Бақтың кескiш құрал-саймандарын жемiс ағаштарының бөрікбасы мен жидек бұталарын күткенде жəне көшеттiкте жемiс көшеттерiн өсiргенде əртүрлi хирургиялық операциялар жасау үшiн пайдаланылады. Бұл құрал-саймандарды табысты пайдалану үшiн, олардың ұрылысын, атқаратын жұмысын бiлiп, жекелеген саймандармен жұмысiстеп дағдылану ажет. Негiзгi құрал-саймандарға жататындар: бақ, көзсабақтайтын жəне ұластыратын пышақтар, айшылар(секаторлар), бақ аралары (4.1-сурет).
Бақ пышағы – ерекше иiлген пiшiндi сабы мен жүзiнен (тақтасынан) тұрады. Өнеркəсiпте мұндай пышақтың үш түрiн шығарады: үлкен, орташа жəне кiшi. Бақ пышақтары тек қурамаған сүректi кесуге қолданылады.
Оларды жемiс ағаштарының бөрікбастарын алыптастырған кезде бұтақтарды кесуге, көшеттiк пен жас бақта тұғырлар мен тiкенектердi қиюға, сондай-ақ iрi бұтақтарды арамен кескеннен кейiнгi пайда болатын жарақатты тазартуға қолданады. Өткiрленген пышақ бiр сiлтегенде сүректе таза жəне тегiс кесiк беруге тиiс.
Көзсабақтайтын пышақ – бүршiктердi ұластыру үшiн қолданылады. Оның тақтасының (клинок) ұшы үшкiрленген жəне жүзi еңкiш-шығыңқы болады. Жүзiнiң мұндай болуы қалқаншаларды қиюға жəне“Т”-үлгiдегi тiлiк жасауға өте қолайлы. Сабының екiншi ұшындағы “сүйекше” (косточка) телітушінің қабығын ажыратуға жəне бүршiктi астына салуға пайдаланады.
Ұластыратын пышақтың ұзынша жəне бiртегiс кесiк жасағанға ыңғайлы түзу жүздi ұзын тақтасы болады. Мұндай пышақтарды қалемшелеп телу үшiн қолайлы. Қабықтарды ажыратуға жəне кесiктердiң жиектерiн жылжыту үшiн, телiтушi пышақ тақтасының ұшындағы жонар қасында шоқысы (томпағы) болады.
Баққайшысы (секатор) – бақ айшыларын екi жақты жəне бiр жақты кесетiн, түзу жəне иiрлi жүздiлерге бөледi. Бақ айшысын жидек бұталарын, жүзiм мен өнім салған жемiс ағаштарын өнiмдiлiкпен кесуге, бiрақ жоғары қию сапасын талап етпейтiн жағдайларда қолданылады. Олармен қалемшелердi жəне қалыңдығы 25 мм-ге дейiнгi бұтақтарды кеседi. Жас бақтарда жəне жемiс көшеттерiнде бақ қайшысы (секатор) көп қолданылмайды, əсiресе бұтақтарды табанынан қиғанда.
Бақ арасы – бақ пышағымен немесе бақ қайшысымен кесуге болмайтын қалың бұтақтарды кесуге арналған. Бақ арасының екi түрi бар: жақ тəрiздi ара, қол ара. Жақ тəрiздi ара болат жақтамадан, тақтадан, сабынан жəне көмекшi құралдарынан тұрады. Жақ тəрiздi араның артықшылығы оның тақтасының жұқа жəне жiңiшкелiгiнде, мұндай жағдайда бұтақтарды кескенде азырақ күш жұмсалады.
Жақ тəрiздi аралар өте ұқыпты (дəл) кесудi талап ететiн, онша жуан емес бұтақтарды кескенде қолданылады. Бақ ол арасы өнiм беретiн бақтарда жəне жидек бұталы өсiмдiктеріндегі жуандау бұтақтарды кесуге арналған. Олармен ағаш бөрікбасының қураған бұтақтарын кеседi.
Құралдарды қайрау жəне түзету. Жақсы кесiк жасау үшiн кесу кезiнде аз күш жұмсап, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру үшiн, бақ құралдары əр уақытта өткір айраулы жəне дұрыс реттелiп тұруы қажет. Барлық кесу құралдардың айралған бөлiгi, яғни жиегi (фаска) болады. Қарама-арсы беттерде орналасқан екi фасканың арасында пайда болған түзу – жүзi деп аталады. Фаска (қайрау) енi үлкен емес, шамамен 3–5 мм-дей болады. Жүздiң қыры қайрау бұрышы секiлдi əр түрлi кесу құралдарында бiркелкi емес, сондықтан да бөлекше қайралады. Мысалы, ұластырғыш пышақтың жүзi түзу сызық секiлдi, тақтасында бiр ғана фаска бар жəне тек бiр жағынан ғана қайралады (қайрау бұрышы 15–20 градус болады). Көзсабақтайтын пышақтың жүзi басында шығыңқы, соңында еңкiш болып келедi. Мұндай пышақтар екi жағынан қайралады. Бақ пышағында тақтасының кесу жиегiн еңкiш жүздерi құрайды. Екi фаскасы болғандықтан тақтасын екi жағынан қайрайды. Бақ айшысының кесу жиегi шығыңқы болып келедi. Фаскасы сырт жағында орналасқан, сол арқылы қайралады. Бiржақты кесетiн бақ араларының əрбiр тiстерiнде бiр ғана фаскалары бар жəне бiр жағынан ғана қайралады. Екi жақты кесетiн аралардың тiстерiнде екi фаска болады жəне екi жағынан қайралады.
Тапсырма: Бақтың кескiш құрал-саймандарымен жəне олардың жеке бөлiктерiнiң аттарымен танысу. Құрал-саймандарды қайрауды, түзетудi жəне оларды пайдалануды үйрену.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: бақтың кескiш құрал-саймандары, суы бар ыдыс, майлықтар, вазелин, дәрігерлік қорапша.
Жұмыс барысы:
1) бақтың кескiш құрал-саймандарымен таңысып және оларды пайдалану ережелерімен таңысу;
2) бақтың кескiш құрал-саймандарын дұрыс қайраудың ережелерін меңгеру.
Бақылау сұрақтары