Кіріспе


Электр тізбектерінің теориясы мен ережелерінің негізінде электротехникалық мәселелерді шешуге болмайды, оларды шешу үшін электромагниттік өріс теориясы әдістерін қолдану керек. Мысалы, антеннамен электромагниттік толқындардың сәулеленуі және олардың кеңістікте тарату, жердегі және ғарыштық радио байланыс құралдарының жұмысы, радиоастрономия. Электромагниттік өріс теориясы одан әрі дамуы жаңа электротехнологиялық және электрофизикалық қондырғыларда электр және магнит өрістерін, электромагниттік сәулеленуді кеңінен қолдануы болды.

Демек, электромагниттік өріс теориясын зерделеу және эксперименталды зерттеу дағдыларын меңгеру және практикалық мәселелерді шешу электроэнергетика мамандарарын дайындауда қажет.

Ұсынылған оқу құралында электромагниттік өріс теориясы бойынша теориялық ақпараттарды, типтік есептерді және тест тапсырмаларын қамтиды.