Жеміс көшеттігі деп 1–3 жылдық және көпжылдық ағаштардың, арнайы өндірістік жайлардың жеміс-жидек дақылдарын көбейту үшін өзара байланысқан кешенін айтады.
Көшеттіктің негізгі мақсаты – жеміс бақтарын отырғызу үшін жоғары сапалы көшеттер өсіру. Көшеттердің сапасына сорттар мен телітушілердің тазалығы, карантинді зиянкестердің болмауы жатады. Жеміс көшеттерін өсіру арнайы жеміс-жидек көшеттік шаруашылығында немесе шаруашылықтардың арнайы бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
Жеміс көшеттігі үшін орын таңдау және оның аумағын ұйымдастыру. Жеміс көшеттігін ұйымдастыру үшін учаске таңдауды табиғи-климаттық, топырақ, экономикалық жағдайларды мұқият зерттеудің негізінде жүргізу қажет. Мүмкіндігіне қарай көшеттіктің ол қамтитын аумақтың ортасына орналасқаны дұрыс. Келіп-кететін жол да көлік үшін кез келген маусымда ыңғайлы болуы тиіс. Сонымен бірге бұл көшет шаруашылығы сол аймаққа тән топырақ-климат жағдайында және көшеттіктің барлық бөлімін ұйымдастыруға жарамды болуы керек. Қазақстанның оңтүстік шығысында ақпан және наурыз айларында ауаның температурасы бір тәуліктің ішінде + 5 0 С-тан – 2 0 С-қа дейін ауытқиды. Бұл жағдай сидам қабығын күйдіреді және тіпті жарып жібереді. Сондықтан да қалыптастыру танабына солтүстікке немесе солтүстік батысқа сәл еңкіш аумақ таңдаған жөн.
Қазақстанның көптеген облыстарында жаздың басына қарай қатты жел жиі соғады. Қатты соққан жел көшеттікке едөуір зиян келтіреді. Сондықтан көшеттік егістіктері үшін ық жерлерді таңдаған жөн. Ал егістік жиектеріне тез өсетін ағаштың түрлерінен жел ұстайтын алаң жасау керек. Сапалы көшет топырақ ылғалдылығы қолайлы болған жағдайда ғана өсіріледі. Сондықтан сумен жеткілікті қамтамасыз етілген жер ғана көшеттік үшін қолайлы болады.
Қалыптастыру танабын 5 градустан астам еңістікке орналастыруға болмайды. Өйткені суарған кезде топырақ шайылып кетеді. Көшеттік танабының топырағы өсірілетін тұқымдық телітушілердің негізгі қажетін өтеуі керек. Мысалы, топырақтың механикалық құрамы жеңіл, құнарлы, құрылымды, ауа және су өткізгіш, бірақ жеткілікті су ұстағыш болуға тиіс. Сазды және құмдақ топырақты жер көшеттік үшін жарамайды. Оңтүстік Қазақстан облысында жеміс-жидек көшеттігі үшін кәдімгі оңтүстік сұр топырағы, сондай-ақ сары топырақты- саздақты шалғын сұр топырағы анағүрлым жарамды. Бұл топырақ тұз тартып кетпес үшін жақсылап дренаж жасау керек. Орын таңдап алған соң көшеттік аумағын ұйымдастыруга кірісуге болады. Бәрінен бұрын магистралды суару каналының қалай қазылатыны, уақытша суару жүйелерінің бағыты белгіленіп, жол салынады.
Жеміс көшеттерін өсіруге қол еңбегі көп жұмсалады. Соған орай көшеттіктің ірі елді мекенге жақын орналасқаны дұрыс. Көшеттікті кварталдарға бөледі. Бүкіл көшеттік пен әр кварталдың шекараларының периметрі бойынша 1–2 қатар биік өсетін ағаштар отырғызылады.
Кварталдар бірнеше бөліктерге бөлінеді. Бөліктердің аралығына ені 2–4 м, ал кварталдардың аралығына ені 4–5 м жол қалдырылады. Егілген және отырғызылған өсімдіктерге ықтасын жасау үшін кварталдардың жиектеріне тез өсетін ағаштардан 1–2 қатар бедерлі типті ағаш алқаптары отырғызылады. Олардың қатараралығы 1,0–1,5 м етіліп, екіжылдық көшеттерден отырғызылғаны дұрыс.
Көшеттік жолдар жүйесі маңызды рөл атқарады. Жолдар көшеттерді тасымалдау кезінде тасымалдау жұмыстарының тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етуі тиіс. Көшеттіктің аумағының қақ ортасынан ұзындығына және көлденеңіне қарай магистральды жолдар салынуы тиіс, олардың ені 8–10 м болады, әрі асфальттануы керек.
Жеміс көшеттігінің құрылымы. Сапалы жеміс көшеттерін өсіру және шаруашылықтың қалыпты ырғақпен жұмыс істеуі үшін көшеттіктің мынадай бөлімшелері болуы тиіс: қалыптастыру бөлімшесі, телітушілерді көбейту бөлімшесі, аналық-сорттық бақ, аналық-тұқымдық бақ, ұластыру шеберханасы, көшеттерді көміп сақтайтын учаске, егу материалын әбден өсіруге арналған учаске, карантинді зиянкестер таралған аймақта залалсыздандыру үшін қажетті фумигациялық камера.
Қалыптастыру бөлімшесі көшеттіктің негізгі бөлімі болып табылады. Оның әр гектарынан орта есеппен 25 мыңдай екі жылдық стандартты көшет пен біржылдық 40–50 мың көшет алынады. Қалыптастыру бөлімшесінің құрамына 2–3 негізгі танап кіреді, оларда 2-3 жыл бойы жеміс дақылдарының көшеттері өсіріледі.
Телітушілерді көбейту бөлімшесі екпе көшеттер өсірілетін учаскеден, клонды телітушілердің аналық ағаштарынан, анальқ қалемшелік учаскеден тұрады. Екпе көшеттер өсірілетін учаскеге тұқымдарды немесе дәнектерді егіп, бір жыл бойы өсіреді, онан кейін оларды қалыптастыру бөлімшесінің бірінші танабына отырғызады және сонда ұластыру жұмысы жүргізіледі. Клонды телітушілердің аналық ағаштарының сұлама бұтақтарынан клонды телітушілерді көбейтеді. Олардан аласа бойлы, жартылай аласа бойлы және орта бойлы жеміс ағаштары өсіріледі. Аналық ағаштар 15–20 жыл пайдаланылады.
Аналық-қалемшелік учаскеде көпжылдық ағаштар өсіріледі. Ол ағаштардан клонды телітушілердің жасыл және ағаштанған қалемшелері алынады. Ол қалемшелерді көктемелерде немесе жылыжайларда отырғызып тамырландырады. Бұл учаске 10–15 жыл пайдаланылады.
Аналық-тұқымдық бақта өсірілетін көпжылдық ағаштардан тұқымдар немесе дәнектер алынады, олар тұқымдық телітушілер өсіру үшін қолданылады. 1 тонна жемістен (мысалы Недзвецкий алмасын алсаң) 4–5 кг тұқым алуға болатынын ескеру керек. Егер әр ағаштан 20 кг жеміс жиналады десек, әрбір гектар егіс бөлімінде 1000–1200 аналық-тұқымдық ағаш керек.
Аналық-сорттық бақта аналық ағаштар таза сортты элита көшеттерінен өсіріледі. Аналық ағаштардан ұластыру үшін қажет қалемшелер алынады. Әрбір гектарда 40–45 мың телітушіні көзсабақтау әдісімен ұластырғанда 6–8 мыңдай қалемше керек. Мұнша қалемшені 1,5–2 гектар аналық бақтан алуға болады. Өйткені бір жеміс ағашының өзінен әр уақытта 15–20 қалемшеден кесіп дайындауға болады. Аналық ағаштарды 8–10 жыл өсіреді. Ұластыру шеберханасында тынығу кезеңінде күзден бастап көктемге дейін ұластыру жұмыстары жүргізіледі, мысалы, алманың, алмұрттың, жаңғақтың тұқымдық және клонды телітуш ілерінің көбейтілетін сорттары үшін, ал алхоры, тәтті шие, шие үшін сирек қолданылады. Ұластыру шеберханасында қалемшелерді сұрыптайтын, қолмен және машинамен ұластыру жүргізілетін жұмыс залдары, тұқымдар мен дәнектерді жуатын (стратификация) камералар және басқа қосалқы жайлар болады.
Жылыжайлар мен көктемелерде клонды телітушілердің жасыл қалемшелерін тамырландырады және олардан алхорының, шабдалының, шиенің, жидек дақылдарының өз тамырлары бар көшеттерін өсіреді. Температурасы реттеліп отырылатын мұздатқыштарда телінуші және телітуші материалдарын сақтайды, тұқымдар мен дәнектерді стратификация жасайды.
Көшеттіктегі ауыспалы егіс. Көп жылдық тәжірибе бір учаскеге қайта-қайта көшет өсіру топырақ қоры нашарлап, оның құрылымының жойылуына, тамыр рагы, зауза қоңыздар, т.б. ерекше аурулармен және зиянкестермен зақымдануына әкеп соқтыратынын көрсетті. Осының бәрі өсімдіктің өсуін әлсіретеді, көшеттердің сапасын күрт төмендетеді, стандартты отырғызу материалдарының шығымын кемітеді. Осы жағдайлардан аулақ болып, жыл сайын аса сапалы көшет алып отыру үшін көшеттіктерде белгілі бір жиынтықты және дақылдарды алмастырып отыратын, тыңайтқыш енгізу және топырақ өңдеу жүйесі бар ауыспалы егіс енгізіледі.
Көшеттіктердің ауыспалы егіс жүйесі негізгі дақылдарға бай болатындай етіп жасалады. Суармалы жерлерде бұл өте қажет. Сондай-ақ, жеміс дақылы бұрынғы орнына араға кемінде 1–2 жыл (телітушілерді көбейту бөлімшесі), қалыптастыру бөлімшесіне 3–5 жыл салмай отырғызылмауы тиіс. Суармалы егістіктерде жеміс дақылдарының таңдаулы алғы дақылы көпжылдық шөптер болып табылады. Жалпы жеміс көшеттігінің құрылымы мен байланысы 5.1-суретте келтірілген.
Тапсырмалар: 1) әдiстемелiк құралдар арқылы жемiс өсiмдiктерiн көбейту жолдарымен танысу. Оныңiшiнде вегетативтi көбейту тəсiлдерiне аса назар аудару қажет. Мұртшалармен, атпа сабақтармен жəне сұлатпа сабақтармен көбейту тəсiлдерiнiң суретiн салып, оларға ысқаша сипаттама беру;
2) жемiс көшеттiгiнiң құрылысымен танысып, суретiн салу I, II жəне III танаптарда атқарылатын негiзгi жұмыстардың түрлерiн жазу;
3) оқытушы берген тапсырма бойынша көшеттiктiң бөлiмшелерi мен учаскелерiнiң ерекшелiктерiне қарай аудандарын есептеу.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: көшеттiктiң құрылымы салынған суреттер мен (плакаттар) қабырғалық жəне кiшiрейтiлiп отырғызылған жүйелерi, әдiстемелiк құралдар мен кестелер, көшеттiк бөлiмшелерi жəне учаскелерде өсiрiлетiн жемiс өсiмдiктерi мен жабдықтарының үлгiлерi (тұқымдар, телiтушiлер, тікпе көшеттер).
Бақылау сұрақтары