1 Жеміс және жидек дақылдарының жүйеленуі мен морфологиялық ерекшеліктері

Жеміс және жидек дақылдарының 1000-нан астам түрлері белгілі, олардың ішінде 60 түрі Қазақстанда өсіріледі, ал солтүстік аймақтарда 14 түрлер шамасында өсіріледі.

1.1 Жеміс және жидек дақылдарының жүйеленуі мен топтастырылуы

Барлық жемісті дақылдар морфологиялық өсу ерекшеліктеріне сай және көлемі мен тіршілік ету ұзақтығына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұтатектестер,шырмауықтектестер, көпжылдық шөптесіндер.

1) ағаштар тобы –  бұл топқа биік әрі діңі айрықша дамыған ағаштар (грек жаңғағы, пекан, талшын, қызыл шие, т.б.) мен көлемі кішірек, діңі бәсең байқалатын ағаштар (алма, алмұрт, өрік, шетен, құрма) жатады. Бұлар ең ұзақ өмір сүретін, бірақ жемісін кеш беретін өсімдіктер.

2)  бұталар тобы  – әдетте бірнеше діңі болады, кейде біреу, бірақ нашар білемделген (ағаш тәрізді шие, анар, орман жаңғағы, пісте). Ағаштар тобымен салыстырғанда бұл топтағы өсімдіктердің тіршілік ету мерзімі қысқалау, бірақ жеміс салу кезеңі ертерек басталатындығымен ерекшеленеді.

3) бұтатәрізділер тобы  – топырақ үсті мүшелері аласа, бұта формасында қалыптасып, бірнеше теңдес бастама (нөлінші қатардағы) бұтақтардан тұрады. Негізгі білектік зақымданған сабақтарын жерасты атпа бұтақтары арқылы жаңартып отыруға бейімделген. Әдетте өте рете жеміс салады, бірақ та тірішілік ету мерзімі онша қзақ емес (қара, қызыл, сары қарақат, тұшала).

4) шырмауықтектестер тобы  – бұл топтағы жеміс өсімдіктері көпжылдық, шырмалатын ағаш сабақты (лимонник, актинидия) немесе өрмелейтін (жүзім) бұта түрінде кездеседі.

5) көпжылдық шөптектестер тобы –  бұл топтағы өсімдіктердің көпжылдық тамыр жүйесі мен жер бетіне жайыла өсетін ықшамдалған сабағы болады. Жеміс салу мерзімі мәдени түрлерінде ерте басталады және өмір сүру мерзімі қысқа, оларға бүлдірген, құлпынай, мүкжидек, т.б.жатады.

Жеміс және жидек дақылдарының ботаникалық жүйеленуі дақылдың әртүрлі бөліктерінің морфологиялық белгілеріне негізделген: гүлшоғыры, жапырағы, жемісі, тұқымы және тағы да басқалары (әрі қарай т.б.). Ботаникалық жағынан жеміс өсімдіктері – 31 тұқымдастың өкілі, бірақ раушангүлділер мен тасжарғыштар тұқымдастарының өкілдері басымдылыққа ие. Жеміс өсімдіктері төмендегі тұқымдастықтарға жатады:

1) Банандар – мәдени банан; тәтті банан; ергежейлі немесе қытай бананы.

2) Қайыңдар – кәдімгі орман жаңғағы, понтийлік, ірі.

3) Баобабтар – кейіпсіз.

4) Бөріқарақаттар – кәдімгі бөріқарақат.

5) Бұршақтылар – цератония, мүйізді ағаш, цареградтық мүйізшелер.

6) Шамшаттар – кәдімгі немесе тағамдық талшын, егістік, америкалық, аласа бойлы, жапондық, жұмсақ.

7) Бромелиліктер – мәдени ананас.

8) Итбүлдіргендер – итбүлдірген, мүкжидек (батпақтық, ірі жемісті), кәдімгі қаражидек, көкжидек (гонобобель, мәңгі жасыл, биік, ірі жемісті, «қоянкөз»).

9) Аршалар – ұсақ жемісті қойбүлдірген немесе қызыл қойбүлдірген ағаш, ірі жемісті, менциза.

10) Жүзімділер – еуропа-азиялық жүзім немесе еуропалық; амурлық немесе уссурийлық.

11) Анарлар – кәдімгі анар.

12) Диллиндіктер (актиниділіктер) – қытайлық актиния, коломикта, өткір, көпнекелік.

13) Үшқаттылар – тағамдық үшқат, кәдімгі шәңгіш.

14) Тасжарғыштар – қарақат (қызыл, ақ, кәдімгі немесе батыс еуропалық; тасты, қара, сібірлік, ақ гүлді жабайша немесе алдан жүзімі; сары, иісті); қарлыға (ауытқыған немесе еуропалық, ине тәрізді, буреиндік, сәл тікенді, итмұрын тәрізді, миссурийлік, өткір тікенді).

15) Шайырлылар – мангустан.

16) Қызылталдылар – нағыз қызыл тал немесе кәдімгі, еркек сәнтал; дәрілік немесе жапондық.

17) Итжүзімділер – қытайлық унаби, қытай құрмасы, кәмпиттік ағаш немесе жапондық жүзімдік ағаш.

18) Лаврлықтар – авокадо (немесе персея) америкалық, мексикандық.

19) Жиделер – итшомыртты шырғанақ; бақ жидесі немесе пшот.    

20) Магнолилер (лимондықтар) – қытай лимоннигі немесе шизандра.

21) Зәйтүндер – еуропалық немесе мәдени зәйтүн, кәдімгі, зәйтүн ағашы, зәйтүн.

22) Мирттар – фейхоа, эвгения.

23) Сабындылар – қытайлық литчи, лонган, рамбутан.

24) Жаңғақтылар – жаңғақ (грек, алдамшы, маньчжурлық, қара, эквадорлық), пекан немесе гикорн.

25) Папайялықтар – кәдімгі папайя (қауын ағаш), марстық кундина, бесбұрышты.

26) Пальмалықтар – құрмалық пальма, ормандық құрма, ауытқыған құрма, кокос пальмасы, майлы гвиней пальмасы.

27) Раушангүлділер – алма, алмұрт, беже кәдімгі, кавказдық мушмула, шетен (кәдімгі, үйлік), қара жемісті арония; ирга, долана; алхоры, шие ,тәттішие немесе құстық шие, қара мойыл, өрік, кәдімгі шабдалы, бадам, бүлдірген, құлпынай; таңқурай  және т.б.

28) Аңдыздылар – лимон, апельсин (тәтті ащы немесе бигардия), мандарин, грейпфрурт, цитрон, лайм, шелдок немесе помнельмус, юнос, Папеда ичанг, понцирус, кинкан.

29) Сумахтар (илейтін және бояғыш затты) – пісте (кәдімгі немесе игілікті, терпендинді, атланттық, жабайы); манго (индиялық, көкшіл, иісті); батыстық кежу.

30) Тұттар – ақ жібек, қара немесе тұт; інжір немесе фиг ағашы, нан ағашы.

31) Эбендер – шығыс құрмасы, кавказдық, шығыстық, жапондық немесе субтропикалық (тропикке жақын).

Жеміс-жидектер өсу шамасы мен сипаты, жеміс салуы, жеміс сапасы, өмір сүргіштігі мен тіршілік жағдайына мұқтаждығы жағынан алуан түрлі. Осы аталған қасиеттері, сондай-ақ жемістерінің тағамдық әрі технологиялық құндылығы мен олардан өндірілген өнімдердің өзара морфологиялық ұқсастықтары негізінде жеміс-жидекті дақылдарды өндірістік-биологиялық топтарға жүйелеу қабылданған. Десек те, практикалық жеміс шаруашылығында қабылданған жеміс дақылдарын топтарға бөлу ботаникалық жіктеулерге сай келе бермейді. Өйткені, жеміс шаруашылығында топтастыру шешімдерінің көбінде олардың өсуі мен жеміс салуының морфологиялық-биологиялық бірлестігінің негізінде бір топтағы дақылдарды өсірудің өнеркәсіптік үйлесімі қарастырылады.

Жемісті өсімдіктер төмендегідей өндірістік-биологиялық топтарға бөлінеді: шекілдеуікті, сүйекті, жидекті, жаңғақты, субтропикалық, мәңгі жасыл (цитрусты) және тропикалық, татымды және серпіндергіш жеміс дақылдары (1.1-кесте).

1.1-кесте – Жеміс және жидек дақылдарының өңдірістік-биологиялық топтастырылуы

Топтар

Ерекшеліктері мен белгілері

Дақылдар

1

2

3

Шекілдеуіктер

Бұл топқа енетін жеміс дақылдары раушангүл тұқымдасына, алмалық тармағына жатады. Жемісі нәрлі, алма тәріздес, қалың, жақсы дамыған. Шекілдеуікті жеміс дақылдары тасымалдауға қолайлы әрі жақсы сақталады.Кез келген жабықтұқымды өсімідіктердің жемістері жемісқап пен тұқымнан тұрады. Жемісқап үш бөліктен тұрады: экзокарп, мезокарп және эндокарп. Экзокарп – жемісқаптың сыртқы қабаты, мезокарп – ортаңғы қабаты, эндокарп – ішікі қабаты. Мұндай жемістердің жемісқабы жақсы дамыған, жұқа, тығыз экзокарпті және етті, екі қабатты, мезокарпті (өте пісіп кеткенде ұнтақты болып келеді). Шырын жұмсағының ішкі және сыртқы қабаттарының арасынан түтікті талшықтарының оң шоғы өтеді. Осы түтікше шоқтарымен шектелген жемістің ішкі бөлігі гүл түйінінің қабырғасынан пайда болады да, жеміс өзегін құрайды. Осы жұмсақтың сыртқы қабаты гүлтабан мен тостағанша жапырақшаның біртұтас өсуінен пайда болады. Өзектің ортаңғы бөлігінде орналасқан бес ұрыққапта жемістің дәндері дамиды. Ұрыққаптың қабырғалары жарғақ тәріздес қабықшалардан тұрады, оларды эндокарп деп атайды. Мұндай жемістер жалған жемістерге жатады. Шекілдеуікті дақылдар сорттарына, телітушілеріне және қолданылатын күтімге байланысты шамамен 15–80 жылға дейін өмір сүреді, жеміс салуы 3–12 жылдан басталады, өнімнің орташа мөлшері бір гектардан 30–50 т жетеді.

Алма, алмұрт, беже, кавказ мушмуласы, шетен, арония, ырғай, долана, мушмула т.б.

Тропикалық

Тропикалық аймақта өсірілетің жылу сүйгіш жеміс дақылдары

Банан, ананас, манго, қауын ағаш немесе папайя, кокос пальмасы, құрма және май кокосы, эвгения, какао, дуриан, мангустан

Сүйектілер

Бұл топтағы жеміс дақылдары раушангүл тұқымдасына, алхоры тармағына жатады. Жемісі сүйекті жеміс деп аталады, олар нәрлі, еттес балдырлы, тасымалдауға соншалық қолайлы емес, ұзақ уақыт сақтауға жарамайды, негізінен жасаң

түрінде өңдеуге пайдаланылады. Сыртқы қабаты (экзокарпі) – жұқа, жылтыр және түкті болып келеді; ортаңғы қабаты (мезокарпі) – шырынды, етті; ішкі қабаты (эндокарпі) – қатты, сүйекті. Сүйекшенің ішінде бір тұқымы болады. Мұндай жемістер сүйекті жемістерге және шилен (унаби) мен зәйтүн өсімдіктеріне тән. Бұлардың жемістері тек гүл түйінінен пайда болады, ондай жемістерді нағыз жеміс деп атайды.

Сүйекті жеміс дақылдары орта шамамен 10-60 жыл өмір сүреді, жеміс салар шағы 3-5 жыл аралығында, өнім мөлшері бір гектардан орташа 5-20 тоннаға жетеді.

Өрік, шабдалы, шие, қызыл шие, алхоры, шомырт және т.б.

Субтропикалық

Бұл топқа енетін өсімдіктер өзінің өсіп-өнуі мен жеміс беруі үшін биологиялық талабы жағынан вегетациялық кезеңі ұзақ, қысы жылы климатты және орасан зор қалыпты температура қорын қажет етеді.

Бұлар негізінен түспелі жапырақты өсімдіктер және мәңгі жасыл өсімдіктермен салыстырғанда суыққа төзімдірек -12-150С-қа дейін төзе алады (анар, інжір, құрма, зәйтүн, фейхоа).

Зәйтүн, інжір, құрма, анар, фейхоа, унаби, авокадо т.б.

Жидектер

Мұндағы жеміс өсімдіктері әр түрлі ботаникалық тұқымдастар қатарына жатады. Бүлдірген, құлпынай, танқурай, бөрткен – раушангүл тұқымдасына, ал қара, қызыл, сары қарақат, тұшала – тасжарған тұқымдасына жатады. Бұл топтағы дақылдар ең ерте жеміс салатын әрі жемістері ерте пісетін өсімдіктер. Бірақ тасымалдау және сақтау тұрғысынан алғанда нашарлау, сондықтан да көбіне өңделген күйінде қолданылады. Жемістері негізінен жидек деп аталады, бірақ құрылымына қарай бүлдірген мен құлпынай күрделі дәнекті жеміс, таңқурай мен бөрткен құрама шырынды сүйек жеміс, ал қарақат пен тұшала нағыз жидек деп те аталады. Жемістері жалған жемістілерге жатады. Жидек дақылдарының өмір сүру ұзақтығы 6-30 жылға созылады, жеміс салу кезеңі 2–3 жылдары басталады. Өнімділігі орта есеппен 3–15 тоннаға жетеді.

Бүлдірген, құлпынай, қарақат, қарлыға, таңқурай, бөрткен, үшқат, итбүлдірген, көкжидек, мүкжидек, қаражидек, жүзім, актинидия, дәрілік сермене (лимонник), қызыл, шырғанақ, жиде, тұт (ақ тұт), итмұрын, шәңгіш, бөріқарақат және т.б.

Жаңғақтылар

Бұл топқа жаңғақ және құрғақ сүйекті жеміс байлайтын әр түрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын, қоңыржай аймақтарда өсетін жеміс дақылдары кіреді, жемістері құрғақ, жеуге жарамайды. Тағамдық мәні бар бөлігі – дәні. Дәнінің сыртқы қабаты грек жаңғағы, пекан, бадам, пістеде сүректелген, сынғыш келетін қабықпен (экзокарппен), ал талшын және тұт жұқа тері тәрізді қабықпен қапталған. Жаңғақ дақылдары негізінен ұзақ жыл жасайды. Грек жаңғағы, пекан, пісте орта шамамен 200–500 жыл өмір сүреді. Жеміс салатын мезгілі 3–15 жылдар аралығында басталады. Орташа өнімділігі 10–40 ц/га. Жаңғақ дәнінің қуаттылығы жоғары, құрамы негізінен жеңіл сінетін нәруыздар мен майдан тұрады. Жаңғақ дақылдарының жемісі ұзақ сақталады, тасымалдауғақолайлы.

Грек жаңғағы, орман жаңғағы, бадам, талшын, пісте, пекан, талшын, т.б.

Цитрусты

Бұл топқа енетін өсімдіктер – мәңгі жасыл өсімдіктер (мандарин, апельсин, лимон, грейпфрут, цитрон, кинкан, трифолиата), аңызды тұқымдасына, померациялық тармағына жатады. Жемістері жидек тәріздес померанс деп аталады. Олардың сыртқы экзокарпі – қалың, жеуге жарамсыз, ерекше хош иісті, ортаңғы мезокарпі – кеуекті пленка тәріздес, жемісті жеке бөліктерге бөліп тұрады, ішкі эндокарпі – шырынды, бөлігі жеуге жарамды.

Лимон, апельсин, мандарин, грейпфрут, цитрон, лайм  т.б.

Татымды және серпіндергіш

Тропикалық және жылу сүйгіш жеміс дақылдары, татымды және серпіндергіш қасиеттерге ие жемістер болып табылады.

Кофе ағашы, лавр, ваниль, шай, кола және т.б.

Тапсырма: Жеміс және жидек дақылдарының жүйеленуін, топтастырылуын оқып-білу

Құрал жабдықтар мен материалдар: суреттер, тұқымдар, плакаттар, оқу және анықтамалық әдебиеттер.

Жұмыс барысы:

1) жеміс дақылдарының белгілі жүйелену мен топтастыруларын оқу;

2) суреттерді, тұқымдық материалды, плакаттарды қарап отырып, салыстыру;

3) ұсынылған әдебиеттер мен теориялық материалды пайдалана отырып, 1.2 және 1.3-кестелерді толтырыңыз;

4) өткен тақырыпты қорытындылау үшін төмендегі сұрақтарға жауап бер.

1.2- кесте  – Жеміс және жидек дақылдарының ботаникалық жүйеленуі

Тұқымдас атауы

Латынша атауы

Жатқызылатын дақылдар

1

2

3

Rosaceae Juss.

Grossulariaceae D.C.

Elaeagnaceae Juss.

Caprifoliaceae Juss.

Ericaceae

Actinidiaceae Van Tiegh.

Schisandraceae Blumt.

1.2-кесте жалғасы

1

2

3

Vitaceae Lindl.

Rutaceae Juss.

Corylaceae Mirbel

Juglandaceae Rioh.

Palmаceae

Anacardiaceae L.

Moraceae

Ebenaceae

Oleaceae

Lauraceae

Соrnасеае

Рuniсасеае

Musaceae

1.3-кесте – Негізгі жеміс және жидек дақылдарының мінездемесі

Дақыл

Тұқымдасы және латынша атауы

Дақылдың латынша атауы

Дақылдың қазақша атауы

Өңдірістік-биологиялық топтастырылуы

Өмір сүру ұзақтығы

Алма

Алмұрт

Шие

Алхоры

Бүлдірген

Таңқурай

Қарақат

 Құлпынай

Үшқат

Қарлыған

Бақылау сұрақтары

  1. Жалпы жеміс және жидек дақылдарының жүйелену, топтастырылу түрлері қандай?
  2. Ботаникалық жүйелену бойынша қандай тұқымдастарға бөлінеді?
  3. Жеміс және жидек дақылдарының өңдірістік-биологиялық топтастырылуы бойынша қандай топтарды ажыратады?
  4. Барлық жемісті дақылдар морфологиялық өсу ерекшеліктеріне сай және көлемі мен тіршілік ету ұзақтығына байланысты қандай топтарға бөлінеді?
  5. Өңдірістік-биологиялық топтастырылу бойынша шекілдеуік-терге қандай дақылдар жатады?
  6. Көпжылдық шөптектестер тобына қандай дақылдар жатады?
  7. Rosaceae Juss. ботаникалық тұқымдасына қандай дақылдар жатады?
  8. Сүйекті жеміс дақылдары орта шамамен қанша жыл өмір сүреді, ал жеміс салар шағы қандай жыл аралығында болады?
  9. Жаңғақтылар тобының басқа топтардан ажырату ерекшелік белгілерін атаңыз?
  10. Өңдірістік-биологиялық топтастырылуы бойынша жидекті топқа қандай дақылдар жатқызылады?

1.2 Жеміс және жидек дақылдарының морфологиялық ерекшеліктері

Жеміс және жидек дақылдарының вегетативті мүшелері өркен мен тамыр, ал генеративті мүшелері – гүл немесе гүл шоғыры болып табылады. Ал қалған мүшелері (сабақ, бүршік, дің) вегетативті мүшелердің түрі өзгерген мүшелері болып келеді. Сонымен қатар жеміс дақылдарының құрылысын екі бөлікке бөледі: топырақ үсті  (дің, сабақ, өркен, бүршік, гүл және т.б.) және топырақ асты бөлігі (тамыр жүйесі). Осы топырақ үсті және асты бөліктерін жалғастырып тұратын дің бөлігі сидам. Сидам топырақ үсті бөлікке жатқызылады.

1.2.1 Жеміс және жидек дақылдарының топырақ үсті бөліктерінің құрылысы мен морфологиясының ерекшеліктері

Негізінен кез келген өсімдіктің топырақ үсті бөлігі сабақтан және ондағы орналасқан бүршіктен, жапырақтан, гүлден, жемісі мен дәнінен, түрі өзгерген сабақтардан (тікеншелер мен мұртшалар) тұрады. Жеміс ағаштарында дәндегі бастапқы сабақша бүршігінен алғашқы сабақ қалыптасады, ол кейіннен жанама бұтақтары бар орталық діңге айналады. Кейбір ағаштарда екі және одан да көп діңі болады. Қатты өсетін бұталарда (орман жаңғағы, шырғанақ, қара шетен) бас дің болмайды, бірнеше жіңішке діңдері болады, оларда ағаштармен салыстырғанда қысқалау өркендер мен бұтақтар орналасқан. Көптеген жидек бұталарында негізгі сабақтары қысқа     (1–2 м) әрі жіңішке. Мысалы, қара қарақат әр түрлі жастағы жанама бұтақтары бар бірнеше тамыр түбінен шыққан сабақтардан тұрады, ал таңқурай бір жылдық және жеміс салғаннан кейін қурап қалатын, екіжылдық жемісті сабақтардан тұрады.

Өсімдіктердің топырақ бетіндегі бөлігі – сабақ жүйесі дің мен бөрікбасынан тұрады. Ал астыңғы бөлігі тамыр жүйесі. Жалпы жеміс ағашының құрылысы 1.1-суретте көрсетілген.

1 – көлденең тамыр; 2 – тігінен тамыр; 3 – тамыр мойны; 4 – сидам (штамб); 5 –негізгі бірінші реттік сабақтар; 6 – өспелі сабақтар; 7 – орталық өткізгіш; 8 – бой өркен
1.1-сурет – Жеміс ағашының құрылысы
1 – бұтақтанудың екінші-төртінші реттік өсінді бұтақтары; 2 – нөлдік реттік бұтақтанудың қайта қалыптасу бірінші жылдық бұтағы; 3 – екіжылдық бұтақ; 4 – нөлдік реттік бұтақтанудың қаңқалы көпжылдық бұтақтар; 5 – тамырсабақ; 6 –шашақты тамыр жүйесі
1.2-сурет – Қара қарақаттың бұтатектесінің құрылысы

Жүзім, лимонник, актинидия өсу кезінде тіреуді қажет ететін салыстырмалы түрде жіңішке және ұзын, тармақталған тез өсетін негізгі сабақтан тұрады. Көпжылдық шөптектес өсімдіктердің сабақтары болмайды немесе өте қысқарған, мысалы бүлдірген мен құлпынайдың мүйізшелері, олардан мұртшалар, жапырақ жапырақ және гүлшоғыры өсіп шығады.

Дің – ағаштың орталық бөлігі, тамыр мойыншасынан басталып, жоғары бағыттағы тіктеме  бойында орналасады.  Ол тамыр жүйесі мен сабақ жүйелерін морфологиялық әрі функциялық біртұтастыққа байланыстырады.

Дің ағаштың жер бетіндегі барлық мүшелерінің механикалық негізінде ғана қызмет етпейді әрі ассимиляциялық мүшелерінің қолайлы орналасуын қамтамасыз етеді, тағы да жанама бұтақтардың өсуі мен тармақтарының өзара бағыныштылығын реттейді. Осының арқасында ол ағаш бөрікбасының біртұтас үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Дің келесі бөліктерден тұрады. Сидам – діңнің тамыр мойыншасынан бірінші қаңқалық бұтаққа дейінгі бөлігі. Оның биіктігі ағаштың жасына байланыссыз болады. Сидам биіктігіне қарай мынадай топтарға бөлінеді. Сидамсыз – биіктігі 40 см-ге жетпейді.

Аласа – биіктігі 40 см-ден 60-ге дейін. Орташа сидамды – биіктігі 70–100 см.  Жоғары сидамды – биіктігі 100 см-ден жоғары.

Жеміс-жидек өсімдіктерінің өнім беретін бұтақшалары. 

Жетекші бұтақ (басты діңгек) – діңгектің ортаңғы бөлігі сидаммен бой өркеннің аралығында орналасқан.

Бой өркен – орталық діңгекті немесе қаңқалық бұтақты жалғастыра өсіп тұрған біржылдық сабақ.

Крона (бөрікбасы) – діңгектегі барлық жанама бұтақтардың жиынтығы.

Бұтақтар өсу күші мен даму шарқына қарай, үш топқа бөлінеді: қаңқалық, жартылай қаңқалық, түкше бұтақтар.

Қаңқалық бұтақтар  – ең ұзын әрі жуан, кронаның қаңқасын құрайтын бұтақтар. Ұзындығы 1,5 м артық болады. Негізінен бірінші, екінші кейде үшінші тармақ қатарындағы бұтақтар жатады.

Жартылай қаңқалық бұтақтар – орта мөлшерлі 1–1,5 метр арасында ұзындықта, орталық діңгектен немесе қаңқалық бұтақтардан пайда болады. Көбіне жіңішке әрі иілген, үшінші, төртінші тармақ қатарындағы бұтақтар.

Түкше бұтақтар (өркендер) – орталық діңгектен, қаңқалық және жартылай қаңқалық бұтақтардан шығатын қысқа, әр түрлі жастағы жанама бұтақтар.Олардың ұзындығы толық жастағы ағаштарда 30–40 см-ден аспайды. Майда бұтақтардың көбі төртінші, бесінші және одан да жоғары тармақтарға жатады. Толық жастағы өсімдіктердің бұтақтары 7–8 қатарға дейін тармақталады. Бұл ретте діңгекті тармақтың  0 нөлінші қатарына, одан шыққан бұтақты бірінші қатарға жатқызамыз. Ал бірінші тармақ қатарындағы бұтақта пайда болған келесі сатыдағы бұтақты екінші тармақ қатарындағы бұтақ деп атаймыз. Бұл тармақ осылай жоғарылай береді. Түкше бұтақтарға – бір жылдық шыбық, мезгілсіз (жаздық) өркен (сабақ), майлы (зырылдауық) өркен және (өнімді) бұтақтар жатады.     Жемісті бұтақтар жеміс салу үшін өседі. Оларда жемісті және өркенді бүршіктер болады. Әр түрлі жеміс дақылындағы жемістік жасақтар (бұтақтар) біркелкі емес.

Шекілдеуікті дақылдарда жемісті дақылдар қатарына:  сақиналы бұтақша (кольчатка),  найза тұр сұңгілес бұтақша (копьецо),  жемісті шыбық (плодовый прутик), жеміссап (плодушка),  жемісбас (плодовая сумка), жемісті тармақ (плодуха)    жатады.

Сақиналы бұтақша (кольчатка) – көпжылдық, ұзындығы 5 см аспайтын, буын аралықтары айқындалмаған, бүршік қабыршықтары мен жапырақ түскеннен кейінгі дақтары сақина тәріздес орналасқан, төбесінде бір ғана жақсы дамыған бүршігі мен жанама бүршіктердің нышаны ғана бар бұтақша. Өзі шыққан бұтаққа тік орналасқан әрі морт келеді.

 Найза түр бұтақша (сұңгілес –копьецо) – бір жылдық 5 - 15 см-дейін болатын буын аралығы қысқа, әдетте төбесінде жеміс бүршігі бар бұтақша. Найза бұтақша кейде тікенек тәріздес болып, ұзына бойында бүршік орналасады. Олар өзі шыққан бұтаққа тік орналасады.

Жемісті шыбық (плодовые прутики) –  ұзындығы 15 см-ден артық болатын, жемісті бүршікпен аяқталатын бұтақша. Әдетте олар төменге немесе жанына қарай иілген, ұзына бойына біркелкі жуандықта болады. Кейбір алма, алмұрт сорттарының осы шыбықтың жоғарғы жапырақтарының қолтығында жеміс бүршіктері пайда болады.

Жеміссап (плодушка) – күрделі сақиналы бұтақша –бір рет жеміс салған, жемісбасы айқын белгіленген, сақиналы, найза түр бұтақшалар мен жемісті шыбықтар.

Жемісбас (плодоносные сумки) – бір немесе бірнеше жеміс және гүл сағақтарының түскеннен кейін кейін қалған іздері бар, жеміссаптың жуандалған бөлігі. Олар алманың кейбір сорттары мен алмұртта ерекше ірі болады. Жасы 2–6 жылға дейін. Жемісті тармақ (плодуха) – көп жылдық әрі жиі тармақталған жеміссап. Олар 20 жылға дейін міндетін атқара алады, дегенмен ең сапалы жемісін алғашқы 6–8 жыл аралығында бере алады.  Жемісбаста жемістердің бекіген жерінен төменірек бір-екі алмастырушы өркен пайда болады. Бұл өркендер сақиналы, найза түр бұтақшалар, жемісті шыбықтар кейде өскелең өркен типтес болады. Алмастырушы өркендердің типі күтімі мен дақылдық сорттық ерекшеліктеріне байланысты болады. 

Сүйекті жеміс дақылдарының – жаңа пайда болған өркенді майда бұтақтары, ұрықты дақылдардың осындай жаңа пайдалымдармен сәйкес келеді, бірақ жеміс салатын өркендері мен бұтақтарының морфологиялық өз ерекшеліктері болады және аралас өркен, жемісті өркен, шоқ бүршікті бұтақша, сүйір бұтақша деп аталады.

Аралас өркен (смешанный побег) – бір жылдық сабақ, ұзына бойына жемістік әрі өркендік бүршіктер аралас орналасқан. Төбесіндегі бүршік әрқашан өркендік. Бұл барлық сүйекті жеміс дақылдарына тән және жеткілікті ұзын (20 см асады) сабақша (бұтақша). Кейбір дақылдар (шабдалы,өрік,шие) мен сорттарда өнімінің басым бөлігі осыларда орналасады.

Жемісті өркен (плодовый побег) – біржылдық сабақ, ұзына бойында тек жемістік, ал төбесінде өркендік, бүршіктері болады. Ұзындықтары 10–40 см аралығында. Бұл бұтақша шабдалы, алша, шиенің кейбір сорттарына тән.

Шоқ бүршікті бұтақша немесе шоқ бұтақша (букетная веточка) – қысқа, ұзындығы  0,5, 5–10 см дейін болатын, бүршіктері тобымен бас жағына орналасқан. Олардың төбесіндегі бүршігі өркендік, ал айналасындағылары жемістік. Мұндай бұтақша қызыл шие, бадам, шабдалы, өрік пен алхорының кейбір сорттарына тән келеді. Олардың өмір сүру 3–6 жылға, кейде одан да көпке созылады.

Сүйір бұтақша (шпорцы) – төбесінде өркендік, ал жанама бойында бір немесе бірнеше жемістік бүршіктер орналасқан, қысқа, 15 см дейін жететін бұтақша. Сүйір бұтақшаның тікендес үшкірленіп бітуі де жиі кездеседі. Мұндай бұтақша алхорыға, алшаға, шабдалы мен өріктің кейбір сорттарына тән болады. 

Жидек дақылдарының жемістік түкше бұтақшалары төмендегідей: қара қарақат пен  тұшалада – сақиналы бұтақша мен жемісқап; қызыл қарақатта шоқ бүршікті бұтақша, сүйір бұтақшаға сәйкес келеді; таңқурай мен бөрткенде – жеміс салатын жапырақты өркен; бүлдіргенде – мүйізше.

Жеміс және жидек дақылдарының өркендерінің морфологиясы.  Өркен сабақтан, жапырақтан және бүршіктен тұрады. Сабақ – өркеннің орталық осі, ал жапырақ және қолтық бүршіктер – жанама бөліктері. Өркен бүршіктен дамиды және де қайталанып отыратын буындардан, буынаралықтан тұрады.

Сабақтың жапырақ бекіген жері буын, ал көршілес буындар арасы буынаралықтар деп аталады. Жапырақ бекіген жерде сабақ кішкене жуандайды, оны жапырақ «жастықшасы» деп атайды. Жапырақ түскен соң, бүршіктен сәл төмен, жапырақ жастықшасында сағақтың кәдімгідей орны ойықталып білініп тұрады.

Сабақтың бетінде әр түрлі пішінде, өлшемде ашық немесе жабық түсті түсті дақтар болады. Сабақ беті тегіс немесе бұдыр, жылтыр немесе былжыр, жалаңаш немесе түкті, тікенекті (таңқурай), т.б. болып келуі мүмкін. Түсі де әр түрлі болады.

Өркеннің түп жағында түсіп қалған бүршік қабыршықтарынан және жетілмеген жапырақтардан қалған, сыртқы жылдық сақиналарды білдіретін іздер өте жақсы байқалады. Сыртқы жылдық сақиналар көп жылға дейін сақталады және оларға қарап, жеке бұталардың немесе бүкіл ағаштың жасын анықтауға болады.

Жылдық өскіндерді жоғары жағынан бастап, орталық бұтақтың немесе діңнің түбіне қарай санайды. Бірақ та жылдық сақиналар мен бұтаның жасы, тек өркеннің пайда болуы үнемі көктемде бір ьолқын жүретін болса ғана бір-біріне сәйкес келеді. Егер де вегетация кезінде екі толқын өсетін болса, бұл сандар сәйкес келмейді. Мұндай жағдайды сыртқы жылдық сақиналарды көлденең қиғандағы ішкі жылдық сақиналармен салыстыру қажет.

Бұталардың ұзындыққа өсуі төбе бүршігінің қызметі арқасында, ал егер олар қурап қалса, жаңаша осьтердің қалыптасуы арқылы жүреді.

Сондықтан да төбесі арқылы немесе моноподиальді және жанама тармақтардың әр түрі (симподиальді, жалған-дихотомиялық және симподиальді-моноподиальді) кездеседі.

Жеміс өсімдіктері сабақтарының төбе және жанама ұзындықтарының өсуімен қатар, екінші өсуге, яғни жуандығының өсуіне тән қасиеттері бар. Бұтақтар мен діңнің диаметрі екінші меристема камбийдің қызметі нәтижесінде жуандайды. Сабақтың ішкі жағына ксилеманың жаңа қабаттарын (сүрегі), ал сыртына флоэманы бөліп отырады. Бір вегетация кезінде, ішкі жылдық сақина деп аталатын сүрек қабаты қалыптасады. 

Тез пісетін бүршіктері бар жас өсімдіктерде (өрік, щабдалы, бадам, шие) өркеннің бірінші генерациясында төбе бүршігі өсуімен қатар, бүйірлік бүршіктерден екінші, үшінші, тіпті төртінші генерацияның өркендері қалыптасады, ал қыстаушы бүршіктен көп осьті өркендер жүйесі тарайды.

Күзде жапырақтар түскеннен кейін өркендерді бұтақ деп, ал екінші жылы өткен жылғы өсінді деп атайды. Өркеннің қалыптасу ерекшеліктері дақылға, сортқа, климат жағдайларына, агротехникаға байланысты және де көбіне, өсімдіктің жер үсті жүйесінің құрамын, пішінін анықтайды.

Өсу күшіне және морфологиялық ерекшеліктеріне қарай өркендер – ұзыншалар (аукибластар) және қысқашалар (брахибластар), кеңістікте орналасуы бойынша – тік тұрғандар (ортотроптар) және көлденеңдер (плагиотроптар), ал бүршік түріне қарай – вегетативті және генеративті болып бөлінеді.

Ұзынша өркендер тез өсетіндігімен, ұзындығымен (бірнеше ондаған см), айқын буынаралықтарымен және жақсы қалыптасқан бүйірлік бүршіктерімен сипатталады. Қысқаша өркендердің ұзындығы бірнеше ғана сантиметр, тіпті милиметрден аспайды, буынаралықтары қатты қысқарған.

Вегетативті және генеративті өркендер ұзынша немесе қысқаша болып келуі мүмкін. Бұтақта орналасуы бойынша оларды жоғары немесе әр түрлі қатардағы бұтақтардың бой өркендері және жанама (бүйірлік бүршіктерден дамыған) өркендер деп бөледі.

Өсе бастау мерзіміне, қалыптасу орнына, сондай-ақ бүршіктер түріне және олардың қызмет ету ерекшеліктеріне қарай өркендерді төмендегідей бөледі.

Көктемгі немесе бірінші өсу толқынының өркендері. Олар үнемі өсіп отырады және де өсуі көктемде өткен жылғы өсінділердің вегетативті төбе бүршігінен және бүйірлік қыстық бүйіршіктерден басталады.

Ауыстырғыш өркендер көктемгі өркендерге жатады, бірақ шекілдеуікті дақылдарда және кейбір жидек бұталарында генеративті-вегетативті (аралас) бүршіктерден өсіп шығады.

Жаздық немесе екінші және одан кейінгі өсу толқындарының өркендері. Жаздық өркендер осы вегетациялық кезеңде қалыптасқан төбе бүршігінен пайда болады. Олардың өсуі бүршіктің тыныштық кезеңі толығымен біткеннен кейін басталады. Мұндай өркендердің пайда болуы кейбір ағашқа және бұталарға тән және белгілі бір экологиялық жағдайларда жыл сайын қайталанады. Вегетация кезеңінде жаздық өркендердің бір, екі, тіпті үш генерациясы болуы мүмкін.

Силлептикалық өркендер бүршіктері тез пісіп жетілетін дақылдарда болады. Олар осы вегетациялық кезеңде қалыптасқан бүйірлік бүршіктерден пайда болады. Бұл бүршіктердің сыртқы қабықтары толық жетілмеген (ашық немесе жалаңаш) және де тыныштық кезеңінсіз-ақ өздері орналасқан өркендердің бойлай өсуімен қатарласып, бұлар да өсе беруі мүмкін.

Мезгілсіз өркендер ұзақ уақыт бойы тыныштық күйінде болған бүйірлік қолтық бүршіктерден дамиды. Мұндай өркендердің ерекшелігі, қалыптасуы белгілі бір мерзімде өтпейді. Олардың өсу себептері: экологиялық жағдайлардың өсімдіктердің өсу процесіне сәйкес келмеуі.

Регенеративті өркендер өсімдіктің жерасты және жерүсті жүйелері арасындағы тепе-теңдіктің (корреляция) әр түрлі бұзылуы салдарынан пайда болады. Олардың өсуі вегетациялық кезеңнің әр түрлі уақытында, бірақ көкьемгі өркендер өсе бастағаннан әлдеқайда кеш басталуы мүмкін. Зырылдауық бұтақтар бөрікбасының ішінде көп жылдық бұтақтарда пайда болатын регенеративті өркендер. Оларға бойлай қарқынды өсу тән, буынаралықтары ұзындау, аздап иірмеленген. Мұндай өркендер белгілі бір жағдайда өсуі күрт күшейгенде, түкше бұтақтардың төбе бүршіктерінен де пайда болуы мүмкін.

Жаңару өркендері жидек бұталарының жерасты сабақ бүршіктерінен қалыптасады. Кейіннен оларда біртіндеп кәрі, қураған бұтақтарды ауыстыратын нөлінші қатардағы тамыр түбі бұтақтары қалыптасады. Өркендердің түрлерінің суреттері 1.3-суретте көрсетілген.

1 – бой өркен (бұтақша); 2 –бәсекелес; 3 – бүйірлі өркен (боковые побеги); 4 – жазғы («ивановы») өркендер; 5 – сабау өркен (волчковые побеги); 6 – регенеративті өркен; 7 – ауыстырғыш өркен; 8 – жуандау өркендер; 9 – тамыратпалы өркендер
1.3-сурет – Жеміс ағашының өркендері

Тамырдың атпа өркендері (тамыр атпалары) кейбір жеміс дақылдарында және жидекті өсімдіктердің тамырларында қалыптасқан қосымша бүршіктерден пайда болады. Тамыр атпаларының және жаңару өркендерінің төменгі жерасты бөлігінде қосымша тамырлар қалыптасады.

Жуандау өркендері деп көшеттікте ұластырылған өсімдіктердің сидам аймағында пайда болған өркендерді айтамыз.

Бәсекелес өркендер жоғары бүйірлік бүршіктерден қалыптасады. Олардың шығу бұрышы өте сүйір болып келеді және де өсу күші бой өркендердің өсу күшімен тепе-тең. Шығу бұрышы сүйір және бағыныштылық заңына сәйкес келмейтіндіктен, бақталас өркендер ағаш бөрікбасына тез сынғыштық, жақсы бекімеген қасиеттер қалыптастыруға себеп болады.

Жеміс-жидек дақылдарының  жапырақтар морфологиясы. Жапырақтар – топырақ үстілік жүйенің белсенді мүшесі. Олардың негізгі қызметі – фотосинтез немесе көмір қышқыл газ бен судан органикалық заттар құрастыру. Жеміс өсімдіктерінде жапырақтар өркеннің бүйір жағында дамиды. Ол сағақтан және тақташадан (алақаннан) тұрады. Көптеген өсімдіктердің жапырағының негізінде бөбешік жапырақшалар болады. Морфологиялық құрылысы бойынша жапырақтар әр алуан болады. Жапырақ ұшы (қылтықты; үшкір ұшты; ұшталған немесе үшкір; мұқалған; дөңгелектеу; қиықты); жапырақ негізі (жүрек пішіндес; бүйрек пішіндес; дөңгелектеу; дөңгелекті-сыналы; сына тәрізді; созылыңқы; қиықты; қырлары біркелкі емес); жапырақ шеттері (бүтін; толқынды; тісті; қос тісті; ара тісті; қос ара тісті; қашалы; қос қашалы), жапырақ пішіні (дөңгелектеу; сопақ; қандауырлы), жапырақ беті (жылтыр; күңгірттеу; тегіс; әжімді; жалаңаш немесе түкті).

Жапырақтар қарапайым және күрделі болады. Қарапайым жапырақта (алма, алмұрт, қара өрік, шие, тәттішие, қарақат) бір тақташық болады, күрделіде – бірнешеу (грек жаңғағы, таңқурай, бүлдірген). Күрделі жапырақтар болады: сағақтың бір нүктесіне бірнеше тақташалар бекісе, үштік – бірнеше жапырақ тақтасынан тұрады (бүлдірген мен құлпынай); күрделі саусақты – бірнеше жапырақ тақтасы негізгі сағаққа бір нүктеде бекиді (талшын); күрделі қауырсынды – жапырақтар сағақтың өн бойында орналасады. Егер күрделі қауырсынды жапырақ дара жапырақпен аяқталса, оны таққауырсынды жапырақ деп атайды (таңқурай, грек жаңғағы).

Жапырақтардың өркендерінде белгілі бір жүйелілікпен орналасуын жапырақ орналасуы деп атайды. Жапырақ орналасуы шиыршықтанып және күлтеленіп жүруі мүмкін. Жапырақ ширатылып орналасса, онда жапырақтар тобы бірінің үстінде бірі бір қатар бойында болады. Жапырақтардың осы қатарларын қосатын сызықты ортостихтар деп атайды. Өркендегі барлық ортостихтардың саны жапырақ айналымындағы жапырақтардың санына тең болады.

Жапырақ айналымы (циклы) деп, келесі жапырақ айналымында бірінші болатын, бір ортостихтың бұтақ шиыршығындағы төменгі жапырақтан жоғарғы көршілес жапыраққа дейінгілерінің жиынтығын айтады.

Жапырақтың айналымды орналасуының әртүрлі нұсқаларын бөлшекпен белгілейді: алымы – бір жапырақ айналымындағы шиыршықтардың санын, бөлімі – жапырақ айналымындағы жапырақтар санын көрсетеді. Көптеген жеміс ағаштарында шиыршықтың екі айналымында бес бүршік (және жапырақ) орналасса, ал алтыншысы біріншісінің, жетіншісі екіншісінің және т.т. үстінде орналасады. Мұндайда жапырақ орналасу айналымы 2/5-ке тең дейді. Бұдан басқа да жапырақ орналасу айналымы болады (3/8, 4/11, 5/13, 1/2 және 1/3). Сонымен бірге, бір өркеннің төменгі бөлігінде бір айналым, жоғарғы бөлігінде екінші (басқа) айналымы болатыны да белгілі. Өркенде бүршіктер жапыраққа ұқсас орналасады. Жапырақ орналасу айналамына байланысты ағаштың көршілес бұтақ-бұтақшаларының тарамдалу бұрышы бірдей болмайды, сондықтан бөрікбасты қалыптастыру кезінде оны ескерген жөн.

Жеміс  өсімдіктерінде жапырақ  – тақтасынан және сағағынан тұрады. Жапырақ тақтасы – жалпақ кең бөлігі, ол сабаққа сағағы арқылы бекиді. Сағақтың ең төменгі жағы жапырақ түбі деп, ал оның түбіндегі кішкене жапырақтар, жапырақшалар деп аталады. Осы аталғандардың бәрі түгел болса – жапырақ толық деп, жапырақшалары болмаса сағақты деп, ал сағағы болмаса – отырмалы жапырақтар деп аталады.

Жапырақтарды орналасуы бойынша үш формацияға бөледі: төменгі, ортаңғы және жоғарғы, немесе гипсофиллдер. Ортаңғы жапырақтар вегетативті өркеннің негізгі бөлігін қамтиды, жапырақ тақтасының беті қандай күйде болатындығына қарай олар: тегіс, ойық, бас жөлкенің бойымен бүктелген, қатпарланған, әжімделген, шұқырлы, көбікті. Бетінің сипатына қарай жылтыр, бұлыңғыр, балауыз өңезді, тікенекті, түкті. Жөлкеленуі бойынша – торлама, доға тәрізді, екі айрыққа бөлінген (дихотомиялық) осылай бір-бірінен ажыратуға болады. 

Жапырақ сағақтары да ұзындықтары, жуандықтары, пішіні, түрі, түсі жағынан әр түрлі болып келеді. Бүйірлік шығу бұрышының көлеміне қарай, сағақтарды жабысып біткен  (300-тан кіші), көтеріңкі (300 шамасында), кеңірек  (450), ашық (900), кеңінен иілген ( 900-тан үлкен) деп бөледі.

Өркенде жапырақтар белгілі бір ретпен орналасады, негізінен оның үш түрі бар: спиральді немесе кезекті, күлтеленіп және қарама-қарсы. Өркенде бүршіктердің орналасуы, жапырақтардың орналасу заңдылықтарына бағынады, ал бұл жанама бұтақтардың сабақта орналасуын және олардың кеңістіктегі  орнын анықтайды. Сондықтан да, жапырақтардың орналасу заңдылықтарын білу – жеміс ағаштарын қию және қалыптастыру кезінде қажет. 

Бүршіктер. Өркеннің кез келген түрі бүршіктегі тыныштық күйдегі бастапқы сабақшадан пайда болады. Бүршік осьтен, өсу конусынан, бастапқы жапырақша немесе гүлден (немесе екеуінен де), бастапқы қолтық бүршіктерден және шеткі бүршік қабыршақшаларынан тұрады. Егер қабыршақшалары болмаса, бүршік ашық немесе жалаңаш деп аталады (бүлдірген, таңқурай және басқалары), егер олар болмаса, жеміс өсімдіктерінің көпшілігі жабық бүршіктер деп аталады.

Бастапқы мүшелері типіне және олардан пайда болатын мүшелерге байланысты бүршіктер вегетативті, генеративті және вегетативті-генеративті болып бөлінеді. Вегетативті бүршіктерден ұзын немесе қысқа өркендер, ал генеративті бүршіктерден гүл немесе гүл шоғыры қалыптасады. Өркендерде генеративті бүршіктер бүйірлік жапырақтардың қолтығында қалыптасады. Бұтақтардың ұзаруы төбе бүршіктердің, тармақталуы бүйірлік вегетативті бүршіктердің дамуы арқасында жүреді. Генеративті бүршіктерде бастапқы вегетативті бүршіктер дамымай қалатын болғандықтан, олар гүлдеп, жеміс бергеннен кейін, олардың орнына жеміс немесе гүл сағақтарының ізі ғана қалады.

Вегетативті-генеративті бүршіктерде толық жетілген бастапқы гүл немесе гүл шоғыры, сондай-ақ бастапқы жапырақша және бүйірлік бүршіктер қатарынан болады. Сондықтан да оларды тағы аралас гүл бүршік немесе жай аралас бүршік деп те атайды. Мұндай бүршіктерден генеративті мүшелер (гүл немесе гүлшоғыры) және бір немесе бірнеше, ұзын немесе қысқа алмасу өркендері қалыптасады. Вегетативті-генеративті бүршіктер өркендердің төбесінде немесе бүйірінде орналасады. Олар шекілдеуікті дақылдарға және кейбір жидек өсімдіктеріне тән. Алма мен алмұртта және кейбір шекілдеуікті дақылдарда мұндай аралас бүршіктерден сабақтың жуандалған бөлігі – жемісбас пайда болады.

Жемісбас түбінде жақсы байқалатын жылдық сақина болады. Мұнымен қатар алмасу өркендерінің түбінде де, осындай жылдық сақинаға ұқсайтын, тұтас жіңішке сақина пайда болады. Бұл ерекшелікті жемісбас түзетін дақылдар бұтақтарының жасын анықтағанда ескерту қажет.

Генеративті және вегетативті-генеративті бүршіктерді көптеген жеміс өсімдіктерінде вегетативті бүршіктерден көлемі және пішіні жағынан жақсы ажыратуға болады. Олар әдетте ірірек, жұмыртқа немесе шар тәріздес пішінді, төбесі доғалдау болып келеді. Бұл белгілері, әсіресе күзде жақсы байқалады, сондықтан осы кезде келесі жылдың өнімін анықтау үшін олардың практикалық маңызы зор. Бүршіктердің анатомиялық құрылысы төмендегі 1.4 суретте келтірілген.

а – вегетативті бүршік; б – вегетативті-генеративті бүршік: 1 – осьі; 2 – ұрықтық жапырақ бастамасы; 3 – қаптамалы қауыздар; 4 – ұрықтық гүл бастамасы; 5 – ұрықтық ойық (зачатки пазушных почек); в – қосымша бүршік
1.4-сурет – Бүршіктердің анатомиялық құрылысы

Сорттар мен түрлердің өсінді типті өркендерді қалыптастыру қасиеті өркен түзу немесе өркен өңдіру қасиеті деп аталады. 

Бүршіктердің оянуы мен өркенді түзу қасиетін өсімдіктің жалпы сыртқы түріне және бұтақтың бұтақшалану белсенділігі мен ерекшелігіне байланысты анықталады. Бүршіктердің оянуы мен өркенді түзу қасиеті бойынша классификациясын төмендегі шкала бойынша жүргізуге ұсынылады (1.4-кесте).

1.4-кесте  – Жеміс дақылдарының бүршіктерінің оянуы және өркен түзуші қасиетінің шкаласы

Бүршіктерінің оянуы және өркен түзуші қасиетінің деңгейі

Бұтақ пен өркенде оянған бүршіктер саны, %

Бұтақ пен өркенде оянған бүршіктер санына байланысты күшті өркендер саны, %

Өте төмен

<20

<5

Төмен

20-30

5-10

Орташа

30-50

10-15

Жоғары

50-70

15-25

Өте жоғары

>70

>25

Гүлдер мен гүл шоғырлары. Гүл – тарамдалмаған түрі өзгерген өркен түрінде болатын, жабық тұқымды өсімдіктердің жыныстық көбею мүшесі. Жеміс және жидек өсімдіктерінің гүлдері шамасы, түсі, гүл тостағаншасының жеке жапырағы, гүлтесінің, аталығының және аналығының құрылысы бойынша әр алуан келеді. Жеміс және жидек өсімдіктерінің көбінің гүлдері бес мүшелі құрылысты. Көптеген тектерде – алмада, алмұртта, бекеде, алхорыда, өрікте, шиеде және т.б. жақсы байқалса, грек жаңғағында және талшында – әлсіз байқалады немесе болмайды. Сүйектілерде – алхорыда, шиеде, тәттішиеде, өрікте, шабдалыда және т.б. гүл тостағаншасының жапырағы түседі, шекілдеуіктілерде – алмада, алмұртта, бекеде – түспейді.

Тектердегі аталықтардың саны бірдей емес. Қарақатта – 5, грек жаңғағында – 10-12, алмада – 15–20, алмұртта – 18–22, алхорыда, өрікте, шабдалыда – 30-40, бүлдіргенде, таңқурайда одан да көп. Алхорыда, шиеде, тәттішиеде, өрікте, шабдалыда жатын (түйін) бір ұялы, ұштық; алмада, алмұртта, бекеде, қара қарақатта – жатын төменгі, көп ұялы.

Жеміс өсімдіктері гүлдерінің құрылысы және атқаратын қызметі бойынша да өзгешеленеді. Барлық шекілдеуіктілерде, сүйектілерде, цитрустыларда, субтропиктілерде (құрмадан басқа) және жидектілерде (құлпынайдан басқа) гүлдерінде аталық пен аналық гүл болады. Мұндай гүлдерді қосжыныстылар дейді. Қос жынысты гүлдерді, әдетте, бунақденелілер (энтомофилділер) тозаңдатады. Басқа біреулерінде гүлдері – аталықсыз (аналықтары ғана) немесе аналықсыз (тек аталықтары) болады; оларды дара жынысты дейді. Ал, тағы біреулерінде аталық және аналық гүлдері болғанымен, олар жетілмеген, сондықтан өздеріне тән қызметтерін орындай алмайды. Аталықтары жетілмеген гүлдерді тек (функционалды) аналықтар, ал аналықтары жетілмегендерді тек (функционалды) аталықтар (жүзімнің кейбір сұрыптарында) деп атайды.

Аталық және аналық гүлдер бір өсімдікте (орман жаңғағы, грек жаңғағы, талшын) немесе әр өсімдікте (құлпынай, інжір) болуы мүмкін. Біріншісін бір үйлі, екіншісін қос немесе екі үйлі деп атайды.

Үш үйлі (аралық) және көпнекелі (полигамды өсімдіктер) (шығыстық құрма, актиндия) өсімдіктер де бар. Соңғыларда аталық және аналық гүлдері бар бір үйлік өсімдіктерді, сондай-ақ қос үйлі, яғни тек аталық немесе тек аналық гүлдері бар өсімдіктерді кездестіруге болады.

Гүл шоғырлары. Гүл шоғыры – гүлдері мен азды-көпті түрі өзгерген ұштық (жоғарғы) жапырақтары – гүл күлтесінің жапырақтары мен жапырақшалары бар – бұтақ (өркен). Бір жеміс бүршігінен саны әртүрлі гүлдер пайда болуы мүмкін: бірден (өрік, шабдалы), бір-бірімен қарапайым немесе күрделі гүл шоғырына топтасқан ондаған (жүзім) гүлдер.

Жеміс өсімдіктерінің негізгі тектерінде мынадай гүл шоғырларының түртектері болады.

Бұтақбас немесе шашақгүл. Қарапайым бұтақбаста жақсы жетілген негізгі білігі және ұзындықтары бірдей бір қатарлы бүйірлік біліктері болады (антипка, қарамойыл, таңқурай, қарақат, қарлыға, зәйтүн). Егер бұтақбас біреу болмай, екеу немесе одан да көп бұтақтану реті болса, оны күрделі бұтақбас немесе шашақгүл дейді (жүзім, құрма пальмасы, пісте, авокадо).

Шатыргүл. Шатырдың қысқа орталық білігі болады да, бүйірлік гүлдердің гүлсағақтары бір жапырақтан тарайды. Гүлдері күмбез тәрізді орналасады немесе бір жазықтықта (алма, шие, шабдалы) орналасады. Шатыргүлдің орталық гүлі жақсы дамыған және ерте гүл жарады.

Қарапайым гүл қалқаншасы бұтақбастан, бүйірлік гүлдердің гүл сабақтарының ұзындығы негізінен, негізгі білікке қарай қысқара түсетінімен өзгешеленеді, нәтижесінде гүлдер бірдей жазықтықта орналасады (алма, алмұрт, шетен, долана). Егер гүл қалқаншасында әрбір бүйірлік білігі қарапайым гүл қалқаншасы сияқты бұтақтанса, оны күрделі гүл қалқаншасы немесе гүл қалқаншалы шашақбас (шетен, шәңгіш) дейді. Гүл қалқаншасында төменгі гүлдері бірінші болып ашылады және жақсы дамиды.

Дихазий немесе қос жақты ұштық гүлдің әрбір орталық білігі дара гүлмен аяқталатынымен сипатталынады. Одан төмен, орталық біліктегі гүл сабағымен салыстырғанда, біршама ұзынырақ екі бүйірлік гүл сабақтары дамиды. Әрбір бүйірлік біліктер дара гүлмен аяқталады. Бүлдіргенде кездеседі.

Сырға гүлшік – білігі иіңкі бұтақбас тәрізді гүл шоғыры. Гүлдеу аяқталғанда сырға гүлшік толығымен түседі (грек жаңғағының, орман жаңғағының немесе шаттауықтың (фундуктың) аталық сырға гүлшіктері).

Масақ – ұзынша біліктегі отырыңқы гүлдер (гүл сағағынсыз) (майлы пальма, тұт).

Собық – масақ сияқты гүл шоғырында отырыңқы гүлдері етті білікте (ананас) орналасқан.

Жұмыр (бас) – қарапайым гүл сағағы өте қысқа болғандықтан гүл шоғыры жұмыр пішінді келеді (дәмжапырақ). Жеміс және жидек дақылдарының гүл шоғырлар түрлері 1.8-суретте көрсетілген.

1 –бөріқарақат гүл шоғыры; 2 – сырға гүлшік; 3 – талшын масағы (сол жақта) және майлы пальма (оң жақта); 4 – алманың қарапайым гүл қалқаншасы; 5 – шәңкіштің күрделі гүл қалқаншасы; 6 – алмұрттың қарапайым гүл қалқаншасы; 7 – шетеннің күрделі гүл қалқаншасы; 8 –манго масағы; 9 – бүлдірген дихазийі
1.5-сурет – Жеміс және жидек дақылдарының гүлшоғыры

Жеміс және жидек дақылдарының жемістер морфологиясы. Жеміс тұқымдарының сұрыптарының басым бөлігі өзара жеміссіздігімен сипатталады. Қалыпты өнімін және жемісін алу үшін бұл сұрыптарды айқас тозаңдандыру қажет. Осыған байланысты өнеркәсіптік егістіктерде сұрыптары өзара тозаңдануын ескеріп орналастырады. Жеміс бір немесе бірнеше гүлдердің тозаңдануының нәтижесінде пайда болады. Кейбір тұқымдар мен сұрыптарда партенокарптық жемістер – тұқымбүршігі тозаңданбай-ақ (алмұрттың, мандариннің, апельсиннің кейбір сұрыптары) дамуы мүмкін.

Жемістердің морфологиялық құрылысы 1.6-кестеде көрініс тапқан.

а – алма (шекілдеуіктер, бойлық және көлденең кескіні): б – шырынды жинақы көп сүйекше (қожақат, таңқурай); в – шырынды сүйекше (сүйектілер, алхоры); г – жинақы көп тұқымша (бүлдірген, құлпынай); д – жаңғақ (орман жаңғағы): 1 – тостағаншаның тостаған жапырақтары; 2 – аталықтың жұрнағы; 3 – аналықтың жұрнағы; 4 – ішкі бөлігіндегі жұмсағы, яғни эндокарпий; 5 – тұқым; 6 – орта бөлігінің жұмсағы, яғни мезокарпий; 7 – жеміс серігінің өткізгіш шоқтары; 8 – жүрекше; 9 – экзокарпий; 10 – жеміс сағағы; 11 – түтікшелер; 12 – ыдысша; 13 – гүл сағағы; 14 – ағаштанған эндокарпий; 15 – жеке жемісше-тұқымшалар (жаңғақшалар); 16 – тұқымдық қабық
1.6-сурет – Жемістердің морфологиялық құрылысы

Жеміс тұқымнан және ұрыққаптан (перикарптан) тұрады. Ұрыққаптың құрамдас бөлігіне төмендегілер жатады: экзокарпий, мезокарпий және эндокарпий. Экзокарпий – бұл жемістің сыртқы қабығы. Ол түкті немесе түксіз, жұмсақ және көн тәрізді, ағаштанған және ағаштанбаған, жұқа және қалың, боялған және боялмаған болуы мүмкін. Айталық, шабдалының экзокарпий түкті; шиенікі – түксіз, жұқа, боялған; қарлығанікі – көн тәрізді; орман жаңғағында – ағаштанған. Мезокарпий – жемістің ортаңғы қабығы. Етті, жеуге жарамды – алма, алмұрт, шабдалы және т.б., құрғақ – орман жаңғағы, сүйектілерде – бір қабатты, қос қабатты – шекілдеуіктілерде. Эндокарпий – жемістің ішкі қабаты. Сүйектілерде – қатты қабықты, алмада – тұқым камерасы пергаментті пластинка, алмұртта – тасты жасушалар, лимонда, мандаринде – шырынды, жеуге жарамды.

Шығу тегіне биологиялық ерекшеліктеріне байланысты жемістер бірнеше топқа бөлінеді (1.5-кесте).

1.5-кесте – Жеміс және жидек дақылдарының жемістерінің жіктелуі (И.П.Игнатьева және т.б. бойынша)

Топ

Жемістің атауы

Жемістің, тектің атауы

Жидек тәрізділер

Алма (алма, беке, арония, алмұрт, ырғай, шетен, хеномелес); қой бүлдірген тәрізді алма (долана, германдық мушмула);

цитрустар немесе померанецтар (апельсин, манап, лимон, мандарин, понцирус);

анарша (анар); жидек (авокадо, жүзім, қарлыға актинидия, қарақат, фейхоа, құрма)

Қой бүлдірген тәрізділер

Шырынды қой бүлдірген (қара өрік, шие, тәттішие, өрік, шабдалы, қызыл, алша, шырғанақ, унаби);

Шырынды қой бүлдірген жиынтығы (таңқурай, қожақат); құрғақ қой бүлдірген (грек жаңғағы, миндаль, пісте).

Жаңғақ тәрізділер

Жаңғақ (орман жаңғағы); жиынтық жаңғақша (итбүлдірген, бүлдірген).

Жеміс шоғырлары

Талшын, інжір, тұт, ананас

Алма жемісінің еті негізінен гүл түтікшесінің ұлпаларынан және аздап экзо және мезокарп ұлпаларынан қалыптасады, эндокарпы көн тәрізді, шеміршектеу, бірақ эриоботрийі (жапондық мушмулада) тек түтік ұлпасынан; перикарпийі (ұрыққабы) жұқа, қауызды.

Қойбүлдірген тәрізді алма жемісінің еті тек гүл түтікшесінің ұлпасынан пайда болады, экзо және мезокарпы қауызды, эндокарпы – әр жеміс жапырақшасында дараланған және бір жемісті қаумалайды.

Цитрустыларда (померанецтер), жұмсағы қауызды эндокарптың және мезокарптың субэпидермалды жасушаларынан дамитын, жеуге жарамайтын, ал кинканда бүкіл перикарпы жеуге жарамды, шырынды қалталардан тұрады. Анардың жұмсағы көптеген тұқымдардың тұқымдық қабығының сыртқы шырынды қабығынан тұрады; піскен жемістің гүлді түтікшесінің ұлпалары мен перикарпы кебеді де, қатты, көн тәрізді қабық қалыптастырады.

Жидек жемісіне мезо және эндокарпылары бітіскен жұмсақ құрамдар тән (авокадо); қарлыға да сондай, бірақ сонымен бірге айтарлықтай деңгейде шырынды тұқымқабығымен – ариллоидтарымен (ұрық жұнағының сыртқы интегументінің қабық тәрізді безі); қара қарақат – тек аздап мезо және эндокарптарымен, бірақ негізінен қуатты өскен ариллустарымен (тұқым жұрнағының негізгі бөлігінен және тұқымды қаптап тұратындарынан, бірақ тұқым қабығымен бітіспегендерімен); қызыл қарақатта – негізінен мезо және эндокарптарынан және аздап ариллустарымен ерекшеленеді.

Лимонниктің жемісі шырынды жапырақтар топтамасы – бір гүлдің көптеген аналық жатынынан дамыған шырынды жапырақтар жинағы. Шырынды жапырақшалардың мәйегі мезокарптан қалыптасады.

Сүйектілер жемістеріне тән сипат – ағаш тәрізді эндокарптың – сүйектің болуы. Шырынды сүйектің жемісінің мәйегі етті, шырынды мезокарптан пайда болған. Құрғақ сүйектің жемістің мезокарпы пісуінің басында етті, бірақ толық піскенінде жартылай құрғақ немесе құрғақ, жеуге жарамсыз болады. Жемісінің жеуге жарамды бөлігі – дәнегі.

Шырғанақтың жемісі шырынды, бірақ бұл негізінен сүйекше (экзо және мезокарптары – қауызды, бітіскен, эндокарпы – көн тәрізді, тығыз). Жемістің мәйегі – құрғақ сүйекшені толығымен жауып тұрған, тостағанша тәрізді гүл қоршауының шоқтанып өскен түтікшесінің шырынды ұлпалары.

Шырынды құрама сүйекше жеміс бір гүлдің сансыз көп аналықтарынан дамиды. Әр аналықтың жатынынан шырынды сүйекше жеміс пайда болады (мезокарпы – шырынды, эндокарпы – көн тәрізді).

Жаңғақтылардың жемістері бір тұқымды, піскеннен кейін жарылмайды. Орман жаңғағының жемісінің перикарпы ағаштанған, бірақ дәнегімен бітіспеген. Жемісте гүл жапырақшаларынан жапырақ тәрізді табашық – орауыш пайда болады. Орман жаңғағында (шаттауықта) және фундукта жиі бірнеше жемістердің орауыштары негізінен тұтасып бітіседі де, жеміс шоғырын құрастырады. Жемістің жеуге жарамды бөлігі – дәнегі.

Итмұрынның құрама жаңғақша жемісі (көп жаңғақты) бокал тәрізді гүл тұғырының ішкі жағында – гипантияда дамыған сансыз жаңғақшалардан тұрады. Әрбір жаңғақша – ағаштанған перикарпы бар, тұқымымен бітіспеген, бір дәнекті жарылмайтын жеміс. Гипантий жаңғақша пісер мерзімге қарай ашық қызыл, сары, қара түске боялады және еті жеуге жарамды болады.

Бүлдіргеннің құрама тұқымшалы (көп тұқымшалы) жемісі сансыз тұқымшалардан – ашылмайтын бір тұқымды жемістерден тұрады.

Жеміс шоғыры – түйісе орналасқан және өркеннің өсінді бөлігінен анық оқшауланған, бір гүл шоғырының құрама жемістері. Жеміс шоғырының басым бөлігінің жемістері бітіспеген, әдетте, біріне-бірі түйісе орналасады. Сонымен бірге кейбір түрлерде, әдетте біліктері қуатты дамығандарда, жемістері және етті жабынды жапырақтарының негізі бітіседі де, бір жеміске айналғандай болады (ананас, т.б.).

Інжірдің жеміс шоғыры, бос алмұрт тәрізді пішіні бар және қуыстың ішінде дамитын сансыз жемістерден – тұқымшалардан тұратын, гүл шоғырының етті шырынды білігінен дамиды.

Тұттың жеміс шоғыры, әрқайсысы аналықтың жатынынан пайда болатын, шоқтанып өскен, боялған, жеуге жарамды гүл қоршауында орналасқан тұқымшалардан – біліктер мен жемістерден тұрады. Гүл қоршаулары біріне-бірі түйісе орналасады, бірақ бітіспейді.

Нағыз талшынның жеміс шоғыры, шар тәрізді, ағаштанған табақшаларда дамыған, тұқымшалары піскенде ашылатын жармалы 2-3 жемістен тұрады. Жеке жемісі – емен жаңғақ – құрғақ, бір тұқымды, жұқа қыртысты (көнді) немесе жұқа ағаштанған перикарпты. Жемістің жеуге жарамды бөлігі – дәнек.

Жемістердің орташа салмағы дақылдар мен сортына байланысты болады. Апорт Александра сорты жемісінің орташа салмағы – 200–270 грамм, Голден Делишес (Золотое превосходное) – 120–130 г. Алмұрттың сорты: Лесная красавица – 150–250 г, Талгарсакая красавица – 150–170 г. Алхоры сорты:Ренклод Альтаның орташа салмағы – 50–60 г, Виктория – 40–45 г, Маркова және Екатеринская алхорыларының салмағы 25–30 граммға дейін. Шие сорттары: Гортензия – 4–4,5 г, Владимирская – 2–2,1 г, Любская – 4–5 г. Өріктің сорттары: Краснощекий – 50–60 г, Қызыл-Исфарак – 25–30 г. Шабдалы сорттары: Киевский ранний – 50–60 г, Победитель             – 70–80 г, Прекрасный Эльберта – 80–100 г. 

Өнім мөлшерінің төмендегідей тәртіп бойынша жүргізіледі. Мысалы, Голден Делишес алмасының бұтасындағы соңғы жылғы өскіндерде он шақты жеміс бүршіктері бар, олардың орта салмағы 110 граммнан 18–25 жеміс пайда бола алады, яғни осы бұтақтан 2,2 кг өнім алынады.

Бүршіктердің өнгіштігі өнген бүршік санының сабақтағы бүршіктердің жалпы санына қатынасымен анықталып, пайызбен көрсетіледі.

Бұл көрсеткіш сүйекті дақылдарда жоғары болады. Шекілдеуікті жеміс дақылдарында бүршіктерінің өнгіштігі оның сортына байланысты болады. Бүршіктерінің жоғары өнгіштігімен төмендегі сорттар ерекшеленеді: Грушовка верненская, Ренет Бурхардта, орташа – Суйслепская, Румянка, Алма-Атинская, төмен – Апорт.

Жеміс-жидек дақылдарының тұқымдары. Жеміс және жидек дақылдарының тұқымдарының айрықша морфологиялық белгілері:

  • тұқымның қабығы: жұқа, шекілдеуік немесе сүйек қапты;
  • мөлшері ең ұзын тұсында: ірі (20 мм-ден артық), орташа (5 мм-ден артық), ұсақ (5 мм-ден кем), өте ұсақ (1,5–2 мм-ден кем);
  • пішіні: домалақ, овал, жұмыртқа тәріздес, ұзынша, созылған, орақ тәріздес, бұрышталып келген;
  • бет-бедері: тегіс, ойқыш-ұйқыш, бүртіктелген, қырлы;
  • сипаты: майысқан, шар, дөңкиген, жалпақ;
  • бауыр немесе арқа жігі сүйекжемістілер үшін;
  • түсі.

Жеміс-жидек дақылдарының дәндері келесі бөліктерден тұрады:

- дән табаны – дәннің үшкір және созылыңқы бөлігі;

- дән төбесі - әдетте доғал болып келетін, табанға қарама-қарсы орналасқан бөлігі;

- ішкі жағы – дәннің шоғырланған талшық өтетін бөлігі, сүйектілерде ол көбіне тілімделген, бір немесе бірнеше қырлы болып келулерімен ерекшеленеді;

 - арқа жағы – дәннің ішкі жағына қарама-қарсы орналасқан бөлігі.                  

Кейбір жеміс және жидек дақылдарының тұқымдарының морфологиялық сипаттамасы төмендегі 1.6-кестеде келтірілген.

1.6-кесте – Шекілдеуікті және жидекті дақылдардың тұқымдарының морфологиялық сипаттамасы

Дақылдар

Тұқымдардың ажырату белгілері

Пішіні

Мұрын ұшы

Бет-бедері

түсі

мөлшері, мм

Үй алмасы

Дөңгелекше шеті ұшталған, екі жағынан томпиған

Ұшталған

Жылтыр, тегіс

Қоңырлау

4,0–9,0

Ұйғыр алмұрты

Дөңгелек созылыңқы немесе жұмыртқа тәрізді

Байқалмайды

Тегіс

Қара-қошқыл, қошқыл-қара,

4,0–8,0

Ирга

Жүректәрізді және қайырылған

Дөңгелек

Жылтыр, тегіс

Қоңырлау

3,5–4,0

Қара жемісті арония

Жалпақ-томпиғаны бар, жұмыртқатәрізді

Ұзарған

Жылтыр, көлденең әжімді

сарғыштау-қоңыр

1,5–3,0

Ұшқат

Жалпақ-сопақша

-

Тегіс

Қошқыл қоңырлау бояуымен

1,2–2,0

Бүлдірген

Дұрыс емес бүйрек тәрізді

-

Сәл жылтыр

ашық-қоңыр

0,8–1,3

Қарлыған (тұшала)

Бұрышты-сопақ

-

Сәл әжімді

Қошқыл

2,5–3,5

Шырғанақ

Дөңгелекше-сәл бұдырланған

Езілген жеріңде қыр бар

Әжімді, майлы жылтыр

Қоңыр

4,0–5,0

Қара қарақат

Қисық бұрышты

Қисықты дөңес

Ірі және әртүрлі әжімді

Қара

1,7–2,2

Қызыл қарақат

Ұзын жұмыртқа тәрізді

Үлкен ойықшалы

Жай жылтыр

Қошқыл

2,3–2,8

Тапсырма: Жеміс және жидек дақылдарының жалпы құрылысымен, топырақ үсті мүшелерінің морфологиясымен танысу.

Құрал-жабдықтар мен материалдар.  макеттері, фотасуреттер, бүршіктер, ұлғайтқыш әйнектер, ұстара, инелер, заттық және жабынды шынылар, қысқыштар, Петри ыдысы, суы бар колба, микроскоптар, жеміс және жидек дақылдарының жаңа бұтақшалары, гербарий, өлшегіш сызғыш, оқу және анықтамалық әдебиеттер.

Жұмыс барысы:

1) жеміс және жидек дақылдарының  топырақ үсті және топырақ асты бөлігінің құрылысын оқып-білу;

2) жеміс ағашының және жидек дақылының бұтатектесінің суретін салып, барлық мүшелерін талдаңыз

3) жеміс және жидек дақылдарының бүршігінің, гүлінің және гүл шоғырының  құрылысын зерттеп, бүршіктің анатомиялық құрылысын және гүл шоғырының құрылысы сұлбасынның суретің салыңыз;

4)  әртүрлі дақылдардың  (алма, алмұрт, шие, қарақат, шабдалы) өркендерінің 1.7-кестеде берілген негізгі белгілері бойынша сипаттау;

5) берілген материалдар және оқу, анықтамалық әдебиеттерді пайдалана отырып, 1.8-кестені толтырыңыз;

6) жеміс – жидек тұқымдастарын тұқымының мөлшеріне қарай бөліп, миллиметрлік қағаздың көмегімен өлшеңіздер және үлкейтетін шыны арқылы бөліп алынған тұқымдарға қарап өсімдіктердің түрін ажыратыңыздар, алынған нәтижені төменгі үлгі бойынша сипаттаңыздар (1.9-кесте).

1.7-кесте  – Жеміс және жидек дақылдарының өркендерінің сипаттамасы

Өркен бөлшектерінің атауы және негізгі белгілері

Дақылдар

1

2

3

4

Жапырағы:

Жапырақ типі

Жапырақ пішіні

негізі

Ұшының пішіні

ұштарының бұдырлығы немесе тістілігі

астыңғы бетінің мінездемесі

окраска

Жапырақ серігі:

пішіні

мөлшері

Жапырақ сағағы:

ұзындығы

1.7 кестенің жалғасы

1

2

3

4

қалыңдығы

түктенуі

Бүршік:

пішіні

орны

Жемістік түзілу типтері

1.8-кесте  – Жеміс және жидек дақылдарының бүршіктерінің, гүлінің,

гүл шоғырының морфологиялық ерекшеліктері

Белгілері

Дақылдар

алма

шие

шабдалы

қарақат

қара

қызыл

Бүршіктердің орналасу орны

Жапырақ бүйіріндегі бүршік саны, дана

Бүршік пішіні

Бүршік қабықшалары

 (түсі және бетінің мінездемесі)

Ұрық жапырақшалары (бояуы мен бет-бедерінің сипаты)

Гүл ұрығының саны, дана.

Бүршік типі

Гүлдер саны (біреу немесе гүлшоғыр), дана.

Аталық пен аналық саны, дана

1.9-кесте – Жеміс және жидек дақылдарының тұқымдарының сипаттамасы

Жеміс тұқымдастарының түрлері

Мөлшер, мм

Тұқымның пішіні

Тұқымның сипаты

Түсі

Бет- бедері

Бауыр

жігі сүйек

жемістер

үшін

Арқа жігі жемістер үшін

Бақылау сұрақтары

  1. Жеміс-жидек өсімдіктерінің өнім беретін бұтақшаларының түрлерін атаңыз?
  2. Жеміс ағашының жер үсті бөлігіне қандай мүшелер жатқызылады?
  3. Жеміс ағашының жер асты бөлігіне қандай мүшелер жатқызылады?
  4. Жеміссап дегеніміз не?
  5. Жеміс және жидек дақылдарының гүл шоғырларының түрлерін атаңыз?

       6.Жеміс және жидек дақылдарының тұқымдарының айрықша морфологиялық белгілері қандай?

       7.Ұрыққаптың құрамдас бөліктерін атаңыз?

  1. Бүлдіргеннің гүл шоғыры қандай?

       9.Бастапқы мүшелері типіне және олардан пайда болатын мүшелерге байланысты бүршіктер түрлері қандай?

  1. Сидам, дің, бой өркен дегеніміз не?

1.2.2 Жеміс және жидек дақылдарының топырақ асты бөлігінің (тамыр жүйесі) құрылысы мен морфологиясының ерекшеліктері

Жеміс өсімдіктерінің тамыр жүйесінің құрылысы мен қызметі. Тамыр жүйесінің атқаратын қызметі жан-жақты: өсімдіктердің топырақта бекем орналасуы, барлық мүшелерін су мен онда еріген минералды заттармен қамтамасыз ету, белсенді (шашақ) тамырларды жапырақта түзілген органикалық қосындылармен қамтамасыз ету, артық қоректік заттарды сақтау орны, кейбір өсімдіктердің (шие, айва, піндік, орман жаңғағы, таңқурай, т.б.) көбейту мүшесі, топырақтағы микроорганизмдермен симбиозда болу, т.б.

Тамыр жүйелері пайда болуына байланысты екі түрге (тип) бөлінеді: ұрықтық және вегетативтік. Дөннен немесе дәндік телітушіге ұластырылған өсімдіктердің ұрықтық тамыр жүйесі болады. Олар дән ұрығының бастапқы тамыршасынан пайда болады да, бас тамырының болуымен ерекшеленеді, ол ағаш тобындағы өсімдіктердің (қызыл шие, грек жаңғағы, т.б.) негізгі тамырына айналады.

Вегетативтік (қосалқы, адвентивтік) тамыр жүйелері тамырланған қалемшеден (қарақат), атпа бұтақтан (таңқурай, шие) дамиды немесе сұлатпа сабақты телітушіге ұластырып өсірілген өсімдіктерде болады. Бұл жағдайда тамыр, сабақтардың немесе тамырлардың сүрегіндегі тамыр бастамасынан пайда болады да, қосалқы деп аталады. 

Жеміс ағаштарында шығу тегі бойынша мынадай тамыр жүйелерін ажыратады:

Жемістілер (генеративтілер) – тұқымнан немесе тұқымнан тараған телітушілерге телінген өсімдіктердің тұқым ұрығының ұрықтық тамыршасынан пайда болғандар.

Өсінділер – бүлдіргеннің мұртшасының қосалқы (адвентивті) тамыршасынан, өсінді жолымен көбейтілген телітушінің сабақтамасынан (беже, дусен, парадизка), сабақ қалемшелерінен (қарақат, қарлыға, шие, шабдалы және жасыл қалемшелермен көбейтілетіндер); тамыр атпаларынан (шие, алхоры, таңқурай) пайда болғандар.

Көлемі және атқаратын қызметі бойынша жеміс өсімдіктерінде тамырдың үш тобын ажыратады:

Қаңқалылар – бұтақтанудың нөлдік және бірінші реттегі тамырлары (басты, негізгі); жартылай қаңқалылар – бұтақтанудың екінші, үшінші кейде төртінші реттегі тамырлары; жаппай өсетін тамырлар немесе тамыр ұштары – бұтақтанудың үшінші, төртінші және кейінгі реттегілерінің ұсақ (3 мм дейін) және қысқа (бірнеше см) тамырлары.

Топырақта орналасу сипатына байланысты тамырларды былай бөледі: горизонталды (көкжиекті), азды-көпті топырақ бетіне параллелді; тік, топыраққа тіктеп бойлайды, жиі құрттардың ізімен; жарықтармен.

Тамырдың бұл екі тобы барлық жеміс және жидек өсімдіктеріне тән. Жиекті тамырлар тамыр жүйесінің негізгі бөлігін қамтиды және микробиологиялық үдерістер пәрменді жүретін және ағашқа қажет қоректік заттар көбірек жиналатын топырақтың беткі қабатына жақын орналасады. Топырақ түртегіне, ағаш тегіне, телітушіге және сұрыпқа байланысты жиекті (горизонталды) тамырлар 100–120 см бойлайды. Көкжиекті бағытта бұл тамырлар бөрікбас диаметрінен 1,5–2 есе және одан да алшақ қашықтықта орналасады. Тік тамырлар тереңірек бойлайды (м): шие, алхоры – 6–8 м; жидектерде – 1–2 м дейін.

Жаппай өсетін тамырлар жеміс ағаштарының негізгі тамыр жүйесінің ең пәрменді бөлігін құрастырады. Морфологиялық-анатомиялық құрылысы және атқаратын қызметі бойынша өсінді (біліктік), сорушы (пәрменді), өтпелі және өткізгіш тамырларды ажыратады (1.7-сурет).

Өсінді тамырлар – біріншілік құрылысты, ақ түсті, суды және қоректік заттарды сіңіруге қабілетті. Олардың негізгі қызметі – топырақтың жаңа көлеміне өту (өсу) және сіңіретін тамырдың бүйірлік бұтақтарын қалыптастыру. Өсінді тамырлар, сіңірушіге қарағанда, аз, жуан (2–3 есе) және ұзынырақ, жедел өседі, микоризасы болмайды және екіншілік құрылысқа өтеді.

Сорушы тамырлар – бұлар да біріншілік құрылысты, ақ түсті. Негізгі қызметі – айналасынан суды және қоректік заттарды сіңіру және соңғыларын органикалық түрге аудару. Тамырдың бұл түртегі жеміс өсімдіктерінде барлық тамырдың 90 % құрайды. Сорушы тамырлар, әдетте, екіншілік құрылысқа өтпейді және ұзақ өміршең емес – 15–20 күндей қызмет атқарады да, солып, жаңасымен алмастырылады. Сорушы тамырларда микориза болуы мүмкін.

Өсінді және сорушы тамырларда үш аймақты ажыратады: өсу және созылу аймағын, тамыр қылшықтарының аймағын немесе сорушы және тамыр қапшығын. Тамыр қылшықтары – тамырдың сору аймағының эпидермисінің кейбір жасушаларының қабырға сыртының шығыңқы түтікшелері. Тамырдың сору бөлігінің 1м2 300-ден (алма). 669-ға (қарақат) дейін қылшық саны болуы мүмкін. Алманың бір жылдық сеппесінде күзге қарай жалпы ұзындығы 3 шақырымға дейін жететін 17 млн-дай тамыр қылшықтары болады. Тамыр қылшықтарының өте көп болуының арқасында тамыр жүйесі қуатты сору бетіне ие болады.

Өткізуші тамырлар – өсуші және сорушы тамырлар. Бұларда сору қызметі тежеледі де, өткізушіге айнала бастайды. Ол сырттай алғашқы кезеңде қабығының қоңырлануынан және тамырлардың қайта құрылуы кезінде солуынан байқалады.

Қайта құрылудың өткізгіш тамырлары ашық немесе қоңыр қызғылт түсті, ұзындығы 1–2 мм-ден бірнеше метрге дейін, диаметрі миллиметрдің бөліктерінен бірнеше сантиметрге дейін. Қазған кезде өткізгіш ұсақ тамырлардың негізгі массасы жай көзбен де байқалады. Өткізгіш тамырлардың негізгі міндеті – төменгі және жоғарғы ағынмен суды және қоректік заттарды тасымалдау. Қоректік заттардың жиналу орны болып табылады, өсімдіктердің топырақта берік орналасуына әсер етеді және көптеген қосылыстардың түзілу орны саналады.

Өсінді және сорушы тамырлар сору және аздап өткінші аймақта бастапқы анатомиялық құрылысқа ие. Тамырдың бастапқы құрылысы жоғарғы (ұштық-апикалды) меристеманың негізгі жасушаларының бөлінуі және мүшеленуі (дифференцациялануы) нәтижесінде пайда болады. Тамырдың өткізгіш аймағының да екінші анатомиялық құрылысы болады. Ол екінші меристеманың – камбийдің іс-әрекетінен, тамырдың жуандану үдерісінң нәтижесінде пайда болады. Тамырдың екінші құрылысы ағаштың бүкіл тіршілігі кезінде сақталады. Тамырдың жылдағы жуандануы камбийдің іс-әрекетінің нәтижесінде жүреді. Мұндайда камбиальды жасуша төрт есе және одан артық, флоэма жасушасынан гөрі, жиі ксилема элементіне айналады.

Тамырдың өсуі біркелкі жүрмейді: олардың өсуінің негізгі екі және бірнеше қосымша (өсу жағдайына байланысты) кезеңдері бар екені анықталды. Ең жақсы байқалатыны көктемгі-жазғы (сәуір-маусым) және күзгі (қыркүйек-қараша) өсу кезеңдері. Мұны тыңайтқыш енгізгенде және топырақ өңдегенде ескереді.

1–өсінді; 2– сорушы; 3 – өтпелі (аралық); 4 – өткізуші
1.7-сурет – Тамырдың анатомиялық құрылысы

Жеміс дақылдарының тамыр жүйесің жан-жанқы зерттеу үшін әртүрлі әдістер қолданады:

- қанқа әдісі – мұнда барлық тамыр жүйесін немесе белгілі бір бөлігін тамыр жүйесі таралуы бойынша қазып алады, яғни тамырдың көлденең және тігінен қанқалы және жартылай қанқалы тамырлардың орналасуы жөнінде толық ақпарат алуға болады.

 - П. Г. Шитт бойынша монолит әдісі  – қанқалы және өсінді ағаш тамырларының сандық мәліметті алуға мүмкіндік беретін жол болып табылады. Толықтай тамыр жүйесін қазып алып, төрт секторға бөледі немесе бір бөлігін бөледі. Әрбір монолитте ұсақ тамырдың жуылып кетпеуін қадағалап топырақтан жуып, тазалайды. Жинап алған тамырды әр фракцияға бөліп, ылғалды массасын өлшеу арқылы табады.

Тапсырма: Жеміс және жидек дақылдарының тамыр жүйесінің құрылысымен таңысу

Құрал-жабдықтар мен материалдар: суреттер, плакаттар, макеттер, сызғыш, ұлғайтқыш әйнек, гербарий, оқу және анықтамалық әдебиеттер.

Жұмыс барысы:

1) жеміс және жидек дақылдарының құрылысын және жүйеленуін, олардың атқаратын қызметің, тамыр жүйесін зерттеу әдістерін оқып-білу және тамырдың анатомиялық құрыысының суретін салу;

2) жеміс және жидек дақылдарының негізгі дақылдарының тамырларының морфологиялық ерекшеліктерімен танысу, қанқалы, жартылай қанқалы және өсінді тамырларын табу;

3) жеміс және жидек дақылдарының тамырларының морфологиялық белгілерін сипаттау, алынған мәліметтерді 1.10-кестеге толтыру.

1.10-кест – Жеміс және жидек дақылдарының тамырларының морфологиялық сипаттамасы

Көрсетккіштер

Дақылдар

Тамыр жүйесінің шығу тегі

Басты тамырдың бар болуы

Тамыр түрлері бойынша тамыр жүйесінің атауы

Қанқалы тамыр бояуы

Қанқалы тамырдың бет-бедерінің мінездемесі