен серуендеуге, сөйлесуге, оған кітаптарды оқып беруіне кеңес бергенде, Кайрат ұлы тым кішкентай, ештеңе түсінбейтінін айтады. Қазір онымен ең алдымен анасы болуы керек екенін сылтау етіп жауап береді. Сұрақтар мен тапсырмалар:1.Қайрат, «әке» деген әлеуметтік рөлін меңгерудегі қандай психологиялық «тұзаққа» түскен? 2.Осы жағдайда «әкесінің» әлеуметтік рөлін дұрыс меңгеруіне әсер ететің қандай кеңес айтар едіңіз?
Кейс-тапсырма 4: Серік (14 жаста) ата-аналармен жиі қақтығыста болады. Ата-анасы жақсы үлгерім, күнделікті үй шаруашылығына қатысты міндеттерді уақтылы орындауды, режимді сақтауды талап етеді. Ата-анасының талаптарын Серік жиі елемейді. Ата-анасының жеткіншекке қойған талаптарды қатаң белгілеу жағдайында, Серік бір-екі күн бойы ата-анасының келісімінсіз үйден кетеді.Сұрақтар мен тапсырмалар:1.Неліктен жеткіншек ата-анасымен қақтығысады? 2.Серіктің ата-аналарына нені ұсынуға болады?
Кейс-тапсырма 5: аутизм синдромы бар 8 жастағы бала, жалпы білім беретін мектептің бірінші сыныбында оқиды. Жазу, оқу, есеп дағдылары қалыптаспаған. Әр сабақ басталғаннан соң 10 минуттан кейін бала бір орыннан тұрып, сыныпта жүреді, мұғалімге және сыныптағы басқа балаларға кедергі келтіретін сөздерді айқайлайды. 4 сабақта бала шаршайды, анасы келіп, баланы үйге әкетпесе, балада истерика басталады (еденге өзін тастап, жылайды). Анасы баланың жалпы білім беретін мектепте оқуын жалғастыруды талап етеді. Бұл жағдайда баланың анасына кеңес беру кезінде қандай тақырыптарды қозғауға кеңес берер едіңіз?
Кейс-тапсырма 6: Назерке 7 жаста. Үш жастан бастап хореографиялық үйірмеге, 5 жастан - вокалдық және театр студиясына барады. Сахнада жиі өнер көрсетеді, түрлі конкурстарға қатысады. Қыздармен сахнада келесі жолы өнер көрсету барысында «Мен сахнада бірнеше рет өнер көрсеттім, ал сендер жоқ. Сондықтан мен түлкі рөлін ойнаймын» деп басымдылық көрсетуге тырысады. Қыздар оған бағынбауға тырысып жетекшілерін көмекке шақырады. Сіздің әрекетіңіз?
Кейс-тапсырма 7: Тарих мұғалімі мен 8 сынып оқушысы арасында жауаптарды бағалау критерилері бойынша жанжал пайда болады. Педагог оқушылар жауап барысында «өте жақсы» деген бағаны ала алмайды деп есептейді, өйткені оның пікірінше, ол бұл пәнді өзіде 5-ке білмейді. Сондықтан оқушы мен педагог арасында әрқашан шиеленіс туындайды. Бұл 8 сынып жетекшісіне белгілі болды, ол туындаған жағдайды реттеуге тырысады. Сұрақтар мен тапсырмалар:1.Туындаған жағдайды талдау жасаңыз. 2.Сынып жетекшісі ретінде туындаған жағдайды шешу жолын ұсыныңыз. Өз ұсынысыңызды негіздеңіз.
Кейс-тапсырма 8: Психологқа кеңес алу үшін АҚ (арнайы қажеттіліктер) бар бала тәрбиеленетін отбасы келеді. Отбасы толық. Ата-анасы жоғары білімді, әкесі менеджер, анасы заңгер. Екеуі де жұмыс істейді. Отбасында екі бала. Отбасындағы үлкен бала-қыз, 6 жас (ДЦП, төменгі спастикалық диплегия, көмекші құралдардың көмегімен қозғалады, интеллектісі сақталған, сөйлеу бұзылыстары - дизартрия, бала бақшаға бармайды, мүгедектігі бар). Кіші баласы - ұл, 3.5 жаста, қалыпты дамуда. Ата-анасының балаларға қарауға уақыты болмаған жағдайда, әжесі қарайды. Ата-аналар соңғы уақытта пайда болған ешнәрсеге негізделмеген қыз баланың истерикалары туралы шағымданады. Жас маман психолог екі ата-анасымен бірден әңгіме өткізеді: истериканың қашан пайда болғанын анықтайды (әкесі бір жарым ай бұрын пайда болды деп ойлаған, анасы әлдеқайда бұрын, алғашқы ұқсас мәселелер 2 жыл бұрын пайда болғанын есіне түседі, бірақ олар қазіргідей қарқынды болмағанына назар аударады), қанша уақыт жалғасқанын және қалай жиі пайда болатынын (анасы енді истерикалар күн сайын дерлік, қыз өз бөлмесінде жабылып, жылап, ешкіммен сөйлеспейді, анасының сұрағына қыз оны ешкім де ұнатпайтынын, жақсы көрмейтіні айтады), және қандай мәселе уайымдайтыны жайлы сұрайды. Психолог екі ата-анасымен әңгімелесуі 15 минуттан аспады және бұл мәселеде қыз кіші інісіне қызғаныш көріністерімен байланысты екендігі туралы қорытындыларымен аяқтады. Психологтың пікірінше, бұл мәселе отбасыларда жиі кездеседі, ал АҚ бар балалардың отбасыларында бұл мәселені шешу үшін екі баламен сөйлесіп, оларды татуластыру керектігін айтады, оларға бірдей ойыншықтар немесе тәттілер сатып алу, саябаққа, карусельдерге, балалар алаңына бірге серуендеуге бару керек екендігіне кеңес береді. Осы отбасындағы проблеманы жас маман психолог дұрыс қарастырған ба анықтаңыз? АҚ бар балаларды тәрбиелеудегі отбасының басқа мүшелерінің рөлі қандай, олар да мамандармен кеңес алуы керек пе?
Кейс-тапсырма 9: Орыс тілінде оқитын мектебінің 7 сыныбына, жаңа оқушы Алан Бероев келді. Оның отбасы Шешенстан мемлекетінен көшіп келді. Алан орыс тілін нашар біледі, себебі отбасында шешен тілінде жиі сөйлейді. Педагогтар сабақта Аланнан мүлдем сұрамайды, бәрібір білмейді деп оған көңіл аудармайды. Балалар оны жақтайды. Ал сынып жетекшісі балаларға жаңа өмір мен оқу жағдайларына бейімделуге көмек көрсетеді.Тапсырмалар:1.Педагогика тарихында осындай мәселелердің міндеттері қалай шешіледі?2.Бұл міндет полимәдени білім беру тұжырымдамасына сүйене отырып қалай шешіледі?3.Педагогтар қандай педагогикалық ұстанымдарды бұзды?4.Жағдайды шешу үшін қолайлы нұсқаларын ойлап табыңыз.
Кейс-тапсырма 10: Жандостың (15 жаста) ата-анасы оны қатаң бақылайды: дәптерлерін тексереді, заттарын қарайды, оларға ұлы айтқан кез келген ақпаратын қайта тексереді. Ата-аналары үйде болмағанда, Жандос өз бөлмесінің есігіне құлып қойып, ата-аналары кірмесін деген талап қояды. Сұрақтар мен тапсырмалар:1.Жасөспірімнің мінез-құлқын қалай түсіндіруге болады? 2.Жандостың ата-анасына ұлымен қарым-қатынасты жақсарту үшін не ұсына алар едіңіз?
Кейс-тапсырма 11: 7-ші сынып оқушыларының жетекшісі сыныбындағы осы уақытқа дейін өте жақсы оқитын қыздардың бірінің мінезі өзгергенін байқайды. Кезінде өте қарапайым қыз өзін-өзі ұстай алмай, үзілісте ешкіммен араласпай, біреу жақындаса агрессиялық әрекеттерді көрсеткен. Сонымен қатар сабақтан өте жиі қала бастаған. Бір күні көшеде оны ересек кісімен, қоғамдық орнында темекі шегіп тұрғанын көріп қалады. Сынып жетекшісімен қыз әңгімелесуден бас тартты. Ата-аналарымен әңгімелескені ешқандай ақпарат бермеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Осы жағдайды талдаңыздар.
2.Сынып жетекшісіне қандай кеңес берер едіңіз?
Кейс-тапсырма 12: 10 сынып оқушысы педагог-психологпен сенімді әңгімесінде, мектептегі сабақтарынан кейін шығудан қорқатыны жайлы айтады. Себебі, көшеде оны басқа сыныптардың жасөспірімдер компаниясы жиі күтіп, кейде іздерін қалдырмай ұратынын, ақшасын тартып алатынын, моральдік түрде қорлайтынын айтады. Жас жігіт бұл туралы ата-анасына айтудан қорқады, себебі әкесі «нағыз еркек» деп тәрбиелейді. Әкесі баланың әр бір «әлсіздік» (сенімсіздік, күмән, қорқыныш) көрсеткені үшін баласын ұратын қаупі бар. Сыныптастар тарапынан ол да қолдау мен түсінушілік таппады (сыныбында достары жоқ).
Сұрқтар мен тапсырмалар:
1.Жағдайды талдаңыз.
2.Бұл жағдайда педагог-психологқа не істеу керектігіне кеңес беріңіз.
Кейс-тапсырма 13: Ерлан он жаста. Оны анасы жалғыз өзі тәрбиелейді. Ұлы мен анасының арасындағы қарым-қатынас өте жақын болды. Ерлан бірінші сыныптан тек «5» - ке оқыды. Мұғалім ол қабілетті бала екенін айтатын. Бірақ шамамен жарты жыл бұрын мектептен нашар мінез-құлық туралы қоңыраулар мен жазбалар басталды. Баласынан, болып жатқан жағдайлардың себептері туралы сұрағанда, жауап бермейді. Мейірімді және тәрбиелі, ашық баладан ол тұйық және дөрекі балаға айналды. Кейде анасынан мектепке барғысы келмейтіні жайлы айтып сұрануды шығарған.
Анасының сұранысы: «Баламмен болып жатқан жағдайды түсіндіріп, көмек көрсетіңіздер»
Психодиагностикалық кейсті шешу алгоритмі:
Кейс-тапсырма 14: «Дөрекі бала»
Мектеп психологына сегіз жасар баланың анасы оның агрессивтілігіне шағымданады: Нурлан өте шулы, шыдамсыз, барлық қақтығыстарды күшпен шешуге тырысатын бала екенін айтты. Баласы өте қатыгез екенін айтып, өзімен қақтығысқа түскендерге арамдық жасайтыны жайлы айтып кетті. Балалар оны жақсы көрмейді. Ол отбасыда жалғыз бала екенін, ата-аналардың екеуіде жұмыс істеуіне байланысты, балаға әжесі қарайтынын айтты. Оларды алаңдататыны балаларының мінез-құлқы.
Сұрқтар мен тапсырмалар:
1.Баланың агрессивтілік түрін және агрессивті мінез-құлықтың ықтимал себептерін анықтаңыз.
2.Коррекциялық жұмыстарының міндеттерін тұжырымдаңыз және осы жағдайға оңтайлы коррекция әдістерін негіздеңіз.
Кейс-тапсырма 15: бес жасар баланың ата-анасы психологқа кеңеске келеді, балаларының мектепке дайын екенін білгенімен (бала оқи алады, көп өлеңдерді біледі, қосу, азайту, көбейту және бөлу операцияларын біледі), қандай шешім жақсы болатынын білмейді. Мүмкін, баланы мектепке дәл қазір беру керектігін, себебі ол 1-ші сыныптың мектеп бағдарламасын еркін меңгере алатындығына көздері жетеді, ал мектепті бітіргеннен кейін әскерге түспей, институтқа түсуге көп уақыт қалатындығын біліп отыр. Мүмкін бір жыл немесе екі жыл күтіп, үйде (репетиторлармен ) оқыту, содан кейін мектепке бірден 2-ші немесе 3-ші сыныпқа бару керек пе? Немесе тағы қандай да бір шешім болуы мүмкін бе? Баланың ата-анасына қандай кеңес беретін едіңіз?
Педагогикалық кейстер:
Кейс-тапсырма 1: Оқу құралдарын талдау, олардың көпшілігінде оқыту процесінің мәндеріне әртүрлі түсінік берілетінін көрсетеді.
Мысалы, бір авторлар «оқыту – мұғалімнің және оқушылардың бірлескен қызметін білдіреді, біріншісі білімді, іскерлікті және дағдыларға үйретеді, оларды меңгеру (оқыту) процесін басқарады, екіншісі осы білімді, іскерлікті және дағдыларды (оқу) меңгереді. Үйрету мен оқу – оқытудың өзара байланысты және өзара шарттасқан екі жағы».
Басқалары «оқыту білім, білік және дағды жүйесін саналы және берік меңгеруге бағытталған, танымдық процестерді дамыту, ақыл-ой және дене еңбегі мәдениетінің элементтерін меңгеру, оқушылардың ғылыми дүниетанымы мен мінез-құлқының негіздерін қалыптастыру, жүзеге асырылатын мұғалім мен жетекшілік ететін оқушылардың жүйелі іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады» деп есептейді.
Үшіншілері, оқыту - бұл «белсенді танымдық іс-әрекет, онда оқушылар мұғалімнің басшылығымен білім, шеберлік пен дағдыларды игереді, өздерінің танымдық күштері мен қабілеттерін дамытады, дүниетанымды қалыптастырады» дейді.
Бұл анықтамаларды салыстырыңыз. Олардың қайсысы оқыту процесінің мәндік белгілерін толық көрсетеді? Сіздің пікіріңіз немен негізделген?
Кейс-тапсырма 2: Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «даму процесінің» әртүрлі анықтамалары бар.
Кейбіреулер даму – бұл адамның өмірі процесінде оның жеке басының мүмкіндіктері мен қасиеттерін айқындайтын және көрсететін адамның табиғи нышандары деп санайды.
Басқалары даму – бұл адамның қасиеттері мен психикалық үдерістерінің сапалы өзгеруі, бір жағынан, оның қоршаған ақиқатты бейнелеу процесін жетілдіруге, ал екінші жағынан оның қызметін қиындатуға және жандандыруға әкеп соқтырады деп санайды.
Үшіншілері, даму – бұл төменгі қалыптардан адамның өмір сүруінің жоғары нысандары мен деңгейлеріне көшумен сипатталатын прогрессивті дәйекті өзгерістер үдерісі дейді.
Сіз жоғарыда келтірілген анықтамалардың қайсысы ең ғылыми тұрғыдан негізделген деп санайсыз және неге?
Кейс-тапсырма 3: Сыныпқа жаңа сынып жетекшісі келді. Ол әрбір оқушының, өткен үш жылдағы құжаттарын мұқият зерттеді. Бұрын өте жақсы сынып бірте-бірте өз үздіктері мен жақсы оқитын оқушыларын жойып алған. Мұғалім - Қабілетті оқушылар қайда жоғалады? – деп ойланып қалады.
Оның байқағаны, сынып оқушыларының 90%-ы күн сайын сабақтардан бірнеше материалдарын оқымайтынын анықтады. Ол бір күнге арналған үй тапсырмасының рұқсат етілген және нақты орындалатын көлемін есептеді. Оның көлемі тым артық болғанын айқындады. Кестедегі «қиын» және «жеңіл» сабақтардың тепе-теңдігіне қол жеткізуге тура келді. Содан кейін оқушылардың «екілерді» алу себептерін анықтады: жоғалған дәптері үшін, ұмытылған сызғыш, сабақ кезінде сөйлеу, мұғалімге сөз қайтару, салғаласу, зейінсіздік.
Өз тәрбиеленушілерімен әңгіме барысында, барлық сабақтарда олардың және пән мұғалімдерінің арасында жағымды, оңтайлы қарым-қатынас қалыптаспайтынын анықтады. Қатысқан сабақтарға талдау жасау барысында, ол келесі қорытынды жасады: мұғалім оқушылармен қарым-қатынаста кейде оның алдында өзі сияқты адами қасиеттерге ие адам (тек жасы мен жағдайына ғана жол басқаша) екенін ұмытады. Бұл туралы ұмыта отырып, мұғалім оқушыларда ашуланатынын, сенімсіздік пен сыйламаушылықты танытулары мүмкін екенін қарастырмайды. Осының бәрі (жазылмаған заңдар бойынша) - мұғалімнің артықшылықтары екенін көрсетеді.
Нақты фактілер жинақталғаннан кейін, сынып жетекші пән мұғалімдерімен жоғары сынып оқушыларының оқу-жаттығуының маңызды себебі ретінде танымдық қызығушылықтың рөлі, жұмысты қалай жүктеуге, қиын тақырыптарға баяндамалар тапсыру керектігін, кітапханаларға баруға мәжбүрлейтін тапсырмалардың қажет екені, оқушылардың оқуға деген жауапкершілігін қалыптастыруда олардың білімін объективті бағалау қандай рөл атқаратыны туралы әңгіме ұйымдастырды. Содан кейінғана жағдай оңдалды.
Сынып жетекшінің, оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру тәсілдерінің ғылыми негіздерін талдаңыз. Ол жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігінің төмендеу себептерін анықтау үшін қандай әдістерді қолданды? Оқу-тәрбие процесіне педагогикалық ғылымды енгізудің мәні неде?
Кейс-тапсырма 4: Балалардың «жақсы жолдас, дос» туралы түсініктерін зерттеу үшін сынып жетекшісі оларға келесі сұрақтарды ұсынды:
Жауаптарды сынып жетекшісі нәтижелік қорытынды алу үшін жинақтады.
Сынып жетекшісі балалардың түсініктерін зерттеуде қандай әдіс қолданылды? Бұл әдістеменің кемшіліктері неде? Мұндай жолмен объективті жағдайды алуға бола ма?
Кейс-тапсырма 5: Жоғары сынып оқушыларының өмірлік ұстанымын анықтау.
Мектептің барлық жоғары сынып оқушыларына «тұлғаның бойындағы жақсы қасиеттер» тақырыбындағы баяндама жасауға қатысу ұсынылды
Ол үшін ооқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынылды. Олардың бір бөлігі ұсынысты аяқтау үшін болды:
* Қазіргі заманғы адамды қандай қасиеттер сипаттайды?
* Қазіргі заманда кімді «тұлға» деп атауға болады?
* Мен адамның бойында келесі қасиеттерді бағалаймын ...
* Өзіңізді заманауи адам деп ойлайсыз ба? Ал өзіңізді тұлға деп санайсызба? Неліктен?
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Кейс-есеп 6.Сыныпқа жаңа қыз келді. Оның тұйықтығы сыныптағы ер балалар тобын жаңадан келгендерді қабылдау дәстүрлерін ұйымдастыруға итермеледі. Олар қыздың сөмкесін тығып қойяды. Бұл әрекеттері сәтті өтіп, мақсатына жетті. Жаңадан келген қыз үзілістен кейін сыныпқа кіріп, сөмкесін таппағасын, оны кім алды деп сұрай бастады.
Сұрақтары мен тапсырмалары:
1.Оқиға орын алған микроортаға баға беріңіз.
Кейс-есеп 7.Математика сабағында мұғалім жаңа тақырып бойынша түсініктер айтып жатты. Серік (өте сезімтал бала болғандықтан), өзінің ұнататын пәнінен тарихтан үштікті алған әсерінен, өзінің сәтсіздігін ойлап, қағаздың бетіне шимайлап, сабаққа қатыспай отырған еді.
- Сен не істеп жатсың? Неге тыңдамай отырсың? – деп мұғалім оған айқайлай түсті. Сен өзіңді кейінгі кезде нашар ұстай бастадың...
-Не болыпты. - Серік оған дөрекі жауап береді.
- Тұр, сен мұғаліммен қалай сөйлесесің?
- Неге, мен ештеңе жасамадым...
- Солай ма? Ал, онда сыныптан шығып кет!
- Шықпаймын...
- Жоқ, шығасың – деген сөзбен мұғалім баланы жағасынан алып, сыныптастарының көзінше есіктен итермелеп жібереді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Мұғалім таңдаған әдістерге психологиялық түсінік беріңіз.
Кейс-есеп 8. «Бастауыш сынып оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру».
Бірінші сынып оқушыларының жетекші мұғалім жұмыс барысында байқағаны балалардың әртүрлі заттары жоғалабастағаны. Бұл жағдай сыныпта мазасыздық тудырды, балалар шағымдар айта бастады, сенімсіздік пен кдіктеушілік атмосферасы қалыптаса бастады. Мұғалім, заттар жоғалудың жолын тоқтату және бөтен балалардың заттарын иемденетін оқушыны табу мақсатында, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдай тудыру керек екендігіне шешім қабылдайды.
Бастауыш сынып оқушылары әдетте мұғалімнің сөздері мен нұсқауларына қатты сенеді, және тыңдайды.
Туындаған жағдайды шешу жолы:
Мұғалім оқушыларға бір сіріңкеден таратып береді, оны бір алақанға салып, басқа алақанмен жабуын сұрады. Содан балаларға өтірік айтқан және басқа оқушылардың заттарын алған баланың сіріңкесі өседі деп ескертеді. Тексеру үшін ол әрқайсысына жақындап, оның сіріңкесін көрсетуді сұрайды. Санжарға жақындап келгенде, оның сіріңкесі сынғанын анықтайды.
Мұғалім Санжарға сіріңкесінің неге сынған сұрақ қойып анықтады. Сонда Санжар: - Мен оның өспеуі үшін сындырдым, - деп жауап берді. Осылай басқалардың заттарын алған бала анықталды. Мұғалім балаға бөтен адамдардың заттарын рұқсатсыз алуға болмайтынын түсіндірді, өйткені ол қалай болсада табылатынын айтты. Содан бері сыныптағы заттар жоғалмайтын болды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Кейс-есеп 9: «Бізді адам ретінде не білдіреді?»
Ұсынылған тізімнен адамға тән қасиеттерді таңдап, оларды сол бағанға, ал жануарларға тән қасиеттерді оң бағанға жазыңыз.
1.Өзін басқа үшін құрбан ете алады.
2.Инстинктіне сәйкес әрекет етеді.
Тапсырма-ойын 10. «Орманда серуендеу».
Тәрбиеші балаларға "Көздеріңізді жұмыңыздар, енді босаңсып көз алдарыңызға орманда серуендегендеріңізді елестетіңіздер. Орманды өте нақтырақ елестетуге тырысыңыздар — онда қандай ағаштар өседі, қандай шөп, гүлдер, жәндіктер, жануарлар, орманда жарық па, қандай мезгілде және уақытта. Онда жол бар ма, немесе сіз жолды өзіңіз жасап өтіп жатырсызба? Және ол жабайы орманба (джунгли) немесе жолсыз тайгама. Содан кейін сіз жерде шыныаяқ табасыз. Оны да барлық ерекшеліктерімен көру керек: ескі немесе жаңа, таза немесе лас, неден жасалған, түсі мен өлшемі.
Қыдыруды жалғастыра отырып, сіз кедергілермен кездесесіз. Бұл қабырға, қоршау немесе шұңқыр болуы мүмкін. Өзіңізді сезімдеріңізді және іс-әрекеттеріңізді нақты елестетіңіз. Содан кейін сіз бір үйде болып қалдыңыз. Ол қандай? Сіз үйге кіріп, мұқият қарап, қалайтын нәрселердің бәрін елестетіңіз: жиһаз, жарықтандыру және т. б. содан кейін сіз үйден шығасыз. Алдыңыздан қасқыршығады. Сіз қандай әрекет жасайсыз? Жағдайдан қалай шығасыз? Қасқыр қашып кетсе, сіз серуендеуді жалғастырасыз... сонымен алдыңызда көл болады. Не істейсіз? Қалағаныңызды жасауға болады. Көлге кіресізбе немесе басқа әрекет жасайсызба? Соңында алдыңыздан ұзын биік қабырғаның тұрғанын көресіз. Қабырғаның көлемінен сізге ешнәрсе көрінбейді. Қандай әрекет жасайсыз».
Ойынға түсініктеме:
1.Орман – бұл қоғам. Орманның жағдайы қоғамда өмір сүруді көрсетеді. Сіздер үшін бұл орман қандай болса, сіз қоршаған ортаны солай көріп қабылдайсыз.
2.Шыныаяқ – сіз өзіңіз, сіздің бейнеңіз. Ол қандай: таза және ашық немесе қара, лас?..
3.Кедергілер және оны қалай жеңгеніңіз - бұл қиындықтарды жеңе білу. Үй және сіз онда істеп жатқан нәрсе - бұл отбасы және отбасылық қатынастар.
4.Қасқыр және сіздің оны қалай жеңгеніңіз - бұл қорқыныш және оны жеңу қабілеті.
5.Қабырға – бұл өлім және оған сіздің көзқарасыңызды білдіретін сурет.
Кейс-тапсырма 11: Оқушыларға 3-4 арнайы бақылау жұмысы ұсынылды. Бірінші бақылау жұмысы әдеттегідей болды, оны орындаған үшін баға журналға қойылады. Оның орындалуы шартты түрде «өзі үшін» деп аталды. Екінші бақылау жұмысы 7-10 күннен кейін берілді, қиындық жағынан біріншісінен айырмашылығы болмағанымен, бағалау журналға әрбір оқушыға қойылмайтын болады, сондықтан жұмысқа аты-жөнін жазбауға болады, оның бағасы сыныптың орташа баллы шығарылады, сондықтан бұл жұмыс шартты түрде «ұжым үшін» деп аталды.
Үшінші бақылау жұмысын оқушыларға таңдау бойынша орындауға мүмкіншілік берілді, «өзі үшін» (жұмысқа аты-жөнін жазып) орындау, онда бағасы журналға қойылады, немесе қалауы бойынша «ұжым үшін» жазады (аты-жөнін жазбай), орташа баллды сыныпқа шығарғанда есепке алынады және журналға қойылмайды.
Төртінші бақылау жұмыс бір мезгілде «өзі және ұжым» үшін орындалады.
Таңдау үшін тапсырмалар беріледі,оның ішінде екі қиын және екі жеңілі беріледі. Шарт бойынша кемінде екеуін орындау қажет. Баға әр тапсырма үшін жеке қойылады. Неғұрлым қиын тапсырма 5 баллға бағаланады, жеңіліне – 4 балл. Жұмысты орындағаннан кейін оқушыларға дөңгелекшемен ұжым үшін орындалған тапсырма нөмірін қоршау ұсынылады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Осы әдістемені сынып жетекшісі қандай мақсатпен пайдалана алады?
2.Оның көмегімен қандай ақпарттарды жинауға болады?
Кейс-тапсырма 12: Ернар кішкентай кезінен өте әсерлі, сезімтал, ойшыл бала болды. Үш жарым жастан барлық әріптерді біліп, төрт жастан кітаптарды оқи бастады. Ешкім оны арнайы оқуға үйретпегенімен, әріптерді ол өзі үйренді. Ернар түрлі мазмұндағы сұрақтарды қойып, тапсырмаларды жасауды жақсы көрді. Балабақшадағы тәрбиешілер бұл ғажайып баланың қабілеттеріне таң қалып, әр-түрлі есептер беруге қызығатын: Ернар, 279 + 567 қанша болады? 438-225 алсаң қанша болады? Ернардың ата-анасын осы жағдай (жылдам дамуы) қобалжытып, олар оны тежеуге тырысты. Шамамен екі ай оның бір де бір сұрағына жауап бермеді. Бірақ Ернар оның нәтижесінде, өз сұрақтарына жауаптарды кітаптардан табуға тырысып, көбірақ оқи бастады.
Ернар мектепке барғанын немқұрайлы қабылдады. Сабақтарға қызығушылық танытпағанымен оларды үнемі уақытылы орындады. Қазір Ернар 3 сыныпта оқиды. Оның қызығушылығы кең ауқымды. Ол жануарлар, жәндіктер, өсімдіктер өмірін зерттейді, химияға қызығады, физикамен әуестенеді, математиканы өте жақсы көреді. Электр схемаларын даярлап, қабылдағышты жинайды, ағылшын тілімен айналыса бастады. Ғылыми журналдарды мұқабадан бастап соңына дейін оқиды. Оның сүйікті ісі математикалық ғажайыптар мен құпия туралы кітаптарды оқу, есептерді шешу. Көркем әдебиеттердің ішінен ол фантастикалық және юмористік шығармаларды ұнатады. Консерваториядағы концерттерден, театрдан оқулықтарды артық көреді. Ернардың мінезі өте ауыр, ол өзін жақсы көреді. Оның достары жоқ.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Баланың дамуында, жеке тұлғасын қалыптастыруында тәрбие қандай рөл атқарады?
Кейс-тапсырма 13. География сабағында картаға барғысы келетіндердің ішінен мұғалім Исаев Тимурды таңдады. Тимур ынталы болғанымен барлық сабақтарға әрдайым жақсы дайындалуға үлгермейді. Ол салмақты, жәйбасар бала.
Оған қойылған сұрақ қиын тәрізді болды: картада Австралияны табу. Тимур оны шақырғанын естігенде, қобалжып, парталардың арасынан әзер өтеді. Мұғалімнің үстеліне келіп, ол өзін кінәлі сезінеді.
Мұғалім Тимурдың қиналғанын байқап, қолын иығына қойып, жәй жақсы даусымен:
- Тимур уайымдама, бәрі жақсы болады. Міне, нұсқау, батылырақ болып баста. Сен оны білесің...
Тимур жәймен картаға барды. Бірақ Шығыс жағының орнына Батыс жағында тоқтап қалды.
Сыныптастары шулап кетті. Мұғалім оқушыларға қарап, достар, адамға кедергі жасамаймыз, деп ескертті. Тимурдың қобалжып тұрғаны күшее түсті.
Басқа мұғалім Ернарға әлде қашан ескерту жасап, екі қояр еді. Бірақ география мұғалімі оқушыларды тыныштандырып, бұндай жағдайлар жиі болатындығын айтып кетті. Бұл тіпті атақты әртістермен болған: адам білгенін, рөлді жатқа біле отырып, олар сахнаға шыққан кезде оны ұмытып қалатын, дайындалғанын айтқысы келгенімен, қобалжудан тоқтап қалады, сонда оларға суфлер деген адамдар көмек көрсеткен. Картаға барып, жақсы ойланайық... Баланы қолынан алып, мұғалім оны Австралия тұрған картаның жағына шығарып, оған:
- Ал енді картадағы материктерді есіңе түсір.
Сол кезде Тимур ойын жинақтап, картаны анық көре бастады. Сонан соң жауап бере бастады.
- Міне, көрдің бе, жақсы! Сен жауап беретіндігіңе күмәнім жоқ еді, деп мақтады.
Тимур қайтадан жауап берді.
- Қазір Австралияны іздейміз. Сен оны қай жақта екенін білесің, қобалжымай, жақсылап қарап, есіңе түсір. Қандай екі бөліктердің бірінде болуы керек, деп сұрақ қойғанында, Тимур осы сөздерден кейін ғана көз алдына барлығын есіне түсіре алдыда, барлығына өзіне сенімді болып жауап берді.
Мұғалім Тимурды бір орыннан қозғалмай жауаптың соңына дейін ықыласпен тыңдады. Мұғалім өзінің қуанышын жасырмады.
Оқушы әңгімесін аяқтаған кезде мұғалім оған келесі сөздерді айтты:
Тимур қуанышты, бақытты болғанын жасырмай, орнына барып отырды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Мұғалім өз тәрбиеленушілерінің жеке қасиеттері дамуына қалай әсер етуі керек?
2.Осы жағдайда мұғалімнің жасаған әрекеттері қандай нәтиже берді?
Кейс-тапсырмасы 14:
Ағылшын тілі сабағы. Мұғалім алдында оның тобы ғана емес, ауырған мұғалімнің тобы да бар. Екінші топтың оқушылары сабақта шулап, өздерін босаңқы ұстап, толық дауысқа сөйлеп, бір бірімен ұрысып, жазбалар лақтырып отырды, мұғалімге дөрекі сөйледі. Әсіресе араларынан бір бала ерекше көзге түсті.
Мұғалім оларға назар аудармауға тырысып, ары қарай сабағын жүргізе берді, балалардың шулағаны тым шектен шыққанда сыныптың соңында отырғандарға директормен ата-аналарын шақыртамын деп қорқытты.
Сабақтағы кезекті тапсырма - мәтінді баяндауды дайындау. Біраз уақыттан кейін мұғалім ең шулы оқушыны сұрап, мәтінді айтуға ұсынады. Бірақ оқушы тек бірінші сөйлемді ғана айта алатынын ескертеді
Мұғалім: «демек, мен саған екі қоямын». Оқушы: «жоқ, бұл жағдайда мен барлық мәтінді айтып бере аламын».
Мұғалім: «Кеш. Бұрынырақ айту керек еді». Оқушы: «Жоқ, мен айтып беремін» деп мұғаліммен ерегесіп отырады.
Осы ерегесу біраз уақытқа дейін жалғасады, нәтижесінде мұғалім оқушыға екі қояды, ал оқушы оны қорқытып, балағаттап, есікті қатты жауып кетеді.
Мұғалім, ештеңе айтпай, сабақты ары қарай жалғастырады.
Бағалау.
Бұл жерде педагогикалық жағдайлардың бірнешесі бар, біріншіден екінші топтың оқушылары мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас баяғыда дұрыс болмағаны анық. Ал соңғы жағдай туралы айтатын болсақ, мұғалім ашуын балалардан алғаны байқалады.
Мұғалімнің осы жағдайдағы іс-әрекеттінің әділетсіздігі, оқушының мінез-құлқына үшін «екі» қоюдың орнына (кем дегенде адал болар еді), оқушыға тіпті түсіндіруге мүмкіндік бермей, мұғалім білімі үшін «екі» қоюды шешті.
Жаза ең болмағанда нақты жағымсыз қылық үшін болған кезде ғана әділ. Мұғалім оқушыға да, сыныпқа да, өзінің әлсіз болған жағдайда, мұғалім екенін пайдалана отырып, басқа жағдайға жетуге қабілетті екенін көрсетті.
Ер бала өзінің осы жағдайда әлсіз екенін сезініп, ренжулі болып, мұғалімді жек көріп, әділетсіздік сезімімен қашып кетті. Бүкіл сынып бұл жағдайдан алған сабағы: кек алу өте қолайлы және бұнда барлық құралдар жақсы.
Болжау.
Мұғалім мен осы оқушының өзара жек көруі одан да артады. Мұндай жағдайлар әрі қарай да қайталанатын болады. Бұл баланың да, бүкіл сыныптың да мұғалімге деген құрметі болмайды.
Шешім.
Мұғалім, егер оқушыны сынап көргісі келсе, мәтінді баяндауды сұрауы керек еді. Оқушы сабағына қатты кедергі келтіріп отырса, оған қиын тапсырма беріп, сабақтың соңында баға қоюға болар еді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Сабақтағы жағдайға педагогикалық-психологиялық талдау беріңіз.
2.Осы жағдайда сіздің тапқан шешіміңізді суреттеп беріңіз.
Кейс-тапсырмасы 15: Сыныптағы бір оқушы, Мирас өте тынымсыз, шыдамсыз... Ол ешқашан мұғалімнің түсінігін тыңдамайды, үнемі сөйлесіп, басқаларды алаңдатады. Онымен не істеу, қалай қызықтыру керек екенін мұғалім көпке дейін білмей жүрді. Сонымен Алма Бейсенгалиевна сабақтан кейін Мирасты дәлізде тоқтатты. - Құпия айтайын, ертең менің сабағымда не болатынын?
Келесі күні Мирас барлық сыныптың таңдануына қолын көтеріп, мұғалімнің сұрағына жауап беріп, барлығына жауап бергеніне қуана барлығына қарап шықты. Ал үзілісте ол Алма Бейсенгалиевнаға жақындап, сәл ұяла сұрады: – Алма Бейсенгалиевна, сіз ертең не жайлы айтасыз? – деп сұрады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Кейс-тапсырмасы 16.
Өткен сенбіде таңқаларлық жағдай болып есте қалды. Көшеде керемет ауа-райы болып, көңіл-күйге керемет әсер етті. Бірақ жағдайды өзгерткен бір баланың қылығы болды. Қасыма жақындап – ағатай маған 200 теңге беріңізші – деп сұранды.
Мен балаға қарап, киімі бүтін, жағдайы да жаман емес екенін байқадым да, одан ақша не үшін керек екнін сұрадым.
-Тыңдашы, саған ақша неге керек болды? – деп сұрақ қойдым.
- Балмұздақ жегім келеді... деген жауапты естідім
Шешу тәсілдері:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Кейс-тапсырма 17:
5 сыныпта шет тілі сабағы. Мұғалім қолын созған оқушыдан мәтінді оқуды сұрайды. Баланың кекештену қасиеті бар еді, Сол қасиеті оны өте мазалайтын, қазіргі жағдайда қобалжығаннан қатты кекештенуі басталды. Сондықтан шамалы қиналып сөздерді оқиямай тұрып қалды.
Мұғалім біраз уақыт күтіп, бала бірінші сөзді қиналып оқымай тұрғанын көріп, – Сен неге оқымай тұрсын, үй жұмысын орындамаған шығарсын – деп, оған айқайлай бастады.
Сыныптағы балалар күлімсіреп, баланы мазақтай бастады, оны естіген оқушы бала одан да қобалжып, қорқа бастайды.
Бағалау
Мұғалімдер дауысын жоғарылатып, оқушыға ешқашан айқаламау керек. Әсіресе осы жағдайда баланың кекештененетін қасиетін біле тұра оның намысына тиіп, айқайлап, оқуға деген қызығушылығын мүлдем жойып жібереді.
Болжау
Кекештенетін оқушы сабақта белсенді болғысы келгенімен, ұялғанынан, қорқанынан, келесі жолы қолын көтермейді. Үйткені ол жауабын созғанынан, ол өзін сәл кінәлі деп санайды.
Сонымен қатар, оған қатысты анық әділетсіздік жіберілгендіктен, бұл мұғалім-оқушы қарым-қатынасына да әсер етеді. Бұл ретте сынып оқушылары мұғалім әділетсіз екенін сезсе де, балаға жақтаспай, оны келемеждеп, осындай қарым-қатынас жасау стилін қалыпты, дұрыс деп қабылдайды. Мұғалім сынып оқушыларына арнайы қажеттіліктері балаларға күліп, оларды мазақтауға жол берсе, олар 7-8 сыныпқа барған жағдайда психикалық жарақаттау алуы мүмкін.
Шешім
Егер мұғалім балаға бірінші сөзді оқуы қиын болғанын байқаған жағдайда, сол сөзді өзі оқыса, бала мәтінді қобалжымай әрі қарай өзі алып кететін еді. Егер мұғалім тыныш болса, оқушы да тыныш және оқуы қиындықсыз, жақсы болар еді.
Кейс-жағдай 18:
Сабақтан кейін бастауыш сынып жетекшісінің қасына қорқа-қорқа жәймен бірінші сынып оқушысы жақындап, оған сұраныс жасайды - Мадина Сарсеновна, маған Спатаева Асельдің телефон номерін беріңізші.
- Махмут, ол саған не үшін керек? – деп, мұғалім сұрақ қояды.
Көзді түсіріп, бала оған сыныптасы ұнайтынын, ал мектепте онымен сөйлесуді ыңғайсыз екенін айтады. Мүмкін телефон арқылы болар? Не істейтінімді білмеймін – дейді.
Бағалау
Жағдай өте қызықты. Бір жағынан, мұғалім ұялшақ балаға көмектескісі келеді, екінші жағынан, қыздың телефонын беру деген, оны ыңғайсыз жағдайға соқтыру дегенді білдіреді, өйткені бұл немен аяқталуы мүмкін екенін білмейді ғой? Мұғалімнің алдында шешімді талап ететін қиын жағдай тұр: балаға көмектесу және қызға ыңғайсыздық тудырмау.
Болжау
Бұл жағдайда ең бастысы қате жасамау. Сұраусыз қыздың телефонын беру дұрыс емес, себебі бұл баланың ата-анасына немесе қызға ұнамауы мүмкін. Баланы осы идеядан назарын арылтып, басқа нәрсеге аудару пайдасыз: егер бала осындай қадамға баруды шешсе мұғалімнің көмегімен немесе онсыздада оны жасайды. Телефонды бермеу де дұрыс емес өйткені баланың мұғалімге деген сенімі жоғалуы мүмкін.
Шешім
Мұғалім осы жағдайда жасай алатын ең жақсы шешім, балаға қыздың телефон номірі жоқ екен деп айту, бірақ оған көмектесуге тырысатынын айту керек. Бұл баланың сізге деген сенімін тудырады, оған телефон қоңырауы туралы идеядан арылуға және достықты байлаудың басқа тәсілдерін ойлап табуға мүмкіндік береді.
Келесі сабақтан бастап оған ұнаған қыздың қасына, кез келген сылтаумен отырғызуға болады (мысалы - ол соңғы партадан нашар көреді, ал қыз жақын отырады). Басқа нұсқадағы бала мен қызға бірлескен оқу тапсырмасын беру, ортақ іске тарту, бұл оларға жақынырақ танысуға, достасуға мүмкіндік береді.
Кейс-тапсырма 19:
Сыныптағы бір оқушы бірінші сабаққа үнемі кешігіп келеді. Бұл бірнеше аптадан бері жалғасып келеді. Мұғалімнің айтқанын тыңдағаннан кейін кешіккен оқушы кешірім сұрап және кешікпеуге уәде береді. Алайда кешігуі жалғасуда.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Кейс-тапсырма 20:
Сыныпта оқушыларіа ұнамайтын бір оқушы бар. Онымен ешкім дерлік араласпайды, оған қоса кейбір балалар оны мазақтап, келекетеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Кейс-тапсырма 21:
Балалардың бірі сабақ үстінде ұялы телефонын алып, онымен ойнай бастады. Мұғалімнің айтқанынан кейін ол оны тығып қойды, бірақ біраздан кейін қайтадан сол әрекетін қайтадан бастады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Кейс-тапсырма 22:
Жақында сіз Нұржанның (13 жаста) әдепті, көңілді баладан тұйық және үндемейтін балаға айналғанын байқадыңыз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Кейс-тапсырма 23:
Мұғалім оқушыға тапсырма береді, ал ол «Мен мұны жасағым келмейді» деп өз қарсылығын білдіреді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Шешімі: Мұғалім оқушыдан неліктен екенін сұрап, ойын тыңдап бұл тапсырманы орындау қажет екеніне көндіруге тырысу қажет.
Кейс-тапсырма 24:
Оқушы оқу үлгеріміне қанағаттанбай, өзінің қабілеттеріне күмәнданып, ақпаратты меңгеріп толықта түсіне алатынына сенбей, мұғалімнен «Қалай ойлайсыз, мен күндердің бір күнінде сыныптастарымнан артта қалмай үздік оқи аламын ба?» - деп сұрайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Шешімі:
Мұғалім оқушының неліктен өзіне сенімсіздік танытатынын білу керек. Қажет болған жағдайда ата-анасымен қосымша әңгіме жүргізу.
Кейс-тапсырма 25:
Оқушы мұғалімге келіп, бұл пәннің (математика) өміріне керек емес және оны оқығысы келмейтінін айтады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Шешімі:
Өмірлік тәжірибеден математиканың керек екенін, қазірге кезде онсыз тіпті аттестатты да алмайтынын түсіндіріп көру керек. Сонымен қатар математика пәнінің мұғалімінің оқушыға деген көз-қарасын білу қажет, бәлкім мұғалімнің жағымсыз қатынасы мен көз-қарасы, баланың осы пәнді оқығысы келмейтініне себеп болар.
Кейс-тапсырма 26:
Оқушы бір пәннен басқа сабақтардан қалмай, жақсы қатысады. Мұғалім неліктен солай жасайтынына сұрағанда «Маған ол пән қызықсыз» деп жауап береді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Баланың пәнге деген көз-қарасы неліктен жағымсыз?
Шешімі:
Біріншіден, оқушымен неге ол пәнге барғысы келмейтінінің шынайы себебін білу үшін сөйлесу керек.
Екіншіден, сынып жетекшісімен және сол пән мұғалімімен әңгімелесу қажет.
Кейс-тапсырма 27:
Оқушы мұғалімге : «Мен тағы да дәптерімді алып келуге ұмытып кетіппін», – дейді.
1.Оқушының осы жағдайда әрекетін қалай бағалар едіңіз?
2.Осындай жағдайлар мектепте жиі кездеседі, осыған қалай жауап берер едіңіз жіне шешімін табу үшін қандай әрекет жасар едіңіз?
Шешімі:
Мұғалімге оқушының үй жұмысын орындамағандықтан, әлде өзінің ұмытшақтығынан дәптерін тастап кеткенін сұрастыру керек. Сонымен қатар ата-аналардан оқушының барлық оқулықтар мен дәптерлерін түгелдеп салуын қадағалауды сұрау керек.
Кейс-тапсырма 28:
7-сынып оқушысы Алияның бойы 171 см болғындықтан ол біраз қиналады. Сыныпта ол бәрінен ұзын. Тақтаға бүкірейіп, иықтарын қысып шығады. Әрбір тақтаға шығу – ол үшін бір азап. Сол себептен, кей кездері жауап беруден бас тартады. Тағы бір кемсітуден гөрі «2» алғына артық еді. Оның санасында үнемі ұлдардың мазақтағаны мен мұғалімнің «Сен неге сонша бүкірейесің?» деген сөздері сақталып қалған. Бір жағынан, оған Серік деген бала ұнайды, ал ол Алиядан 2 есе қысқа. Айна алдында өзіне қарап тұрып, Алия: «Менің қолдарым тіземнен түсіп тұр. Дені сау адамның қолдары осындай бола ма?» дейді. «Оған қоса мойыны да ұзын, жағаны көтеретін болса ештеңе етпейді, онша білінбес. Бірақ бұндай аяқтарды қайда тығасың?».
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Алияға қандай көмек көрсетуге болады?
2.Өзін-өзі тану процесі адамға қалай әсер етеді?
3.Алияның пікірі мен іс-әрекеттері жасөспірімдер жасындағы қандай психологиялық ерекшеліктерге негізделген?
Кейс-тапсырма 29:
Сабақтың басында оқушы өзінің үй жұмысы дәптері партасынан жоғалғанын байқайды. Ол... (Оның бұл жағдайға реакциясы қандай болды және мұғалімге не деп айтты?). Қоңырауда бұл балаға қатарлас сыныпта оқитын қыз келіп:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Кейс-тапсырма 30:
Қызым сабақтан оралды.
Қызым (Қ): - Мені бүгін директордың оқу жөніндегі орынбасары шақыртты.
Анасы (А): - Солай ма?
Қ: - Иә. Алма Рахимжановна сабақта көп сөйлейсің дейді.
А: - Түсінікті.
Қ: - Сол кемпірді жек көремін. Ол ұрысқанда біз қыздармен бір-бірімізге анекдот айтып отырамыз.
А: (қызына басын көтере қарайды)...?
Қ: - Мұғалімдерді таңдамайды. Әрине, оған көнуім керек. Біздің мектепте жаман мұғалімдер жақсы мұғалімдерге қарағанда көбірек, әрқайсысымен дауласа берсем, колледжге түсе алмаймын. Сонда мен өз-өзіме жамандық жасап отырғаным ба?!
(Бұл монолог барысында анасы қызының айтқанына тіл қатпайды).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Анасының іс-әрекетін және оның қызының мұғалімдер мен мектепке деген қарым-қатынасына әсерін түсіндіріңіз.
2.Сіз анасының қызына деген реакциясымен келісесіз бе?
3.Сіз бұндай сөздерге не деп жауап қатар едіңіз?
4.Үнсіздік тәрбие функциясын атқарады ма?
Кейс-тапсырма 31:
Асхаттың сабақ оқымағаны бәріне белгілі. Қаншалықты тырысса да, есіне ештеңе түспеді. Асхат өзіне, ешқандай көмек бере алмаған көршісі Самалға, тарих сабағынан көп тапсырма беретін мұғалімге ашуланып тұрды. Ең соңында, шыдай алмай, ашуланып тұрып мұғалімге сөз қайтарды:
-Тарих не үшін қажет? Түсінбеймін. Атын айтуға тілің келмейтін Тутанхамонның қай жылы билік еткенін білмесем не болады? Физика мен химия – бір мәселе, оларға күшіңді де, уақытыңды да аямайсың.
-Не үшін осының бәрін айттың? – деді Бауыржан қоңырауда, - анаңды әлі мектепке шақырады, көр де тұр.
-Мен шын мәнінде тарихты ұнайтпаймын.
-Ұнамайды оған ... – деп күлді Бауыржан, - мен ұнатады дейсің бе? Ғылым – балмұздақ емес жақсы көретіндей. Оны жақсы көру емес, оқу керек, түсіндің бе? Барып мұғалімнен кешірім сұра. Ашуландым, артық кеттім, кешіріңіз!
- Бірақ мен шынымен тарихты жақсы көрмеймін.
- Мен сені бұның үшін емес, ақымақтығың үшін ұрысып жатырмын. Жақында бізге мінездеме беретінін ұмытпа!
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Асхатпен пен Бауыржанның диалогын талдаңыз.
2.Асхаттыңтәрбиесінде қандай қателіктер жіберілген.
3.Бұл оқиғаның жалғасы қандай болады деп ойлайсыз?
Кейс-тапсырма 32:
13 жастағы Алиманың көруі нашар болғандықтан, үлкен линзалары бар көзілдірік киюіне мәжбүр. Бірақ ол құрдастарының ортасында жүргенде, оны бәрі мазақ етеді, сондықтан ол өзін ыңғайсыз сезінеді.
Шешім:
Ең алдымен сынып жетекшісі Алимаға күліп жүрген оқушылармен әңгіме жүргізу керек. Олардың әрекеттері үшін жауапкершілікке тарту - ата-аналарға олардың балалары сыныптасын қорлайтынын хабарлау. Сабақтан кейін оларды кешірім сұрату үшін қалдыру.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Сіз өзіңіз осы жағдайда қалай ұстар едіңіз?
2.Өзіңіздің нұсқаңызды ұсыныз.
Кейс-тапсырма 33:
Сабақта үй тапсырмасынан ауызша сұрау жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың бірін тақтаға шығарып сұрайды. Мұғалім қосымша сұрақ қояды. Оқушы ойланып тұрған уақытта аудиториядан басқа оқушылардан көмек естіледі.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Кейс-тапсырма 34:
Балалар математикадан күрделі бақылау жұмыстарын жазды. Бақылау жұмысын оқушылардың барлығы, тіпті ең әлсіз оқушылар да «өте жақсы» деген жасады. Алайда мұғалім олардың бір жерден көшіріп алғандарына сенімді. Бірақ оны дәлелдеу үшін ешқандай көріністерін байқаған жоқ.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Кейс-тапсырма 35:
Асылбек – өте ақылды бала. Ол есептерді жақсы ешешді,бірақ тақтада ауызша үзіліспен жауап беріп,сұрақтарға тура жауап беруден қашады.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Мұғалімнің көзқарасы бойынша жағдаятты талдаңыз.
2.Сыныпта ұқсас жағдай орын алса,сіз пән мұғалім болсаңыз қалай жасар едіңіз?
3.Бұл мәселенің шешімін қалай дұрыс тапқан жөн?
Кейс-тапсырма 36: Мұғалім сабақта үй жұмысын ауызша сұрай бастады. Бір оқушыны тақтаға шығарып сабақтың тапсырмасына жауап беруді құранды. Сұрау барысында мұғалім оқушыға қосымша сұрақ қойды. Оқушы ойланып қалды. Осы мезетте сыныптан бір оқушы көмектесіп жауабын айтып қойғанын мұғалім де естіп қояды.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Мұғалімнің көзқарасы бойынша жағдаятты талдаңыз.
2.Сыныпта ұқсас жағдай орын алса, сіз пән мұғалім болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
3.Бұл мәселенің шешімін қалай дұрыс тапқан жөн?
4.Осы сияқты оқушымен қандай әдіс-тәсілдерді қолданып жұмыс жүргізген тиімді?
Кейс-тапсырма 37: Сыныпта химия пәнінен бақылау жұмысы жүріп жатыр. Оқушылар тапсырмаларды орынадауға кірісті. Сабақтың жартысы өтті. Мұғалім, оқушыларды бақылай келе, кей балалардың «үздік» оқитындардан көшіріп жатқанын байқады. Тіпті өздері дәптерін бөлісіп жатқандары да бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Мұғалімнің көзқарасы бойынша жағдаятты талдаңыз.
2.Сыныпта ұқсас жағдай орын алса, сіз пән мұғалім болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
3.Бұл мәселенің шешімін қалай дұрыс тапқан жөн?
4.Сынып оқушыларымен қандай жұмыс жүргізілу керек?
Кейс-тапсырма 38: 5 сыныптағы бір оқушы сөмкесінен кәмпиттер алып шығып, ешкіммен бөліспей, өзі жей бастады. Басқа балалар көріп, бөлісуін сұранды. Бірақ, оқушы ешкіммен бөліскісі келмейтінін, кәмпиттерді өзінің жегісі келетінін айтты. Осыған балалар «сараңсың» деп айтып, мүлдем бұл оқушымен араласпай кетті.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Мұғалімнің, баланың және сынып оқушыларының әрекеттерін талдаңыз.
2.Сыныпта ұқсас жағдай орын алса, сіз пән мұғалім болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
3.Бұл мәселенің шешімін қалай дұрыс тапқан жөн?