Мақсаты: Blender бағдарламасындағы объектілік және өңдеу режимдерінің айырмашылығын түсіндіру, вершиналармен (нүктелермен), қырлармен және қабырғалармен жұмыс жасауды үйрету.
Blender-де объектілермен жұмыс істеу үшін әртүрлі режимдер қолданылады. Бұл режимдер Object Interaction Mode деп аталады.
Объект түрі |
Қолжетімді режимдер |
Камера, шам |
Тек Object Mode |
Меш-объект (мысалы, куб) |
Object Mode, Edit Mode, т.б. |
Мысалы: Кубты Object Mode-де жылжытсаңыз — ол толығымен орнын ауыстырады.
Бұл режимде объектінің пішіні өзгереді. Мысалы, бір қабырғаны созсаңыз — фигура деформацияланады.
Әдіс |
Қимыл |
Tab пернесі |
Object Mode ↔ Edit Mode арасында ауысу |
Тақырып жолағындағы ашылмалы мәзір |
Режимді қолмен таңдау |
Перне |
Элемент түрі |
Түсіндірме |
1 |
Вершина (нүкте) |
Объекттің негізгі нүктелері |
2 |
Қыры (edge) |
Нүктелер арасындағы сызықтар |
3 |
Қабырға (face) |
Қырлармен қоршалған жазық бет |
Shift арқылы бірнеше элемент режимін қатар қосуға болады.
Set Origin арқылы орталықты ауыстыру:
Object Mode → тінтуірдің оң жағымен шерту → Set Origin → Origin to 3D Cursor
Shift + S → Cursor to Grid немесе Cursor to Selected
Snap (тіркеу) — объектілер мен курсордың дәл орналасуын қамтамасыз етеді.
Тіркеу арқылы:
Мәзірді ашу: Shift + S
Режим |
Қызметі |
Object Mode |
Объектпен тұтас жұмыс жасау |
Edit Mode |
Объекттің ішкі құрылымын өңдеу |
Tab |
Екі режим арасында ауысу |
1/2/3 |
Вершина / Қыры / Қабырға таңдау режимдері |
Shift + S |
Snap (тіркеу) мәзірін ашу |
Alt + A / A |
Элементтерді алып тастау / бәрін таңдау |
Blender-де жұмыс істеудің маңызды дағдысы — объектілік және өңдеу режимдерін түсініп, оларды дұрыс пайдалану.
Өңдеу режимінде объектіні нақты әрі икемді түрде түрлендіруге болады, ал объектілік режим — оны сахна ішінде басқаруға арналған.