Қаралып отырған тараудың 2.1 – 2.6 пунктерінде дипломдық жобаның тарауларын жасауға арналған нұсқаулар, ал 2.7 пунктінде дипломдық жұмыстың тарауларын жасауға арналған нұсқаулар берілген.
2.1 Сәулет-құрылыс тарауы
2.1.1 Жалпы мәлімет. Сәулет-құрылыс тарауында іргетастар, қабырғалар, қаңқалар, жабындар және шатырлар, аражабындар және ғимараттардың басқа да бөліктері үшін материалдарда таңдау жүргізіледі, функциялық және технологиялық үрдістердің, нысанның көлемдік-жобалық шешімдердің, инженерлік жүйелердің, бас жоспардың, қажет техникалық есептердің жазбалары қаралады. Тұрмыстық, өндірістік, азаматтық ғимараттарының бөлмелерінің жоспарлары жасалады.
2.1.2 Түсніктеме хаттаманың мазмұны. Сәулет-құрылыс тарау бойынша түсніктеме хаттама құрамында болуы тиіс:
а) қысқаша кіріспе мәлімет, жобаланып жатқан нысанның мәні, пайдаланған материалдар және жобалауда енгізілген жаңа ерекше жаңалықтар туралы мәлімет;
б) құрылыс алаңына қысқаша сипаттама (климаттық, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық шарттар, жергілікті құрылыс материалдары туралы берілгендер және құрылыс ерекшеліктері);
в) нысанның бас жоспарының сұлбасының жазылуы;
г) ғимараттар мен имараттарды, пайдалану кезінде жүзеге асатын технологиялық үрдістер, бұл үрдістердің байланысын сипаттайтын технологиялық ерекшеліктер (технологиялық үрдістер ерекшелігінен конструкцияларға, құрылымдық шешімдерге талап қойылуы тиіс);
д) сәулеттік-жобалану шешімдер бөлмелердің спецификациялары мен саналған техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен (құрылыс ауданы, пайдалы аудан, құрылыс көлемі және т.б.);
е) нысанның сәулеттік-конструктивтік шешімдері дәлелденіп қабылданған іргетастардың, қабырғалардың, ішкі қабырғалардың, аражабындардың, төбе жабындардың, едендердің конструкцияларымен және ғимараттың ішкі, сыртқы өңдеулерімен;
ж) қабырғаның, төбенің және басқа элементтердің жылу-техникалық есебі және қажет болған жағдайда жылуөткізуге, дыбысөткізуге және басқа да есептер;
з) ғимараттар мен имараттардың инженерлік қондырғыларын таңдаудың және жазылуының негізгі жағдайлары.
Тараудың тақырыбын жазғанда жобада алынған шешімдерге қолданатын Мемлекеттік стандарттар мен нормаларға сүйеніп қажетті сұлбалар мен кестелерді келтіру қажет. Осыған қоса дипломниктің өзі ұсынған жаңа, тиімді шешімдерінде көрсеткен дұрыс (көлемдік-жобалау шешімдерді жаңғыртуда, оптимизациалауда, жаңа құрылыс материалдарын, конструкцияларын пайдалануда, конструкциялардың салмағын, құрылыстың құнын төмендетуде).
Жобада пайдаланған энерготиімді шешімдерді жазуға ерекше көңіл аудару керек (инженерлік жүйлер және қоршағыш конструкциялар техникалық шешімдер) және тұрғын үйлерді пайдалануда максималды әр-түрлі сервис түрін қарастыруға.
2.1.3 Графикалық бөлімнің мазмұны. Сызбаларға (2-3 бет А1 форматында) кіретіндер:
- бас жоспар ауданның жел бағыттары және жер шарының бөліктері көрсетілген;
- бас қосбетен не болмаса ғимараттың (имараттың) перспективасы (боялған);
- негізгі қабаттардың жобалары қажетті өлшемдерімен (бөлу өстеріне байланған);
- ғимараттың көлденең (қажет болса бойлық) қимасы: биіктік белгілері, өлшемдері, аражабын және төбе жабын құрамы көрсетілген. Бұл бетте бірнеше түйіннің сызбалары болу керек.
Арнайы құрылымдардың жобаларын (резервуарлардың, мұнаралардың т.б.) жасағанда олардың қосалқы бөлмелерін бірге қарастыру ұсынылады. Сәулет-құрылыс тарауында қосалқы бөлмелердің жоспарлары және кескіндері жасалады.
Бас жоспарда жобаланатын, сақталатын, жаңғыртылатын нысандар, жолдар, әр-түрлі алаңшалар, өткелдер, тротуарлар, механикаландырылған көлік жолдары, инженерлік жүйелер, ауданның көріктендіру жұмыстары 1:500 – 1:1000 – 1:2000 масштабтарда болып көрсетілуі қажет. Басжоспар сызбаларында жазықтық және тік жобалау элементері орындалады. Бейнеленген территория тор өстерімен жабылады да қабырғалары 100 мм тең квадраттарға бөлінеді. Осьтер санмен белгіленеді, олардың әр қайсысы сызба масштабында жүз метрге тең және әріптермен А – көлденең, Б – тік остер. Құрылыс нүктелерінің координаттары белгілеу түрлері ОА+51.00, ОБ+15.00 және олар сызбада белгіленіп қойылады: тіктері – сызу белгі сөресінің үстінде (алымында), көлденеңдері – сызу белгі сөресінің астында (бөлімінде). Жобаланатын ғимараттар бас жоспарда сақталған нысандарға не болмаса қызыл сызыққа байланса құрылыс торы сызбаға түсірілмейді.
Тік байлауда бас жоспарға жазықтық сызықтар белгіленеді, олардың белгілері 0,5 не болмаса 1,0 м тең болуы қажет. Жазықтың сызықтардың белгілері жер бедері жоғарлайтын жақтан бастап қойылады, сосын ғимарат бұрыштарының қара және қызыл белгілері есептеліп олар белгі сөресінің алымына – қызылы, бөліміне – қарасы жазылады (белгілер интерполяцияланып алынады).
Сызбада бас жоспардың түгел элементтерінің экспликациясы келтіріледі және онда келесі техникалық-экономикалық көрсеткіштер болуы қажет: участке ауданы, құрылыс ауданы, көгалдандыру ауданы, жол жабынының ауданы және т.б. Сызбаның сол жақ бұрышында векторлық диаграмма салынады, онда пайыз бойынша жел бағытының қайталануы («жел гүлі») көрсетіледі.
Нысаның жоспардағы өлшемдеріне, сызбаның, құрылымдауына байланысты қабаттың жоспарлары 1:50, 1:100, 1:200 масштабтарда орындалады.
Қабат жоспарларында көрсетілетіндер:
а) ғимараттың (имараттың) координаттық осьтері;
б) өлшемдер, координаттық осьтердің арасын және ойықтарды, қабырғаларды, әр-түрлі биіктікте орналасқан участке белгілерін және басқа да өлшемдер көрсетіледі;
в) кескіндердің сызықтары, белгілері, өлшемдері. Кескіндер ойықтар, сатылар, қақпалар, лифтер, балкон және лоджиялар арқылы өткен дұрыс;
г) ғимараттар (имараттар) элементтерінің позициялары, есік және қақпа ойықтарының толтырулары, ойық арқалықтары, сатылар және т.б. Позициялық белгілер диаметр 5-7 мм дөңгелек белгілердің ішінде қойылады;
д) түйіндер және жоспарлар фрагменттерінің белгілері;
е) бөлмелердің атаулары, олардың аудандары, жылу қауіпсіздігі және жану-жарылу категориялы (тұрғын үйлерден басқаларына). Ауданды бөлменің төмегі оң жақтағы бұрышына қояды (оның асты сызылуы қажет). Категория белгілерін бөлменің атауының астына тікбұрыш ішіне қойылады. Тұрғын үйлердің жоспарларында пәтердің түрі (екі, үш бөлмелі) және ауданы қойылуы мүмкін. Категория белгілерін, бөлмелердің атауларын, олардың аудандарын экспликацияда көрсетуге болады. Бұл жағдайда жоспарда тек бөлмелердің номер белгілері ғана қойылады. Тұрғын үйлер үшін көбінесе экспликация жасалмайды;
ж) технологиялық крандардың қозғалу аудандарының шектері (қажет болған жағдайда);
з) санитарлық-техникалық жабдықтардың орналасуы (қажет болған жағдайда).
Жоспарлардың саны сәулет-құрылыс тарауының кеңесшісімен және ғылыми жетекшімен келісіледі. Жоспарлары әр-түрлі көп қабатты ғимараттар үшін тарау кеңесшісімен және ғылыми жетекшінің келісімімен жоспарлар бір бөлігін сызба бетіне, ал қалған бөлігін түсніктеме хаттамада келтіруге болады.
Қасбет пен кескіндер 1:50, 1:100, 1:200, 1:400, 1:500 масштабтарда орындалды. Қасбеттерде және кескіндерде белгіленеді:
Қасбеттерде терезе ойықтарын толтыру түрлері де негізгі материалдан айырмашлықта болса қабырғаның бөлек участкілерінің материалдары да ескеріледі. Әйнек ойықтарының түрін қабат жоспарында көрсетуге болады. Қасбет берілген бетте қажет болса қасбеттің өңдеу ведомосі көрсетіледі. Қасбет бояу не болмаса бояусыз орындалады.
Кеңесшімен келісіп ғимараттық өсіне байланған 2-3 түйін 1:10 / 1:20 масштабында жасалады.
Сәулет-құрылыс тарауының сызбалары бойынша кейін көтергіш элементтерді есептеуге, нысанды тұрғызуға технологиялық, ұйымдастыру өндірістік үрдіс жұмыстарын жобалағанда және құрылыс құнын есептегенде қажет жүктемелерді, конструкциялардың көлемін анықтауға жағдай болуы қажет.
2.2 Есептік-құрылымдық тарау
2.2.1 Жалпы мәліметтер. Есептік-құрылымдық тарау дипломдық жобалауда тапсырмасына негізгі көтергіш конструкциялардың есебінен тұрады.
Жобаның есептік-құрылымдық тарауы тұрады:
- «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау» оқыту бағдарламасы үшін 30-35 бет түсінікте хаттамадан және 2-3 бет сызбалардан;
- «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» оқыту бағдарламасы үшін 20-25 бет түсінікте хаттамадан және 1-2 бет сызбалардан.
Шығарушы жұмыста заманауи құрылымдық шешімдер қабылдау ұсынылады. Техникалық-экономикалық және басқа да көрсеткіштердің жан-жақты талдау нәтижесінде негізгі көтергіш конструкциялардың нұсқауы қабылданады.
Салмақ көтергіш конструкциялардың құрылымдық сызбасы жан-жақты шешім қарастыру негізінде төменгі сұрақтардың шешілуі бойынша қабылданады:
а) негізгі көтергіш жүйенің құрылымдық және есептік сұлбаларын,олардың генералды өлшемдерін және негізгі элементтердің өлшемдерін,қима типтерін анықтау;
б) сұлбаларды таңдау және ғимараттардың (имараттардың) қалған элементтерін орналастыру;
в) ғимараттардың (имараттардың) кеңістік қатаңдығын және олардың элементтерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
г) негізгі кернеу және элементтер жіктерінің құрылымдық шешімдері.
Түсініктеме хаттамада келесі материалдар көрсетілуі қажет:
а) жобаланатын конструкциялар туралы жалпы берілгендерді баяндайтын сипаттама: оның тағайындалуы, құрылымдық ерекшеліктері, бөлшектеу типтері және т.б.;
б) әрекеттенетін (берілген) жүктемелер туралы мәлімет, олардың көлемдері есептеліп, нормаларға сәйкес қабылданады;
в) конструкциялардың есебі міндетті түрде әрекеттенетін (берілген) жүктемелерге есептеліп, статикалық сұлбалармен дәлелденуі қажет. Ғимараттар мен имараттардың есептерінің жүргізілуі, олардың құрылымдық және есептік сұлбалары нақтыланған жағдайда ғана мүмкін. Әдетте статикалық есеп жобалау тәжірибесінде бар қысқартуларды ескеруді қарастырады. Бірақ, есептік сұлбаны өте нақты қабылдау ұсынылады, мысалы: іргетастың бұрылуы және шөгуі, ғимараттың кеңістік жұмысын және т.б. ескеру. Ішкі күштер ЭВМ қолдана отырып, құрылыс механика әдістері мен есептік бағдарламалар бойынша анықталады. Барлық есептеулер түрлері, кейін тексеруге ыңғайлы болу үшін сұлбалармен дәлелденуі қажет, ал олардың қорытындылары кесте түрінде берілуі керек;
г) құрылымдық есептерді жүргізудің негізгі мақсаты элементтер қимасын таңдау, олардың беріктігін, тұрақтылығын,қатаңдығын анықтау. Құрылымдық есептер сызбалармен бекітілуі тиіс;
д) құрылымдық принциптерін сипаттау. Конструкциялардың жеке түйіндеріне, жинақтау жіктеріне және бөлшектерге эскиздер берілуі қажет.
Содан кейін қабылданған негізгі көтергіш конструциялардың нұсқаларына жобалау жүргізіледі.
«Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау» оқыту бағдарламасы бойынша оқитындарға ұсынылады - екі элементті есептеу және құрылымдау, ал «Өндірістік және азаматтық құрылыс технологиясы» оқыту бағдарламасы бойынша оқитындарға жоба ғылыми жетекшісінің келісімімен - элементті есептеп, бір элементтің конструкциясының құрылымдауы ұсынылады.
2.2.2 Конструкциялар материалын ескере есептік тарау мазмұны. Конструкцияларды жобалау дипломдық жобалаудың негізгі тарауларының бірі болып табылады және мына құрамдардан тұрады:
1) айрықша үнемді үйлестірілген жүктемелер мен жерлер бойынша конструкциялар мен олардың элементтеріндегі күштемелерді анықтау;
2) материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерін ескере отырып, әрекет ететін күштемелер бойынша қималарды таңдау;
3) құрылымдық шешімдер.
Ғимараттардың (имаратардың) түгел құрылыс конструкциялары шекті жағдай тәсілдері бойынша есептелінеді: пайдалануға жарамсыздығы бойынша; пайдалануға қалыпты жарамсыздығы бойынша.
2.2.2.1 Конструкциялардың статикалық есептері. Конструкциялардың элементтеріндегі күштемелерді анықтау үшін қажет:
а) жүктемелерді құрастыру және әсерлерді сыртқы ықпал ететін (температурадан, тірек шөгуінен, агрессивті ортадан және т.б.);
б) есептік сызбаны құрастыру;
в) құрылыстық механика әдісімен барлық жүктермелер және әсерлер түріне конструкциялар есебін жүргізу.
Тұрақты және уақытша жүктемелер классификациялары, олардың сипаттамалары және мүмкін болатын байланыстарды ҚНжЕ «Жүктемелер және әсерлер» бойынша қабылдайды. Жүктемелерді анықтау кесте түрінде жүргізілуі тиісті. Жүктемелерді таңдау инженерлік есептің маңызды тарауы болып табылады, себебі ол түбінде конструкциялар жұмысының сенімділігін анықтайды.
Жобаланатын конструкцияларды айрықша қолайсыз тұрақты және уақытша жүктемелердің үйлесімдеріне есептеу қажет (негізгі және ерекше үйлесімдер).
Ғимараттарды және имараттарды жобалау кезінде беріктікті, қатаңдықты, жалпы тұрақтылықты, сонымен қатар ғимараттың (имараттың) кеңістікті өзгермеушілігін қамтамасыз ететін нақты құрылымдық сызбалар қабылдауды қажет етеді.
Құрылымдық сызбаларда орнату қажет:
а) жеке конструкциялар типтерін (жазықтықты, кеңістікті, тұтас, кереге көзді, ілініп тұратын);
б) конструкциялар қималарының және олардың элементтерінің негізгі өлшемдері мен пішіндері;
в) түйіндік түйістіру тәсілі есептік сызбамен үйлестірілген. Есептік сызба құрылымдық қабылданған сызба бойынша алынады. Сонымен қатар барлық жағдайларда есептік және құрылымдық сұлбалардың сәйкестік шешімі табылуы қажет.
Есептік сызбаларда қабылдануы тиіс:
а) есептік аралықтар;
б) барлық элементтер ұзындығы және олардың жеке участкесіндегі әр түрлі момент инерциялары және қима аудандары;
в) есептеулер үшін қабылданатын бір-бірімен үйлескен түйін элементтері және жүйелерді ығысудан бекіту сипаты (толық немесе серпімді қысу,тоспалы);
г) қима материалдарының механикалық қасиеттерінің параметрлері;
д) белгіленген сұлбаға есепке қабылданған жүктемелер мен әсерлердің қойылу әдістері.
Әр есептік сызба шартты болып табылатындықтан, есептеу кезінде көп дәрежеде нақты конструкциялар жұмысына сәйкес келетін және жүйелі түрде есепті қысқартуға мүмкіндік беретін сызбаны таңдау тиіс.
Конструкциялардың есептеуі құрылыс механика әдісімен жүргізіледі. Қиын жүйелі статикалық есептеу кезінде жұмыстың еңбексыйымдылығын орналастыру мақсатында есептік сызбаларды айқындау мүмкіндіктері жүргізу ұсынылады, сонымен қатар жақындалған есептік әдістер, монограммалар, міндетті түрде әдебиеттер қайнар көздеріне нұсқауланған кестелер. Сонымен қатар құрылыс конструкцияларын және ғимараттармен мен имараттардың негіздерін санауға арналған лицезиялық компьютерлік бағдарламаларда пайдаланған жөн (SCAD, Лира, Геомеханика және т.б.).
2.2.2.2 Элементтер қимасын таңдау және құрылымдық шешім принциптері. Құрылыс конструкциялар элементтерінің қимасы мен құрылымдық шешімдерін таңдау, олардың рационалды пішіндерін, қима өлшемдерін, материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерін және кернеулі-деформациялық жағдайын ескере отырып, қима бойынша үйлестіріп орналастыру болып табылады. Сонымен қатар конструкциялық элементтерінің жергілікті беріктігіне және тұрақтылығына есеппен ескерілмеген жүктемелер мен әсерлерге кепілдік беретін талаптарды сақтау.
Күштік ықпалдарға конструкциялар есептеулері ҚНжЕ талаптарына сай қатаң түрде және шекті жағдайлардың 2.2.2.1 пункте айтылған 2 тобы бойынша қолданылатын нұсқаулармен жүргізіледі.
Құрылымдық шешімдерді қабылдағанда ескерілуі тиіс:
- конструкцияларды пайдалану шарттары;
- кең құрастырмалы конструкцияларды пайдалану қажеттілігі;
- материалдардың тиімді шығындауының және максималды еңбексыйымдылығын төмендеудің талаптарын сақтау.
Ғимараттар мен имараттардың әртүрлі конструкцияларының негіздерін есептеулері қарастырылады.
Темірбетон конструкциялары. Жобада қарастырылған темірбетон конструкцияларының есебі жүргізілуі тиіс:
а) көтеру қабілеті бойынша – беріктікке тексеруімен қажет жағдайда конструкциялардың түрінін төзімділікке тұрақтылығы, бірнеше рет қайталанатын қозғалмалы немесе серпімді жүктемелер ықпалында болған конструкциялар үшін;
б) деформациялар бойынша – қозғалу мөлшері, олардың пайдалануын мүмкіндігінін шектейтін конструкциялар және жарықшаның пайда болуы немесе ашылуы бойынша, олардың ашылуы нормасы жіберілмесе немесе шектелсе.
Конструкциялардың есебін барлық дайындау кезеңдерінде жүргізу қажет. Жасау, жинақтау, тұрғызу және пайдалану кезінде шекті жағдайлардың біріне жетуімен қауіп тууы мүмкін. Конструкциялардың түрі мен тағайындалуына байланысты тәуелді болуы сол немесе басқа есептік шекті жағдай болуы мүмкін. Кейбір конструкциялар үшін есеп екінші шекті жағдай бойынша жүргізілмейді, ал бірінші шекті жағдай бойынша есеп барлық конструкциялар үшін міндетті болып табылады.
Статикалық анықталмаған темірбетонды конструкциялар үшін күштемелерді серпімсіз деформацияны ескере анықтау керек, сонымен қатар шөгуіне және жылжығыштығына әсер ететін температуралық және ылғалды әсерлерді ескерген жөн.
Темірбетонды конструкциялардың элементтерінің беріктік есебі тік және қиғаш қималар бойынша есептік жүктемелерден және әсерлерден пайда болатын осы қималардағы күштемелерге жүргізілуі тиіс.
Темірбетонды конструкциялар есебінің негізінде шекті жағдай талаптарын қанағаттандыратын айрықша өтімді қимасын таңдау болып табылады. Тиімді пішін және қима өлшемдерін таңдауда, бетон класстарын анықтауда, қажетті арматура санын және оларды сызбаларда орналастыруда келесі факторларды дұрыс ескеру қажет:
а) конструкциялар дайындалатын материалдарының қасиеттерін;
б) сыртқы жүктемелерден және әсерлерден болатын күштемелерді үлестіру сипаттамасын;
в) материалдар мен конструкциялардың жұмыс істеу жағдайын.
Жобада жоғарғы класты ауыр және жеңіл бетоннан қолданылатын темірбетонды конструкцияларды, тиімді жылытқыштар, жоғары беріктікті арматуралар пайдалану ғимараттардың салмағын төмендеуге мүмкіндік береді, олардың құнын, ғимараттардың тұрғызу уақытын қысқартуға және ұзаққа төзімділігін арттыруға жағдай туғызады.
Құрылымдау кезінде келесі негізгі сұрақтарды шешу қажет:
а) қажетті беріктікті және қатаңдықты қамтамасыз ету шартымен қиманың максимальды жіберілетін өлшемдерін тексеру;
б) бойлық, көлденең және майысқан арматуралардың айрықша рационалды орналасуын қабылдау;
в) бетонның қорғау қабаты көлемін, арматура шыбықтарының аралығын белгілеу;
г) жазық және кеңістік қаңқаларды және арматуралық торларды жобалау;
д) қарапайым және алдын-ала кернеуленген элементтердің шет жақтарын арматуралауды жүргізу, сонымен қатар кернеуленген және кернеуленбеген арматуралардың түйістерін және олардың анкерлеуін орналастыру;
е) конструкцияларда орнатылатын салмалы бөлшектердің орындарын анықтау;
ж) беріктік, қатаңдық және ұзаққа төзімділігіне назар аудара отырып, құрамды элементтердің жіктерін шешу.
Қабылданған конструктивтік шешімдер конструкцияларды жасау, оларды тасымалдау, жинақтау және пайдалану кезінде қажетті жұмыс сенімділігін арттыру керек.
Тастар және армотастар конструкциялары. Тастар және армотастар конструкциялар есебі екі шекті жағдай тобы бойынша жүргізіледі: көтеру қабілеттілігі, деформация және жарықша пайда болу.
Қалаудың біртекті дәрежесін ескере, элементтердің шартты жұмысы және болжамалы жүктемеден орындалған есебі, тұрғызудағы ғимараттар мен имараттарды пайдалану уақытында шекті жағдай болуынан кепіл етуі тиіс. Көтеру қабілеттілігін тексеру тас материалдардың жылжығыштығы әсерінен және бойлық иілгіштігін ескере жүргізіледі. Мұндай конструкцияларға жататын тірек қабырғалар, зауыт құбырлары, ортадан тыс жүктелген іргетастар қажет жағдайда аударылуға және сырғанауға қарсы тұрақтылыққа есептелуі қажет.
Деформация бойынша тас конструкцияларын есептеудің келесі жағдайлары жүргізіледі:
- көлденең иіліуге жұмыс істейтін биік қаңқалы қабырғалардың көтеру қабілеттілігі горизонтальды жүктемелерді қабылдау үшін жеткіліксіз болған кезде;
- иілуге немесе созылуға жұмыс істейтін және қаптаған немесе сылаулы қабырғалар пайдалану кезінде жарықшалар болуы мүмкін емес.
Статикалық анықталмаған жүйелерде арнайы дәлелдеу кезінде жік ашылуымен немесе пластикалық деформацияның тудырумен күштемелердің қайтадан үлестірі ескерілген жөн.
Тас және армотас конструкцияларын жобалау кезінде келесі негізгі талаптарды ескеру қажет:
а) жеңіл материалдарды, қабығалардың тиімді құрылымдарын қолдана максималды түрде конструкция салмағын жеңілдету;
б) байланыстырғыш материалдар мен металдардың экономикалық шығыны бойынша талаптарды сақтау;
в) атмосфералық ықпалдар және агрессивті ортаға төзімді тұрақты материалдар мен бұйымдарды қарастыру;
г) ғимараттар мен имараттарды тұрғызу шығындарын төмендетуге мүмкіндік беретін индустриалды конструкциялар мен бұйымдарды (тақталар, ірі блоктар) қолдану.
Тас конструкцияларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ерекше назар аудару қажет:
- ғимараттың (имараттың) құрылымдық сызбасының тиімді шешіміне;
- қоршаушы конструкциялардың материалдар түрін таңдауға;
- ерітінділердің минималды маркаларын және оларды дайындау үшін дұрыс байланыстырғыш таңдау.
Тас ғимараттардың (имараттардың) құрылымдық шешіміне байланысты:
а) қоршауыш қабырғалардың өтімді экономикалық түрін таңдау және олардың тиімді қалыңдығын анықтау;
б) ғимарат (имарат) элементтері арасындағы байланысты шешу (сыртқы және ішкі қабырғалардың түйіндесуі, тік және горизонталды жүктемелерге бірлесу жұмысын қамтамасыз етуде аражабындарды арқалықтарды анкерлеу);
в) кеңістік қатаңдықты қамтамасыз ететін бойлық қабырғалар арасындағы қашықтықтың максималды мөлшерін анықтау;
г) ғимараттарды (имараттарды) температуралық блоктарға бөлу.
Қабылданған құрылымдық шешімдер толық түрде ғимарат немесе имараттың беріктік, тұрақтылық және өзгертілмейтін кеңістігін қамтамасыз етуі тиіс.
Металл конструкциялары. Конструкцияларды бірінші шектік жағдай бойынша есептеу алынған өрнектің негізі ол конструкцияны тасымалдағанда, жинақтағанда, пайдаланғада пайда болатын кернеулердің деңгейі материалдың есептік кедергісінің мөлшерінен аспауы.
Әр нақты жағдайда есептік өрнектердің құрылымы элементтің көлденең қимасы бойынша кернеудің түрі және үлестірілу сипаттамасымен анықталады.
Көп рет қайталанатын қозғалмалы дірілдеткіш немесе жүктемелердің басқа түрлерін қабылдайтын және соның салдарынан шаршап қирайтын конструкцияларды төзімділікке есептеу қажет.
Екінші шекті жағдай тобына қалыпты түрде пайдалануды қиындататын немесе орналастыруға жарамсыздығын көрсететін ұзаққа төзімділігін төмендететін қозғалыстар жатады (иілімдер, шөгулер, бұрылу бұрыштары, тербелістер және т.б.).
Мұндай жағдайларда конструкциялардың серпімділік жұмысы бойынша есебі есептік жүктемеге жүргізіледі. Шекті деформация көлемі бұл конструкциялар үшін қалыпты режимде пайдалану кезінде нормативті құжаттар бойынша қабылданады. Болат конструкциялар көбінесе дәнекерленген тиімді материалдардан, прогрессивті құрылымдық шешімді қолдана отыра жобаланады.
Жобалау кезінде ерекше назар аудару қажет:
- болат маркасын таңдауға;
- болат конструкциялардың түйіндес байланыстарының шешімдеріне;
- ғимаратардың (имараттардың) және олардың элементтерінің жинақтау және пайдалану кезеңінде тұрақтылығы және өзгертілмейтін кеңістігін қамтамасыз ететін байланыстарды жасау.
Металл конструкцияларды құрылымдау үрдісінде керек:
а) құрылыс алаңында оларды үлкейтіп, жинақтауды қарастыру үшін конструкцияларды элементтерге бөлуді жүргізу;
б) бөлшектер санының аз болуынан металл жұмысының толық қолдануымен конструкциялардың құрамдық элементтерін құрастыру;
в) элементтер мен түйістердің түйіндік байланысын шешу;
г) конструкция элементтерінің жинақтаулык бекітулерін қарастыру (жинақтау үстелдері және т.б.).
Құрылымдау кезінде жоғарғы концентрациялы кернеулер азайтатын, сонымен қатар ойық және астаулардың пайда болуы мүмкіндігін еске ала отырып, ылғал тоқтататпайтын немесе желдетуді қиындататпайтын шешімдер қабылдау керек. Конструкциялардың барлық бөлшектерін текскеруге, тазалауға және жөндеуге ыңғайлы болуы тиіс .
Ағаштан және пластмассадан жасалған конструкциялар. Ағаш конструкицялардың беріктігі мен тұрақтылығы есептік жүктемелерге тексеріледі. Деформация бойынша жүктемелерге есеп байланыс икемділігі мен қиманың әлсіздігін ескере, материалдың серпімді жұмысы болжамында жүргізіледі есептік сипаттамалардың көлемін тағайындау кезінде уақыт әсері ағаштардың беріктік және деформативті қасиеттеріне ескерілуі тиіс.
Есеп сипаттамасы есептелінетін элементтер және олардың құрылымдық ерекшеліктерінің кернеулі-деформациялық жағдайынан анықталады.
Жобада байланыстардың, құрамдық элементтердің, ағаш конструкцияларының есебі толық жүргізілуі тиіс. Бұл мақсатта байланыстың беріктігін анықтау (шабынды, қабыршақ, цилиндрлік біріктіру), ол байланысқа түсетін есептік күштемелерден аспауы қажет.
Желімдік құрамдар пайдалану шартындағы ғимараттардың жіктік желім беріктігін қажетті қамтамасыз ету керек.
Құрамдық конструкциялар немесе олардың жеке элементтерінің деформациялары материалдардың серпімді жұмысы болжамында икемді біріктірулердің орналасуын ескере анықталып, ҚНжЕ нормалары бойынша қабылданады. Ағаштың температуралық тербелістерден пайда болатын және сонымен қатар кеуіп кетуі немесе талшықтарды бойлай ісінген ағаш констуркцияларында кернеулі және деформацияларды ескерілмейді. Бірақ құрылымдау кезінде жоғарыда көрсетілген факторлардан ағаш элементтердің бойлық өлшемдерінің өзгеру мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Ағаш конструкциялар типтерін таңдап тағайындалуына және пайдалану шартына тәуелді ретінде мыналар ескере жүргізіледі: иеленген материалдардың сұрыптамасы, болатты қолдану мүмкіндіктері, конструкциялар дайындау шарттары, тасымалдау және жинақтау шарттары.
Ағаш конструкциялар материалдарды және болатты тиімді шығындау талаптарды ескере жинақтау, блоктарының құрамдық санынының аз жобалануы ұсынылады.
Құрылымдау кезінде:
а) ғимараттың тұрақтылығын және өзгермеушілігін қамтамасыз етуі бойынша байланыс жүйелерін орнатудағы қажетті іс-шараларды қарастыру;
б) кесілген материалдардан әр түрлі өлшемдегі қималар мүмкіндік санын қолдану (қималардың өлшемдерін бекітілген сортамент ұсынылады);
в) элементтердің жеке тармақтарындағы осьтік күштемелерді үлестіруге әкелетін шешім қабылдау (егер тармақтардада жүктемелердің бірдей болмауы арнайы қарастырылмаса);
г) созылмалы ағаш элементтерінің жігін тақтайшалар қаптап, оларды екі бойлық қатарда орналастырған болат цилиндрлі сынақтармен бекітіп жүзеге асыру;
д) сығылған белдіктер түйісін тұрақтылығын жоғалтудан түйіндерге жақынырақ орналастыру;
ж) сығылатын түйістерде, элементтерді екі жақтан түйістіріп тақтайшалармен бекітіп орналастыру;
з) ағаш конструкциялар элементтерін түйіндерде, түйістерде және тіректерде бір ортаға дәл келтіру.
Ағаш конструкцияларды жобалау кезінде барлық жағдайларда ағаштарды шіруден,ағашты бұзатын бунақ денелерден, жанудан сондай-ақ коррозиядан (конструкциялардың химиялық агрессивті ортада болу жағдайы бойынша) құрылымдық іс-шаралары қарастырылуы тиіс.
Негіздер және іргетастар. Негіздер жобалау құрылыс конструкциялары сияқты екі шектік жағдай бойынша жүргізіледі. Бірінші шектік жағдай бойынша негіздік беріктігі және тұрақтылығы тексеріледі, екінші – негіздікпен ғимараттың (имараттың) бірге деформациялануы.
Іргетастарды жобалау кезінде келесі есептеулер тәртібі ұсынылады.
1) Топырақтың нормативті және есептік сипаттамаларын анықтау және құрылыс алаңында гидрогеологиялық шарттағы бағалау жүргізу үшін қажет:
а) жобаның тапсырмаларында берілген іргетастың негізінің топырағының физикалық және механикалық сипаттамаларымен танысу және қажет жағдайда олардың көрсеткішін анықтау;
б) жер қабаттарың орналасу қасиеттерімен және жер асты деңгейінің орналасуымен танысу;
в) топырақтың қабатталуын ескере, құрылыс алаңына нысан орналастыруды белгілеу.
2) Жобаланатын ғимаратқа не болмаса имаратқа сараптама жасау. Бұнда ғимаратты (имаратты) сипаттайтын тұжырымдамалар мен бағаларда қарастыру қажет:
а) ғимараттың (имараттың) функциялық арналуы және жаукершілік дәрежесі;
б) ғимараттың (имараттың) көлемдік-жобалау және конструктивтік шешімдері;
в) ғимараттың (имараттың) не болмаса оның кейбір бөліктерінің біркелкі емес отырыстарға сезімділігі;
г) ғимаратпен (имаратпен) негіздік бірлескен деформацияларының шекті өлшемдері.
3) Құрылыс конструкцияларының статикалық есептеріне, не болмаса есептелетін іргетасқа түсетін элементерден және конструкциялардан жүктемелерді жинап, негіздікке берілітін жүктемелерді анықтау. Есептік сұлбаға байланысты жүктемелер жер беті не болмаса жертөле еденінің деңгейінде қосылып жиналады.
4) Негіздіктің түрін және іргетастың конструкциясын тағайындау. Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайын және ғимараттың (имараттың) конструкциясын сараптау негізінде іргетастың орналастыру деңгейі, негіздіктің түрі және жобаланатын іргетастың конструкциясы анықталады.
Іргетастың түрін тағайындағанда ескеретін жөн, ол топырақ жағдайының және ғимараттардың конструкцияларының әр-түрлігіне қарамай құрылыста пайдаланатын көпшілік жағдайда іргетастарың екі түрі: таяз орналасқан және қадалы іргестар.
Егер ғимараттың (имараттың) техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша салыстыру нұсқаулауры іргетас шешімі бойынша жасалса, онда ол негіздік түрін және бірнеше (үшеуден аз емес) іргетастың конструктивтік түрлерін таңдаумен аяқталады және олар сараптаудан өтеді.
5) Негізді (негіздікті) шектік жағдайлар бойынша есептеу. Бұнда алдында болжамды, сосын іргетастың бекітілген өлшемдері, қадалар саны және орналасуы, қада ростверкінің құрылымы, негіздің отырысы (шөгуі) есептелінеді және ол шекті мағыналарымен салыстырылады. Қажет болған жағдайда көтергіш жағдайы және іргетастың негізінің тұрақтылығы бойынша тексеру есеп жасалады.
6) Іргетастың конструкциясын беріктікке санау. Қиманы таңдау және іргетасты құрылымдау ҚНжЕ бойынша алынған материалға байланысты жасалады.
7) Егер нұсқаулық жобалау іргетас бойынша жасалса, қарастырылған нұсқауларға техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша салыстырма жасалып ең тиімді жобалық шешім бекітіледі.
Жабынды, жабынды-қадалы іргетастары арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып есептеген дұрыс (SCAD, ЛИРА және т.б.).
2.2.4 Есептердің қортындыларын хаттау. Дипломдық жобаның түсніктеме хаттамасының есептік-құрылымдық тарауында болуы қажет:
- жасауға алынған конструктивтік сұлбалардың жазуы;
- белгіленген жүктемелерге мәлімет;
- конструкцияның статикалық және қажет болған жағдайда динамикалық есебі;
- конструктивтік элементтердің қимасын тағайындау;
- құрылымдау принциптерінің жазылуы.
Жазылу бөлімінде қысқа түрінде берілуі қажет: жобаланған конструкцияға қысқаша мәлімет, оның тағайындалуы, құрамдық элементтерге бөлінуі және оларды түйістіру тәсілдері.
Конструкциялардың есебі міндетті түрде есептік сұлбалармен және белгіленген жүктемелермен бірге берілуі керек. Статикалық есепті жазғанда пайдаланған әдебиеттерге, аңықтамаларға және нормативтік құжаттарын сүйеніш жасаған дұрыс.
Есептердің қортындысын арқайы кестелерге толтырып оларды күштемелдің сұлбалалармен бірге берген жөн. Бұлай жасалған есепті үлгілі және тексеруге ыңғайлы болуына жағдай тудырады.
Қималарды тағайындағанда және принциптерді жазғанда алған қималардың, конструкциялардың бөлек түйіндерінің, құрылымдық элементтердің және бөлекшектердің эскиздерін жасап келтірілген дұрыс. Бұнда есептердің қортындысы бойынша алынған әр-түрлі мәліметтер кестелерде қоса беріледі.
2.2.5. Есептік – құрылымдық тараудың сызбаларының мазмұны. Графикалық бөлімде құралмалы элементтердің жинақтау сұлбалары, қалыптық сызбалар, арматуралау сұлабалары спецификацияларымен бірге, түйіндер, қосымша бөлшектер, түйістер 1:25 – 1:50 – 1:100 масштабында көрсетілуі қажет.
Жинақтау сұлбалардың сызбаларында оларды сызықтармен көрсетеді, жинақтау бөлшектеріне сүйеніс беріледі (жинақтау кезіндегі конструкциялардың бекітуінің бөлек сызбалары).
Конструктивтік элементтерді өлшемдік сызықтармен бөлетін осьтерге байлап, олардың биіктік белгілері беріледі. Жинақтау сұлбаны құрамына жоспарлар және кескіндер кіруі мүмкін, ал күрделі көп қабатты қаңқалар үшін – қажетті участкелердің қасбеттері. Сұлбалар спецификациямен жабдықталады, онда жобаланатын конструкцияға жататын түгел элементтер, олардың саны, беруінің салмағы, қажет материалдың көлемі көрсетіледі.
Жинақтау көрінісін және іріктеп жинақтау көрінісін жинақтау сұлбаларымен салыстыра жасау ұсынылады, оларда осы көріністерге сүйеніс берілген. Жинақтау көріністерде қосылатын элементтерді дұрыс қоюға арналған бекітпелер көрсетіледі. Жинақтау сұлбаларының ескертулерінде, қажет болған жағдайда, конструкцияның ерешектері берілуі мүмкін.
Қалыптық сызбалар өте күрделі қосалқы бөлшектері және ойықтары бар, арматуралық сызбаларда олардың қоюы, сызбаларды оқуға қиындық тудыратын жағдайларда жасауға ұсынылады. Қалыптық сызбаларда көрсетілуі керек: конструкцияның геометриялық өлшемдері ойықтармен тесіктердің орналасуы, қосалқы бөлшектердың өлшемді және маркалары. Күрделі емес конструкцияларға қалыптық және арматуралық сызбаларды бірлестіріп жасаған жөн. Мұндай да қосымша арматураның формасы, орналасуы, өлшемі және классы көрсетіледі.
Сызбаларда конструкцияның геометриялық және есептік өлшемдері көрсетіледі және жасауға, жинақтауға қажет өлшемдері беріледі (түйіндермен және элементтердің осі сыртқы өлшемдер, жинақтау болттарымен тойтармалардың тесіктерінің орталықтарының аралықтары).
Конструкциялардың жұмыс сызбаларында бекітілген түрдегі спецификациямен жабдықталуы қажет, онда элементтің маркасы, позициясының нөмірі, профилі, ұзындығы, саны және әр элементтің салмағы беріледі.
Темірбетон конструкциялардың қалыптық және арматуралық сызбалары 1:20 және 1:50 масштабында түйіндермен бірге және қосалқы бөлшектермен 1:10 және 1:20 масштабында орындалады. Беттерде арматуранның спецификациясы, болаттың есебі, материалдардың жұмсалуы және ескертулер беріледі.
Метал конструкцияларының сызбалары КМ маркалы болуы қажет және қажетті масштабта орындалуы керек. Олардың құрамына жататындар: элементтердің спецификациясы, болаттың есебі, дәнкерленетін жіктердің және қосылыстардың түрлері.
Ағаш және пластмасса конструкцияларына құрылымдау сызбалары қажет масштабта түйіндерімен және қосалқы бөлшектерімен бірге орындалады. Сызбалар элементтердің спецификацияларымен бірге орындалып, онда ағаш түрі туралы, оны оттан қорғау және антисептикалық өңдеу туралы мәлімет болуы керек.
Жобаланатын нысанның түгел құрылымданатың элементтерінің сызбалары жұмыс кезі деңгейінде қойылатын талаптарға сай жасалады [6].
2.3 Ұйымдастыру – технологиялық тарау
2.3.1 Жалпы мағұлыматтар. Бұл тарауда жұмыстардың сиымдылығы және көлемі есептеленеді. Технологиялық карталар жасалады, негізгі механизмдер мен жабдықтар таңдалып алынады, құрылыстын бас жоспары жасалады, өңдірістік жұмыстын күнтізбелік жоспары құрылады.
Жобаның бұл тарауының көлемін құрайды:
«Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» бағдарламасы үшін жасауға ұсынылады екі технологиялық карта, ал «Ғимараттар мен имараттарды есептеу және жобалау» бағдарламасы үшін технологиялық карта жұмыстын бір түріне ғылыми жетекшімен және бөлімнің кеңесшісімен келісіп.
2.3.2 Өндірістік жұмыстардың технологиялық карталарын жасау. Шығарушы жұмыста құрылыстың негізгі үрдісі бойынша өндірістік жұмыстың технологиясын жасау қажет, жобалау жұмыс стадия ол – көтергіш конструкцияларды орналастыру. Бұл жұмыс операциялардың құрамын, механизациялау түрлерін еңбек сыйымдылығын, ресурстарды және қауіпсіздік шараларын ескеріп жасалған технологиялық карта арқылы орындауға болады.
Карта жасаған кезде ең прогрессивті әдістермен өндіріс жұмыстарының тәсілдері, жинақтау механизмдердің тиімді пайдалануы, жұмыстарды максималды түрде механизациялау және олардың сапасын жоғарлату, жұмыстарды тиімді тез жасау шешімдері қабылдануы қажет.
Құрылыс үрдісінің құрамында болуы қажет:
Кыс уақытындағы өндірістік жұмыстарды (жинақтау, қосалқы)орындауға жағдай туғызатын мәселелерді қарауы жөн.
Жасауға қажет құрылыс жұмысын орындау процессі ғылыми жетекшімен және ұйымдастыру-технологиялық тарауының кеңесшісімен талданнып бекітілуі керек.
2.3.3 Құрылысты ұйымдастыруды орындау. Құрылысты ұйымдастыру сұрақтарын толығымен нысан бойынша шешілуі керек. Бұл үшін жобада орындалуы тиіс:
- нысан бойынша толық жұмыс өндірісінің күнтүзбелік жоспары;
- жұмысшылардың қозғалысының графигі;
- құрылыстың бас жоспары.
2.3.3.1 Күнтүзбелік жоспар. Құрылыстың күнтүзбелік жоспары - құрылыс-жинақтау жұмысының және қабылданған ұйымдастыру-технологиялық шешімдер негізі құрылысты салу ретін және оның салу мерзімін дәлелдейтін құжат.
Өндіріс жұмысының күнтүзбелік жоспарын құрастыру үшін нысан бойынша келесі материалдар негіз болады: құрылыс және жинақтау үрдістерінің номенклатурасы, жұмыс көлемі тізімі, барлық үрдістер бойынша жұмыс өндірісінің әдістерін таңдау, жұмыс уақыты және машиналар шығынына қажеттілік есептері, құрылыс мерзімі.
Күнтүзбелік жоспарды жасаған құрылысты салу мерзімі және құрылыс жұмысының түрлерін орындау реті бір-бірімен байланысты қаралады. Өндіріс жұмысының күнтүзбелік жоспары нысанға толық жасалады және оны жасауға бөлік негізгі жұмыс түрлеріне жасалған күнтүзбелік графиктерді ескерсе жеңілдік туады.
Күнтүзбелік жоспарды жасауға бекітіліп ескерілген жұмыс тізімі жобаланатып ғимараттың неболмаса ғимараттың тұрғызу үрдісіне сәйкес болуы керек. Бұл тізім қажет машина уақыты, материалдар, еңбек көлемін санағанда қолданылады.
Жұмыс номенклатурасының еңбексыйымдылығын есептеу кезінде құрылыс және жинақтау жұмыстары нормативтік талаптарға сәйкес келуі тиіс. Іріктендіру және бөлшектеу номенклатуралар сұрақтарын кеңесшімен келісу қажет.
Жұмыс көлемдері жобаның сәулет-құрылымдық тарауының сызбаларынан алынып, нормада берілген өлшемдерге сәйкес есептеледі. Есептеу нәтижелері нормалармен бекітілген негізгі геометриялық өлшемдер, көлем, қаңқа элементтерінің құрастыру салмағы және де басқа берілгендер көрсетілетін, жинақтау механизмдерін таңдау мен күнтүзбелік жоспар құрастыру кезінде қажетті кестелерге енгізіледі.
Жұмыс өндірісі әдісін таңдау кезінде айрықша еңбексыйымды үрдістерді механизациялау дейінге қысқарту қолмен механизацияланбаған жұмыстарды ерекше назар аудару қажет.
Машиналар және жинақтау механизмдер типін таңдау қабылданған өндірістік жұмыс тәсілдері шартынан,олардың негізгі параметрлері жобаланатын ғимараттар мен имараттар тұрғызу технологиясын қамтамасыз етуін ескере отыра жүргізеді. Жұмыс еңбексыйымдылығы машиналар аусымы қажеттілігін өндірістік жұмыста қабылданған тәсілдеріне сәйкес нормативтік талаптар бойынша анықталады. Қиын ескерілетін негізгі жұмыс номенклатурасына кірмеген құрылыс жұмыстары «Басқа жұмыстар» тарауына енгізіледі.
Сантехникалық және электротехникалық еңбек шығындары негізгі жұмыс шығыны пайыз бойынша анықталады.
Бұл шығындардың өлшемдері төменде берілген мөлшерде қолданылуы мүмкін (кеңесші келісіп):
- ішкі санитарлық- техникалық жұмыстар -5-10%;
- электротехникалық жұмыстар - 2-4%.
Құрылыс мерзімінің негізгі өлшемі ретінде нысанның тұрғызылу мерзімі болып табылады. Бұл нормада қарастырылған мекеме, кешендер, цехтер, ғимараттар мен имараттар құрылысын жалғастыру,сонымен қатар тұрғын үй құрылысындағы босалқы дайындамасын анықтау бойынша нормалар мен нұсқаулықтар бекітілген мерзімі. Жұмыстың күнтүзбелік жоспары бойынша құрылыс жалғасымы барлық жағдайларда нормативтік мерзімнен аспауы қажет.
2.3.3.2 Жұмысшылардың қозғалысының графигі. Жұмысшылардың қозғалысының графигі өндірістік жұмыстың күнтүзбелік жоспар негізінде құрылады. Күн сайынғы құрылыстағы жалпы жұмысшылар саны барлық құрылыс үрдістерінде бұл күні жұмыс істеген жұмысшыларды жинақтап есептелінеді .
Жұмысшылардың қозғалысының біркелкілігін жұмысшылардың максималды және орташа саны қатынасымен анықтайды.
Бекітілген жұмысшылардың қозғалысының графигі құрылыстың ұйымдастырылуының шешімінің дұрыстығын бейнелейді.
Күнтүзбелік жоспардың дұрыс құралуының тексеруіне жататын: өндірістік жұмыс есептік мерзімінің құрылыстың жалғасуының және жұмысшылар графигінің директивті нормаларға сай келуі.
График қанағаттандырылмайтын жағдайда күнтүзбелік жоспарды түзету, жұмыстың орындалуы мен аяқталуын өзгерту қажет, сонымен бірге нормальді технологиялық реттілігі бұзылмауы тиіс.
2.3.3.3 Құрылыстың бас жоспары. Жалғыз ғимаратқа (үймеретке) құрылыстың бас жоспары – құрылыс учаскесінің жоспары, онда салынатын ғимараттар және имараттар, жолдармен жүйелер, қоймала ғимараттары және алаңдар, кранасты жолдары, негізгі және дайындық кезіндегі уақытша ғимараттар және имараттар көрсетіледі.
Бас жоспарды әзірлеу үшін берілгендері болып табылады: участкенің бас жоспары, өндіріс әдістерін таңдау бойынша шешімдер, құрылыстың күнтүзбелік жоспары.
Шығарушы жұмыста құрылыстың бас жоспары әдетте ғимараттар мен имараттардың жер үсті бөлігін тұрғызу кезеңінде әзірленеді, сонымен бірге келесі сұрақтар шешілуі тиіс:
- уақытша ғимараттар мен имараттар құрамы және олардың айрықша құрылыс-жинақтау жұмысын жасағанда, сонымен бірге санитарлы-гигиеналық және өрт сөндіру талаптарына сәйкес қатынастар кезінде қолдануға ыңғайлығы;
-материалдарды, құрастырмалы конструкцияларды және бөлшектерді ашық және жабық түрде сақтау үшін ашық және жабық қоймалардың орналасуы;
- құрылысты материалдармен, конструкциялармен және техникалық жабдықтармен заманауи және үздіксіз қамтамасыз үшін ішкі ауданды көлік жолдар жүйесін шешілуі;
- энергетикалық және су ресурстарының қажеттілігі есептелгені, энергия және су жабдықтарының негіздері таңдалғаны және уақытша желілермен жобалануы.
Есептеу қорытындылары кесте ретінде түсініктеме хаттамаға енгізіледі. Құрылыстың бас жоспарын жобалау кезінде келесі негізгі принциптерді сақтау қажет:
а) уақытша ғимараттар мен имараттарды негізгі құрылысқа жатпайтын участкелерге орналастыру;
б) уақытша ғимараттардың құрылыс көлемдерін минималды қабылдау керек (бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін қиратуға жататын ғимараттарды,салынып жатқан ғимараттардың тұрмыстық бөлмелерін қолдану керек);
в) уақытша су және энергия жүйелерінің ұзын болмауын қарастыру.
2.3.4 Ұйымдастыру-техникалық тарауының есептік-түсініктеме хаттамасы. «Құрылыс технологиялық» тақырыпшасы бойынша есептік-түсініктеме хаттамасы құрамында болуы тиіс:
а) жұмыс көлемін, бригада және топ құрамы еңбегін анықтау бойынша есептер, жинақтау крандарының қажетті параметрлерін және қабылданған жинақтау жабдықтарға дәлелдемелер есебі;
б) техника-экономикалық салыстыру нұсқаларының жинақтау крандарын таңдау;
в) қабылданған әдістер және жинақтау реттілігі дәлелдемелерімен ғимараттар немесе имараттар тұрғызуын ұйымдастыруын сипаттау;
г) конструкцияларды тасымалдау, оларды жайғастыру және ірілендіру бойынша шешімдер;
д) дәлдеу және уақытша бекіту тәсілдерін көрсете жеке конструкцияларды жинақтауға қабылданған әдістердің технологиялық сипаттамасы;
е) еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар.
«Құрылыстың ұйымдастырылуы» тақырыпшасы бойынша түсініктеме хаттама құрамында болуы тиіс:
а) үрдістерді бірлестірудің мақсатты қабылданған орындау тәртібінің қысқаша дәлелдемелері;
б) материалдарға, жұмысшылы санына, механизмдерге, уақытша ғимараттар мен имараттарға, қойма бөлмелеріне, электрэнергиялар мен суға қажеттілік есептер;
в) құрылыстың бас жоспарының сипаттамасы; техника-экономикалық көрсеткіштер – құрылыстың ұзақтығы, еңбексыйымдылығы, еңбек өнімділігі, құрастыру коэффициенті.
2.3.5 Жобаның ұйымдастыру-технологиялық тарауының сызбалары. Жобаның өндірістік тарауының графикалық әзірлеуі:
- құрылыс конструкциялардың жинақтау технологиялық карталары;
- құрылыстың бас жоспары;
- өндіріс, құрылыс –жинақтау жұмыстарының технологиялық картасы.
2.3.5.1Технологиялық карта сызбалардың құрамы. Жобаның графикалық бөлімінде ғимараттарды жұмыс (алымдарына) аудандарына бөлу немесе жинақтау аудандарына бөлу жұмыстарын ұйымдастыру сызбалары әзірленуі тиіс. Сызбада көрсетіледі:
- конструкцияларды орналастыру зоналары, кран тұрағының орны, жинақтау механизмдері, ал жинақтау көліктен жүргізілген жағдайда көліктердің қозғалысының жолдары.
Технологиялары бірдей жинақтау тұрақтары үшін ұяшықтар қарастырылады, онда көрсетіледі: конструкцияларды жинақтау кезінде итарқа орны, жинақтау реттілігі, жинақтау кранының жұмыс параметрлері.
Кескінде бейнеленеді:
- қажетті жабдықтар, итарқалық құрылғылар, элементтер мен констукциялардың уақытша бекіту тәсілдері.
Жук көтіргіш параметрлері ауыспалы крандарды пайдаланғанда олар үшін кранның ілгішінің жүкті көтеруі көрсеткішінің көтеру биіктігіне байланыс өзгері графигін келтіру қажет және графикте әр-бір элементті жинақтау кезіндегі параметрлер көрсетілуі керек.
Құрылыс-жинақтау жұмысы үрдістерінде технологиялық карталар әзірленуі мүмкін.
2.3.5.2 Күнтүзбелік жоспар және жұмысшылар қозғалысы графигібойынша сызбалар құрамы. Нысан бойынша күнтүзбелік жоспардың және графикалық бөлімдермен бірге нормативтік құжаттардың талаптарына сай алу керек. «Жұмыс атауы» кестесін толтыру кезінде келесі бөлімдерді енгізу ұсынылады:
- дайындық жұмыстары;
- ғимараттарды тұрғызу циклдері (нөлдік цикл, жер асты бөлігі, әрлеу жұмыстары);
- сантехникалық және электржинақтау жұмыстары;
- басқа да жұмыстар.
Күнтүзбелік жоспардың оң жақ бөлігінде әрбір үрдіс горизонтальды сызықпен белгіленеді, оның ұзындығы қабылданған масштабта үрдістің орындалу ұзақтығын көрсетеді.
Күнтүзбелік жоспармен бір бетте жұмысшылардың қозғалыс графигі сызылады және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.
2.3.5.3Құрылыстың бас жоспарының сызбаларының құрамы.
Бас жоспарды жобалауды міндетті түрде конструкциялары жинақтын кран қозғалыс осін сызумен басталағанды жөн. Ол құрылыс материалдарынының, конструкцияларының қоймаларын дұрыс орналастыру шешуге мүмкіндік береді. Ашық түрдегі қоймаларды оның жұмыс қолайлығын ескеріп, кран қозғалысының аумағына орналастырады.
Бас жоспар сызбасында көрсетілуі тиіс:
- тұрақты және уақытша автомобиль жолдары, теміржол көлігінің жолдары (өрт қауіпсізді сұрақтарын ескере);
- құрылыс конструкцияларын іріктіріп жинақтау алаңдары ( қажеттілігіне қарай)
- құрылыс машиналарының, жабдықтарының, басқада көліктердің орналасуы;
- жер қазу машиналарының неболмаса жинақтау крандарының жүру жолдары;
- конструкцияларды болжамды құлайтын қауіпті аумақтары;
- материалдарға, бұйымдарға, конструкцияларға арналған қоймалар, алаңдар;
- нысға қажет қосалқы өндірістердің орналасуы ( арматура жұмыстар учаскесі, қалыптар жинайтын алаң);
- уақытша және тұрақты электр, су жабдықтау, су тасымалдау, жылу жүйелері, олардың тұрақты түйскен жерлері, коллекторлар, уақытша құдықтар, жарық беру қондырғыларының орналасуы.
Бас жоспарда өрт сөндіру қауіпсіздігі мақсатында қарастырылады:
а) тұрғызылған ғимараттар маңайында ені 6м кем емес айналмалы жол;
б)өрт резервуарлары немесе гидрант жүйесімен шеңберленген су өткізу желілері ;
в) темекі шегуге арналған орындар және өрт күзет орны. Бас жоспар сызбалары қажетті спецификациялармен және шартты белгілерімен қамтылуы тиіс.
2.4 Өміртіршілік қауіпсіздігі
Әрбір біліктілік шығарушы жұмыста «Өміртіршілік қауіпсіздігі» тарауының құрамы төменгі тақырыпшалардан тұрады:
- еңбек қауіпсіздігі;
- төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік;
- экологиялық қауіпсіздік.
- қоршаған ортаны қорғау.
Шығарушы жұмыста бұл тақыршалардың құрамы жобаның тақырыбына тәуелді,осы тарау кеңесшісі және ғылыми жетекшімен келісе отыра орындалады.
Шығару жұмыста тараудың сапалы орындалуы оның көлемінде емес, ал құрамы жобаның басқа да тарауларына байланыса және заманауи кезеңдегі өндіріс дамуына қажетті еңбек оптимизациясы және оның қауіпсіздік деңгейі ғылыми-техникалық прогреске сәйкес, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік сұрақтары шешіміне сәйкес анықталады.
«Өміртіршілік қауіпсіздік» тақырыпшасы өміртіршілік қауіпсіздік (ӨСҚ), ереже,нормалар, нұсқаулықтар және стандарттардың таңдаулы сұрақтары бойынша баяндау, ол дипломдық жобаға негізгі ғимараттарды әзірлеуден шығатын, нақты шешімдер екенін есте сақтау қажет. Жобаның авторы ӨСҚ сұрақтары дипломдық жобаға абстракты қосымша емес,оның органикалық бөлігі болуын қадағалауы тиіс.
«Өміртіршілік қауіпсіздігі» тақыршалары жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, нормальды гигиеналық шарттардың пайда болуын, өртке қарсы іс-шараларды жүргізу, экологиялық қауіпсіздік бойынша қарастырылған іс-шараларды жинақтайды және біріктіреді .
«Еңбек қауіпсіздігі» тақырыпшасына кіретін сұрақтарды мысал ретінде келтірейік:
а) негізгі заңнамалық үкіметтік және басқа да нормативті құжаттарда баяндалған еңбек қорғау саласындағы тапсырмалар;
б) жобаланып жатқан нысанның санитарлық-гигиеналық сипаттама (бөлме өлшемдері, қабырғалар мен төбелерді бояу, бейнелеу коэффициенті, вентиляция жүйесі);
в) эргономикалық талаптар (жұмыс орны ұйымдастыру, конструкцияларға және жұмыс орны жарықтандыру талаптары , инвентарь, стандарттарға сәйкес құралдандыру және жабдықтау);
г) жұмыс орнындағы еңбек үрдісінің қиындығы;
д)физикалық еңбек деңгейі (эргономикалық көрсеткіштер, физикалық, динамикалық жүктеме, қолмен көтеретін жүк салмағы, жұмыс қалпы, кеңістікке орналастыру көмегімен бағаланады);
е) еңбек шарттары, төмендегілерді ескере анықталады:
- қауіпті және зиянды өндірістік факторлар және жұмысшыларды қорғау шаралары;
- химиялық табиғи зиянды заттар (пайда болу көздері және организмге түсу жолдары, химиялық құрамы, ауадағы нақты құрамы, организмге әсер ету сипаты, күресу жолдары);
- өндірістегі шаңдар (шаң шығу көздері, табиғи және химиялық құрамы, нақты және шекті жіберілген концентрация шаңдары);
- метеорологиялық іс-шаралар (микроклимат параметрлері, микроклимат көрсеткіші бойынша еңбек шартының класы, қызып кету немесе салқындау профилактика шаралары);
- желілік орталар (табиғи және жасанды жарықтандыру,желілік орталар параметрінен тәуелді еңбек шарты класы, жұмыс орнын жарықтандыру оптимизациясы бойынша іс-шаралар);
- өндірістегі шу және діріл (қайнар көздері,әсер ету ұзақтығының нақты классификациясы, профилактика шаралары);
- иондаушы сәулелену (сәулеленудің қайнар көзі, нақтылы және болуы мүмкін деңгейі, қорғау құралы мен әдістері);
- өрт қауіпсіздігі тәртіптері (өндірістік және қосымша бөлмелер, жұмыс орындары стандарт талаптарына сай болуы тиіс);
- электр қауіпсіздік тәртіптері (электр қондырғы конструкцияларын орнату талаптары мен ережелеріне сай болуы тиіс) және т.б.
- жарықтың ортаға (табиғи және жасанды жарық, жарық ортасының жұмыс істеу параметрлеріне сәйкес класы, жұмыс орнының жарықтануын камтамасыз ететін шаралар.
Дипломдық жобадағы осы тақырыпшаны әзірлеу кезінде осы тақырыпшаға кіретін сұрақтар еңбек қорғау және өндірістік бөлмелердегі (заводта, цехта, лабораторияда және т.б.) техникалық қауіпсіздігіне қатысты болуы тиіс екендігін ескеру қажет.
«Төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік» тақырыпшасы дипломдық жоба тақырыбымен органикалық байланыста төтенше жағдайлардан қорғау сұрақтарын қарастырады. Оларды әзірлеуінде қабылданған инженерлік шешімдер жұмысшыларды және кызметшілерді төтенше болған жағдай әсерлерінен қорғауға бағытталған іс-шараларды анықтау, апат халық шаруашылығы нысандарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін жұмыстар, апат кейінге қалдырылмайтын орнына келтіру жұмыстарын жүргізуіне тиісті.
Шығарушы жұмыстың «Экологиялық қауіпсіздік» тақырыпшасын келесі бағыттар бойынша орындауға болады:
- тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату;
- экологияландыру санасы;
- экология болашақ мәдениеттің маңызды саласы ретінде ;
- ғылымды және техниканы экологияландыру тенденциясы және т.б.;
- Қазақстанда экологиялық мәселелердің перспективті шешілуі.
Бұл тақырыптада келесі сұрақтарды қарастыру ұсынылады:
Құрылыс жоспарын жобалағанда міндетті түрде қаралатын арнайы шаралар:
2.5 Экономикалық тарау
Шығарушы біліктілік жұмысының экономикалық тарауы нысанның сметалық құнын және жобаның негізі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтайтын кестемен бірге есептік-түсініктеме хаттама түрінде орындалады.
Жобаланатын нысаның сметалық құны, жалпы құрылыс жұмыстарының құнын аймағындағы баға бойынша санаумен анықталады.
Сметаны құрау кезінде жобаларды, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс сметасын әсірлеу нұсқауларды негіз ету керек.
Сметаларды )құрылыс құнын) есептеу үшін арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану қажет.
Техникалық-экономикалық көрсеткіштер жалпы барлық құрылыс көлемі немесе құрылыс үрдістеріне және есептік бірлікке шығарылады. Есептік бірлік үшін 1 м³ ғимараттың құрылыс нысаны, 1 м² ауданы (тұрғын үй, өндірістік, қойма және т.б.), немесе қажеттілік бірлігі (1 отыратын орын, 1 жататын және т.б.), немесе өндіру бірлігі (қуаттылығы) қабылданады.
Келесі көрсеткіштер құрамы келтіріледі.
1) Құрылыс нысанының құны (смета бойынша), тенге:
а) жалпы нысан бойынша;
б) есептік бірлікке.
2) Жалпы және есептік бірлікке еңбек шығындары, адам-күн.
3) Жоба бойынша және норма бойынша құрылыстың ұзақтығы, күн.
4) Құрылысты индустриаландыру:
а) құрастыру деңгейі (коэффициент);
б) құрастыру конструкцияларының үйлестіру дәрежесі;
в) пайыздағы механизация деңгейі;
г) күніне жұмысшыға жұмысты өндіру теңгеде, 1 адам-күн.
Техника-экономикалық көрсеткіштер құрамы ғылыми шығарушы жұмыстың жетекші және кеңесші нұсқаулары бойынша нақтыланады.
Көрсеткіштерді анықтау міндетті түрде сәйкес келетін тарауын әзірлеу кезінде орындалады, ал экономикалық тарауында көрсеткіштер жинақтық түрде (кесте) көрсетіледі және бұл көрсеткіштерге талдау берілуі қажет.
Құн көрсеткіштерін анықтау кезінде жалпы санын есептік бірлік санына бөлу жолымен алынған есептік бірлікке материалды ресурс шығындары мен еңбек шығындарының соңғы санын жобаның сәулеттік және құрылстық тарауында берілгенінен алу керек. Құрылым көрсеткішінің (коэффициент) деңгейі элементтер құнының жалпы материал бөлшектерінің құнына қатынасын көрсетеді. Элементтердің құрылымдық құны бағдарлама бойынша есептеледі және ол 55-тен 77% дейін материал бөлшектерінің жалпы құнынан қабылданып алынады.
Механизациялау деңгейі механизациялау тәсілімен орындалған жұмыс көлемі жалпы жұмыс көлемі қатынасымен анықталады және пайызбен көрсетіледі.
2.6 Қорытынды
Әрбір ШБЖ қорытындысы болуы тиіс – оның аяқталу бөлігі, жұмыс эпилогі. Қорытынды да шығарушы жұмыстың басында қойылған мақсатына жеткені және болжам дәлелденгені көрсетілуі тиіс. Қорытындының бағыты таңдалған түріне тәуелді болу тиіс. Оның толық болу нұсқасы келесі құрылымға сай келуі қажет:
Қорытынды ықшамды,нақты,қисынды, дәлелденген және иланымды болуы тиіс. Қорытынды мазмұнында, кіріспеде және негізгі тараулар, тақырыпшалар бойынша жасалған қорытындылар қайталанбауы тиіс.
2.7 Дипломдық жұмыстың тарауларының құрамы бойынша жалпы нұсқаулар
Дипломдық жұмыстың мазмұны және құрамы туралы негізгі талаптар 1-ші тарауда берілген. Төменде дипломдық жұмыстың тарауларының құрамы туралы қысқаша нұсқаулар беріліп отыр.
Кіріспеде қарастырылып отырған жұмыстың өзектілігін, мақсатын, міндетін және тәжірибелік маңыздылығын негіздеп зерттеудің затын және көлемін анықтау қажет. Дипломдық жұмыстың кіріспесінің соңында оның құрылымын ашып, зерттеуге пайдаланатын тәсілдерді көрсету керек.
Негізгі бөлімде болуы керек:
Қортында болуы керек: