Нұрсұлтан Назарбаев
§33 Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық проблемалары
ЕСІҢЕ ТҮСІР! |
БІЛУ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАНУ: |
– Өнеркәсіптік революцияның Англияда басталуының себебін анықтаңыздар. |
– робототехника және космонавтиканың мемлекеттердің бәсекеге қабілетті дәрежесіне әсерін зерттеу; – ғылымның заманауи тенденцияларының дамуын түсіндіру үшін «гендік инженерия», «нанотехнология», «энергияның балама көздері» ұғымдарын қолдану; – жаңа ғылыми бағыттар жетістіктерінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін талдау; – қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын түсіндіру. |
ТІРЕК СӨЗДЕР |
|
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, инновация, технопарк,технополис, ақпараттық қоғам. |
Адамзат қоғамының даму тарихындағы ғылым мен техниканың өркендеуіне шаруашылықтың үздіксіз жетілдірілуі себеп болды. Ғылыми-техникалық үрдіс XX ғасырдың екінші жартысында аса жедел қарқынмен дамып, әлемнің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды.
15-сызба. ҒТР-дың құрылымдық бөліктері мен негізгі белгілері
Уақыттың белгілі бір шеңберінде дамудың жоғары сатысына көтерілуге себеп болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі ғылыми-техникалық революция деп аталады. XX ғасырдың 80-90-жылдарынан жоғары дамыған елдерде басталған ғылыми – техникалық революция әлемнің әртүрлі аймақтарында әртүрлі деңгейде өтті. Дәстүрлі ғылыми – техникалық революция жағдайында адамзаттың және өндірістің жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысы қамтамасыз етіледі. Осы құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегейлі өзгерткен «секіріс» ретінде бағаланып, ғылымитехникалық революция деп аталды. Адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштердің тұрақты дамуы ғылыми-техникалық прогрестің үнемі жетілуіне себепші болған .
ҒТР-дың жан – жақтылығы және аумағы дүниежүзінің барлық елдерінің географиялық ортаның әр бөлігін қамтуымен, адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі.
FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Әлемнің дамыған алдыңғы қатарлы елдерінде ғылымды дамытып қана қоймайды, оның жетістіктерін бірден өндірісте қолдану тәжірибесі енгізілген. 1983 жылдан бастап Жапонияда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады. Елде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен және де ғылыми-зерттеумен айналысатын 400-ден астам университеттер бар. Бұл елде «Білім беру – ғылым – өндіріс» жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан. ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы жоғары деңгейде. Ғылым мен техникаға енген жаңалықтар тез арада тіркеліп,иесіне патент табыс етіледі. Кезкелген жаңалық бағаланып, патент берілген күннен жаңалықты өндіріске енгізудің арасындағы мерзімді созбау дамыған елдерге тән. Себебі, бұл жобалардың өндірістің тиімділігі мен өнім сапасын арттырып экономиканың даму дәрежесіне тікелей әсер ететіні сөзсіз. Бірінші өз елінде тәжірибеде қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.
1. осы салада жұмыс істейтіндер саны,
2. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бөлінетін қаржының көлемі,
3. жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы жекелеген елдердің ғылым мен техникадағы күші болып есептеледі.АҚШ, Жапония және Германия сияқты елдерде ғылым мен техника саласында жұмыс істейтіндер саны жағынан жетекші орында келеді.
Ғылыми – техникалық революцияның негізгі белгісі өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Өте қысқа уақытта факс, модем, электрондық пошта сияқты электрондық және ғарыштың байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды. Ғылым мен өндірістің ұштасуы нәтижесінде Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деген атпен ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта жұмыс істейді.Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады. Бүгінгі күні елімізде 4 технопарк жұмыс істейді.
Электронды қосымшамен жұмыс
Ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз ықпалы туралы толығырақ оқыңыз.
ХХ ғасырдың соңғы онжылдында ғаламдық проблемалар деп аталатын әлем халықтарының арасында көптеген күрделі және шиеленіскен проблемалар туындады. Ғаламдық проблемалар бүкіл әлем мен жер шарының әр бөлігін қамтиды, барлық мемлекеттер мен халықтардың бірігіп әрекет етуін талап етеді, адам баласының бүгіні мен ертеңіне қауіп төндіреді, бүкіл адамзат қауымын қамтиды, шешілуіне бірігіп күш жұмсауды қажет етеді. Өркениеттің ,тіршіліктің бүкіл өмірлік мүдделерін қозғайтын адамзаттық проблемалар ғаламдық проблемаларға жатады.
Электронды қосымшамен жұмыс
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері туралы оқыңыз.
Адам осыдан 100 жыл бұрын ешқашан естімеген жаңа аурулар шығып жатыр, ең дамыған елдердің өзінде , психикалық аурулар мен агрессия көріністерінің саны күн сайын артып келеді; бұлардың қасында жойқын табиғи және техногендік апаттар қалыпты жағдай сияқты болып жатыр. Психикалық ауытқулар мен патологиялар аурулар пайда болуына прогрестің де әсері бар. Алайда бұл аурулар техника жетістіктерін дұрыс қолданбаудан пайда болатыны анық. Адам мен әлемге прогрессивті даму көптеген мүмкіндіктер беріп отыр. Мидың белсенділігін жазып алуға, атомды көруге және қарапайым бөлшектерді басқаруға қазіргі заманғы технология мол мүмкіндік береді.
19-кесте. Ғаламдық мәселелер тобы
Проблемалар |
|
Саяси |
Қырғиқабақ соғыс аяқталған соң, бейбітшілікті сақтау мәселесі өзекті болып табылмады. Жер планетасындағы қару-жарақтың қоры азайса да, тіпті олардың 1% жарылысы планетада өмірдің бұзылуына әкелуі мүмкін. Халықаралық қоғамдастық барлық күш-жігерін халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қару-жарақпен күресуге, халықаралық істерді шешуде зорлық-зомбылықтан бас тартуға, елдер арасындағы арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталуы тиіс.Орасан зор қорлар мен ресурстардың жаппай қарулануға жұмсалуын доғарып, қаржыны басқа мәселелерді шешуге жұмсау керек. |
Экономикалық |
Бұл бағыттың динамикалық стратегиясыз және теңдестірусіз дамуы, тұрақты экономикалық өсу, сондай-ақ, әлеуеттің қазіргі және болашағы үшін табиғи ресурстардың мүмкіндігін ұтымды пайдаланбаса әлеуметтік тұрақтылық орын алмауы мүмкін. Бұл бағдарламаны іске асыру тек жекелеген елдердің экономикалық өсіміне ғана емес, сонымен қатар бүкіл адамзаттың дамуына да үлес қосуы мүмкін. |
Экологиялық |
Адамның өмір сүру ортасының күрт нашарлауы (биосфера) жердің, судың, атмосфераның улануы мен ластануы (қазіргі өркениеттің жүйелік дағдарысы) болып табылады. Экологиялық дағдарыс атмосфераның табиғи балансының, атмосфераның газ қабатының, атмосфераның озон қабатының бұзылуынан көрінеді. Атмосферада көмірқышқыл газының үлесінің артуы дүние жүзі ғалымдары «жылыжай эффектісі» деп атаған қауіпті жағдайға апарып соғуы мүмкін. Оның мәнісі – көмірқышқыл газы күн сәулесін әйнек тәрізді өткізіп отырғанымен, жер бетінен бөлінетін жылуды өткізбейді, соның салдарынан климат жылынады. Бұл өз кезегінде мұздықтардың көлемінің азаюына, жауын-шашын мөлшерінің, желдер мен мұхит ағыстарының бағыттарының өзгеруіне алып келеді. Табиғи апаттар әлемге экологиялық қауіп төндіріп тұр. Энергетикалық проблема, шикізат ресурстарының сарқылу проблемасы және азық-түлік проблемасы, экологиялық проблема барлығы да өзара тығыз байланысты. |
Әлеуметтік |
Соңғы онжылдықта әлем халқының өсу жылына 2%-ке жетті. Азия, Африка, Оңтүстік Американың дамушы елдерінде халық саны жылдам өсіп, Еуропаның дамыған елдерінде бала туу төмендеп келеді. Дамушы елдерде биосфераға демографиялық қысым пайда болып отыр, оның ішінде аштық, жаппай сауатсыздық, ауру салдарынан әлеуметтік-экономикалық қайшылық шиеленісіп кетті.Дамыған елдерде – тұрғындар қартайып, жұмыс істейтін халықтың азайып, әлеуметтік шиеленістер, ұлттық-этникалық, нәсілдік және басқа да қақтығыстар туындап отыр. |
Ғаламдық мәселелерді шешу жолдары:
1. Адамзат өркениетіне аса қауіп төндіретін, термоядролық әлемдік соғысты болдырмау,жаппай қырыпжоятын ядролық қаруларды қысқарту,жою, қолдануға тиым салу;
2. Азия,Африка,Латын Америкасының дамушы елдерін мекендейтін халықтар арасында экономикалық, мәдени ,саяси теңсіздікті жою,
3. Адамзаттың табиғатты ластауынан, табиғи ресурстарды үнемсіз пайдалануынан туындаған экологиялық проблемаларды болдырмау, шешу шаралар қарастыру;
4. Дамушы елдердегі халықтың өсу қарқынын төмендету және дамыған капиталистік елдерде демографиялық дағдарысты еңсеру.
5. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияның кері әсерін болдырмау.
6. Алкоголизм, нашақорлық, қатерлі ісік аурулары, СПИД, туберкулез және басқа да аурулармен күресуді көздейтін әлеуметтік денсаулықты төмендету үрдісін еңсеру.
ХХІ ғасыр оқырманына
Клаус Швабтың «Төртінші өнеркәсіп төңкерісі» кітабынан
Ал төртінші индустриялық революцияның басталар тұсы қазіргі уақытпен
сәйкес келеді. Сандық дәуірдің уақыты келді дегенді әркім әрқалай түсінеді.
Көпшілік санасында цифрлы заман бейнесі түрлі смартфондар, озық технология үлгісімен жасалған компьютерлер кейпінде өмір сүреді. Рас, бұлардың барлығы осы төртінші индустриялық революцияның ассоциацияларына кіреді. Дегенмен, нағыз төртінші индустриялық революцияның бейнесін моторсыз көліктер (Tesla), дизруптивтік платформалар (Airbnb, Alibaba, Uber), жүргізушіні қажет етпейтін
автомобильдер (Google компаниясы 2010 жылы жария етті), адам күшін алмастыратын роботтар бере алады. Әлемдегі технологиялық өндіріс деңгейі секунд санап өсуде.
Біліп жүріңіз!
«Жаһандану шынайы болмысты бейнелейтін құбылыс ретінде емес, жыртқыш капитализмнің идеологиясы ретінде көрініс табады: миллиондаған адамдар жапа шегуде, жиналған ақшалай қорлар жойылған, ондаған жылдар бойына қымбат бағаның құнымен қол жеткізілген кедейлікпен күресудегі ілгерілеуге үлкен қауіп төнуде» (БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан)
«Техника қаншама дамып жетілгенмен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» (Бауыржан Момышұлы)
«Кез келген жеткілікті дамыған технологиясы сиқыр сияқты» (Артур Кларк)
Электронды қосымшамен жұмыс
1. ҒТР туралы Н.Ә.Назарбаевтың пікірімен танысыңыз.
2. «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі» туралы оқыңыз.
Сұрақтарға жауап берейік
1. Ғылыми-техникалық революция дегеніміз не?
2. ҒТР-дың басты белгілері мен бөліктеріне нелер жатады?
3. ҒТР-дың әмбебаптылығы мен ауқымдылығы қалай түсіндіріледі?
4. Неліктен ғылыми-техникалық революция мен ғылыми-техникалық прогресс адамзат тарихында маңызды орынға ие?
5. Сіздің ойыңызша ғылыми-техникалық революция мен ғылыми-техникалық прогрестің адамзат үшін ең басты жетістігі қандай?
Ойланайық, талқылайық
Кестеде берілген атаулардың ғаламдық проблемалардың пайда болудағы рөлін сараптаңыз. Ғаламдық проблемалар өзінің бір-бірімен әрекеттесуінде мынадай үшбұрыш құрайды.
Талдап, салыстырайық
1.ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалын талдаңыз.
ҒТР-ның құрамдас бөліктері |
Ықпалы |
ғылым |
|
техника мен технология |
|
өндіріс |
|
басқару |
|
2. FTP өзгеріс әкелген салаларды анықтаңыз.
шаруашылықтың салаларына |
|
еңбектің сипатына |
|
адамдардың мәдениеті мен мінез-құлығына |
|
Дәптерге орындайық
Әлемдік жаһандану үрдісінің Қазақстанға қазіргі және болашақтағы әсері қандай?
Сала бойынша |
Күшті жақтары |
Әлсіз тұстары |
экономикалық |
|
|
саяси |
|
|
мәдени |
|
|
әлеуметтік |
|
|
|
Мүмкіндіктері |
Қауіпті жағы |
Қолданып көрейік
1.Жаһандық проблемалардың туу себептерін анықтаңыз.
Жаһандық проблемалар |
Туу себептері |
ресурстар |
|
азық-түлік немесе ашаршылық |
|
энергетикалық |
|
демографиялық |
|
климаттың өзгеру |
|
экологиялық |
|
кедей елдердің артта қалуын жою |
|
қауіпті ауруларды жою |
|
әлемдік мұхит пен космосты игеру |
|
қылмыспен және терроризммен күрес |
|
наркобизнеспен күрес |
|
2. АКТ-ны пайдалану арқылы суреттегі саяси оқиға мен кездесулер туралы түсіндіріңіз.
1991 жыл 29 тамыз |
1992 жыл 5 қазан |
2016 жыл 1 сәуір |