Мақсаты: Blender бағдарламасындағы меш-объектілермен жұмыс істеуді үйрету, стандартты примитивтерді ажырату, олардың параметрлерін өзгерту, біріккен объектілермен және пропорционалды өңдеумен танысу.
Mesh (меш) — Blender-дегі объектілердің негізгі түрлерінің бірі. Олар нүктелер (вершина), қырлар (edge) және қабырғалар (face) арқылы құралатын үшөлшемді геометриялық пішіндер.
Мештерді стандартты фигуралардан бастап, күрделі модельдерге дейін өзгертуге болады.
Blender-де әдепкі бойынша 10-ға жуық стандартты меш-примитив бар.
|
Атауы |
Қысқаша сипаттама |
|
Plane |
Жазық бет (2D, бір ғана қабырға) |
|
Circle |
Шеңбер (шекарадан тұрады, қабырғасыз) |
|
Grid |
Ұяшықтардан құралған жазық тор |
|
UV Sphere |
Экватордан полюске қарай кішірейетін төртбұрыштар |
|
Ico Sphere |
Тұтас үшбұрыштардан құралған симметриялы сфера |
|
Cube |
Әдеттегі текше |
|
Cylinder |
Цилиндр |
|
Cone |
Конус |
|
Torus |
Бублик тәрізді пішін |
|
Suzanne |
Маймыл басы (тесттік модель) |
Suzanne – Blender-дегі тестілеуге арналған ерекше примитив.
Жаңа объектіні қосқаннан кейін, сол жақ төменгі бұрышта Last Operation (Соңғы әрекет) панелі пайда болады.
Мұнда объектінің параметрлерін бірден өзгертуге болады (мысалы, шеңбердегі қыр саны).
Егер панель көрінбесе, F9 пернесін басыңыз.
Бұл жағдайда объектілер бөлек күйінде қалады, бірақ бірдей өңделеді.
Нәтижесінде — бір күрделі меш пайда болады, орталығы соңғы таңдалған объектіге қарай бағытталады.
Кейбір қосымша мештерге мысал: Gears, Pipe, Round Cube, т.б.
Бір нүктені өзгерткенде, оның айналасындағы басқа нүктелер де біртіндеп әсер етеді.
Түрлендіру: G, S, R пернелерімен + пропорционалды әсер
Blender-дегі меш-объектілер — 3D модельдеудің өзегі.
Оларды өңдеу, өзгерту, біріктіру және икемді пішін жасау арқылы кез келген күрделі модельдерді жасауға болады.
Пропорционалды өңдеу – пішінді тегіс және органикалық түрде трансформациялаудың маңызды құралы.