1 Жалпы мағұламаттар


1.1 Шығарушы жұмысты орындаудың мақсаты

Дипломдық жобалау құрылыс-бакалавр дайындау бойынша академиялық оқу үрдісіндегі қорытынды кезең болып табылады.

Оның мақсаты жүйелілік, студенттердің тәжірибелік және практикалық білімін бекіту, принциптерін және сәулеттік, есептік құрылымдық, экономикалық тапсырмалар және құрылыс технологиясы және ұйымдастыру тапсырмаларын шешумен инженерлік нысандарды кешенді жобалау тәсілдерін меңгеру болып табылады.

Дипломдық жобалау үрдісінде студенттер ғимараттар мен имараттардың дайындау, жинақтау және пайдалану кезіндегі экономикалық, технологиялық дағдыларын білуді қалыптастырады.

Дипломдық жобалау түлектің тәжірибелік тапсырмаларды өздігінен шешу, дайындығы барлық жағынан тексерілуі орындау үрдісіндегі студенттің шығармашылық жұмысы.

Жобадағы қабылданған барлық шешімдер үшін қызметтік жауапкершілікті студент - диплом орындаушы (дипломник) алады. Ол кафедра тағайындаған уақытта кафедра комиссия мүшелеріне дипломдық жоба тақырыбы бойынша аралық және қорытынды материалдарды қарауға ұсыну міндетті. Ғылыми жетекшінің және кеңесшінің рөлі дипломдық жобаның құрамын және көлемін анықтау, тапсырмаларды орындауды және күнтүзбелік орындау жоспарының жобасын бақылау принциптерінің сұрақтары бойынша кеңес жүргізу болып табылады.

1.2 Дипломдық жобаның тақырыптары

Дипломдық жоба тақырыптарын кафедра ереже ретінде тәжірибелік материалдың негізінде немесе кәсіпорын тапсырыс беру негізінде анықтап және ол мемлекеттік халық шаруашылық қажеттілігінен туындауы мүмкін.

Құрылыс мамандығы бойынша жалпы дипломдық жобалау нысандары болып келесі ғимараттар мен инженерлік имараттар болуы мүмкін :

- халықтық шаруашылықтың әр түрлі салалары үшін өндірістік ғимараттар;

- қоғамдық ғимараттар;

- тұрғын ғимараттар;

- инженерлік имараттар;

- ғимараттарды қайта тұрғызу.

Дипломдық жобалау үрдісінде жаңа, салынып жатқан нысандар, сонымен қатар қайта тұрғызу және қазіргі уақытта бар ғимараттар мен имараттардың күшею жобалары жасалуы мүмкін.

Жеке күрделі инженерлік нысанілер бір уақытта бірнеше дипломшы кешенді жобаның өзіндік бөлімдерімен жұмыс жасай отыра жобалауы мүмкін.

Дипломдық жобаның тақырыбын анықтау кезінде студенттің курстық жобалау және өндірістік тәжірибедегі икемділігі, түлектің келешек жұмыс сипаты ескерілуі керек.

Дипломдық жобалар академиялық және нақты тапсырмалар не болмаса ғылыми-зерттеу тарау бар тапсырмалар бойынша орындалуы мүмкін.

Студенттердің өндірістік тәжірибелер кезінде жиналған материалдар немесе мекеме және ұйым тапсырысы (өндіріске енгізу кепілінсіз) негізінде диплом жасауға академиялық тапсырмаларды шығарушы кафедра береді. Осы топқа бұрын орындалған нысандарды жобалау тапсырмалары да кіреді.

Нақты тапсырмалар студенттер дипломдық жобаларын толық немесе оның арнайы бөлімдерін орындауына байланысты жобалау мекемелерімен беріледі. Сонымен қатар жобалау нысандары нақты жобалау кезінде жобалау мекемелерінде қолданылатын, жобалау мекемесінің жоспарындағы нысандар немесе жобалары ұқсас нысандар болып табылады.

Ғылыми-зерттеу бөлімдері бар тапсырмалар ғылыми-зерттеу жұмыстарында икемділік көрсеткен студенттерге беріледі. Бұл дипломдық жоба бойынша студенттің жеке теориялық немесе эксперименталдық дипломдық жобалау кезінде немесе оған дейінгі уақытта жасалған жұмысы.

Дипломдық жобаның тақырыбы диплом алдындағы тәжірибеден бұрын студентпен таңдалып кейін университеттің ректорының бұйрығымен бекітіледі.

Диплом алдындағы тәжірибе аяқталған соң дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбы қажеттілігіне қарай нақтылануы және кафедраның ұсынысымен түзетілуі мүмкін.

Дипломдық жоба тақырыбы бекітілгеннен кейін ғылыми жетекшісі студентке дипломдық жобаны орындауға тапсырма береді және диплом орындаушы студент дипломды орындаудың күнтүзбелік жоспары жұмыстарын жасайды.

1.3 Дипломдық жобаға арналған тапсырмалар мен берілгендері

1.3.1 Шығарушы жұмысқа тапсырма. Шығарушы жұмыстың жалпы жетекшілігі «Өнеркәсіптік, азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасы тағайындаған ғылыми жетекшімен жүзеге асады. Сол уақытта дипломдық жоба бөлімдері бойынша кеңес беруді университеттің басқа салалы кафедралардың тәжірибелі оқытушылары жүргізеді.

Дипломдық жобаның ғылыми жетекшісі студентке арнайы бланкте толтырылған тапсырма береді, онда жобалауға арналған арнайы мәліметтер қарастырылған және сонымен қатар орындауға арналған сұрақтар, есептік-графикалық бөлімнің көлемі, орындау мерзімінің күнтүзбесі көрсетілген.

Жобаның басқа бөлімдері бойынша студент тапсырмаларды кеңес берушілерінен алады және оны ғылыми жетекшісімен үйлестіреді.

Дипломдық жобаның арнайы қарастырылған материалы болуы мүмкін: проекті жоба негізінде жасалған типтік және жеке жобалар, нысан паспорты, басжоспар көшірмелері, ғимараттар мен имараттардың кескіндері, құрылыс алаңдарының гидрогеологиялық шарттары.

Берілген материалдардың сандық және сапалық құрамдары кафедрамен студенттерді диплом алдындағы тәжірибеге бағыттаған кезде анықталады.

Тапсырма берер алдында ғылыми жетекші дипломдық жобаның тақырып мазмұнын, студенттің теориялық және тәжірибелік дайындық дәрежесін және басқа да жағдайларды ескеруі тиіс.

1.4 Шығарушы жұмыстың құрамы мен көлемі

Шығарушы жұмыс ақырғы курстың студентінің мамандығы бойынша өзі дайындап жазған ғылыми жұмыс (жобалау) шешімі болып саналады.

Дипломдық жобаның құрылымдық элементтері болып табылады: тыс беті; титул парағы; дипломдық жобаға (жұмысқа) арналған тапсырма; мазмұны; кіріспе; негізгі тараулар; қорытынды; қолданылған әдебиеттер тізімі; қосымшалар.

Тыс бетінде дипломдық жоба (жұмыс) орындалған ұйым атауы, автордың тегі және инициалы, дипломдық жоба (жұмыс) тақырыбы, жұмыс түрі - дипломдық жоба (жұмыс), мамандық атауы мен коды,қала және жыл көрсетіледі. Тыс беті нөмірленбейді.

Титул парағы дипломдық жобаның бірінші беті болып табылады және онда келесі мәліметтер көрсетіледі: дипломдық жоба (жұмыс) орындалған шығарушы кафедра, ұжым атауы, жұмыс түрі- дипломдық жоба (жұмыс), «тақырыпта» нұсқаулығымен дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырып атауы, мамандық атауы мен коды, сол жағынан «орындаған» сөзі, оң жағынан қарама- қарсы студенттің тегі көрсетіледі, бір жол төменірек сәйкес «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми лауазымы көрсетіледі» және тегі, қала және жыл.

Шағарушы жұмыстың құрамына кіретіндер: кіріспе, тараулар мен тараушалар, қортынды, пайдаланған әдебиеттердің тізімі, қосымшалар.

Кіріспеде шағарушы жұмыстың қажеттілігі, ғылыми жаңалығы, тәжірибиелік қажеттілігі және жұмыстың мақсаты, қарастырлатын есептер, оларды шешу үщін теориялық және әдістемелік негіздер, жазуға арналған тәжирибиелік негіз қарастырылуы қажет.

Шығарушы жұмыстың негізгі бөлімінде оның мақсаты, құрамы, пайдаланған тәсілдер және шағарушы жұмыстың қортындылары беріледі.

Шығарушы жұмыстың негізгі бөлімі тарауларға және тараушаларға бөлінеді.

Қортындыда дипломдық зерттеу бойынша қысқаша мәлімет, шешілген мәселелердің толықтығы бойынша баға және олар туралы нақты нұсқаулар қарастырылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес орындалады.

Қосымшада негізгі бөлімге кірмеген материалдар беріледі.

Шығарушы жұмыста қаралған шешімдер үшін, олардың толықтықтағына, дұрыстағына, шындығына жауапты студент – шығарушы жұмыстың авторы.

Шығарушы жұмыс төменгі құрамда орындалады:

- графикалық бөлім, көлемі А1 форматты 6-8 сызба;

- есептік түсініктеме хаттама 80-90 бет.

Дипломдық жоба келесі тараулардан тұрады: сәулет-құрылыс, есептік-құрылымдық, ұйымдастырушылық-технологиялық, өміртіршілік қауіпсіздігі және экономикалық. Жеке тараулардың мазмұнының көлемі мысал ретінде 1 және 2 кестелерде көрсетілген.

Дипломдық жұмыс ғылыми зерттеу бағытының, теориялық және эксперименттік зерттеулердің қортындыларын қарастырады. Бұл жалпы 2.7 пункте мәліметтер бар.

Кесте 1 – «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау» оқыту бағдарламасы үшін дипломдық жоба тарауларының мазмұны мен болжамды көлемі

 

Тарау атауы

Көлемі

 %

сызба

(саны)

Түсініктеме хатттама

(бет)

 

Кіріспе

 

 

 

1

Сәулет-құрылыс

20

2-3

12-15

1.1

Сәулет-құрылыс шешімі. Қабылданған шешімдер сипаттамасы

 

 

 

1.2

Жылу-техникалық есеп 

 

 

 

1.3

Инженерлік жүйелер

 

 

 

2

Есептік – құрылымдық

40

2-3

30-35

2.1.

Нұсқалық жобалау (жинақтау және көтергіш конструкцияларды таңдау)

 

1

 

2.2

Статикалық есептеу және элементті жобалау 1

 

1

 

2.3

Статикалық есептеу және элементті жобалау 2

 

1

 

3

Ұйымдастырушылық-технологиялық

25

3

20-25

3.1

Көтергіш конструкцияларды тұрғызудың принципті тәсілдері

 

 

 

3.2

Конструкциялардың тұрғызылатын технологиялық картаға технологиялық бағалау бойынша және техника қауіпсіздігін сақтау шаралары

 

1

 

3.3

Жұмыс өндірісінің күнтүзбелік жоспары

 

1

 

3.4

 Құрылыстың бас жоспары

 

1

 

4

Өміртіршілік қауіпсіздігі

5

 

8-10

5

Экономикалық тарау

10

 

8-10

 

Қорытынды

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі

 

 

1-2

Кесте 2 – «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы»  оқыту бағдарламасы үшін дипломдық жоба тарауларының мазмұны мен болжамды  көлемі

Тарау атауы

Көлемі

 %

сызба

(саны)

Түсінікте хаттама

(бет)

 

Кіріспе

 

 

 

1

Сәулет-құрылыс

20

2-3

12-15

1.1

Сәулет-құрылыс шешімі. Қабылданған шешімдер сипаттамасы

 

 

 

1.2

Жылу-техникалық есеп 

 

 

 

1.3

Инженерлік жүйелер

 

 

 

2

Есептік – құрылымдық

30

1-2

20-25

2.1

Нұсқалық жобалау (жинақтау және көтергіш конструкцияларды таңдау)

 

 

 

2.2

Статикалық есептеу және элементті жобалау 1

 

1

 

2.3

Статикалық есептеу және элементті жобалау 2

 

 

 

3

Ұйымдастырушылық-технологиялық

40

4

30-35

3.1

Көтергіш конструкцияларды тұрғызудың принципті тәсілдері

 

 

 

3.2

Конструкциялардың тұрғызылатын технологиялық картаға технологиялық бағалау бойынша және техника қауіпсіздігін сақтау шаралары

 

2

 

3.3

Жұмыс өндірісінің күнтүзбелік жоспары

 

1

 

3.4

Құрылыстың бас жоспары

 

1

 

4

Өміртіршілік қауіпсіздігі

5

 

8-10

5

Экономикалық тарау

10

 

8-10

 

Қорытынды

 

 

 

 

Қолданған әдебиеттер тізімі

 

 

1-2

1.5 Шығарушы жұмысқа қойылатын талаптар

Актуальдық тақырып бойынша ғылыми жетекшінің басқаруымен жасалған шағарушы жұмыс төменгі талаптардың біруіне сай болуы керек:

  • ғалымдар, инженерлер, конструкторлар, менеджерлер, экономистер жасаған зерттеулердің, жобалау шешімдердің қортындыларын пайдалану;
  • зерттеу нысаны бойынша ғылыми дәлелденген теориялық қортындыларды пайдалану;
  • ғылыми дәлелденген қортындыларды пайдалану арқасында есептердің нақты шешімдерін қамтамасыз ету.

Шағарушы жұмыс мамандық бойынша арнайы әдебиеттерді терең оқу негізінде орындалады (оқулықтарды, оқу құралдарын, монографияларды, дәрістін курстарды, журналдарды оның ішіне шетел тілдеріндегі, нормативтік әдебиеттерді және т.б.).

Барлық шағарушы жұмыстарда тапсырма бойынша перспективті теориялық және тәжірибиелік сұрақтар қарастырылуы қажет.

Мамандық бойынша оқушылар шағарушы жұмысты құрылыста замануй технологияны, автоматтандыруды пайдалану кешенді механизациялау, стандарттау, ғылыми негізінде еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару сұрақтарын қарастыруы қажет. Әр-бір жұмыс экономикалық түрде дәлелденуі керек және оларда еңбекті қорғауға, өндірістік экологияға арналған тараулары болуы қажет.

Түсініктеме хаттамада жұмыстың шығармашылық мақсаты, пайдаланған зерттеу әдістемелері, есептеу тәсілдері, есептердің өздері компьютерлік бағдарламалармен жасалған, техникалық – эконикалық салыстырмалары нұсқалардың дәлелденуі керек және олар қажет суреттемелермен, графиктермен, эскиздермен сұлбалармен қоса берілуі қажет.

1.6 Шығарушы жұмысты жасау әдістемесі

1.6.1 Дипломдық жобаны сәулет – құрылыс тарауынан бастау керек, алдын-ала ғылыми жетекшімен оның тарауларында шешілетін сұрақтарды ескере отырып. Бұнда көңіл аударатын жағдай барлық тараулардың қамтып бірге жасалатын сұрақтар. Сәулет-құрылыс тарауымен бірге есептік-құрылымдық тарауының кейбір жағдайларын толықтырып, оны бітіруіне және әрі қарай конструкциялардың сызуларын жасауға мүмкіндік тудырады.

Күрделі конструкцияларды жобалағанда жақындалған (болжамдалған) есептеу әдістерін дайын өрнектерді, графиктерді қолдануға болады.

 Өте маңызды, жасалған есептерді тексеріп, сосын тараулардың кеңесшілерене тексеруге көрсеткен. Есептеумен бірге конструктивтік құрылымдаумен айналысқан жөн.

Ұйымдастыру-технологиялық тарауын жұмыстар көлемін және олардың нысан бойынша еңбек сыйымдылығын есептегеннен бастаған дұрыс. Сынаған есептердің қортындылары ведомоске толтырылады және кейін өндіріс үрдісін, өндірістің күнтүзбелік жоспарын жасағанда және құрылыстың құнын санағанда пайдаланады. Өндірістік үрдітер өндірістік күнтүзбелік жоспармен қатар жасалады, себебі өндірістік үрдісті жасағанда жұмысты жасау әдісімен оның жасау мерзімі, ал күнтүзбелік жоспардан – директивтік уақыт және бірлестірілген үрдістер туралы мәлімет алынады. Сондықтан олар бір-бірін толықтырады. Бұл тарауларды бітірген соң жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін санауға кіріскен жөн.

1.6.2 Дипломдық жұмысты жұмыстың жоспарын не болмаса жасау бағдарламасын бекіту бастаған дұрыс. Ол үшін жоба ғылыми жетекшімен келісіледі. Ғылыми жетекші нақты есептердің жасау уақытын және бақылау түрін бекітеді. Негізгі бөлімін жасаған кезде зерттеудің бағытының таңдауына, теориялық және эксперименттік зерттеудің үрдісіне, олардың қортындыларының түріне көңіл аударған жөн.

Тараудың жұмысы бітті деп ол тексеріліп және түсніктеме хаттамаға, сызбаларға кеңесшінің қолы қойылғаннан кейін ғана санауға болады.

Шығарушы жұмыстың элементтерінің құрамын хаттау мысалдары А – И қосымшаларда қарастырылған.

Шығарушы жұмысты жасаған кезде студент өзінің ғылыми және техникалық әдебиеттерді, типтік жобалық жұмыстарды және т.б. білімді қолдана білетінін көрсете алу қажет. Зерттеу тақырыбы бойынша жаңа прогрессивтік шешімдер іздеген жөн. Осы себебпен құрылыс саласының журналдары, ақырғы жылдардың реферативтік шығарымдары қаралып, арнайы ғылыми-техникалық әдебиеттерден мәліметтер (монографиялардан, анықтағыштардан, оқулықтардан, нормативтік құжаттардан) және жұмыс бойынша кеңесшілердің нұсқауларын пайдаланғаны дұрыс.

Жұмыстың басынан бастап міндетті түрде бөлек дәптерге пайдаланған әдеби және жобалық негіздерді студенттің жазып отырғаны жөн. Бұнда тек жұмысты жасағанда пайдаланған негіздер көрсетілуі керек. Пайдаланған негіздерді түсініктеме хаттамада пайдалану ретіне қарай жазу қажет.