«Сәлемдесу»
Мақсаты: студенттердің бір-бірін тереңірек таныту.
Нұсқау: Оқушылар өздерін таныстыру барысында, өздерінің жеке қасиеттерін атап өту. Мысалы: Менің атым – Шыңғыс. Мен сурет салуды, күреске қатысқанды жақсы көрем.
«Шеңбер бойынша фраза»
Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: «бақта алмалар түсіп жатыр». Әр қатысушы фразанаы жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). егер қатысушы жаңа ешнәрсе таба алмаса, ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында 3-4 рет жеңімпаз қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды.
«Есім және қимыл»
Нұсқау: Қатысушылар шеңберде тұрады. Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады. Ойын соңына дейін жалғасады.
«Жақын танысу»
Нұсқау: Қазір бәрі жұптарға бөлінеді. Өзіңіз ең аз білетін адамды жұп ретінде таңдаңыз. (Егер топта қатысушылардың тақ саны болатын болса, жаттықтырушы да тапсырманың орындалуына қатысады.) Бәрі жұптарымен қатарласып немесе қарама-қарсы, өздеріне қалай ыңғайлы болса, солай отырады. Ары қарай жұптағы бірінші адам өзі туралы әңгімелей бастайды: өз өмірбаяныңыз, өз әуестіктеріңіз, хоббиіңіз, өз отбасыңыз туралы – нені қажет деп тапсаңыз, сол туралы әңгімелеп беруге болады. Екінші адамның міндеті – әріптесі туралы барынша жақсы білу. Бұл үшін ықылас қойып тыңдап, есте сақтап отыру қажет, сұрақтар қоюға болады. Бұған 15 минут беріледі. Уақыт аяқталғанда, мен «тоқта» деп айтамын. Сіздер жұп ішінде рольдеріңізбен алмасасыздар, және сіздерде тағы да 15 минут болады. Содан соң сіздер шеңберге отырасыздар, сіздердің мақсаттарыңыз – шеңбер ішінде бір-бірлеріңізді басқа қатысушыларға таныстыру, яғни, біз сіздің әріптесіңіз туралы көбірек білетіндей етіп әңгімелеп беру. Егер, сіздің ойыңызша, әріптесіңіз сізге тым жеке бірдеңесін әңгімелеп берсе, не бұл туралы шеңберде айтуға болатындығы туралы одан рұқсат сұрайсыз, не жай ғана бұл ақпаратты топқа хабарламайсыз. Ал қазір бәріміз тұрамыз, өзімізге жұп іздейміз, қалай ыңғайлы болса, солай отырамыз да, жұмыс істей бастаймыз».
«Есте қалған қызықты оқиға»
Нұсқау:Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
«Өзім туралы»
Нұсқау:Қағаз парағын алыңыз. Өзініз жайлы жағымды ақпараттар жазыңыз. Өзінізді мақтаңыз. Өзінізге жақсылық, денсаулық, ісінізге табыс тілеңіз. 10-20 сөз. Көрінетін жерге қойып қойыңыз. Күнде осы сөздерді дауыстап немесе ішінен оқыңыз.
«Айна»
Нұсқау:Топ бір-біріне қарама-қарсы екі сапқа тұрады (егер қатысушылардың саны тақ болса, жаттықтырушы да қатысады). Бірінші саптағы қатысушылар кез келген қозғалыстар мен қимылдарды жасайды, ым-ишарасы мен дене қалпын өзгертеді, ал екінші саптағы қатысушылар, айна сияқты, өз жұбының соңынан барлық ауызша емес көріністерді қайталайды. Ойын 2-3 минутқа созылады, содан соң топтар рольдерімен алмасады.
«Қолтырауын»
Нұсқау:Топ екі бөлікке бөлінеді. Әрбір шағын топ бейнелеп көрсету қиын болатын сөздерді ойлап табады. Содан соң екінші шағын топтың өкілін шақырады да, оның құлағына осы сөзді айтады, ол оны өз тобына көрсетуі тиіс. Әріптер бойынша көрсетуге болмайды, сөздің мағынасын бейнелеп көрсету керек. Бәрі белсенді түрде сұрақтар қоя алады. Топтар кезекпен жұмыс істейді. Ойынды уақыттан шектеуге болады, мысалы, көрсетуге екі минут беріледі. Сондай-ақ топтар арасында есеп жүргізуге болады. Әдетте осы арқылы жарыс мезеті енгізіледі. Бұл жаттығудың эмоционалдылығын арттыра алады, және бүкіл ойын анағұрлым көңілдірек өтеді. Кейбір топтарда қатысушылардың жарысқа бағдарланатындықтары соншалықты, жаттықтырушы айтпастан-ақ өздері есеп жүргізеді.
Егер уақыт болса, әрқайсысының көрсетуші ролінде болып көргені дұрыс. Өте күлкілі жағдайлар болады. Бір топта «құйыршық» сөзін көрсеткені есімде. Өте күлкілі болды, топ осы мезетті ұзақ уақыт бойы есіне алып жүрді.
Сөздерді емес, мысалы, мәтелдерді жасыруға болады. Бірақ мәтелдермен жаманырақ, өйткені егер олар аса белгілі болмаса, шеше алмайсың, ал егер белгілі болса, бірден шешуге болады.
«Кенгуру»
Нұсқау:Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).
«Визуалды сыйлық»
Нұсқау:Тренинг соңында қатысушылар бір-бірлеріне мимика, ым-ишара арқылы көрінбейтін сыйлық сыйлап, жылы сөздер айтуы тиіс.
«Кім ақылды?»
Мақсаты: Танымдық үрдістерге оқушылардың қызығушылықтарын арттыру,
оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту. Зейінділікке, ойлампаздыққа,тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.
Өткізу барысы:
1.Сәлемдесу. 2.Қабылдау. 3.Ойлау.4. Қиял.5. Ес.6. Түйсік.7. Қорытынды.
1.«Сәлемдесу»
Әр сыныптан бір оқушы шығып,өз тілектерін айтады, параққа жазып берседе болады. Әр түрлі дөңгелекшеледі пайдаланып,с ыныптар 3 топқа бөлінеді. Әрбір сыныптан 8 оқушы қатысады.
Топтың атын құрады. Оқушыларға тапсырмалар номері белгіленген жетондар таратылады. Әділ-қазылар сайланады. Әрбір дұрыс жауап үшін бір жетоннан топқа беріледі.
Ең көп жетон санын жинаған топ жеңімпаз атанады.
І.Кіріспе. Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Адамда қабылдау, ес, ойлау, түйсік, қиял секілді танымдық үрдістердің болатындығы барлығымызға белгілі. Сіздердің танымдық үрдістеріңізді байқайық деп, психологиялық марафон ұсынып отырмыз. Қош келдіңіздер!
2.Қабылдау
Оқушылар суретте жасырылып тұрған бейнелерді тауып алу керек.
3.Қиял
Шеңберді аяқтап, бейнеге айналдыру.
4.Ес
Оқушылар суреттерді есте сақтайды. Кейін қайта жаңғыртады.1 мин беріледі.
5.Түйсік.
Тапсырма: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.
6.Қорытынды.
Ең көп жетон жинаған топ жеңімпаз атанады.
«Жақсы көңіл-күй жан азығы»
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Барысы:
1. Сәлемдесу.
2. Аутотренинг
Табиғат кереметтері.Видеоролик
3.Тест. «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
4. Тиімді қарым-қатынас орнату.
1.Сәлемдесу.Жаттығу
«Мен сізді жақсы көремін,себебі....»
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
2.Аутотренинг.
-Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан мына табиғат көріністері бейнеленген суретке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.
Табиғат суреттері кетеді.
Табиғат кереметтері.видео
3.Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.
1-жауапқа 1 ұпай, 2-жауапқа- 2 ұпай, 3-жауапқа-3 ұпай
1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;
2. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;
3. Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?
1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;
4. Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;
5. Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;
6. Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
7. Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.
8. Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;
11. Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;
3) Келесі ретте менің жолым болады;
12. Қорқынышты киноны қалай көресіз?
1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;
13. Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;
14. Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;
15. Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:
1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.
16. Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:
1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;
3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;
17. Сіз қандай адамсыз?
1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.
18. Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?
1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.
19. Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.
20. Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.
Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.
45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.
35-ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.
Ұпай есептеп қорытындылау.
«Тиімді қарым-қатынас орнату»
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдайяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
Тапсырмалар:
5.Қорытынды
Сізге бүгінгі тренинг ұнады ма?
Қандай әсер алдыңыз?
Назарларыңызға рахмет!
«Менің қоғамдағы орным»
Мақсаты: ұстаздар, тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз
көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге
көмектесу.
Тренингтің барысы:
1 Сәлемдесу.
2 Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.
3 Мен қандай адаммын?» тест
4 Мюнстерберг» әдістемесі.
5 Тест. «Суреттен нені байқадыңыз?»
6 Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
7 Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Қажетті құралдар: Доп, ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер
бейнеленген парақ қағазы, түсті және ақ қағаз, қайшы, турлі-түсті қаламдар т.б.
Ұйымдастыру.
Психолог: Құрметті ұстаздар,тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін,ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
1 Сәлемдесу.
Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бір-бірін қайталамай
топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз.
Жаттығудан кейін талқылау. Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және
неліктен?
2 «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.
Мақсаты: есту арқылы есте сақтау деңгейлерін дамыту.
Психолог: қазір сіздер алдарыңыздағы бланкіге бірнеше доп саласыздар, ол үшін
мені мұқият тыңдап алыңыздар. Мынадай нұсқау беріледі:
қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп салыңыз, қызыл доп пен жасыл
доптың ортасына үлкен сары доп салыңыз, ал жасыл доптың жанына кішкентай көк
доп салыңыз.Жаттығудан кейін талқылау.
3 «Мен қандай адаммын?» тест
Мақсаты: қоғамда өзіңізді қалай ұстайтыныңды анықтау.
Айналамызды бақылап, өзгелерге сын айту барлығымыздың қолымыздан келеді. Ал сол сынды өзімізге айта аламыз ба? Бұл тесттің көмегімен қоғам ортасында өзіңізді қалай ұстайтындығыңызды анықтауға болады. Мінезіңізді өзгертуге әлі де кеш емес.
А) әрдайым деп айта алмаймын
Ә) кейде
Б) ешқашан
А) іштей ұяламын
Ә) өте сабырлымын
Б) өзімді басқара алмай қаламын
А) өзіне барынша сенімді, өзгелерге қызғанышпен қарайды
Ә) кіммен болса да жылдам дос болатын
Б) қарапайым әрі тәуелсіз
А) іштей қорықсам да, міндетті түрде қабылдаймын
Ә) қуана отырып келісемін
Б) өмірімнің тыныштығын қамтамасыз ету үшін бас тартамын
А) ұрысамын
Ә) қайтаруын талап етемін
Б) басқа ештеңе керек емес пе деп сұраймын
А) не себепті кешіктіңіздер?
Ә) бұл уақытқа дейін қайда жүрдіңіздер?
Б) мен уайымдай бастайған едім...
А) алдыма шыққан көліктермен жарысамын
Ә) маған менен жылдам жүріп жатса да бәрібір
Б) ешкім жетіп алмауы үшін барынша жылдам жүруге тырысамын
А) белгілі бір дәрежеде тепе-теңдік бар
Ә) жеңілтекпін
Б) тым қатыгезбін
А) кінәні өзгелерге артамын
Ә) көнемін
Б) келесі жолы сақ боламын
А) толықтай келісемін, қазіргі жастарға тыйым салуымыз керек
Ә) жастарға мәдени ошақтарға бару үшін жағдай жасау керек
Б) оларға көңіл бөлудің қажеті жоқ
А) бұған сонша жүйкемді тоздырып нем бар еді?
Ә) маған қарағанда бұл адамға көбірек қажет болған шығар
Б) мүмкін келесі бірде алармын
А) қорқамын
Ә) маған қызық емес
Б) ләззат аламын
А) кездесу барысында кешіккенім үшін қобалжып, ыңғайсызданамын
Ә) жолда болған жағдайды түсіндіруге тырысамын
Б) өкінемін
А) біреумен жарысқан жағдайда міндетті түрде жеңуге тырысамын
Ә) спорт пен салауатты өмір салтын қолдаймын
Б) жеңіліс тапқан жағдайда қатты қапаланамын
А) сыпайылық танытып, көз жұма қараймын
Ә) дәмхана басшылығына ескерту жасаймын
Б) шағым кітапшасын пайдаланамын
А) сынып жетекшісімен сөйлесемін
Ә) ренжіткен адамның ата-анасымен жанжалдасамын
Б) сыбағасын өзің бер деп кеңес айтамын
А) орташа мүмкіндіктері бар
Ә) өзіне сенімді
Б) жеңілтек
А) кешір, бұл – менің кінәм
Ә) ештеңе етпейді
Б) көзіңе қарап жүрмейсің бе?
А) жолбарыс
Ә) үй мысығы
Б) қонжық
Жауабы:
Нұсқалардың ішінен дұрыс жауап таппаған жағдайда 0 ұпай деп есептеңіз.
34 ұпай және одан төмен
Өзіңізге, күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенімсіздеу болғандықтан, бәрімен тату болғанды жақсы көресіз. Алайда бұны жағымпазданумен шатастырудың қажеті жоқ. Алайда шешім қабылдап үйренгеніңіз жөн. Қарапайым адамдардың сынына төзсеңіз де, жоғары жақтағылардың сынына төзе бермейсіз.
35-44 ұпай аралығы
Жеткен жетістіктеріңіздің көптігіне қарамастан, шамадан тыс ашуланшақсыз. Көп жағдайда себеппен айтылған сындарға ғана мән бересіз.
45 ұпай және одан жоғары
Ашуланшақсыз әрі айналаңызға қатыгезсіз. Алдыңызға мақсат қойсаңыз, өз күшіңізге ғана сенесіз. Өз жолыңызда өзгелерді құрбан қылуға дайынсыз.
«Мюнстерберг» әдістемесі.
Мақсаты: зейін қаблетін дамыту
Уақыты: 5 мин.
Психолог: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз, тез
оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Аашпгопартаивнртерезевнаапташыопккарталыг
ксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақин
акпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдә
птершлпевоалд.Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк
міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбаш
Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептелінеді.
«Суреттен нені байқадыңыз?»
Мақсаты:суреттегі өзіне ұнаған ағашты таңдау арқылы мінезін анықтау.
Суреттен өзіңізге ұнаған ағашты таңдаңыз, артынша ағашыңыздың нөміріне сәйкес келетін жауаптарды оқыңыз:
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығуы.
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүрудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз
қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы
«Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.
Қатысушыларға күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер
бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол
берілген суреттердің біреуіне жазады.
Талдау.
Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Бұлттың суреті- алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.
Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.
«Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Мақсаты: топ мүшелерінің өздерінің жеке қасиеттерін ашуға мүмкіндік беру.
Жаттығу барысы: Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
1.Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
2.Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
3.Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
4.Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
5.Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне ....
6.Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ...
7.Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне .... .
8.Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне......
9.Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне.....10.Мен тоқыма тоқи алмаймын, оның есесіне.....
11.Мен үй жинауды ұнатпаймын, оның есесіне....
12.Мен французша сөйлей алмаймын, оның есесіне...
13.Мен күз мезгілін ұнатпаймын, оның есесіне....
14.Мен сурет сала алмаймын, оның есесіне...
15.Мен еріншекпін, оның есесіне...
16.Мен ерте тұрғанды ұнатпаймын, оның есесіне...
17.Мен автобуспен жүруді ұнатпаймын, оның есесіне...
18.Мен айдаһарды көрген жоқпын, оның есесіне... .
19.Мен Экспо-2017 көрмесіне барған жоқпын, оның есесіне... .
20.Мен бүгін сабаққа дайындалған жоқпын, оның есесіне...
«Майшам» жаттығуы
Мақсаты: студенттердің тренингтен алған әсерін анықтау.
Жаттығу барысы: Майшамды жағу керек. Бәрі бір-бірімен бірігіп, жұмыс жасау үшін бір-бір жылы сөз айтып, майшамды беріп отырамыз. Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі тренингімізді аяқтаймыз.
Сергіту ойыны «Бүгін менің топта көргенім.........»
Жүргізуші: Қатынасушылардың оң жағында тұрған көршісіне қарап байқаған өзгерістерін сол адамға айтуды ұсынады. Әрбір қатынасушы «Бүгін мен бұл топта көргенім, көршімнің.........».
«Он бөлме» ойыны
Сіз тұратын үйде он бөлме бар деп көз алдыңызға елестетіңіз, мысалы: қуаныш, үрей, қайғы, ашу, агрессия, жалғыздық, үміт, қорқыныш және тағы да екеуі.
«Таным процестерін дамыту»
Тренинг мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының ойлау,зейін,есте сақтау қаблеттерін дамыту,оқушыларға әрқашан адамға білім керектігін түсіндіру,қоршаған ортада да білімсіз жүру мүмкін еместігіне көз жеткізе білу ,тренинг арқылы білімдерін жинақтау,толықтыру.
Тренинг міндеті: Оқушыларды ізденімпаздыққа, ақылдылыққа баулу.
Кіріспе. Психолог таным процестері туралы түсінік береді.
Ойлау қаблетін дамыту әдістемесі: «Төртінші артық»
Зерттеу дербес жүргізілді.
Нұсқау: Берілген төрт сөздің ішінен үш сөз ортақ белгілеріне байланысты бір ұғымға біріктіріледі, ал бір сөз бұларға қосылмайды, сол артық сөзді алып тастау керек. Мағынасына қарай сай келмейтін сөзді қатардан тап та сызып таста. Тапсырманы тез әрі қатесіз орындау керек. Бала берілген нұсқауды ұқпаса, бір-екі мысал келтіріліп түсіндіріледі, онда да түсінбесе мұғалім баламен бірлесе отырып жұмыс істейді. Балаға жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі. Психолог уақытты және тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағанын хаттамаға түсіріп отырады. Тапсырма балдық жүйемен бағаланады. Дұрыс жауап екі ұпай, қате жауап нөл ұпай.
Сараптаманың жауап парағына сүйенетін болсақ.
Есте сақтау қаблетін дамыту: «Көріп, есіңе сақта!»
Балаға суреттер беріледі. Оларға қосымша сурет салынбаған қағаз беріледі. Таза параққа көрген суретін салу керек. Сол салынған суретке байланысты оның көре отырып есте сақтауын анықтаймыз. 1 минут.
Зейінділігін дамыту :Мюнстенберг әдістемесі
Бұл әдістеме тұлғаның зейінін анықтауға және дамытуға бағытталған.
Құрылымы:Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Сіздің міндетіңіз тез арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді тауып белгілеңіз. Бланкімен жұмыс істеу уақыты-2 минут
(Тапқан сөздердің санын шығарып қатесін белгілеу керек).
Мюнстенберг әдістемесінің үлгісі
Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол
ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк
міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат
Дұрыс жауаптар:
Ағаш,шырша,дарын,таным,оқу,нәтиже,жыл,мектеп,ғылым,әлеумет,оқушы,көру,зейін,бала,білім,кезең, міндет,облыс,дамыту,ойын,әрекет,педагог,уақыт,
басшы,,атақ,тәжірибе,тұқым,құрал,сезім.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің диогностикасы.
Тақырыбы: «Өз ойыңнан сурет сал»
Оқушылар ерекше бір нәрсенің суретін салуы керек.
Нәтижесін шығару.
Қорытынды
«Бала дарындылығы» туралы ведиоролик көрсетіледі.
«Менің қолымнан бәрі де келеді»(қағаз, қайшымен бір нәрсе шығарып жасау).
«Мен бүгіннен бастап...»(кітап оқимын, т.б) сөзді аяқтау.
«Адами қарым-қатынас»
Мақсаты: Жеке тұлғаға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің
адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімдік қабілетін
дамыту, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайту.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекілігі: Ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, сөздер жазылған карточкалар,
музыка, слайд.
І.Шаттық шеңбері.Сәлемдесу , әр қатысушы параққа өзінің бойындағы бес қасиетін жазып келесі қатысушыға береді,ол дауыстап оқиды,әрі қарай тізбекпен жалғасып кете береді.Топқа бөлу санау арқылы, 1,2,3
ІІ.Психологиялық ахуал жасау. Музыка тыңдау
Мақсаты: Тұлғаның өмірге деген құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.
ІІІ. «Бұл мен...»
Мақсаты: қатысушылардың өздері туралы айтуына, жақынырақ танысуға көмектесу.
Әрбір қатысушы 5мин ішінде өзін мінездейтін 5 сөз жазып, оны кеудесіне тағып қояды. Біршама уақыт бойы қатысушылар әрі-бері сапырылысып, бір-бірінің мінездемесін оқуға кіріседі. Барлық жазулар оқылған соң, барлығы дөңгелене отырады. Сосын пікірталас басталады: әрқайсысының қандай ерекше мінезі есте қалды, таңқалдырған нәрсе бар ма?, күлкілі нәрсе ше? т.б айтып шығады.
ІҮ. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы «Өзіңді білгің келсе» тақырыбында берілген сөздерді қатыстырып сурет салу ұсынылады: күн, тау, үй, ағаш, қапшық, жол, сақина, гүл, жылан.
Егер күн дәл ортасында салынса –балалық шағы қызықты , батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты болады.
Тау дөңгелек салынса –мінезі жұмсақ,мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш ,тік мінезді адам. Егер аралас салынса –басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй- суретте ағаш үй салынса , арманың орындалады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса ,ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын ,өсек құмар адам.
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды.Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа құштар.
Қапшық – қалта қаншалықты үйге жақын жатса , байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық .Қапшық жерде жатса жалқау ,түрегеліп тұрса еңбекқор адам.
Жол- үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса , тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа ,айналасына тарататын адам.
Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды ,қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды . Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл- үйге жақын болса, қуаныш , той болады, үйдің жиегінде болса- қызықты күндерін алыста.
Жылан үйден алыс салынса- жаулары алыс ,егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
V Сергіту сәті.
ҮI.Ой қозғау. Адам бойындағы қандай қасиеттер көшбасшы екенін білдіреді? Көшбасшының қасиеттері қандай болуы тиіс?
10 мин қорғау Топтық жұмыс. Эссе жазып, топпен бір ойға келіп, қорғау.
Көшбасшы жаңашылдық енгізеді,дамытады,болашаққа бағыт түзейді, жеке тұлға, сенім қанаттандырады, не, неліктен деп сұрайды, құрастырады, өзгертеді,т.б
Көшбасшы –мұғалімнің функциялары: өзінің мұғалімдік қызметін үздіксіз жетілдіру, оқу бағдарламасын әзірлеу-дамыту жөніндегі біліммен қамтамасыз ету, мектепті басқаруға қатысты шешім қабылдауға қатысу, әріптестерінің біліктілігін арттыру,Осы көшбасшылықтың 4 сипаттамасы н/се бағыты көрініс тапқан ( орындаушы, қатысушы, делдалдық, қарым-қатынас) Сондықтан да мұғалімдермен тығыз қарым-қатынас құру, арқылы олар бірін-бірін оқытып, өзара білім алады.Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болыптабылады.Сенімді қарым-қатынас орнату және білімді тарату көшбасшылықтың басты міндеттерінің бірі.
ҮІ. Кері байланыс.Күту ағашы
Не ұнады?
Қандай қиындық болды?
Тілегім.
«Ата –ана мен баланың қарым –қатынасы»
Мақсаты:ата –ана мен баланың арасындағы қарым –қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралдар ; нақыл сөздер,ақ парақ,маркер.
Тренинг барысы;
1.Сәлемдесу,жақсы көңіл-күй қалыптастыру
5.Ой толғау «Қарым-қатынас дегеніміз не?»
8.Қорытынды сөз
9.Кері байланыс. Тілек шоғы
Көңілді әуен ойнап тұрады
Әрбір адам –өмірге келген қонақ.Өмір өте мәнді мағыналы,мазмұнды өту үшін «қамшының сабындай ғана қысқа өмірде»адамдардың бір –бірімен сыйластықта болғанына не жетсін?! Олай болса,бүгінгі тренингіміз осы қарым –қатынас жасай білудің үлкен өнер екенін ұғынуға мүмкіндік береді.
Тренинг өтілу барысындағы ұстанымдарымен таныстырып өтейін.
«Қазір және осы жерде», Теңдік және ынтамастық; Топта болған жағдай,дәл осы жерде қалу керек,сыртқа айтпау;Тренигке қатысушы белсенді болу керек; Серіктесіңіздің жеке тұлғасы емес іс –әрекетін сынға алыңыз;Пікілер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек;Топтың жұмыс тәртібін,сондай –ақ жаттығулардың орындалуын сақтау қажет.
2.«Ассоцация» ойыны (доп беру арқылы ата-ана жауап береді)
«Жанұя», «Бала», «Ата –ана» сөзіне ассоцияларын айтады.
1.Балаңыздың туған күні қашан?
2.Балаңыздың сынып жетекшісі кім?
3.Балаңыздың аяқ киім өлшемі?
5.Бүгін сабақтан қандай баға алды?
6.Баланың сүйікті асы қандай?
7.Балаңыздың сүйікті түсі?
8.Балаңыздың ренжіген қалай білесіз?
9.Балаңыз спорттың қандай түрін ұнатады?
10.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11.Балаңыз сізді ренжіткенде,ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?
12.Балаңыздың телефон номері?
13.Балаңыздың ең жақын досы?
14.Балаңыздың үлгі тұтатын адамы?
15.Балаңыздың сүйікті пәні?
4.Сүйікті жемісіңіз қандай?
Мақсаты: Мінез-құлықты анықтау
Өрік
Еліміздің оңтүстік өңірінде көп өсетін өрікті сүйіп жейтіндер кең пейілді, ақкөңіл келеді. Басқалар сізді ұялшақ, батылсыз санай алады, алайда сіз өзіңізді өкпелетуге жол бермейсіз. Сіздің жан досыңызбен қатар, қасыңыз да бар. Жалпы сізді өнерге жақын адам десе болады.
Алма
Түрлі жемістер арасында қарапайым алманы таңдайтын жандыдәстүрлерді ұстанатын еңбекқор адам деп сипаттайды. Өз жұмысын жақсы біліп, уақытында орындайтындарды әрине басшылық да жақсы көреді. Сол себепті жұмыста аса үлкен қиындықтарыңыз болмайды. Алайда жұмыстан тыс кездері сіз сезімдерге берілгіш, әсершіл жансыз. Түкке тұрмайтын себептермен көңіліңіз босап қалатын жағдайлар да кездеседі.
Шие
Жазда қатты күтетін жидек – шиені жемістердің арасынан бөлектеп, ерекше сүйетіндер өмірлік жағдайларды жүрекке тым жақын қабылдайды. Шиеге құмар жандар үшін басқалармен жақсы қарым-қатынас өте маңызды. Біреудің көңілін көтеруге, қиындығымен бөлісуге әркез дайынсыз. Шиені сүйіп жейтіндер – жақсы тыңдармандар. Есесіне бұндай адам тез әрі оңай өкпелейді.
Шабдалы
Әзілді жақсы көретін, әркез көңілді жандардың көбісі сүйікті жемісі ретінде шабдалыны атайды. Олар достарының, таныстарының арасында уақыт өткізгенді ұнатады. Сізді өте ақылды жан деуге болады, алайда қиындықтар алдында кей кездері қорқып қалатыныңыз да бар.
Таңқурай
Таңқурай жидегін таңдайтындар басқаларға қарағанда, өзінің қамын ойлайды. Есесіне мұндай адам өз істеріне жауапты болып, өз істерін әр уақыт реттеп жүреді.
Банан
Тропикалық жемісті сүйіп жейтіндер мейірімді келеді. Бір қызығы сізді көпшілік тәкаппар деп санайды. Шын мәнінде банан сүйгіш жандар арманшыл, әсершіл болады. Армандарыңыздың орындалмауына тек сіздің жалқаулығыңыз кінәлі.
Құлпынай
Құлпынайға құмар жандар әркез күлімсіреп жүреді. Олар қонақжай, басқалармен қарым-қатынасты оңайлықпен реттейді. Құлпынай сүйгіштер – жоғары талғам иесі. Қызғаншақтық сезімі бұл адамда мүлдем жоқ. Оны ызаландыру да оңай емес. Алайда махаббатта бұл адам күрт өзгеріп, өз жұбын қызғанып, тез арада ашулана алады.
Лимон
Лимонды жеміс ретінде ұнататын, сүйіп жейтіндер аз емес екен. Мамандардың айтуынша, мұндай қышқыл сүйгіш адамдар талай өмір тәжірибесінен өткен.
Грейпфрут
Елімізде аса танымалдыққа ие емес цитрусты жемістің тағы да бір түрі – грейпфрутты сүйетіндер өмірге жақсы көзқараспен қарайды. Барлық өмірлік жағдайлардың тек оң жақтарын байқап, әркез қуанышты, бақытты болуға тырысады.
Киви
Жасыл қышқыл жеміс түрін сүйіктім деп айта алатындарды уайымшылдеуге болады. Олар ертеңгі күніне аса үміт артпайды, жиі жағдайда қолын қусырып отырады. Сізге өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіп, уайым-қайғыны артта қалдыру керек.
Жүзім
Жүзімнің түр-түрін ұнататындар өз сөзіне берік, басқалардың сырларын сақтай алатын адамдар. Алайда бұл кісінің тұйықтығы соншалықты, оның достары көп бола бермейді. Сізге кішкене ашық болуды үйрену керек.
Ананас
Экзотикалық жеміске құмар жандар барлық әдемі заттарды ұнатады. Мұндай кісі тіпті әдемі сөйлеуге де дағдыланған. Осының арқасында қоршаған ортаның назарында болып, басқалар арасында үлкен абыройға ие.
Қараөрік
Қараөрік – өте дәмді әрі пайдалы жеміс. Алайда психолог мамандар бұл жидекті таңдайтындарды көңілсіз жандар деп сипаттайды. Басқаларға шағым айтқанды қойып, өкпеден арылып, кішкене демалған сізге пайдалы.
Алмұрт
Шырынды алмұртты таңдайтын жандар өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Мұндай адам өзін жалғыз сезбейді, ол басқалармен үлкен ара қашықтықта тілдескенді таңдайды. Алмұртқа құмар жандар барлық заттарды: киімді, кітапты, тағамды жоғары талғаммен таңдайды.
Қарбыз
Жазды тек осы үлкен жеміс үшін ұнататындар өмірге оңай қарайды, олар әркез көңілді, еш уақыт уайым-қайғыға салынбайды. Басқалармен тілдескенді, оларға көмектескенді де ұнатады.
Ал сіздің сүйікті жемісіңіз қандай?
Қарым –қатынас ол адамдардың бір –бірімен білім, еңбек,жан дүниесі туралы ашылып сөйлесуі,қарым –қатынас арқылы адамның жақсы жақтарын көре алады.
2.Баламызбен үнемі қарым –қатынаста боламыз ба?
3.Бала үшін қарым –қатынас қажет пе?
4.Баламен қарым –қатынас қандай болуы керек?
5.Баламен ата –ана арасындағы қарым –қатынастар ылғи жақсы бола бере ме,әлде қарым –қатынаста қиындықтар туа ма?Туса олар не себептен болады?.
6.Бала мен ата –ана арасндағы кикілжіңнің жиі тууына кім кінәлі деп ойлайсыз?
7.Қарым –қатынасқа үйрену керек пе?
Жақсы қарым –қатыс үшін ең алдымен сабырлық,салиқалық қажет.
Үш топқа шар беріп,үрлеуін сұраймын.Бірінші топ шарды үрлеп,аузын байлап,жарады Екінші топ шарды үрлеп,желін жаймен шығарады.Қай шардың жарылуы ұнады.
Талдау;Біздің эмоцияларымыздыда осы шар сияқты ашу ызаңды толық шығарып жіберсең басқа адамдармен қарым –қатынасыңа зияны тиеді. Адамдармен қарым –қатынаста сабырлық қажет.
7.Ой жинақтау.
Бала мен ата-ана арасындағы қарым –қатынас қандай болу керек? (сурет схемамен талдау)
Достық
Ата –ана Сыйластық Бала
Түсіністік
8.Қорытынды. Ұлы Абай атамыз 38 –қара сөзінде ; «Қашан баланың ғылым білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды.Оның адам болғанына 3 түрлі нәрсе себеп болады. Бірінші жақсы ата-ана,екінші жақсы ұстаз,үшінші -жақсы құрбы –құрдас», -деген екен.Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қатынаста болады.
9.Кері байланыс.Тілек шоғы.
«Ия, жоқ»
Мақсаты: Топ мүшелерін психологиялық жағынан белсендіру, жеке тұлғаны сенімсіздік
жағдайынның және қысылу сезімнен арылту.
Уақыты: 5-7 минут. Осы уақыт жалпы жұмыстың тонусын көтеруге бағытталады.
Жүргізілуі: Топтағы балалар тең екіге бөлінеді. Жүргізуші 2 топты бір-біріне қарама-қарсы
тұрғызып, саптың басы бойынша І – ші топқа “ия”, ІІ- ші топқа “жоқ” сөзін айтқызады. Қай топ
жинақы және шапшаң айтса, сол топ тренингті бірінші бастайды.
«Алақан»
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды
қарым –қатынасты орнату.
Уақыты:10-15 минут
Көрнекілігі: ақ парақ, қарандашЖүргізілуі: әр топ мүшесі өзінің алақаның ақ парақты түсіреді. Алақан бейнесінің ортасына өз аттарын бас әріппен жазады. Кейін ол өз алақаны бейнеленген қағазды , көршісіне береді, ол көршісі парақтағы бейненің бір саусағына алақан иесіннің жақсы қасиеттерін жазып, суретті әрі қарай жалғастырады. Парақ қағаз өз иесіннің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренинг аяқталған соң әр топ мүшесіне өз алақаны таратылып беріледі.
«Төрт құбылыс»
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды
қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты:10-15 минут
Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “су” деген дегенде балалар қолдарын алдарына созады, “ауа” дегенде қолдарын жоғары көтереді, “от” дегенде екі қолын айналдырады, “жер” дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатысса сол ойыннан шыға береді.
«Көңілді шеңбер»
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды
қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты:10-15 минут
Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап отырады да, бір-біріне мұқият қарап алады. Жүргізуші белгі берген кезде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың біреуіне әр түрлі заттар қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілірік, бант) Балалар көздерін ашқанда не өзгерді
деп сұрау керек. Ең зейінді балаға сыйлық беріледі.
«Ойыншықты сипатта»
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды
қарым –қатынасты орнату, есте сақтау қабілетін дамыту.
Уақыты:10-15 минут
Көрнекілігі: ақ парақ, қарандаш, ойыншықтар
Жүргізілуі:Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты (мысалы, қуыршақ, түлкі, қоян, мысық т.б.) мұқият қарап алуды ұсынады.(1минут).Алынған ойыншықтар түрлі түсті және бірнеше бөліктен тұруы шарт.
Ойыншықты жасырып тастағанда, сол ойыншықтың түсін, көлемін, дене
бөліктерін дәл сипаттап берген бала әрі қарай ойынды жалғастыра береді.
«Сиқырлы қапшық»
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды
қарым –қатынасты орнату, балалардың қабылдауын дамыту.
Уақыты:10-15 минут. Жүргізілуі: Жүргізуші балаларды шеңбер жасап отырғызып, өзі олардың жанындағы кішкентай үстелдің жанына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр.Оның ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар.бар.
Жүргізуші балаларды кезектестіріп шақырып, қапшықтың сыртынан сипалап
бірдей екі затты тауып алуды сұрайды.Қапшықтың сыртынан сипап тұрып екі доп, екі машина т.б. заттарды тауып алып, кейін бала олардың не екенін сипаттап айтып береді.
Жүргізуші баланың айқанының дұрыс екендігін тексеру үшін тапқан затты қапшықтың сыртына шығарады. Ойын осылайша жалғаса береді.
«Кім қалай дыбыстайды»
Мақсаты: Топтағы балалардың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлға арасында жағымды қарым –қатынасты орнату.
Жүргізілуі: Қатысушыларды санына қарап ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі берген уақытта ит тобындағы балалар ит сияқты үріп дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз топ атауларын қорғап шығады.
Соңында жүргізуші өз белгі берген уақытта барлық топ бірдей уақытта өз дыбыстарын салады.
«Автобус»
Мақсаты: Жеке тұлғаның эмоциялық көңіл күйін түсіну, вербалды емес қарым-қатынастыорнату.
Жүргізілуі: Топ екіге бөлінеді. Екі топ екі автобустқа отырғандай сапқа тұрып, қарама-қарсы жаққа қозғалады.
Жүргізуші «сіздер үлкен қалаға келдіңіздер, сіздер мінген автобус бағдаршамға келіп тоқтағанда сіз автобустың терезесінен екінші автобуста отырған таныстарынызды көріп қалдыңыз.
Бұл үлкен сәттілік, сіз осы уақытты пайдаланып оған жедел түрде жағдайыңызды айтып жеткізуіңіз керек.
Бірақ сіз оны үнсіз түрде понтомикамен көрсетуіңіз керек.
Сізде уақыт аз. Сізде уақыт аз, сол уақыттың ішінде сіз танысынызға айтқаныңызды айтқаныңызды түсіндіріп үлгеруіңіз керек. Олда сізбен сөйлемей қарым-қатынас жасау керек» дейді Балалар өз сөздерің понтомимикамен толық жеткізе білулері керек.
«Еркін бала»
Мақсаты: Бұл жаттығу қатысушыларға басқалардың алдында қысылмауға мүмкіншілік береді.
Сонымен қатар би терапиясын дамытуға көмектеседі.
Уақыты: 30 минут.
Жүргізілуі: Балалар үлкен шеңбер жасап отырады.Олардың арасынан бір бала ортаға шығып билейді.
Оның қимылы қиын болмауы болуы керек. Жүргізуші бір минуттан соң ол баланы отырғызады да, оның орнына, яғни ортаға басқа қатысушыны шығады.
Осылайша әр бала өз еркіммен ортаға шығып, 1-2 минут болсада, өзінің биін билеп ойын жалғаса береді.Ойын соңында бәрі бірге шығып, би билеп көңіл көтеруге болады.
«Құлақ – мұрын»
Мақсаты:Балада қабылдау процесінің қалай дамығанын анықтау.Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “құлақ” деп қолымен мұрынын, ал “мұрын” деп құлағын ұстайды. Ал балалар шатастырып алмай “құлақ” дегенде құлағын, “мұрын” дегенде мұрынын ұстау керек.
Шатастырған балаларды ойыннан шығара береді.Соңғы қалған адам жеңімпаз атанады.
«Армандар»
Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принцптерімен таныстыру.
Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын көз алдына елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі.
Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.
«Жағымды сөздер»
Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.
«Өзін-өзі жарнамалау»
Мақсаты: Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану , психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 25-30 минут ішінде өзінің көрсетететін қызметін, психологиялық ерекшелігін, икемділігін жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң жүргізуші авторлардың есімін оқымай, тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойындағылар хатқа талдау жүргізеді. Хат авторын табу керек.
«Өзін-өзі тексеру»
Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы өз ойын дамыту; жеке позициясын түсіну.
Әрбір қатысушы бір парақ қағаз алады және оны төрт бөлікке бүктейді.
Нұсқау: «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жаз. Екінші бағанға сол сұраққа ата-анаңның пікірі сеніңше қалай, соны жаз (нақты әкеңді немесе шешеңді таңдап ал). Үшінші бағанға сенің сол жағыңда отырған топтың мүшесі қалай жауап берер еді, соны жаз.
Сенің жазғандарың көрінбейтіндей етіп, парақты бүкте де, сол жақтағы көршіңе бер. Парақты алып, бос бағанға «Осы парақты саған берген адам қандай?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Осыдан кейін жүргізуші парақты жинап алады да, араластырады. Ең соңғы бағандағы мінездеме кезекпен дауыстап оқылады , ал топ кім туралы екеніні анықтьау керек. (жазған ойыншы үндемей отыру керек) Осы берілген мінездемемен топтың қаншалықты келісетіні талқыланады.
Талдау: Содан кейін парақ қатысушыларға таратылады, ал олар өздері 4 бағандағы жауаптарды салыстырады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды.
Нәтижесінде үйге тапсырма беріледі: тренинг аяқталған соң өзіңіздің жақындарыңызға сіздің жеке ерекшелігіңіз туралы 10 анықтаманы беруді ұсыныңыз және оны сіздің жорамалдаған ерекшелігіңізбен салыстырыңыз.
«Менің көңіл-күйім»
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
«Шеңбер бойындағы доп»
Мақсаты; шыдамсыз,импульсивті балаларды өзін –өзі устауға үйрету.
Педагогтың белгісі бойынша балалар допты шеңбер бойынша бір-біріне береді. «Тоқта»деген белгі берілген кезде тоқтатылады.Допты түсіріп алған немесе уақытында тоқтай алмаған балалар ойыннан шығарылады.