Ғылымды танып-білуде ережеден мысал пайдалырақ.
Исаак Ньютон
11-ТАРАУ. ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ
− мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция»ұғымдарын қолдану;
− қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау;
− әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін «ғылыми-техникалық прогресс» ұғымын қолдану;
− қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешудегі ғылымитехникалық прогрестің дамуының ықтимал жолдарын болжау;
− адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау;
− робототехника және космонавтиканың мемлекеттердің бәсекеге қабілетті дәрежесіне әсерін зерттеу;
− ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін «гендік инженерия», «нанотехнология», «энергияның балама көздері» ұғымдарын қолдану;
− жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау;
− қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндіру