11-ТАРАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

Осы тарауда біз мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция» ұғымдарын қолдандық, қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағаладық, әлеуметтік-экономикалық процестердің ерекшеліктерін түсіндіру үшін «ғылыми-техникалық прогресс» ұғымын қолданып көрдік, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуының ықтимал жолдарын болжадық. Жаңа ғылыми бағыттардың жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін анықтап, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндік. Ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз ықпалы туралы толығырақ білдік. Ғаламдық мәселелерді шешудің баламалы жолдарын болжадық. Өнеркәсіп төңкерісінің кезеңдерімен танысып, дамудың болашақтағы жолдарын болжадық. Ғылыми-техникалық революцияның шаруашылық құрылымына ықпалын түсініп, сараладық. Fылыми-техникалық революция өзгеріс әкелген салаларды анықтап, талдадық. Жаһандық проблемалардың туу себептерін анықтадық. Жаһандану үрдісінің оң және теріс әсерін талдадық.