Дәріс мақсаты: Студенттерге психологиялық көмек беру барысындағы бағыттар жайында түсінік қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
2.1. Психологиялық кеңес берудегі бағыттар
2.1.1. Психологиялық кеңес берудегі психоаналитикалық теориялар
2.1.3. Гуманистік бағыт. К. Роджерстің клиентке – орталықтанған бағыт терапиясы
2.1.4. Психологиялық кеңес беруде экзистенциалды бағыт
2.1.5. Индивидуалды психология
2 нші бөлім бойынша ұсынылатын әдебиеттер
2.1. Психологиялық кеңес берудегі бағыттар
2.1.1. Психологиялық кеңес берудегі психоаналитикалық теориялар
Психологиялық көмек көрсету тәжірибиесінің тарихында психоаналитикалық бағыт алғашқы болды. Ол XIX ғасырдың соңында пайда болып, ХХ ғасырдың басынан-ақ танымал болып, өрістей бастады. 1950-ші жылдардың соңына дейін клиникалық психология мен психотерапияда, тіпті психиатрияда да психоанализ жалғыз ғана ықпалды бағыт болды. Психоаналитикалық бағыт австриялық психиатр Зигмунд Фрейдтің психоанализімен бастау алады. Қазір аталмыш бағыттың пайда болған модификациялары А.Адлер, Э.Эриксон, Э.Фромм, К.Хорни, К.Юнг, В.Рейх, Ж.Лакан, Э.Бордин және т.б. еңбектерінде анықталған. Сонымен қатар, Э.Берннің транзактілі анализі, Р.Перлздің гештальттерапиясы, А.Лоувеннің биэнергетикасы сияқты танымал бағыттар Фрейдтің классикалық теориясынан бастау алады.
З.Фрейд концепциясы жеке адам құрылымындағы санасыз әрекеттерге қатысты екені белгілі. Психоаналиктер санасыздық ұғымы арқылы адам өмірінің небір күрделі де қақтығысты жақтарын сипаттайды. Сондықтан, адамды іштей билеп алып, санасыз қылықтар жағына ығыстырылған, түс көру, сандырақтау, ырықсыз қозғалу, бір ойларды аңғармай айтып қалу сияқты құбылыстарды зерттеу – психоанализдің басты міндеттері.
Психоаналитикалық тұрғыдағы кеңес беру клиенттің нақты бір өзекті мәселесіне қатысты бола бермейтін, санасыз қылықтармен, шешімдермен байқалатын өзекті жағдайлардағы типтік ерекшеліктермен байланысты жан ауыруының бастапқы, әлдеқайда жалпыланған, ортақ себептерін аңғаруға шоғырланады. Кеңес берудің психоаналитикалық моделі тұрақты тұлғалық қасиеттер тым ерте шақта қалыптасады, сондықтан санасыз үрдістердің түп-тамыры клиенттің балалық тәжірибесінде деп қарастырылады. Бұл тұрғы бойынша ересек адамның мінез-құлқының, жүріс-тұрысының әр түрлі варианттарында балалық стереотиптер қайталанып, жаңғыртылып отырады. Сонымен қатар маңызды, бірақ санасыз шешім қабылдауда жеткіншек кезеңнің де ерекшеліктері, адамның өзіне және ортасына жаңа шешімдер мәжбүр ететін дағдарыстар ролі адамның басқа да өмір фазасында бола беретіндігі жоққа шығарылмайды (Эриксон, 1968,1985)[1]. Бірақ фрейдизм бойынша адам өмірі осы шақпен емес, өткен шақпен анықталады.
Кеңес берудің психоналитикалық моделі бойынша клиент психикасының ішкі динамикасы: оның әр түрлі саналы және санамен аңғаруға болмайтын қажеттіліктері мен мінез-құлық, жүріс-тұрыс мотивтерінің, ортаның қоятын талаптары арасындағы күрестер; оның психологиялық қорғаныс механизмдері, типтік көріністер мен қарсыласу сипаттары қарастырылады; бұлардың бір-бірімен байланысы тағайындалып барып, адамның балалық тәжірибесімен байланыстырылады.
З.Фрейд теориясы адам дамуындағы дағдарыстық кезеңдерді қарастырады [1]. Психолог клиенттің осы дағдарыстар мазмұнымен жұмыс жүргізеді де, оның түсіну, саналы түрде сезіну деңгейіне жағдай жасайды.
Психоанализ бойынша адам үнемі өз-өзімен іштей қақтығыстық жағдайда болады, ал оның себебі өзі саналы түрде аңғармаған ниеттерден, мотивтерден және қанағаттандырылмаған қажеттіліктерден шығады. Психодинамикалық теория позициясынан кеңес жүргізетін психолог, клиентті өзінің санасыз әрекеттерін саналы түрде аңғаратындай, оларға әсер ете алатындай дәрежеге жеткізуге ұмтылады. Тек сонда ғана психологиялық көмек көрсетудегі мақсат орындаладыдеп саналады.
Динамикалық психотерапияға сәйкес, адам табиғатын және оның ауруларын түсінуде, барлық психикалық феномендер - бұл интрапсихикалық күштердің өзара әрекеттестігінің және күресінің нәтижесі болып табылатындығы негізгі болып келеді. Фрейд инстинкттер шиеленісі теориясына сәйкес невроздардың пайда болуына қатысатын осы күрестегі негізгі күштерді бейнелеген: «Адам инстинктивті өмірдің талаптары мен оларға қарсыласудың арасындағы интрапсихикалық шиеленістің нәтижесінде ауырады. Ол невроздар этиологиясының табиғатын сексуалды» деп есептеген [2].
Психоаналитикалық бағыттың құрамына алты негізгі қағида енеді:
1) адамның инстинктілік импульстері, олардың көрінуі мен трансформациясы басты мәнге ие және жағымсыз ойларды, тілектерді ауыр сезімдерден немесе бастан өткерулерден және сананың әсер етуінен қашуға көмектесетін оларды басу да аса маңызды болып келеді;
2) бұндай басудың мәні сексуалды болатындығына, бұзылыстардың себебі дұрыс емес либидолық немесе психосексуалды даму болып табылатындығына сену;
3) дұрыс емес психосексуалды дамудың тамыры алыс өткен шақта, балалық конфликтілерде немесе зақымдарда жатқандығы идеясы, бұл әсіресе ата-ана жынысы бойынша қарама-қайшы классикалық тілегінде көрінетін ата-аналық эдиптік комплекске қатысты;
4) эдиптік комплексті анықтауға қарсыласуға, оның тез қайта қалпына келуіне сенімділік;
5) негізінен біз биологиялық ішкі импульстар (немесе инстинкттер - Ид) мен сыртқы шынайылыққа қатысты қорғаныс рөлін атқаратын Эго-ның – жалпы контекстіде моральдық ережелердің немесе стандарттардың (Супер-Эго) арасындағы күреспен жұмыс жасап отырмыз деген ой;
6) психикалық детерминизм немесе себеп-салдарлық тұжырымды ұстану, оған сәйкес жүріс-тұрыс сияқты, психикалық феномендер де, сөзсіз, кездейсоқ өзгермейді, олар өздерінің алдындағы оқиғалармен байланысты және егер олар саналы болмаса, қайталауға еріксіз негіз болып табылады.
Динамикалық бағыт басым жағдайларда құрамына пациенттің еркін ассоциациялары мен психотерапевттің ауыстыру және қарсыласу реакцияларын талдауы енетін вербализацияның құралдарымен жүзеге асырылады.
Психоаналитикадағыкілттік, анықтаушы түсініктері мыналар болып табылады: еркін ассоциациялар, ауыстыру және интерпритация.
Классикалық анализдік техниканың құрамына мыналар енеді, пациентпен күнделікті (аптасына 5 рет) кездесу, оны арнайы төсекке жатқызу, әртүрлі кеңестер беруден, дәрі-дәрмектер жазып беруден аулақ болу, оның өмірін басқаруға тырыспау, айтылғандарды интерпритациялармен шектеу және еркін ассоциациялардың негізгі ережелерін орындау бойынша инструкция жүргізу. Психоанализді ұзақ мерзімді, интенсивті, интерпритациялық психотерапия ретінде сипаттауға болады.
Еркін ассоциациялар техникасы үш болжамға негізделген: барлық ойлар мәнді нәрсеге бағытталған; пациенттің психотерапияға деген қажеттігі мен оны емдеп жатқандығының мәні оның ассоциацияларын мәнділік бағытында алып жүреді,қарсыласу әрекет ететін жағдайлардан басқаларында. Қарсыласу өзін еркін ассоциация жасау мүмкін емес болғанда сеанстар кезінде көрсетеді. Психоаналитиктің нұсқаулығына сәйкес пациент «негізгі ережені» орындауы тиіс, яғни өз ойларын жаңылмастан хабарлап отыруы қажет және сол уақытта зейін салуға тырыспауы керек.
Талдаудың екінші кілттік түсінігі ауыстыру,пациентке психоаналитикке өзінің өмірінде бұрын әрекет еткен фигуралар туындатқан сезімдерін, ойлары мен қиялдарын және т.б. беруге көмектесетін үрдіс болып табылады. Ауыстырудың арқасында пациент псиоаналитикке басқа адамның, әдетте бұрын болған объектінің мәнділігін білдіреді. Ауыстырудың рөлін алғаш сипаттап, талқылаған Фрейд, оны истерия туралы жұмысында ұсынған.
Юнг бойынша, адамның психикалық болмысының құрылымына екі түбегейлі сала енеді – сана және психикалық бейсаналылық. Юнг санада бағдарлардың экзопсихикалық және эндопсихикалық қызметтерін ажыратқан. Ол сананың экзопсихикалық қызметтеріне сезім мүшелері арқылы алынған сыртқы факторлармен жұмыс жасайтын бағдарлар жүйесін жатқызған; эндопсихикалыққа – сана мазмұны мен бейсаналылықтағы үрдістердің арасындағы байланыстар жүйесін жатқызған. Экзопсихикалық қызметтерге мыналар жатады: 1) түйсік, 2) ойлау, 3) сезім, 4) интуиция. Юнг экзопсихикалық қызметтердің бір-біріне бағынуларының заңдылығын анықтаған: ойлау қызметі басым болғанда сезім қызметі бағынышты болады, түйсік басым болғанда интуиция бағынышты болады, және керісінше. Басым функциялар әрқашанда дифференциацияланған, біз оларда «өркениеттіміз» және таңдау еркіндігіне болжамдық ие боламыз. Бағынышты функциялар, керісінше, тұлғадағы архаикалықпен, бақылаусыздықпен ассоциацияланады.
Экзопсихикалық функциялар психикалықтың саналы сферасын жоққа шығармайды; оның эндопсихикалық қырына мыналар жатады: 1) есте сақтау, 2) саналы функциялардың субъективті компоненттері; 3) аффектілер, 4) инвазиялар, немесе басып кіру. Есте сақтау бейсаналылықты қайта өндіруге, сана астына енген – бастырылған немесе лақтырып тасталынған нәрселермен байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Субъективті компоненттер, аффектілер, басып кірулер эндопсихикалық функцияларға берілген рөлді үлкен дәрежеде атқарады – бейсаналы мазмұнның сана бетіне жетуіне көмектесетін құрал болып табылады.
Тікелей бақылауға келмейтін психикалықтың бейсаналы сферасы сананың табалдырығынан өтетін өз өнімдерінде көрінеді, оларды Юнг 2 классқа бөлген. Біріншісіне терең тұлғалық негізден шыққан танылатын материал жатады. Юнг мазмұндардың бұл классын адамның тұлғасын бүтін ретінде ұйымдастыратын элементтерден тұратын сана астындағы ақыл немесе тұлғалық бейсаналылық деп атады [3].Бұл мазмұндар жеке психикалық болмыстың қасиеттерін емес, қандай да бір жалпы бүтін ретіндегі бүкіл адамзаттың қасиетін көрсететін типке жатады, және ол табиғаты бойынша ұжымдық болып табылады. Осы ұжымдық паттерндерді, немесе типтерді, немесе үлгілерді Юнг архетиптер деп атаған. Архетиптер – адамдардың белгілі бір болған жағдай немесе нәрсеге деген қабылдаулары, сезімдері және реакциялары алғышарт болып табылатын туа біткен идеялар мен есте қалулар. Ал шынында болса, олар – сол қызметтегі есте қалулар мен образдар емес, көбінесе алғышарт болып табылатын факторлар екен. Осы факторлардың әсерінен адам өз қылық-әркетінде белгілі бір объектіге не жағдайға деген қабылдауы, ойлауы және әрекеітнің әмбебап моделін жасайды. Туа біткен болып мұнда нақты ситуациялардағы эмоционалды, когнитивті және қылық-әрекетік реакциялар тенденциясы болып табылады – мысалы, ата-анамен, сүйікті адаммен, белгісіз адаммен, жылан немесе өліммен күтпеген кездесу кезінде [4].
Ақырында, Юнг жеке тұлғаның құрылымындағы аса терең деңгей бар екені туралы ой қозғады, оны ұжымдық санасыздық деп атады. Ұжымдық санасыздық дегеніміз – біздің адам тәріздес ата-бабамыздың және бүкіл адамзат есіндегі латенттік іздердің сақталынған орны[5].Ұжымдық санасыздықта адамдарға жалпы және біздің эмоционалды өткеніміздің нәтижесі болып табылатын ойлар мен сезімдер бейнеленген. Юнг әрбір архетип сәйкес объекті мен ситуациялар қабылдауындағы белгілі бір ой мен сезім типінің көрінісі тенденциясымен байланысқан деп санаған. Архетиптік образдар мен идеялар түс көру кезінде жиі кездеседі, сонымен қоса олардың сурет салу, әдебиет және дін салаларында символдар түрінде кездесетіні аз емес. Әр түрлі мәдениетке тән символдардың керемет ұқсастығы байқалады, себебі олар адамзатқа жалпы архетиптерге тірледеі. Юнг архетиптік символдарды түсіну оған пациеттің түстерінің анализін жасауға септігін тигізеді деп санаған.Осылайша, ұжымдық санасыздық мазмұны тұқымқуалаушылық арқылы жасалынып, бүкіл адамзатқа бірдей. Ұжымдық санасыздық концепциясы Юнг пен Фрейд арасындағы айырмашылықтың негізгі себебі болып табылады.
Юнг бейсаналылық сферасына қол жеткізу үшін 3 түрлі әдіс ұсынған: сөздік ассоциациялар әдісі, түстерді талдау және белсенді қиял әдісі. Бейсаналықтың тереңдеріне ену жазылуға алып келеді.
Негізгі еңбектері: «Метаморфоздар мен либидо символдары» (1913)[2], «Психологиялық типтер» (1921)[3], «Естеліктер, түс көрулер, ойлар» (1961)[4].
Эго-бағыттылық.Юнгтің психологияға енгізген ең белгілі жаңалығы болып, оның басты екі бағыт немесе өмірлік ұстанымды жасап шығаруы жатады: экстраверсия және интроверсия. Юнг теориясына сәйкес, аталған бағдарлаудың екеуі де адамдарда бір уақытта өмір сүреді, бірақ біреуі басым болады.
Экстраверттік ұстанымда сыртқы әлемге (басқа адамдарға және заттарға) деген қызығушылық бағыты көрінеді. Экстраверт үнемі қозғалыста, ашық болады, қарым-қатынастарды тез жасайды, сыртқы факторлар ол үшін итеруші күш болып табылады.
Интроверт, керісінше, өз ойлары, сезімі мен тәжірибесінің ішкі әлеміне кіріп кеткендей. Ол бақылаушы, ұстамды, жалғыздыққа ұмтылады, объектіден алыстауы мүмкін, оның қызығушылықтары өз-өзіне бағытталған. Юнгіге сәйкес, таза түрде экстраверттік және интроверттік ұстаным болмайды. Көбінесе олардың екеуі де болады және олар бір-біріне оппозициялы қатынаста болады: егер де біреуі басым және рационалды болса, екіншісі көмекші және рационалды болып табылады.
Психологиялық функциялар.
Юнг экстраверт және интроверт концепцияларын жасап шығарғаннан кейін адамдардың әлемге деген қатынасын әлі де түсіну жеткіліксіз деген қорытындыға келді. Сондықтан ол өз типологиясын кеңейтіп, психологиялық функцияларды қосты. Ол белгілеген 4 негізгі функциялар – бұл ойлау, түйсік, сезім және интуиция.
Ойлау мен сезімді Юнг рационалды функциялар қатарына жатқызды, себебі олар өмірлік тәжірибе туралы түсініктерді құруға қатысады. Ойланатын тип белгілі бір заттың құндылығы туралы логика мен аргументтерді пайдалана түсінеді. Ал ойлауға қарама-қарсы функция – сезім – бізді шындық туралы ұнамды және ұнамсыз эмоциялар тіліндехабарлайды.
Қарама-қарсы функциялардың екінші тобы – түйсік пен интуицияны Юнг иррационалды деп атады, себебі ол пассивті түрде сыртқы (түйсік) немесе ішкі (интуиция) әлемдегі болып жатқан организмдерді тіркеп, оларды бағаламайды және олардың мағынасын түсіндірмейді. Түйсік сыртқы әлемнің тікелей, бағаланбайтын реалды қабылдау көрінісі болып табылады. Керісінше, интуиция болып жатқан тәжірибенің санасыз түрде қабылдаумен сипатталады.
Әрбір адам барлық осы психологиялық 4 функциямен бөленген. Бірақ жеке тұлға бағдарлауының (экстраверсия және интроверсия) біреуінің басымдылығы саналы болатындай, рационалды-иррационалды топтың ішіндегі бір функциясы ғана басым болады [6]. Ал басқа функциялар санасыздық сипатта болып, адам қылық-әрекетінің регуляциясында көмекші роль атқарады. Функциялардың әрқайсысы басым болуы мүмкін.
Жеке тұлға дамуы.
Юнг жеке тұлға дамуын динамикалық процесс, бүкіл өмір бойындағы эволюция ретінде қарастырған. Ол балалық шақтағы әлеуметтендіру туралы ештеңе айтқан жоқ. Юнгтің көзқарасы бойынша, адам әрдайым жаңа дағдыларға ие болады, жаңа мақсаттарға жетеді және өзін толықтай реализациялайды.
Юнгке сәйкес ақырғы өмірлік мақсат – бұл «Меннің» толықтай реализациясы, яғни қайталанбас және толық индивидуумның қалыптасуы. Әрбір адам дамуы бұл бағытта қайталанбайды, ол өмір бойы созылып, индивидуация атты процесте болады. Индивидуация - өзара қарама-қарсы әрекеттес жеке тұлғалық ішкі күштер мен тенденциялар интеграциясының динамикасының және эволюциясының процесі. Өзінің ақырғы көрінісінде индивидуация адамның қайталанбас психикалық шындығының саналы реализациясын, толықтай дамуын және жеке тұлғаның өзегі болып, көптеген қарама-қарсы қасиеттерді теңестіреді. Индивидуацияның жүзеге асырылуының қорытындысы болып өзін-өзі реализациялау жатады.
Психоаналитикалық бағытты қорытындылай келе, Фрейдтің теориясынан шеттеліп, Юнг біздің жеке тұлға құрылымы және мазмұны туралы түсінігімізді байытты. Оның ұжымдық санасыздық және архетиптер туралы концепциясы түсінуге қиын және эмпирикалық тексеруге жатпаса да, ол көп адамдарды қызықтырады [7].
Бекіту сұрақтары:
1. Психологиялық кеңес берудегі- психоаналитикалық бағытттың пайда болу тарихына тоқталыңыз.
2. Фрейд ілімін жан- жақты қарастырыңыз.
4. Психоанализдің әдіснамалық статусы және психоаналитикалық терапияның шеңберіндегі кеңес беру мәселесіне тоқталыңыз.
5. Консультацияның психоналитикалық моделі бойынша клиент психикасының ішкі динамикасын сипаттаңыз.
6. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техникаларды және процедураларды (еркін ассоциациялар, түс көру, қарсыласу және тасымалдау) қолдану жолдарын түсіндіріңіз.
7. Психоанализдік кеңес беру барысында психолог- кеңесші білуі қажет жағдайларды атаңыз?
8. Фрейд теориясы дамуындағы дағдарыстық кезеңдерді тереңірек талдаңыз.
9. Фрейд теориясындағы инстинкттер шиеленісі.
10. Психоаналитикалық бағыттқа тән алты қағиданы сипаттаңыз.
11. Психоаналитикадағы негізгі түсініктер.
12. Еркін ассоциациялар техникасының болжамдарына тоқталыңыз.
13. Экзопсихикалық және эндопсихикалық қызметтер айырмашылығын түсіндіріңіз.
14. Юнг бойынша психоаналитикадағы негізгі түсініктерге талдау жасаңыз ( тұлғалық бейсаналық, архетип, ұжымдық санасыздық).
15. Юнгтің негізгі еңбектеріне қысқаша түсінік беріңіз.
16. Юнг теориясына сәйкес экстраверсия және интроверсия.
[1]Erikson, E. H. Childhood and society. (2-nd ed.) N.Y.: Norton. 1963.-439p.
[2]Юнг К. Г. Архетип и символ. — Москва, 1991. — 304 с.
[3]Юнг К. Г. Психологические типы. — М.—СПб.: Прогресс-Универс, 1995. — 718 с.
[4]Юнг К. Г. Воспоминания, сновидения, размышления. — Минск: ООО Харвест, 2003. — 496 с.
2.1.2. Мінез-құлықтық бағыт
Бихевиористік теорияның таралуына Э.Ч.Толмен[1], К.Л.Халл, А.Эллис және т.б. өз үлестерін қосқан. Б.Скиннер еңбектерінен бастау алады.
Бихевиористердің пікірі бойынша сананы, оның мазмұны мен қызметін емес, объективті түрде байқауға келетін, ортаға бейімделуге бағытталатын мінез-құлықты қарастыру керек. Психолог-бихевиористер жеке адамның құрылымдық компоненттерінен бұрын, функционалдық компоненттеріне басты назар аударады [8].
Бихевиористік теория мен тәжірибенің жалпы кеңес беру жұмысының мазмұнына сәйкес келетін жақтары жоқ емес. Бихевиоризм бағыты ХХ ғасырда танымал болды. Ол Д.Уотсон және тұрғыдағы психотерапия мен консультациялау барысында клиенттерге үйрету принциптері қолданылады. Ол үшін психолог клиентпен бірлесе отырып, клиенттің мінез-құлқын өзгертуге белсенді қадамдар жасайды[9].
Бихевиористік теорияға негізделген психологиялық көмек мынадай негізгі жасаушылардан тұрады:
1. Психолог пен клиент арасындағы қатынас;
2. Мінез-құлықты операционизациялау арқылы мәселені анықтау;
3. Функционалды талдау арқылы мәселенің астарын, контекстін түсіну;
4. Клиент үшін әлеуметтік маңызы жоғары мақсаттарды, мінез-құлықты тағайындау.
Бұлардың әрқайсысына Г.С.Абрамованың [10] бергенқысқаша түсініктемесі бихевиористік тұрғыдағы психологиялық көмектің мазмұнын ашуға ықпалын тигізеді:
1. Психолог-бихевиорист клиенттің белсенділігін арттыру мақсатымен оған қатысты өзі құрған жоспармен таныстырады.
2. Психолог-бихевиорист клиенттің мінез-құлқы мен қылықтарының анық та айшықты көріністерін негізге алып талдау жасайды.Талдау клиенттің не істейтінін және өзін қалай ұстайтындығын, өмір жағдайларын нақтылауды негізге алады.
3. Мінез-құлықты операционизациялау мақсаты түсініксіз ұғымдарды объективті, байқалатын әрекетке айналдыру болып табылады.
Функционалды талдау қылықты туғызған оқиғаларды, қылықтың өзін және оның салдарын, басқаша айтқанда, нәтижесінде зерттеуді білдіреді. Осылайша оқиғалар тізбегінен клиенттің міінез-құлқын анықтайтын себеп-салдарлы байланыстар ашылады. Клиент үшін әлеуметтік маңызы жоғары мақсаттарды тағайындауда клиенттің өз қатысы болуы қажет.
Ал, бихевиористік тұрғыдағы психотерапия мен кеңес берудің жалпы схемасы төмендегідей жасалынған (Вольпе,1983)[2]:
1. Тарту-клиенттің психологиялық көмекті қажетсінуі, одан үміттеніп отырған пайдасы зерттеледі, клиентпен бірлесе талданады, клиенттің жағдайды толық сипаттауына стимул жасалады, мысалы, ашық сұрақ беру, құптап отыру және т.с.с.
2. Мәселеге басты назар аудару – клиент мәселесінің арасынан оның бағалауы бойынша аса маңыздыларын бөліп алу, олардың приоритетін анықтау.
3. Мәселемен жұмыс- бір мәселе алынып, ол нақты бір жағдайға қатысты, толығымен тәптіштелініп, қарастырылады; осы нақты жағдайға келетіндей мінез-құлық альтернативалары мен клиенттің басқа мінез-құлыққа, сезімге қалауы, ниет-тілегі зерттелінеді.
4. Когнитивтік принциптерге үйрету-клиентті өз ойларына басқаша қарау дағдыларына үйрету.
5. Дауласу, өзін көрсету – жағдайда жайлы ойлаудың жаңаша тәсілдерін келтіру; анықталып қалған қате, жалған ойлар мен сенімге альтернативті ойлар іздестіру.
6. Клиентті өз-өзіне қарсы келу дағдысына үйрету-клиенттің өз ойлары мен сенімдерін тексеруге бағытталған өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Үй тапсырмасын таңдау мен ұйымдастыру – кеңес берушімен кездесуден тыс уақыттарда клиенттің мақсатқа сәйкес жұмыс жасауын қолдау.
8. Қорытынды жасау – мінез-құлықтағы болған өзгерістерді сақтау мақсатымен клиентті өзіндік терапия мен өз-өзінен реттей алуға үйрету.
Бихевиористік талдау адамның нақты әрекеттері мен қылықтарына назар аудару болып табылады. Психолог- бихевиорист клиенттің әрекеттеріне басты назар аударады да, оның осы әрекеттер жайлы ойларын ескермейді.
Клиент мәселесін толығымен, дөп басып, анықтап алған соң, психолог оны шешу жолдары мен даяр шешімдер вариантын ұсынады.
Психолог-бихевиорист клиентпен жұмысында мінез-құлықты өзгеретін, жаңалайтын көптеген техникаларды қолданады. Ең танымал техникаға табандылық көрсете білуге жаттықтыру жатады. Соның нәтижесінде клиенттер дәрменсіздік, жасықтық сияқты өмірде көп мәселеге себепші болатын жағымсыз қасиеттерден арыла алады[11].
Клиентті табандылық көрсете білуге жаттықтыру жұмысының негізгі әдістері сұхбат және рольдік ойындар болып табылады. Сұхбат психологтің ашық және жабық сұрақтары мен клиенттің оларға жауап беруін құрайды. Рольдік ойындар психолог директивасы арқылы бағытталынып отырады. Табандылық көрсете білуге жаттықтыруда қолданылатын сұхбат, рольдік ойындар нәтижесі клиенттен белгілі бір шешім қабылдауды қажет етеді. Шешім қабылдау клиент міндеті болғанымен, қабылданатын шешімдер альтернативасын, немесе бірнеше варианттарын психолог клиент таңдауына даярлап ұсынады [12].
Клиент мінез-құлқын өзгерту жұмысында психолог табандылыққа жаттықтырумен қатар, реалаксацияға жаттықтыру жұмыстарын да ұйымдастырады. Клиентті терең релаксация жасай алуға үйрету мен мақсат-бағдарлы түрде мазасыздықты, фобияларды төмендету жұмыстары аталмыш жаттықтырудың процедурасы болып табылады.
Психолог-бихевиорист клиентпен бірлесе отырып, релаксациялық жаттығулар фонында:
1) оның қорғаныштарының иерархиясын құрады,
2) клиентті мазасыздық жағдайда душар еткізетін объектілерді құрастырылған қорғаныштар иерархиясымен байланыстырады.
Клиенттің мінез-құлқын өзгертуге бағытталған әдістерге мінез - құлықты модельдеу мен клиенттің ниетін құптап, мадақтау, қолпаштау да жатады.
Бекіту сұрақтары:
1. Мінез- құлықтық бағыттың пайда болуына себепші ғалымдарды атаңыз?
2. Психолог-бихевиористер баса назар аударатын жағдай?
3. Бихевиоризмнің негізгі өкілдері.
4. Бихевиористік теорияға негізделген психологиялық көмектерді атаңыз.
5. Г.С.Абрамова бойынша бихевиористік тұрғыдағы психологиялық көмектің мазмұны қандай болмақ?
6. Бихевиористік тұрғыдағы психотерапия мен консультациялаудың жалпы схемасын Вольпе пікірі бойынша талдаңыз.
7. Психолог-бихевиорист клиентпен жұмыс барысында қолданатын басты техникаларын атаңыз?
8. Клиенттің мінез-құлқын өзгертуге бағытталған әдістерге не жатады?
9. Когнитивті-бихевиоралды көзқарастарды А. Эллис, А. Бек теориялары негізінде қарастырыңыз.
10. Бихевиористік бағытта қандай өзекті мәселелер қарастырылады?
[1] Tolman E. C. Behavior and Psychological Man: Essays in Motivation and Learning. — University of California Press, 1958. — 286 p.
[2] Н. А. Аминов, М. В. Молоканов // Вопросы психологии. - № 1. - 1992. - С. 74-83. .... Вольпе, Д. На пути к созданию научной психотерапии
2.1.3. Гуманистік бағыт. К. Роджерстің клиентке – орталықтанған бағыт терапиясы
Психологиядағы ірі бағыттардың бірі - гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Карл Густав Юнг, Альфред Адлер, Карен Хорни т.б. ғалымдармен қоса алғаш болып Фрейдтің психодинамикалық теориясын қайта қарастырып, К.Роджерс өзінің тәуелсіз концепциясын жасап шығарды [13].Осыдан біз оны персонологиядағы гуманистік бағыттың бастаушысы дейміз.А.Маслоу зерттеулерінде де адам іс-әрекетінің, мінез-құлқының қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу.
Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқы қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге асыруы тиіс.
Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның өзіндік үлесі зор. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты.
Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт бойынша екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық» американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, екіншісі: «мотивациялық», өкілі А.Маслоу. Осы екі бағыттың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақ ғылыми тұжырымдар біріктіреді.
Гуманистік бағыт бойынша адам өзінің табиғатында жақсы және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты тұрақты дамуға шығармашылыққа, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады.
Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі – ол индивидтің тұтастығы.Бұл бағыт бойынша әр адамды уникалды ұйымдасқан тұтас жүйе ретінде қарастыру қажет. Уникалды – ешқашан қайталанып келмейтін деген сөз.Адамның ішкі табиғатында позитивті өсу мен өзін-өзі жетілдіру потенциялы бар.Шығармашылық потенциал адамның неғұрлым универсалды сипаты,барлық адамға тән.
Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін-өзі өзектендіру адамды зерттеу керек дейді.
Гуманистік психологияның сипаттамасы:
- Кең және тұтастық перспектива яғни адам тұтастай алғанда, оның тұтастығын қарастыру. Басқаларға қарағанда маңызды нәрселер жоқ: ойлар, дене, эмоциялар, рухани орта; барлық осы аспектілер өзара әрекеттеседі және біріктіріледі. Олар адамға кім екенін білуге мүмкіндік береді.
- Адамның өмірін адамның жеке контекстінде ғана мүмкін етеді. Сондықтан адамдармен қарым-қатынас контекст пен қоршаған ортаны ескермеуді ұмытпай, адамның жеке орындауы үшін өте маңызды және қажет.
- Адам өз шешімдерін қабылдай алады, жауапкершілікті өз мойнына алу, өз ресурстарын дамыту және пайдалану сияқты тұжырымдар басым болады.
Гуманистік психология адамға оның жалпы көрінісінде, оны біріктіреді Адамды құрайтын барлық аспектілер маңызды.
Гуманистік психологияның негізін қалаушы, американдық гуманистік теориялардың бір өкілі, психолог – К.Роджерс ұзақ мерзімді клиникалық зерттеу жұмыстары нәтижесінде өзінің феноменологиялық теориясын және осы теорияға сүйенген “клиентке орталықтанған бағыт терапиясын” қалыптастырды.
К.Роджерс бойынша, адам – табиғаты бойынша конструктивтік, реалистік және белгілі бір мақсаттар мен өзіндік жетілдіруге ұмтылған белсенді тіршілік иесі. К.Роджерс, сондай-ақ, реструктивті-аномалды импульсивті мінез-құлық реакцияларын мойындайды, бірақ мұндай реакциялар тұлғаның шын мәніндегі ішкі табиғатына сәйкес болмаған жағдайларда көрінеді деп есептеген. Тұлғаның жүріс-тұрысы, оның субьективті қабылдауы мен танымы терминологияларын да түсіне аламыз. Тұлғаның мұндай ішкі жүйесі сыртқы жүріс-тұрысын анықтауда негізгі рөл атқарады.
К.Роджерс бойынша, әр адам әр құбылысты субьективті қабылдайды және әр құбылысқа субьективті реакция көрсетеді, яғни осы субьективті тәжірибе Роджерстің феноменологиялық теориясының негізгі тезисі болып табылады.
Феноменологиялық психологияның негізгі тұжырымы бойынша, феномендердің психологиялық шындығы субьективті қабылдауға сүйенеді, шын мәніндегі шындық - бұл ағза қабылдауының және интерпритацияның шындығы. Тұлға өміріндегі негізгі мотив – ол өзіндік жандандыру тенденциясы, ағзаның барлық қабілеттерін дамытып қана қоймай, тұлға дамуы мен тұтастығын да қамтамасыз етіп отырады. Осы фундаменталды тенденция К.Роджерс қалыптастырған бір ғана негізгі мотивациялық конструктор болып табылады.
1930-1940 жжаралығында американдық психолог К.Роджерс (1902—1987)[1] кеңес берушілікке және психотерапияға деген жаңа, директивті емес көзқарас дамыған бірқатар еңбектер жариялады. 1940 жылдың басында К.Роджерс оған «клиентке орталықтанған» деген атау берді.К.Роджерс өзінің психотерапевтік тәжірибе ортасына клиентті жеке тұлға ретінде қойды. К.Роджерс ұстанымы бастапқыдан онымен адамға деген терең сыйластық, оның қабілетінің барына деген сенім, бұл оң жеке тұлға өзгерістер шарттары айқындалып көрінетін психолог пен клиент арасындағы қатынастар болып құрылатын негізгі болжамы бар зерттеу болып жарияланды [14].
К.Роджерс тұжырымдамасының негізгі ұғымдары:
1. Эмпатия — толығымен «негізгі сөздер МЕН-СЕН» арқылы берілетін ұғым. Бұл клиенттің тікелей оң жеке қатынасы және оның феноменологиялық әлемді қабылдау арқылы қабылданып түсіндірілетін психологтың клиентке деген қатынасы.
2. Қамқорлық — клиенттің қандай да болсын күйінде актуальды жағдайына айқындалған дайындықпен көмекке келу және жеке тұлғалық клиент әлеуетін көру болашағымен қабылдау.
3. Конгруэнттілік — сезімдер мен пікірлер мазмұны арасындағы сәйкестік; мінез-құлықтың бір беттілігі.
4. Психологиялық климат — тұжырымдамадағы негізгі ұғымдардың бірі, себебі онда терапевттік қатынастар жиналған, кәсіби (олар жеке тұлғалық) білік пен қасиеттер 5. психотерапиядағы тұлғаның оң өсуінің (өзгерісі) басты шарты болып қарастырылады.
5. Өзіндік (self)— тұжырымдамадағы орталық ұғым. Бұл ішкі қатынастар жүйесі.
Роджерс адамның өмірі мен дамуындағы шешуші рөлі ретінде МЕН-тұжырымдаманы жатқызады, яғни оның өзін-өзі туралы көрінісі. Дәл сол МЕН-тұжырымдамасы(өзін-өзі туралы көрінісі) кез келген жағдайда адам мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтайды
Негізгі мақсаты — адамға «тұтас әрекет ететін тұлға» болуға көмектесу. Ең басынан адам мәселелеріне емес, оның өзіне, оның «МЕН» дегеніне көңіл аударылады. Сондықтан психотерапияның басты мақсаты — жеке тұлға өсуінде, дамуындағы көмек, осының арқасында адам мәселелерді өзі шеше алатындығын жеткізеді.
Клиентке бағытталуда жиі қолданылатын тәсілдер:
1. Вербализация. Кеңес беруші клиенттің айтқан сөздерін жиі қайталайды. Бұл клиенттің өз сөздеріне, өзіне назар аударуы үшін қажет.
2. Клиенттің қабылдауды сезетіндей кеңес берушінің үн қатпауы. Егер де кеңес беруші клиентті қабылдаса, клиентте өзін қабылдайды.
3. Эмоцияларды акценттеу. Клиенттің назары әрдайым өзінің және өзгелердің эмоцияларына аударылады. Бұл эмоцияларға назар аудару арқылы терең қажеттіліктерге мән беруге болады.
Психолог – кеңес берушінің рөлі— қандай да болсын рөлді ойнаудан бас тартып, өзін-өзі болуға тырысу. Психолог – кеңес берушінің басты кәсіби міндеті — тиісті психологиялық климатты құру, онда клиенттің өзі қорғаныс механизмдерінен бас тартушы еді. Сонымен бірге терапевт толығымен психотерапевт рөлінен шеттеліп, қатынас жасау мен терминдердің кәсіби әдеттерінен өзінің қарапайым және табиғи сезімдер мен ойларын білдіруге көшу керек. Клиент тек қарапайым жолдастық қатынасты ғана емес, сонымен қатар терапевттің ой-пікірлердің моральдық бағалауынан толық босауын және клиент мінез-құлқын, яғни әңгімелесушінің өзін-өзі шын көрсетуін сезінуі маңызды.
Кеңес берушілік үдерістің жеті кезеңі жіктеледі:
1. Ішкі қарым-қатынастың оқшаулануы (МЕН+хабарлама немесе жеке тұлғалық мағыналардың хабарламасы жоқ, мәселенің бары теріске шығарылады, өзгеріске деген тілек жоқ );
2. Өз ойын білдіре алу (клиент қабылдау атмосферасында өзінің барлық шектеулері мен салдарымен өз сезімдерін, мәселелерін ашуға бастайды).
3-4. Өзін-өзі ашу және жалпы күрделілікпен, қарама-қайшылықпен, шектеумен және аяқталмағандықпен өзін клиент ретінде қабылдау үдерісінің дамуы.
5. Феноменологиялық әлемге өзіндікке сияқты жатқызу үдерісі болады, — өзінің «МЕН» дегенінен жатсынушылық жойылады, және нәтижесі ретінде өзін-өзі болуға деген қажеттілік артады.
6. Конгруэнттілік, өзі қабылдаушылық және жауапкершілік дамиды, еркін ішкі қарым-қатынас, орнығады, «МЕН» мінез-құлқы мен өзін-өзі сезіну органикалық, сыртық әсерсіз болады. Жалпы жеке тұлғалық тәжірибенің бірыңғай тұтастыққа интегралдануы болады.
7. Жеке тұлғалық өзгерістер сатысы, өзінің әлем ішінде ашылуы, психолог енді керексіз болады, психотерапевтикалық жұмыстың негізгі мақсатына жеттік — өзімен және әлеммен конгруэнттілік жағдайда болу, жаңа тәжірибеге деген ашықтық және “МЕН+шынайы” және “МЕН+идеалды” арасындағы шынайы теңгерім.
8. Жеке тұлғалық-орталық кеңес беру белгілі бір әдістемелерге сүйенбейді және клиенттер қызығушылығындағы кез келген әрекеттерді жасауды меңземейді, Роджерс «кеңес беру тиімділігі ең алдымен кеңес беруші мен клиенттің жеке өзара әрекеттесу сапасымен анықталады» деп есептеген. Жеке тұлғалық-орталықтанған кеңес беру кезінде клиенттермен бірге кеңес берушілердің де ойлары және сезімдерінің маңызы зор.
Бекіту сұрақтары:
1. Гуманистік бағыттың негізгі өкілдері.
2. К.Роджерс тұжырымдамасы бойынша негізгі ұғымдарды атаңыз?
3. Гуманистік бағыттың негізгі мақсаты.
4. К. Роджерстің клиентке – бағытталған терапиясында жиі қолданылатын тәсілдерді қарастырыңыз?
5. Гуманистік бағыттағы психолог- кеңесшінің роліне тоқталыңыз.
6. Гуманистік бағытқа сипаттама беріңіз?
7. Гуманистік бағытта қандай өзекті мәселелер қарастырылады.
[1]"Истории психологии в автобиографиях" [Rogers, 1967, Volume 5, pp. 341-384].
2.1.4. Психологиялық кеңес беруде экзистенциалды бағыт
«Экзистенция» сөзі («тіршілік») лат. existere – бөліну, көріну дегенді білдіреді. Тіршілік ету-статистикалық процесс емес, ол динамикалық тұрақтанумен байланысты. Адам өзінің тіршілік барысында: өлім, бостандық, оқшаулау, сандырақтықпен кездеседі. Олар адамға қатынасты динамикалық функция орындайды – оның жеке тұлғаның дамуын, кездесулерін тудырады. Бірақ та олармен кездесу ауыр, сондықтан адамдар олардан сақтану керек, олар иллюзиялықмәселелердің шешілуіне ғана әкеледі [15]. Осындай жағдайлармен бетпе-бет келгенде, адамдар конструктивті және деструктивті даму жолдарды таңдауы мүмкін. Конструктивті жол - қорқынышқа қарамастан адамдар осындай тәжірибеге қиялдануға мүмкіндік береді, осыдан басқа жағдай туындауы, тыныштық, продуктивті функциялау болады. Әрқашан да басынан өткізе жеке тұлғасының конструктивті дамуы невротик қылдырады. Деструктивті жол – осы негіздерден психологиялық қорғаудың көп сандық түрлері.
Осы қатынас негізінде клиентпен жұмыстың маңызды мақсаты: мұнда клиентке деструктивті жолдан конструктивті жолға көшуіне көмек көрсету. Кеңес берушілер клиенттеріне психологиялық қорғау механизмдерін адекватты емес түрін жекелеуге көмектеседі.
Экзистенцианалды қатынаста клиенттер экстрималды жағдай болған кезде қолданылады, қандай да бір экзистенцианалды мәселемен байланысты: өлім, жұмысындағы өтпелі кезеңдер, маңызды шешімдер қабылдаумен, оқшаулаумен байланысты.
Тіршілік етудің негіздерін: экзистенцианалды дағдарыс және олармен байланысты қорқыныштарды қарастырайық.
1. Өлім.Бұл қорқыныш, барлығына таныс және нақтылықты қажет етпейді.
2. Бостандық.Адамдар көптеген уақыт бойы дәстүрлі жүйеде өмір сүрген, ол кезде таңдау болмаған. Жаңа заман адамға таңдау мүмкіндігін береді, бірақ көптеген адамдар таңдауға дайын емес. Олар нені және қалай таңдарын білмейді, өз таңдауларына жауапкершіліктерін сезінбейді, ерік-жігері көтере алмайды, қалауды білмейді, шешім қабылдай алмайды.
3. Оқшаулау.Барлық әлемде дәстүрлі жалпы байланыс бұзылулары болып жатыр және өзіндік сана даму мәселелерінен адамдар өздерін оқшаулауға тиіс. «Мен» сезімінің пайда болу қаупімен байланысты. Бірақ адам табиғаты осындай оқшаулау дискомфорт сезімін тудырады. Альтернативті оқшаулау жалпы – қарым – қатынасқа түсу, өзінің ішкі сезімінің қаупіне қарамастан, өзінің ішкі сезімі дамуын анықтайды.
Адамдарда «сандырақтық» ұғымының сезімінің болмауы.Бұрында адамдар ұғымдарды іздемеді, өйткені оны дайын түрінде қабылдады. Қазіргі өмір таңдауды іздеуді талап етеді, әйтпесе сандырақтық сезімінде қаласың деген тұжырымдармен байланысты[16].Урбанизация осы фактор әсерін қысқартты. Бұл сонымен қоса, адам өзінің тіршілігіне мән бермейді дегенді білдіреді. Қорқыныштан екі деструктивті тәсілді анықтайды, экзистенциалды уайыммен байланысты.
1. Жай, қорқыныштан тәуелсіз жұмыс істейтін Мысалы, проекция, мойындамау.
2. Спецификалық әр төрт экзистенцианалды уайымнан мәдениет мақсатымен байланысты.
И. Ялом және Р. Мэйдің клиентпен жұмыстың экзистенцианалды қатынас принциптері мен әдістерінН.В.Клюеваның зерттеулерінен кең түрде қарастыруға болады [17].
Экзистенциалды бағыттың негізгі ұстанымы түңіліп келген клиаенттерге өмірдің бағалы екендігін сезіндіру, жақындарымен терең қарым-қатынаста ғана өмірдің қадірі болатындығын жеткізе білу.
Бекіту сұрақтары:
1. Психологиялық кеңес берудегі «экзистенция» сөзінің мағынасын ашып көрсетіңіз?
2. Конструктивті және деструктивті даму жолдарын талдаңыз.
3. Экзистенциалды бағыттағы психолог- кеңесшінің роліне тоқталыңыз.
4. Экзистенцианалды дағдарыс және олармен байланысты қорқыныштарды қарастырыңыз.
5. Экзистенциалды бағыттағы негізгі ұғымдарды атаңыз.
6. Клиентпен жұмыс барысындағы экзистенцианалды қатынас принциптері мен әдістері (И. Ялом және Р. Мэй бойынша).
7. Экзистенциалды бағыттағы негізгі жұмыс тәсілдері.
2.1.5. Индивидуалды психология
Адлер өз теориясына «Индивидуалды психология» деген атау берді, себебі латынша «individuum», «бөлінбейтін» - яғни бөлуге болмайтын ағзаны білдіреді. Индивидуум өзінен ми мен дене арасындағы қатынастағы, сондай-ақ психикалық өмір қатынасындағыдай бөлінбейтін бүтін ретінде көрсетеді. Адлердің пайымдауынша, индивидуалды психологияға деген басты талап бұл бірлікті әрбір индивидумде: оның ойлауында, сезімдерінде, әрекеттерінде, тұлғаның әрбір көрінуінде дәлелдеуден тұрады. Өзара келісетін және бүтін тұлға құрылымын Адлер өмір стилі деп анықтайды. Адлер ұсынған индивидуалды психология адамды, оның айрықша өмірлік жолының қайталанбастығын түсінуге жасалған ірі қадам болды[1].
Индивидуалды психологияның құрамына мынадай түсініктер енеді: өмірлік мақсаттар, өмір стильі, апперцепция сызбасы, қоғамдық сезімі және оған байланысты әлеуметтік кооперацияға деген қажеттілік, өздік. Адлер адамның жүріс-тұрысын осы шақта мотивтендіретін, оны болашақта дамуға және тілектерінің орындалуына қол жеткізуге бағдарлайтын өмірлік мақсаттар оның өткен тәжірибесінен тамырланған, ал осы шақта қауіп-қатер, қорғансыздық сезімдерінің өзектенуінің көмегімен пайда болады деп есептеген[2].Әрбір индивидумның өмірлік мақсаты оның жеке тәжірибесінен, құндылықтарынан, қатынастарынан, тұлғаның өзінің ерекшеліктерінен қалыптасады. Көптеген өмірлік мақсаттар ерте балалық шақта қалыптасқан және белгілі-бір жағдайға дейін саналанбайды. Адлердің өзі, оның дәрігер кәсібін таңдауына бала кезіндегі жиі ауруы және оған байланысты өлім қорқыныштарының әсер еткендігін айтады [18].
Аддлер жеке тұлға теориясының басты мақсаты – терапевтер үшін үнемді және пайдалы бағыттаушы ретінде қызмет атқару деп есептеді. Ол Фрейдке қарағанда, жеке тұлғаның өте үнемді теориясын құрды, барлық теориялық құрылымның негізінде қосымша концепциялар мен принициптердің шектеулі көлемі жатыр. Соңғыларын, бірнеше бөлімге бөлуге болады:
1. Кемшілік және конпенсация сезімі.Кемшілік комплексі және оның ағымдары. Адлер кемшілік сезімі өз бастамасын балалық шақтан алады. Ол мұны келесі жолмен түсіндіреді: бала тәуелділіктің ұзақ кезеңін өтеді, бұл кезде ол өте әлсіз және өмір сүру үшін ата-аналарға сүйенуі керек. Адлердің тұжырымдауынша, жетістікке ұмтылу адам өміріндегі негізгі мотивациялық күш пайда болады. Кемшілік сезімі әртүрлі себептермен кейбір адамдарда қатты асқынып кетеді. Нәтижесінде кемшілік комплексі - өзінің әлсіздігін асыра сілтеу сезімі пайда болады. Адлер балалық кезде сезінетін қиналудың үш түрін ажыратады: дене мүшелерінің кемшілігі, аса өбектеу және ата-аналар тарапынан теріс айналу. 1-ден, туғаннан физикалық кемшілігі бар балаларда психологиялық кемшілік сезімі дамуы мүмкін. Екінші жағынан, ата-аналары қатты еркелететін балалар өз қабілеттеріне сенімсіз болып өседі. 3-ден ата – анлардың теріс айналуынан балалрада кемшілік сезімі өзінің қажетсіз екендігінен сезіну себебінен туындайды. Көріп отырғанымыздай, балалық шақтағы әрбір қиналулардың үш түрінен ересек шақта невроздың пайда болуында маңызды роль атқаруы мүмкін.
Алайда, индивидуалды кемшілік сезімі пайда болғанға жауап ретінде, гиперконпенсация пайда болуы мүмкін және осылайша, Адлер айтқан жетістік комплексі дамиды. Бұл комплекс өзінің физикалық, интеллектуалды немесе әлеуметтік қабілеттерін асыра сілтеу тенденциясында көрінеді. Кез келген жағдайда гиперкомпенсация тәсілі өзімен тұрақты кемшілік сезімін жеңумен ұмтылуды асыра сілтеуді көрсетеді. Сәйкесінше, жетістік кемшілігіне ие адам, әдетте, мақтаншақ, еркөкірек, эгоцентритті көрінеді.
2. Жетістікке ұмтылу.Адлер өмірінің соңғы жылдарында жетістікк ұмтылу адам өмірінің фундаментальды заңы болып табылады: бұл «адам өмірін онсыз елестету мүмкін емес». Адлер айтқандай, жетістікке ұмтылу туа пайда болған және бірақ біз одан бас тарта алмаймыз, себебі, бұл ұмтылу өмірдің өзі болып табылады.
3. Өмір стилі. Өмір стиліне сәйкес келетін, төрт адлерлік қағидалар типі:
Басқарушы тип. Өз-өзіне сенімді және қуатты адамдар. Олар белсенді, бірақ әлеуметтік жағынан емес. Жас заң бұзушылар мен нашақорлар – Адлер бойынша басқарушы типке жататын, адамдардың екі мысалы.
Алушы тип. Аты көрсетіп тұрғандай, мұндай қағидасы бар адамдар сыртқы әлемге паразитті және өз қажеттіліктерінің көпшілігін басқаларының есебінен қанағаттандырады. Оларда әлеуметтік қызығушылық жоқ. Олардың өмірдегі басты мақсаты – басқалардан көп алу.
Қалушы тип. Бұл адамдарда өз мәселелерін шешуге қажетті әлеуметтік қызығушылық, белсенділік те жоқ. Олардың мақсаты өмірдегі барлық мәселелерден қашу болып табылады және сондықтан да олар сәтсіздік мүмкіндіктерін болжайтынның барлығынан қашады.
Әлеуметтік – пайдалы тип. Адамдардың бұл типі – Адлер көзқарастарының жүйесіндегі жетілу. Мұнда әлеуметтік қызығушылық пен белсенділіктің жоғарғы деңгейі біріккен көмек көрсетеді және олармен қарым- қатынас жасауға қызығады.Ол үш негізгі өмірлік міндеттеді, жұмысты, достықты және махаббатты – әлеуметтік мәселелер ретінде қабылдайды. Бұл типке жататын адам бұл өмірлік міндеттерді шешу серіктестікті, жеке қажырлықты және басқаларға көмектесуді талап ететінін сезінеді.
4. Әлеуметтік қызығушылық.Адлердің индивидуалды психологияда шешуші мәнге ие тағы бір концепция – бұл әлеуметтік қызығушылық. Әлеуметтік қызығушылық концепциясы адамдардың әлеуметтік жандар екендерін сезінуді кқрсетеді және біз өзімізді терең түсінгіміз келсе, онда біздің басқа адамдармен қатынасымызды кең – әлеуметтік – мәдени контекстте қарастыруымыз керектігін бейнелейді.Әлеуметтік қызығушылық әлеуметтік ортада дамиды. Басқа адамдар – ең алдымен ана, ал кейін отбасының басқа мүшелері оның даму процесін жетілдіреді.
5. Шығармашылық «Мен».Шығармашылық «Мен» концепциясы адлерлік теорияның басты құраушы, оның персонолог ретіндегі жоғарғы жетістігі болып табылады. Адлердің айтуы бойынша, өмір стилі тұлғаның шығармашылық қабілеттері әсерінен қалыптасады. Басқаша айтқанда, әрбір адамның өзінің өмір стилін еркін құруға мүмкіндігі бар. Адамдар кім болғандарына және өздерін қалай ұстауларына өздері жауапты. Бұл шығармашылық күш адам өмірінің мақсатына жауап береді, бұл мақсатқа жету әдісін анықтайды және әлеуметтік қызығушылықтың дамуына септігін тигізеді. Осы шығармашылық күш қабылдауға, есті сақтауға, қиялға және түске әсер етеді. Ол әрбір адамдарды еркін индивидум етеді.
6. Өмірге келу реттілігі.Адлер бойынша баланың отбасында өмірге келу реттілігі шешуші мәнге ие:
Жалғыз бала. Адлер теориясы бойынша отибасындағы баланың жағдайы өте жақсы, бәсекелестер жоқ. Ата-анасының шамадан тыс қамқорлығы мен сезімталдығы нәтижесінде, ол басқалардан да сондай қамқорлықты күтеді. Мұндай өмір стилі эгоцентризмді тудырады. Ол психо-эмоционалдық, әлеуметтік, материалдық жағдайы бойынша отбасында ешкіммен бөліспейтіндіктен есейе келе қиыншылықтарға соқтыруы да мүмкін
Тұңғыш бала. Ол әзірше, отбасындағы жалғыз бала. Оған психологиялық және әлеуметтік жағынан көп көңіл бөлінеді.Өйткені ата- ана бірінші балаға өте алаңдап, жауапкершілікпен қарайды. Адлерге сәйкес бірінші баланың жағдайын ол отбасында жалғыз болғанға дейіін қызығарлық деп есептеуге болады. Бірінші ата-аналарынан шексіз махаббат пен қамқорлықты алады. Бірақ, бұл жағдай келесі баланың өмірге келгенінен дейін ғана болады. Бұл жағдай баланың жағдайын және оның өмірге деген көзқарасын күрделі өзгертеді.Адлер өмірге екінші бала келгенде «бірінші бала тағынан түседі» деген теория айтады.Үлкен бала кіші бауыры немесе сіңілісі ата-ананың мейірімділігіне ие болғанын көргенде, өз орнын қайтарып алғысы келеді. Біртіндеп бала ата- анасының өзінен де маңызды шаруалары бар екендігін түсінеді және өзінің жаман мінез – құлқын жөндеуде ата- ана билік ететіндігін байқайды. Нәтижесінде, тұңғыш бала басқалардың қадағалауын күтпей өзін- өзі тәрбиелей бастайды. Мұндай күресте бірінші бала оңаша қалуға үйренеді және жалғыз өмір сүру стратегиясын меңгереді. Адлер болжағандай, үлкен бала отбасында, әдетте, консервативті, билікке ұмтылады және жетекшілікке жақын.Сондықтанда ол отбасылық қағидалар мен моральдық ұстанымдардың сақтаушысы болады.
Екінші (ортаңғы) бала.Екінші баланың даму деңгейіне үлкен ағасы немесе әпкесінің болуы ықпал береді. Себебі, екінші бала үлкен сиблингтің жетістіктерінен асып түсуге итермелейді. Осының көмегімен, оның даму деңгейі үлкен балаға қарағанда аса жоғары болмақ. Нәтижесінде екінші бала бәсекеге ұмтылушы болып өседі. Сонымен, ортаңғы балаға жетістікке ұмтылу тән.Адлер сипаттауынша ол үнемі өзін жарыста жүргендей сезінеді, олардан асып кету, өзіне басқалардың көп көңіл бөлуі үшін алға ұмтылады.
Соңғы (кенже) бала.Кенже баланың жағдайы барлық жағынан жақсы болады. Ол «тағынан» түспейді, отбасындағы ерке баланы тек ата-анасы емес, аға-апайлары да еркелетіп, қамқорлыққа алады. Ол, көп жағдайда отбасы мүшелерінің қолданатын заттарын пайдаланады.Оны үстінен үнемі қадағалап отыратындар көп болғанымен, оның мотивациясы өте жоғары болады, нәтижесінде керемет музыкант,спортшы, оқымысты болуы да мүмкін.
Индивидуалды психологиядағы психотерапиялық үрдістің даму сызбасы мынадай: 1) эмпатиялардың, қайрымдылықтың, қолдаудың көмегімен пациентпен байланысқа ену; 2) пациенттің емдеудің сәтті болуына жауапкершілігін қалыптастыру; 3) пациенттің өмірлік стильді және өздік мәселелерін когнитивті саналау; 4) эмоциялық әсерлену және бұрын саналанбаған сезімдік тәжірибеге кездесу; 5) жаңа тәжірибені шынайылықта тексеру. Негізгі еңбектері: «Индивидуалды психологияның практикасы мен теориясы» (1927), «Өмір ғылымы» (1929), «Өмір бейнесі» (1930), «Өмірдің мәні» (1931).
Бекіту сұрақтары:
1. Индивидуалды психологияның көрнекті өкілдеріне тоқталыңыз?
2. Индивидуалды психологияның негізгі тұжырымдары кең түрде сипаттаңыз?
3. Индивидуалды психологиядағы психотерапиялық үрдістің даму сызбасын талдаңыз?
4. А.Адлердің негізгі еңбектеріне талдау жасаңыз?
5. Гуманистік бағыттың қарастыратын негізгі мәселелері?
[1] Адлер А. Понять природу человека. СПб.: Академический проект, 2000. 254 с.
[2] Адлер А. Практика и теория индивидуальной психологии. М., 1995.
2.1.6. Гештальт терапия
Гештальт-терапияәлемдік тәжірибелік психологиядағы кеңінен танымал және тиімді бағыт. Адамгершілік психология түрлерінің бірі болып табылатын гештальт-терапиясы жеке тұлғаның дені сау психологиялық ұстанымының күшеюіне, тұлғалық сана-сезімнің кеңеюіне бағытталған және анық көрінетін қызметтік бағыттылығы бар. Көптеген бағыттар мен тәжірибелік психология мектептер түйісуінде пайда болған гештальт-терапиясы тәжірибелік психология мектептерінің ең таралған және қол жетімді мектептерінің бірі болды.
Ф.Перлз, бағыттың негізін қалаушы бастапқыдан науқас қоғамда дені сау тұлғаның өмірмен күресу мәселесін қойды. Сондықтан гештальт-терапияның көп қырлы техникасы жеке тұлғаның психологиялық көмегін қамтамасыз етуге, адамның оның өткен және болашақтағы ауырлықтан босауына және оның «МЕНІНІҢ» »қазіргі» жеке тұлғалық өмірінің бай өзгеріске толы әлемге қайтуына бағытталған. Пёрлз ерте балалық естеліктердегі фрейділік «қопаруларды» қате және тиімсіз деп санап, классикалық психоталдаудан бас тартты. Перлз адамға және оның психологиялық мәселелеріне өткен өмірдің (тіпті ертедегі естеліктер), сондай-ақ ең алдымен осы күнгі және белгілі мөлшерде күтілетін оқиғалар әсер етеді деп санады [19].
Гештальт сөзі неміс тілінен тұтас бейне, сондай-ақ құрылым деп те аударылады. Гештальтпсихология, гештальт-терапия сияқты, психология тұлғаның жеке бөлшектерімен, оқшауланған психикалық үдерістермен, психологиялық әсер ету факторларымен айналыспай, оларды бірыңғай кешенде және өзара байланыста қарастыру керек деген тұжырымдамадан шығады[20].
Батыста гештальт-терапия кәсіби емес психотерапевттер арасында неғұрлым кең таралған болып табылды. Оны психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар қысқа мерзімде ғана игеріп алады.
Негізгі ұғымдар[1]:
Осында және қазір.«Сені өткен немесе болашақ емес, бүгінгі күн толғантсын». “Осында өмір сүр”. Қолыңда жоқпен емес, барымен жұмыс жаса.
Пішін және фон. Перлзтұтастай қабылдау мүмкіндігін, клиентке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекеттесу есебін нақтылай отыра, осы тұтас суретте пішін мен фонды бөліп көрсеткен. Осындай кешенді көзқарас неғұрлым объективті бағалауға көмектеседі және гештальт элементтерінің әрқайсысы, оның ішіндегі кемшілік болып табылатыны да, кешенде психикалық бейімделудің маңызды факторы және басқа элементтердің өзара әрекеті болуы мүмкін.
Ақыл-ойдың кеңеюі.Бұл терминпсихотерапияның басқа да түрлерінде кең таралды, тіпті филисофия мен педагогикада.Оның мәні клиентке шешілмейтін жағдаятты басқа қырынан (немесе әр түрлі жақтардан), сонымен қатар одан шығу жолын көруге мүмкіндік туғызу болып табылады. Неғұрлым кең мағынада ақыл-ойдың кеңеюі адамның өз өміріне және өмірдегі өз-өзіне тұтастай басқаша қарауға, кедергілерді төтеп беру жолдарын ғана емес, сонымен бірге толық өзін-өзі іске асыру мүмкіндігін көруге жағдай туғызады.
Қарама-қарсылықтармен жұмыс. Келесі қағида - қарама-қарсылықтармен жұмыс. Біздің қабылдау қалыптармен «кірленген».
Сезімдердің амбиваленттілігі.Бұл кез келген психикалық дені сау адамның қалыпты қасиеті, мәселен, қызғанышта біз бір мезгілде жақсы көреміз және жек көреміз.Дәл сондай балалардың ата-анасына, ата-аналардың балаларына, ағалары мен сіңлілері қатынастарында және т.б. кездесе алады.
Аяқталмаған іс— гештальт-терапияда жеке тұлғаны өзертіп, жаңа қақтығыстар тудырып, оның актуальды мінез-құлыққа әсер ететін кідіртілген сезімдер айқындалады. «Аяқталмаған іс» тұжырымдамасына сәйкес әрекет етілмеген эмоциялар болып жатқанды актуальды тану үдерісіне кедергі келтіреді.
Қашқақтау — «аяқталмаған істің» қандай да болмасын жағымсыз күйзелісінің мойындау және қабылдаудан бас тарту тәсілдерімен байланысты мінез-құлықтың ерекшеліктері айқындалатын ұғым.
Жүйкенің төзу деңгейлері — Ф.Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф.Перлз бойынша психологиялық есеюге жету үшін жүйке төзуының бес қабатын алып тастау керек деген:
1) жалған рөльдік мінез-құлық қабаты (әдеттегі стереотиптер, ойындар, рөльдер;
2) қалыптар қабаты, онда клиент өзінің аурушаң күйзелістерімен кездесуден қашуға тырысады;
3) «тұйық және ашыну» қабаты — өзіндік жеке шарасыздық күйзелісімен байланысты сәттер;
4) өзіндік «МЕН» оңай кіру қабаты (адам ренжіген сәттерде өз табандылығын сынап, өзі жағдаятпен күресуге бел буады;
5) эмоциональдық жарылыс қабаты, клиент өзінен жалған және қоқысталғанды шешіп тастап, өзінің шынайы «МЕНІНЕН» өмір сүріп әрекет ете бастайды.
Энергия және энергияның қоршалуы — психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.
Ыстық орындық.Терапевтикалық топ мүшелері шеңбер болып орындыққа отырады. Топ мүшесінің бірі өз еркімен, ол әрине, тактикалық шамада терапевтпен «арандатылады», шеңбердің ортасындағы «қызба орындыққа» отырады және шынайы түрде өз мәселелері туралы айта бастайды, сондай-ақ басқа топ мүшелерінің сұрақтарына жауап береді. Терапевт өз жұмысын осы адамнан бастайды, ал топ бұл жұмысқа қолдау ретінде және осы жеке тұлғаның белсенділігі үшін мейірбандылық жағдай тудырады. Мұндай қолдау арқылы жеке тұлға батылдық пен дербестікке ғана ие болмай, сонымен қатар басқа топ мүшелері өз мәселелерін жете ұғынуына және оның шешілуінің ұқсас жолдарын өзіндік белсендіру арқылы табуға жағдай туғызады.
Екі рөлі. «Ыстық орындықта»отырғанклиентке қарам-қарсыбос орындық қойылады; онда елестетілген адам отыратын тәрізді, клиентте онымен ашық немес жасырын, бірақ жабырқаңқы немесе шешілмеген кикілжің пайда болады. Клиент екі ролді атқарады. Өз орындығынан ол өз атынан елестегі серіктесіне өтінеді, ал оның орындығында максимальды түрде басқа біреудің жай-күйін түсінуге және оның орнына өз-өзіне жауап беруге тырысады. Кей кездері клиентке қарам-қарсы клиентпен таңдалған топ мүшелерінің бірі бола алады, клиент оған сол адамның рөлін түсіндіреді. Осындай түсіндіру үдерісінде ол кикілжінге еріксіз түрде басқа көзбен қарай бастайды – басқа біреуді жақсырақ түсіне бастайды.
Кері байланыс.Бұл клиент пен психотерапевттің тұрақты психологиялық байланысы, ол клиенттің өз-өзін, өз жағдаятын (мәселе) жақсырақ көретін, өз жай-күйлері мен олардың мінез-құлық құбылыстарын объективті бағалай бастайтын айна тәрізді болып табылады.
Қазір мен ұғынамын...Бұл жаттығудың мәні– бұрын еске салынған гештальттерапияның негізгі қағидасына сәйкес осы нақты сәтте өзіндік санасының мазмұнын талдауға бағытталған клиенттің белсенділік пен тырысуының машықтануы: осында және қазір. Жаттығу уақыт сайын қайталанатын клиенттің «іске қосу» »Қазір мен ұғынамын...» фразасынан айтқаннан кейін басталатын зейіннің жинақталуынан тұрады. Клиент бірнеше минут бойы бұл фразаны нақты осы сәттегі өзінің сана мазмұнының бейнелеуін қоса қайталап отырады.
«Сараптау сұхбаты» техникасы («диссоцияланған сұхбат»), «бос орындық» деген атаумен де белгілі, клиенттің ішкі кикілжіндерін талқыға салуға арналған. Техника клиенттің екі полярлық бағдары арасында болатын психодраманы пайдалануға құрылған. Сұхбат клиенттің өзімен жүргізіледі, ол ілікпе сөздерді кезекпен алдымен бір психологиялық бағдар атынан, кейін екіншінің атынан айтады.
«Шеңбер бойынша жүру»- клиент (топтық жұмыста қолданылады) барлық қатысушыларды кезекпен аралап, оларға не бір нәрсені айтады, не олармен қимылдар жасайтын психотехниканы атайды. Топ мүшелері мұндайда жауап бере алады. Техника топ мүшелерінің белсендірілуі, оларды жаңа мінез-құлық тәуекеліне және өзінің ойларын білдіру еркіндігі үшін мадақтауға қолданылады.
«Керісінше» техникасы (“аударыспақ”)— клиент өзіне ұнамайтын мінез-құлыққа қарама-қарсы ойнайды. Техника клиенттің өзін жаңа мінез-құлықта қабылдауына және тәжірибенің жаңа құрылыстарының «МЕН»-де жинақталуына бағытталған.
«Сараптамалық асыра көрсету»- дене, вокалдық және басқа қимылдардың әсірелеу жолымен өзін-өзі тану үдерісінің дамуы — бұл әдетте кез келген мінез-құлыққа тиесілі сезімдерді күшейтеді. Техниканы қолдану ішкі қарым-қатынастың дамуына септігін тигізеді.
«Мен бұған жауаптымын» - психолог бұл тәсілді қолдана отыра, кей сезімдерді білдіру туралы өтінішпен немесе «мен де бұған жауаптымын» дегенді міндетті түрде қосып алу арқылы ой-пікірді білдірумен клиентке өтіне алады.
Сезінутехникасы.Клиенттерді өз дене тілін, өзіндік тынысын, дауыс пен эмоциялардың ерекшелігін сезінуге, сондай-ақ қандай да болсын миға байланған ойларға есеп бере алатындай әрекеттер жасауды сұрайды. Шын өмірдегі сезіну техникасы кей кездері фокальды сезіну деп аталатын шоғырлану техникасы болып табылады. Бұл техника арқылы клиенттер әрбір «қазірді» ойлауға және өзінің әрбір қажеттілігін, сондай-ақ олардың бір салаға қатысты сезімдері мен мінез-құлықтары басқа салаға қатысты сезім мен мінез-құлыққа байланысты екендігін сезінуге үйренеді.
Негізгі мақсаты — адамға толығымен өз күш-қуатын іске асыруға жәрдемдесу. Бұл басты мақсат қосымшаларға бөлінеді:
1) актуалды өзін-өзі сезінудің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету;
2) бақылау локусының ішке қарай жылжуы, тәуелсіздік пен өз-өзіне жеткіліктілікті мадақтау;
3) өсуге кедергі келтіретін психологиялық блоктардың табылуы және оларды жою.
Гештальт-терапияда психолог клиент тұлғасы «гештальтқа», бірыңғай тұтастыққа интегралданған «катализатор», «көмекші» және «жаратушы» ретінде қарастырылады. Психолог клиенттің жеке сезімдеріне тікелей енбеуге тырысады, ол осы сезімдердің айқындалуын жеңілдетеді.
Гештальт-терапияда клиенттерге өзін жеке түсініктеме беру, бағдарлар құқығы, «серікті», өзінің мінез-құлқы мен өмірінің кестесін сезінуі кіретін белсенді рөль беріледі. Клиент ұтымды етуден күйзеліске көшу керек деп жорамалданады, бұл жерде сезімдердің вербалдануы мыңызды емес, мұнда клиент шынында да сезімдерді сезініп, олар туралы жай хабарламай, олардың атынан сөйлейтіндей болатын актуальды күйзеліс үдерісінің өзін клиенттің қабылдауы мен тілегі.
Гештальт-кеңес берушінің басты мақсаты — клиентке әрдайым қоршаған ортадан жәрдем күтуінен құтылуға және тәуелсіздікке көшуге көмектесу. Гештальт-кеңес берушіліктерге өтілген клиенттер, алғашқы рет, негізінен, өз мәселелерін шешуге қызығушылық танытуда. Гештальт-кеңес беруші клиенттерге ағымдағы мәселелерді шешуде өздерін тірек ретінде ғана емес, сонымен қатар неғұрлым «шынайы» өмір сүруге көмек көрсетеді. Клиенттер дербес болуы үшін, олар өздерінің организмикалық экзистенциалдық орталықтарымен (мен — ол менің негізгі қалпым). Өзінің организмикалық «МЕНімен» немесе сезімдерімен қатынаста болатын адамдар өзін-өзі жігерлендіргіш немесе дербес болып табылады.
Бекіту сұрақтары:
1. Психологиялық кеңес берудегі гештальт бағыт түсінігі?
2. Басты ұғымдарға талдау жасаңыз: фигура-фон, қазір-және-осында, толық түсіну, аяқталмаған гештальт, қарсыласу, қорғаныс механизмдері, қуат пен қуат еркін ағымына бөгеттер, нәтижелі кеңістік.
3. Ф. Перлз - бағыттың негізін салушы ретінде қарастырыңыз?
4. Ф. Перлз бойынша невроз дамуының деңгейлері мен стадияларын сипаттаңыз?
5. Гештальт терапиядағы психолог- кеңесшінің роліне тоқталыңыз?
6. Гештальт-кеңес берушінің басты мақсатын айқындаңыз?
7. Гештальт- терапевт баса назар аударатын жағдай?
[1] Перлз Ф., Хефферлин Р., Гудмэн П. Опыты психологии самопознания /практикум по гештальт-терапии/. – перевод Михаила Папуше Гиль-Эсте., М., 1993. - 240 с.
2.1.7. Транзактілі талдау
Американдық психолог Эрик Берн[1] дербес психотерапевтикалық бағытты ойлап тапты, ол трансакциялық талдау атауымен бүкіл әлемге кеңінен таралды. Транзакция сөзі өзара әрекеттесу деп аударылады, және, сәйкесінше, трансакциялық талдау ұғымы өзара әрекеттесудің талдауы, қарапайым түрде - адамдар қарым-қатынасы деп түсіндіріледі.
Транзактілі талдау адам мінез-құлқының бейімделмеген кез келген нысаны негізінде (сәйкес емес, қанағатсыз) белгілі шала түсінік деңгейіндегі бағдарламаланған өзара қарым-қатынастар мен өзара әрекеттер жататынына құрылған. Эрик Берн бұл өзара қарым-қатынастар кестелерін біз өзіміз, соны түсінбей, бүкіл өмір бойы ойнайтын ойындар деп атаған[21].
Транзактілі талдау өзара қарым-қатынастар (ойын) үлгілерін біздің МЕНнің негізгі үш рөлін ойнатуға бөлінуді қарастырады. Ол (біздің МЕН) Ата-ана, Ересек және Бала рөлінде бола алады. Бұл рөльдер тұрақсыз және бір адамның өзінде жүйелі түрде жағдаятқа және оның қатынасатын адамының мінез-құлқы мен оның бейнені қабылдауға байланысты өзгеріп отырады.
Оның тұжырымдамасына сәйкес адам өмірлік ұстанымына қатысты «ерте шешімдермен» бағдарламаланған. Ол оның туыстарының, ең алдымен, ата-анасының белсенді қатысуымен жазылған «сценарий» бойынша өмір сүреді, өткенде оның өмір сүруіне қажет болып, ал бүгінгі күні жиі пайдасыз стереотиптерге негізделген шешімдерді осы күні қабылдайды. Психотерапевтикалық үдерістің негізгі мақсаты — өмірлік бағдарларды қайта қарау негізіндегі жеке тұлғаның қайта құрылуы, осы сәтте теңбе-тең шешімдерді қабылдауға кедергі болатын мінез-құлықтың ұтымсыз стереотиптерін сезіну, өзіндік қажеттілік пен мүмкіндіктерден шыға отыра, құндылықтардың жаңа жүйесінің қалыптасуы.
Транзактілі талдау келесілер кіреді:
1) құрылымдық талдау — жеке тұлға құрылысын талдау;
2) трансакцияларды талдау — адамдар арасындағы вербалды және вербальды емес өзара әрекеттер;
3) психологиялық ойындар талдауы — жақсы нәтижеге (ұтыс) жеткізетін жасырын трансакциялар;
4) сценарий талдауы (скрипт-талдауы) — адам еріксіз көнетін жеке өмірлік сценарийі.
Жеке тұлға құрылысы «МЕН-нің» үш жағдайымен сипатталады: Ата-ана (Экстеропсихе), Бала (Археопсихе), Ересек (Неопсихе). МЕН-жағдай – бұл адамдармен ойналатын рөльдер емес, өзекті жағдаятпен ушықтырылатын феноменологиялық шындық, мінез-құлық стереотиптері екені атап көрсетіледі. Ата-ана — бұл ата-анадан және басқа да беделді тұлғалардан балалық шақта алынған ақпарат, өсиет, уағыз, тәртіп ережелері, әлеуметтік нормалар, тыйым салулар — кез келген жағдаятта өзін-өзі ұстау және нені жасамау керектігі туралы санатындағы ақпарат. Бір жағынан, бұл пайдалы, уақытпен тексерілген ережелер жиынтығы, екінші жағынан — соқыр нанымдар мен теріс ұғымдар орналасу жері.
Ата-ана Бақылау жасайтын (тыйым салу, санкция) және Қамқоршыл ата-ана (кеңестер, қолдау, қамқоршы) түрінде бола алады. Басқа вербальды сипаттамаларға «ылғи», «ешқашан», «доғар мұны», «еш уақытта», «сонымен, есіңде сақта», «мен саған қанша рет айттым», «мен сенің орнында», «жаным менің», «байғұс», «сұмдық» тәрізді оқытатын, сынайтын, қолдайтын немесе сыни ескертулер жатады. Ата-ананың дене белгілеріне қабағы түйілген маңдай, қымқырған ерін, бастың шайқауы, «қатал түрі», қолдың «нұсқайтын саусағы», аяқпен соғу, белдегі қолдары, кеудеде айқастырған қолдар, дем алу, басқаның басынан сипау және т.б. жатады.
Ата-ана. Әр адам өзінде ата-анасының бейнесін сақтайды және еріксіз түрде (кей кезде саналы ниет үлесімен де) белгілі жағдайларда олардың мінез-құлық үлгілеріне (немесе олардың біреуіне) еліктейді, яғни өзіни Ата-ана сияқты сезінеді.
Ересек. Әр адам жағдаятты және өз-өзін жиі немесе сирек объективті, жетілген күйде қабылдай алады. Шындықтың осындай объективті жетілген түрінде қабылдануы ересек күйі деп аталады.
Бала. Әр адам өзіндегі бала күйіндегі қабылдауын сақтайды, яғни белгілі бір жағдайларда жасына тәуелсіз өткен өміріндегі ұл немесе қыз бала ретінде сезінеді.
Адамдардың өзара әрекеттесуі кезінде әр түрлі МЕН-жағдайлары іске қосыла алады. Қосымша, қиылыс және жасырын трансакциялары ажыратылады. Өзра қарым-қатынас жасайтын адамдар күтетін тілектеріне сай келетін және салауатты адамзаттық қатынастарға жауап беретін трансакияларды қосымша трансакциялар деп атайды. Осындай өзара әрекеттер конфликтогенді болмайды және шексіз уақытқа жалғасуы мүмкін. Осындай әрекеттесудегі стимул және кері серпіліс параллельді жолақтар ретінде бейнеленеді.
Транзактілі талдауда қатынас үдерісі трансакциялар деп аталатын қатынастың шартты бірліктеріне жіктеледі. Транзактілі стимулдар мен трансакцялық серпілістер деп бөлінеді. Басқа адамға қаратып айтулардың барлығы трансакциялық стимулдар санатына жатады. Ал осы немесе басқа қаратпаларға қайтарылған жауаптардың барлығы трансакциялық серпілістер деп аталады.
Транзактілі талдау тұжырымдамасына сәйкес адамдардың көпшілігі бала кезінен бастап санасыз түрде шынайы қатынасты белгілі қатынастағы ойындармен ауыстыра бастайды. Бұл баланың шынайы шындықтан, жеке жауапкершіліктен кету қажеттілігі туындағанда, моральдық (өзіндік пікір білдіру, өзін-өзі жақыс көру, құтқару және т.б.) немесе материальдық (кез келген сыйлық) түрде бір нәрсені ұтып алу жағдайларында болады.
Эрик Берн тағы ойынның патологиялық таңдауы мүмкінболатынын атап көрсетеді, онда өзіңді кішкентай, бақытсыз, ең бастысы, өз мәселелерінің жауапкершілігінен (басқалардың ғана емес, өзіңнің де) қаша алатындай мүмкіндік беретін қанағаттанарлық тілектер қанағатсыздығын келтіреді[22].
Транзактілі талдау тәжірибесіне сәйкес, клиенттің мәселесін шешудің бірінші қадамы оның бұған дейін өзін шынай емес, яғни ойнағаны туралы мойындағаны болып табылады. Келесі қадам - оны ойыннан бас тарту қажеттілігіне сендіру, әйтпесе, ол мәселе сонымен шешілмейтін болады. Бірақ мұнда жалғыз, бірақ өте маңызды күрделілік бар.
Басты мақсаты — клиентке өз ойындарын, өмірлік сценарийлерді, эго-жағдайларды сезінуге және қажетінше мінез-құлық пен өмір құрылымына қатысты жаңа шешімдерді қабылдауға көмектесу. Психологиялық көмектің мәні адамды мінез-құлықтың байланған бағдарламаларының орындауынан босату және оның тәуелсіз, спонтандық, толық бағалы жақындасуы. Қабілетті болуға көмектесу болып табылады.
Тұжырымдаманың жалпы түпкі ойы мен психологиялық көмек мақсаттарынан шыға отыра, психологтың негізгі мақсаты – қажетті көрегендікпен қамтамасыз ету. Бұдан оның бағдарларына деген талаптар шығады: серіктестік, клиентті қабылдау, мұғалім мен сарапшы бағдарларының үйлесуі. Транзактілі талдаудағы жұмыс шарты контракттың қорытындысы болып табылады. Сондықтан психотерапия курсын өту шешімін қабылдайтын клиенттің бағдары жұмыс шарты мен қатынастардың сипаты туралы екі жақты келісімі тұжырымдалады. Клиентке жасырын қатысушының рөлі беріледі, ол өз мақсаттарын оларға жетудің бағалау критерийлерін көрсетіп қояды. Осындай екі жақты жұмыс нысаны тараптардың өзара жауапкершілігін көрсетеді [23].
Транзактілі талдаудың психотехникалары негізінен гештальт-терапиядан келген. Бірақ кеңес беру және психотерапиялық үдеріс ортасында тұжырымдама мазмұнынан шығатын өзгеше тәсілдер бар.
Транзактілі талдауды кең түрде танытқан негізгі ерекшеліктері — оның қол жетімділігі және тиімділігі. Аз уақытты психотерапиялық жұмысқа арналған трансакциялық талдау клиентке мінез-құлықтың сезілмейтін кестелері мен шаблондары шегінен шықпауға мүмкіндік ұсынады және басқа мінез-құлықтың когнитивтік құрылымдылығын қабылдап, оның ерікті, еркін түзетілуін алуға мүмкіндік жасайды.
Транзактілі талдау негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Транзактілі талдау белгілі насихаттаушысы психиатр Харрис (Harris Т.А.) [2]өзінің «Мен о'кей — сен о'кей» кітабының арқасында болды. Кітаптың атауы адамның транзактілі талдау үдерісінде ие болатын 5 бағдарды айқындайды:
Бірінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей». Бұл бағдар толық қанағаттық пен басқаларды қабылдау үйлесімділік немесе симбиотикалық болып анықталады және өзін және өзінің айналасын қанағаттық етіп (о'кей) санайтын ананың құрсағындағы эмбрионның жағдайына сәйкес. Бағдар сәби мен ана арасында бола алады, бірақ егер бала өзін өмірдегі ең маңызды адам ретінде ойлап, онда тұрып қалатын болса, уақыт өте келе түңілу және теріс күйзелістер пайда болады.
Екінші бағдар: «мен о'кей емес — сен о'кей емес». Егер бала өмірінің алдында ілтипат, жылылық, қамқорлықпен қоршалған болса, содан кейін өмірлік жағдайлардың арқасында оған деген қарым-қатынас түбімен өзгеретін болса, ол өзін қанағатсыздық болып сезіне бастайды (о'кей емес). Өмір жағымды аспектілерін жоя бастайды. Осындай жағдайдың сақталып қалуы жай-күйдің бұзылуына әсер етіп, осындай ойға келтіреді: «Өмірдің құны жоқ».
Үшінші бағдар: «мен о'кей емес — сен о'кей емес». Тез арада бала кішкентай, қорғансыз, үлкендерге тәуелді екендігіне күйзеледі, ол өзін айналадағы үлкендерге қарағанда құнсыз сезінеді. Бұл жағдай баланың өзін-өзі бағалауы артқан жағдайда ғана өзгереді. Егер ондай болмаса, мұндай қалып белгіленеді, соңында сценарийдің жүзеге асуына әкеледі. Ондағы басты рөльді депрессия, түңілу және құнсыздық сезімі ойнайды: «Менің өмірім құнсыз».
Төртінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей емес». Егер баланы мақтамаса, оған жаман қараса, ол келесі шешімге келеді: «Тек мен ғана өз-өзімді қорғай аламын, мен ғана жақсымын, ал басқалары – жаман». Осы бағдардағы өмірлік сценарийдің жүзеге асуы криминальдық жағдайға әкелуі мүмкін: «Сіздің өміріңіздің құны аз».
Бесінші бағдар: «мен о'кей — сен о'кей». Бұл реалистік бағдар. Ол ертедегі бала шешімдеріне негізделмейді, саналы түрде таңдалады. Оған адам өмірлік тәжірибе арқылы, құндылықтарды қайта бағалау, мораль және философияның арқасында келеді. Бұл бағдарда ешкім ұтылмайды, әрқайсысы өз бетінше өз жеңісіне жетеді: «Өмір, өмір сүру үшін құнды».
Психологиялық бағдарлар өзіне және басқаларға қатысты ғана емес, басқа да жынысқа қатысты пайда болады. Психологиялық бағдарды қабылдап, жеке тұлға өзін-өзі бағлауды тұрақтандыру мен өзінің қоршаған ортаны қабылдауын сақтау үшін оны күшейтуге тырысады. Психологиялық бағдар өмірлік бағдар бола бастайды, одан ойын ойналады да өмірлік сценарий құрылады. Мәселен, бала кезінде маскүнем әкесі қинаған әйел адам 2 бағдарды қабылдайды: «Мен құнсызбын» (мен о'кей емес) және «Ер адамдар — мені ренжітетін хайуандар» (ерлер о'кей емес). Осыдан, ол өзінің өмірлік сценарийіне сәйкес белгілі рөльдерді ойнайтын адамдарды таңдайды.
Сценарий — бұл жеке тұлға ойнайтын спектакльді еске салатын өмірлік жоспар. Ол бала кезде қабылданған бағдарларға байланысты және ата-ана мен баланың арасында болатын трансакциялар арқылы балалық МЕН-жағдайға жазылады. Адамдар ойнайтын ойындар сценарийдің бір бөлігі болып табылады. Жеке тұлға өз ойындары мен бағдарын сезіне отыра, өз өмірлік сценарийін түсіне алады. Оның талдауы Трансакциялық талдаудың негізгі мақсаты болып табылады. Берн бойынша адамзаттық іс-әрекеттің барлығы ерте балалықта басталатын өмірлік сценариймен бағдарламаланған. Бастапқыда сценарий ауызша емес түрде жазылады (бала кезде қабылданған бағдарлар — «мен о'кей», «мен о'кей емес», — ауызша емес жазылады), содан кейін балалар ата-аналарынан жалпы өмірлік жоспарға қатысты ғана емес, («сен әйгілі боласың», «сенің жолың болмайды, сен еш уақытта еш нәрсеге қол жеткізбейсің») адам өмірінің әр қырына қатысты болуы мүмкін ауызша сценарийлі хабарлар алады: балаға кәсіби сценарий жазылып беріледі («сен нағыз әртіс»), өзнің жынысы және тұрмыс құру-үйленуге қатысты сценарий («сен қандай нәзіксің, сен ешқашан нағыз еркек бола алмайсың», «осындай түріңмен күйеуге шығам деп ойлама»), білім беру, дін, спорт, қызығушылыққа қатысты және т.б. Сонымен қатар ата-ана сценарийлік хабарлар құрылымдық, бұзылған (тым болмағанда — өзін-өзі өлтіруге апаратын), нәтижесіз болуы мүмкін. Берн бойынша әр баланың ішінде «ханзада» немесе «ханшайым» жасырынады, бірақ өмірінің ең басында кейбір балалар оларға маңызды адамдардан кез келген нысандағы ескермеушілігі бар хабарлар алады, және бұл балаларды өз шынайы қабілеттерінен төмен әрекет етуге мұқтаж етеді.
Транзактілі — бұл топтық түрде өткізілетін интеракциондық психотерапия. Науқастарды транзактілі талдаудың негізгі ұғымдарына, мінез-құлық және олардың бұзылу механизмдерінің түсінігіне оқытады Психотерапевт және науқастар осында тақта және бормен пайдаланады. Жұмыстың мақсаты топтың мүшелері қандай Мен-жағдайының шегінде олардың жұмыс жасайтынын (құрылымдық талдау) сезіну болып табылады. Бұл сезінуді дамыта отыра, науқастар ата-аналарынан алған ертедегі бағдарламалауды, жолдауды (хабарламаларды) және өз абыройы («мен о'кей», «мен о'кей емес») мен өмірлік бағдарына қатысты өзінің ертедегі шешімерін зерттейді. Р. Гулдинг (Goulding R. L.)[3] пен М. Гулдинг (Goulding M.) бойынша басты мақсаты ертедегі шешімдерді қайта қарау болып табылады [24].
Бұл авторлар Берннің біз белсенді түрде емес сценарий артынан ереміз және ертедегі негіздеменің құрбаны болып табыламыз деген түсінігін жоққа шығарады және шешімдер бізбен өмірдегі шынайы және бейнеленетін ата-ана жолдамаларына жауап ретінде қабылданады деп ойлайды, сонымен біз өзіміз бастапқыдан өз сценарийімізді құрамыз. Егер шешім ерте қабылданатын болса, онда әр түрлі психотерапиялық тәсілдер арқылы топ мүшелері қайтадан ертедегі балалық оқиғаларына еніп, өзіне және өз өміріне қатысты белгілі жеңілгендікті шешімін қабылдаған жағдаятты тірілте алады, ақыр соңында интеллектуалдық және эмоционалдық деңгейде жаңа шешім қабылдай алады.
Транзактілі топтың интеракциондық болуына қарамастан және ондағы жұмыстың интеллектуальдық және эмоциональдық көрегендікке әкелу керек болғандықтан, көп көңіл рационалдық көзқараска аударылады. Топтың басшысы көбінесе мұғалім ретінде болады, науқастарға көрегендікті сезінуге көмектесіп, өз өмірін бақылау үшін жиі дидактикалық тәсілдер қолданылады. Соңғы мақсаты жеке тұлғаның автономиясына жету болып табылады, бұл өзіндік тағдырды анықтауға, өз әрекеттері мен сезімдері үшін жауапкершілікті қабылдауға көмектеседі.
Бекіту сұрақтары:
1. Психологиялық кеңес берудегі транзактілі талдау ұғымы.
2. Транзактілі талдау үлгілерін атаңыз?
3. Психотерапевтикалық үдерістің негізгі мақсатын қарастырыңыз.
4. Транзактілі талдаудағы негізгі мәселелерді кең түрде қарастырыңыз (құрылымдық талдау, трансакцияларды талдау, психологиялық ойындар талдау, сценарий талдауы).
5. «МЕН» тұжырымындағы жеке тұлға құрылысын Ата-ана (Экстеропсихе), Бала (Археопсихе), Ересек (Неопсихе) тұрғысынан сипаттаңыз.
6. Транзактілі стимулдар мен трансакцялық серпілістерді ажыратып көрсетіңіз.
7. Транзактілі талдау дағы психолог- кеңесшінің роліне тоқталыңыз.
8. Транзактілі талдауды кең түрде танытқан негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
9. Харристің «Мен о'кей — сен о'кей» кітабы негізінде 5 бағдарды айқындап беріңіз?
10. Сценарий — бұл жеке тұлға ойнайтын спектакльді еске салатын өмірлік жоспар.
[1]Эрик Берн. Краткая биография. Составлена Уореном Д. Чейни // Берн Э. За пределами игр и сценариев / пер. с англ. Ю. И. Герасимчик. — 2-е изд. — Минск: Попурри, 2008. — С. 442—451.
[2]Харрис Томас Э. Я - О'кей, Ты - О'кей. Переводчик: Срепанова С.С. Издательство Академический проект, 2019
[3]Goulding M.M., Goulding R.L. Changing lives through redecision therapy. NewYork: Brunner/Mazel, 1979.
2.1.8. Психодрама
Психодрама- рөлдік ойын негізіндегі топтық жұмыс әдісі болып табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі жан дүниесін зерттеу әдісі ретінде драмалық импровизация қолданылады және клиентке деген маңызды мәселелерімен байланысты сезімдерін шығару үшін жағдайлар жасалады. Психодрама ойын принципіне негізделген.
Драманы коррекциялық әдіс ретінде Якоб Леви Морено (1892- 1947)[1] соғыстан кейінгі жылдары эксперимент нәтижесінде қолдана бастады. Бұл эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа ие болды. Морено Вена паркінде қыдырып жүрген балалардың ойын кезіндегі фантазияларына көңіл бөлгенде, ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды.
Мореноның ойынша, психодрама әсер ету әдісі ретіндегі ойлары- өзінің театрындағы бір актердің қалыңдығы жайлы мәселелерімен бөліскеннен кейін пайда болды. Топпен жұмыс кезінде Морено сол актерды жеке мәселелерімен қоса сахнаға шығарады. Бұл эксперимент қалыңдығы мен күйеуіне де, сонымен қатар бүкіл топ мүшелеріне де пайдалы болды.
Осы сияқты топтық эксперименттерін Морено одан әрі жалғастырды. Морено өзінің әдістемелерін жасауда адмның ойнауға деген табиғи қабілеттерін негізге алды. Ситуацияларды ойнау кезінде аяқ- астылық, креативтілік, ситуацияға қатысушылардың арасындағы жалған эмоционалдық байланыс, катарсис пайда болады, ал бұл өз кезегінде шығармашылық белсенділік пен инсайтты тудырады.
Психодрамада адамға өзінің мәселелеріне шоғырланған кейіпкер ролі беріледі. Осылайша, ол психолог бағыттаған импровизацияда өз сезімдерін еркін білдіре алады, ал басқа актерлер оның шын өміріндегі басты персонаждарды ойнайды.
Психодраманың мақсаты-адекватты емес жағдайлар мен эмоционалдық реакцияларды диагностикалау және коррекциялау, оларды болдырмаудың алдын алу, өзін- өзі тануды тереңдету. Қайғы- уайымдарды сөздік бейнелеуге негізделген басқа әдістемелерге қарағанда, психодрама клиентке тереңде жатқан эмоцияларын ашық және әрекетті формада шығаруға көмектеседі. Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық мәселелерді (күнделікті тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға дейін) шешудің эффективті жолдарын іздеу жүзеге асырылады.Клиент жүргізушінің және топтың көмегімен өзінің өміріндегі маңызды жағдайларды драмалық әрекетпен көрсетеді, оның мәселесіне қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды. Іс- әрекеттер мәселені анықтау және нақтылау үшін ықпал ететіндей құрылады. Жаңа рөлдер, альтернативті, аффективті және қылық- әрекеттік стильдер анализделеді, мәселені шешудің конструктивті моделін іздеу және апробирлеу жүзеге асырылады. Психодраманы құрайтын әрекеттер мен дене қимыл- қозғалыстары вербалсыз қылық- әрекеттер сигналы сияқты, өзін және басқаларды танудың маңызды бастамасын қолдану мүмкіндігін арттырады.
Топтық психодрама жұмысы клиенттің өзі таңдаған тақырыбы бойынша сюжетті- рөлдік ойын формасында жүргізіледі. Психодрамадағы рөлдер туындаған мәселелерді терең түсінуге және шешуге ықпал ететіндей беріледі және орындалады.Психодрама өзінің сезімдерін вербализациялауда қиындықтары бар клиенттерге көмектесуге бағытталған. Психодрамалық ситуацияда клиент бір мезгілде өзінің драмасының басты кейіпкері де, оның шығарушысы да, өзін және өзінің өмірін зерттеуші де болып табылады.
Бұл әдіс ауытқушы мінез- құлқы бар балалар мен жеткіншектердің адекватты емес эмоционалды реакцияларын жою үшін және әлеуметтік перцепция дағдыларын өңдеу үшін қолданылады. Терапевтикалық драматизацияның әр- түрлілігі үшін А. Вольтман биодрама және қуыршақ драматизациясын қолданады [25]. Биодраманың ерекшелігі, мұнда балалар арасында аңдар рөлі бөлінеді. Бұл әдістің авторлары балаға, әсіресе мектепке дейінгі балаларға өзінің рөлін алғаннан гөрі, жануарлардың рөлін алған жеңілге түседі деп санайды. Қуыршақ драматизациясы кезінде үлкендер балалардың алдына оның конфликтерін немесе оған деген маңызды ситуацияларды қуыршақ спектаклі арқылы көрсетеді.
Басқа да формасы болуы мүмкін, яғни топ мүшелерінің біреуі театрленген формада өзінің өмірі жайында әңгімелеп береді.
Психодраманы топтық жұмыстардың басқа әдістемелерімен (мысалы топтық дискуссия, психогимнастика) комплексті түрде қолданған тиімдірек болады.
Топтық жұмыстың құрамдас бөлігі ретінде психодрама эмоционалды бұзылулармен коррекциялық жұмыста, кейбір психосоматикалық ауруларда, балалармен және жеткіншектермен жұмыста, сонымен қатар жанұялық психокоррекция жұмысында кең түрде қолданылады.
Әңгімелеуші таңдалынған жұмыс формасына байланысты қатысушы немесе көрермен бола алады. Психодраманы жүргізудің маңызды шарты- топтағы жағымды атмосфера, әрекет- қылықтың еркіндігі және импровизация. Маңызды ситуацияларды қайтадан бастан кешіру арқылы, адам мәселені, өзінің әсерлену жолдарын, жағдайға деген қатынасын, құндылықтарды, нақты іс- әрекеттерді жаңаша түсінеді. Ол қарым- қатынас құрудың жаңа мүмкіндіктерін аша бастайды [26].
Психодрамада катарсистік эффектіге басты назар аударылады. Ол ішкі конфликтердің әсерінен пайда болады және психодрамалық әрекет кезінде сыртқа шығады.
Психодраманың элементтері басқа бағыттарда да кең қолданылады: гештальттерапияда, қылық- әрекеттік терапияда, әлеуметтік- психологиялық тренингте, іскерлік ойындарда, т. б.
Психодраманың негізгі міндеттері:
1. Клиенттің өз мәселелері мен конфликтерін шығармашылық тұрғыдан қайта түсіну.
2. Клиенттің өзін- өзі түсінудің терең және адекваттылығына қол жеткізу.
3. Конструктивті емес қылық- әрекеттік стереотиптерді және эмоционалды әсерлену тәсілдерін жеңу.
4. Эмоционалды реакция жасаудың жаңа тәсілдері мен жаңа адекватты әрекет- қылықты қалыптастыру.
Рөлдерді психодрамалық ойнау клиент әрекет- қылығын, оның қатынасын, бағдарын,эмоционалды әсерлену жолдарын өзгертеді.
Бағдарлардың өзгеруіне жағымды әсер ететін факторлар:клиентке психодрамаға қатысуды және рөлдерді таңдауға мүмкіндік беру, клиентті орындаушылық әрекетке итермелеу, ойынға өзіндік импровизация кіргізуге мүмкіндіктер тудыру.
Психодрама клиенттегі қорғаныс позициясын жеңуге ықпал етеді, эмоционалды қызығушылықты жоғарылатады, өзінің мәселелерін түсінуге, катарсис пен инсайтқа жетуге көмектеседі.
Психодраманың классикалық процедурасы негізгі 5 элементті қамтиды[2]:
1. Протагонист
2. Режиссер (фасилитатор)
3. Көмекші «Мен»
4. Көрермендер
5. Сахна
Протагонист- алғашқы ойыншы (гр. «protos»- алғашқы, бірінші және «agon»- күрес, ойын), психодрамалық сахнада өзінің мәселелерін көрсететін басты кейіпкер. Протагонист өз өмірінің образын тудырады. Ол басты персонаж болып табылады және топтың назары оған аударылған. Режиссердің, аудиторияның және арнаулы қойылым тәсілдерінің көмегімен протагонист өзінің актуалды психологиялық шындығын көрсетеді. Ол өз алдына инсайтқа жетуге және реалды өмірін функциялау қабілеттілігін жақсартуға арналған.
Режиссер- клиентке өз мәселелерін зерттеуге көмектесетін адам. Ереже бойынша ол психолог болып табылады. Оның қызметі психодрамалық әрекетті, кеңістікті ұйымдастыру, сенімділік атмосферасын тудыру, қатысушыларды аяқ- астылыққа стимулдау, рөлдік ойынға топты және кеңістікті дайындау, мәселелерді ашу, клиенттің қайғыларын шығару, көмекші персонаждарды кіргізу, болып жатқан жағдайды талқылау, анализдеу және интерпритациялауды ұйымдастыру болып табылады. Режиссер топта белгілі бір атмосфераны тудырады, рөлдерді бөледі, сонымен қатар топ мүшелеріне өздерінің ойлары мен сезімдерін драмалық әрекет тіліне аударуға мүмкіндік береді. Жақсы режиссерден икемділік, психодрамаға бүкіл топтың қатысуына қызықтыру қабілеті сияқты қасиеттер талап етіледі.
Психодрамада режиссер аналитик, терапевтің функцияларын атқарады [27]. Қойылымшы рөліндегі режиссер топтағы жұмысты ұйымдастырады. Қойылымшы психодрама актерінің психологиялық күй- жағдайының барлық вербалды және вербалсыз көріністеріне өте сезімтал болуы керек. Жақсы қойылымшының басты қасиеттері: жұмысқа деген шығармашылық көзқарастары, икемділігі, психодрамалық әрекетке топ мүшелерінің барлығының көңілін аудара білу қабілеті болып табылады.
Аналитик рөліндегі режиссер психодрамаға қатысушылардың барлығының әрекетін талқылайды, мінез- құлқын, ойларын және сезімдерін интерпритациялайды. Аналитик рөліндегі топ басшысы көрсетілім кезіндегі әр топ мүшесінің әрекет- қылығын интерпритациялайды және талқылайды. Сонымен қатар ол жеке эпизодтарға қатысушылардың жалпы реакцияларын белгілеп, анализдейді.
Терапевт рөліндегі психодрамалық әрекеттің басшысы керекті психокоррекциялық бағытқа бағыттайды. Терапевт рөліндегі психодраманың режиссері қатысушыларға қалаусыз әрекет- қылық формасын өзгертуге көмектесуге тырысады. Қатысушыларға спектакльді өздігімен жүргізуге мүмкіндік бере отырып, терапевт өзіне креслода отыруына рұқсат ете алады немесе топ мүшелерін әрекетке итермелей, жоғарғы деңгейде белсенді бола алады.
Көмекші «Мен»-көмекші рөлдерді орындайтын және психолог функциясын күшейтетін клиенттер болып табылады. Көмекші «мендер» протагонистке маңызды адамдарды немесе оның өзіндік «менінің» бөліктерін бейнелей алады.
Көмекші «меннің» негізгі функциялары: протагонисттің ойлаған ойларын жүзеге асыруға қажетті рөлдерді ойнау; басқа персонаждармен қарым- қатынасты протагонистің қалай қабылдайтынын түсінуге көмектесу; протагонисті мәселелер мен конфликтерді шешуге бағыттау; протагонистке драмалық әрекеттен реалды өмірге ауысуға көмектесу.
Көмекші «мендер» психодрамада келесі міндеттерді шешеді:
- Протагонистке қатысы бар реалды немесе ойлап табылған тұлғаларды бейнелеу;
- Психодраманы жүргізуші мен протагонистің арасында делдал болып табылады және ол протагонист пен оның ойнына да, сонымен қатар психодраманың жүргізушісі мен оның ұсыныстарына да зейінін тұрақтатуы тиіс;
- Әлеуметтік- терапевтикалық функцияны атқарады. Протагонистке өзінің адамаралық қатынастарын бейнелеуге және зерттеуге, сонымен қатар өзінің өмірлік серіктерімен диалог жүргізуге көмектеседі.
Көмекші «мен» протагонистің өмірінде ерекше орын алған адамдарды бейнелейді. Психодрамада бұл персонаждарды топ мүшелері бейнелейді. Бұл билігі бар ана рөлі, қатал әке, әділетсіз басшы, қайырымды дос және т.б. рөлдері болуы мүмкін. Көмекші «мен» рөліндегі жақсы орындаушы осы рөлге тез кіре алуы және нақты орындауы керек. Ол рөлді реалды жағдайдағыдай емес, протагонист көрсеткендей немесе интуициясына қарай ойнауы керек.
Кейбір топтарда арнайы дайындықтан өткен және кез- келген образға оңай кіре алатын кәсіби көмекші «мендер» алынады.
Сонымен, көмекші «мендер»- жоқ адамдарды клиенттің ішкі дүниесіндегідей етіп бейнелейтін топ мүшесі болып табылады. Әдетте клиент- протагонист көмекші «менді» өзі таңдайды. Олар не басқа клиенттер немесе режиссер, немесе көрермендер болуы мүмкін.
Көрермендерретінде психодрамалық әрекетке тікелей қатысы жоқ, бірақ соңынан ситуацияны талқылайтын топ мүшелері болып табылады. Жаттығудың қорытынды этапында олар болған жағдайға эмоционалды қатынасын демонстрациялайды, психодрамаға айналған, оларды алаңдататын мәселелері мен конфликтерін әңгімелейді.
Көрермендердің міндеті бір жағынан протагонистке көмектесу болса, екінші жағынан – өз- өздеріне көмектесу, яғни сахнада болған нәрсеге уайымдау кезінде өзіне қатысты конфликтері мен мотивтерде инсайтқа жетеді.
Сахна-бұл іс- әрекет жүзеге асатын кеңістіктегі орын. Психодраманы көбінесе арнайы ұйымдастырылған театрларда немесе ойынға ыңғайландырылған кабинеттерде жүргізеді.
Психодрамалық сахнаның классикалық формасы Нью- Йорк штаты, Бекондағы Моренолық терапевтік театрдағы сахна болып табылады. Оның үш ярусты конструкциясы бар және жартылай шеңберлі балконы бар.
Бірінші яруста протагонист пен психодрама жүргізушісі топтан тыс жағдайда болады, психодраманың кеңістігіне түседі. Екінші яруста олар бірінің артыда бірі отырады және бұнда кіріспе әңгіме жүзеге асады. Үшінші яруста сахнада ойналған жағдай эмоционалды уайымдалуы мүмкін. Психодрамалық әрекеттің өзі үшінші яруста, диаметрі 4 метр болатын дөңгелек платформада өтеді.
Балкон түрлі кеңістіктік тәжірибелерді, мысалы, ұшу немесе құлау, көтерілу немесе түсу және т.б. нақтылау үшін қолданылады.
Егер бұндай сахна болмаған жағдайда, оның орнына кез- келген топ шеңберіндегі кеңістік қолданылуы мүмкін. Ол кең болуы керек, яғни протагонист және антагонистке психодрамалық әрекетке ыңғайлы болуы керек. Ал бөлменің өзі дұрыс пропорцияға ие болуы керек.
Өте тар бөлмелер қатысушылардың қозғалыс еріктерін шектейді, өте кең- топтық сезімге кері әсер етеді.
Топта орталықтандырылған психодрама- топ қатысушыларының бір- бірімен эмоционалды қатынастарымен және «осында және қазір» туындайтын мәселелерімен айналысады. Психодраманың бұл формасы рөлдік дефицит синдромында, делинквентті қылық- әрекетте, түрлі фобияларда, рөлдік конфликтер кезінде, креативтілікті жоғарылатуда қолданылады[3].
Психодрамадағы топ көлемі 6- 9 адамнан тұрады. Егер топ 6 адамнан аз болса, онда көрермендер өте аз болады. Егер топ өте ауқымды болса- тіпті тәжірибелі режиссер болса да протагонистің сұраныстарымен басқара алмайды, жеке топ мүшелерінің реакцияларын ескере алмайды, топтың динамикасын қадағалай алмайды. Мақсатқа бағытталған психодрамада топтың құрамы маңызды рөл атқарады.
Топтағы психодрамагетерогенді топ құрамын талап етеді. Топтың қатысушылары (жынысы, тұлғалық структурасы, қабілеттілігі, тәжірибелері әр- түрлі) гомогенді топтарға қарағанда күтпеген жағдайларды толығырақ бейнелеуге қабілетті.
Топқа арналған психодрамакөбінесе құрамы жағынан гомогенді топтарда жүргізіледі (мысалы, жұбайлар тобы, ата- аналар, жеткіншектер, алкоголиктер және т.б.).
Драмалық топ немесе жабық, не ашық болуы мүмкін. Жабық топтарда күшті топтық біртұтастық тезірек пайда болады. Ашық топ табиғи психодрамалық қойылым ретінде қарастырылады. Оның мақсаты- шын өмірде топ қатысушыларының өз беттілік, тәуелсіздікке тезірек ие болу.
Психодрама ұзақтығы. Әдетте кездесу ретінде сеанс 50 минутқа созыллады. Шындығында кездесулер қысқа немесе ұзағырақ болуы мүмкін және сеанстың созылуы клиент мәселесін ың қиындығына, оның реакциясына байланысты. Сеанстың мөлшер шектері- 15- 20 минуттан 4 сағатқа дейін.
Психодраманың негізгі компоненттері:рөлдік ойын, аяқ- астылық, «теле», катарсис, инсайт.
Рөлдік ойын-импровизирленген көрсетілімдерге қатысу. Психодрама топ қатысушыларының рөлді ойнау кезінде өзінің тұлғалық мәселелерімен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Д. Морено былй деген: психодрамада рөлді орындаушы мен актердің арасында үлкен айырмашылық бар: актер, автор жазған сценарийді орындайды, ол тапсырыс бойынша өзгеру қабілетіне ие болуы керек. Психодрамада «жалған фасад» тудыра алуы кедергі болуы мүмкін.
Аяқ- астылық-сыртқы әсерлерге реттелмейтін әрекет- қылық пен сезім, сондықтан психодрамада алдын- ала жазылған сценарийлер мен рөлдер болмайды. Д. Морено психодрамадағы аяқ- асты әрекет- қылықты әлеуметтік рөлдердің өспелі ригидтілігіне қарсы дәрі деп қарастырған. Д. Морено түсінігінде аяқ- астылық шығармашылықты босатуға арналған кілт: «Шығармашылықты ұйқыдағы ару сияқты ояту керек. Бұған ең қолайлы құрал- аяқ- астылық»- деп жазды [28].
Аяқ- астылық екі маңызды параметрді шамалайды: жауаптың адекваттылығы, жаңашылдық.
Психодрамалық әрекеттің өткені мен болашағы болмайды- тек қана осы шағы бар, барлық болған жағдайлар реалды әрекетте ғана уайымдалады.
Егер «тасымал» ұғымы З. Фрейд бойынша эмоцияны пациенттен психотерапевтке тапсырудың бір жақты процесін білдірсе, ал «контртасымал»- психотерапевтен пациентке, онда «теле»Д. Морено бойынша клиент пен режиссер және топ мүшелерінің арасында эмоция тапсырудың екі жақты процессі. «Теле» психодрамалық жағдайда туындайтын жағымды (жағымды «теле»)да және жағымсыз (жағымсыз «теле») эмоцияларды қамти алады.
«Телені» қолданудың нәтижесі басқа адамдарды шын мәнінде қалай екенін көрмеу, ал бізге қатынасын қалай білдіретінін мойындау болып табылады.
Психодрама топта лабораториялық жағдай тудырады, яғни қатысушылардың біреуі басқаларды қабылдауы анализделеді.
«Теле» ұғымы социодрамада тиімдірек- психодраманың ерекше түрі, оған топтық ортақ тақырып тән.
Социодраманың қатысушылары әрбіреуінің жеке мәселелерін зерттеудің орнына, барлық қатысушыларға әсер ететін фактормен айналысады. Топ мүшелері рөлдік ойындарды өздерінің әлеуметтік- мәдени қажеттіліктерге қатынасын, яғни ата- ана мен балалар арасындағы қатынас, тұрғындар мен чиновниктер арасындағы конфликтер, расизм және т.б. зерттеу үшін қолданады.
Катарсис-сезімдік әсерлену мен ішкі тазару деген мағына береді. Д. Морено бұл ұғымды біршама кеңейтті, яғни катарсис әрекетін тек көрермендерге ғана емес, актерларға дейін өрістетті. Ол былай деді, психодраманың емдік эффектісі көрермендерге қатысты ғана емес (екінші катарсис), актерге қатысы да бар.
Инсайт-мәселенің шешілуі мен жаңаша түсінуіне әкелетін таным түрі болып табылады. Инсайт- психодрама қатысушысының перцептивті алаңының құрылымының өзгеруі. Инсайт тек қана катарсис кезінде ғана емес, ойналған психодраманы талқылау кезінде де пайда болады, себебі онымен байланысты уайымдар басылады.
Психодраманың мақсаты катарсис пен инсайттың максималды шығуына мүмкіндік болатын топтық климатты тудыру болып табылады.
Психодраманың негізгі фазалары:
1. Қызу және жаттығу
2. Өзіндік драмалық әрекет
3. Талқылау
1 фаза кезінде протагонистің қорытындысы, дискуссия үшін материал алу, мәселені қайта талқылау, протагонист және басқа қатысушылардың дайындығы психодрамалық әрекетке кеңістік ұйымдастыру жүзеге асады.
1-ші фаза 3 стадиядан тұрады:
1. Қатысушылардың қозғалыс белсенділігін біртіндеп азат ету.
2. Аяқ- астылы қылық- әрекеттік реакция стимуляциясы.
3. Нақтылы мәселелерді топ мүшелерінің фокусировкасы.
Бағытталған және бағытталмаған қызу түрлерін бөлеміз.
Бағытталған қызу протагонист рөлдік ойындарға дайын болмай сеансқа кіріскен жағдайда қолданылады. Вербалды және вербалсыз тәсілдері бар.
Бағытталмаған қызу фокусирленген және спецификалық болуы мүмкін. Бұндай жағдайда протагонист белгілі тақырыппен жұмысқа дайын болып сеансқа кіріседі.
Жаттығулар кезінде психодрамадағы белгілі рөлдерді ары қарай орындауды жеңілдету үшін, топ мүшелері қарапайым жаттығулар тізбегін орындайды. Жаттығу кезінде қатысушылар психологиялық және физикалық босайды, артық уайымдаулары мен қысымдылықты шығарады, рөлдік ойындарға ыңғайланады. Жаттығу сөз түрінде және дене жаттығулары түрінде болуы мүмкін. Оның міндеттері: қатысушыларды аяқ- астылыққа стимулдау, қорқынышты әлсірету, қажетті эмоционалды атмосфера орнату.
Бұл міндеттерді шешу үшін түрлі көмекші әдістер қолданылады: дискуссиялар, тірі скульптуралар, импровизация, ертегілерді ойнау және т.б.
Жаттығулар вербалды және вербалсыз болуы мүмкін.
Вербалсыз жаттығулар қатысушыларға өздерінің сезімдері мен мәселелері жайлы ашық әңгімеге қарсылықтарын жеңуге жанама түрде көмектеседі. Дене әрекеттері қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында қолданылады.
Психодраманың 2- ші фазасы реалды мәселелі өмірлік жағдайдағы рөлдерде ойналатын психодрамалық әрекетті білдіреді.
Көбінесе мәселенің авторы өзін- өзі ойнайды. Психодрамалық әрекетте клиент катарсисқа жетуі мүмкін және өзінің шынайы сезімдерін түсінуі мүмкін. Бұл процесстерді жеңілдету үшін әдістер тізбегі қолданылады: «айна», «егіздер», «монолог», «диалог», «болашақты құру» және т.б.
3- ші фаза- талқылау немесе интерпритация- қорытынды болып табылады. Әрекет біткен кезде протагонист және қалған топ мүшелері анализге кіріседі. Әдетте ол психодрамалық әрекетке тікелей қатысы жоқ клиент сөздерінен басталады: рөлдік жағдайларды ойнау кезінде туындаған өзінің әсерлері, уайымдары, ассоциациялары, ойлары. Содан кейін протагонистке сөз беріледі және талқылауды психолог аяқтайды. Эмоционалды реакцияларды талқылағаннан кейін топ мүшелері психодрамалық әрекетті нақтырақ талқылауға көшеді.
Талқылау фазасы екі бөліктен тұрады: рөлдік кері байланыс, идентификациялық кері байланыс.
Рөлдік кері байланыстасеріктер оларға бөлінген рөлдерді орындау кезінде пайда болған сезімдерді кезекпен протагонистке суреттейді.
Идентификациялық кері байланыстакөрермендер мен психодрама жүргізушісі қатысады. Идентификация топ қатысушылары жайлы маңызды ақпарат болып табылады.
Бұл сатыда келесі міндеттер шешіледі:
- де- ролинг- протагонистің әрекет кезінде ойнаған рөлінен шығуы. Қысқа дискуссия формасында жүргізіледі;
- эмоционалды стабильдік- рөлден шығу процесінің бөлігі ретінде әрекеттің соңындағы эмоционалды стабильдікті қалпына келтіру болып қарастырылады;
- комфортты жағдай- бұл сезімге кімде- кім сенің қиындықтарыңды бөлісуге тырысу деген түсінікті білдіреді;
- өзін түсіну қабілеті- клиентте өзін түсіну, өзінің әрекет- қылығын, қоршаған ортаға өзінің ықпалын түсіну қабілетін жоғарылату. Әдетте бұл интерпритация кезінде жүреді.
Талқылау стадиясының негізгі ережесі әрекеттің жоқтығы болып табылады. Сөздік әдістер, яғни сезімдерімен алмасу, талқылау және анализ қоланылады.
Психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер қолданылады:
1. Өз- өзін таныстыру
2. Монолог
3. Дублирлеу
4. Рөлдермен ауысу
5. «Бос» орындық және «биік» орындық
6. «Айна»
7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау
8. «Артыңда»
9. Идеалды басқа адам
10. Сиқырлы магазин
Өз- өзін таныстыру. Бұл ең қарапайым техникалардың бірі. Ол қысқа рөлдік әрекеттер сериясынан тұрады. Протагонист өз- өзін немесе өзіне маңызды адамды бейнелейді. Бұл әрекеттерде протагонист жалғыз қатысушы болып табылады және көрсетілім субъективті болып шығады.
Монолог. Бұл техника өзінің әрекеттерін сахна ортасында түсіндіру сияқты көрінеді. Монолог мәселе авторының репликалары. Бұнда ол мәселенің мәнін ашады, өзінің ойлары мен сезімдерін айтып жеткізеді. Актердің көрсететін персонажы басқа адамдарға емес, өзіне арналады. Бұл тиімді әдіс протагонистке өз эмоцияларына сырттан қарауға мүмкіндік береді және жағдайға өзінің реакциясын анализдейді.
Дублирлеу.Психодрамада дублирлеу мәселе авторының рөлін алатын екінші біреудің көмегімен жүзеге асырады. Ол адам автордың «ішкі дауысы» рөлінде болуы мүмкін.
Сыңар немесе екінші «мен»- протагонисті кез- келген уақытта алмастыра алатын қатысушы. Егер протагонист өз әрекеттерін жалғастыра алмаса, двойник оған көмектеседі. Кейбір топтарда топ қатысушылары әрекетіне біресе протагонист, біресе сыңары болып кіріседі. Сыңар тура сондай күйді қабылдайды, тура солай әрекет етеді, осылайша ол протагонистке өз рөлін ойнауға көмектеседі. Ол нейтралды, ирониялы, құмаршыл және оппозиционер бола алады.
Нейтралды сыңар- протагонистің сезімдерін қолдайды немесе біраз күшейтеді.
Ирониялы сыңар- протагонистің рөлін ирониялы, юмористік түрде орындайды және мәселені тереңірек зерттеуге итермелейді.
Құмаршыл сыңар- протагонистің сезімдерін күшейтеді, оларды ашығырақ, нақтырақ қылады.
Қосарланған - оппозиционер- протагонист позициясына қарсы позицияны ұстауға тырысады. Ол оның зейінін альтернативті қылық- әрекет түріне аударуға тырысады.
4. Рөлдермен ауысу.Рөлдермен ауысу кезінде протагонист психодрамада қандай да бір фигура рөлін ойнайды, ал көмекші «мен» протагонист рөлін алады. Рөлдермен ауысудың мақсаты- көмекші «мен» ретінде ойнайтын адам протагонистің орындауына қарап өзінің рөлін анық ұғыну болып табылады.
Бұл әдістеме, бір жағынан протагонистің қиындықтарын түсіну, өзінің ойларын нақты білдіруге көмектесу болса, екінші жағынан- көмекші «менге» жағдайды өзіндік түсіну мен оған өзінің қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, жұбайылар арасындағы ұрсысты ойнағанда, протагонист рөлінде әйел, ал көмекші «мен» күйеуі болғанда, оларды рөлдерімен ауысуды сұрайды. Бұндай жағдайда психодрамалық әрекет мүлде басқа бағыт алады: конфликтіні шешуге көмектесу немесе қандай да бір жағдайда әрекет- қылықтың адекватты формасын табу.
Рөлдермен ауысу кіші және орта жастағы балалармен жұмыста эффективті қолданылады. Балалар ата- ана мен үлкендер рөлін қызыға таңдайды, осылайша жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгереді.
Үлкендерде рөлдермен ауысу- инсайтқа жетудегі эффективті және тез әдіс болып табылады.
5. «Бос» орындық және «биік» орындық. «Бос» орындық техникасын қолданғанда, клиент сахнадағы бос орындықта отырған өзінің антагонистін елестете отырып, өз мәселесіне әсер етеді. Клиент бұл фантоммен өзара әрекеттеседі, тіпті рөлдерімен ауысады. Басқа сөзбен айтқанда, клиент жоқ индивид позициясынан фантомды индивидпен әрекеттеседі.
«Биік» орындық техникасын қолданғанда қарапайым орындықтың астына бірдеңе қояды, яғни басқалардан биігірек болуы керек (ол басқалардан биік болуы үшін орындыққа шығуы мүмкін). Бұл клиент- протагонистке күш беруі үшін жасалады.
«Биік» орындық тәжірибесі клиентке қауіпті шындықпен тиімді күресуге көмектеседі.
6. «Айна». «Айна» жаттығуы мазмұны бойынша «Рөлдермен ауысу» жаттығуына жақын келеді. Айна протагонистке оны басқалары қалай қабылдайтынын ұғуға мүмкіндік береді. Режиссер дәл осы әдісті қолдануға кез жеткенін сезгенде, ол клиентке шетке тұрып, оны қосымша «мені» қалай бейнелейтінін бақылағанды ұсынады. «Айна» өздерінің іс- әрекетіне сырттан қарауға мүмкіндік береді және өзінің әрекеттеріне жаңа көзқарасты қалыптастырады.
Бұл әдіс топта қолданылады. Мұнда өзін жағдайға байланысты ұстауына басты назар аударылады. «Айна» клиент пен өзінің қосымша «менінің» арасындағы визуальді және вербалды байланысты тудырады.
«Айна» техникасы «Рөлдермен ауысу» сияқты, клиентке оны басқалары қалай көреді және оған қалай әсерленетінін түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Режиссер бұл техниканы қолдану дұрыс деп санағанда, протагонист шетке тұрады немес басқа да көрермендермен бірге отырады. Ол қосымша «мен» актері оның рөлін ойнағанын бақылайды, яғни протагонистің өзін бейнелейді және протагонист жағдайының немес әрекет- қылықтың психодрамалық көрінісіндегі басқа көмекші «мендермен» әрекеттеседі. Олар клиенттің қылық- әрекетін өздері қалай көреді, солай бейнелейді. Осылайша, клиент өзінің бір бөлшегін басқалардың көзқарасымен көре алады. Бұл әдіс регрессивті және аутентифті клиенттермен жұмыста эффективті болып табылады.
7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік жағдайларды ойнау. Қатысушылар, егер драматизделген мәселелік жағдай басқалай болғанда немесе басқа жолмен шешілген болса не істейтіндерін елестетулері керек. Мүмкін болатын жағдайлар ойналады. Бұл әдіс протагонисті болашақта мүмкін болатын жағдайға дайындау.
8. «Артыңда».«Артыңда» техникасының мәні мынада, яғни клиент сахнада орындыққа көрермендерге артпен отырады, ал режиссер көрермендерді клиентті талқылауға шақырады.
9. Идеалды басқа адам.«Идеалды басқа адам» техникасын қолдану клиенттің психодрамалық әрекеттің соңында қысымдылықты төмендетуге көмектеседі, сонымен қатар өзіне деген қатынасты сезінуге мүмкіндік береді. Психодрамада бейнеленетін «басқа адам» жұбайылардың, ата- ананың, достардың біреуі болуы мүмкін. «Идеалды басқа адам»- көмекші «менді» бейнелеуші болып табылады.
10. Сиқырлы магазин.Психодрамада кең түрде қолданылатын жаттығулардың бірі «сиқырлы магазин» ойыны болып табылады. Бұл техника клиентке өмірдегі өзінің шынайы мақсаттары мен армандарын түсінуіне көмектеседі: клиент «сиқырлы магазин» сатушысымен әрекеттеседі, оны көбінесе көмекші «мен» немесе режиссер бейнелейді. Режиссер қатысушылардан сахнада дүкен ашылғанын және онда керемет заттар: махаббат, ерлік, ақыл, дарындылық және т.б. сатылатынын елестетуді сұрайды. Магазин сатушысы клиенттен төлем сұрайды, пациентке қымбат бір нәрсе. Мысалы: денсаулық, махаббат, тәуелсіздік, абырой. Бұл клиентті дилемма алдына қояды және әдетте тез арада өзінің ішкі дүниесіне үңілуге итермелейді.
Психодраманың қасиеті болып белсенді жұмысқа барлық топ мүшелерінің қатысуы табылады. Әсіресе көмекші «мен» рөліне таңдалғандар. Психодрамаға топтық нормалар, ортақ топтық тақырыптар сияқты топтық динамиканың аспектілері маңызды[29].
Тәжірибелі режиссер түрлі таңдаулы әдістемелерді қолданады, олардың көмегімен психодрамалық әрекеттің дамуын басқарады, катарсис пен инсайтты тереңдетіп, күшейтеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Психодраманың басты идеяларын қарастырыңыз.
2. Психодраманың көрнекті өкілі - Якоб Леви Морено.
3. Психодраманың мақсатын айқындаңыз?
4. Психодрама қандай жағдайда клиенттерге көмектесуге бағытталған?
5. А. Вольтман бойынша биодрама және қуыршақ драматизациясына талдау жасаңыз?
6. Психодрамадағы топтық жұмыстарға тоқталыңыз.
7. Психодрамадағы катарсистік эффектісі.
8. Психодраманың негізгі міндеттері қандай?
9. Психодраманың классикалық процедураларына (протагонист, режиссер (фасилитатор), көмекші «Мен», көрермендер, сахна) талдау жасаңыз?
10. Психодрамалық сахнаның классикалық формасы жайына сипаттама беріңіз?
11. Психодраманың негізгі фазаларына (қызу және жаттығу, өзіндік драмалық әрекет, талқылау) талдау жасаңыз?
12. Психодраманы жүргізу кезінде қолданылатын әдістемелерге тоқталыңыз
[1]Морено Я. Л. Психодрама / Пер. с англ. Г. Пимочкиной, Е. Рачковой. — М.: «Апрель Пресс»; «Эксмо-Пресс», 2001.
[2]Лейтц, Г. Психодрама. Теория и практика. Классическая психодрама Я.Л. Морено / Пер. с нем.А.М. Боковикова; общ.ред. и предисл. Е.В. Лопухиной, А.Б. Холмогоровой. - М.: Прогресс; Универс, 1994.
[3]Морено, Дж. Театр спонтанности / Пер. с англ., авт. вступ. ст. Б.И. Хасан. - Красноярск: Фонд ментального здоровья, 1993.
2.1.9. Арттерапия
Арттерапия өткен ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болды. Арттерапия (өнер терапиясы) терминнін ең алғаш рет Адреан Хилл (1938)[1] өзінің сауықтыру орталығындағы туберкулезбен ауыратын адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған.Бұл термин ауруханалар мен психикалық денсаулық сақтау орындарындағы өнермен қатысты іс-шараларда кеңінен қолданыс тапты. Психотерапияның бұл түрі өнерге негізделген, соның ішінде бейнелік және шығармашылық өнерге.
Арттерапия алғаш 3. Фрейд пен К.Г. Юнгтың теориялық идеясының контексінде туындап, кейін гуманистік даму моделінде К. Роджерс пен А. Маслоудың концепцияларында кеңінен қолданады [30].
Артерапияның негізгі көздеген мақсаты тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі айқылдауын, тұлғалық үйлесімділігінің дамуын қамтамасыз ету. К. Юнгтың айтуы бойынша өнер, әсіресе аңыздар мен мифтер адамның өзіндік тұлға болып қалыптасуына, өзін-өзі дамытуына, өзінің саналы және астарсаналы «Менін» теңестіруде өте маңызды.
Арттерапиялық әсер етудің маңызды техникасына белсенді қиял техникасы жатады. Ол адамның санасы мен астарсанасын байланыстырып, оның қайсысының белсенді екендігін анықтау.
Гуманистік бағытты ұстанушылардың айтуынша арттерапияның коррекциялық мүмкіндіктері клиентке өзін-өзі жариялауына, өзін-өзі ашуына яғни шығарымашылығының өнімі арқылы өз «менін» дәлелдеуіне, тануына жағдай жасаумен ерекшеленеді. Клиент жасап шығарған өнім немесе туынды оның өнерге деген қатынасын, көрсетеді. Шығармашылықтық нәтижесі айналадағы адамдарға ұнаған жағдайда клиенттің өзін-өзі бағалауы, өзін-өзі қабылдауы жоғарылайды.
Алғашқыда арттерапия психоаналитикалық көзқарасқа бағыттайды. Яғни клиенттің шығармашылық үрдісін көрсететіні белгілі. Арттерапияның ауқымы өте кең 1960 жылы Америкада америкалық арттерапиялық ассоциация құрылды. Осындай ассоцияциялар Англия, Жапония, Голландия сынды елдерде де пайда болды. Психиятриялық және жалпыемханаларда, клиникаларда, орталықтарда, мектептерде, абақтыларда, университеттерде жүздеген білікті арттерапевттер қызмет етеді. Артерапия өкілдері эстетикалық реакция «жағымсыз аффект жағдайынан жағымды сезімге ауысу реакциясы екендігін жеткізген. (Л.С. Выготский, 1987)[2]
Арттерапияның мақсаты.
1. Агрессивті және түрлі жағымсыз сезімдерді шығаруға орынды түрде ерік беру (суреттермен, мүсіндермен азайтудың қаупсіз жолы)
2. Емделу үрдісін жеңілдетеді. Ішкі конфликттер мен уайымдауларды вербалды түрде жеткізуге қарағанда бет келбет арқылы жеткізу жеңіл болып келеді.
3. Интерпритация мен диагностикалық қорытынды үшін қажет материал алу. Сурет өнерінің шығармалары шексіз көп, клиент олардың бар екендігін жоққа шығара алмайды. Суреттің құрылымы мен стилі клиент жөнінде мол мәлімет алуға көмектеседі.
4. Клиенттің ойы мен сезімін қайта қарау. Кейде вербалдық емес құрамдар адамның күшті уайымдаулары мен таңдануларын көрсетудің немесе жеткізудің жеңіл жолы болып табылады.
5. Психолог пен клиенттің қарым-қатынасын реттеу. Істі атқаруға бірге араласу екеуара эмпатиялық және бір-бірін қабылдау сезімдерін тудырады.
6. Іштей реттеу сезімін дамыту. Суреттермен жұмыс сезімін дамыту, Суреттермен жұмыс жасау кейде түстерді және рітінді дұрыс реттеумен ерекшеленеді.
7. Сезім мен түйсікке назар салу. Шығармашлық бейнелеу өнерімен айналысу көру мпен кинестикалық түйсінулердің дамуына, қабылдауға мол лирикідік тұрады.
8. Сурет өнерге дамыту және өз-өзіне деген бағалауды жоғарылату. Арттерапияның негізгі өнімі қанағаттану сезімі болып табылады. Ол жасырын талаптылық пен оны дамытуда туындайды.
Арт терапия топтары:
Музыкотерапия. Бұл әдіс өте тиімді болып саналады, егерде музыканы психотерапевтің өзі орындаса-сенім, қалқу өзара тығыз байланыс орнығады. Бұл әдістін жағымды жағымен қатар теріс жағы да бар-клиенттер жабығу, күйзелу сияқты сезім туатының айтады. Музыкотерапияның бағдарламасына көбіне классикалық шығармалар кіреді.
Библиотерапия адамның психикасына ем ретінде қолданылады да негізгі әдісі кітап арқылы емдеу болады. Оқу барысында клиент күнделі жүргізеді, оны талдау адамның жағдайын түсінуге көмектеседі. Бұл әдіс топтық және жеке де жүргізіледі. Оқылатын кітап тізімің психотерапевт клиенттін мәселесін а байланысты өзі таңдайды.
Имаготерапия-ол терапия мақсатында бейнелермен ойын жасау түрі (латын тілінен имаго-бейне дегенді білдіреді). Адам өзінің динамикалық бейнесін құрайды. Нақты қолдану тәсілдері әр түрлі болып келеді: әдеби шығармаларды, алдын ала берілген диалогқа ауыстырып айтып беру, импровизациялық диалог, алдын ала берілген жағдайды импровизациялау, халық ертегілерін драматизациялау және айтып беру, әңгімені театрлау, спектакльдегі роль т.б.
Би – терапиясы. Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады.Ерте заманда би сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған.Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті (Langer,1953).Бидің көмегімен ауру адамдарды емдеуге тырысты.Биге еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштарымен немесе мыстанмен, әруақтармен теңестірді. Қазіргі таңда би терапиясы топтарында күш негізінен бұлшық ет қысымын төмендетуге және қимылды дамытуға бағытталған. Би терапиясы мазасыз адамдарды қоғам өміріне қосу мақсатымен қолданылса, онда Салливан ұсынған теория, яғни әлеуметтану мен қарым-қатынастары теориясы қолданылады. Би терапиясының топтарында терапевт топ мүшелері үшін би билеуде әріптес бола отырып, сонымен қатар басқарушы да болады және қатысушылардың әрекет арқылы дамуына көмек береді.Терапевтің басты қызметі – қатысушылар бір-бірімен байланысқа түсу үшін,өздерін танып,қоршаған ортамен қарым-қатынастарын түсіну үшін,жайлы және қауіпсіз жағдай жасау.
Топты басқарушы қатысушылардың вербалды емес қатынастарына зейін аударуы керек және осы қатынастарды терапевтік мағынада тиімді қылу үшін эмпатия таныта білуі керек. Би терапиясында эмпатия тек вербалды түрде ғана емес,сонымен қатар физикалық деңгейде де көрінеді.
Арттерапияның элементтерін қолдану топтық жұмыста, қиянды тереңдетуде, конфликттерді шешуде, топ мүшелелері арасындағы қатынасты реттеуде аса маңызды.
Арттерапия көп жағдайда отбасының мәселелерді шешуде қолданылады. Ол үшін отбасы мүшелерге бірігіп (шығармашылық) сурет салуды немесе нақты сәттегі отбасының жағдайын бейнелейтін туынды жасап шығаруын тапсырады[3].
Арттерапия ішкі конфликттерді, күшті эмоцияларды, уайымдауларды шығаруға, клиенттің өз сезімдерін тани білуіне көмектеседі[4]. Арттерапия топтық және индивидуальдық тұрғыда да жүргізіледі [31]. Арттерапияны жүргізу психолог үшін үлкен біліктілік пен дайындықты талап етеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Арттерапияның психологиялық кеңес беруге ену барысына тоқталыңыз?
2. Артерапияның мақсат- міндеттері.
3. Арттерапиялық әсер етудің маңызды техникасы.
4. Кеңес беру барысында қолданылатын арт- терапиялық әдістерді сипаттаңыз.
5. Арттерапия топтарына талдау жасаңыз?
[1]Адриан Хилл (1895-1977) был британским художником и первоткрвателем Арт-терапии. Он изучал живопись в школе искусств Св. Иоанна, в Королевском колледже искусств. В 1942 году Хилл впервые использовал термин арт-терапия и в 1945 году опубликовал свои идеи в художественной книге «Искусство против болезней».
[2] Выготский, Л.С. Психология искусства. Спб: Азбука,2016
[3]Kramer E. Art is therapy. Collected papers.N.-Y., 2001. - 272 p.
[4]Waller D. Group Interactive Art Therapy.Its Use in Training and Treatment. London: Routledge, 1993.
2 нші бөлім бойынша ұсынылатын әдебиеттер
1. Freud S. (1910) The future prospects of psychoanalytic therapy// Standard edition. V. 11. London: Hogarth.l966.-P.139-151.
2. Фрейд.Введение в психоанализ. Переводчик: Г.В.Барышникова - Москва, 2019 Издательство: АСТ. Жанр: Зарубежная психология.
3. Юнг К. Г. Психология бессознательного. — М.: Когито-Центр, 2010. — 352 с.
4. Юнг К. Г. Архетип и символ. — Москва, 1991. — 304 с.
5. Юнг К. Г. Подход к бессознательному: монография - Москва: Директ-Медиа, 2007
6. Юнг К. Г. Психологические типы: монография - Москва: Директ-Медиа, 2008
7. Юнг К. Г. Аналитическая психология - Москва: Современный гуманитарный университет, 2001
8. Бихевиоризм // Ждан А. Н. История психологии : от Античности до наших дней. – М., 2008 ; // Psyarticles.ru : статьи по психологии : . 2008-2010.
9. Уотсон Д. Поведение как предмет психологии (бихевиоризм и необихевиоризм) // Хрестоматия по истории психологии / под ред. П. Я. Гальперина, А. Н. Ждан. – М., 1980. – С. 34-44 ; // Логистон : 1998-2008.
10. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. Теория и опыт. - М.: Академия, 2001 - 240с.
11. Карпенко Л. А., Ярошевский М. Г. Толмен Эдуард Чейс // История психологии в лицах. Персоналии / Ред.-сост. Л. А. Карпенко, под общ. ред. Л. В. Петровского. — М: ПЕР СЭ, 2005. — С. 470—471.
12. Абдурахманов Р. А. Молярный бихевиоризм Э. Толмена // История психологии: идеи, концепции, направления. — М: НОУ ВПО МПСИ, 2008. — С. 211—213.
13. Леонтьев Д.А. Гуманистическая психология как социокультурное явление // В сб. Психология с человеческим лицом. Гуманистическая перспектива в постсоветской психологии. - М., Смысл, 2005.
14. Роджерс K.P. Клиентоцентрированный/ человекоцентрированный подход в психотерапии / Пер. с англ. Орлова А.Б., Матюхиной Э.В., Шевелевой А.Ю. //Вопр. психол. 2001. №2. - С. 48-58.
15. Сартр Ж.-П. Экзистенциализм — это гуманизм // Сумерки богов. — М.: Политиздат, 1989. — С. 319–344.
16. Мэй Р. Истоки экзистенциального направления в психологии и его значение / В кн.: Экзистенциальная психология. Экзистенция / Пер. с англ. М. Занадворова, Ю. Овчинниковой. — М.: Апрель Пресс, Изд-во ЭКСМО-Пресс, 2001. — С. 113.
17. Клюева, Н. В. Экзистенциальная традиция в психологическом консультировании : учеб . пособие / Н. В. Клюева, Н. С. Головчанова ; Яросл. гос. ун- т им. П. Г . Демидова. – Ярославль : ЯрГУ, 2009. – 120 с.
18. АльфредАдлер: Очерки по индивидуальнойпсихологии.Издательство: Когито-Центр: 2002
19. Перлз Ф. Теория гештальт-терапии. – М.: Институт Общегуманитарных Исследований, 2004. – 384 с.
20. Гингер С., Гингер А. Гештальт-терапия контакта. - СПб.: Специальная литература, 1999. - 433 с.
21. Трансактный анализ в психотерапии: Системная индивидуальная и социальная психотерапия / Пер. с англ. А. Калмыкова и В. Калиненко. — М.: Академический Проект, 2006. — 320 с.
22. Берн Э. Игры в которые играют люди. Люди, которые играют в игры / Эрик Берн. - Москва: Эксмо, 2012.- 575 с.
23. Берн, Эрик Игры, в которые играют люди. Психология человеческих взаимоотношений. Люди, которые играют в игры. Психология человеческой судьбы / Эрик Берн. - М.: Прогресс, 1988. - 400 c.
24. Гулдинг Р, Гулдинг М. [ Goulding R., Goulding M.]Психотерапия нового решения. Теория и практика[электронный формат] // пер. с англ. М.: Класс, 1997.
25. Woltman A. G. The use of puppetry as a projective .method in therapy.— In: Anderson H.H., Anderson G.L. (eds.). An introduction to projective methods. N.Y., 1951. — 611 p.
26. Морено, Я.Л. Психодрама / Пер. с англ.Г. Пимочкиной, Е. Рачковой. - М.: Апрель Пресс: ЭКСМО-Пресс, 2001.
27. Сидоренко Е.В. Психодраматический и недирективный подходы в групповой работе. СПб.: Речь, 2002. 89с.
28. Морено 3. Психодрама: ролевая теория и концепция социального атома// Эволюцияпсихотерапии. Т. 3. М., 1998.
29. Холмс П. Внутренний мир снаружи. Теория объектных отношений и психодрама / Пер. с англ. — М.: «Класс», 1999. — 288 с.
30. Никитин, В.Н. Арт- терапия: Учебное пособие / В.Н. Никитин – М.: Когито- Центр, 2014.-328с
31. Лебедева Л.Д. Практика арт-терапии: подходы, диагностика, система занятий. СПб. 2007.