Соналардың түрлік құрамын, экологиясын, таралу заңдылықтарын зерттеу стационарлық пункттерде, сондай-ақ Павлодар облысының барлық табиғи аймақтарында әртүрлі меншік нысанындағы шаруашылықтарда және ірі елді мекендердің маңында маршруттық зерттеумен жүргізілді. Тексеру 15-тен астам елді мекенді қамтыды: Ертіс ауданының Қызылжар, Амангелді ауылдары, Май ауданының Саты ауылы, Железинка ауданының Железинка ауылы, Шарбақты ауданының Шалдай ауылы, Есілбай ауылы, Аққулы ауданының Тереңкөл ауылы, Шарбақты ауылы, Павлодар ауданының Ақсу ауылы, Баянауыл ауданының Сабындыкөл көлі, Павлодар қаласының маңайы.
Соналарды жинау және экологиялық бақылау жалпы қабылданған әдістермен жүргізілді [133].
Соналарды энтомологиялық тормен ұстадық, Аралханов М. С. модификациялаған Павлов С. Д. және Павлов Р. П. арнайы зығырлауық тәрізді тұзағын қолдандық.
Соналар санының маусымдық өзгерістері олардың көктемде пайда болғаннан бастап күзде жоғалып кеткенге дейінгі онкүндікте бір рет тұрақты жинау арқылы зерттелді. Сағат 8-ден 20-ға дейін әр сағаттың басында 20 минуттық есептік аулау жүргізілді. Температура мен ылғалдылық Ассман психрометрімен, желдің күші − Фусс анометрімен, жарық − Ю−16 люксометрімен анықталды.
Соналардың жұмыртқалары әр түрлі тұрақты су қоймаларының (ескі арна, көлдер, батпақтылық) жағалауларында, жер үсті өсімдіктерінде табылды.
Дернәсілді топырақтан оны ылғалды және борпылдақ жерлерде 8–15 см тереңдікке, 1 м2 аумаққа қазып алынды, жалпы қабылданған әдістермен зерттеді [48].
Соналардың түрлік құрамын, олардың таралуы мен түрлердің арақатынасын сапалы және сандық бағалау үшін индекстер қолданылды: В. Н. Беклемишев бойынша молшылық (МИ – бір жануарға шаққандағы даралардың орташа саны), үстемдік (ҮИ – түрлердің пайыздық қатынасы).