1.1 Ара шарушылығының қысқаша даму тарихы
Ерте заманнан бастап аралар адамдарды қызықтырды және осы күнге дейін оларға үлкен көңіл бөлінеді. Ара шаруашылығымен бұрынғы гректер, африка және азия адамдары да шұғылданған.
Алғашқы араларды өсіру әдістері Батыс Еуропада Аристотельдің (б.д. 344–342 жж.) «Табиғи тарихтары», сонымен қатар бұрынғы римляндарда – Варро (б.д. 116–27 жж.), Колумелла (б. д. 60 жж.), Ролладиус (б. д. 4 ж.) еңбектерінде кездеседі.
Жер бетіндегі халықтар ара шаруашылығымен ежелден бері шұғылданып келеді. Армения мен Грузия, сонымен қатар грек тарихшысы Геродоттың (шамамен біздің жыл санауымызға дейінгі (V ғасыр) Шығыс Европаның далалық аймағында скифтер тіршілік еткенін атап өткені мәлім, олар балмен және балауызбен емін – еркін сауда жасаған. Сол кездегі орман кеңістігінде жабайы аралар өте көп болған, олардың ұяларыннан бал мен балауыз алған.
Кейіннен кездейсоқ кездестірілген ұялардан осындай олжа тағамды алумен ғана шектелмей, келесі жылдары пайдалану үшін аралар ұялары бар ағаштарға айрықша белгілер сала бастаған.
Аралар үшін ін жасап қуыстар бар ағашты «қуысты ағаш», ал қуысты ағаштар өсетін орман саласын «қуысты ағаштар өсетін жер» деп атаған.
Ормандағы жабайы орта-орыс ара тұқымының таза күйінде сақталған бірде-бір орыны, мұндағы ара қысқа ерекше төзімділігімен және мол өнім беруімен көзге түседі.
Славяндар араны ойынды бөренелерде өсіреді деп араб тарихшысы Ибн-Даст X ғасырда жазған.
Егіншіліктін өркендеуіне және орман ағаштарын кесуге байланысты арнайы қуысты ара кәсібімен бірге елді мекенге жақын жерден бөлшектелмейтін ара ұяларында (ойынды бөренелерде және өсіп тұрған ағаш қуыстарында) «омарта» шаруашылығы кеңінен дамыды.
Киев Русі кезеңінде ара шаруашылығы кеңінен дамыды. Ресейде бал ұзақ уақыт бойы ең көп таралған тәтті тағам еді, ал қызылша қанты ол кезде белгісіз болған.
Жарық беру үшін шырақ шамдарды жасағанда негізгі құрал ретінде балауыз қолданылды. Балдан көптеген ұлт тағамдары мен сусындар, соның ішінде орыстың белгілі «масайтатын балы» даярланатын. Ара шаруашылығының біраз өнімі шетелге жөнелтіліп тұрды.
Қуысты ара шаруашылығы ғасырдың басталуына дейін кеңінен таралды.
1814 жылы П. И. Прокопович ара шаруашылығының дамуына қосқан үлесі көп, ол тұнғыш рет бөлшектелетін рамалы ұяларды ойлап тапты, соның негізінде қоректендіру, бағып күту, аралардың өсіп көбеюі, сырқаттарға қарсы курес, ара шаруашылығында қоректік базасын жақсарту және оны тиімді пайдалану жөніндегі шаралар жүйесін белгіледі. Ол осы кездегі ара шаруашылығының негізін қалаушысы болып саналады.
Жасанды балауыз жапырағын даярлау үшін алғашқы вафель қалыбын 1857 жылы М. Меринг, ал алғашқы балды кәрездерден ағызып шығаратын машинаны 1865 жылы Ф. Грушка ойлап шығарған.
Он жылдан кейін шетелде және бұған байланыссыз 1882 жылы Ресейде Одессаның жұмысшысы К. А. Кузьменко жасанды балауыз жапырағын даярлау әдісін және ара шаруашылығының құрал-саймандарын жетілдіруде инженер В. И. Ломакин елеулі үлес қосты.
Қазіргі Алтай, Сібір аймақтарында тарихи ескерткіштерді археологтар зерттегенде, Енесей жағалауындағы тастарда салынған ара суреттерін кездестірген. Алтай өңіріндегі атақты Телец көлінде де осыған ұқсас жаңалықтар табылған.
Сондықтан осы және басқа деректерге сүйене отырып, қазіргі Қазақстан Алтайының аймағында ерте заманнан бері ара тіршілік еткен деген болжау айтуға болады.
Өскемен қаласы, Алтай, Қазақстан және Сібірдегі ара шаруашылығының отаны ғана емес, ол осыған қоса жақсартылған рамалы ара шаруашылығының отаны.
Осы саланың жұмыстарын өңдіріске еңгізуде ат салысқан азаматтар Б. Герасимов, П. А. Ермаков, Е. Н. Зандрок, Т. Д. Конырин, И. Шавров және басқалар. Өскемен қаласынан 40 шақырым жерде Ульбинск аулынының қасындағы «Проходной» өзенінің маңында 1860 жылы Галицийск жүйесімен жасалынған рамкалы ұясы бар алғашқы омарта құрылды.
Араның рамалы ұялары тоқсаныншы жылдардың ортасында Өскеменнен Омбыға, Көкшетауға, Керекуге, Қызыл-Жарға, Солтүстік-шығыс және Солтүстіктегі басқа мекендерге жетті. Солтүстік аймағында ара шаруашылығы бөрене тәрізді ұя сатысын қолданбай өзінің дамуын рамалы ұядан бастады.
1.2 Қазақстандағы ара шаруашылығы
Біздің елімізде 375 мыңнан астам ара отбасы бар, соның ішінде 266 мыңы жеке шаруашылықтын үлесіне жатады Қазақстан ара шаруашылығын өркендетудің орасан зор мүмкіндіктері жеткілікті пайдаланылмай келеді.
Қазақстанда ара шаруашылығының дамуына өте қолайлы табиғи жағдайлар себепті болды. Ара шаруашылығын дамытуда бүкіл әлем нарығында өте жоғары потенциалы бар екендігін Қазақстан көрсете алады.
Өндірістік база елімізде өте үлкен. Тек қана жергілікті даланы жабатын әр түрлі кілем түсті гүлдер өсімдіктеріне қарап айтуға болады.
Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарын назарлағанда үлкен мүмкіншілікті көруге болады. Егер тіпті балды есептемегенде аралар тағам өсімдіктер мен жемді шөпті ұлғайтып өңдіруге өте маңызды. Республикада балды өндіретін ең маңызды орталығы болып Қазақстанға қарасты Алтай бөлігі саналады.
Тоқсаныншы жылдардағы күйзелістен кейін басты көтергенде, Республикамызға шикі зат доллар құйылғанда ара шаруашылығындағы қызметкерлер өндірісті жыл сайын кенейте бастады.
1.3 Қазақстандағы ара шаруашылығының болашағы
Ара шаруашылығымен айналасу үшін біздін мемлекетте өте кең мүмкіншілік бар, өйткені бұған араларға жем қор базасы жеткілікті, сол себептен оларды жаппай өсіріп көбейтуге болады.
Қазіргі кезде Қазақстанға Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Еуропа тіпті Латын Америкаданда апельсин балын ұсынып отыр.
Қазақстан өңдірушілердің ең қинайтын сұрағы ол бір қана өсімдік түрінен монофлерді бал алу. Бірақ алтай бал тұтынушыларды балды өсімдіктердін алуан түрлілігімен өте қатты қуантады. Бұл жерде 200-ден астам балды өсімдіктер бар, сол себептен ғажайып «микс» жасауға мүмкіншіліктер бар. Бұрынғы ТМД және де Қазақстанда ара шаруашылығы консервативті жолмен дамыды.
Ара ұя жүйелері еңбектің механикаландыруын және қарқындылығын тежейді. Бірақ сонымен қатар тұқымды жақсарту жұмыстары жүргізіліп отырды, ҒЗИ және техникумдар сапалы мамандарды дайындады. Қазір ұялар мен омарталар (тұрақты және көшпелі) қалды ал қалғандары жоқ.
Қортындылай келгенде Шығыс Қазақстанның өзінде ең басты балды өндейтін аймақта көптеген омарташылар өздігінен білім алғандар.
Мал шаруашылығының бірде-бір саласы ара шаруашылығы белгілі бір аймақтың табиғи жағдайларымен және оның қоректік базасының ерекшелігімен тікелей байланысты.
Сондықтан ара шаруашылықтарының бағытын және олардың арнайы кәсіпке бейімделуін, ара шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиясын дұрыс тандап алу үшін аймақ ауа райын, өсімдіктің ерекшелігін ескерудің айрықша мәні бар.
Орманды аймақ. Бұл аймақта табиғи шірнелі өсімдіктер аса мол. Шірне (таңқұрай, қарақат, күренот) және көптеген бұталықтар мен шөптер өседі. Шірне жинауға қолайлы жылдары ара отбасынан балдың жалпы түсімі Шығыс Қазақстанның және аудандары бойынша 60–70 кг астам.
Орманды-далалық аймақ. Мұнда табиғи шірнелі өсімдіктермен қатар ара шаруашылығының шірнелі дақылдардың (қарақұмық, күнбағыс, кейбір жидек және жеміс ағаштары, жемшөптік бұршақ тұқымдас шөптердің) айрықша маңызы бар.
Озат ара өсірушілер осы аймақта ауыл шаруашылық шіркелі өсімдіктерді пайдалана отырып, балды үнемі мол жинайды.
Мысалы, Өскемен тәжірибе – өндірістік шаруашылығының атақты ара өсірушісі С. Черепанов соңғы жылдары жыл сайын 100 ара отбасынан орта есеппен 43 ара отбасын өсіріп, 9,9 тонна бал алды. Әр бір отбасына бөлгенде орта есеппен 89,6 кг бал жиналған.
Далалық аймақ. Бұл аймақта ауыл шаруашылық шірнелі өсімдіктер – күнбағыс, жеміс ағаштары, кориандр (бір жылдық эфир-майлы өсімдіктердің бірі) кейбір жемшөптік бұршақ тұқымдас шөптер (жоңышқа, эспарцет және басқалары) басым.
Мұндай аймақ Оңтүстік Қазақстанға тән. Субтропиктін, шөл және шөлейт аудандарда еліміздің ара отбастарының 5 % сәл астамы орналасқан.
Таулы аудандар. Таулы даладан және ормандардан субальпілік шалғындарға, таулы тундраларға және мәңгі жатқан қарға дейін алмасып отырады.
Осының нәтижесінде шағын территория шамасында табиғи жағдайлар мейлінше әр қилы келеді.
Осы жағдайларға және шірнелі өсімдіктер тобының сипатына сәйкес, мұнда ара шаруашылығы фермаларын арнайы кәсіпке бейімдеуге және әртүрлі белдеулердегі түрлі уақытта гүлдейтін шірнелі өсімдіктер өсетін жерлерден аралардың шірнені бірнеше рет жинауы үшін бір жерде тұрақтап қалмай қоныс аударады кеңінен пайдалануға болады.
Аралар ішінде кенінен тараған үш тұқымдасқа жататын аралар кездеседі, олар келесі:
Жабайы аралар тұқымдасы – Vespidae немесе қабатқанаттыаралар – тыныш күйінде алдынғы қанаттарын ұзынбойына қабаттап жинап тұрады.
Олар жалғыз немесе қауым құрып тіршілік етеді. Қоғамдық дамуын жыл сайын қайталап тұрады.
Личинкаларын жансыздандырған насекомдармен қоректендіреді. Негізгі өкілі – кәдімгі жабайы ара – Vespa crabro.
Қазғыш жабайы аралар – Sphecidae тұқымдасының шанышқысы (бізгегі) инеге айналған, сол арқылы ұстап алған жемтігін (насекомдарды) орталық нерв жүйесінен түйреп өлтіреді. Жерді қазып, ін жасап, оған личинкасын қоректендіруге арналған жансыздандырған жемтігін орналастырады.
Жылтыр жабайы аралар тұқымдасы – Chrysididae. 2000-нан астам түрі бар. Денелері 5–15 мм, жасыл, көк, күлгін түсті жылтыр болып келеді. Көбелектердің жұлдызқұрттарының және жабайы аралардың личинкаларының паразиттері. Қауіпті жағдайда шар тәрізденіп домаланып қалады.
Ара шаруашылығын шоғырландыруға және арнайы кәсіпке бейімдеуге, қоныс аударудың және араларды басқа жаққа жіберудің кең өріс алуына байланысты аралар ауруының және улануының алдын алу және күресу үшін мал дәрігерлік–санитарлық шаралардың мәні арта түспек.
Қазақстанда кадрларды даярлау жөнінде арнайы жұмыс жүргізіліп келеді.
Шығыс Қазақстанның совхоз техникумы және Өскеменнің ауылшаруашылық мектебі жыл сайын 60 жоғары дәрежелі білімі бар мамандарды дайындаған. Бұған қоса алдынғы қатарлы ірі шаруашылықтарда 200 сағаттың бағдарламасы бойынша екі жүзге жуық тыңдаушы-арашылар қайта даярлау курстарынан өтетін.
Шығыс Қазақстан және Талдықорған облыстарының омарталарын керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін арнаулы кеңселер, ал ара шаруашылығы жақсы дамыған аудандарда аудандық немесе бірнеше ауданаралық базалар ұйымдастырылған болатын.
Алматы және Өскемен қалаларында балауызды қайта өңдіру зауыттары жұмыс істейтін, олар жасанды балауыз дайындайтын.
Қазіргі уақытта ара шаруашылығын қайта құру кезеңіне дейінгі пайданы арттыра түсіру үшін ара ұяларының саның 3–4 есеге дейін көбейту керек.
Онда, арашылардың өндірген өнімін өз бетімен сату әректтері қиындайтыны түсінікті.
Қазірдің өзінде Қазақстандық арашыларға халықаралық рыноққа шығу қажеттігі туындап отыр: ол үшін ірі байсалды ұйым қажет, өйткені шетелдік фирмалар жеке өндірушілермен жұмыс істемейді, ол екі жаққа да тиімді емес.
Нарықтық экономикаға өту үшін Қазақстан ара шаруашылығына ірі кооперативтер қажет. Бұл кооперативтер мына мәселелерді басты назарда ұстауы тиіс:
1) өндірісті ұйымдастыру, өнім дайындау, қажетті құралдар, ұялар, дәрі-дәрмектер, балауыз т.б. өз дүкендері мен қоймаларында сатуды реттеу;
2) бал, балауыз өнімдерін дайындау, оларды ішкі және сыртқы нарыққа шығару;
3) арашылардың барлық қажеті мен мұң–мұқтажын біліп отыратын нұсқаушы ұстау;
4) үлгілі оқыту-тәжірибелік омарта ұстауды ұйымдастыру;
5) арашылардың курстарын ашып біліктілігін арттыру;
6) кооператив мүшелерінің ара ұяларын кездейсоқ апаттардан, аурудан, өлімнен т.б. сақтандыру жүйесін іске асыру;
7) банктерден несие алу және кооперативтін жеке мүшелерін несиелеу. Шетелдегі (АҚШ) қазіргі кездегі кооперативтердің тәжірибелерін шығармашылықпен Қазақстанда пайдалану.