Бұл еңбек Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын әр тұрғыдан әдеби талдама жасап танытуды мақсат еткен. Мұнда XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ерекше, атап айтқанда синкретті өнерінің басын қосқан ақындық шеберлігі қарастырылып, оны туындылары бойынша сараптаған. Қазақ әдебиетінің аталған ғасыры бойынша әдеби тілін тұтастай түсіну және алған білімдерін пәнаралық әдебиеттану ізденістерінде, қазіргі заман әдебиетінің жанрлық түрін зерделеуде қолдану үшін студенттердің арнайы дайындығының практикалық негізін қалыптастыру дағдысын ұштайды.
Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша оқытылатын магистранттарға, студенттерге, сондай-ақ әдебиетшілерге, мектеп мұғалімдеріне, оқушыларына көмекші құрал ретінде пайдалануға арналған.
©Д. Ысқақұлы, Б. Ысқақ, С. Ысқақ 2017
©С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2017