6 Жеміс бағын құру

6.1 Бақ аумағын ұйымдастыру 

 Бақ аумағын дұрыс ұйымдастыру жерді, машиналарды, құралдарды, көліктерді, жұмысшы күшін тиімді пайдалануды қамтамасыздандыра отырып, соңында өсімдіктің және еңбек өнімділігінің артуына әкеледі.   Бақ аумағын ұйымдастыруға: орамдарға бөлу және оларда тұқымдықтар мен сұрыптарды орналастыру; жолдарға (торапты, орамаралық, орамішілік, т.т.), суландыру жүйесіне, орман қорғайтын жолақтарға, өндірістік құрылыстарға орын бөлу; су шаюға қарсы шаралар жатады.   Жеміс бақтарының аумағын ұйымдастыруда бастаушы элемент болып орам (квартал) саналады – бақ қорғайтын жолақтармен және жолдармен шектелетін, жердің белгілі бір алаңы. Бақ орамдарын, мүмкіндігінше бірдей көлемде, негізгі жел бағытына көлденең орналастыратындай, тікбұрышты пішінде бөледі. 

Қазақстанның солтүстігінде орамдар оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай бағытталуы керек. Орамның ені бақ қорғайтын жолақтың қандай қашықтыққа әсер ете алуына байланысты.

          Өндірістік бақтар үшін тұқымдарды және сұрыптарды таңдау республикалық тұқымдар және сұрыптар сынау комиссиясының ұсынысы бойынша жүргізіледі. Тұқымдарды және сұрыптарды таңдауға жемістік және жидектік дақылдардың жеміс салуға кірісу мерзімі және өнімнің деңгейі мен экономикалық тиімділігі, оның өңдеуге жарамдылығы, жұмыс күшіне, техникаға, суландыру суына деген қажеттілік, т.т. тәуелді. Отырғызуға өсіруге рұқсат етілген сұрыптарды ғана пайдаланады.  Қазақстанның солтүстігіне тұқымдардың 6.1-кестедегідей арақатынасы ұсынылады

6.1-кесте – Бақшадағы дақылдар құрамының құрылымы                     (Н. Г. Щепетков бойынша)

Дақылдар

Мәні, %

1

2

Шекілдеуіктілер, соның ішінде:

25–30

Алма

20–23

Алмұрт

3–4

Арония

2–3

Сүйектілер, соның ішінде:

15–20

Шие

10–12

Алхоры

3–4

шырғанақ

2–4

Жидектілер, сонын ішінде:

50–65

Қарақат

25–30

Қарлыға

10–12

Таңқурай

6–9

Бүлдірген

6–8

Ұшқат

3–6

Бақтың жартысы және жартысынан артық алаңы жидек дақылдарына бөлінеді, олар ертерек жеміс салады: бүлдірген маусымның ортасында піседі, қарақат – шілдеде, таңқурай – тамызда. Жидектер, сөйтіп, жаз бойы ұзақ уақыт бойы – жаздың басынан күзге дейін өніммен қамтамасыздандырады. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстігіндегі жидектілер басқа өңірлерде кең тараған аурулардан және зиянкестерден түкте зиян шекпейді.  

Орамды қалыптастырудың басты шарты – оны бір тұқымдықпен отырғызу. Орамда сұрыптарды орналастырғанда бір қатарға бір сұрып қана отырғызады.   Әр орамда биологиялық өзара   жақын сұрыптарды отырғызу тиімді: бір мезгілде гүлдейтін және жемістенуге бірдей шақта кірісетін, өнімді кезеңдерінің ұзақтығы ұқсас, бір уақытта пісетін және жемістері жиналатын. Жаздық, күздік және қыстық сұрыптарды жеке орамдарда және алапта орналастыру орынды.

Бір орамда жазғы және күзгі немесе күзгі және қысқы сұрыптарды отырғызуға  рұқсат етіледі. Сұрыптарды осылай орналастыру күтіп-баптаудың шығындарын едәуір кемітеді және агротехникалық шараларды сұрып топтарының биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді.

Алма мен алмұрттың дерлік барлық сұрыптары өздік ұрықсыздар, яғни бір сұрыптық ағаштар плантациясы жеміс беруге қабілетсіз келеді. Тәттішиенің барлық сұрыптары өздік ұрықсыз, сондықтан бірнеше сұрыптарды араластырып отырғызуды тілейді. Шие мен алхорының кейбір сұрыптары өздік ұрықтана алады, ал олардың басым бөлігі өздік ұрықсыз. Өріктің сұрыптарының басым бөлігі өздік ұрықтанады. Шабдалының негізгі сұрыптарының барлығы өздік ұрықтанады. Өздік ұрықтана алатындығына қарамай, айқас тозаңдану бұл сұрыптардың да өнімділігін арттырады. Жақсы тозаңдану үшін, стандартты сұрыптардан таңдалынған тозаңдатқыш – сұрыптар отырғызылады. Олардың ең басты міндеті – негізгі сұрыптардың жақсы тозаңдануын қамтамасыздандыру.   

Тозаңдатқыш – сұрыптарды отырғызғанда бір сұрыптың тозаңы екіншісіне ауысатындай болуын ескереді. Бақта аралардың жұмысын бақылау барысында негізгі сұрып пен тозаңдатушы – сұрыптардың қашықтығы 50–60 м аспағаны дұрыс екені анықталды.   Орамда негізгі сұрыпты 8–16 қатармен отырғызады, тозаңдатқыштарды осы жолақтардың жанында 2–4 х 8–16 м сұлбасымен – 2–4 қатармен. Алманың сұрыптарының өзара тозаңдануын ескеріп қатарларда орналасу сұлбасы мынадай болуы мүмкін: Уральское наливное –       1–4; 7–14; 17–20 қатарлар; Исилькульское тозаңдатқыш – сұрып ретінде – 5–6, 15–16 қатарлар. Әр мерзімде пісетін сұрыптардың (жазғы, күзгі, қысқы) әр орамында жетекші бір-екі негізгі сұрыптарды белгілейді де, қалғандарын тозаңдатқыштар ретінде пайдаланады.  Өнеркәсіптік бақтарда дұрысы алманың және алмұрттың 2–3-тен жазғы және күздік  сұрыптарын және 3–4 қысқы сұрыптарын отырғызу тиімді. Бұл өсіруге рұқсат етілген сұрыптарды нақты жағдайға бейімділерін таңдап алуға және агротехниканы үйлестіруге, аса қиналмай-ақ өнімді жинауға және тез жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

Қоректену алаңы және өсімдікті бақта орналастыру жүйесі. 

Жеміс бағын – бірімен-бірі өзара байланыстағы өсімдіктер бірлестігі ретінде қарау керек. Тектер мен сұрыптардың биологиялық ерекшеліктері, ауданның топырақ-климат жағдайы және бақты баптауды механикаландырудың ең жоғары талаптары бақтағы өсімдіктердің орналасу жүйесін анықтайды.  Өндіріс жағдайында жеміс ағаштарын орналастырудың мынадай жүйесін пайдаланады: тікбұрышты, шаршылы, шахматты (үшбұрышты) және пішінді (контурлы).   Қазақстанның солтүстігінде бақтарда ағаштарды  ең қолайлысы тікбұрышты жүйемен орналастыру. Оңтайлы жағдай ағаштардың қатарының аса жиі болмай, ағаштардың арасындағы қашықтық қатарарлықтың енінің жартысына жуықтағанда қалыптасады. 6.2-кестеде жеміс ағаштарының ең тиімді орналасу сұлбалары келтірілген. 

6.2-кесте – Қазақстанның солтүстігінде жеміс ағаштарын өнеркәсіптік бақтарда отырғызу сұлбалары 

Тектер

Қатараралық, м

Бір қатардағы дақылдар арақашықтық, м

1 га-дағы өсімдіктер саны, дана

1

2

3

4

Алма

5

3-4

500–667

Алмұрт

5

4

500

Алхоры

4

2-3

833–1250

Шие

3-4

1-1,5

1667–3333

Қарақат

3

1

3333

Қарлыға

3

1,5

2222

Таңқурай

2,5-3

0,6

5556–6667

Бүлдірген

0,8

0,2

62500

Үшқат

1,5

0,5

13333

Шетен

2,5

1,5

2667

Шырғанақ

4

2-3

833–1250

Бақ отырғызу жобасын құру тек жеміс өсімдіктерді отырғызылған бақтың пайдалы көлемін анықтаудан басталады        (6.3-кесте.). Жалпы баққа арналған алқапты аудан 100 процентке теңестіріліп алынады. Бақтардың жалпы көлемі 100 га аспаса, шаруашылық құрлыстарына, бақ қорғайтын жолақтарға, жолдарға олардың 15 %-ті бөлінеді, бақтың көлемі 100 га асса, онда 12 % бөлінеді. Шаруашылық құрлыстары (оймалар, жаппай қалқалар, жеміс сақтайтын қоймалар, ауылшаруашылық машиналарын, улы химикаттарды жəне минералды тыңайтқыштарды сақтайтын орындар, бақта істейтін жұмысшылардың демалыс жайлары) жолға жақын кварталдардың біреуіне орналастырылады. Алқаптың пайдалы көлемі мына формула бойынша есептелінеді:

                                       П = Ж – А,                                              (6.1)

мұнда П – пайдалы көлемі, га

        Ж – жалпы көлемі, га

        А – бақты қорғайтын жолақтарға салынған жолдарға, шаруашылық құрлыстарына бөлінген алқап көлемі, га

6.3-кесте – Бақтың пайдалану ауданы

Көрсеткіштер

%

Гектар

Баққа арналған алқаптың жалпы ауданы

100

Бақты орғайтын  жолақтар, жолдар жəне  шаруашылықтың құрлыстары

12–15

Бақтың пайдалы ауданы

88–85

Бақтың пайдалы көлемі 100 % теңестіріліп алынады. Жеке тұқымдастардың көлемін есептеуге төмендегідей теңдік  қолданылады: П –100 % , Х – М; мұнда, П – пайдалы аудан, га. М − тұқымдық сорттық аудандастырылуына қарай тұқымдастардың проценттік үлесі. Х – жекелеген тұқымдастардың анықталатын ауданы,га.

Мұнан шыққан көрсеткіштер 6.4-кестеге енгізеді.

6.4 кесте − Жеміс дақылдарының ауданы

Тұқымдар

Тұқымдық - сорттық аудандастыру бойынша

%

га

Бақ алқабын ұйымдастыруда оны кварталдарға яғни бақтық  жолдармен жəне бақ қорғайтын орман жолақтармен шектелген шаршыларға дұрыс бөлудің өте маңызды мəні бар.

Жайлы рельефті, қолайлы климат жағдайларындағы ірі бақтарда  жеміс дақылдары үшін ең ыңғайлы мөлтектер көлемі 8–15 жəне 20 га дейін, қатаң климатты, желі күшті əрі жиі аудандарда, едəуір еңістеу жерлерде 3–8 га, жидек тұқымдары кварталдарын 0,1–2 га жұмыс шараларына бөлген  тиімді. Оларды бəріненде, қабырғалары 1:1, 5–2¸ қатынасындай етіп құрған дұрыс.

Əр кварталдарда жеміс тұқымдастарының бір түрі немесе өзара биологиялық жақын тұқымдарды, мысалы, шекілдеуіктілер тұқымдарын (алма, алмұрт), сүйектілер тұқымдарын (шие, алхоры) жəне жидек тұқымдарын (қарақат, тұшала, таңқурай) орналастыру керек.

Кварталдардың нақты саны отырғызылатын бақтың пайдалы  ауданын қабылданған ауданына бөлу арқылы табылады. Егер бүтін сандар шықпаса онда жекелеген тұқымдастар ауданын соған сəйкес етіп көбейтеді  немесе азайтады қортындаларын 6.5- кестеге енгізеді.

6.5 кесте – Квартал (орам) ауданы жəне саны

Дақылдар

Ауданы,га

Квартал ауданы,га

Кварталдардың ұзындығымен ені,м

Кварталдар

саны,дана

есептелген

қабылданған

1

2

3

4

5

6

Жоғарыда келтірілген жоспар бойынша, бақ алқабын құру жоспары жасалады. Кварталдарды (орамдарды) жоспарға енгізгенде, ал сонан соң іс жүзінде бөлгенде, олардың шекаралары сол жергілікті жердің бедерімен, топырақтың əр түрлілігімен, басым жерлердің жəне игерілетін ауқымның табиғи шекараларымен үйлестіріледі. Кварталдарды ұзын жағымен желдің қатты соғатын бағытына көлденең, топырақтың мүжілуі қаупі бар беткейлерде (3–4º оданда  көп) еңіске көлденең орналастырылады, ал суармалы бақтарда суару жүйелері ескеріледі. Сонан соң, қорғайтын жолақтардың жобаларын құрастырады.

Жеміс егістері желдің зиянды əсерлерінен қорғауды қажет етеді, өйткені күшті тұрақты желерден қорғалмаған ашық алаңдағы жеміс ағаштары дұрыс өңбейді, ақырын өседі, біржақты бөрікбастары қалыптасады. Желдің əсерінен көбіне бұтақтары сынып, қабықтары жарылып кетеді, кейде ағаштар түбірімен қопарылып алады. Сондықтанда, бақты айналдыра жеміс ағаштарын жел əсеріне қорғайтын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарлататын, бал араларының жұмысын жақсартатын  жəне қар тоқтатуға мүмкіндігін туғызатын, бақты қорғайтын орман ағаштарын отырғызады.

Бақ орғайтын жолақтың екі түрі болады:

1) шеткі жолақ əдетте көп қатарлы (3–4 жəне жел күшті соғатын солтүстік жəне орталық облыстарда 6–8 қатарлы) орман ағаштары егістері бақ алқабының шекараларында орналасады.

2)  жел қаққыш қатар бір немесе екі қатарлы орман ағаштары  егісі квартал шекараларында орналасады. Табиғи жағдайларына сəйкес  биік жылдам өсетін, ұзақ тіршілік ететін,  жинақы бөрікбасты, жеміс ағаштарымен ортақ зиянкестері жəне аурулары жоқ ағаштарды қолданады. Бақ қорғайтын егістер  үшін, орман ағаштарын сол аймаққа  арналған ұсыныстарға сүйене отырып таңдайды құрылымы жағынан бақ қорғайтын жолақ, орман ағаштары жел өткізгіш, жел өткізбейтін жəне селдір болып келуі керек. Бақ қорғайтын орман жолағының қатар аралықтарын күтужұмыстарын механикаландыруға мүмкіндік туғызу қажет. Қатар ішіндегі ара қашықтығы ағаш тұқымдастарында 1–1,5 м, ал бұталарда 0,6–0,8 м болады. Бөлтектердің  пайдалы аудан шекараларынан жел қаққыш жолақтарға дейін, ені 8–10 м болатын бос орнын қалдырады. Бақ қорғайтын орман егістіктерін бақты  отырғызудан 2−3 жыл бұрын, жəне 2­−3 жылдық біріншісортты көшеттермен отырғызады. Орман ағаштарының нақты жоба үшін қажетті көшеттерінің саны жалпы орман жолақтарының ұзындығын ағаштардың  арасындағы қашықтыққа бөлу арқылы анықтайды.

Бақты қорғайтын орман ағаштары жолағының құрылымы. Отырғызуға қажетті тікпе көшеттердің жалпы санын анықтағанда      3–5 % көлеміндегі сақтық қоры ескерілуі тиіс.

Бақтағы жүктерді тасымалдау үшін, орталық, айналма, бөлтек  аралық жəне шаршы аралық жолдар салынады.

Орталық жол – əдетте біреу болады, ол барлық бақ арқылы өтеді  жəне жемістерді жайластыру пункіттерін шаруашылық орталығымен, теміржолмен  байланыстырады. Олардың ені 7–9 м, ал жол жағалаулары, екі-үш метрден.

Айналма жолдар, бақтың сыртқы шекараларымен бақ қорғайтын алқаптың ішкі немесе сыртқы жағынан жүргізіледі. Ені 4 м жолдың жағалаулары 1–1,5 м-ден қалдырылады. Орталық жəне айналмалы жолдардың екі жағында міндетті түрде жағалалаулық ор (кювет) болуы керек.

Квартал аралық жолдар, квартал шекараларында орналасады  ені 3м, жол жағалаулары 1 м болады.

Бақ қорғау жолақтарын жəне жол жүйелерін бақ жобасына енгізеді. Бригада осы жəне басқада шаруашылық құрлыстары (ойма,жаппалар) бақ алқабының оларды пайдалануға ең ыңғайлы деген жеріне орналастырады.

Қоректену алаңшасы жəне өсімдіктердің отырғызу үлгі қолданылып жүрген нұсқауларға, сорттың өсу күшіне, телітушілерге  отырғызылатын бақтың құрлымына (бақ типі), қарай анықталады. Қоректену алаңшасын қатар аралықты қатардағы ара қашықттық көбейту арқылы анықтайды (м2). Бір өсімдіктің қоректену алаңшасын білгеннен кейін, 1 га-да, орналасқан өсімдіктер санын, 10000 м2сол қоректену алаңшасына бөлу арқылы анықтауға болады.

Отырғызуға қажетті тікпе көшеттердің саны тұқымдардың  ауданына жəне отырғызу тығыздығына (1 га-дағы ағаштар саны) қарай  əрбір тұқымдарға жəне əрбір сорт бойынша жеке есептеп шығаралады.

Тапсырма:  

1) Солтүстік Қазақстан аймағы жағдайында жеміс-жидекті бақты құру үшін қажетті егу материалдарын есептеу;

2) Солтүстік Қазақстан аймағы жағдайында 1 га жерге отырғы-зылатын бақ алқабының жобасын жасау;

Құрал-жабдықтар мен материалдар: калькулятор,                     ҚР-ы бойынша пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік реестрі, сорттардың мінездемесі сипатталған каталог, анықтамалықтар мен әдебиеттер, “Бақ  отырғызу”, “Бақ қорғау  жолақтарының түрлері” деп аталатын көрнекті құралдар. Жеміс-жидек  дақылдарының  тұқымдық – сорттық таралуы  бойынша ұсыныстар. Əдістемелік нұсқаулар. Сызғыштар

Жұмыс барысы:

1) Солтүстік Қазақстан жағдайында баққа дақылдар құрамын     6.1-кестені пайдалана отырып жасау, белгілі бір ауданға сорттарды таңдап алу, яғни мұгалімнің тапсырмасы бойынша. Мәліметтерді және нәтижелерді  6.3-кестеге толтыру.

6.6-кесте – Дақылдар мен сорттар бойынша егу материалдарының қажеттілігі

Дақыл, сорт

Отырғызудағы арақашықтық, м

1 га-ға қажетті ,шт.

Отырғызу ауданы, га

Қажетті екпелер саны, барлығы, шт.

Қатар аралықтар

Ағаштар арасындағы қатар аралықтар

2) солтүстік Қазақстан аймағы жағдайында 1 га жерге отырғызылатын бақ алқабының жобасын жасау  үшін: 

- бақтың пайдалы ауданын, бақ қорғайтын жолақтарға,  жолдарға,  бригада қостарына бөлінетін жер ауданын анықтайды;

-  бақ отырғызылатын аймақтың ерекшеліктерін ескертетін тұқымдықсорттық, таралуға сүйеніп, қажетті тұқымдар мен сорттардың ауданынанықтайды.

- бақ алқабының жобасын сызады, онда кварталдардың ауданынкөрсетеді, сондай – ақ жолдарды жəне бақ қорғайтын орман жолақтарын жобаға кіргізеді;

-  жел қаққыш жолақтардың құрылымын жобалайды. Мұнда  қатарларсанын, қатараралық жəне қатардағы арақашықтықтарды көрсетеді. дақылдарды таңдап алады жəне отырғызуға қажетті көшеттер санын  есептепшығарады;

- дақылдар мен олардың сорттары бойынша отырғызуға қажетті көшеттер санын анықтайды.  Алынған мәліметтерді 6.3-кестені,6.4-кестені және 6.5-кестені толтыруда пайдаланыныз.

Бақылау сұрақтары

  1. Бақтың пайдалы (таза) ауданы деп нені түсінесіздер?
  2. Əрбір дақылдардың жəне сорттардың көлемін қалай анықтайды?
  3. Жеміс ағаштарының орналасу үлгісі жөнінде не білесіздер?
  4. Тұқымдар мен сорттардың квартал ішінде орналасуы қалай?
  5. Қазақстанның солтүстігінде жеміс ағаштарын өнеркәсіптік бақтарда отырғызу сұлбалары қандай?

6.2 Жеміс жəне жидек дақылдарын отырғызу

Өнеркəсіптік жеміс салу мерзімі суартылатын, жардымды жеміс шаруашылығында, тікпе көшеттердің отырғызғаннан кейінгі өте жақсы өнуі ғана маңызды емес, сонымен бірге ағаштардың алғашқы жылы–ақ арқындыөсуін қамтамасыз еті де өте маңызды. Бақ отырғызылғаннан кейінгі алғашқы жылы ағаштар  өсінділерінің көлемі деген көрсеткіш болады. Шекілдеуіктілер тұқымында мұндай өсім кемінде 30–50 см, сүйектілерде 40–80 см. Пальметті бақ отырғызғанда алғашқы жылдың өзінде олардың өсімі кем дегенде 1 метрге жеткізуге тырысу керек. Сонымен бірге отырғызылған ағаштар қатарының түзілуін сақтау қажет, кейін бақты күтіп-баптаудың ыңғайлылығы осыған байланысты болады.

Отырғызу материалы. Отырғызуға арналған тікпе көшеттер стандартты, механикалық зақымдану белгілері  жоқ, суықа төзімді,  зиянкестер мен аурулардан сау болуы керек. Бақ отырғызу үшін бір– жəне екі жылдық тікпе көшеттер  пайдаланылады біржылдық тікпе көшеттер отырғызғаннан  кейін жақсы өнеді, тасымалдау да оңай, екі жылдықтардың бөрікбастары көшеттікте қалыптастырылады, баққа отырғызған соң ерте жеміс сала бастайды. Тікпе көшеттердің отырғызуға арналған жасы – бақ отырғызылатын  аймақа, тікпе көшеттің тұқымына, телітушісіне жəне бақ типіне (конструкциясына) байланысты болады.

Отырғызу мерзімдері. Ағаштарды тынығу кезінде  көшіріп отырғызған жөн. Климат жағадайларына,  тұқымға жəне ұйымдастырушылық шаруашылық мүмкіндіктеріне қарай бақ күзде жəне көктемде отырғызылады. Көктемгі мерзімдері өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінің басталуына сай келеді. Қолайлы жағдайларда көктемде отырғызылған ағаштар тез өніп, жақсы өседі. Бірақ та көктемгі егіс жұмыстарының басталуынан ағаштардың вегетациясы басталғанға дейінгі уақыт тым тар,  небары 10–12 күн. Күзде отырғызу мерзімдері 20–30  күнге дейін  ұлғаяды, бірақ кез-келген жағдайда күзгі отырғызу жұмыстары тұрақты суықтың түсуіне 2–3 апта алғанда аяқталуы  тиіс. Бұл уақыт отырғызылған көшеттердің  тамыр жүйесінің топырақ тоңазығанша өнуі үшін керек. Күзде отырғызылған тікпе көшеттердің үсунемесе  қысқы қырау қаупі бар.

Сондықтан да шекілдеуікті тұқымдардың анағұрлым төзімді сорттарын ғана күзде отырғызып,сүйектілерді көктемде отырғызған жөн.

Отырғызу əдістері. Ағаштар олмен де, машинамен де отырғызылады. Машинамен отырғызу əдісі, əсіресе, мардымды тығыз бақтарды отырғызуда аса тиімді. Қазақстанның барлық жеміс  шаруашылғы аймақтарында, егер топырақ қабаты жеткілікті түрде жыртылса (кемінде 30-35 см) жəне беткейлер еңістігі 100-тан  аспаса, ағаштарды  механизациялық жолмен отырғызуға болады. Оны текшелеген беткейлерде де табысты қолданады (Демченко, 1984). Бұл жұмыстар үшін бақ отырғызатын машиналарды да (МПС-1), орман ағаштарын отығызатын машиналарды да (СКЛ-2) қолдана беруге болады. Олар жүру жылдамдығы азайтылған ДТ-75, ДТ-75М немесе Т-75 тракторларына агрегатталады.

Қатарлар түзу болу үшін, учаскеде бірінші қатарға қолмен түзу жіп тартылады. Одан əрі трактор із салушы ізімен жүреді.  Отырғызушы отырғызу орнын қатардағы ағаш қаралықтары еніне тең қашықтықта бөлтектің кесе көлденеңіне алдын ала із салғышпен салынған түзулерімен арық қазғыштың қиылысы бойынша анықтайды.

Қолмен отырғызу да кеңінен қоладнылады. Көлемі аз бақтарда, ағаш отырғызылатын орындарды мəденилендірмей болмайтын, қуаты аз топырақты учаскелерде, сондай-ақ отырғызылып қойылған бақтарды қайта жөндегенде ағаштарды осы тəсілмен отырғызады. Қолмен отырғызудың түрлі нұсқалары бар: шұңқырға отырғызу, қарықа отырғызу, гидрологиялық жолмен бұрғыланған орынға отырғызу т.б.           Солардың ішіндегі бұрынна қолданылып жүрген жəне кең тарағаны шұңқырға отырғызу. Бұл əдіс бойынша тікпе көшеттер алдын-ала қазылған шұңқырларға отырғызылады. Шұңқырлар қолмен немесе шұңқыр қазғышпен қазылады. Шұңқыр алдын-ала қазған сол орынды тереңдетіп əбден мəденилендіруге мүмкін туғызады. Əдеттегідей 30–35 см тереңдіктежыртылған жерде, тереңдігі 60 см, ені 100 см-ге дейін қазылған, одан əрі органикалық жəне минералды тығайтқыштар енгізілген шұңқырларды, солжердің плантажы деп есептеуге болады. Шұңқырды қолмен қазғанда топырықтың үстіңді құнарды қабатын бір жағына, астыңғы қабатын екінші жағына үйеді.           Ағаштарды отырғызғанда органикалық, минералды тыңайтқыштармен  тікпе  көшеттердің тамыры көміледі де, астыңғы қабаттың топырағы шұңқырдың бетіне жабылады шұңқырды шұңқыр қазғышпен қазғанда топырақты бұлай бөлу мүмкіндігі болмайды. Алайда бұл нұсқада да органикалық-минералдық қоспалар топырақпен бірге шұңқырдың түбіне салынады. Оның үстіне бұл жағдайда еңбек өнімділігі 20 есе өседі де, ақшалай шығын қолмен азғанға арағанда 3 есе азаяды. Өнеркəсіпте шұңқыр қазғыштың КЯУ-100 жəне КПЯШ-60 деген екі типі пайдаланылады. Олар МТЗ-50 / 52 жəне МТЗ-80 / 82 тракторларына агрегатталады. Диаметрі 30, 40, 60, 100 см қаралас бұрғылары бар жəне тереңдігі 80 см дейінгі шұңқырларды қаза алады. Еңбек өнімділігі– сағатына 100–110 шұңқыр.

Отырғызу алдында топырақты мəденилендіруге терең плантажды жырту еңгізілген болса, ол учаскелерде алдын ала шұңқырлар қазудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда аз көлемді шұңқырларды (диаметрі 30–60 см,  тереңдігі 40–60 см) тікелей бақ отырғызу кезінде-ақ қазуға  болады. Мұндай отырғызу осыжұмысқа кететін жалпы шығынды    1,5–2 есе мүмкіндік береді.

Клонды телітушілерге ұластырылған алма мен алмұрттың мардымды бақтарын отырғызған кезде, қатарлардағы ағаш қаралығы онша ашық болмаса, оларды шұңқыр қазбай-ақ арықтың өзіне отырғызған тиімді. Ол үшін учаске плантажы жыртылады. Беті ПРВН-2,5 соқасымен тегістеледі де, мөлтектің ұзындығына жəне көлденеңіне қатар қаралықтар мен қатардағы ағаш орнына сай, тереңдігі 22–25 см арықтар қазылады. Қарықтардың бір-бірін қиып  өтетін тұсына ағаштар отырғызылады. Клонды телітушілерге ұластырылған біржылдық тікпе көшеттерді гидрологиялық бұрғымен бұрғыланған жерге отырғызуға болады. Ол үшін ені 16–18 см орын бұрғылайтын төрт тармақты гидрологиялық бұрғы пайдаланылады. Бұл үшінкез-келген бүршіктен немесе автоцистернадан 2,5–3 атмосферада ағатынсудың жұмыс қозғалысы жеткілікті. Учаскелер алдын ала КРН-4,2 немесе КРН-5,6 қопсытқыштарымен механикаландырылған жолмен бөлінеді. 9 адамнан тұратын агрегаттың өнімділігі бір ауысымда5400 ағаштар немесе əрадамға шаққанда600 тікпе көшет.

Ағаш отырғызу ережесі. Отырғызу тереңдігі. Баққа отырғызылғанағаштардың тамыр мойыншасы топырақ деңгейінде орналасса, яғни жербетінде болса жақсы өсіп, жақсы жетіледі. Таяз отырғызылған ағаштардың тамыр жүйелері жалаңаштанып, топырақта сыяқты отырмайды, ал ашық қалған тамырлары жазда қурап, қыста үсіп кетуі мүмкін. Сондай-ақ таяз отырғызылған ағаштан тамыр өскіндері көп шығады.Тым терең отырғызып, тамыр мойыншасынан көміп те тастауға болмайды. Ондайда, əсіресе ауыр ылғал топырақтарда ағаштардың өсуі нашарлап, өнімділігі төмендейді.

Əдеттегідей жыртылған жерлердегі терең қазылған шұңқырларға (60–70 см) тікпе көшеттердің тамыр мойыншасын жер бетінен 3–5 см жоғары орналастыру қажет, кейін топырақ отырғанда ол жер бетімен теңеледі.

Плантажды жыртып, майда шұңқырларға отырғызғанда тамыр мойыншасын жер бетімен бірдей немесе 1см тереңдеу отырғызады. Жеңіл топырақты жерлерде тамыр мойыншасының сəл тереңге  түскені  онша қауіпті емес. Сүйектілер  шекілдеуіктілерге қарағанда  тереңдеу отырғызғанда  жақсыкөтереді. Клонды  телітушілердегі  алма  мен  алмұрт тікпе  көшеттерінде,  тамыр мойыншасы  шартты. Телітуші діңін  тереңдеу отырғызғанда,  ол  қосымша тамырлар  береді.  Мұндай  тікпе  көшеттерді  отырғызғанда  мəдени  сорттыңтелінген орнына дейін ғана тереңдетуге болады.

6.1-сурет – Жеміс ағаштарын отырғызу

Тапсырма: Шекілдеуікті,  сүйекті  дақылдардың  көшетін  коллекциялық  баққа немесе жылыжайға шұңқыр қазып отырғызу.  Бүлдіргеннің  мұртшасын,  таңқурайдың  атпа сабағын,  қарақаттың қалемшелерін дайындап, коллекциялық бақа немесе жылыжайға отырғызу.  

Құралдар мен жабдықтар: «Бақ отырғызу» суреттелген плакаттар. Жеміс-жидек  дақылдарының  дақылдық-сорттық  аудандастырылуы бойынша ұсыныстар, əдістемелік нұсқаулар.

Бақылау сұрақтары

  1. Бақтың пайдалы ауданын алай анықтаймыз?
  2. Жеміс-жидек дақылдарын кварталдар мен бөлтектерге орналастырған кезде нені ескеру ажет?
  3. Жеміс-жидек дақылдарының отырғызуға қажетті көшет санын қалай анықтаймыз?
  4. Бақ қорғайтын жолақтардың қандай түрлері бар жəне олардың қажетті санын қалай табамыз?
  5. Жеміс-жидек дақылдарын отырғызу ерекшелігін атаңыз.
  6. Бір өсімдіктің коректік алаңшасын қалай анықтауға болады?

6.3 Ағаш бөрікбасын қалыптастыру

Қалыптастыру  жүйесі  деп,  ағаш бөрікбасын  белгілі  бір  үйлесімде  қию немесе өсімдіктердің өсуін реттейтін басқа да тəсілдері  арқылы құрастыруды айтамыз.

Ағаш  бөрікбасын  құру  жүйесінде  осындай  міндеттермен қатар, қай  түрі болмасын төмендегідей жалпы тəртіпті сақтау қажет, олар келесіндей:

1) негізгі  бұтақтардың  шығу  бұрышының  орнықтылығын қатаң  сақтау (45 градустан артық). Бұл тек ғана бірігудің қатаңдығы ғана емес, сонымен қатар бұтақтардың табаны  мен  арамындағы  тканьдердің  жақсы  жетілуін де қамтамасыз етеді, ал бұл олардың  төменгі (теріс) температураларға төзімділігін жоғарылатады.

2) басты бұтақтар өзара жəне жетекшіге (лидер) бағынышты  болуы керек.

3)  қаңқалық бұтақтарды сиретіп орналастыру кеңінен жол беру керек. Алайда оларды қабаттап орналастыратын жағдайда, əрбір қабаттағы негізгі бұтақтардың саны ағаш бөрікбастарын жайылған сорттарда үш-бестен, жинақыларында үштен аспауға тиіс.

4) ағаш бөрікбасын аласа сидамда 40–60 см-де орналастырады. Бұл өнімді жиғанда еңбек өнімділігін арттыратын аласа бойлы ағаштарды қалыптастыруға мүмкіншілік береді.

5) ағаш бөрікбасы үлгілерінің бір-бірінен өзгешелі негізгі бұтақтардың санына, олардың діңгек бойындағы орналасуыны, орталық жетекшінің бар-жоқтығына, т.б. жағдайларға байланысты болады. Сондықтан ағаш бөрікбасын қалыптастыру жүйесін меңгеруде  келесі  түсініктемелерді  жақсы білу қажет болады.

Қабат (ярус) – басты (аңқалық) бұтақтардың жақын топпен орналасуы. Бұтақтардың шығу бұрышы – орталық жетекші мен бүйір бұтақтардыңбойымен өтетін түзу сызықтардың қиысу нүктесінде пайда болған ішкібұрыш. Бұтақтардың таралу бұрышы – бір қабатта жақын орналасқан бұтақтардың бойынан өтетін түзу сызықтардың қиысу нүктесінде пайда болатын бұрыш. Орталық  жетекшінің  бар-жоқтығына  байланысты  ағаш  бөрікбасы төмендегідей бөлінеді: жетекшілі және ауыспалы жетекшілі.

Жетекшілі (лидерлі)  – ағаштың  бар өмірі орталық  жетекшінің  толықтұлғасында болуы. Аралықты-орталық  жетекшіні  ағаш бөрікбасының  негізгі қаңқасын құрастырып болғанға дейін уақытша сақтау. Жетекшісіз – қалыптастырудың ең басында орталық  жетекшісін  алып тастайтын, ортасын ашық ағаш бөрікбасы.

Ауыспалы жетекшілі ағаш бөрікбасының қаңқасы құрылғаннан кейін 3–4 жылдан соң, жетекші жанама, жақсы дамыған бұтақа аударады.  Осы кезде жеміс шаруашылығында ағаш  бөрікбасы  үлгілерін  шартты түрде 2-негізгі топқа бөледі: жетілдірілген-табиғилар (еркін  өсетін)  жəне жасандылар.

Бірінші жетілдірілген табиғи ағаш бөрікбасының үлгілеріне тоқталамыз. Оларға жататындар:

1) сиретілген  қабатты  ағаш бөрікбасы  –  50-ші  жылдардың  бас  кезінде П. С. Гельфандбейнмен құрастырылған.  Бұл  үлгі  бірінші қатардағы 5–7  негізгі бұтақтардан  тұрады. Қаңқалық бұтақтардың саны отырғызудың тығыздығына,  ағаштың өсу күші мен бұтақталуына  байланысты  болады. Қаңқалық бұтақтарды діңгек бойына орналастырудың бірнеше нұсқалары қолданылады. Бірінші қабатта 2–3 бұтақ түйістіріле (көршілес) немесе сиректеу (екі  бұтағы  көршілес  бүршіктен,  үшінші-екінші  бұтақтан 15–30 см қашықтықта) орналастырылады. Бірінші қабаттан жоғары орналасқан  қабат екі бұтақтан жəне бір-екі дара бұтақтан немесе тек дара бұтақтан(3-4  дана) құралады. Қабат  аралықтары  биік  өсетін  ағаштарда 60–80  см-ден,  ал аласа өсетін ағаштарда 40–50 см болады. Дара бұтақтар біріншісінде 50–80 см-ден, екіншілерінде 30–40 см-ден кейін орналастырылады. Ағаштың биіктігі 3,5–4 м. Аралықтағы 45–60 градус шамасындағы  бұрышпен жантайған дара бұтақа тежеледі. Артықшылық – жоғары, жарықталғандығы, бұтақтарының бекем біріккендігі, мол өнім беретіндігі. Кемшілігі – қалыптастырудың қиындығы, алғашқы жеміс салған жылдары өнімнің төмен болуы.

2) күлте қабатты немесе бес бұтақты ағаш бөрікбасы – қаңқасының бірінші қабаты бес бұтақтан көшеттікте құрастырылады. Екінші қабаты 3–5 шектес бұтақтардан бақта құрастырылады. Барлығы 8–10 қаңқалық бұтақтардан тұрады. Қабат аралығы 60–100 см болады. Ағаш толықжетілгенше жетекшінің биіктігін тежейді, қаңқалық қабаттары 2–3 қатарға жетеді. Артықшылығы жылдам құрастырылады, жеміс салудың алғашқыжылдары мол өнім береді. Кемшілігі ағаш бөрікбасының тығыздығы, олардың ортасындағы бұтақшалардың ерте қурауына əкеп соғады, бұтақтардың  діңгекпен қоса бірігуі, сондай-ақ ағаш толық жетілгенде оның биіктігінің артықша болуы, ал бұл жеміс жинау мен ағаш бөрікбасының күтуге жұмсалатын ол жұмыстарының айтарлықтай артуына əкеп соғады. Осыған байланысты қазіргі уақытта күлте қабатты бөрікбасы іс жүзінде қолданарлықтай қызығушылық жоқ.

3) суытша немесе тостағанша тəріздес ағаш бөрікбасы – жетекшісіз қалыптасады (шабдалы дақылы). Шектес бүршіктерден шыққан 3–5 бұтақтан бір ғана қабат құрастырылады, сонан соң жетекшіні қиып тастайды. Сидам биіктігі шабдал үшін 60–70 см. Негізгі бұтақтардың еуінің – екінші қатардағы жəне төртеуінің – үшінші қатардағы қармақтары болады. Одан əрі бұтақтардың бірі (əдетте жоғарғысы) жетекшінің міндетін өзіне алмас үшін уақытылы қадағалап, олардың өсуін тежеп отырады. Артықшылығы – ағаш бөрікбасы арасынының жақсы жарықтанғанынан, жемістерінің сапасы, дəмі мен түсі жақсарады, ал шабдалы жемісінің тасымалдылығы артады. Ағаштар желдің зиянды əсерлеріне аз шалдығады. Кемшілігі –қаңқалық бұтақтардың қосалдылығы, ағаш бөрікбасы астындағы топырақты өңдеудің қолайсыздығы.

4) Қалақты ағаш бөркі (А.  Ильинский) – төрт бұтақты 2–3 қабаттан тұрады. Қарама-қарсы шектес бүршіктерден шыққан қабаттағы бұтақтарды жұбымен орналастырады, жұптардың ара қашықтығы 15–20 см, таралу бұрыш 90° шамасында (бұтақтар қиылыса орналасады). Екінші жəне үшінші қабаттағы бұтақтарды бірінші қабаттағы бұтақтардың үстіне орналастырады, осының  нəтижесінде  ағаш  бөрікбасы  төрт  тіктеме  жазықтық  пайда  болады. Қабаттардың ара қашықтығы 60–100 см. Соңғы қабаттан 30–50 см жоғарыдара, жанама шыққан бұтақтан жетекшіні қысқартады. Ағаштың жалпы биіктігі 4 м. Ағаш бөрікбасының сыртқы шегінде алақтар аралық кеңістіктіңені 1м шамасында, жобамен, діңгектен бір метрдей жерде аяқталады жəне осы бөлікте ені 0,6–0,7 м болады. Артықшылығы – жарықтау режимі жақсы, өнім жинағанда ыңғайлы, зиянкестер мен ауруларға қарсы ағаш бөрікбасын улы химиялық заттармен өңдеудің сапасы артады. Кемшілігі ағаш бөркін қалыптастырудың күрделілігі.

5) Каналды желпуішті ағаш бөрікбасы  (Н. П.  Донских) бұл жеке ағашты  қалыптастырудан  толық  атарды  қалыптастыруда  көшу.  Қатараралықтары  кең (6  м  жəне  одан  да  кең),  ал  қатардағы  ағаштарды  тығыз орналастыратын (3–4м)  бақтарда  пайдаланады.  Бұл  үлгіні 5–6 бірінші қатардағы  бұтақтардан  ұрастырады.  Оларды діңгектің бойында сиретілген қабатты жүйе тəртібімен бір-бірінен 40–50 см қашықтықта орналастырады. Қаңқалық бұтақтар тек, қатар аралықтарына бағытталып, төменгі төртеуі қатар бойындағы түзуге шамамен 45° бұрышта, ал жоғарғы біреуі немесеекеуі 90° бұрышта бағытталады.  Жетекші иілді де, 3–4  жыл жеміс салғаннан соң, шырпылып  алынады. Ағаштың биіктігі 3,5–4  м. қатар ішіндегі ағаштардың аралығы 0,5–0,6 м саңылау қалдырған жөн, ол ағаштарды шырпуды жəне өнім жинауды жеңілдетеді. Артықшылығы ағаш бөрікбасы жақсы жарықталған, өнімнің жоғарылығымен қатар, жемісінің сапасы да жақсы. Бұл қалыптастыру болашақта өнім жинауды механикаландыруға барынша жағдай жасауға бағытталған. Кемшілігі ағаш бөрікбасында бұтақтар өте көп болғандықтан орталықбөлігінде жемістерді жинау қиындайды. Ағаш бөрікбасының жасанды үлгілері Жасанды  үлгілері (алыптық)  тобына  кіретін  ағаш  бөрікбасын құрастырғандаөсімдіктердің табиғи өсірулері мүлдем өзгереді(жетекші  менбірінші қаңқалық бұтақтардың бағыты, тарамдалу мен жемісбұтақшаларының  орналасу сипаты жəне ағаш бөрікбасының көлемі).

Жасанды ағаш бөрікбасында қазіргі уақыттағы «өнімді (интенсивті) жеміс шаруашылығында» жəне «классикалық» немесе қалыпты жеміс шаруашылығында қолданылатын топтарға бөлуге болады.

Қалыпты бақ шаруашылығы  көп еңбек талап етуі жəне шырпу жүйесінің күрделі болуына байланысты жоғары  мамандырылуды  талап  етеді.  Сондай-ақ, мол шығын керек ететін тіректік конструкцияларды құру қажет болғандықтан, өндірістік қолданыс таба алмады. Классикалық ағаш бөрікбасының  негізгі  түрлеріне  жататындар: кордондар-қарапайым (көлденең  немесе  тіктеме)  жəне күрделісі (V-тəрізді, U-тəрізді), қиғаш (косая), канделябрлі; ауқымды(көлемді) түрлері; пирамида-қарапайым,  анаттас, иірімді (веретено), пальмета Верье, Итальяндық классикалық, т.б.

Қалыпты бақ шаруашылығының «классикалық»  түрлерінің (формаларының) негізінде қазіргі уақытқа  сай  мол  өнімді  бақ шаруашылықтарда дамыған. Бұлардың«классикалық» қалыпты түрден басты айырмашылығы,  бірінші  қатардағы  қаңқалық  бұтақтарды,  екінші  қатарлық ұзындығы 100–150  сантиметрлік  əлсіздеу  бұтақтар қалыптастырылып,  мұнда негізгі өнімдер орналасады. Олар төменгі топтарға бөлінеді:

Сфералық –  (жұмыр) бұтақтар діңгектен барлық бағытта орналасады (шпиндельбуш); жалпақтар-қаңқалық бұтақтар қатардың бойымен  бір жазықтықта тұтас жеміс қабырғасын құра орналасқан (пальметталар); жайылмалы-стланцтар – ағаш бөрікбасы топырақтың бетіне жақын жер бетінде орналасады. Соңғы ағаш бөрікбасы  түрлері қыста аяздардан сақтауға болатын, қатаң ауыспалы климатты – Орал, Сібір, Қияр Шығысқа арнайы жасалынған.

Қазіргі уақытқа бақ шаруашылығында жасанды ағаш бөрікбасының негізгі тобына төмендегі түрлері жатады:

1) Итальяның қиғаш пальметтасы. Артықшылығы – жемісті ерте салады, өнімі жоғары, жемісі сапалы, өнімін жинауға жəне топырақты өңдеуге ыңғайлы. Кемшілігі – қалыптастырудың күрделілігі, ағаш бөрікбасы конструкциясының қатаңдығы, басқа жалпақ формалармен салыстырғанда шығынның молдылығы. Биік өсетін телітушілерді пайдаланғанда ерекше өсіп кетуі (4,2–5,7 м-ге дейін).

2) Еркін өсетін  пальметта. Аласа жəне орташа өсетін телітушілердегі бақтарға арналған (ұсынылады). Жеке-дара немесе қатаң қабатсыз(ағаштың əр жағынан 40–50 см аралықта) орналасқан 8–10 бұтақпен қалыптастырады. Артықшылығы – жеңіл қалыптасады,  ағаш  бөрікбасы  аласа,  сондықтан өнім жинағанға жəне күтімге ыңғайлы. Кемшілігі– еңбекті көп талап  етеді,  бекітетін таяныш жəне байлайтынжабдықтар қажет болады. Итальяның қиғаш пальметтасын және еркін өсетін пальметта кескінің 6.2-суреттен көруге болады.

6.2-сурет – Итальяның қиғаш пальметтасы (сол жақта), еркін өсетін пальметта (оң жақта)

3)  Грузбек (сұғақ  иірімді) –  голландиялық  қалыптастыру  үлгісі.  Аласа өсетін телітушілерде ерте жеміс салатын, аласа өсетін жəне спуралық сорттарды 3–4 х 1,5–1 жүйемен (1  гектарда 2,5–6,5  мың  ағаш)  отырғызуға арналған. Сидам биіктігі 30–40 см бөрікбасы 20–30 ұзын шатпа (шашақты) бұтақтардан құралды жəне сыртқы бейнесі (формасы) конус сипатта болады.

Артықшылығы –  ағаш  бөрікбасының  шағын  жəне  өлшемдерінің  үлкенеместігі,  жоғары  өнімді,  ерте  жемістілігі,  алыптасудың  арапайымдылығы, 1га-ға орналасатын ағаш санының жоғары алыңдығы. Кемшілігі –  алыптастырудың  бас  кезіндегі  ағаш  бөрікбасының қалыңдауы, қию жұмыстары мөлшерінің көптігі, отырғызуға аласа өсетінтелітушідегі екпе көшеттердің көп мөлшерде қажеттігі.

 4)  Пиллар (тізбек, бағана) – кіші көлемді бағана (тізбек) тəрізді қалыптастыру. Мұны ағылшын бағбаны  Г. Макклин  жасаған. Артықшылығы –  жыл сайын сапалы мол  өнім  береді, қию тəртібі қарапайым,  бақтың бірлік  өлшеміндегі ауданында (га)  жеміс  ағаштары  тығыз орналасады. Кемшілігі – қию жұмысының көп мөлшерде жүргізілуі. Аласа жəне жартылай аласа телітушілерді ғана қолданатындығы.  Біржылдық сабақтарда(шыбық)  жеміс бүршіктерін  молынан  салатын  сорттардың қажеттілігі, сондай-ақ жеміс тобындағы (звенодағы) əр түрлі жастағы бұтақтардың міндеті байыпты түрде бұзылуы мүмкін. Грузбек пен Пиллар бөрікбасы түрлерінің суреттерін 6.3-суреттен көруге болады.

6.3-сурет – Пиллар (сол жақта), Грузбек (оң жақта)

Алты жылдық ағаштың жылдық өскіндері сілтемемен көрсетілген. Бөрікбасының солжағының жеміс жебесі тез кезеңде қалыптастырылған (біржылдық өскіндер қысқартылмайды), оң жағы– кəдімгідей (біржылдық өркендер екі көзшеге қысқарта шырпылады).

Тапсырма: Барлық бөрікбас түрлерімен және параметрілерімен танысу. Əрбір  студент кем дегенде  түрлі  қалыптасқан 5 тікпе  көшетке сипаттама беруі керек.

Құрал жабдықтар мен материалдар:  Ағаш бөрікбасы суреттері мен параметрлері бар анықтамалықтар, бөрікбас суреттелген плакаттар, табиғаттағы ағаш бөрікбастары  мен макеттері, өлшегіш, қарындаш.

Жұмыс барысы. Əр екпе көшет бірінші бағанаға кезектік саны бойынша жазылады. 2-бағанадағы екпе көшеттің сидам биіктігін көрсетеді (тамыр мойыншасы мен бірінші қаңқалық бұтақ аралығы). 3-бағанаға қабаттың ярус) қатарлық санын кіргізеді. Сонан соң, қабаттағы бұтақ санын 4-бағанағы, ал қалыптастырылуда ескерілген қабаттардың ара қашықтығын 6-бағанаға енгізеді.                   Қаңқалық бұтақтардың діңгекпен шығу бұрышын (ең үлкен жəне ең кіші) 7-бағанаға, ал 8-бағанға бұтақтардың тарау бұрышы жазылады. 9-бағанаға жобамен алғандағы тікпе көшеттің бөрікбасы келтіріледі. Барлық алынған мәліметтерді 6.7-кестеге толтырыңыз.

6.7-кесте – Жеміс ағаштарының екі жылдық тікпе көшеттерінің ағаш бөрікбасының түрлерін анықтау.

Кезектілігі

Сидамның биіктігі, см

Қабаттың қатараралық саны, дана

Қабаттағы бұтақ саны, дана

Ара қашықтығы

Бұрышы

Көшеттің жобаланған ағаш бөрікбасы

Қабаттағы бұтақтардың аралығы, см

қалыптастыру

Бұтақтардың шығу (°)

Бұтақтардың таралуы (°)

Бақылау сұрақтары

  1. Ағаш бөрікбасын  құру  жүйесінде  қандай жалпы тəртіптерді сақтау қажет?
  2. Орталық жетекшінің  бар-жоқтығына  байланысты  ағаш  бөрікбасы қандай түрлерге бөлінеді?
  3. Сиретілген қабатты  ағаш бөрікбасының артықшылығы мен кемшілігі қандай?  
  4. Пиллар мен Грузбек ағаш бөрікбастарының  артықшылықтары мен кемшіліктері неде?
  5. Қазіргі уақытқа бақ шаруашылығында жасанды ағаш бөрікбасының негізгі тобына қандай түрлер жатады.