10-ТАРАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

Осы тарауда біз тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктедік, адамзат өркениетінің дамуындағы жазу мен кітап бастыру ісінің маңыздылығын анықтап алдық, адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттадық, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлін талдадық, мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін, оның ерекшеліктері мен артықшылықтарын анықтай отырып салыстырдық, жоғары оқу орындарының пайда болу тарихын, олардың ортақ даму тенденцияларын анықтай отырып зерттеу жүргіздік, ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университет тердің рөлін талдадық, тарихи даму контекстінде жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды анықтап алдық, заманауи жоғары білім беру үлгілерін салыстырып, артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтадық. Білім берудің экономикалық өсуге әсерін зерттеп, сараладық.Алғашқы ашылған университеттердің өткені мен бүгінгісіне тән қызықты мәліметтерді білдік. Әлемдегі ерекше мектептер бар екенін оқып, талдап білдік. Ағартушылық дәуірдің еуропаның мәдениетінің дамуына тигізген ықпалын анықтадық. Әлем университеттеріні рейтингі туралы зерттеулердің нәтижесімен таныстық. Болон процесінің мақсатын түсіндік. Жоғарғы оқу орындарының қалыптасу және даму тарихын талдадық. Жоғарғы білім беру жүйесінің дамуын білдік. Жоғары оқу орындарының заманауи модельдерінің түрлерімен таныстық.