1 Павлодар облысы соналарының түрлік құрамы 6 туысқа жататын түр тармағымен 35 түрден тұрады − Hybomitra (37 %), Tabanus (26 %), Chrysops (14 %), Haematopota (11 %), Atylotus (9 %) және Heptatoma (3 %). Түрлік құрамының негізін алғашқы төрт туыстың өкілдері құрайды.
2 Ертіс өзенінің орта ағысының алқабында − Tabanus аutumnalis (ҮИ − 24−30,1 %), Hybomitra nitidifrons confiformis (ҮИ − 23,5−26,7 %), H. сiureai (ҮИ – 11,4−13,6 %), H. distinquenda (ҮИ – 10−13,7 %), Баянауыл таулы-орманды алқабында Haematopota pluvialis (ҮИ − 24,7 %), T. b. bromius (17,3 %), H. nitidifrons confiformis (ҮИ − 16,1 %), Atylotus rusticus (ҮИ − 14,3 %) басым түрлері болып табылады. Аймақтың барлық жерінде саны аз немесе сирек кездесетін түрлеріне H. muehlfeldi, Chrysops relictus, Haem. subcylindrica, H. lundbecki lundbecki, H. m. montana, H. m. morgani, Haem. pallidula, Heptatoma pellucens және т. б. жатады, ал Баянауыл таулы-орманды алқабында саны аз түрлер қатарынан T. bovinus, T. Maculicornis, сондай-ақ H. nitidifrons nitidifrons, H. distinquenda, H. sareptana, Haem. turkestanica, Haem. Subcylindrica сирек кездеседі.
3 Қазақстан соналарының фаунасы үшін алғаш рет Heptatoma pellucens F., ал Ертіс өзенінің алқабы үшін H. lurida, H. l. lundbecki, H. bimaculata, H. montana morgani, T. maculicornis, H. erberi, Haem. Pallidula келтіріледі. Баянауыл таулы-орманды алқабындағы соналардың түрлік құрамы T. maculicornis, H. erberi, T. bovinus, Haem. pallidula толықтырылған.
4 Ертіс өзенінің алқабында гемагидробионтты соналары (Chrysops туысы) дернәсілдерінің негізгі мекендеу орны ағыстар, арналар, өзендер, жайылма көлдер, «қарасу» болып табылады. Баянауыл таулы-орман алқабының дала аймағында және тау бөктерінде соналар Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр ірі көлдерінің жағалауларында және батпақты жерлерде көбейеді.
5 Зерттелетін аймақтың соналарының түрлік құрамы гетерогендік сипатқа ие және бореуразиялық, жерорта теңіздік және афроеуразия фаунасының түрлеріне жататын әртүрлі фауналық топтардан тұрады. Аймақ соналарының түрлік құрамының негізін бор-еуразиялық типтегі (22; 62,85%) фауналық топтардың элементтері (тайгалы-орманды, тайгалы-шығыс сібірлік, еуропалық-сібірлік орманды, орманды-далалық) құрайды. Орманды дала (8; 36,4 %) және еуропалық-сібірлік орманды кешенінің өкілдері (7; 31,8%) басым. Аймақтың барлық табиғи-климаттық аймақтарында тайгалы-орманды соналарының 6 түрі (27,3 %) кездеседі және тайгалы-шығыс сібірлік кешеннің тек бір түрімен көрсетілген.
6 Ертіс өзенінің жазық дала аймағында мен интрабелдемдік ландшафтта соналар маусымның бірінші немесе екінші онкүндігінде ұшуды бастайды және тамыздың үшінші онкүндігінің соңында белсенділігін аяқтайды. Баянауыл таулы-орманды алқабында соналардың ұшу белсенділігі маусымның екінші және үшінші онкүндігінде басталады. Аймақтың барлық жерінде соналардың жаппай ұшуы маусымның екінші жартысында және шілдеде атап өтіледі. Соналар адамдар мен жануарларға таңғы сағат 9–11-ден кешкі сағат 20–21-ге дейін шабуыл жасайды, олардың көп саны күндізгі 14–16 сағат аралығында болады. Соналардың тәуліктік белсенділігінің жалпы ұзақтығы – 12 сағат.