2 Араның биологиясы

2.1 Ара балаұясының құрамы


Ара отбасы толық жетілген бір ұрғашы арадан – аналықтан, бірнеше жүз (кейде мың) еркек арадан – аталықтан және көптеген мың жетілмеген – ұрғашы- жұмысшы (1-сурет) арадан тұрады. Араның бір жанұясында 80000-ға жуық аралар болады. Солардың ішінде бір ғана аналығы болады, ұзындығы 20–25 мм, 2–3 мыңға дейін жетеді, жұмысшы араның саны жылдың маусымына қарай 10–100 мыңға дейін жетеді.

Аналық аралар. Ара аналығы – тұқым жалғастырушысы, ара отбасындағы толыққанды бірегейі. Жуырда ғана ара өмірін зерттеушілер аналыққа матриархалды қоғамның патшайымы рөлін немесе омартаның ішінде билік жүргізетін иелігін қосып берген болатын. Ал негізінде ол басқалармен тең, өзінің атқаратын қызметі жағынан және отбасындағы қалпына байланысты толығымен жұмыс араларына тәуелді жәндік болып келеді. Аналықтың аз өмір сүретін аралардан айырамшылығы 5 жылға дейін және одан да көп өмір сүреді, бірақ оның тұрмыстық қажеттілігі тек 2 жыл ғана іске асады. Аналықты өсіру аралардың жасаған арнайы аналықтарда іске асады.

Аралар ұяларында аталықтарды 3 жағдайда құрастырады: шығу алдында 8–9 күн бұрын, кәрі аналықтың аяқ астынан өлуі кезінде. Аралар отбасының қалыпты күші жағындағы аналықтың сапалылығы ұядағы ұяшық жақтауының санымен, барлық жасты тұқыммен толығы аналықпен жаңа ғана отырғызылған жұмыртқалары бар жақтауларымен қоса анықталады. Бұл белгі анық тұқымдану және тура нақты жағдайларды, сол жағдайда оның отбасы күші, ұяшықтардың сапасы, азықтың саны және т.б. жұмыс жасауын сипаттай алады.

Аналықтың сапалығын оңай ажыратуға болады – ара отбасының күші және жұмыртқаның ұяшықтарға отырғызылу сипаты арқылы. Егер бастырылған тұқымдануда бас ұяшықтар жоқ болса, дернәсілдер қауашақтармен қамтылмаса, ал кәрездер немесе олардың басым бөлігі тұқымданудың массасынан тұрса – аналық сапалы болып табылады. Кәрездегі алапес тұқымдар – нашар аналықтың белгісі. Үлкен кәрі аналықтар аталық жұмыртқаларды салуға бейім және мүмкіндігінше қозбалауға дайындалады. Осындай аралар отбасы ұяларында ара ұяшықтарын аталықтарға алмастыра алады.

Дегенмен жаңа бастаушы омарташыларға аналықтардың сапалылығын бақылауға неғұрлым байқампаздықпен қарау керек, өйткені араны әділ емес, үкімге әкеп соқтырмау керек. Нашар жағдайдасуық және жылуы жеткіліксіз, омарталары кеуіп қалған, т.б. және ескі ұялардағы әлсіз, ауру отбасындағы ең жақсы деген ара аналықтарының өзі жақсы жағдайлардағы әлсіз араларға қарағанда, нашар жұмыс атқарады.

Жоғары азықты омартадағы жас аналық маусымның қызған шағында тәулігіне 2,5-ға және тіпті 3 мың дейін жұмыртқа салады, жалпы массасы өзінің массасынан да асып кетеді. Ара аналығы биологиялық тұрғыдан – сонша жұмбақ тұлға, тіршілік иесі. Ол басқа араларға қарағанда, үлкен бунақденеліге 21 күнде емес, 16 күнде айналады және ара сияқты 35–180 күн емес, араға тән личинкалардан туса да, 4–5 жыл және одан да көп өмір сүреді. Бұл кереметтілікке орай болжамдар мен түсініктемелер көп айтылса да шындық әлі де ашылған жоқ. Аналықтан шыққан аналық, оның үстінде ерекше қақпа қалдырады, яғни осы аналықтың жабылған қақпасы.

Көрсетілген белгіге сай омарташы аналықтың сәтті туылғанына көз жеткізеді. Аналықтарынан шыққан аналық бәрінен бұрынаштығын басатын бал тамшысын емес аналық – бәсекелестерін іздейді. Егер ол өз бәсекелесінен күштірек болса, онда оңай сәтін пайдаланып, оған инесін түйреп алады және осындай жекпе – жек өз үлесіне оңай шешіледі. Мынадай да болады: бәсекелестер әлі аналықта жетіліп жатқанда байқағыш аналықтың инесі оларға сол жерде жете алады.

Кейде аралар аналыққа түгел аналықтарды өлтіртпейді, өйткені егер ол некелік ұшу кезінде жоғалса, жаңасын шығару мүмкіндігінен айырылып қалмай үшін солай жасайды. Бәсекелестер алғашқысының тұқымдануынан кейін кездеседі, әрине жекпе – жек нәтижесі тұқымданғанның есебінен шешіледі. Алайда оған аралардың өзі отбасының жалғыз анасы болуына көмектеседі.

Аналық араның омарталардан некелесуге ұшып шығуы. Аналық омартадан екі рет ұшқаннан кейін оның орнын есте сақтап алады. 7–10 күндік жас шамасында ол тағы ұшып шығады. Егер ауа райы қолайлы болса осы жолы аталықпен кездеседі.

Бұл күннің ортасында іске асады. Бірнеше жүздеген жұмыс аралары мен бірге омартадан ұшқан аталық, тиісті жылдамдықта алдына бағытталады, оны ең мықты аталық қуып жетуі керек. Некелік ұшу кезінде аналықты төрттен онға дейін аталықтар тұқымдандырады. Соңғы аталықтың жыныс мүшесі аналықта қалып қояды, одан жұмыс араларының көмегімен босайды. Осы уақыттан бері ол ұрықтанған болып есептеледі. Барлық өмір бойы ер жасушасының сақтаушысы болып табылады. Осы үшін резервуар болады, ол тұқымқабылдаушы деп аталады, онда миллиондаған ер жасушаларының тірідей сақталуына қажетті жағдай жасалған. Оның салған жұртқалары жұптық емес жұмыртқа өткізгіштен өтіп, ер тұқымы жасушаларымен ұрықтанады. Жұмыртқалардың кей бөлігі тұқымқабылдағыштық жағынан ұрықтанбай өтіп кетеді. Олардан аталықтар туады.

Кейде қолайсыздықтан ара аналығында 3 апта бойы некелік ұшу мүмкіндігі болмайды. Осыдан кейін ол әдетте тұқымдану қабілеттілігінен айырылады. Ол жұмыртқалауға кірісуі мүмкін, бірақ олардан тек аталықтар ғана туады. Егер омарташы әлсіздерді толыққанды аналыққа ауыстырмасамұндай отбасы құрып кетуі мүмкін.

Табиғаттан қалыптасқан қызметін орындау үшін аналық физикалық және ұрпақтың сапалары жағынан ие болуы керек. Ол үшін, омарташы оған қажетті жағдай тудырады, ал дернәсілдерді аналық тәрбиелеуге әкесі мен анасы жағынан тұқымы жоғары отбасынан алады. Бірақ оның ұрпақтарының тұқымдылығының сапасы тағы бір негізі жағдай арқылы анықталады жоғары өнімді ара отбасының аталықтарымен будандастыру.

Қалыпты отбасында бір тұқымдық аналық ара болады. Аналық араның денесінің ұзындығы тұқымына және жыл маусымына байланысты 20-дан 25 миллиметрге дейін, ал тірідей салмағы 150-ден 300 мг дейін ауытқиды. Тұқымдық емес аналықтардың салмағы әдетте 200–220 мг, ал жақсы тұқымдық аналық жұмыртқа салудың қызу кезеңінде 300 мг және одан да астам тартады. Аналық ара ірі болған сайын аналық бездері соғұрлым жақсы жетілген және ұрықтылығы да артық болады. Аналық 4–5 жыл тіршілік етеді, бірақ оның ең жоғары ұрықтылығы тіршілігінің алғашқы жылында ұрықтандырылған жұмыртқаларды ең көп мөлшерде салған кезде байқалады. Екінші жылы аналықтың салатын ұрықтандырылмаған жұмыртқаларының үлесі артады, бұлардың ішінен аталық аралар өсіп жетіледі. Сол себептен аналық араларды екі жастан артық ұстауға болмайды. Егер отбасында екі немесе одан да артық аналық байқалса, олар өзара қыран-кестеңге түседі, ақырында тек біреуі, неғұрлым күштісі қалады.

Аталық аралар. Аталықтар – бұл еркек аралар. Аралар отбасында олардың қажеттілігі туындайтын мамыр айының ортасында пайда болады. Аталық өз отбасына өте қатты үйренбейді, ол отбасыдан – отбасыға ауыса береді.

Аталықтардың әкелері болмайды. Олар ұрықтанбаған жұмыртқалардан, яғни еркек ұрығынан емес туа береді. Ғылымда мұндай құбылыс партеногенез деп аталады. Аталықтардың өзі аралар әулетін жалғастырушылар болып табылады.

Аталық жыныстың жетілген болып жұмыртқадан шыққаннан 2 аптадан кейін саналады. Ол ауада аналықты оңай тауып алу үшін керемет көргіштік, ерен күшпен және аэродинамикалық мүмкіндіктермен бейімделген. Әсіресе аталық аналық заттың иісін жақсы қабылдайды.

Аталықтар серуендеуге араларсыз күннің ортасында, ал ауа райы жақсы кезде – тіпті кешкі уақыттарда шыға береді. Аралардың ұшуының саздық дауыстан айырмасы – аталықтың ұшу дыбысы зор болып естіледі. Ол шаршап құлаған секілді қону тақтайына бар күшімен түседі. Серуенге бәрі ұшып шыққанның өзінде, аталық бал тілшесінің бар қорын пайдаланады 30 мг. Күні бойы аталық серуенге 3–5 рет шығады.

Сонда, бір аталық тек серуендеуге ғана азықтың 150 мг жұмсайды. Аралар отбасындағы аталықтың шамамен айына 9 кг бал жұмсайтынын санап шығу қиын емес.

Аралардың сонша еңбекпен азық қоры үнемді жұмсалатынына табиғаттың өзі қамқорлық жасайды. Бал жинап болғанна кейін, аралар аталықтарды бос ұяшықтарға немесе омартаның суық қабырғасына қарай ығыстырып тастайды, онда олар 2–3 күн азықсыз болады және өте әлсізденеді. Одан соң, аралар аталықты аяқтарынан алып олар жабысып алмас үшін, суық және аштық өлімге қиып омартадан лақтырып жібереді. Мұндай жағдай барлық аралар отбасында күзде бір уақытта болады, осындай құбылыс арқылы ең маңызды – қысқа дайындалу міндеті шешіледі. Күзде омарталардың арасынан өткен кезде, қону тақтайларының маңынын аталықтардың өліктерін көруге болады. Бұл сыртқы белгі отбасында тұқымданған ара аналығының бар екенін анықтайды.

Аталық аралар ара отбасының уақытша мүшесі болып табылады, мұның өзі оның қызметінің шектелуімен – аналықпен жұптасуымен ғана байланысты. Аналық аралар отбасында әдетте көктемнің орта кезінен ал тұқымдық емес аналықтар жұптаса бастағанда пайда болады. Аралар аталықтарды қоректендіреді және бал жинау аяқталғанға дейін оларға қамқорлық жасайды. Ол тоқтала салысымен аталық аралар қалыпты отбасынан аяусыз қуып шығарылады. Аталық араларды қуып шығумен бірге, аралар қуыстардан аталық араның ұрығын да шығарып тастайды. Аналықтардың жұптастыру кезеңінен және шірне жинау аяқталғаннан кейін, ара отбасының аталықтарға осындай көзқарасы шірне жинамайтын және қысқы кезеңдерде қоректік қордыүнемдеу қажеттігіне байланысты. Ал аталықтар ара отбасының керексіз тұрушысына айналғаннан кейін, олардың отбасы үшін керегі болмайды. Қалыпты отбасылар аталық араларынсыз қыстап шығады. Егер отбасында тұқымсыз аналық қалса немесе отбастың аналығы мүлде болмаса, бұндай жағдайда аралар аталықтарды, әдетте, қуып шықпайды. Отбасының аталықтарды қара күзге, бал жинау аяқталғаннан кейінгі кезеңге қалдыруы – ол отбасының жайсыздығының белгісі.

Аналықпен жұптаспаған аталық аралар тіршілігінің ұзақтығы орта өңірде 5–6 айдан аспайды, онтүстік аудандардасәл артығырақ. Аналықпен жұптасқаннан кейін аталық аралар отбасынан қуылады, олар одан соң қанғырып жүріп өледі. Аталықтардың денесі жалпағырақ және қысқалау келеді, ұзындығы 15–17 мм. Аналық аралардың құрсағының шетіне дейін жетпейтін қанаттары болады, ал аталық аралардың қанаттары құрсақ жартылай сақинасының шетінен 3–4 мм шығып тұрады. Аналықтарға қарағанда аталықтардың көздері жақсы жетілген, күрделі. Аталықтардың тірідей салмағы 250–260 мг жетеді. Аталық араларда құрсақ қуысының жартысынан артығын толтыратын жыныс бездері мен олардың қосалқылары өте күшті жетілген.

Жұмысшы аралар – ара отбасы мүшелерінің негізгі бөлігін құрайды. Күшті отбасында ерте көктемеде 20–25 мыңға жуық жұмысшы ара болады. Бұдан кейін олардың саны бірте-бірте көбейіп, мұнан соң күздігіні 30–40 мыңға дейін, ал қыстың алдында 20–25 мыңға дейін азаяды.

Жұмысшы ара денесінің ұзындығы шамамен 12–14 мм тең, ал оның тірідей салмағы 100 мг жуық. Араның жалпы салмағына бал жемсалуының шірнемен немесе балмен толтырылу дәрежесіне ішектегі қи жүктемесі, олардың жасы, тұқымы, т.б. факторлар өте әсер етеді. Үйірлі араларда жемсау жүктемесі 50–60 мг дейін жетеді, яғни олардың жалпы салмағының жартысынан астамы. Шірнені мол жинаған кезде жинаушылардың жемсауына толтырып ұяға алып келетін шірнесінің салмағы әдетте 35–40 мг шамасы. Қыс аяғында орта-орыс араларының артқы ішегінің қи жүктемесі 45–50 мг. Оңтүстік, сары кавказдық және украиндық аралар солтүстік араларға қарағанда бірсыпыра ұсағырақ. Бір килограмм ара салмағында 10 мыңға жуық орта-орыс және 11 мыңға жуық оңтүстік аралар болады деп есептеледі (жемсауы мен артқы ішегі жүктемесіз).

Тәжірибеде отбасындағы аралар санын олардың тығыз орналасатын рамкаларының саны немесе орналасқан рамааралық кеңістік бойынша анықтайды. Стандартты рамкада тығыз орналасқан аралар 250 грамға жуық, яғни 2,5 мың дана, көп корпусты ұяның рамкасында – 200 грамға жуық.

Жұмысшы аралар тіршілігінің ұзақтығы жұмыс қарқынына және зат алмасу деңгейіне байланысты. Жазда, негізгі шірне жинау кезеңінде 7–8 апта. Ұрықты көп мөлшерде өсірген кезде аралар тіршілігінің ұзақтығы кенет қысқарады. Күздігіні шығарылған, шірне жинауға және ұрық өсіруге қатыспаған аралар жақсы қыстап шығады, олар ұрпағын тәрбиелеу қабілеттілігін сақтай отырып, 8–9 айға дейін тіршілік етеді.

2.2 Араның морфологиялық ерекшеліктері


Insecta бунақденелілер класына жататын бал арасы (Apismellifera) жануарлар бөліміндегі класс өкілдерінің саны жағынан байырақ болып келеді. Класс ерекшелігі сонда, яғни олардың көбі құрлықта(кейде сулы ортада кездеседі) болады, трахейлік жүйелері жақсы дамыған және көпшілігіне ұша алу қабілеттілігі тән – омыртқасыздардың ішіндегі бірегей топтары. Жұмыскер араның, аналығы және аталығының дене құрылымы олардың атқаратын қызметіне сәйкес келеді. Ересек денесі Apis бас, кеуде, құрсақ болып бөлінеді.

Бас. Басы хитинді жамылғысымен жабылып, кеуде бөлігімен қозғалмалы түрде жалғанған. Төменгі жағында ауыз аппараты орналасқан. Ол жалағыш деп аталады.

Жоғары ерін (хитиндік қатпар) және шайнағыш – екі жуан пластиндер шетінен тістелген, олар кәрезорнатқан кезде сұйықты балауыз және өңдеу жасағанда пайдаланылады. Басқа екі жұптары ұзыннан созылып, біреуі жапырақша пластина құрап бітіп кетеді, ал жақ істіктері редукцияланған. Жағының екеуі де арасындағы астыңғы ерінді қамтиды және ұзын, цилиндрлік, түкті стерженьге отырғызылған – тұмсықша құрайды.

Осы ұзын ыңғайлы мүшесінің арасында ғана ара гүлдің тар және терең қуысында жасырылған шырынға жете алады. Тұмсықшаның ең қажетті бөлігі – ұзын және жіңішке тілемше. Тілшенің ұшы қасықша деп аталады. Жалағыш аппаратының түгелі жиналады және бастың астына тығылады, ал тамақтану кезінде жазылады.

Ара тұмсықшасын еркін игере алады. Егер ылғал көп болса, ара оған тұмсықшасының түтікшесін жіберіп, сол жіңішке түтікше арқылы каппилярлық заңдылығы бойынша тамағының сарылмалы азаюына орай, сұйық жоғары қарай көтеріледі.

Сұйық азық тұмсықшасынан ауызына қарай, ал одан балды тілшеге түседі. Егер сұйықтық аз болса, онда ара бұл істі ұшы қалың түкпен қондырылған сұйықтықпен атқарады. Бұл түкшелер тілшесімен суланып астыңғы ерінде бөлінетін, араға шырын мен суды жылдам жинауға көмектеседі.

Аналық пен аталықтардың тұмсықшалары жұмыс араларының тұмсықшаларынан қысқа болып келеді. Аналық пен аталықтар жұмыскер араның қамқорында болғандықтан, өз бетімен өздеріне азық таба алмайды, сондықтан олардың тұмсықшалары бірте – бірте азық тауып алатын мүшеден гөрі дайын азықты қабылдау мүшелеріне айналып кеткен.

Араның басында екі күрделі фасеткалық көзі және үш қарапайым көздері орналасқан.

Күрделі көзі көптеген ұсақ көзшелерден – омматидтен, сезімтал жасушалардан – ретинулалардан тұрады. Шыны конус және шынышасы бар – олар жарық өткізгіш аппараты, ал ретинула – торларды құрайды. Омматиди бір – бірінен пигментті жасушалардан тұратын қара сарғыш пигментті қаптағыштармен ажыратылған. Көзінің түрі қырланған, фасетировты түр. Осындай көру И. Мюллердің анықтамасы бойынша «Мозайкалық көру» деп аталады. Оның ерекшелігі ретинула бүкіл объектіні емес, көздің алдындағы түгел кеңістіктегі заттың бір нүктелік бейнесі

қабылдайды. Көріністің толық құрылымы ұсақ көріністерін бір – біріне сәйкестендіру және заттың жалғыз және тура көрінісі пайда болады. Сонымен, жұмысшы арасында 6300 омматидилер, аналығында – 4920, ал аталықтарында – 13000 омматидилер бар.

Жай көздері – үшеу, жарық сәулелерді көп көлемде өткізетін, әлсіз жарықта, қараңғы жерде, көруді қамтамасыз ететін ірі шынылардан тұрады. Мынадай болжам бар, жануарлардың кеңістікте күрделі денақты орнығуына жай көздері ықпал етеді, жануарлармен алдарында жатқан заттар қашықтықты анықтауға қызмет етеді, бұл ұшу кезінде әсіресе маңызды.

Негізі бунақденелілердің көздері жақын қашықтықты көруге бейімделген; олар адамның көргіштігіне жеткіліксіз заттардың ұсақ бөлшектерін көруге қабілетті, мысалы, көзден 1 м қашықтықта орналасқан объектіні көреді.

Аралар, басқа бунақденелілер сияқты жарықтың тек интенсивті деңгейін ғана емес, сонымен қатар кейбір түстерді ажырата алады.Мысалы: олар қызыл түсті қарамен, жасыл – көкті сұр түспен араластырады. Олар, ең бастысы, жылы түстерді суықтардан ажыратады, сары мен тоқ сарыны жасылмен, ал көкті күлгін түспен араластырады. Қызықтысы, бунақденелілер, аралар мен тозаңданатын гүлдер, көбінесе көк және күлгін түсті болып келеді мысалы, клевер. Тәжірибеде белгілі болғанындай, егер омарта аралар ажырата алатын түстерге боялған болса, олар кейде ғана қателеседі.

Түстен басқа пішін де ажыратылады. Бұл дәйекті араларды зерттеуші К. Фриш орнатқан. Фриш араларды картон жәшіктердің кіретін ауызы түрлі түспен боялған гүл тәріздес тесіктерге ұшып кіруге үйреткен. Аралар белгілі суреті бар азықтар орналасқан жәшіктерге енуді оңай үйреніп алған. Тіпті, арнайы суреті бар жәшіктердің орнын ауыстарған кезде, аралар шатаспай-ақ, оларды тауып, басқа суретті қалған жәшіктердің қасынан ұшып кеткен. Дегенмен пішіндерді бұлай ажыратудың өзіндік шегі бар. Аралар геометриялық пішіндерді үшбұрыш, шаршы бар суретті жәшіктерді бұлай ажырата және есте сақтай алмайды. Одан шығатын қорытынды: аралар табиғатта қандай пішінді заттармен байланыста болса, соларды ғана ажырата алады.

Иіс сезу мүшелері сезімтал жасушалар тобы түрінде бунақденелілердің денесінің үстіңгі бөлігімен байланысқан хитиндік апараттарымен – иіс сезу түкшелері, конустарда орналасқан.

Араларда 15000 дейін иіс сезу аппараттары орналасқан. Сондықтан аралар эксперимент кезінде түрлі иістерді ажыратуға өте жақсы үйренеді. Мысалы, эфир майы мен апельсин эссенциясын бір – бірінен ажыратады.

Ауыз қуысында және басқа дене мүшелеріндегі антенналарда сезімтал түкшелер орналасқан. Олардың көмегімен аралар түрлі концентрациялы қант ерітіндісін, сондай – ақ қант ерітіндісіндегі ас тұзын оңай ажыратады. Дегенмен адамға өте қышқыл болып табылатын мөлшердегі хитин қоспасын мүлдем байқалмайды. Иіс сезудің ерекше мүшесі болып – Насонов безі саналады, қарыншада орналасқан, бірақ бұл жерде аралардың иіс сезу мүшелерін айта отыруымыз керек, өйткені иісті қабылдау мүшелері араның басында орналасқан. Бұл безі қарыншада орналасқан және 500–600 Лейдинг жасушаларынан тұрады. Ара орнына ұшып келген кезде қарыншасының үстінен ауаны қанатының қимылымен жақындатады. Безсекреті омартаға тез жайылып, аралар өз омарталарын жылдам тауып алады. Омарта менорында бар заттарды тез арада бөле бастайды.

Аралардың температуралық рецепторлары бар азықтық және жылылық типтік рецепторлар бал арасынан әлі күнге дейін табылмаған. Зерттеулер көрсеткендей, аралар температурасының өзгергіштігінен ондаңан градустық үлесін қабылдайды. Дернәсілдер мен жұмыртқалар пайда болған кезде аралар ұзақ уақыт бойы 35 ± 0,50С деңгейінде белсенді реттеп тұрады.

Баларалар қоршаған ортаның СО2 концентрациясының өзгергіштігін қабылдайды және оған ықпал етеді.

Аралар басындағы миы жалпы бунақденелілерге қарағанда күрделі дамыған. Касталық бунақденелілерде өмір сүрудің күрделілігімен ерекшеленетін бұл ерекшелік бас миының құрылысының күрделілігіне және өлшеміне әсерін тигізеді. Орталық жүйке жүйесінің 90% нейрондары мида жиналған. Бас миының ассоциациялық орталығы болып саңырауқұлақты денелер болып табылады, онда нейрондардың көп бөлігі жиналған. Олар жұмыс араларында аналықтарға қарағанда жақсы дамыған. Аталықтың миы аналықпен жұмыс арасының миынан көру үлесінің есебінен едәуір үлкенірек. Мидың басқа бөліктері жеткілікті деңгейде жұмыс арасында дамыған.

Кеуде. Кеуде 3 сегмент және қарыншаның 1 сегментінен тұрады, әр сегмент 3 жұп қозғалмалы аяқтардан және 2 жұп қанатты құрайды

Аяқтары бір реттік мүшелерден тұрады, оларда: саны немесе бөксе, вертлуг, жамбас – ең жуан мүшесі, тізе – ең ұзын және 5 табаннан тұратын мүше. Әр табанның ұшында түзу емес жерден жүрген кезде көмектесетін тырнақшасы бар, ал түзу жерден қимылдаған кезде арада жастықша секілді үйреншікті заты бар.

Мускулатурасы өте жақсы дамыған, бұл өмір сүру үдерісінде кең спектрлі әрекетімен түсіндіріледі: тозаң жинау, оларды кәрездерге қою, тозаңды нығыздау, омартаны тазалау, кәрездерді құрастыру. Аралардың әр түрлі касталарында аяқтарыныңқұрылымы түрлі ерекшеленген. Жұмыс арасының аяғында тозаң жинау үшін, оны омартаға апару, сот ұяшықтарына тастау сияқты істерді атқару үшін арнайы бейімділік бар. Алдыңғы аяқтарында мұртшаларын тазалау үшін – хитиндік түкшелер реті орныққан – жартыдөңгелек кескін бар. Мұртша осы кескіннен өтеді және тозаңнан тазаланады. Араның мұртшаларында иіс сезу, сипау мүшелері бар, олар омартаның ішінде тозаң жинау мен түрлі жұмыстар атқаруда үлкен көмек береді. Тозаңдарды жинау мен тасу үшін щеткалар және себетшелер бар. Аталықтар мен аналықтарға қарағанда, жұмыс араларында олар қалыңырақ және ұзынырақ және ортаңғы аяқтарында ерекше шип – шпора бар. Ол ұяшықтарға жаңалауды тастауға қызмет етеді. Барлық жаңалау 0,08 г құрауы мүмкін. Ал араның салмағы 0,1 г шамасында. Сонда ауыр жүгі бар ара қалай қозғалады? Ол егер жаңалаудың салмағы үлкен болса, онда артқы аяқтарын алдына қарай бүгеді. Сонымен бірге ол жаңалауды ортаңғы аяқтарымен ұстауға көмектеседі. Өз салмағына тең жүкпен ара 20 км/сағ, жүксіз 70 км/сағ жылдамдықпен ұшады.

Қанаттары. 2 жұпты – алдыңғы және артыңғы болып келеді. Алдыңғы жұбы артыңғысынан үлкен және күштірек; ол кеудесінің 2- ші мүшесіне, 2-сін үшінші мүшесіне бекітілген. Қанаттары тарамыс – негізінен және орталарында тартылған пердеден тұрады. Артқы қанаттарында ұшу кезінде қанаттарын қосатын күршекшелер бар – осылай қанаттарынан ұшатын үлкен кеңістік пайда болады. Омарталарда олар араның денесінің ұзындығына сай жиналады, яғни зақымданудан сақтайды және омарта жұмыс атқаруға кедергі келтірмейді. Қанаттарын қозғалысқа келтіретін күші кеудесінің екінші және үшінші мүшесінің ішінде орналасқан және жақсы дамыған. Ара секундына 440 рет қанатын қаға алады. Сонымен бірге ұшу жылдамдығы – 25 км/сағ. Топ өкілдерінің қанаттарының өлшемі бірдей емес. Аталықтарында ең үлкен қанаттар – олар ұзақ уақыт бойы ауада және үлкен қашықтықтардыұшып өте алады. Аналықтарда үлкендігі жағынан екінші, жұмыс араларында ең кішкентай болады. Жұмыс арасы мен аталықтарының қанаттарының өлшемі дене өлшеміне сәйкес, ал аналықтарында өз өлшемінен кіші болады.

Тарихи даму кезінде жоғары сатыдағы жәндіктердің тарамыстан бөлек бөлімдері қосылады, сол себепті олар берік болып, саңдары азаяды. Аралардың қанатынан негізінен төрт ұзынша тарамыстар шығады: костальді (кж), субкостальді (ск), медиальді (мж) және анальді (аж).

Бірінші тарамыс костальді (кж) – бұл қанаттың алдынғы шетіндегі жуандау орны; сонымен жақын субкостальды тарамыс орналасады (ск), ол қанаттың орта тұсына дейін жетіп костальді тарамыспен қосылады. Осы тарамыстар қосылған орыннан әрі қарай радиальді тарамыс кетеді (р). Медиальді тарамыс қысқа, оның сыртқы шетінен екі тарамыс шығады: базальді (б), субкостальді және дискоидальді (д).

Кубитальді (ку) базальды тарамыстын ортасынан шығып қанатты бойлай оның сонына дейін созылады. Кубитальді үш көлденең кубиталь аралық тарамыстармен (мк1, мк, мк3) радиальді тарамыс байланысады. Анальді және медиальді тарамыстардың арасында қысқа невральді тарамыс орналасады (н). Қанаттың бойымен тағы субдискоидальды тарамыс өтеді, одан алдыңғы шетіне қарай бірінші қайтарама тарамыс шығады (в). Дискоидальді тарамыс кубитальді тарамыспен қысқа қайтарама тарамыспен қосылады (в2). Артқы қанаттары алдынғы сияқты, бірақ кейбір тарамыстар анық көрінбейді. Жұмыс күйінде болмағанда араның қанаттары арқаны бойлай қосылады. Сол кезде артқы қанаттары толығымен алдыңғы қанаттарының астына тығылады. Ал ара ұшқан уақытта костальді тарамыс денесіне перпендикулярлы орналасып қанаттар бұрылады. Алдыңғы және артқы қанаттары бір қанат болып бірігеді. Артқы қанаттың алдыңғы шетінде ілмектер болады (кр), сонымен олар тиісті орындағы алдыңғы қанаттың артқы шетіндегі бүрмесіне ілінеді. Қанаттар бірігіп қызмет еткен себебінен олар бір тұтас болып саналады. В. В. Алпатов (1927) мәліметтері бойынша жұмысшы аралар мен аталық араларда орта есеппен 21 және 17–25 дейін ілмектен болуы мүмкін. Оңтүстік аймақтағы аралардын ілмегінің саны солтүстіктегілерге қарағанда көптеу болады. Аналық аралардың ілгегінің саны аздау болады, олардын саны 13–23 дейін жетеді (Бахметьев, 1909). Қанат пен кеуденің байланысы өте маңызды болып саналады. Ол қанат қағу жылдамдығын және белгілі бір бағытта қанаттың бұрылысын қамтамасыз етеді. Осы мүшенің байланысы қанаттың қаттап салынуына ықпал етеді.

Құрсақ. Аналық жұмыс арасының құрсағы он мүшелерден, 6 өспеген, 1 – үшінші кеуде мүшемен өскен және аналь тесігі мен инесі орналасқан 3 – тесікше жасайтын мүшелерден тұрады. Әр қарын өзара терінің астыларымен байланысқан, арқа мен қарын хитиндік пластинкалардан тұрады. Солай бола тұра құрсағы созыла алады. Аналығында, жұмыртқалары дамыған кезде, сондай-ақ жұмыс арасының ұшу үстінде, тыныс алған кезінде.

Араның бізгегі құрсағының соңында ойпаң жерінде орналасқан. Жұмыс арасының ол қорғану мүшесі болады, өйткені көбею мүшелері толық дамымаған. Аналығында ол жұмыртқа салғыш рөлді атқарады. Аналық бақтамасын құрсақ мүшелерінің арасындағы тек жұмсақ хитиндік қатпаршаларын түйреп ала алады.

Шаққан кезде күшті бұлшық еттер хитиндік түйреу инесінің – стилеттерді қозғайды, олар салазкалардың ішінде болады. Олар құрбанның терісіне еніп, улы бездердегі у бізгектің соңына ағады және жараға түседі. Стилеттер соңында кертіктер болады, олар иненің

жарадан шығуына кедергі келтіреді. Көбіне жараның ішінде инесі қалып қойған аралар өледі. Бірақ олар сүтқоректілердің тышқан, ұсақ құстар терісінің жұқа бөлігін тауып алады. Ара бір түйреп өткенде тышқанды оңай жансыздандырады. Ара шырынмен ұшып келе жатқанда немесе бөтегесі балға толып тұрған кезде оған шағып алу қиынға соғады – құрсағы қозғалыстан тежеліп, ара оны шағу үшін икемдей алмайды. Бұл ерекшелікті омарташылар тәжірибеде ескеріп, араларды омарталардан түтінмен шығарып жібереді. Қауіптілікті сезген аралар бөтегесін балға толтыруға тырысады және шағуға дәрмендері болмайды.

Балауыз бездері ара ағзасында балауыз құрайды. Бұл ағза тек жұмыс араларында ғана болады. Араның құрсағындағы ашық сопақ дақшалар балауыз айналары деп аталады, дәл осы жерде балауыз бездері орналасқан. Олар құрсақ мүшелерімен жабылған, яғни олар балауыз қалташалықтарын құрайды. Жас араларда бұл бездер дамымағандықтан, олар балауыз бермейді, тек 3–5 күннен кейін ғана бұл үдеріс басталады. Аралар жаңа ұрықты тамақтандырған кезде, оларда балауыздың көптеп бөлінгені байқалады, өйткені бұл уақытта олар тамақтануды күшейеді. Уақыт өткеннен соң балауыз бездерінің қызметі бәсеңдейді. Бірақ көптеген омарташылардың пікірі бойынша, араларды күту жағдайы неғұрлым ойдағыдай болса, соғұрлым балауыз болу белсенді болады.

Тыныс алу мүшелері. Бунақденелілердің дем алу жүйесінің маңызды физиологиялық ерекшеліктері келесі түрде болады. Әдетте жануарларда белгілі бір дене құрылыстарына ауа түседі және сол жерден қан бүкіл ағзаға тарайды. Ал бунақденелілерде ауатаратқыш түтіктер – трахейлер бар, олар ауаны қай жерге қажет, сол жерге, яғни бұл жағдайда қанайналым мүшелерінің орнын ауыстырғандай дене жасушаларына тікелей жеткізеді.

Трахейлер түтіктердің күрделі түрде даму жүйесін құрайды. Оларға 9 жұп саңылаулар, аталығында олар 10-дем алғыш немесе стигм арқылы олар түседі: олар орталық және кеудеарты мен құрсақтың алғашқы 8 мүшесінде жатады. Стигмдер ерекше аппараттардан құралған және әрқайсысы көлденен канал арқылы бір – бірімен трахей түтіктерімен байланысады. Түтіктерден барлық ағзаны қамтитын жұқа трахейлер өтеді. Әр трахей радиалды таралған өскіндері бар, соңғы каналдың трахейлердің жасушасынан бітеді. Бұл жасушаның ақырғы бұтақшалары дене жасушасының жекеленген ішіне де енеді. Трахей түгел жерге кездеседі (енеді) – аяқтарына, қанаттарына және т.б. Трахейлерде жергілікті ұлғайғыштар, трахейлік жүйедегі ауаны желдеткізуді жақсарту үшін қызмет ететін – бас, кеуде, құрсақ – ауа қапшықтары болады.

Дем алғышқа ауаның түсуін реттейтін жабылғыш клапандарымен жабдықталған. Ара жай күйінде минутына 150 демалу жағдайын атқарады. Құрсақ көлемі ұлғайған кезде, ауа қашықтарына сорылады, ал көлемі кішірейген кезде – сыртқа шығады.

Егер құрсақ көлемінің азаюы демалғыш клапандарының жабық кезінде жасалса, онда ауа қапшықтарынан бүкіл күрделі жүйелі трахейлерге және алыстағы жасушаларға дейін жіңішке ауа тасығыш түтікшелер арқылы итеріледі. Демалғыш жабық кезінде ауа толығымен трахейлік жүйеге түсуін тоқтатады, яғни араларға ұзақ уақыт бойы ластанған ауада болуды және одан өзін аулақ ұстауға мүмкіндік береді. Бас және кеуде ауа қапшықтары азая алмайды, оларда ауа үнемі бар, ол құрсақ қапшықтары қысылған кезде азаяды, кеңейген кезде үлкейеді. Ауа қапшықтары араны ұшу кезінде, яғни алмасу үдерісі ұлғайған кезде қосымша ауамен қамтамасыз етеді. Ара жеңілденеді, бұл да араның ұшу қабілетін жақсартуға септігін тигізеді. Жас аналықтың қапшықтары өз қызметін аталықпен будандасқанға дейін атқарады. Будандасқаннан кейін жұмыртқаларының өлшемі ұлғаяды, қапшықтар сығылады. Аналық ұшу қабілетінен айырылады. Аналық негізгі қызметін атқарып болғаннан кейін, оның ауа қапшықтары қайтадан жазылады және оның ұшуға қабілеті пайда болады. Аралардың демалу бірқалыптығы есебінен 100 г таза салмаққа 6 сағат ішінде 0,44-тен 1,70 г СО2 бөлінеді.

Қан айналу жүйесі. Демалу жүйесі құрылымының ерекшеліктеріне байланысты аралардың қан айналу жүйесі анағұрлым әлсіздеу.

Құрсақта ішектің үстінде ұзын түтік тәріздес жүрек жатады, құрсақ мүшелерімен артынан бекітілген, жұп клапандарының көмегімен бірнеше камераларға бөлінген. Жүрек дене қуысы бөлігімен, жүрек жанындағы синуспен, яғни қалған қуыстан алыстатылған, тік, жұқа және тесілген аралықпен қоршалған. Құрсақ қабырғасына жүрек жалғасып тігілген ілінгіш жіпшелер арқылы бекітіледі. Жүрек – бұлшықетті ағза. Жан – жағында және жүрек астында метамерлік көлденең, жұпты қанат секілді бұлшықеттер орналасқан. Медиандық бұлшық ет ұштары бір – бірімен жалғасады.

Жүректің алдыңғы ұшы бас аортасына жалғасады, миды өтіп, воронка сияқты ойықпен аяқталып, одан қан тура дене қуысына барады. Қан бас ағзасын жуып өтіп, сосын мойын арқылы дене бойында артқа қарай ағады. Құрсақ қуысы аймағында аорта 18–20 ілмек жасайды, мықты етпен қоршалған және оған орама трахейлер сәйкес келеді. Осындай құрылым арқа түтігін құрсақ қозғалысының иілуінен сақтайды. Осы жерде оттегімен байытады.

Құрсақ қуысынан қан жүрекке әр жүрек камерасының 2 жағында жұптасып орналасқан ойықша арқылы жетеді. Олардың сыртынан ішіне ашылатын клапандары болады. Клапандар құрсақ қуысынан жүрекке қанды өткізіп, жүректен құрсақ қуысына кері қозғалысқа кедергі жасайды. Қан құрсақ қуысында асқорыту каналын шайып өтіп, азықтың құнарлы заттарымен байытылады. Байытылған қан жүрек және аорта арқылы бас қуысы мен басқа дене мүшелеріне құйылады.

Қан дене қуысын толтыратын түссіз болатын сұйықтық. Ол фагоциттер мен арнаулы қан жасушаларын құрайды. Қозғалыста тұрмаған араның жүрегі минутына 60–70 рет, қозғалыстағы ара 100 рет, ұшу кезінен кейін 140–150 рет соғатыны байқалады.

Азаю санына температура айтарлықтай әсерін тигізеді. Анықталғандай, 100С температура көтерілген кезде жүрек соғысының азаю санын 2 есе көбеюіне әкеп соғады. Жүрек соғысы жүрек бұлшықеттерінің жұмысымен анықталады, сондай – ақ жүйке жүйесімен бақыланады.

Ас қорыту жүйесі. Тіршілігінің түрлі кезеңіне орай араның ас қорыту мүшелерінің құрылысы әр түрлі болып келеді. Дернәсілдері дайын азықты игеруге әбден бейімделгендіктен, құрылысының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ересектерінің ас қорыту мүшелері күрделі азықты перга да, балды қорытуға да жуан ішектегі көп көлемде жиналған феналды салмақты бүкіл қыс бойына ұзақ сақтауға бейімделген. Аралардың ерекшеліктері сонда, олар қысқы ұйқыға кетпейді, қыста олар шеңбер құрып, көп энергияны қажет ететін бірқалыпты темпертура ұстап тұрады. Аралар қыс бойы балмен қоректенеді. Бірақ қыста тазалық ұшуды жасау мүмкін емес, сондықтан араларда масса жиналады.

Араның асқорыту жүйесін құрылым ерекшеліктері және олардың атқаратын қызметіне қарай ас қорыту каналы мен без жүйесіне бөлуге болады. Ас қорыту каналы 3 бөлімге бөлінеді: алдыңғы асқазан және артқы ішектер. Араның ас қорыту каналында азықты алдын-ала өңдеу жүргізіледі, оны қорыту сілекей бездерінің, асқазан мен ішек сөлінің ферменттері әсерінен іске асады. Қорытылған азық бөлігі ішек қабырғаларына сіңеді және қанға түседі; қорытылмаған тамақ бөлігі аналь тесігі арқылы ішек каналынан сыртқа шығарылады.

Алдыңғы ішек бастың астыңғы жағында ауыз қуысына немесе кеңірдекке қарай баратын ауыздан басталады. Ауыз қуысына сілекей бездерінің – астыңғы ерін, жұтқыншақ, үстіңгіазу және бастың арты иірімдері ашылады. Олардың қызметі шырын өңдеу тамақтанумен байланысты.

Жұтқыншақ бездері шырынды балға өңдеу кезінде ерекше рөл атқарады, себебі оларда бөлінетін сөлде инвертоз ферменті болады. Аналық пен аталықта олар жоқ, өйткені олар шырын өңдемейді және балаларын өсіреді.

Үстіңгі азу бездері сүт өңдейді. Жас араларда, дернәсілдерді тамақтандыратын олар басқа қызмет атқаратын ересектерге қарағанда жақсы дамыған.

Бастың артқы бездері бастың үстіңгі бөлігінде орналасқан. Бұл бездің майлы секреті аралар тұмсықтарына жағады. Бастың артқы бездерінің иірімдерімен ортаңғы шектің бірқатар ферменттерін белсендіреді. Сонымен қатар, бұл секретпен ара құрғақ қантпен қоректенген кезде оны дамқылданады.

Ас өткізгіш – шырын жинау үшін созылмалы және резервуарға айналатын ұзын жіңішке түтікше – бал тілшесі – көлемі жағынан үлкеюге мүмкіндік беретін нәзік қабырғалары бар жұқақабырғалары көбік. Аралар тілшелерінен балды құсып тастай алады. Тілшеде ферменттер жоқ мұнда бездерінің ферменттері азықта келетін сілекей бездерінің ферменттері жұмыс атқарады.

Ортаңғы ішек түтікше болып келеді. Бұл араның асқазаны. Онда асқазан сөлінің әсерінен ас қорыту процестері іске асады. Қорытылған көмірсулар, ақуыздар ішек қабырғаларына сіңіп, қанға түседі. Майлар толығымен қорытылмайды және басқа қалдықтармен артқы ішекке түседі. Артқы ішек – жіңішке және жуан ішекке бөлінеді. Жіңішке ішек сыртқы бұлшықетті болып келеді, оның көмегімен азық қалдықтары қозғалады. Тоқ ішек – созылмалы хитиндік қабырғалары бар қатпарлыағза. Қатпарлары көлемді ұлғайтып, 6 үлкен жуан ректалды бездер болады. Ғалымдардың болжамдауынша, жуан ішектің ферменті – каталаза – ректалды бездердің бөлігі. Жуан ішек араның жарты салмағын құрайды. Оның ферментінің маңызы өте жоғары, әсіресе аралар қыстаған кезде. Ол шіру процесіне қарсы тұрады.

Тік ішек жақсы дамыған бұлшықетті хитиндік қапшығы бар қатпар болып келеді. Оның нәзік қабырғаларының қатты созылу мүмкіндігі бар, үлкен көлемдегі ніжісті сыйғыза алады.

Онда сондай – ақ ректалды бездері бар. Ас қорыту бездерінің секреттері – ферменттер және басқа да заттар күрделі заттардың ұсақталуына әсерін тигізеді.

Ферменттердің ерекшелігі, олардың қызмет әрекетінің жіңішке спецификалы болуы. Олардың әр біреуі бір затты ғана ыдыратады (екеу немесе, сирек кезде үшеу). Араның сілекейінде фермент – инвертаза бар, шырындағы қантқа әсерін тигізіп, оны глюкоза мен фруктозаға ыдыратады. Шырынды балға айналдыру үрдісі осы жерде іске асады: сахарозаны инверттілеу мен артық суды шығару. Одан басқа инверттілеу үдерісі кристализациялау үдерісіне кедергі келтіреді, яғни аралардың қысты күні азықтануының септігі болады. Кристалданған балды аралар пайдалана алмайды, тек көктемде ғана оны омартадан шығып жинаған сумен ғана араластыра алады.

Ішектің ортаңғы және артқы аралығында ішек қуысында ішек қуысына жіңішке канал түріндегі мальпигиев түтікшелері арқылы – араның бөліну ағзалары арқылы түседі. Олар төменгі эпителий жасушасымен несеп қышқылының концентрацияларынан түзілген. Араның жасушасының саны 80-нен 150-ге дейін жетеді. Қуық қышқылының кристалынан басқа, бөлінгіш ураттар анықталған-қуық қышқылының калий және натриймен қосылуы. Мальпигиев түтікшелерінің көмегімен көбіне су дажойылады.

Бөлінгіштік қызметті майлы дене де атқарады. Ол көптеген түрлі қырлы жасушалардан тұрады, көп бөлігі май тамшыларымен толтырылған, басқа бөлігі қуық қышқылының конкрецияларын құрайды, жасы өскен сайын, олардың саны көбейеді және бұл майлы дененің жиналу өркені ретіне қатыстылығын, яғни алмасу азығы шығарылмай, ағзада жиналатынын дәлелдейді. Бірақ негізгі қызмет – май жинау. Дернәсілдерінде бұл жақсы дамыған, бүкіл дене бойын қамтиды. Дернәсілдердің қауашақтың өсуі мен дамуына жұмсалады. Ересек арада майлы дене жұқа тегіс түрлі болып келеді.

Мальпигиев түтікшелері мен майдан басқа,ара ағзасындағы бөлінгіштік қызметті перикардиалды жасушалар немесе жүрек жандарына орналасқан нефроциттер атқарады.

Араның жыныс мүшелері. Байқалғандай, аналық 6–7 аталықпен будандасады. Бұл ұрықтанудың таңдамалы бағыттылығын қамтамасыз етеді және отбасының өміршеңдігін жоғарлатады. Кейде сперматозоидтар мен спермалардың жарамсыздығынан жұмыртқа ұрықтанбай қалып қояды. Олардан аталықтар шығады. Аталықтардың көп мөлшерде шығуы аналықтың қартаюын көрсетеді. Немесе егер ол жас болса, оның жыныс мүшелерінің дұрыс дамымағандығы жайлы айту керек. Орнықтырылған жұмыртқалар жұмыртқалықтың қабырғаларына бекіп, 3-ші күні астына қарай түседі. Дернәсілдердің осындай жағдайына қарап олардың жасын санамалауға болады. Дернәсілдер шықпай тұрып ара – тамақтандырғыштар жұмыртқалыққа сүттерді салады, олар жұмыртқаның қабатын ерітеді. Дернәсіл сүтте жүзіп жүреді. Сүтпен ылғалданбаған дернәсілдер дамымай қосылады.

Аналық араның жыныс жүйесі жұмысшы араның жыныс жүйесімен ұқсас болады бірақ соңғыларында ол жөнді жетілмеген. Аналықта олар жақсы жетілген қос аналық бездерден, қос тұқым жолдарынан, дара тұқым жолынан, ұрық қабылдауштан және қынаптан тұрады. Аналық араның әрбір аналық безінде 120–200 жұмыртқа түтікшелері болады, бұларда жұмыртқалар өсіп жетіледі.

Әрбір аналық бездін жұмыртқа түтікшелері тиісті тұқым жолдарымен жалғасады, ал одан екеуі де дара тұқым жолына ауысады. Соңғысы екі қынаппеншағылысу қалташықтарымен аяқталады. Дара тұқым жолының түтікшесіне насос тәрізді жұмыс жасайтын үш жағындағы тесігімен ұрық қабылдағыштын жіңішке каналы жалғасады. Ұрық қабылдағыш көлемі – 1,2–1,5 мм, мускулатурадан айрылған, нығыз іргелері бар және кеңірдектермен оралған, түрі шағын шар тәрізді көпіршік. Ұрық қабылдағышқа оның қосалқа қос безі жабысып тұрады.

Жұмыс арасының жыныс жүйесі аналық безі сияқты құрылған, тек ол дамымаған. Әйтпесе ұрықабылдағыш даму қалпында болады, жұмыртқалықта жұмыртқа түтікшелері 4–8, кейде 20 дейін болады, ал жыныс мүшесі соншалықты дамымаған, ара аталықпен будандаса алмайды жұмыс аралары ұрықтанбаған жұмыртқалар салады, олардан тек аталықтар ғана шығады.

Аталықтың жыныс мүшесі қос тұқымдықтан, 2 ұрықөткізгіш ортақ тұқымшығарғыш каналға ұласады. Ол клоакада орналасқан, дене қабырғасындағы цилиндрлік өскенімен бірлескен ағза болыптүзіледі. Будандасқан кезде бірлескен ағза құрсақтан жылжиды және аналықтың жыныс мұшесіне енеді. Бірлескен ағза екі өскінді болып келеді, яғни будандасқан кезде аналық жыныс мүшелерінің қалташықтарына енеді және құлып сияқты түзіледі. Араның орталық жүйке жүйесінде ми және құрсақ жүйке тізбегі ажыратылады.

Бас миы. Бұл жұтқыншақ үстілік түйіннен, жұтқыншақ астылық түйіннен бір–бірімен тарпалармен байланысады..

Жұтқыншақ үстілік түйін араның белсенді қимыл қызмет ету орталықтын бастапқысы болып саналады. Сол себептен мидын басым бөлігі жылжымалы емес сезімтал және ассоциативті жасушалардан тұрады. Үш бөлім ерекшелінеді: алдынғы – протоцеребрум, ортанғы –дейтоцеребрум және артқы – тритоцеребрум.

Алғашқысынан көздері, ортаңғысынан антендері, ал үшіншісі үстіңгі ерін мен ауыз езуінің бұлшықеттерін, сондай – ақ ішкі ағзалардың иннервация орталығын жүйкелендіреді. Кеңірдек атты ганглий ауыз қуысы мен сілекей бездерін жүйкелендіреді. Ол кеңірдек астында бастың төменгі бөлігінде жатыр және ұзартылған сіңірлермен байланысқан. Көптеген бунақденелілердің сияқты аралардың құрсақ жүйке тізбесі ұзын бағыттағы ганглий жиынтығымен сипатталады.

Дернәсілдерінде ересек бунақденелілерге қарағанда жүйкелері көбірек мүшеге бөлінген.

Ара дернәсілі 13 ганглийден тұратын жүйке тізбесінен тұрады: бас бөлігінде – 2, кеудеде – 3, құрсақта – 8. Жұмыс арасында бастағыны қосқанда 9 ганглий, себебі ганглийлердің қосылуы жүреді екінші кеуде ганглийі артқы кеудесімен, алтыншы жетіншісімен қосылады. Аналықтар мен аталықтар да 8 ганглий кеуде ганглийлері жұмыс арасының құрылысы секілді, ал құрсақта 5-ші, алтыншы және 7-ші ганглийлер бір күрделі құрсаққа қосылады. Аралардың жүйке жүйесінің осындай концентрациясы ағзаны оптималды жүйкелендіреді, негізінде олардың морфо-физиологиялық деңгейлерін көтереді. Кеуде ганглийі қанаттар мен аяқтарын, 1-ші мен 2-ші құрсақ сегменттерін жүйкелендіреді.

Құрсақ ганглийлер – құрсақ жабынының мүшелері. Периферийлік жүйке жүйесі бунақденелілердің ағзасында таралған сезімталды нейрондармен, ОЖЖ ганглийлерінен және вегетативті жүйке жүйесінен ажыратылған жүйкелермен сипатталады.

Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелерінің жұмысын бір – бірімен үйлесімді етеді. Бұл жерде 3 бөлімді атап көрсетуге болады: краниалды, ағзалық және каудальді. Краниалды бөлімге: жүректің иннервациясы, аорталар, кеңірдек, алдыңғы ішек, трахея, бас жатады. Ағзалыққа: тыныс алу аппаратының жабылу бөлігінде орналасқан бұлшықеттер, қаңқалық бұлшықеттер жатады.

Сонымен, бунақденелілер класының өкілі – бал арасы класының барлық белгілері бар. Ұшуға бейімділік – бунақденелілерді барлық омыртқасыздардан ерекшелендіретін белгісі. Ара мен гүлді өсімдіктер арасындағы тығыз байланысы, өмірлерінің қоғамдық сипаты олардың анатомиясына, ағзада болып жатқан процесстерге өшпестей із қалдырады.

2.3 Араның физиологиясы


Араның ас қорыту ағзаларының қызметі. Араның өсіп жетілуіне белоктар, көмірсутегі және майлар қажетті, сонымен қатар дәрумендермен минералдық тұздар да керек.

Бұл заттарды аралар шірнеден және тозаңнан алады. Үй жануарларынан айырмашылығы аралар отбасы керекті коректі жинап қана қоймай, сонымен қатар оны өздері өңдейді, консервілейді және қор ретінде бал мен гүл тозаңын мол сақтайды. Бал мен гүл тозаңы ересек аралар мен жұмысшы аралардың дернәсілдері мен үш күннен асқан аталық аралар үшін қорек болып табылады. Жас дернәсілдерді мен аналықтарды қоректендіру үшін шығаратын сүт пайдаланылады. Аналық өзінің даму кезеңінде және жұмыртқа салу уақытта сүтпен қоректенеді, бірақ ол әсіресе жұмыртқа салу кезеңіндегі үзілісте қуыстардан өзі алатын балды да қолданады. Жұмысшы аралар мен аталық аралардың дернәсілдері сүтті тек алғашқы үш күннің ішінде ғана алады, одан кейінгі аралықта аралар бал мен гүл тозаңының (сұйық ботқамен) қоспасымен қоректендіреді. Ал аналық дернәсілдер ұдайы сүтпен қоректенеді. Мұнда олардың дамуының алғашқы күнінен бастап пайдаланатын сүтінің жұмысшы аралар мен аталық дернәсілдер алатын сүтпен айырмашылығы бар, мұны аналық араларды жасанды әдіспен шығарған кезде ескеру қажет.

Су және минералдық тұздар ара денесінің құрамына кіреді. Ара қанында 90 пайызға жуық су болады, жеке ұлпаларда 75–80 %. Су отбасына табиғатта балауыз болмағанда, көптеген аралар суға қарай ұшады да өліп қалады. Сондықтан омарта ішінде арнай суарғыш қою қажет. Аралар өздеріне қажетті минералдық заттарды жеткілікті мөлшерде гүл тозаңынан алады.

Аралардың қорегі күрделі химиялық қосылыстардан тұрады. Сілекей бездерінің, ортанғы ішек бездерінің және арнайы жасушаларында шығарылатын ферменттердің әсерімен алдын ала қайта өнделмеген қоректі ара мүшелері сіңіре алмайды. Ас қорыту жұмыстарына келесі ферменттер қатысады. Құрғақ қантты жеміс және жүзім қантына ыдырататын инвертаза; крахмалды ыдырататын амилаза; гликогенды ыдырататын гликогеназа, майға әсер ететін липаза; белоктарды ыдырататын протеаза, пепсин және трипсин. Оның үстіне бір қатар ферменттер араның асқорыту жүйесіне тозаңмен бірге түседі. Ферменттердің түзілуіне ішек микроорганизмдері қатысады.

Сұйық қоректі сорғанда сонымен бір уақытта жұтқыншақ және көкірек бездерінен ішектің алдынғы бөлімінде қабылданған қорекке әсер ете бастайтын инвертаза мен амилазасы бар секрет келіп түседі. Асқорытудың және қайта өнделген қоректі сорудың негізгі жұмыстары араның ортанғы ішегінде өтеді.

Моносахаридтер ішектің осы бөлімінің іргелерімен ешбір өнделместен тікелей сорылады. Дисахаридтер инвертазаның көмегімен глюкоза мен фруктозаға ыдырайды, крахмал амилазамен дисахаридтерге, одан кейін өзге ферменттермен моносахаридтерге айналады. Араның ортанғы ішек бөлімінде сонымен қатар май липазамен қортылады және протеаза, пепсин мен трипсин ферменттерімен белоктар аминқышқылдарына дейін ыдырайды. Ішектің артқы бөлімінің асқорытудағы мәні шамалы, өйткені ферменттер бөлініп шықпайды.

Артқы бөлімде басқа бөлімдерден шыққан ферменттердің әсерінен қоректің жарым-жартылай іріп-шіру процестері созыла береді.

Қоректің қорытылмаған қалдықтардан судың артығы тоқ ішекте болады: ол қый сақтайтын резервуар болып табылады. Бұл ішектің қуысына тік ішек бездері секрет бөліп шығарады (соның ішінде коалаза ферменті), ол іріп-шіру жұмыстарының дамуына кедергі келтіреді, мұның өзі аралардың қыстап шығу кезеңінде артқы ішекте қый ұзақ сақталғанда өте маңызды. Қоректің ішек өту жылдамдығы, оның қоюлығына, араның физиологиялық және тіршілік жағдайына байланысты болады. Сұйық қорек балды жемсауға қоректендіргеннен кейін бірнеше секундтың ішінде пайда болады. Мұнда ол бірнеше сағат бойына қалуы мүмкін. Аралардың зат алмасуы төмендегенде, мысалы, аралар үйірінде немесе кәрездерсіз пакет арқылы арнайы тәжірибе жасағанда, олардың балды жемсауда қорек 4–5 тәулікке дейін қалуы ықтимал. Қоректің алғашқы бөлігі ортанғы ішекте қоректенгеннен кейін 15 минут өткен сон пайда болады, ал бір тәуліктен сон толығымен осы бөлімнен өтіп, артқы ішекке түседі.

Ас қорыту нәтижесінде пайда болатын қоректер ортанғы ішектің эпителий жасушаларына енеді, одан қанға және араның әр түрлі ағзаларының жасушалары мен ұлпаларына тарайды. Зат алмасу жұмысының қоректің елеусіз энергиясы жылу, механикалық және энергияның басқа түрлеріне айналып, пластинкалық жұмыстар іске асырыладыбүлінген заттар жасушалары қалпына келтіріледі, олар өсіп көбейеді.

Араның эмбрионалдық және постэмбрионалдық даму кезеңінде және аналықтың жұмыртқаларын өте көп салған уақытта пластинкалық жұмыстын ерекше мәні бар. Зат алмасу қарқынының көрсеткіштері ретінде ағза сіңірген оттегінің мөлшерін және оның бөліп шығарған көмірқышқыл газының мөлшерін алуға болады. Тотықтандыру жұмыстары энергияның босатылуына байланысты. Сондықтан қоректік заттар сапасының көрсеткіштерінің бірі олардың ағзада тотыққанда босатылатын жылу энергиясының мөлшері болып табылады. Көмірсудың немесе белоктың 1 грамы тотыққанда 17,2 Дж энергия, ал 1 г май тотыққанда – 38,9 Дж бөлінеді деп саналады.

Сүтқоректілермен салыстырғанда бунақденелілердің дене температурасы тұрақты емес. Ол қоршаған ортаның температурасымен байланысты болады көтерілсе көтеріледі, ал төмендесе төмендейді. Бірақ ара отбасы біртұтас биологиялық тірі жәндік ретінде көп мөлшерде жеке ағзаларды біріктіреді, қоршаған ортаның температурасына қарамастан ұяда азды-көпті тұрақты температураны ұстауға қабілетті.

Термореттелу. Аралар өз ұясындағы температурасын бірқалыпты деңгейде сақтай алу қабілеттілігімен ерекшеленеді. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, бунақденелілердің дене температурасы міндетті түрде қоршаған ортаның температурысымен дәлме – дәл болуы керек, бірақ мәселе мұнда емес.

Белсенділік периодында барлық қозғалтқыш бұлшықеттер орналасқан кеуденің температурасы әдетте, көтеріледі. Мәселен, түнгі үлкен сфинск көбелектердің температурасы 35–400С болады.

Бірақ ара тұрақты дене температурасы болмайтын басқа жануарларға қарағанда жылу өндіре алу деңгейіне жетті. Ең алдымен, ол Эштың (Мюнхен) бақылауынша, тіпті жекеленіп қалған кезде де, басқа бунақденелілерге қарағанда жылу сақтау қасиетімен ерекшеленеді, дегенмен ол үшін, оған қантты азық қажет. Көбінесе бұл қабілет ара жанұясында көптеп кездеседі.

Дернәсілдер және қуыршақтар, жұмыртқалары бар ұяшықтарда орналасқан кәрездердің орталық бөлігінде, ұрықты өсірудің кезең бойында қантты азық жеткілікті болған жағдайда 33–340С температурасы үнемі сақталып тұрады. Осы жерде жылу қалай бөлінетіні әзірше белгісіз.

Ерекше атап өтерлігі, ара кеуделерінің температурасы би кезінде айтарлықтай артады, тіпті ол биді қызықтап тұрған араларда да көтеріледі.

Эштің айтуы бойынша, ара қызған кезде кеуде бұлшықеттерінің қызмет потенциалы ұшу жағдайына ұқсас болып, амплитуда мен жиілігіне дейін жетеді, бірақ қанаттары қозғалмай қалады. Шектен тыс ыстық болып кеткен кезде кей аралар, ұяны жеткізілген сумен ұяшықтарға шашады, қалғандары қатарға тұрып, бәрі құрсақтарымен жабысып қанаттарымен ұрғылайды; осылай ауада күшті иірім пайда болып, ол артық калорияны тез алып етеді. Соңында, егер температура жоғарылауды жалғастырса, аралар омартадан шоғырымен шығады, сыртында летканың астында қозғалмай ілініп тұрады. Мамандардың айтуынша, бұл сақал құрау деп аталады.

Суық түскен кезде: қысты сақадай сай күйде қарсы алуға дайын аралар жазғыларына мүлдем ұқсас емес, аналардың ұяларында қор жинау мүлдем болған жоқ, олардың өмірлері ұзақ болмайды; ал мыналар болса, ақуыз бен майға бай азық жинайды, олар жарты жыл және одан да көп өмір сүре алады.

Міне, олар омартаның ортасына жиналып, мықты қозғалыссыз үйірленіп шумақ түзеді.

Сыртта қаншалықты суық болса да, шумақ ішіндегі температурасы 130С төмендейді. Шумақтың дәл ортасында бірнеше сантиметрлік ғана өлшемді ыстық аймағы бар: бұл кішкене жылу орталығы жиі және кейде күшті болатын өзгерістерге әбден төтеп бере алады.

Шумақ сыртындағы араларды көп бақылаған Эш, олардың кеуделеріне жұқа термобуларды жабыстырып, аралардың соншалықты төмен температураға төзе алатынына, яғни одан олар жапа шекпейді, ақырында олар соншама жылы шумақ ішіне еніп кетуіне көз жеткізеді. Шумақтағы температураның жылдам өзгергіштігі қантты азықпен қоректенетініне байланысты; ара шырынды сорып алған кезде оның кеудесінің температурасы көтеріледі.

Содан кейін азықтанған ара басқа аралармен бөліседі – бұл осындай бунақденелілер қоғамындағы сақталған салт, енді азық алған аралар кеудесінің температурасы азық беретін аралардікісекілді көтеріле бастайды. Сонда, қысқы шумақ ішіндегі термореттегіш азықтың циркуляциясымен байланысты.

Араның тыныс алуы. Дене жасушаларына қан айналым жүйесі арқылы түскен қоректік заттардын ыдырату өнімдері тотыққан кезде олардағы энергияны босата алады. Бұған қажетті оттегі тыныс алу ағзалары арқылы келтіріледі, олар бір уақытта ағзаданыдыраудың соңғы өнімдеріне көмір қышқыл газы мен суды ығыстырады. Ұлпалар мен жасушаларға оттегінің жеткізілуі ауадан оттегін омыртқалы өкпе арқылы алатын, тұйық қан жүру жүйесі арқылы іске асырылатын омыртқалы жануарларға қарағанда, өзге бунақденелілердегі сияқты араларда ауа барлық ағзалар мен дене жасушаларына тікелей кеңірдектің күрделі тұйық жүйесі арқылы келеді.

Ара денесінің бүкіл қуысы кеңірдек капилярларынан тұратын жақсы жетілген жүйеге толы. Ара денесінің тыныстықтар – ерекше тесіктер арқылы келіп, аумақты ауа дорбаларына кіреді, одан көптеген жіңішке кеңірдектердің бойымен бүкіл денеге тарайды.

Тыныстық немесе ерекше тесіктер көкірек пен құрсақтын бүйір бөліктерінде орналасқан: ара отбасының барлық жеке ағзалардың көкірегінде олар үш жұп, жұмысшы ара мен аналықтын құрсағында алты жұп, ал аталық арада жеті.

Ауа тыныстық арқылы тыныс камерасына келеді, оның іргелері кеңірдекті шаннан қорғайтын қылшықтармен бүркелген. Ауа камерасы кеңірдікпен қақпақ арқылы жалғасады, соңғы ауаның келуін және ара ағзасынан су буының шығуын реттейді. Ауа дорбалары құрсақта (бір жұбы өте ірі), көкіректе (алдынғы көкіректікі және артқы көкіректікі) және баста (үш жүп).

Оларды ауа қорыту резервуарлары деуге болады, ұшып келе жатқан араның меңшікті салмағын азайтады, кеңірдек жүйесінің өзінен өзі ауа жаңғыртуына себін тигізеді.

Кеңірдектер – жұқа қабырғалы тармақтанған түтікшелер. Олардың ішкі хитин қабырғалары беріктік беретін және олардың түтікшелерінің түсуіне, қысылуына кедергі келтіретін шиыршық жуандату түзеді. Кеңірдектер тармақтана отырып, араның бүкіл ағзалары мен ұлпалары жиі тормен шырмап алады, өзінің соңғы бөлігінде олар хитин шиыршығынан айрылған аса жұқа кеңірдек капиллярларына (трахеолдарға айналады).

Оттегін жеткізіп, көмір қышқыл газын шығара отырып, трахеолдар араның ұлпалар жасушаларының арқылы арасына өтеді.

Араның тыныс алу қарқындылығы оның физиологиялық күйіне, температурлық және басқа жағдайларға байланысты. Тыныштық кезінде ара құрсағы минутына 50–60 тыныс алу жасайды, белсенді қозғалғанда, зат алмасудың күшейе түсуіне байланысты жиырылуы 120–150-ге дейін жетеді.

Араның қан айналымы. Омыртқалы жануарлармен салыстырғанда аралардың қан айналатын арнайы қан тамырлары жоқ және олардың қан айналу жүйесі тұйықталмаған. Гемолимфа деп аталатын ара қанында гемоглобині бар қызыл қан түйіршіктері жоқ, сол себептен омыртқалы жануарлар қанынан айырмашылығы, ол тыныс алу қызметін атқармайды.

Гемолимфа ара ағзаларын, ұлпаларын, торшаларын толығымен қоршап осыларға қоректік заттарды жеткізеді де, шығару ағзалары арқылы гемолимфадан шығатын алмасу өнімдерін (несеп қышқылымен ураттарды) бірте-бірте сіңіріп тартады.

Гемолимфаның түсі-мөлдір сәл сары сұйықтық зат. Гемолимфа аралардың ағзаларын микроорганизмдермен зиянды заттардын әсерінен қорғайды. Ара гемолимфасының құрамында белоктар 6–7 %, 10 % дейін, майлар – 5, глюкоза – 4,4 пайызға дейін, минералдық заттар, әр түрлі ферменттер және гормондар бар.

Көптеген бунақденелілер сияқты, арада гемолимфа ұйымайды, өйткені фибриногены жоқ. Гемоциттер гемолимфаның белсенді жылжуына қабілетті болады.

Ересек арада олардын үш формасын ажыратады: платоциттер, эноцитоидтер және сферулоциттер. Гемоциттер фагоцитозға да қатысады. Көмір қышқылы және араның қалдық су ара ағзасының тыныс алу ағзаларымен, ыдырайтын өңімдердің бір бөлігі және қоректің қорытылмаған қалдықтарыішекпен шығарылады.

Аралардың мальпигий тамырлары омыртқалы жануарларда сияқты бүйректердің қызметін атқарады. Бұл тамырлар гемолимфадан несеп қышқылын, қымыздық қышқылды және қышқылды қальцийді және басқа ара ағзасында зиянды заттарды ұстап қалады, және оларды артқы ішек түтігіне қарай ығыстырады.

Ара неғұрлым ұзақ тіршілік етсе, оның жасушаларында ыдырайтын өнімдер соғұрлым көп жинақталады.

Бөліп шығаратын жасушалардың түсіне қарай аралар мен аналық аралардың физиологиялық жасын анықтауға болады. Аралардын жасы ұлғайған сайын жасушалардың түсі соғұрлым күңгірттене түседі.

Қан айналым жүйесі тұйық болмасада аралардың қан айналуы арқа тамырының, құрсақ пен арқа диафрагмаларының әрекеттері арқылы белгілі бір бағыттарда өтеді.

Жүрек қанды құрсақтан бас бөлігңне қарай қысыммен шығаратын насос тәрізді. Құрсақ диафрагмасы толқын тәрізді қозғалыспен алдан артқа қарай құрсақ қуысындағы қанды оның шетіне қарай айдайды. Арқа диафрагмасының ырғақты қимылдарымен қоректік заттармен байыған және ыдырайтын өнімдерден босаған қан, жалпы құрсақ қуысынан арқа қуысына қысыммен айдалады, одан арқа тамырына, ал бұдан соң бас қуысына келеді.

Неғұрлым таза және қоректік заттарға бай қан ең алдымен ми, сезім мүшелері, баста орналасқан сілекей бездері, одан кейін көкірек пен құрсақтағы мүшелер мен ұлпалар сияқты маңызды ағзаларды қоршайды.

Ересек арада тыныш күйінде арқа тамыры (жүрегі) 1 минутта 60 –70 рет, қозғалған кезде – 100 ретке дейін, ұшып келгеннен кейін –140–150 рет жиырылады.

Аралардың өсіп көбеюі және жетілуі. Жыныстық өсіп көбейгенде аналық жасуша, әдетте оны аталық жыныс жасушасымен ұрықтандырғаннан кейін жетіле алады, соның нәтижесінде зигота пайда болады, одан жаңа ағза өседі.

Бұл ереженің бір ерекшілігі – жаңа ағза ұрықтанбаған жұмыртқадан жетіледі. Мұндай құбылысты партеногенез деп атайды. Бұл бірлескен және кейбір басқа бунақденелілерде, соның ішінде аталық аралар, әдетте ұрықтанбаған жұмыртқалардан жетілетін ара отбасында байқалады.

Аналық араның әрбір аналық безінде 120–200 жұмыртқа түтікшелері болады, бұларда жұмыртқа өсіп жетіледі.

Жұмысшы араның аналық бездері өте кішкентай және әдетте 2–3 тен, бірақ 20-дан аспайтын жұмыртқа түтікшелері бар, ұрық қабылдағыш сәл ғана ұрық біте бастау күйінде көрінеді, шағылысу ағзалары жетілмеген , сондықтан ол аталық арамен жұптаса алмайды. Егер қоректендіру жағдайын жақсартса, жұмысшы араның аналық бездері кызмет етіп және ара аздаған мөлшерде болса да ұрықтанбаған жұмыртқалар салуға қабілетті болуы мүмкін.

Мұндай араны аталықша (трутовка) деп атайды. Анатомиялық аталықшыларды айырады.

Егер отбасында ұзақ уақыт бойы аналық болмаса, онда анатомиялық аталықшылардың бір бөлігі жұмыртқалар салабастайды. Жұмыртқалар салатын мұндай араларды физиологиялық аталықшалар деп атайды.

Олардың отбастары барын бірдей байқауға болады, өйткені олар бір қуысқа бірнеше жұмыртқа салады, тіпті түбіне қарай ғана емес, іргелеріне де салады. Физиологиялық аталықшалар пайда болған аналықсыз отбасын аталықшалы деп атайды.

Омартада осындай отбастарының болуы ара өсіруші жұмысының нашар екенің байқатады.Аталықтын жыныс ағзасында бұршақ тәрізді аталық жыныс жасушалар жетілетін 150–200 тұқым жолынан тұрады.

Аналықтын аталықпен жұптасуы ұядан тыс ауада, олардың жынысы жетілген кезде өтеді. Аналық жынысы аналық ара қуысынан шықаннан кейінгі 2–3 күн алғаш рет шамалап ұшып айналып шығады, бұл кезде ол өз отбасы ұясының орналасқан жерімен танысады.

Аналық ара жұптасу үшін жылы және ашық күні, әдетте 12–17 сағат аралығында ұшып шығады. Сәтті жұптасқанда ол «шлейфпен» қайтады, ал онымен шағылысқан аталық ара өледі. Көптеген уақытқа дейін аналық тек бір аталықпен ғана жұптасады деген гипотеза айтылған, соңғы кезде В. В. Трясконың зерттеуі бойынша аналық бір емес бірнеше аталықпен жұптасып, әр түрлі ұрықты қабылдауы жайында айтылады, ондай құбылысты полиандрия деп атайды.

Ұрық тұқым жолынан ұрық қабылдағышқа ауысады, бұған көлемінің шамалы болуына қарамастан, 8–10 миллионға дейін сперматозоид сияды. Аналықтың ұрық қабылдағышында оның ағзасынан қоректік заттарды сіңіре отырып, жасушасы бірнеше жыл тіршілік етуі мүмкін.

Аталықпен жұптаспаған және жұмыртқа салмайтын жас аналықты ұрықсыз деп атайды. Кейбір қолайсыз жағдайда жас аналық ара аталық арамен жұптаса алмаса, ол ұрықтанбаған жұмыртқалар сала бастайды, олардан аталық аралар дамып шығады.

Мұндай аналықты «аталық шығаратын», ал аталықпен жұптасқан және ұрықтанған жұмыртқалар салған аналықты «ұрықты» деп атайды. Ұрық қоры таусылған және ұрықтанбаған жұмыртқалар салатын ұрық аналықты «аталыққа айналған» ара деп атайды. Отбасының жоғары қызмет ету уақытында ұрықты аналық әр бір тәулігіне 1200–1500 жұмыртқа салады, ал жеке көрсеткіштері жоғарылары – 3000-нан асырып түсіреді. Әрбір жұмыртқаның салмағы 0,1 мг болады.

Ара отбасының ұясындағы жұмыртқаларды, дернәсілдер мен қуыршақтарды ұрық деп атайды. Ашық ұрық -бұл жұмыртқалар мен ашық қуыстарда болатын жас дернәсілдер, ал жабық ұрық-бұл жабық қуыстарда болатын дернәсілдер, қуыршақ алдындағылар және қуыршақтар.

Аналық араның өзі және оның аналық бездері неғұрлым ірі және жұмыртқа түтікшелері көп болса, соғұрлым ара отбасының ұрықшылдығы мен өнімділігі жоғары болатындығы дәлелденді. Тіршілігінің екінші жылынан бастап аналықтын жұмыртқа салғыштығы азаяды. Сондықтан отбасыларда екі жастан аспаған, жақсы жетілген ірі аналықтарды ұстау керек.

Аралардың жетілуі. Жұмыртқадан бастап ересек сатысына дейінгі және ағзаның табиғи өлуіне дейінгі бірте-бірте өсуін және жетілуін онтогенез деп атайды. Өзінің жеке жетілуінде ара отбасының құрамы негізгі үш сатыдан өтеді – жұмыртқа, дернәсіл және қуыршақ, мұндай біртіндеп өзгеруді – метаморфоз деп атайды.

Ара отбасының даму мерзімі келесі кестеде көрсетілген (1-кесте).

1-кесте – Ара отбасындағы әр түрлі дараларының даму мерзімі, күндері
Даму кезеңдері Жұмысшы ара Аналық Аталық
Жұмыртқа 3 3 3
Личинка (дернәсіл) 6-7 5 7-9
Қуыршақ алды 2-3 2 4-6
Қуыршақ 9 6-7 10-14
Жалпы 20-22 16-17 24-32

Аралардың сезім мүшелері мен қимыл әрекеті. Араларда бірқатар морфологиялық жағынан ерекшелінетін құрылымдар бар, олардың іс әрекеті жүйке жүйесінің жұмысымен реттеледі және олар сезім ағазаларымен тығыз байланысады – көру, сезіп білу, иіс сезу, есту.

Аралардың көруі. Арада бес көзі бар: үшеуі қарапайым және екеуі күрделі, яғни жеке қарапайым көзшелерден тұратын күрделі көздер. Ара дернәсілі көзсіз.

Аралар қабылдайтын күн спектрінің бөлігі адам көретін бөлікпен салыстырғанда неғұрлым қысқа толқындар жағына ығысқан. Адамнан айрмашылығы, ара ультракүлгін сәулелерді – толқындар ұзындығы 300–390 мм қабылдайды, ал 630–800 мм қабылдамайды. Сонымен қатар, аралар нағыз сары және көк түстерді жақсы көреді; спектрдің ультракүлгін сары және көк бөлімдерінің өзара әсерінің нәтижесінде пайда болатын көгілдір – жасыл, күлгін және күңгірт –қоңыр түстерді айырады.

Сол себептен аралардың ұясын белгілі бір бояумен бояу қажет, бұл аралардың басқа бөтен ұяларға ұшып баруын және жұптасқаннан кейін ұшып келе жатқандарды жойылып кетуінен алдын алады.

Аралардың иіс сезуі көптеген өзге бунақденелілерге ұқсас жақсы жетілген және қорек көзін табудың аса маңызды шарттарының бірі болып саналады. Ұсақ санылаулы пластинкалар мұртшалардың соңғы сегіз буындарында 6000-ға дейін орналасқан, сондықтан ара қысқартылған мұртшаларымен иіс қабылдамайды.

Әр отбасының араларына өзінің ерекше иісі тән, сол бойынша олар өз араларын бөтен аралардан айырады. Аралар өздеріне күшті тітіркендіргіш әсер ететін удын иісін дереу сезеді.

Олар аналықтың иісін сезеді және ұрықсыз аналықты ұрықтысынан айыра алады. Аналық бөліп шығаратын секрет араларға оның отбасында бар екенін байқатады және олардын аналық қуыс жасау сезімін тежейді. Ұшып келе жатып жұптасарда аналықтын иісі аталықтарды өзіне тартады.

Аралар өз отбасының барлық жеке ағзашаларына тән ерекше иісті басқа отбасы араларының иісінен айырады.

Араның естуі. Біздің және шет ел ғалымдарының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дыбыс сигналдарын шығарудың, берудің және қабылдаудың механизмі табылды, олардын ара отбасының физиологиялық және орта жағдайларымен байланысы анықталды.

Дыбыс-бунақденелілердің мүшелерімен қабылданатын серпімді ортадағы механикалық тербелістер. Дыбыс толқындары әуе ортасында шамамен секундына 300 м жылдамдықпен тарайды. Бірлескен бунақденелілерде дыбыстар шығару үшін түрлі икемшіктері дағдыланған.

Олардың ішіндегі неғүрлым қарапайымдарының көмегімен субстратқа (соналар, құмырсқалар, термиттер) әсер етеді. Балды араларда дыбыстарды шығару және қабылдау мүлтіксіз жетілген, мұның өзі бунақденелілердің тіршілігінде айрықша мәні зор.

Аналықтардын дыбыс сигналы олардың екінші үйірінің шығуы алдындағы «ән салуы» дейтін ара өсірушілерге көптен мәлім: аналық қуысынан шыққан жас аналық жіңішке созылынқы дыбыс шығарады, бұған аналық қуыстағы оның сіңлілері неғурлым басыңқы жауап қайтарады.

Аналықтын дыбыс сигналы 6–20 импульстерден тұрады, олардын алғашқысы неғұрлым ұзақ (1–1,5 с). Келесі импульстердің ұзақтығы 0,25-тен 0,6 с дейін ауытқиды, ал олар мен алғашқы импульстің арасындағы 0,15–0,25 с болады.

Жанадан үйір құруға даярланып жатқан ара отбасы ерекше дыбыс шығарады. Аналықсыз отбас тіпті өзгеше дыбыс береді. Ақырында, қоректің мол көзін тапқан аралар «билеген» кезде өздеріне тән дыбыс шығарады, онысыз «би» өзге жеке ағзаларға жұмылдырғыш әсер етпейді.

Аралардың дыбыс сигналын шығаруы көбінесе көлденен қанат бұлшық етінің жиырылуына себепкер болатын кеуде тербелістерімен байланысты. Бұл дыбыстар диффузор жұмысын атқаратын қанат пластинкаларымен күшейтіледі.

Аралар уақытты сезуі жақсы жетілген. Ара отбасының араларды шірне мен тозанды тәуліктің неғұрлым қолайлы уақытында жинауға жіберу қабілеттілігінің биологиялық және тәжірибелік маңыздылығын көрсетеді. Бұл уақыт пен қуатты мейлінше аз жұмсай отырып шірне мен тозаңды неғұрлым көп алуға мүмкіндік береді.

Аралардың хабар беруі (тілі). К. Фриш өзінің ғылыми еңбектерінде аралардын биін аралардын «тілі» деп атаған. Ара биінде негізгі екі түрін ажыратады-шыр айнала және бұлталақтау. Егер қорек көзі мен ұя арасының қашықтығы 100 метрден аспаса, барлаушы ара шыр айнала билейді, шағын шеңбер бойымен әуелі бір бағытта жүгіреді, одан кейін 1800С бұрыла отырып, қарама-қарсы бағытта жүгіріп өтеді.

Осындай дәйекті айнала қозғалыстарды бірнеше рет қайталай отырып, ара кәріздің басқа орнына ауысып, жаңадан айнала билейді. Би аяқталғаннан кейін ара ұядан тез шығып, өзі тапқан қорек көзіне қарай ұшады. Билеген араның қасындағы аралар қызыну күйіне түседі, мұртшаларымен оның құрсағына жанасуға тырысады, сонынан ереді, кейде оның қозғалыстарын қайталайды, ал би аяқталғаннан кейін ара қорек жинауға ұшып кетеді.

Бұлтақтау биінде барлаушы ара әуелі жартылай шеңбер бойымен жылжиды, одан кейін 2–3 қуыстың бойымен бастапқы орнына қарай тура жүгіріп өтеді, одан басқа жағына бұрылып, екінші жартылай шеңберге ауысады.

Жартылай шеңберлер бойымен жүгіруі бірсыдырғы сабырлы, бірақ тура жүгіріп өткен кезде ара денесімен, әсіресе құрсағының ұшымен бір жағынан екінші жағына батыл бұлтақтайды, сондықтан да бұл бұлтақтайтын би деп аталған. Осындай би арқылы барлаушы ара ұядан қорек кезіне дейінгі қашықтықты және оған ұшып баратын бағытты көрсетеді.

Араның отбасында атқаратын жұмысы. Отабасында араның белгілі бір жұмыс атқаруы оның физиологиялық күйіне, отбасының өзінің күйі мен қажеттілігіне және сыртқы жағдайлар кешеніне байланысты.

Қалыпты отбасында аралардың жеке қызмет атқаруында белгілі бір ізділік байқалады. Жас ара, қуыстын қақпақшасын кеміре отырып, одан шығады, өзінен ересектерінен қорек алады және өзін аяқтарымен көздерін, қанаттарын, денесін, жөнге келтіреді.

Алғашқы 3–4 күн ішінде жас араның қимыл әрекеті шамалы шектелген болады, ол жиі жатып – тұрады және дем алады. Бұл кезде оның ішкі және сыртқы ағзалары мен жамылымы қатая түседі, бездері жетіледі. Ол қуыстарды тазалауға қатыса бастайды.

Әдетте 3–6 күнінде жас ара есейген дернәсілдерді бал мен гүл тозанының қоспасымен қоректендіре бастайды және өзі де әдеттегіден көбірек қоректенеді. Кейін, сүт бөліп шығаратын бездер жетілген кезде, жас ара 1–3 күндік дернәсілдерді сүтпен қоректендіреді. Бұл кезде араның балауыз бездері жетіле бастайды және ол кәрездерді құруға қатысады. Қолайлы жағдайларда аралар неғұрлым пәрменді күйде балауыз бөліп шығарады және 12–18 күнде кәрездер құрады.

Ұрығын қоректендіретін араларды қоректендіруші, кәрездер құратындарын-құрылысшылар деп атайды. Бірақ бұлайша бөлу шартты түрде ғана, өйткені көптеген жағдайларда, белоктық қоректі көп мөлшерде тұтынатын ұяның жас аралары екі қызметті қатар атқарады – дернәсілдерді тәрбиелейді және жаңа кәрездер құрады. Сондықтан олар әрі қоректендірушілер әрі құрылысшылар болып саналады.

Қоректендіруші аралар үнемі ұрығы бар кәрездерде болады, оны жылтады және бүкіл жетілу кезеңінде дернәсілдерге 10 мың ретке дейін қатынаса отырып қорекпен қамтамасыз етеді.

Олардың бір бөлігі дернәсілі бар қуыстарды жабуға, ұяның ішінде тазалық сақтауға, ұяға кіретін ысырманы қорғауға қатысады. Жас аралар ауық-ауық ұядан ұшып шығып, хабардар болу үшін бірнеше рет айнала ұшады, мұнда ұяның түсімен және формасымен, ысырманың орналасуымен, біраз кейінірек – ұя мен омартаның жалпы орналасқан жерімен танысады.

Аралардың жеке топтары жиналған қоректі пайдалануда да әрқилы қызмет атқарады. Барлаушы араларды, қорек жинаушы араларды, қабылдаушы араларды айырады.

Аралардың түрлі топтары арасында атқаратын қызметтің бөлінуі мен хабар берудің маңызды биологиялық және тәжірибелік мәні бар. Барлаушы аралардын тіршілігі, олардың «күзет қызметі» қорек жинаушы аралардың негізгі бөлігінің өнімсіз ұшып шығуының алдын ала отырып, қорек жинау кезеңі тоқтатылғанда ара отбасының қуатын үнемдейді.

Ал өсімдік гүлдерінде шірне пайда болғанда, барлаушы аралар жұмылдырған жинаушылар қорек жинауға кіріседі. Басқадай қарағанда, хабар беру арқасында жинаушылар қабылдаушы аралардың ұяға қоректі қандай мөлшерде қабылдайтының және өңдейтінің ескере отырып тасиды, мұның өзі ұя кәрездерінде сұйық, өңделмеген шірненің іру мүмкіндігінің алдын алады.

Шірнелі өсімдіктің құрамына және қорек жинау жағдайына қарай жинаушы аралар ұяға тек қана шірнені немесе тозанды, кейде екеуін бірдей әкеледі.

Ауа райы қолайлы кезде жинаушы ара бір күнде 9–10 рет ұшады, әр ұшқанда 30–40 мг шірне немесе 10–15 мг тозаң әкеледі. Негізгі қорек жинау кезінде ара ұшқан сайын орта есеппен бір сағатқа жуық, ал екі рет ұшудын арасында ұяда болуға 15 минутқа жуық уақыт жұмсайды. 60–70 мың арасы бар күшті отбасынан негізгі шірнені мол жинау кезеңіңде шірне жинауға күн сайын 35 мыңға жуық ара ұшып шыға алады, олар бір күннің ішінде 10 реттен ұшып шыға отырып, 10 кг шірне жинайды.

Күшті отбасында қоректі мол жинағанда, аралар шірнені бір апталығынан жинай басталуы мүмкін. Қара күзде туған, 6–7 айлығындағы аралар қыстаудың аяғына таман ұрпағын тәрбиелейді және ерте көктемде кәрездер құра алады, өйткені қажет болмағандықтан олардың бездері күзде және қыста қызмет істемейді. Туған жасы ересек болса да физиологиялық жағынан бұл аралар жас келеді.

Аралар қорек жинауды және өңдеуді, ұрпағын тәрбиелеуді неғұрлым қарқынды өткізсе, олар физиологиялық жағынан соғұрлым тез қартаяды.