Кіріспе


Қазақстанның заманауи әлеуметтік- экономикалық шартының дамуы келешек мамандарға өте жоғарғы деңгейлі талапта болуды ұсынады. Техникалық жоғарғы оқу орны түлектерінен бүгінгі күнде жаңа кәсіби ойлаулар, жоғарғы мобильділік, біліктілік, жасаушы және сапалы еңбек бағдары қажет.

Бұл шарттарда жоғарғы оқу орын түлектерін дипломды жобалау кезеңі ажыратылмайтын, олардың дайындық кезеңіндегі барлық қорытынды кезеңі, нақтырақ айтатын болсақ, студенттердің теориялық білімін кеңіту мен тереңдету және тәжірибелік білімін қамтамасыз ететін, өзіндік жұмыс дағдыларын жүзеге асыруға, сонымен қатар кәсіби қызмет саласындағы нақты тапсырмаларды шығармашылық шешімін табуды қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дипломдық жобаларын қорғау болып табылады.

Дипломдық жобалауды студенттің ұсынылған тақырыптардағы шығарушы кафедраның ғылыми жетекшісінің және арнайы тараулар бойынша кеңесшілерінің кеңесі негізінде орындалатын мәрелі, кешенді жұмыс ретінде қарастыру қажет. Бұл үрдістің қорытындысы ереже ретінде нақты, тәжірибелік сипатты нақтылы технологиялық өндеу болуы тиіс.

Басқа сөзбен айтқанда дипломдық жобалау- бұл ерекше,өзгеше оқу үрдісінің ұйымдастыру түрі, бұнда студент пен оқытушы бір-бірімен тікелей, жеке-бағытты беттеседі.

Дипломдық жобалаудағы қарастырылатын сұрақтарға байланысты шағарушы біліктіліктілік жұмыстардың (ШБЖ) келесі түрлерін ажыратуға болады: дипломдық жоба (ДЖ) және дипломдық жұмыс (ДЖ).

Дипломдық жоба (ДЖ) ғимараттар мен имараттарды қайта құру және оларды пайдалану заманауи талаптарына жауап беретін өзіндік техника-технологиялық жинақтау. Дипломдық жоба есептік түсініктеме хат және графикалық бөлімнен тұрады. 

Дипломдық жұмыс (ДЖ) – өзіндік ғылыми зерттеу, нақтылы техникалық мәселеге байланысты өзіне зерттеу, теориялық және сараптамалық тараулар бойынша ақпараттық ізденістер, зерттеу қорытындысын салыстырмалы талдау қорытындыларынан тұрады. Дипломдық жұмыс мәтіндік бөлімнен және көрнектілік үшін демонстрациялық бөлімнен немесе үйлестіру материалдан тұрады.

Жоғарғы оқу орнының шығарушы кафедрасының дайындау бағытына сәйкес дипломдық жобалауды ұйымдастыру үшін арнайы тақырып жіктеледі және дипломдық жұмыстың (жобаның) түсініктеме хат мазмұнына және көлеміне нормативтік талаптар қойылады. Сонымен қатар бір жоғарғы оқу орнының қабырғасында бұл көрсеткіштерде өте маңызды айырмашылықтар болуы мүмкін, бірақ әр түрлі кафедралар үшін қандай жағдай болмасын олар аттестацияланатын түлектердің дайындық сапасын бақылауға қызмет етеді.

Дипломдық жобалау аяқталуы бойынша барлық студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарын (жобаларын) ашық мемлекеттік аттестациялық комиссия кеңесінде (МАК) қорғайды. Қорғау кезінде МАК мүшелері бітіруші маманның ғылыми-теориялық және тәжірибелік дайындығын тексеруді және орнатылған үлгіде диплом беруге сәйкес біліктілікке иелену сұрақтарын шешуді жүзеге асырады. Айрықша жетістікке ие болған түлектерді МАК үздіксіз білім принципін жүзеге асыру үшін магистратураға түсуге ұсыныс жасауы мүмкін.

Уақытында өздерінің дипломдық жобалау тақырыптарымен, дипломдық жұмыстарға (жобаларға) қойылатын талаптар сипатымен және ШБЖ жұмысының тәртібімен таныстырған болашақта қате болу мүмкіндігін тудырмайды. Және бұндай жағдай диплом жазушылар жұмысына жоспарлауға және сапалы дипломдық (жұмыс) жоба жасауға мүмкіндік береді. Берілген оқу – әдістемелік құрал 5В072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша диплом жазушы студенттерге ұсынылған.