Нұрсұлтан Назарбаев
§34 Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар
ЕСІҢЕ ТҮСІР! |
БІЛУ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАНУ: |
– Ғылыми-техникалық революция дегеніміз не? – Ғаламдық жылынудан не күтуге болады? |
– ақпараттық технологиялардың қоғамның дамуына әсерін зерттеу; – адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжау. |
ТІРЕК СӨЗДЕР |
|
Ақпарат технологиясы, интернет, технология, гаджет, смартфон, ноутбук |
1872 жылы технология ұғымы әлемдік техника мен ғылыми жетістіктер пайда бола бастағанда енгізілді. Латын тілінен аударғанда «технос» – кәсіп, өнер, шеберлік; «логос» –«ілім», «ғылым», «пән» деген мағынаны береді. Грек тілінен аударғанда «технология -өнер, шеберлік, біліктілік» деген мағынаны білдереді. Технология дегеніміз – белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекеттердің тізбегі.1777 жылы Иоганн Бекманн «Технологияға кіріспе» атты еңбегінде «технология» терминін ғылыми қолданысқа енгізді . « Өнертапқыштық өнерді, олардың өнері мен қолөнер саласындағы жетістіктерін шолуды «техникалық өнердің тарихы» деп атауға болады» деп жазды. 1822 жылы В.М.Севергин металдар, минералдар, ағаш, жанғыш материалдар, қоректік заттар, химиялық өнімдер, жануарлардың терісін өңдеу,маталар, қағаздар, құралдар сияқты технологияның 10 бөлігін анықтады.
Түрлі құралдар мен әдістердің көмегімен технологиялық процесстер жүзеге асады.Ақпараттық технологияақпараттық түсініктер мен технологияларды біріктіріп, есептеуіш құралдарын пайдалана отырып ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау қызметтерін жүзеге асыру.Бүгінгі таңда әлемде ақпараттық технологиялар әрбір адамның өмірінде маңызды орын алып отыр. Бүгінгі таңда мобильді телефон, планшет, ноутбугы жоқ адамдарды көзге елестету мүмкін емес болып отыр. 90-жылдары балалар «қасқыр» немесе тетрис деген ойын ойнаса, қазіргі балалар гаджетке тәуелді болып қалды. Ақпараттық технологиялар адамзаттың өміріне терең еніп, адамды ішкі, сыртқы нақты әлемнен алшақтатып, техникалық құралдарға тәуелді етіп қойды. Адамдардың барлығы телефонмен ғана байланысқа түсетін дәрежеге жеттік. Ақпараттық технологиялардың ғылымға енуі үлкен жетістік болды. Қазіргі кезде барлық әлеуметтік сауалнамалар мен зерттеулер социологиялық деректерді өңдеу және оларды талдау, есеп беру және ұсыну компьютерлердің көмегімен жасалады. Оқушының да, мұғалімнің де компьютерсіз, әсіресе интернетке қосылмаса мүмкіндігі шектеліп қалады. Сабаққа дайындық немесе ақпарат іздестіруді интернетсіз істей алмайды. Түймешікті бассаң барлық қолжетімсіз ақпаратты лезде тауып ала қоясың. Жаңа өнертабыстың көпшілігі адамның ыңғайлылығы үшін жасалған. Смартфон арқылы «ақылды» үйді басқарып, пульт арқылы машинаны басқарып кетесің. Бұл ғажайып емес пе... Адам жайлы жағдайға,қолайлы нәрсеге тез үйренеді ғой. Есесіне, рухани құндылықтар жойылып бара жатқандай ма қалай...? Театрға, көрмелерге немесе музейлерге барушылардың саны азайып барады, себебі оны үйде отырып-ақ телефон мен теледидардан интернеттен жүктеп алып та көре беруге болатын уақыт келді. Сөйлемей-ақ, SMS-пен дауысты хабарлама жіберу оңайырақ болды. Смартфон арқылы «ақылды» үйді пульт арқылы машинаны басқаратын уақытқа жеттік.
Бұл қызық!
– «Хакер» деген сөз радионың арқасында пайда болған. Құпия радиобекеттердегі парольді бұзатын адамдар осылай аталған.
– қызық естіледі, бірақ әлемде арнайы таңдап алынған жеті бағдарламашы бар, «интернеттің кілттері» соларда сақталған дейді. Оларда әлемдегі бүкіл интернет желісін қайта жүктей алатын шифрланған электрондық карта бар.
– әлемде адамдардың 48 %-ын құрайтын 4 миллиард халық интернетті пайдаланады.
Ақпараттық технологиялар адамдарды тосқауылға әкеле жатыр,бұл «әлеуметтенудің» табысты жолын жауып тастағандай, адамдар мінез-құлық үлгілерін, психологиялық көзқарастарды, әлеуметтік нормалар мен құндылықтарды игере алмайтындай кезеңге тірелген сияқты. Әсірессе жастар достарымен кездесудің, кітап оқудың орнына телефонда немесе әлеуметтік желілерде көп отыратын болды. Ақпараттық технологиялар ғылымға еніп кетті, енді әлеуметтік сараптаманы компьютерсіз елестету мүмкін емес. Қажетті барлық ақпараттар мен мультимедиялық технологиялардың барлық түрлерін қамтитын ақпараттық технологияның жетістіктерін қолдану мұғалімдер мен студенттерге өмірді жеңілдетуге мүмкіндік берді.
Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдануды егжей-тегжейлі қарасақ, онда компьютерді «мұғалім» деп те айтуға болады. Компьютерлік модельдеу студенттің «өмірін» жеңілдетуге, оған сызбалар немесе эксперименттер сияқты күрделі тапсырмалармен көмектеседі. Оқу үдерісінде компьютерді қолдану арқылы қажетті ақпаратты жинап, шешім қабылдап нәтижелерді зерттей аласың. Ғаламдық IT-технологияларды қолдану адамдарға қажетті ақпаратты табуды жеңілдетіп қана қоймай, өзін интеллектуалды тұрғыда оңайырақ дамытуға аса мол мүмкіндік береді.Егер өткен ғасырдың басында өмір сүрген адамдардың білім деңгейін осы уақыттағы біліммен салыстырсақ ғаламат өзгерістерді байқауға болады.
Электронды қосымшамен жұмыс
Ақпараттық технологияның қоғамға және оның дамуына әсері туралы толығырақ оқыңыз.
Болашақты бұрын қалай елестеткен?
Тарихи құжат
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын, соның ішінде әртүрлі ынталандырушы бағдарламалардың есебінен де көтеру қажет. Мен қазақстандықтарды ақпараттық технологияларды белсендірек игеруге шақырамын».
ХХІ ғасыр оқырманына
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевның
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында Қазіргі уақытта күнделікті қолданып жүрген заттарымыз ақпараттық кеңістікте «заттар интернеті» дүниесіне айналып барады. Осының салдарынан бұлтты есептеу технологиясында «цифрлық ақыл» пайда болуда. Оған жылдам интернетпен адамдар да, есептеуіш машиналар да қосылуда. Ертеректе адамдар интернетпен бір-біріне тек ақпарат беріп қана келсе, бүгінде олар интернет арқылы ақша, мүлік сынды құндылықтарды қауіпсіз әрі сенімді тасымалдауға Блокчейн технологиясы арқылы қол жеткізді. Міне, осындай жағдайда Қазақстанға бірыңғай зияткерлік тұғырнамада өзінің «Қазақстандық цифрлық ақыл» жасау арқылы бүкіл экономиканы, билікті, қоғамды және саясатты цифрлық негізге қысқа мерзімде кешенді түрде көшіру мүмкіндігі туып отыр. «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Электронды қосымшамен жұмыс
1. Ақпараттық технологиялардың мақсатымен танысыңыз.
2. Адамзат өркениетінің келешек дамуы үшін ақпараттық технологиялардың маңыздылығы жайлы оқыңыз.
Сұрақтарға жауап берейік
1. Тапсырма
|
иә + |
жоқ |
бұл туралы мәлімет жоқ ... |
грек тілінен аударғанда «нано» сөзі « ергежейлі» деген мағына береді |
|
|
|
нанобөліктер медицинада қолданылады ма |
|
|
|
бізді қоршаған техниканың барлығы нанотехнологияның негізінде жасалған |
|
|
|
Илон Маск нанотехнологияның негізін қалаған |
|
|
|
болашақта нанотехнология ғарышқа телепорт жасауға болады |
|
|
|
Мауро Толиапо нанотехнология арқылы ауарайын өзгертетін матаны ойлап тапты |
|
|
|
косманавтика ғылымы өзге планеталардың ішкі құрылысын зерттеуге арналған |
|
|
|
косманавтиканың ұлы жетістіктерінің бірі адам баласын айға қондыру болды |
|
|
|
С.Савицкая ғарышқа ұшқан тұңғыш әйел адам |
|
|
|
14 сәуір әлем бойынша косманавтика күні болып белгіленген |
|
|
|
2 тапсырма
1. Технология терминінің мағынасы қандай?
2. Сонда жер бетінде интеллектуалдық және физикалық қасиеттері бар адамдар ғана өмір сүреді ме?
3. Мемлекеттердің саяси менмендігінің салдарынан үшінші дүниежүзілік соғыс тууы мүмкін бе?
4. Халқының саны 1 млрд 386 млн Қытайда автокөліктердің саны артса, бұл мемлекет тығыздық, инфраструктура және қоршаған орта туралы мәселелелерді қалай шешуі мүмкін?
5. Әлеуметтік желілер адамзаттың рухани тозуына алып келеді ме?
6. Мұхиттың жағалауында орналасқан қалаларды сақтап қалудың тағы да қандай жолдары бар?
Ойланайық, талқылайық
IT арқылы экономиканы одан әрі дамытудың болашағы. Күн, жел, су энергияларын пайдалануда ақпараттық технологиялардың үлесі қаншалықты екенін саралап, болашақта экономикаға қандай пайда әкелетіні туралы ойыңызды талдаңыз.
Кеше |
Бүгін |
Ертең |
|
|
|
Біз интернетке кіріп, кезкелген ақпаратты ала алсақ та, кітаптарды қажет ететін кездер жиі болады. Компьютерде бес минут отырсаң – бәрі табылды! Бірақ оның да зиянды жағы бар,өйткені интернеттегі ақпаратының ағыны шексіз. Оның үстіне барлық ақпарат сенімді емес. Оған қоса, желіде отырып нақты сол уақытта керексіз басқа дүниелер әлеміне кіріп кетуіңіз мүмкін. Мысалы, «гиббондардың әдеттеріне қатысты ақылды мақаланы оқып отырып, кенеттен маймылдар өміріндегі қызықты бейнелер әлеміне кіріп кетсең»... Тәжірибесі бар және білім деңгейінің қоры жинақталған ересектер керекті ақпаратты интернеттен тауып алады. Балалар қажетті мәліметтерімен энциклопедиялар арқылы танысса, оқыса, білім деңгейі, ойөрісі, тіл байлығы кеңейері анық.
Кейвордты шешіп, космонавтикаға байланысты атауларды шығарыңыз.
Талқылауға тапсырма
1.Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала сөйлеу мәдениетінен айырылады деген пікірге келісесіз бе? Келіспесеңіз ойыңызды дәлелдеңіз?
2. Әлеуметтік желілерде ұзақ отыру балалардың бойында іштей қарсылық, көңіл күйінде ауытқушылық, ырықсыздық пен агрессияшылдық билейді деген пікір дұрыс па?
3. Интернет инновациялық технологияларды қолдану аясын кеңейту мүміндігі екендігін дәлелдеңіз.
Талдап, салыстырайық
Адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктерін ФОРСАЙТ (көзделген болашақ) әдісі бойынша талдаңыз.
1. Адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер сізді қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды? Өз жауабыңызды дәйектеңіз.
2. Көзделген болашаққа жету үшін бізде қандай технологиялар бар? Қандай технология жоқ?
3. Бар технологияларды қалайша ұтымды пайдалануымыз керек? Жоқты қалай бар қыламыз?
4. Көзделген болашаққа қол жеткізу үшін не істеуіміз керек? Жасалатын шаралардың реттілігі қалай болмақ?
Дәптерге орындайық
1.Ақпараттық технологияның XXII ғасырдағы жетістіктерін болжап «XXII ғасыр менің көзіммен» тақырыбына эссе жазыңыз. Осы тақырыпта меңгерген білімдеріңді еске түсіріп, Қазақстанмен байланыстырып, сұраққа жауап беріңіз.
2.Ақпараттық технологиялардың дамуының мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне әсерін дәлелдеңіз. Факті келтіріп, келтірілген фактіге екі дәлел жазып,қорытынды шығарыңыз.
Дұрыс жауабымен сәйкестендіріңіз!
Стив Джобс |
Alibaba |
Билл Гейтс |
|
Джек Ма |
Tesla |
Стивен Элоп |
Dell |
Илон Маск |
Apple |
Ли Бён Чхоль |
Nokia |
Марк Цукерберг |
|
Рен Женфей |
Windows |
Майкл Делл |
Samsung |
Ларри Пэйдж & Сергей Брин |
Huawei |
Қазіргі жаһандану заманында әлем елдерінің қол жеткізген жетістіктерінің барлығы ғылымның әр саласының жоғары деңгейде дамуына байланысты екені анық. Ғылым саласында да әр уақытта гендерлік ортаның болғандығы сөзсіз.
Қолдануға тапсырма
Ғалымдар мен мамандықтарын, біріктіретін саласын, ортақ жетістіктерін жазыңыз.
Бірінші торға аты жөндерін жазыңыз
Екінші торға мамандықтарын жазыңыз
Үшінші торға біріктіретін саланы жазыңыз
Төртінші торға ортақ жетістіктерін жазыңыз
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ой бөлісейік
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын тиімді іске асыру үшін әртүрлі эксперттік топтар тұрғысынан ұсыныстар жасаңыздар.
Эксперттік топтар: саясаткерлер, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, философтар, экономистер, тарихшылар.