Қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар
Мақсаты: Ауызша сабақтар кезінде балаларда көбінесе қорқыныш пайда болады. Ұялшақ балаларда қорқыныш басым болады. Қорқынышы басым болса, баланың өз-өзіне сенімсіздігі жоғарылай түседі. Үрей мен сенімсіздікті сезінуі мүмкін екендігін елестетіңіз және оларға көмектесуге тырысыңыз.
Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»
«Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір кинонын атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол киноның суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай кино екенін тауып алу керек. Егер А-лар киноның атын тауып алса, дауыстамай
Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»
Сендер менің 30 сұрағыма жауап беруге тиіссіңдер, егер сендер дұрыс жауап берсеңдер, онда мен бір қадам алға жасаймын, ал егер қате жауап берсеңдер онда бір қадам артқа шегінемін. Мен есік маңынан бастаймын. Бүкіл бөлмені өтіп, қайта орныма оралуға тиіспін. Мен сендердің қолдарыңдағы пешка ретінде боламын. Соңында көрейік қай жерге келеді екенмін. Сұрақтар пәндерге немесе арақатынастыққа байланысты алуға болады (не ұнайды, не ұнамайды, қандай қиялын бар т.б.).
Мақсаты: Оқушылардың ұялшақтың сезімін төмендету.
Мұғалім ахуал тізімін таратып береді. Бір бала оқушылардың қандай кейіпте қатып тұрып қалғанын шешу керек. «Толқиды теңіз бір, толқиды теңіз екі, толқиды теңіз үш. Қуаныш фигурасы (ахуал тізімін қара), орныңда қатып тұрып қал». Ахуалдар тізімі: қуаныш, ыза, үрей, мейірім, қызығушылық, ұялшақтық, жетістік.
Осындай тренингтер өткізілсе, балалардың бойындағы ұялшақтық мінездері төмендеп, көп көмек болары анық. Ондай балалар мұғалімнің назарында үнемі болуы керек. Әр баланың дұрыс дамып, жетілуі сіздердің қолдарыңызда.
Мен осы баяндамамды шығыс данасы Абдул Баханың сөзімен аяқтағым келеді: Мұғалімнің еңбегі бағбан еңбегімен пара-пар, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, баптайды. Кейбір өсімдіктер күн сәулесін сүйсе, кейбіреулері- салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ағынды су жағасын, ал кейбірі тау шыңын сүйеді. Кей өсімдік құмдақты жерді, кейбірі құнарлы, шұрайлы жерлерді ұнатады. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды.
«Сөйлемді жалғастыр»
Жақсы өмір – бұл......
Бақытты адам – ол.......
Мен адамдардың ....... жоғары бағалаймын.
Менің өмірімнің маңызы мынада.....
Менің өмірім – ол ...
Менің көңіл-күйім көбінесе ...
Менде нашар көңіл-күй пайда болады, егер...
Айналадағы әлем-ол...
Менің достарыма деген қарым – қатынасым...
Жалғыздық мен үшін ол ...
Оқу мен үшін ол...
Егер мен оқудан шығып кетсем...
Мен ойлаймын, біздің отбасымыздың бір-біріне деген қарым-қатынасы...
Отбасылық қарым-қатынас дегенді мен былай деп түсінемін...
Неке (брак) мен үшін...
Ата-анамның алкогольге деген қарым-қатынасы...
Менің ата-анам спирттік ішімдіктерді ...... қолданады.
Өз өмірімді қию туралы ойлар мені....... мазалайды.
Мен өз түрімді, кел бетімді........ деп ойлаймын.
Пікір алмасу.(Оқушыларға сөз беріледі)
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімінің өніп шыққаны, оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.
жанұядағы тәрбиені адам өз өмірінің «алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді.
Кешірімді болу,кек сақтамау, әділ болу өмірге керекті қағидалар.
Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Өмір сүру құқығы адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.
Адам бойында жақсы қасиет әр оқушының өз отбасын сыйлауынан басталады.
«Сенің есімін»
Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.
Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Дамир
Д- денелі
А-аяулы
М-мықты
И-инабатты
Р-романтикалы
Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады.
«Сиқырлы сөз – Иә»
Мақсаты:көңіл-күйді көтеру, өзіне деген қалыптасқан қатынастан шығу.
Нұсқау: психолог әр түрлі сұрақтар дайындайды, кейін оқушылар өздері сұрақтарды дайындайды.
Мысалы: Сенде миллион теңге бар ма?
Саған мұхит ұнайды ма?
Сен мейірімдісің бе?
Сенің шұлығын жыртық па?
Сен билегенді ұнатасың ба?
Сен біреуге ғашықсың ба? Т.б.
Сұрақтың дұрыс немесе бұрыстығына қарамастан оқушылар Иә деп жауап беру керек.
«Шабадандағы хат»
Мақсаты: Жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашу, өзіндік сананы, өзін-өзі реттеу мен тексеру қабілетін дамыту.
Әр қатысушы ойыншылардың санына қарай бос картон карточкаларын алады да, оған топтың қалған мүшелерінің әрқайсысына жеке тілек жазады (немесе теңеу формасында сурет салу) Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары жаңаша ашылады, эмпатия деңгейі және басқа адамдардың күйзелісін сезіну деңгейі артады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеу қабілеті күшейеді.
Әрине, өзіндік сананы дамыту тренингі жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашатын тек жүргізуші механизм ғана, қатысушылардың әрқайсысы өзін-өзі өзгертуге немесе бәрін ескіше қалдыруға шешім қабылджайды.
Тренинг тек бозбаланың өзіндік санасын өзгертуге , осылайша оны жаңа қылықтар жасауға дайын болуға жағдай жасайды, ал «жаңа қылықтар өзіндік санада өзгерістерді бекітеді».
Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Тапсырманы орындау кезінде не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезінудесіздер?
«Ассоциациялар»
Мақсаты:Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту.
Қатысушылардың бірі-жүргізуші-есік сыртына шығып тұрады. Топ өзара келісіп, қалған қатысушылардың ішінен бір адамды таңдап алады, ал жүргізуші оны табу керек. Жүргізуші топ мүшелеріне сұрақтар қояды және олардың жауаптары бойынша адамды табуға тырысады. Жұмбақ адамға байланысты, сұрақтар ассоциаацияға беріледі: Бұл адам қандай аңмен ассоциацияланады?
Қандай ауа-райымен? Өсімдікпен? Түспен? Музыкамен? Т.с.с.
Әдетте 5 сұрақ қойылады, жүргізуші жұмбақ Адамды табу керек. Дұрыс жауап берілсе, табылған адам жүргізуші болады, жауап дұрыс болмаса- жүргізуші осы жаттығуды орындайды.
Талдау: Жұмбақ адамды табуда не көмектесті? Қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Қандай әсер алдыңыздар? Енді өздеріңізді қалай сезінесіздер?
«Футболкадағы қолтаңба»
Мақсаты: Өзін өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту.
Қатысушыларға парақ таратылады, оған өз футболкаларына қандай жазу жазатындары туралы жазу керектігі айтылады. Ол жазу адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы айтылатындай – олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с білдіруі керек. Бірнеше қол таңба ойлауға да болады. Жұмысқа 5-10 минут беріледі. Осыдан кейін қатысушылар өздерінің қол таңбалары туралы әңгімелейді.
Талдау.
Осы қол таңбалар не туралы айтады. Өзіміз туралы өзге адамдарға не айтқымыз келеді? Бәрінен де ұнайтын қолтаңба қандай? Өзіңнің қол таңбаң ұнай ма? Оны өзгерткің келе ме? Әр түрлі қатысуға қандацй қол таңба ойлауға болады?
«Тыңдай білу іскерлігі»
Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.
Жаттығу жұппен орындалады. Жұптың біреуі 3-5 мин. Ішінде екіншісіне өзін мазалап, абыржытып жүрген маңызды нәрсесін әңгімелейді. Ол үнсіз тыңдайды, тек вербальды емес мінез-құлыққа рұқсат беріледі. Одан кейін серіктестер рөлін ауыстырады. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын топ жетекшісі белгілейді. Жаттығу аяқталған соң жұптар 1-2 минутта күйзелістерімен алмасады. Содан кейін жаңа жұптар жаттығуды тағы орындайды.
Талдау: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жаттығуда не қиын , не оңай болды.? Жаттығу барысында қандай сезімдер болады? Мұқият тыңдау, қолдау көрсету сезілді ме? Серіктесінің қандай әрекетінде ол көрінді. Не кедергі жасады, не көмектесті? Әр серігін тыңдағанда өзгешелік болды ма?
«Мен сізді тыңдап отырмын»
Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.
Қатысушыларға парақ тартылады. Олар бөлмеге отырғызылады. Қатысушылардың әрқайсысының міндеті жазбаша түрде бірқатар сұрақтарға жауап беру. Сұрақтарды алдын-ала тақтаға немесе үлкен қағазға жазып қою керек. Сұрақ: мен жеңіл түрде тыңдай аламын ба? Мен үнемі тыңдап отырған сыңай танытамын ба? Эмоциялық реңмен айтылған сөзді мен сезінемін бе? Мен сұқбаттасушының сөзін үнемі бөлемін бе? Мені мұқият тыңдамайды деп, маған айтты ма? Егер тыңдау қызықсыз болса, мен қалай тыңдаймын? Әңгімелесуші баяу сөйлесе, мен алаңдамаймын ба? Әңгімелесушінің мінез-құлқындағы қателіктерге менің қатысым қалай? Мен асығыс қорытынды жасамаймын ба?
Қорытынды: Жұмыс аяқталған соң қатысушылар шеңбер бойымен отырады, парақтарын өткізбейді. Жаттығу бойынша пікірлер талқыланады.
«Мәтінді әңгімелеу»
Мақсаты: Ақпаратты дәлме-дәл жеткізу дағдысын дамыту
Нұсқау: «Қазір бәріңіз бөлмеден шығасыз, тек бір қатысушы қалады.Оған мен мәтін оқып беремін. Осыдан кейін мен бөлмеге екінші қатысушыны шақырамын, ал бірінші қатысушы оған тыңдаған мәтінін әңгімелейді. Содан соң бөлмеге үшінші қатысушы шақырылады, оған екінші қатысушы естігенін әңгімелейді. Сөйтіп барлық қатысушылар аяқталғанша бөлмеге шақырылады. Әр қатысушыны мұқият тыңдау қажет. Содан соң нұсқауға сәйкес жаттығу орындалады. (жетекші кез келген мәтінді алады, ешкімге таныс емес мәтін болғаны жақсы. Мәтін көлемі 50 жолдай. Жүргізушіде мәтіннің екінші нұсқасы болғаны дұрыс, себебі жаттығу қайталануы мүмкін)
Талдау: Ненің есебінде ақпарат бұзылды? Әр қатысушы әңгімеге «өз тарапынан» не қосты? Өмірде солай бола ма? Ақпарат аз бұрмалануы үшін не істеу керек?
«Кім жылдам?»
Мақсаты: Ұғымды дәлме-дәл бейнелеу
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Жүргізуші алдын-ала сөздер тізімін дайындайды (қандай да бір ұғым, нақты да, абстрактілі де болуы мүмкін). Әр командаға жүргізуші тағайындалады., ол жүйелі түрде бес сөз көрсетеді. Ол осы ұғымдарды үнсіз (ымммен не ишарамен) бейнелеуі керек. Команда мүшелері түсініп, оның қандай сөз екенін айтуы қажет. Жүргізуші уақытты есептейді. Оның міндеті «түсінуге» қажет уақыт аз болатындай ұғымды дәлме-дәл бейнелеу. Басқа командада осыны орындайды. Тапсыроманы бірнеше рет қайталауға болады. Аз уақыттың ішінде тапсырма орындаған команда жеңеді.
Талдау: қатысушылар пікірлерімен бөліседі. Кімде жаттығу жақсы орындалады. Ненің есебінде? Ақпаратты дәл беруді қандай тәсілдермен жақсартуға болады?
«Өзіңді тексер»
1. Адамдарға көңіл-күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?
Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба? Қарсылықты тура білдіресіз бе?, әлде “бұл қиын” деп айтасыз ба?
3. Сіз берген сөзіңізде (мәні жағынан да, уақыты жағынан да) тұра аласыз ба?
4. Сіз адамдармен қатаңдық танытпастан, паңданбастан қатынасқа түсе аласыз ба?
5. Өз қызметтестеріңізге жиі бұйрық бересіз бе? немесе әріптестеріңізге ешбір таңу мақсатын көздеместен жиі нұсқаулар бересіз бе?
6. Сіз адамның көңіл-күйін көтеретіндей, оның келбеті туралы және басқа да заттар туралы жағымды сөз айта аласыз ба?
7. Сіз өз-өзіңізге соншалық сыни көзбен қарайсыз ба? Өзінді-өзің сынау бәрінен бұрын айналаңыздағыларға жағымды әсер етенінін түсінесіз бе?
«Мен –ғажаппын!»
Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн.
Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.
Мысалы:
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
- Мен ғажаппын, мен кереметпін.
- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен тамаша жанмын.
- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
- Мен әділетті, адал жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
- Мен үшін өмірдің қызығы мол.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
«Поезд»
Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
«Өз жұбыңды тап»
Қатысушылар шеңбер құрап отырады. Мен сіздерге жануарлардың аттары жазылған текшелер таратып беремін. Атаулар екі текшеде қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, сіз тағы біреудің қолында сондай текше бар екенін біліңіз. (Жаттықтырушы текшелерді таратады, егер қатысушылар саны тақ болса, жаттығуға жаттықтырушы өзі де қатысады).
Сіздің текшеңізде не жазылғанын оқыңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Енді текшені жинап қойса болады. Әрқайсысыңыздың міндеттеріңіз өз сыңарыңызды табу. Бірақ, сөйлеспейсіздер, өзіңіздің жануарыңызға тән дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі қимылдар арқылы кез-келген әрекетті үнсіз жасайсыз.
Егер өзіңіздің жұбыңызды тапсаңыз, бірге тұрыңыз, бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғандығын тексереміз. Топ мүшелері өз сыңарын тапқаннан кейін, жаттықтырушы «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.
Әдетте, бұл жаттығу өте көңілді өтеді, нәтижесінде топ мүшелерінің көңіл-күйі көтеріліпп, шаршағандығы тарқайды. Жаттығу қатысушылардың ары қарай ашыла түсуіне септігін тигізеді.
«Оның есесіне мен…»
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
— Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне … .
— Мен шаршадым, оның есесіне … .
— Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне … .
— Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне … .
— Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне … .
— Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне … .
— Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне … .
— Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне … .
— Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне … .
— Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне
— Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне … .
— Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне
— Мен тым толықпын, оның есесіне … .
— Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .
— Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .
— Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне … .
«Шеңбер бойынша фраза «
Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр. Енді, экранның оң жағындағы шыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларынды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз".
«Үйрек үйрек, қаз».
Мақсаты: Бір-бірімен кездескенде амандасу мәдениетіне тәрбиелеу, жылдамдыққа баулу.
Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші шеңбердің ішінде айналып жүріп, қолымен көрсетіп "үйрек, үйрек, үйрек, ......... қаз" дейді. Қаз жүргізушіге қарай, қарама-қарсы жүгіреді. Бұл екеуінің орындайтын тапсырмасы тезірек босаған орынға барып түру. Ойынның қиындығы - олар ортада кездескенде бір-бірінің қолын алып, реферанс (қимылмен ілтипат) жасау керек, бір-біріне күліп қарап: "Қайырлы таң, қайырлы күн, қайырлы кеш" деп сәлемдеседі де, бос орынға қайтадан жүгіреді. Осылай ойын жалғаса береді. Ескерту: Жүргізуші барлық балалар "Қаз" рөлінде ойнап шығуын қадағалап тұрады. Сәлемдесу және реферанс нақты көтеріңкі дауыс ырғағымен орындалу қажет.
«Молекула»
Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту. Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. ... ойын осылай жалғаса береді.
Релаксациялық жаттығулар
Жұмыста шаршайсыз, ұйқыңыз жиі жағдайда қанбайды, стресс... Осының жағымсыз әсерінен арылуға сізге тыныс жаттығулары көмектеседі.
Біркелкі дем алу
Қиындығы: төмен.
Қашан орындау керек: кез келген уақытта және әсіресе ұйқы алдында.
Техника: Мұрын арқылы дем алып, ішіңізден 4-ке дейін санаңыз. Дем шығарып, қайта 4-ке дейін санаңыз. Осы темпты ұстанып, біраз уақыт жаттығу жасаңыз.
Құрсақпен дем алу
Қиындығы: төмен.
Қашан орындау керек: кез келген стресті сәтте.
Техника: Бір қолды кеудеңізге, екінші қолыңызды ішіңізге қойыңыз. Мұрын арқылы терең дем алып, кеудеңізді түзулетіңіз. Минутына 6-10 терең дем алыңыз, жаттығуды 10 минут жалғастырыңыз.
Мұрынмен кезек дем алу
Қиындығы: орташа.
Қашан орындау керек: сергіп, ойды тиянақтау керек кездері.
Техника: Өзіңізге ыңғайлы қылып отырыңыз. Оң қолдың бас бармағымен мұрынның оң танауын жауып, сол жағы арқылы терең дем алыңыз. Енді сұқ саусақпен сол жақ мұрынды жауып, оң жақпен дем шығарыңыз. Осылайша кезек-кезек жаттығуды жалғастырыңыз.
Әркелкі дем алу
Қиындығы: жоғары.
Қашан орындау керек: оянғаннан кейін, сергу мақсатында.
Техника: Терең асықпай дем алыңыз, артынан іштің көмегімен тез, бір сәтте демді шығарыңыз. 10 рет қайталаңыз.
Релаксация
Қиындығы: төмен.
Қашан орындау керек: кез келген жағдайда
Техника: Көзіңізді жұмып, бірінен кейін бірі бұлшық еттерді қатайтып, 2-3 секундтан кейін босансытыңыз. Аяқ саусақтарынан бастап, тізе, сан, кеуде, қол, мойын, тіпті көз бұлшық еттерін жаттықтырыңыз. Жаттығу бойы терең, асықпай дем алыңыз.
Релаксация: «Гүлдер». (Әуен ойнап тұрады)
Жайлап тұрамыз және көзімізді жұмамыз.
2 – 3 рет демімізді шығарамыз. Терең тыныс аламыз. Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатырған гүлдерміз. Бірақ жай гүл емес әрбірің шығармашылыққа тұла бойы тұнып тұрған гүлміз деп елестетіңіздер. Гүлдің түрі, түсі, аты. Күн шықты? Гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді. (Қолдарын созады)
«Мен бақытты боламын» Бетімізге самал жел лебі еседі. Кенеттен баяу жел соғады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып, бүрсіп, жабылады (қолдарын тізе үстіне қойып бүрсіп отырады). Бір уақытта күннің көзі күлімдеп, жайнап шығады, сол уақытта гүлдер де құлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады). Міне осы исі аңқыған гүлдеріңді ең жақын, ең жақсы достарыңызға сыйлаңыздар.
Талдау: Сіз елестеткен гүл қандай? Аты қалай аталады? Ол гүл біреу ме? Тікені бар ма?
Өзіммен-өзім . Релаксация тәсілі
Үнтаспадан табиғи дыбыстары баяу естіліп тұрады.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша бұлтты жіберіпті деп елестетіңдер. Сол ақша бұлттың үстінде біз отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды алқапқа кездестік. Жүгірген аңдар, сайраған құстар көрінеді.Әсем гүлдер көріне бастады. Гүлдер неткен керемет! Біз осының бәрін бірге көргенімізге іштей қуаныштымыз. Ақ мамықтай ақша бұлт бізді әсем де көркем «Гүлдер» сарайына түсірді. Осы жерде тұратын адамдардың барлығы бір-біріне кішіпейілділік танытады. Біздің де бойымызға кішіпейілділік пен кешірімділік сезімдері бойлап бара жатқандай. Осы сезімдермен біз де, бұрынғы қалпымызға келейік.
«Наполеонның кейіпі»
Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :
Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.
Жаттығуды орындау:
Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктерңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда, бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсеетеді. Жұдрық агрессияны, Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.
«Күншуақ»
Мақсаты: Жақсы көңіл-күй, жылулық сыйлау, бала өз көңіл-күйін түсініп, оған баға беруге үйрету.
Барысы: Денелеріңді бос ұстап, ыңғайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Өздеріңді жағажайдамыз деп сезініңдер. Күн жарқырап сәулесін төгіп түр. Күн шуағының жылуын сезініңдер.
«Қуаныш»
Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету. Барысы: Балалар әуен ырғағымен екі қолдарын бүйірлеріне таяп, еркін, бірін-бірі көргендеріне қуанышты екенін айтады. Содан соң, оң қолын жүрегінің тұсына сол қолымен, одан кейін екі қолын кеудесіне қойып тілегін жалғастырады. Осындай қимыл барысында балалар ішкі тебіреністерін байқайды. Барлығы осы қимылды қайталайды. Олар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып, айналасын қуанышқа бөлейді.
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығуы
Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.
Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүрудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?
«Қайырымды жануар»
Мақсаты: Жүректің дұрыс соғуына арналған психологиялық жаттығу. Балаларды жағымсыз сезімдерден арылтып, жақсылыққа үйрету.
Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап, қолдарын ұстасып тұрады. Жүргізуші жай ырғақты даусымен: "Біз -бәріміз бірге, үлкен, қайырымды жануармыз. Кәне, тыңдап көрейікші, ол қалай тыныс алады екен?". Барлығы бірге өзінің және көршісінің тыныс алуын тыңдап көреді. Ал енді бәріміз бірге бірдей тыныс алып көрейікші. Тыныс аламыз - бәріміз бір қадам алға, дем шығарамыз - бәріміз бір қадам артқа. Тыныс аламыз - екі қадам алға, дем шығарамыз - екі қадам артқа (2-3 рет қайталаймыз).
"Жануар тек қана бұлай дем алып қоймай, оның үлкен қайырымды жүрегі де, осылай нақты соғады. Соғады - бір қадам алға, соғады - бір қадам артқа т.с.с. Біз бәріміз осы жануардың тынысы мен жүрегінің соғуын өзімізге аламыз".
«Табиғат мінезі» жаттығуы
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзімізді ашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқыда бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
Алдыңызда тұрған адамның арқасынан жәмен ғана қолмен жеңіл желдің самалындай етіп сипаймыз.
Жел күшейді – енді алдыңыздағы адамның арқасын қатты уқалай бастаймыз.
Кенет, боран басталды - енді боран күшіндей екі қолмен айналдыра күштірек уқалаймыз.
Содан кейін, аяқ астынан жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – енді қолымызбен жаңбырдың тамшысындай жәймен ұрамыз.
Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жауын сияқты арқамызды саусақтң ұшымен жоғары төмен сипалаймыз.
Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз.
Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді. Енді алдымыздағы адамдармен алмасамыз. Осы жаттығуды сізге алдыңызда тұрған адам орындайды.
«Айдаһар»
Мақсаты: Көпшілікпен ойынның ережесін ұстана ойнауға үйрету, қарым-қатынасты нығайту.
Барысы: Ойыншылар бір қатарға бір-бірінің иығынан ұстап тұрады. Бірінші ойыншы айдаһардың "басы", ал соңындағылары "құйрығы". Басы құйрыққа дейін жетіп, оны ұстауы керек. Ойынның шарты бойынша айдаһардың денесі бөлініп кетпеуі қажет. "Бас" "құйрықты" ұстаған сәтте, ол құйрыққа айналады. Бүкіл ойыншы екі рольде ойнап болмайынша ойын жалғаса береді.
Арт-терапиядағы диагностика
1.Дайындық кезеңі яғни, шығармашылық жұмысқа дайындық. Бұл кезеңнің міндеті - топ мүшелерінің спонтандық көркемсурет іс-әрекетіне дайын болулары және топ мүшелерінін өзара тіл табысып, қарым-қатынасқа түсе алуы. Бұл жерде психологиялық ойындар, қимыл-қозғалыс, билейтін жаттығулар, бейнелеу өнері кіреді. Осы жаттығуларды орындаған кезде саналы түрде бақылау жойылады да реалаксация жүреді.Визуалды, аудиалды, кинестетикaлық сезімдерді дамыту. Бұл жерде әуен және би терапиясының элементтері бар суретті пайдалануға болады. Көптеген советтік шетелдік ғалымдардын: (С.С.Корсаков, В.М.Бехтерев, К.Швабе және т.б) айтуынша әуенді терапия ретінде пайдаланады. Әуен адамның көңіл-күйіне әсер етеді және емдеу үрдісін көп әсерін тигізе отырып, толық жазылуына мүмкіндік беріп, озінің ішкі жан-дүниесін білуге, түсінуге мүмкіндік береді. Терапия кезінде сөзі жоқ әуенді таңдау керек және даусы топ мүшелерінің біреуіне ұнамай қалса да, басқа әуен қосу керек. Соңын бимен және қимыл-қозғалыс терапиясымен ұштастыруға бола
2.Жеке дара бейнелеу жұмысымен шұғылдану. Бұл кезең өзінің түйінді мәселесі мен жан күйзелісін зертгеуге арналған жеке дара бейнелеу жұмысы. Спонтандық шығармада, яғни бейнелеу жұмысында адамның санадан тыс процестері (қорқыныш, түс көру, ішкі қарама-қайшылықтар, балалық шақтағы елестер) көрінеді. Сонымен қатар, арт-терапия адамның ішкі күйін ашуға көмектеседі. Осының арқасында адам сөзсіз-ақ айта отырып өзінің мәселесі жайында түсінеді және өзінің бойындағы қасиеттерін тани отырып, талдау жасап үйренеді. Топ мүшелерінің суреттері арқылы қимыл-қозғалыс, тәртіптерін білуге болады. Топ мүшелері экспрессияға дайындалу деңгейі арқылы, арт-терапевтпен қатынасқа және өзінің күйзелістерін ашық айта алуларынан ерекшеленеді. Кейбір адамдар суретін идеалды, әдемі салуға тырысады. Бұл кезде оларға суреттің әдемілігі бағаланбайды деп ескерткен жөн. Керісінше, ең қажеттісі спонтанды шығармашылық үрдіс, сурет салушының эмоциялық жай-күйі, оның ішкі дүниесі және өзін-өзі көрсетудегі адекватты заттар
3.Вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты жақсарту. Бұл кезеңнің міндеті топ ішіндегі қарым--қатынасты жақсартуға жағдай жасау. Топ мүшелерінің әрқайсысына өз жұмыстарын көрсетіп, бейнелеу жұмысы кезінде пайда болған байланыстар, ойлар, сезімдер жайлы айтулары керек. Топ мүшелерінің ашық болуы, ашылуы, сол адамның жеке ерекшеліктеріне, арт-терапевтке, топ мүшелеріне деген сенімінен айқын көруге болады. Егерде, белгілі-бір себептермен суреті жайлы айтқысы келмесе, оны қинауға болмайды. Топ мүшелеріне салған суреттеріне ат қойып, әңгіме айтуларын сұрауға болады. Мұндай бастама ішкі жан дүниелерін ашуға көмектеседі. Топ мүшелерінің суретері арқылы барлық маглұмат алуға болады.
4.Кішкентай топтар арасындағы топтық жұмыс. Топ мүшелері кішкентай қойылымдарды қоюына болады
5.Рефлексиялық талдау. Бұл қортынды кезең болып саналады. Яғни, өздерін және басқа да топ мүшелерін жақыннан түсінісе бастайды. Арт-терапия шығармашылық процесс. Арт-терапияда белгілі бір нұсқаулар, талаптар болмауы керек. Және топ мүшелері берілген тапсырманы қалай орындайды, қандай түспен бояйды, оны өзі біледі. Сонымен қатар, арт-терапияда басқалармен салыстырушылық болмауы керек. Суреттің әдмілігі талданбайды, мағынасы талданады. Арт-терапевт топ мүшелеріне тапсырма бергеннен кейін, олардың бейнелеу, көркемдік іс-әрекетіне неғұрлым көп араласпаса, соғүрлым эффект жақсы болады. Арт-терапия сабағында әуенді, әнді, қимыл-қозғалысты, биді, драманы, поэзияны, шығарманы пайдалануға болады.
Жеке сурет салу
Жеке сурет салу барсында ескерілетін жағдайларға тоқталсақ. Мақсаты.Бұл тапсырма сабақты бастауға жақсы сәйкес келеді.
Топ мүшелерінің шығармашылығының бастауы сонымен қатар оларға өздерінің эмоцияларын түсінуге және бір-бірімен танысуға көмектеседі.
Қажетті уақыт. 1сағат.
Қажетті құралдар. Қағаз,түрлі-түсті қаламдар және борлар, бояулар. Сонымен қатар мүсін соғуға қажетті саз балшықтар.
Дайындық. Қажет етпейді.
Процедура. Топ мүшелері қағаз, түрлі-түсті қаламдардан таршылық көрмеуі қажет. Әр адам өзімен-өзі жеке қала алатын орынға жайғасады.
2 минуттай уақыт ойларын жинақтауға, сезімдеріне құлақ асуына беріледі. Оларға алдағы жұмыстың шығармашылық жағын ойлаудың қажеті жоқ.Топ мүшелері жәй қалам алып сурет салуды бастайды.
Өзінің сезімдерін білдіру үшін сызықтарды, фигураларды түрлі-түстермен салуғада болады. Бұл жерде сурет салушыға берілетін тапсырма символдық түрде өзінің сезімдерін, ол сол кезде өзін қалай сезінсе, жоғарыда болмаса төменде екендігін айқын бейнелеу. Топ мүшелеріне белгілі-бір нәрсені бейнелеуге күштеудің қажеті жоқ, сол уақытта басына не келсе, соны бейнелеуге тырысуы қажет. Топ сурет салып аяқтаған соң, басқалардың жұмыстарынан алған әсерлер туралы пікір алысады, бірақ оларға баға беруге тырыспауы керек. Өздері бейнелеген суретте, өздерінің сезімдері қалай көрініс тапқандығы жөнінде айтуларына болады.
Жұптасып сурет салу
Жеке сурет салудан жұптасып сурет салудың өз ерекшелігі де бар. Осыған мән берсек.
Мақсаты. Бұл тапсырма жеке тұлғалардың арасындағы шиеленісті зерттеуге жақсы көмектеседі.
Қажетті уақыт. 0,5-1 сағат.
Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.
Дайындық. Әдейі ұйымдастырылған дайындықты қажет етпейді.
Процедура. Әрбір топ мүшесі өзіне жұп таңдайды. Ескертетін жайт, ол өзіне жұп ретінде, кіммен қарым-қатынасы анықталмаған, өзі жақсырақ танысқысы келетін адамды алады. Екеуінің арасына үлкен қағаз жатады, әрқайсысы өзіне қажетті көптеген түрлі-түсті борларды алады. Олар қағазды бірлескен шығармашылығының кеңістігі ретінде қабылдап, жұмысты серіктер бір-бірінің көзіне тіке қараудан бастауы керек. Осыдан соң, үлкен қағазға өздерінің үнсіз спонтандық сурет салуда сезімдерін бейнелеуге кіріседі. Олар қарым-қатынасқа тек фигура және сызықтар, түрлі –түстер арқылы ғана түседі. Сурет салуды аяқтаған соң, жұптар өздерінде болған әсерлер туралы пікір алмасады. Олар жұптарының суретіне қарағанда, өздерінде болған эмоцияналды реакциялар туралы, екеуінің суретіндегі сәйкестіктерге, мінез-құлық ерекшеліктеріне, авто демонстрация етіп отырған топтағы әр серік өзінің серігі туралы жаңа бірнәрсе білуге ұмтылуы қажет.
Топтық сурет салу
Топтық сурет салудың өзіне тән ерекшеліктерін ескерсек, онда жұмыстың сапалы өңдеуіне өз ықпалын тигізеді.
Мақсаты.Бұл тапсырма топ мүшелерінің шығармашылық жұмысқа әркім өз үлесін енгізуге болады. Бұл топтағы рөлдік қарым-қатынасты және қатысушылардың индивидуалді тәжірбиесіне басқалардың әсерін айқындау үшін күшті тәсіл болып табылады.
Қажетті уақыт. 1сағат.
Қажетті құралдар. Қағаздар, түрлі-түсті қаламдар және борлар.
Дайындық. Барлығы дөңгеленіп отырып, әр адам не қажет деп тапса соны бейнелеуді бастайды. Басқарушының сигналына кейін, барлығы өздері бастаған суреттерін сол жақтағы көршісіне береді де, оң жақтағы көршісінің бастаған суретін алады. Осыдан кейін, әркім алған суреттерін өз суреттері сияқты ары қарай жалғастырады, оған өздері қалаған өзгертулермен, толықтырулар енгізе алады. Келесі сигнал берілгенде, тағы сол секілді, сол жаққа суретті береді де, оң жақтан алған суретті жалғастырады. Әр топ мүшесі өзі бастаған суретті алмайынша осылай жалғаса береді. Қатысушыларға өздері бастаған суреттердің қалай жалғастырылғанын қарағанда өздерінде пайда болған сезімдерді ұғынуға ұмтылулары керек. Әр топ мүшесі суретті сол күйінше қалдырады ма жоқ, әлде өзгертулер енгізеді ме, оны өзі біледі. Топ мүшелері өздері жасаған жұмыстарынан алған әсерлерді талқылайды. Бірлескен сурет салуда, қарама-қарсы нұсқасы ол қатысушылар ортақ бір композицияға өздерінің үлестерін қосады. Сонымен қатар, әрбір қатысушы өздерінің көңіл күйлері туралы топпен бірге ортаға салады. Әрбір қатысушының топтық тәжірбиеден алынған жұмысқа өзінің жеке қатынасын білдіру арқылы жұмысты аяқтаймыз
«Көңіл-күй бейнесі мен пластикасы»
Пластилинмен және түсті қамырмен жасалатын жұмыс.Қамыр кішкентай балалар үшін қолайлы әрі қауіпсіз материал болып табылады. Осы жаттығуды агрессивті эмоциялар, деструктивті мінез-құлық, қорқыныш терапиясында қолданған пайдалы. Бастапқы кезде белгілі бір түсі бар қамыр немесе пластилиннен келісті форма жасау ұсынылады. Кейін көңіл-күй түсіне сәйкес қатысушылар топқа бірігеді. Әркім өз оқиғасын айтып береді. Кейін индивидуалды жұмыстардан бір түсті ұжымдық композиция жасалады (Тақырыптар: «Менің әлемім», «Менің жан дүнием», «Пластилиннен жасалған кала», «Пластилинді жұмақ», т.б.). қатысушылар өнімінің тақырыбы мен сюжетін, атын өздері ойлап тапса дұрыс болады. Материалдардың иілімділігі жұмыска көптеген өзгерістерді енгізуге, сәйкесінше эмоциялық көңіл-күйді түзетіп жақсартуға жағдай жасайды. Жағымсыз эмоциялар топтың жағымды, тілектестік атмосферасында еріп, жоғалып кетуі мүмкін. Осындай мақсатта терапия ұжымдық форма жасаумен аяқталады, яғни жеке пластилиндік фрагменттерден бір түсті «Көңіл-күй шарын» жасау. Осы жаттыудың басқа түріндегі нұсқay нақтырақ болуы мүмкін: 1.белгілі бір көңіл-күйді бейнелеңіз (немесе өзіңіздің қиялдарыңызды; бақыт, сұлулық, махаббат, еркіндік, сезім, т.б. туралы түсініктеріңізді). 2.өзіңіздің «мен» бейнесін жасаңыз (субтұлғаны).
«Сезімдерді бояу»
Осы жаттығуды екі кезең бойынша өткізген дұрыс. Бастапқыдан қатысушылар А4 парағына абстракты түрде сызықтар мен формалар арқылы өз тәжірибесінен белгілі ең жақын сезімдерді жай қаламмен бейнелеуі керек. Мазасыз және тұйық балалармен жұмыс жасаған кезде АЗ форматын, көркемдік көмірді немесе сангинаны қолданған дұрыс. Бейнеленген сезімдердің атауы суреттердің екінші бетіне жазылады. Кейін әр бейнеге сәйкес түсті таңдай отырып суреттерді бояу қажет. Бұл жаттығу көркем түрде теренде жатқан сезімдерді бейнелеуге, яғни іштей серпіліске жетуге көмектеседі. Бұл өздерінің эмоцияларын ұстай алмайтын және агрессия немесе деструкті мінез-құлыққа бейім субъектілер мен жұмыс жасағанда пайдалы. Психологтың міндеті өздерінің сезімдерін шынайы білдіруге және басқаларға қатысты сыйластықпен қарауға түрткі болу. Балаларға сезімдер мен моральді байланыстыра білуді үйрену керек. Біртіндеп өзінің басым сезімдерін зерттеуге және анализдеуге қажет құнды тәжірибе мен батылдық жиналады. Осындай сезімдерді үғынуға көмектесу арт-терапиялық ойындар мен жаттығулардың психотерапиялық қорын құрайды. Себебі ұғынылған және ұғынылмаған эмоциялардың арасындағы конфликт невроздардың негізі болып табылады.
«Балалық шаққа саяхат»
Балалық еске түсірулердің сөздері мен суреттері субъектінің ішкі өмірімен байланысты сезімдерді шығармашылық тұрғыдан айқындауға үлкен түрткі болып табылады. Сондықтан бірнеше терапиялық сабақтардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Өзіме бала сияқты ойнауды рұқсат ете аламын». Тапсырмалардың бірі: жазбайтын қолмен балалық шақтан ең сүйікті ойынды салып, суретке атау беру керек. Мақсатқа байланысты нұсқау балалық еске түсірудің эмоциялық бояуын таңдауға еркіндік қалдырады. Дәлірек айтқанда: -жазбайтын қолмен балалық шақтың белгілі оқиғасын салу; -жазбайтын қолмен балалық шақтьщ ең жарқын еске түсіруін салу. Жұмыста жұмсақ бейнелеу құралдарын (балауыздан жасалған борлар, пастель) және форматы үлкен қағаздарды (АЗ және одан үлкендерін) қолданған дұрыс. Оң қолмен жазатын адамдар сол қолымен сурет салу кезінде өздерінің қабілеттерінің шекарасын кеңейтеді, сана бақылауын азайтып, сезімдерге қарайды, яғни спонтанды бола бастайды. Ол өз суретінің көркемділігі туралы ойламай, жай сурет сала бастайды. Осындай кезде күшті қайғырулардың, балалық қорқыныштың көрініс табуы және жарқын шығармашылық бейнелердің пайда болуы мүмкін. Неліктен осы балалық ойда пайда болғанын талқылаған дұрыс. Адам бейнелермен жұмыс істеу кезінде өзін қалай сезінді және өзін қазір қалай сезініп жатыр? Еске түскен оқиғаның азтордың «өмірлік сценариімен», мінезқұлықтың басым жақтарымен қандай байланысы бар? Оның қазіргі өмірінде қалай көрініс тауып жатыр?. Келесі терапиялардағы балалық еске түсірулердің тақырыбы мынадай болуы мүмкін: «Менің бірінші өтірігім», «Есте қалған оқиға», «Мен - кішкентай бала», «Мен кішкентай болған кезімде ... », «Балалық құпия», т.б.
«Кемпірқосақтың түстері. (Радуга)»
Бұл негізіен кооперпацияға арналған жатгығу. Жатгығу cәттi болу үшін әр ойыншы бірін-бірі жан тәнімен түсінісуі керек, нәтежиесінде ойынның баяу жүруіне қарамастан олар бір ритмге және бірдей жағымды көңіл күйде болуы керек. 1.Ойыншылар шағын 5-6 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің шеңберлерін жасап бір басшы сайлайды және ол жоғары дауыспен үшке дейін санау керек. Топ басшы «3» деп айтқан cәттe қалғандары бірдей түсті айтып хормен айту керек. Мысалы: қызыл, қара, көк. Ойынның мақсаты - әр топтың мүшелері алдын ала келіспей ақ бәрі бірдей түсті айтуында. Осымен қоса мына шартгарды орындау керек: ойыншылар бір түсті екінші рет қайталамау керек. 2.Жатгығу барлық ойыншы бірдей түсті айтқанда бітеді. Жалпы алғанда, ұсынылған жаттығулар жан-жақты болып табылады. Олар айна секілді шынайы өмірдегі адамның мінез-құлық моделін бейнелейді.
Ертегі терапия
Ертегітерапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу. Ертегітерапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану. Ертегітерапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу. Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру.
«Ертегілер елінде» арт-терапиялық жаттығуы.
Нұсқау: Сіздерге белгілі бір ертегі бейне фильм көрсетіледі. Сол фильмді көріп болған соң өздеріңіз естеріңізде қалған жерлерін бейнелеп көрсетіп бересіздер. /бірінші топ мазмұнын айту; екінші топ эмоция арқылы дауыс ырғағын салу; үшінші топ көрініс; төртінші топ талдау/
Құм терапиясы
Қыстың суық күндерін де сырқа шығу мүмкін болмаған жағдайда балалармен құммен ойнайтын түрлі ойындар және ойынсауықтар ұйымдастырылады.
Ойын түрлері:
«Ненің ізі».
«Келесіге бер»
«еркін ойындар»
Бейнелеу терапиясы
Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.
Сурет салу- ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.
Саусақ живописі- ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.
Бейнелеу терапиясының түрлері:
1.Поролон бөліктерімен сурет салу.
2.Сабынмен сурет салу.
3.Щеткамен сурет салу.
4.Майшаммен сурет салу.
Проективті әдістер
Адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді.
Автопортрет
БАСЫ: интеллектісіне (ақыл-ойға)байланысты критерий
Әлсіз салынса ақыл-ойына көңілі толмайтын адамдар.
Қатты салынса ақыл-ойына көңілі толатын адамдар.
Кішкентай бас болса, ақыл-ойға көңіл бөлмейтін адамдар.
Кішкене ақырын салынса,ортада өзін көрсете алмайды.
Қатты үлкен салынса,өзін ақылдымын деп санайтын адамдар.
КӨЗІ: үлкен ашылса,сенімсіз(басқалардың пікіріне аса назар аударады).
Кішкене болса,өз-өзімен жүретін(интроверт)ойы бітпейтін адамдар.
КІРПІК: бар болса,салқын адамдар,жоқ болса,тік мінезді.
АУЫЗ: салынса,бұл тіл байлығының жеткіліксіздігі. Ауыз салынбаса,дипрессияда жүрген адам.
Жымиған ауыз салынса,өзін-өзі қинап,сыпайы болуға тырысатын адам.
Түзу салынған ауыз, бұл кекшіл адам.
Екі шеті төмен қарай жымқырылған ауыз,бұл ештеңегекөңілі толмайтын,енжар адам.
ТІС: көрініп тұрса, агрессивті адам.
ҚҰЛАҚ: үлкен болса,сынға қарсы тұратын адам,кішкене болса,сынға назар аудармайтын адам. Құлақ жоқ болса,адамның интеллектісінің төмен болуы.
МҰРЫН: қатты бейнелеу сексуалды проблемасы бар екенін көрсетеді.
Нүкте түрінде салынса,сексуалды проблемасы жоқ.Мұрынның қанаттарының қатты салынуы агрессияның белгісі.
ҚОЛЫ: басқа адамдармен қарым-қатынасын көрсетеді. Егер қолда қысым болса, бұл қарым-қатынаста қатал ,тұйық, өз парызын жақсы түсінетін адам. Қол төмен қараса,қарым-қатынас нәтижесіздігі. Нәзік салынған қол болса, физикалық энергиясының аз болуы, басқа адамдарға тәуелді болатындығын көрсетеді, психологиялық энергиясы аз, сөз таба алмай қалады. Қолы қысқа немесе жоқ болса, адамның сезімінің нашарлығы немесе жоқтығы. Егер қолын үлкен қатты салса, айналасындағылармен көп араласатын адам. Қолын қалтаға салуы немесе артында ұстауы өзіне-өзі сенімсіз, өзі кінәлі сезінетін, ұялшақ адам. Қолы домалақ болса,жаратылысында агрессия бар. Бірақ оны сыртқа көрсетпейді.Саусақтарыбестен артық болса, амбициозды, агрессивті адам, яғни өзін жоғары санайды.Қолына нәрсе ұстап тұрса, қарым-қатынастың қандай екенін көрсетпеуге тырысатын адам.
АЯҚТАРЫ: денесінің көлеміне байланысты. Аяғы ұзын болса, еркін жүретін адам. Қысқа немесе жоқ болса, өмірде психологиялық тіректері нашар және жасқаншақтығы көрінеді.
ПОЗАСЫ: егер суреттен желкесін байқауға болса, яғни бетін тура салмайтын болса, адамның тұйықтығы.
ДЕНЕСІ: амфаз, басы профиль болса, маңайындағы біреуден жасқанатынын көрсетеді.
Орындықта отырса, адамның жалғыздығын көрсетеді. Бірақ ситуациядан шығуға тырысатын адам, жалғыздықтан қорқатын адам.
Жүгіріп немесе жүріп бара жатқан адам біреуден қашып жүргендігін көрсетеді.
Адам төсекте жатса, жалқау адам екендігін көрсетеді.
Тура салса, адамның өзін-өзі жақсы көретіндігін және енжарлығын көрсетеді
«Үй салыңыз»
Бұл тест кең таралған тесттердің бірі.
Нұсқау: «Үй» деген сөзді естігенде, сіздің қиялыңызда қандай сурет пайда болды, соны бірден салыңыз.
Қалалық үй.
Көп қабатты ғимарат. Бұл суретті көп адамдар сала бермейді. Себебі, барлық адамдар «идеалды» үй салуға талпынады. Бұл сурет өз мәселелерін ешкіммен бөліспейтін, өз-өзімен жүретін тұйық мінезді адамдарды көрсетеді.
Кішкентай аласа үй.
Шатырды аласа салған адам өзін шаршаған адам деп есептейді. Өткен өмірінде еске алатындай жағымды сәттер болмаса да, өткенді еске түсіргенді жақсы көретін адам.
Сарай (замок).
Мұндай сурет мінездегі жұмсақтықты, салмақсыздықты, жеңілтектікті білдіреді. Адамның аса қиялдылығын көрсетеді. Өз міндеттерін орындап үлгере алмайтындар.
Кең ауылдық үй.
Өз тұрғын үй орынын кеңейту қажеттілігін білдіреді. Егер осындай үй салған адам жалғыз, баласыз болса, онда оның жанұясының құрып, бала өсіру қажеттілігін көрсетеді. Егер үйді темір қорған қоршап тұрса, онда олтұйық мінезді білдіреді. Ал егер үй айналасында тоғай, гүлдер болса, ол керісінше, басқаларға деген сенімділікті көрсетеді.
Терезелер.
Үлкен терезе – ашықтық, мейірбандықты білдіреді. Бір немесе бірнеше кішкентай терезелер, торлы терезелер – тұйықтық, комплекстің барлығын, сараңдықты, басқаларға ешнәрсе бермеу, олардан бір нәрсе алмау қасиетінің белгісі.
Есіктер.
Егер есік үйдің ортаңғы бөлігінде орналасса, қонақжайлылық пен ашық жарқындықты білдіреді. Шатырлы есік – кең пейілділік пен өзіне сенімділікті білдіреді. Ашық есік – ашықтық.. Жабық есік – тұйықтық.. Егер есік қабырғаға жақын болса, қарым – қатынастың жетіспеушілігін білдіреді.
Мұндай адамдар контактіге тез түсе алмайды. Егер есік тым үлкен болса, жеңілтектікті, сонымен қатар аса кең пейілділікті білдіреді.
Мұржалар.
Мұржаның жоқ болуы – сенімсіздіктің белгісі. Түтінсіз мұржа - өмірге разы болмау, өмірден көңіліқалғандықты білдіреді. Түтінді мұржа кеңпейілділіктің белгісі. Мұржада ұсақ бөлшектер, кірпіш салынса – өмірлік оптимизмді білдіреді.
«Жаңбыр астындағы адам»
Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде құрастырылады. Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елмеуге мүмкіндік береді. Демек, сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді.
Практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде қолданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы әрқашан түсінікті.
Психодиагностиканың мақсаты жобалық графикалық әдістерінің оның нәтижесінің психотүзету үрдісінде қолданды, сол сияқты көбінесе олар бала өзінің ішкі дүниесін көрсетуге және өзін түсінуге ықпал етеді.
«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы тұру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің қасиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.
Нұсқау
Нұсқау классикалық вариантта қарапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін сондай басқа параққа бөлек - жаңбыр астындағы адамның суретін салуды тапсырады.
Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда ол қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттеушінің барлық айтқандарына назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге қосымша сұхбат жүргізу керек.
Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интепретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалық көзқараспен барлык арнайы датальдарды талдауға көшуге болады.
«Жаңбыр астындағы адам» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқандауға болады.
Экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Сонымен, мысалы, егер адам күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашумен де байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).
Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеулушінің әрекеттен қашу бейімділігі, сонымен қатар қорғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.
Кескіннің өзгеруі (трасформация)
Кескіннің көлемінің ұлғаюын кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбірек күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.
Кескіннің кішіреюі зерттелуші өзін қорғау мен жақтаушылықты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адмдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге ұялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.
Егер де Жаңбыр астындағы адам суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешеліктерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін көрсетеді.
Киімнің болмауы мінез-құлықтың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.
Жаңбыр белгілері (атрибуттары)
Жаңбыр - адамдарда болатын кедергілер, жағымсыз әсерлер.
Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сиректамшылар - уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызықтар - қиын, үздіксіз жағдайлар.
Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның оң немесе сол жағынан) және қандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысып жүргізіледі.
Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалындығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді.
Шалшық су, батпақ, балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын, «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.
Шалшықтың бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (форма, тереңдігі, шашыранды). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды. (Кескеннің артқы жағынаннемесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?).
Қосымша бөлшектер
Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.
Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.
Қолшатырдың сырты жағымсыз нөсерлерден психикалық қорғанудың символикалық бейнесін түсіндіреді. Бйнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін.
Сонымен, мысалы үлкен қолшатыр-саңырауқүлақ адам адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуі мүмкін.
Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.
Бөлшектердің бұрмалануы мен өткізілуі
Қатысты бөлшектердің болмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық қорғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.
Суреттердегі түстер
Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламның қолдануын қалайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге қарап шешім шығарудың қажеті жоқ.
Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайдың да бейнелеуі мүмкін.
Жақсы бейімделген эмоциялық қалапты бала әдетке 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.
Қорытындылау кезеңі
Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.
«Метафора»
Жүргізуші: Әркімнің қоршаған ортаға қандай әсер қалдыратыны қандай ассоциациялар тудыратыны, мәнді ретінде қабылданатыны түсінікті, ал нелер байқалмайтынын білу қызық. Барлығымыз өз әріптесімізге көркем бейнесін бірігіп жасауға шығармашылық жұмысты жүргізуге қатысуды ұсынамын. Ол үшін алдымен, шығармашылық зат болғысы келген, өз еркімен шеңбер ортасына шығамын дегендерді шақырамын. Өтінемін. Қазір қатысушыларға тапсырма: "Біздің кейіпкерге қарағанда сендердің бойларыңда қандай бейне туады. Бұл бейнені қандай суреттен толықтауға болады. Оны қандай адамдар қоршауы мүмкін. Суреттің фонын қандай интерьер немесе пейзаж құрайды. Бұның бәрі қандай кезеңдерді еске түсіреді. Мысалы: біздің ортадағы өз еркімен шыққан бейнесі сендерді суда жүзген және мұхит жәндіктері қоршаған су перісі жайлы ой келуі мүмкін, мүмкін қайда барары белгісіз, шөл даламен келе жатқан жалғыз ел кезуші болуы мүмкін. Міне, осындай ойлар келуі мүмкін, яғни осындай ойларды өз шығармапшлық ойларымен ортаға салып бір-бірімізбен бөлісейік. Рахмет. Тағы өзін сыртынан көргісі келетін адамдар бар ма? Қане алган әсерлерімізбен алмасайық.
«Символика»
Назар аударыңдар! Сендердің әрқайсыларың бүгінгі кездесу уақытына өзіңнің жеке символикаңды иеленуің керек. Қазір әрқайсымызға үш символикалық атрибут ойлап табу немесе жасау керек: біріншіден, жалған есім: екіншіден, жеке ерекшелік белгі: және үшіншіден, девиз және ерекшелік белгі параққа салынуы керек. Ол қарапайым және символикалық болуы мүмкін. Девиз, қысқа және бейнелі болу керек. Сонымен, жалған есім, девиз және ерекше белгі. Мысалы: жалған есім "Дядя Вася", ерекше белгі - күрек, девиз - "терең қазамын". Егер тапсырма түсінікті болса жұмысқа кірісуге болады. Енді суреттеріңмен алмасуға болады және оларды талқылап жиналғандардың әрқайсына жеке мінездеме беруге тырысайық. Сонымен қатар сендерге топтың әр қатысушы-сының символикалық атрибуттары қаншалықты сәтті таңдалғанын бағалау керек. Бес ұпайлық жүйе бойынша әр қатысушыға оның таңдаған жалған есіміне, ерекше есіміне және девизінің жиынынша баға беріндер. Ендеше өз парақтарынды шеңбер бойынша жанымызда отырған адамдарға береміз, әрқайсысы оларға кезектеп баға қояды. Өтінемін. Тамаша. Ал, енді барлық ұпайларды санап арамызға кімнің осындай символикалық формада өзін жақсы көрсете білгенін айтамыз".
«Біз нені жақсы көреміз?»
Қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түскенде біз әншейінде олардың бізге ұнайтынын немесе ұнамайтынын байқаймыз. Көбінесе бұл бағаны біз адамдардың ішкі қасиеттерімен байланыстырамыз. Қане адамдардың қандай қасиеттерін бағалаймыз және қабылдаймыз осы туралы айтып өтейік. Тапсырманы жазбаша орындаймыз. Бір парақ алып, топ ішінен көп жағынан саған ұнамды көрінетін кісіні таңдаймыз. Бұл кісідегі саған ерекше ұнайтын бес қасиетті белгіле. Сонымен адамның өзін белгілемей, ол кісіде саған ерекше ұнайтын бес қасиетгі жаз. Бастадық! Уақыттарың бітті. Енді өтінемін, кезекте өз сипаттарыңды оқыңдар, ал біз бәріміз оның қай кісіге келетінін анықтап көрелік. Ал, енді кім бастайды! Сол жақтан оңға қарай бастауымызға болады. Бастадық. Ал, енді қазір қорытынды жасауға болады. Қатысушылардың қайсысын біз тезірек таныдық, яғни ең танымал адам қатарында кім болды?.
«Шеңбер бойынша фраза»
Қандай да бір қарапайым фразаны таңдайық, мысалы: бақта алмалар түсіп жатыр. Енді, экранның оң жағындағы шыншыдан бастап осы фразаны кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы фразаны жаңа интонациямен айтуы керек (сұраулы, қуанышты, таң қалушы, немқұрайлы және т.б.). Егер қатысушы жаңа еш нәрсе таба алмаса ойыннан шығады, ойын бірнеше рет ойналады. Соңында үш-төрт жеңімпаздар қалғанша. Басқа адамның интонациясын қайталауға болмайды. Назар аударуларынды сұраймын. Ойынды бастайық. Жеңімпаздарды құттықтаймыз".
«Жалпы назар аудару»
Ойынның, барлық қатысушыларына бір қана қарапайым тапсырманы орындау ұсынылады. Кез-келген әдістермен, әрине физикалык әсер және жергілікті апатта қолданбай қоршаған-дардың назарын аударуға тырысыңдар. Тапсырма ойынға қатысушылардың барлығы оны бір уақытта орындауға үмтылумен күрденеледі. Бұған кім қандай жолдармен қол жеткізгенін анықтандар. Бастадық. Санаймыз ойын ішінде қатысушылардың назарын көп аудартқан адамды байқаймыз".
«Эмоция түстері»
Жүргізуші таңдаймыз. Жүргізуші белгі бойынша көзін жабады, ал қалған қатысушылар тыныш қана өзара бір түсті ойластырады, бастапқыда ең негізгі түстерді ойластырған жөн (қызыл, жасыл, көк, сары). Жүргізуші көзін ашқанда, барлық қатысушылар өз қылықтарымен, әсіресе эмоцияларымен білдіруі керек. Түстің атын атамау керек. Егер ол адам таппаса, басқа жүргізуші тандалынады".
«Айна»
Қазір біз сендерге бірнеше тапсырмаларды орындауға ұсынамыз. Тапсырманың шартына назар аударыңдар. Барлығы төртеу:
1.Түймені тігеміз;
2. Жолға жиналамыз;
3. Пирог пісіреміз;
4.Циркте ойнаймыз.
Бұл тапсырмалардың ерекшелігі мынадай, оның әрқайсы-сын жұптап орындайды, жұптағылар бір-біріне қарсы тұрып екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар өзара рөлдерін ауыстырады. Ол үшін алдымен жұп-жұпқа бөлінейік. Сонымен әр жұп кезекпен өз таңдауы бойынша тапсырмаларды орындайды. Олардың бірі - орындаушы, ал екіншісі -оның айнадағы бейнесі, орындаушының барлық қимылдарына еліктейді. Топтың басқа қатысушылары - көрермендер, олар жұптың, ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Содан кейін жұптағылар рөлдерімен ауысады.
Жұптар кезекпен ауысады, осылайша топ алдына барлық қатысушылар шығады. Топ айна рөлінде ойнаушыны бес ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Кейін барлық қатысушылардың бағалары қосылады да әркім өзінің айна роліндегі жұмысының сәттілігін біле алады. Рахмет! Қорытынды жасайық. Әр қатысушы өзі үшін өзінің рөліндегі алған топтың берген бағаларының қосындысын есептейді.
«Амандасу»
Әр қатысушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербальді әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі амандасу тәсілдерді психолог (жетекші) есіне түсіру керек.
«Тұсаукесер»
Топтағы қатысушылар шеңбер құрып, психолог (жетекшіден) бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: "Ыммен, қол қимылы арқылы, әрі позамен, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа Сіз қандай адам тұрғысынан сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдауын қалайтындығын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз", - дейді. Психолотың сөзінен кейін оның өзі топтың алдында айта бастайды. Содан кейін әр қатысушы шеңбер бойымен өзін таныстырады. Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.
Психолог төмендегідей сұрақтарды қояды:
- "Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қаларлықтай әсерін тигізді?";
- "Сіз үшін қай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?";
- "Қай топ мүшесінің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді (мінезі, көңіл-күйі бойынша)?";
- "Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе Сізді таңқалдырды?
- Мүмкін, Сіздің сол адамға қандай да бір сұрақты қойғыңыз келетін шығар?"
«Мұз жарғыш»
Қатысушылар екі қатар құрып, бір-біріне қарап тұрады. Мақсаты: серіктесті итеріп жіберу. Талқылау.Қойылатын сұрақтар:
- Неге ұнамсыз сезім пайда болды?
- Сіздің өміріңізде кездескен осындай жағдайларды айтып бере аласыз ба?
«Танысыңыз, шетелдік»
Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың ағылшын, француз, италъяндық, жапондық және тағы басқа ұлт өкілдері мінез-құлықтағы қол-дене қимыл-қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген. Қалған қатысушылар қай ұлтты көрсеткенін табу керек.
Талқылау:
- Неге сүйеніп анықтадық?
- Ұлттық таптауырындар қажет пе?
Осы сұрақ бойынша топ екіге бөлінеді. Бір топ таптауырындардың қажетін дәлелдейтін болса, ал екінші топ - оның қажет емес екендігін дәлелдеу үшін пікір-талас жүргізіледі.
«Елсіз арал»
Психолог ойынның шартымен таныстырады: "Мүхит бойындағы бірнеше күнгі болған окиғадан кейін адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады. Әрі ол да жарамсыз болып қалды".
Ойынның шарты: "Сіздер елсіз аралда қалдыңыз. 20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздар. Енді үш топқа бөлініңіздер".
Жетекші әр топқа барып, оларға жеребе арқылы қай ұлттың өкілдері (қазақ, орыс, ұйғыр) болғанын анықтап алғаннан кейін, топтар бір-бірінің қай ұлттың өкілдері екенін білмейтіндігін, әрі бір-біріне айтуға болмайтынын түсіндіреді.
Жиырма жылдың аралында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай зандарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылық, салт-дәстүр, түрткі, мейрам ерекшеліктерімен көпшілік алдында таныстырып, ойнатып көрсету керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, фломастер, желім және тағы басқалармен қамтамасыз етіледі.
Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа көріністі көрсетуге 30 минут беріледі. Топ қай ұлт өкілдері туралы екенін айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекті құралдарды да дайындайды. Тыңдаушылар анықтауға тырысады. Талқылау толық жүрмейді. Тек мынадай сұраққа жауап беріледі:
- Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтау мүмкіндігі болды?
«Көзқиық»
Қатысушыларға адам саны бірдей ішкі және сыртқы шеңбер құру ұсынылады. Іштегі шеңбердегілер сырттағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-аузын қисайтпай, тыжыраймай қарау керек.
Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлық қатысушыларға сағат тілі бойынша қозғалып, келесі серіктеске барады. Сөйтіп, осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, әр қайсысы өз орнына отырады. Ескерту. Жаттығу, қанша дегенмен, көптеген тұлғалық тосқауылды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мүшелері өзін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайда төмендегі жаттығулардың біреуін қолдануға болады: а) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;
ә) шеңбер құрып, барлығы бірге тебінуі, бір мезетте қолды жұдырықпен сілку;
б) барлығы бірге «А-а-а» немесе «Ия» деп айқайлау.
Талқылау.
Қатысушыларға төмендегілерді еске түсіруді ұсынады:
а) жаттығудың басында және аяғындағы өзінің күйі қандай болғаны жайлы;
ә) не айтқысы, не жасағысы келгені туралы;
б) адам бір-біріне қараған кезеңде қандай ойлар пайда болғаны жайлы;
в) серіктес не туралы ойлағаны жайлы айту керек.
Талқылау кезінде талап пен ақыл айтуға мүмкіндіх бермеу қажет. Шеңбер бойында рефлексия жүргізіледі.
«Мүсін өнерінің аукционы»
Жұптық жұмыс, Бір топ мүшесіне "мүсіншінің" рөлін атқару тапсырылады, ал екіншісі - материалдың қызметін атқарады. "Мүсінші" тек қолды қолданып, мүсінді үндемей "жапсырады". Мүсінші ұлтгық ерекшелікке (ұлттық киімдерге, дәстүрге, әдеп-ғұрыпқа) байланысты тақырыпты ескеру керек. Мүсін өнерін көпшшіктің алдында көрсету үшін жұмыстың соңғы, шешуші, нүсқасын есінде сақтау керек. Содан кейін, әріптестер рөлдерімен алмасады. Мүсінді көрсету кезеңінде топ мүшелері қай ұлттың мүсіні немесе қай ұлттың өкілдері екенін табады. Содан кейін ғана мүсіннің шынайы "атын" автор жариялайды. Талдау:
- Материал - икемді ме?
- Мүсіншінің қолының ұстау, тию қасиеті қандай?
-Мүсінді қабылдаудағы субъективтілікке назар аудару: дененің сол ле басқа жағдайында қандай сезім туды?
- Сіздің денеңіз әрқашан Сізді тындай ма?
- Дене өз бетімен өмір сүреді деген ой пайда болды ма?
Басқа қандай өз ұлтыңыздың ерекшеліктерін мүсінде байқадыңыз?
«Суретші»
Қатысушылар жұптасып тұрады. Оларға серіктестің арқасындағы қағазға қолымен қалаған суретті салу керек. Әрі екінші адам не салғанын шешуі қажет. Талқылау:
- Денеге қолдың тигені ұнады ма?
- Жағымсыз қандай сезім болды?
- Серіктесті түсінуге не кедергі жасады (тұлғалық қабылдау ма, қолдың тиген кезеңі ме)?
-Қарым-қатынаста қалай кедергі жасайды?
Тренинг рефлексиямен аяқталады.
«Достық жылы күлуден басталады»
Мақсаты: Жылы қарым-қатынас түзу.
Барысы: Дөңгелене отырғандар бір-бірінің қолдарынан ұстасып, көршісінің жүзіне үндемей қарап, мейірімді де әсем күлкісін сыйлайды, кезекпенен осылай жалғасып кете береді.
«Жел соғады»
Мақсаты: Ойынға қатынасушылардың зейінін тұрақтандырып, көпшілікпен қарым-қатынасын нығайту.
Барысы: Жел соғады соған ..... деп бастайды. Қатысушылар бір-бірін жақсы білу үшін, келесі сұрақ: "Жел соғады соған, кімнің шашы қысқа болса", барлық шашы қысқа ұлдар мен қыздар бір жерге жиналады. "Жел соғады соған, кім жануарларды жақсы көрсе", ".а", "....... кімде көп достар болса", "..... кім іскер болса" т.с.с.
«Қолғаптар»
Мақсаты: Өзгемен бөлісе отырып, жұмыс жасауға үйрету. Қажетті заттар: Қағаздан қиылған дайын қолғаптар, түрлі-түсті қаламдар. Қолғаптың саны, қатысушылардың анына тең болуы қажет. Әр пар қолғаптың өрнегі бірдей салынған, бірақ боялмаған. Жүргізуші бөлмеде еденге қолғаптарды шашып тастайды. Балалардың әрқайсысы бір қолғаптан алып, өзінің серігін (қолғаптың парын) іздейді. Серігін тапқаннан кейін екеуі бірге ойланып, келісіп бояйды.
Ескерту: Серігімен келісе алмай отырған балаларға ортақ тіл табысуға көмектесу.
«Сиам егіздері»
Мақсаты: Өзін, өзгемен бөлісіп, біртұтас етіп сезіну. Ойын барысы: Балалар пар-парымен иықтарын түйістіріп, құшақтасып тұрады, бір қолын белінен, бір-аяқтарын бір аяқтың алдына қояды. Енді бұлар бірге өскен егіздер: екі басты, 3 аяқты, екі қолды, денесі бір. Бұларға бөлме ішінде олай-бұлай жүруді, отыруды, бұрылуды, жатуды, сурет салуды т.с.с. ұсынамыз.
Кеңес: Үшінші аяқ әрдайым бірге болуы қажет, оны жіппен байлап қоюға да болады.
«Ұлдар мен қыздар»
Мақсаты: Балаларды өзінің жақсы жақтарын ғана ойлап, оны айта білуге үйрету.
Барысы: Жүргізуші балалармен шеңбер құрып отырады. Әр бала кідірістен соң, кезек-кезек сенімділік сезіммен қарап, өздерінің бойындағы жақсы жақтарын айтып өтеді. Мұнда әр баланың өз бойындағы жақсы жетістіктерін жасырмай, ұялмай жеткізіп айтқаны дұрыс.
Баланың жақсы жақтарымен қатар бойындағы кемшіліктерінен де дер кезінде арылуға жағдай туғызу қажет. Ондай жағдайда психолог балаға үнемі өзін-өзі сынату аркылы жағымсыз жақтарынан арылуға көмек бере алады.
Соңында педагог балалармен олардың бойындағы қалыптасқан ерекше сапалы жақсы жақтарын айтып қорытындылайды. Сонда ғана олар және айналасындағылар өте жақсы өмір сүре алады. Өз бойына жақсы дағды қалыптастыру -бұл өмір сүру мәдениеті.
«Айна»
Мақсаты: Өзгенің қимылын бұлжытпай қайталауға үйрету -бейсананы дамыту.
Барысы: Жүргізуші: Балалар, қабырғасы айналардан жасалған дүкенге кірдік деп ойлаңдар. Сыртқы шеңбердегі балалар осы қабырғалардағы айналар, ал ішкі шеңбердегі балалар әр түрлі, балықтар, жыландар, т.с.с. Өтіп бара жатқан аңдар айнаға қарап секіріп, бетін, көздерін қисайтып әр түрлі қимылдар жасап өтеді, ал айна аңдардың әр қимылын бұлжытпай қайталып отыруы қажет.
Жүргізуші алақанын соққанда ішкі - сыртқы шеңбердегі балалар орындарын ауыстырып, жоғарыдағыдай ойынды жалғастыра береді.
Жүргізуші балалардың әрқайсысы екі рольде (айна және аңдар) ойнап шығуын қадағалап отырады.
«Психологиялық мүсіндеу»
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, ептілікке үйрету, қол моторикасын дамыту.
Барысы: Бұл жерде жүргізушінің тапқырлығына байланысты. Жүргізуші балалардан өздері жасаған денелерден, үлкен бір дене құрауын өтінеді. Мысалы: "Теңіз жұлдызы" (кілемнің үстіне жатып) - дененің бәрі бірге қалай қозғалатынын көрсету. "Мысық" - бір бала - басын, екіншісі -денесін, үшіншісі - аяғын, күлағын осылай әркім өзінің жасаған денесін -бәрі бірге мысықтың бүкіл дене мүшесін түгел құрайды. Балалар тек денені мүсіндеп қана қоймай, оған жан бітіреді. Денені құрап, бүтін қалпын бұзбай, бәрі бірге жеңіл жүреді.
«Қуаныш»
Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету. Барысы: Балалар әуен ырғағымен екі қолдарын бүйірлеріне таяп, еркін, бірін-бірі көргендеріне қуанышты екенін айтады. Содан соң, оң қолын жүрегінің тұсына сол қолымен, одан кейін екі қолын кеудесіне қойып тілегін жалғастырады. Осындай қимыл барысында балалар ішкі тебіреністерін байқайды. Барлығы осы қимылды қайталайды. Олар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып, айналасын қуанышқа бөлейді.
«Саяжайда қыдырамыз»
Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту, өзіне сенімділігін, шыдамдылығын арттыру.
Барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді, бірінші жақ "саз балшық", екінші жақ "мүсіншілер". Саз балшық жүмсақ, илеуге ыңғайлы, ал мүсіншілер өздері ұнатқан мүсінді жасауға кіріседі. (аңдар, гүлдер, балықтар, құстар, ойыншықтар т.с.с). Жасалған дайын мүсіндер катып, қимылдамай тұрады, ал мүсіншілер оларға ат қояды. Соңында барлық мүсіншілер саяжайдың ішінде тұрған мүсіндерді аралап, қарап бір-бірінің жасаған мүсіндерін мақтап, аттарын дұрыс табуға кіріседі. Қатысушылар рольдерімен ауысады.
Ескерту: Мүсіндер тұрған қимылдарын өзгертпейді және сөйлесе алмайды. Жүргізуші барлық жасалған мүсіндерді мақтап, мадақтайды.
«Қайырымды жануар»
Мақсаты: Жүректің дұрыс соғуына арналған психологиялық жаттығу. Балаларды жағымсыз сезімдерден арылтып, жақсылыққа үйрету.
Барысы: Қатысушылар дөңгелене шеңбер жасап, қолдарын ұстасып тұрады. Жүргізуші жай ырғақты даусымен: "Біз -бәріміз бірге, үлкен, қайырымды жануармыз. Кәне, тыңдап көрейікші, ол қалай тыныс алады екен?". Барлығы бірге өзінің және көршісінің тыныс алуын тыңдап көреді. Ал енді бәріміз бірге бірдей тыныс алып көрейікші. Тыныс аламыз - бәріміз бір қадам алға, дем шығарамыз - бәріміз бір қадам артқа. Тыныс аламыз - екі қадам алға, дем шығарамыз - екі қадам артқа (2-3 рет қайталаймыз).
"Жануар тек қана бұлай дем алып қоймай, оның үлкен қайырымды жүрегі де, осылай нақты соғады. Соғады - бір қадам алға, соғады - бір қадам артқат.с.с. Біз бәріміз осы жануардың тынысы мен жүрегінің соғуын өзімізге аламыз".
«Мылқау сыйлық»
Мақсаты: Балаларды мимика, ым арқылы түсінуге үйрету. Барысы: Шеңбер бойында дөңгелене түрып, көршісіне ыммен, мимика, пантомимо арқылы бір қалаған сыйлығын тарту ету. Ал сыйлықты қабылдаған көршісі басын изеп "Рахметін" байқатады.
Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту. Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. ... ойын осылай жалғаса береді.
«Көңіл-күйім неге ұқсайды?»
Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа-райына баламалай айтуға үйрету. Барысы: Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады. Бірінші қатысушы: "Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы аппақ, жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше?" Келесі - "өте жақсы" деп, өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында жүргізуші барлығынан - "Бүгін біздің топтың көңіл-күйі қандай екен? - көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе? - деп сұрайды.
Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар - ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу элементтері қолайсыз (жағымсыз) эмоционалды жағдайды көрсетеді. Бірақ мұны балаларға нашар деп айтудың қажеті жоқ.
«Көңіл күйіміздің суретін саламыз»
Қажетті заттар: Суланған қағаз, түрлі-түсті бояу. Барысы: Балаға өз көңіл-күйінің суретін салуын сұраймыз, жанына анасының, әкесінің, інісінің т.б. көңіл-күйін де бейнелеуге болатынын түсіндіреміз. Жүргізуші баланың жұмысына араласпай бақылап отырады. Ашық түсіне, бояудың қоюлығына, суреттің түсіне қарай анықтаймыз. Тұйық түстер -бұл алаңдатарлықтай жайды байқатады.
«Тілектер»
Мақсаты: Құрбы-құрдастарына жақсы тілектер айтып, жағымды қарым-қатынас түзу.
Барысы: Бір-бірінің қолынан ұстап дөңгелене отырады. Көршісінің көзіне қарап, бір-екі ауыз сөз жақсы тілек айтады. Қабылдаған бала басын изеп: "Рахмет, маған өте ұнады!" деп жауап береді. Сосын ол өзінен кейінгі көршісіне жақсы тілегін сыйлайды, осылай жаттығу жалғасып кете береді. Ескерту: Кейбір балалар тілек айта алмай қиналғанын байқасаңыз, оның көршісінің күтіп, ренжігенін күтпей, өзіңіз көмектесіп айта салыңыз. Тұйық балалардың көпшілігі айта алмай қиналып көп тұрып қалған жағдайда, көпшіліктің назары өзіне ауғанын байқап, одан сайын тұйықталып еш нәрсе айтпауы мүмкін, сондықтан да күттірмей өзіңіз айта салғаныңыз жөн, ол бала осылай біртіндеп араласады.
«Оқиғаны ойлап табамыз»
Мақсаты: Қиялын, тілін дамыту.
Барысы: Жүргізуші: "Ерте, ерте, ертеде ...." деп бастайды, келесі қатысушы оқиғаны ары қарай жалғастырады, осылай шеңбер бойынша бәрі оқиғаны жалғастырып айтып шығады. Қайтадан кезек жүргізушіге келгенде, ол оқиғаны тереңдете, қиындата түседі, осылай жаттығу жалғаса береді.
Ескерту: Жүргізуші қиялға түсе алмай отырған балаларға көмектесіп, демеп отырады.
«Жел бергіш және үрленетін қуыршақ»
Балалар жұп-жұп болып бөлінеді: біреуі - еденде желі шығып жатқан (аяғы тізесінен бүгіліп, басы, қолы төмен қарап салбырап) үрілетін қуыршақ. Ал екіншісі - алдыға қарай еңкейіп жел бергішпен қуыршаққа жел үрлейді, тынысын шығарып "с-с-с" деп дыбыстайды. Қуыршаққа жайлап жел үрленеді, бойы созылып түрегеліп, жел толып қатаяды. Енді үрленіп болды. Сосын үрленіп тұрған қуыршақтың ішін қатты басып, желін шығарады. "с-с-с" деп желі біртіндеп шығады. Желі шығып, қуыршақ қайтадан бастапқы күйіне түседі. Балалар рольдерін ауыстырады.
«Көзімізді түйістіріп»
Мақсаты: Сезім арқылы өзгенің ішкі дүниесін түсіне білу. Барысы: Балалар жұп-жұп болып бөлініп қолдарынан ұстасып тұрады. Жүргізуші: Үндемей бір-біріміздің көзімізге қарап, қолымызбен сезініп, - "Мен көңілдімін, кәне ойнайық", "Мен сенімен достасқым келеді!" т.с.с. ойларымызды сезім арқылы жіберіп, оны қалай қабылдағанымыз жайында әңгімелеп, ойымызды бөлісеміз.
«Амандасу – сәлемдесу»
Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау. Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді әндетіп айтуға жаттығады. « Қайырлы таң, Асқар! (күліп, басын изеу)
Қайырлы таң...! (жүргізушінің атын атайды)
Қайырлы таң ...! (шеңбер бойымен балалар бір-бірінің аттарын атап шығады).
Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).
Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге! (балалар қолдарын жандарына жайып, кейін түсіреді).