Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды.
Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді.
Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер − әрі тарихи сын-қатер, әрі ұлтқа берілген мүмкіндік.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев
12-ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ
− мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін «өнеркәсіп революциясы», «ғылыми-техникалық революция»ұғымдарын қолдану;
− қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсерін зерттеу;
− адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау;
− ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін «гендік инженерия», «нанотехнология», «энергияның балама көздері» ұғымдарын қолдану;
− робототехника және космонавтиканың мемлекеттердің бәсекеге қабілетті дәрежесіне әсерін зерттеу;
− ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін «гендік инженерия», «нанотехнология», «энергияның балама көздері» ұғымдарын қолдану;
− жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау;
− қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндіру.