3.1 Мәтін жұмысының жеке элементтерің рәсімдеу
3.1.1 Жалпы мағлұмат. Бітіру жұмысынын мәтіндік құжаты баспа қолданып компьютер және принтердің А4 форматындағы ақ қағаздың бір жағында бір интервал арқылы жасалу керек. Әріп - Times New Roman, кегль 14. Мәтіннің төрт жағынан да шеті болуы тиіс. Сол жақ шетінің өлшемі – 30мм, оң жақ – 10мм, үстінгі мен астынғысы – 20мм.
Мәтіндік құжатқа бөлек сөздер, формулалар, шартты белгілерді (қолжазба тәсілі), сонымен қоса иллюстрацияны қара сиямен кіргізу керек. Құжатты орындау кезінде қате басылулар, графикалық дәл еместіктер табылған кезде оларды тазалаумен немесе ақ бояумен бояуға, машина тәсілімен немесе қара сиялы қолжазбамен жіберіледі. Бір бетке үштен көп емес қате жіберуге болады.
Абзацты шегініс бәр тексте бірдей болу керек, ол 1 см тең.
Түсіндірме хаттың бірінші беті титул парағы болып келеді, соған қоса тапсырма парғы және парақ номері койылмайтын календарлік жоспар. Сыртқы беті жалпы нөмерлеу парақтарына кірмейді. Парақтарды нөмерлеу үшін араб сандарын қолдану керек, өтпелі нөмерлеуді жалпы мәтінде қадағалай келе, соған қоса қолданылған мәлімет пен қосымшаларды. Парақ нөмері парақтын астынғы бетінің ортасында аяғында түктесіз қойылады (кегль 14). Егерде жұмыста суреттер, таблицалар бөлек парақтарда болатын болса бұл парақтарды жалпы нөмірлеуге қосу керек. Сонымен қоса егер сурет немесе таблица А3(297×420) форматындағы парақта болса онда ол бір парақ сияқты нөмірленеді. Дипломдық жұмыстың және қосымшалардың нөмерлеуі өтпелі болу керек.
3.1.2 Жоба мәтіндік құжатының бөлінуі. Бітіретің жұмысты тарауларға және тармақтарға бөлу керек. Әр тарау мен тармақ аяқталған мағлұматпен жабылу тиіс. Тарау атаулары бітіру жұмысынын мәтінін ашу керек ал тармақтар тарауды.Тарау мен тармақтын атаулары олардың мазмұнын дәл және нақты камтып көрсету керек.
Тарауларда жалпы құжат ішінде реттік нөмерлері болуы тиіс, және де олар абзацты шегіністен бастап араб санымен нүктесіз қойлу керек. Тармақтар әр тарау шегінде нөмірлену тиіс. Тармақ нөмері нүктемен бөлінген тарау және тармақ нөмерлерінен құралады. Тармақтын нөмерінін сонында нүкте қойылмайды. Тараулар және тармақтар бірнеше пунктерден тұруы мүмкін. Пунктің нөмерінін аяғында нүкте койылмайды. Егер құжатта тармақтар болмаса онда пунктер нөмірлері әр тарау ішінде, және нүктемен бөліну керек.
Мәтіндік құжаттын әр тараулары жаңа парақтан басталу керек.
Мәтіндік құжатта бос орын калуы жіберілмейді. Мәтіндік құжаттын барлық беттері толтырылуы керек, 50 % тен кем емес толтырылуы керек сонғы тарау парақтарынан бөлек.
3.1.3 Тақырыптардың жазылуы. Тарау мен тармақтарда тақырып болу керек. Пунктерде тақырып болмайды. Тақырыптар тарау мен тармақтардың мазмұнын толық және нақты ашу керек. Тақырыптарды улкен әріппен аяқ жағында нүктесіз, астын сызусыз, абзацты шегініспен басылу керек. Тақырыптарда сөздерді ауыстыру жіберілмейді. Егерде тақырыпша екі сөйлемнен тұратын болса оларды нүктемен бөледі. Тарау мен тармақтар тақырыптарын қаралау әріппен орындалады.
Бөлімнің тақырыбы мен мәтіннің арасындағы, сонымен қатар бөлім мен бөлімшенің тақырыптары арасындағы ара қашықтық екі бос жолға тең болуы тиіс. Бөлімшенің тақырыбы мен алдыңғы немесе кейінгі мәтіннің арасындағы ара қашықтық бір бос жолға тең болуы тиіс. Тақырып пен соңындағы мәтін бір бетте болуы тиіс. Бөлімнің тақырыбын және (немесе) бөлімшенің тақырыбын, егер соңында мәтін болмаса немесе бір жолы ғана болса, беттің төменгі жағында қалдыруға болмайды.
Мәтінде (әдеттегідей, тараулар мен тараушалардың ішінде) тізімдер келтірілуі тиіс. Әр тізімнің позициясының алдында дефис қойылады. Егер мәтінде бір немесе бірнеше тізімдеме келтіру керек болған жағдайда, әр позицияның алдына дефистің орнына алфавит бойынша кіші әріптерді қояды ( ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ әріптерін қоспағанда), соңында жақша жабылады. Тізімдерді ары қарай нақтылау үшін араб сандарын қолдану қажет, соңында жақша жабылады, жазба абзацтық шегіністен бастап жазылады. Тізімдеменің соңында үтірлі нүкте немесе нүкте қойылады. Сәйкесінше, әр жаңа тізімнің позициясы кіші немесе бас әріптерден басталады.
«Кіріспе», «Мазмұны», «Қорытынды», «Қолданылған әдебиеттер тізімі» нөмірленбейді.
3.1.4 Суреттемелерді рәсімдеу. Суреттемелердің саны ұсынылатын мәтінді түсіндіру үшін жеткілікті болуы қажет. Суреттемелер (сызбалар, карталар, графиктер, сұлбалар, диаграммалар, фотосуретер) құжаттың мәтіні бойынша (мәтіннің сәйкесінше бөлімдеріне жақынырақ), сондай-ақ олар аталатын мәтіннен соң немесе келесі бетте орналастырылуы мүмкін.
Суреттемелерді, қосымшалардың суреттемелерін ескермегенде, араб сандарымен өтпелі нөмірлеу қажет. Егер бір сурет болса, ол «Сурет 1» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның атауы жолдың ортасында жазылады. Суреттемелерді бөлім ішінде нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда суреттеменің нөмірі бір-бірінен нүктемен ажыратылған бөлімнің және суреттеменің реттік нөмірлерінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1. Суреттемелердің атауы және түсіндірме мәліметтері болуы мүмкін. «Сурет» сөзін және оның атауын түсіндірме мәліметтерден соң, келесі үлгіде орналастырады: Сурет 1. Ұстынның кранасты және кранүсті бөліктерінің қабысу түйіні.
Әр қосымшаның суреттемелерін жеке нөмірлеумен араб сандарымен, сандардың алдына қосымшаның белгісін қоя отырып белгілейді. Мысалы – Сурет А.3.
Суреттемелер компьютерде орындалуы мүмкін, соның ішінде түрлі-түстілері де болады. Дипломдық жобада барлық суреттемелерге сілтеме болуы тиіс. Суреттемелердің сілтемесінде келесідей жазу керек: өтпелі нөмірлеу кезінде «... 2 суретке сәйкес» және бөлім ішінде нөмірлеген кезде «...1.2 суретке сәйкес».
Егер суреттеме бір бетке сыймайтын болса, оны келесі беттерге көшіруге болады. Бұл суреттеменің келесі беттерінде суреттің белгіленуін және қиғаш қаріппен «жалғасы» деп көрсетеді, тақырыптық атауын қайталамауға болады.
Суреттемелерді негізгі мәтіннен бір бос жолмен алшақтату қажет.
Қорытынды жұмыста көрсетілген сызбалар, графиктер, диаграммалар, сұлбалар мен суреттемелер Конструкторлық құжаттамының бірлік жүйесі (ЕСКД) мемлекеттің стандарт талаптарына сәйкес болуы қажет.
3.1.5. Кестелерді рәсімдеу. Кестелерді жақсы көрнекілік үшін және көрсеткіштерді салыстыру ыңғайлылығы үшін қолданады. Кестелердің атауы, болған жағдайда, оның мазмұнын қысқаша, әрі нақты ашып тұруы керек. Кестенің атауы кестенің жоғары жағына сол жақтан абзацтық шегіністен, оның белгіленуімен тире арқылы ажыратылып бір жолға жазылады. Кесте атауының қалған жолдарын да абзацтық шегіністен бастап жазады.
Кестелерді негізгі мәтіннен бір бос жол арқылы ажыратады.
Кестелерді өтпелі нөмірлеумен араб сандарымен белгілейді. Бұған қосымшалардың кестесі жатпайды. Әр қосымшаның кестесі жеке нөмірленеді, араб сандарымен белгіленеді. Сандардың алдына қосымшаның белгісін қояды. Кестелерді бөлім ішінде нөмірлеуге болады. Бұл жағдайда кестенің нөмірі бөлім нөмірі мен нүкте арқылы ажыратылған кестенің реттік санынан тұрады.
Құжат мәтінінде барлық кестелерге сілтемелер болуы тиіс, сілтемеде «кесте» сөзін оның нөмірін көрсете отырып жазу керек.
Бағандар мен жолдардың тақырыптарын бас әріппен, ал бағандардың тақырыпшаларын егер олар тақырыппен бірге бір сөйлемнен тұрса кіші әріппен, ал жеке мағынаға ие болса бас әріптен бастап жазады. Кестенің тақырыптары мен тақырыпшаларының соңынан нүкте қойылмайды. Бағандардың тақырыптары мен тақырыпшаларын жекеше түрде көрсетеді.
Кестелерді төменгі, оң және сол жақтарынан сызықтармен шектейді. Кестенің жолдарын шектейтін көлденең және тік сызықтарды жүргізбеуге болады, егер олардың болмауы кестені пайдалануда қиындық туғызбайтын болса.
Кесте жолдарының биіктігі 8 мм кем болмауы тиіс. Қаріп - Times New Roman, кегль 10 пункттен кем емес, жоларалық қашықтық – бір интервал.
Кестені, оның өлшемдеріне байланысты, бірінші рет сілтеме берілген мәтіннің астына немесе келесі бетте орналастырады, қажет болған жағдайда құжаттың қосымшасында орналастырылады. Кестені құжат бетінің ұзын жағы бойымен орналастыруға болады.
Егер кесте беттің соңында, ал оның жалғасы келесі бетте болатын болса, кестенің бірінші бөлігінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызықты жүргізбейді.
«Тізім бойынша нөмір» бағаны кестеге қосылмайды. Кесте бағандарын араб сандарымен белгілеуге келесі жағдайларда ғана жол беріледі, егер құжат мәтінінде оларға сілтеме болса, кестені бөліктерге бөлген кезде, сонымен қатар кестенің бір бөлігін келесі бетке көшірген кезде.
Кестеге реттік нөмір бөлімін келтіруге болмайды. Кестедегі бөлімдерді араб сандарымен нөмірлеуге болады құжаттың мәтінінде оларға сүйеніс болса, кесте бөлімдерге бөлінсе және кесте келесі бетке көшірілсе.
3.1.6 Ескертулер. Ескертулер жазу әркімен абзацтен басталып басылуы керек және оның асты сызылмайды. Ескертулер құжаттардың мәтінінде келтіріледі түсініктемелер керек болса неболмаса мәтінің құрамы бойынша анықтағыштар керек болса. Ескертулерде талаптар болмауы қажет. Ескертулерді мәтіннен графикалық материалдан кейн орналастыру қажет неболмаса кестеде оған жататын ескертулер болса.
Ескерту біреу болса, «Ескерту» деген сөзден кейін дефис койылады және ескерту кіші әріппен басылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер реті бойынша араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді. Кестедегі ескертулер кестенің ең төменгі сызығының үстінде орналастырылады.
3.1.7 Өрнектерді орындау. Өрнектерді мәтіндерден бөлек жолға шығару керек. Өрнектен жоғары және төмен аз бір дегенде мәтінде жолдай бос орын қалдырылуы керек.
Өрнекке кіретін белгілерге, саңдық коэффициенттерге бұрын түсініктемелер берілмесе олар кейін берілуі керек. Әр-бір белгінің түсініктемесін жаңа жолдан өрнекте келтірілген ретте беру керек. Түсініктеменің соңында стандарт бойынша физикалық өлшемнің бірлігі көрсетіледі. Бірінші түсініктеме жолы абзацтік шегіністен қос нүктесіз «бұнда» деген сөзбен басталады.
Мысал. Әр-бір үлгінің тығыздын ρ, кг/м3 келесі өрнек бойынша
Бірін соң бірі мәтінмен бөлінбей жазылған өрнектер үтірмен бөлінеді.
Өрнек бір жолға сыймаса, онда ол келесі жолға теңдік (=) белгісінен кейін, не болмаса плюс (+) белгісінен кейін, минус (-), көбейту (х), бөлу (:) неболмаса басқа математикалық белгілерден көшіріп белгі жаңа жолдың басында кайталанады.
Өрнектер ретінде жұмыстың барлық көлемі бойынша дөңгелек жақшаларға алынған араб сандарымен нөмірленеді және осы жолдың оң жағына қойылады. Өрнектерді тарау бойынша да нөмірлеуге болады. Бұндай жағдайда өрнектің нөмірі тараудың нөмірінен және нүктемен бөлінген өрнектің реттік нөмірін тұрады, мысалы (3.1). Қосымшада берілген нөмірлер араб сандарымен бөлек ретпен әр-бір қосымшаның ішінде белгіленеді: нөмірдің алдына қосымшаның белгісі қойылады, мысал, өрнек (В.1).
Мәтінде өрнекке сүйеніс жақшада беріледі, мысал (1) өрнекте.
3.1.8 Қосымшаларды орындау. Қосымшалар ретінде болулары мүмкін, мысалы, графикалық материал, үлкен форматты кесте, есептер, қондырғалармен құралдардың жазбалары, ЭВМ-де шығарылатын алгоритмдермен есеп бағдарламаларының жазбалары және т.б.
Қосымшалар құжаттың жалғасы ретінде келесі беттерде орындалады.
Мәтін бойынша түгел қосымшаларға сүйеніс берілуі керек. Әр-бір қосымша жаңа бетте «Қосымша» деген жолдың ортасында жазылған сөзбен басталуы керек, ал оның астында жақшада міндетті қосымшаға оның дәрежесі көрсетіледі «міндетті», ал ақпараттыққа - «кепілдеме» неболмаса «анықтама» майлы емес шрифпен.
Қосымшалар алфавиттің үлкен әріптерімен, А әріппен бастап белгіленеді (Е,З,И,О,Ч,Ь,Ы,Ъ есептелмейді).
«Қосымша» деген сөзден кейін оны ретінің белгісі әріппен жазылады. Алфавиттің әріптері толық пайдаланса басқа алфавиттің әріптерін пайдалануға болады, мысалы, латын (I, O – әріптері есептелмейді).
Қосымшалардың беттері құжаттың басқа тарауларымен бірге тұтас нөмірленуі керек.
Қосымшаның мәтіні кейбір жағдайда тарауларға және одан ұсақ бөлімшелерге бөлінуі мүмкін, олар әр-бір қосымшада бөлек нөмірленді. Нөмір алдында сол қосымшаның белгісі қойылады.
Түгел қосымшалар құжаттың мазмұндамасында нөмірлері, атаулары көрсетіліп берілуі керек.
3.1.9Жұмыста пайдаланған әдебиеттер туралы мәлімет. Шығарушы жұмыстың түсініктеме хаттамасының соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімі беріледі. Пайдаланған әдебиеттер тізімі құжаттың мазмұнының ішіне кіреді. Пайдаланған әдебиеттер пайдалану ретіне қарай тізімге жазылып араб цифрлері мен нүктесіз және абзацтен шегініп басылуы керек. Құжаттың текстінде (мәтінінде)пайдаланған әдебиеттерге сүйеніс болмаса онда әдебиеттер тізімі алфавит ретінде беріледі. Пайдаланған әдебиеттерге сүйеніс төртбұрышта жақшада берілуі тиіс, мысалы, [ 14 ].
3.2 Шығарушы жұмыстың графикалық бөлімін жасау
3.2.1 Дипломдық жобаның графикалық бөлімі. Сызбалар. 3.1 кестеде көрсетілген масштабы стандарт талабына [ 6 ] сай орындалуы керек.
3.1 кесте – Ғимараттардың сызбаларын орындау масштабтары
Сызбалар атаулары |
Масштаб |
1 Сәулеттік шешімдер: |
|
1.1 Қабаттар жоспары (техникалықтарын басқа) кескіндер, қосбеттер |
1:50; 1:100; 1:200; 1:400; 1:500 |
1.2 Төбе, еден, техникалық қабаттар жоспары |
1:200; 1:500 |
1.3 Жобалардың, қосбеттердің фрагменттері |
1:50; 1:100 |
1.4 Түйіндер |
1:10; 1:20 |
2 Құрылымдық шешімдер: |
|
2.1 Конструктивтік элементтердің орналасу сұлбасы |
1:100; 1:200; 1:400; 1:500 |
2.2 Фрагменттермен қималар. Конструктивтік элементтердің орналасу сұлбасы |
1:50; 1:100 |
2.3 Түйіндер конструктивтік элементтердің орналасу сұлбасы |
1:10; 1:20 |
2.4 Бетон және темірбетон конструкцияларының түрлері, кескіндері және қималары |
1:20; 1:50; 1:100 |
2.5 Конструкциялардың түйіндері |
1:5; 1:10; 1:20; 1:50 |
3 Бұйымдардың сызбалары |
1:5; 1:10; 1:20 |
3.1а суретте құрылыстың негізгі жинақтарының сызбаларының бұрыштамасының (түрі), өлшемдері және оны толтыру үлгісі берілген. Құрылыс бұйымдарының сызбаларының бұрыштамасын толтыру үлгісі 3.1б сүретте көрсетілген.
а – негізгі жинақтарының сызбаларына; б – құрылыс бұйымдарына
Сүрет 3.1 – Студентердің жұмыстарының сызбаларының бұрыштамаларын түрлері
Негізгі жазу бұрыштамасының (бұрыштама бөлімдері нөмірленген) бөлімдерінде көрсетіліп жазылуы керек:
1 2 3 4 5 6
1 – оқулық құжаттың түрі; 2 – мемлекеттік мамандықтың шифрі; 3 – номенклатура бойынша кафедраның индексы; 4 – дипломдық жобаны (жұмысты) бекіту бұйрықтағы тізімдегі орындаушының нөмірі; 5 – жасалған жылы; 6 – оқу құжатының бекітілген шифрі.
Дипломдық жобаның графикалық бөлімінің орындалуы үлгілері қосымшада берілген.
3.2.2 Дипломдық жұмыстың графикалық бөлімі. Дипломдық жұмыстың графикалық бөлімі электрондық презентация ретінде берілетін материал ретінде дайындалуы керек.
Презентация материалдары қорғауға графикалық бөлімін жасауды қысқартпайды (сызбаларды, графиктарды, сұлбаларды, диаграммаларды, кестелерді, сүреттерді және басқа үлгі материалдарын).
3.3 Шығарушы жұмысты қорғауға дайындау тәртібі
3.3.1 Шығарушы жұмысты қорғауға дайындау тәртібі. Шығарушы жұмыс кафедраға алдын-ала қорғаудан өтуге ұсынылады. Шығарушы жұмыс кафедра ашық отырысында студенттердің, кафедра құрамының алдында, міндетті түрде ғылыми жетекшісінің қатысуымен алды-ала қорғаудан өтеді. Алдын-ала қорғау жұмысы кафедра хаттамасымен бекітіледі.
Алдын-ала қорғаудан өткен шығарушы жұмыс болған ескертулер түзетіліп, талаптарға сай орындалған соң дипломниктің өзімен, кеңесшілермен, қол қойып бекітіліп ғылыми жетекшіге беріледі. Ғылыми шетекші шығарушы жұмысқа пікір жазады. Мақұлданған шығарушы жұмыс ғылыми жетекшімен қол қойылып жазылған пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынылады. Шығарушы жұмыс мақұлданбаса ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ пікірінде өз шешімін дәлелдеп жазуы керек.
Осы құжаттардың негізінде кафедра меңгерушісі шығарушы жұмыс бойынша өзінің шешімін қабылдайды. Шығарушы жұмыс қорғауға жіберілмейтін болса бұл жағдай кафедра дипломник және оның ғылыми жеткшісінің қатысуымен отырысында қаралып хаттамамен бекітілуі тиіс. Хаттама кейін бекітуге университеттің ректорына ұсынылады.
Қорғауға кафедрамен бекітілген шығарушы жұмыс деканмен рецензияға жіберіледі. Рецензенттердің тізімі шығарушы кафедраның меңгерушісінің ұсынысы бойынша ректордың бұйрығымен бекітіледі. Рецензенттер ретінде мамандық бойынша өндірістің біліктігі мамандары және ғылыми кәсіпорындарының жетекші мамандары шақырылады.
Рецензент шығарушы жұмысқа жазба пікірін береді. Онда ол жұмыстың өзіктілігін, жаналығын, тәжірибеліктігін, тақырыптын мамандықтың бағытына сай екендігін, жұмыстың тереңдік шешімдерін, қорытындылар мен нұсқауларды талдап, сараптап өз бағасын беруі қажет. Және қортындыда жұмысқа қалыптасқан жүйеде баға беріліп дипломникке академиялық дәреже беруге шешімі көрсетілуі тиіс.
Рецензентпен F бағасына бағаланғанң бірақта қорғауға ғылыми жетекшімен жіберілген шығарушы жұмыс жалпы жағдайда қорғалады.
Қорғауға өз дегенде бір күн қалған уақытта декан рецензиясымен кафедра меңгерушісін және дипломникті таныстырып шығарушы жұмысты пікірмен және рецензиямен бірге Мемлекеттік аттестациялау комиссиясына қорғауға жібереді.
Шығарушы жұмысты қорғау дипломниктің оқыған тілінде неболмаса қалауы бойынша басқа (шет тілінде) тілде болуы мүмкін.
Не болмаса дипломник шет тілде шығарушы жұмысқа қысқаша түйіндеме жасап, кейін сол сұрақтарға жауап беруіне болады.
3.3.2 Жұмысты қорғау тәртібі. Шығарушы қорғау мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық отырысында оның мүшелерінің жартысының көбі қатысуымен өткізіледі. Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау студенттермен оқытушылардың қатысуымен ашық түрде өткізіледі. Қорғауға ғылымижетекші, рецензент дипломдық жұмыс соның базасында жасалған кәсіпорын өкілі және тағы да басқа қызушылық білдіретін адамдар шақырылып қатысуылары мүмкін.
Шығарушы жұмысты қорғауға дипломник 15 минуттық МАК мүшелерінің қатысушылардың алдында баяндама жасайды.
Дипломниктің баяндамасы сызбалармен не болмаса интерактивтік түрде слайдтермен қоса берілуі тиіс.
Шығарушы жұмысты талдауға отырғандардың түгелі қатыса алады.
Талдау біткеннен кейін комиссияның хатшысы пікірді және рецензияны оқиды. Пікірде не болмаса рецензияда болған ескертілерге дипломник өзінің дәлелденген жауаптарын беруі қажет.
Қорғаудың қортындысы бойынша белгіленген жүйеде МАК жабық отырысында дипломниктердің шығарушы жұмыстарына баға береді. Шығарушы жұмысты бағалағанда ескерілетіндер: теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің бағасы. Қорғаудың қортындысы мемлекеттік аттестациялау комиссиясының хаттамасымен әр-бір дипломникке жеке рәсімделеді және қортынды қорғау күні жарияланады.