Б. Ысқақ, С. Ысқақ

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. – Павлодар, ЭКО, 2003. Б. 60-66, 74-81, 95-96, 102-105, 134-138, 154-158, 171-176, 180-185, 195-196, 211-219, 319-321
  2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 9 том. – Павлодар, ЭКО, 2006. Б. 4-6, 320-337
  3. Қалижан У. М. Жүсіп: зерттеу. –Алматы:Атамұра, 1998. –30 б.
  4. Жүсіпова Г. Қ. Мәшһүр Жүсіп қиссаларындағы Мұхамед бейнесі: оқу құралы. – Павлодар, 2000.
  5. Негимов С. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының бейнелілігі // Мәшһүр Жүсіп оқулары. – Павлодар: ПМУ, 2001. –Б. 5-10 (176 б.)
  6. Сүтжанов С. Мәшһүртану (дәрістер жинағы). –Павлодар, 2006.
  7. Жүсіпов Е. Мәшһүр Жүсіп және шығыс руханияты. –Павлодар, 2007
  8. Коран (перевод с арабского Г. С. Саблукова). – Казань, центральная типография, 1907.
  9. Авицинна. Книга знания: Сочинения. – М: ЗАО ЭКСМО Пресс, 1999. – 752 с.
  10. Гимнастика тибетских монахов
  11. Богословский В.А. Политика 13 Далай-Ламы в Тибете.
  12. Жүсіп Қ. Қазіргі қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. –Павлодар, 2001
  13. Жүсіпов Н. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің фольклоршылық еңбегі. – Павлодар, 2001
  14. Дәуітұлы С. Мәшһүр ақын // Қазақстан ZAMAN, 4 шілде, №27 (434), 2003. – Б. 13

ТҮСІНІКТЕМЕ

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларынан талданған ғылыми мақалалардың негізінде осы еңбек дүниеге келді. Мұнда ақынның өлеңдері, философиялық шығармалары, барлығы 30 туындысы қарастырылды.

Бізді қызықтырғаны – ақын қолданған әдеби тәсілдер мен көркемдік құралдар. Ақын көбіне халықтық үлгімен 11 буынды, қара өлең ұйқасымен өрнектеген. Мәшһүр Жүсіптің ішкі сырына үңіліп, көркем қиялына бойлауымыз үшін ақын дүниетанымының түпкі қазығына мән бердік. Атап айтсақ, Құран Кәрімді жұмыс үстелінде ұстадық. Ақынның Бұқарада алған білімінің жұқанасына жету үшін Әбу Әли Ибн Синаның «Логикасын», Абайды, Шығыс ақындарын қайта оқып, түйін жасадық. Жалпы қазақ әдебиетінің Мәшһүр Жүсіп өмір сүрген кезеңі ескерілді.

Жұртшылық арасында ақынның көріпкелдік мәселесі көп сөз болады. Біз мұның себебіне басқаша қырынан, яғни оның білім көздерімен қатар шолу жасадық. Тибет ілімі туралы өз білімімізді кеңейттік. Мәшһүр Жүсіп сияқты діни-ғылыми сауаты болған, көзі қарақты, көкірегі саналы озық ойшыл портретін көз алдымызға келтіру мақсатымен жоғарыда аталған білім жетілдіру дайындықтарымен келдік. Бейнелеу тәсілдеріндегі сөз өрнектердің кестелі оюы сонда ғана өзіне тән айшығымен таныла бастады.

Теңіздің тамшысындай бұл жұмыс мақсатына сәйкес болашақтағы курс бағдарламалары мен т.б. еңбектердің бастамасы ғана деп есептейміз. Бұл еңбек студенттерді әдеби тілдің және әдебиеттанудың, ғасырлар тоғысындағы әдеби процестерінің дамуындағы Мәшһүр Жүсіптің практикалық өзіндік қолтаңбасымен таныстырады, қазақ прозасы мен поэзиясындағы жанрлық өзгерістердің ерекшеліктері, әдеби туындының құрылуы, қазіргі заманғы ұлттық поэзияның дамуындағы терең процестер, кейінгі жылдардағы сөз өнерінің идеялық-көркемдік перспективаларын түсіну туралы аз да болса мағлұмат береді, болашақ ізденістерге жол ашады деп сенеміз. Еңбектің мазмұнына практикалық материал кіреді, оны білу алдағы уақытта мамандықты, сондай-ақ практикалық материалды меңгеру үшін қажет, оны игеру әдебиеттану және тіл білімін зерттеу сияқты ұлттық әдебиет теориясы бойынша сабақтарды да табысты жүргізуде қажетті дағдылар мен шеберлікке үйретеді.