1.1 Фортепиано туралы бірер сөз
XVIII ғасырдың басында фортепианоның пайда болуы музыка мәдениетіндегі ерекше оқиғалардың бірі болды. Фортепиано өнертабысына дейін басқа да пернелік аспаптар болған. Пернелі музыкалық аспаптарда орта ғасырлық музыканттар да ойнағаны белгілі. Ең көне үрмелі пернелі аспап – орган. Фортепианоға қарағанда ішектің орнына оның көптеген үрмелі түтіктері бар, терең күшті дыбысталуымен ерекшеленеді, алайда ол фортепианоның тікелей шыққан тегі болып саналмайды. Негізін трубалар емес, ішектер құрайтын пернелі аспаптардың алғашқыларының бірі – клавикорд. Бұл құралдың құрылымы қазіргі заманғы фортепианоға ұқсас, тек фортепиано ішіндегідей балғалар орнына, клавикорд ішінде металл пластинкалар орнатылған. Бұл құралдың дыбысталуы жай және жұмсақ, өйткені клавикордта әр пернеде бір-бір ішектен, ал фортепианода әр пернеде үш ішектен. Клавикорд үлкен концерт залында ойнауға жарамсыз болды. Клавикорд дауысы өте тыныш болған себепті, әрине, ол орындаушыларға crescendo (дыбыстау күшін біртіндеп күшейту) және diminuendo (дыбыстау күшін біртіндеп бәсеңдету) қарапайым динамикалық реңктерді жүзеге асыру сияқты сән-салтанатына мүмкіндік бермеді. Дегенмен, клавикорд қол жетімді және танымал ғана емес, сондай-ақ барокко дәуірінің барлық музыканттары мен композиторлары ортасында, оның ішінде ұлы И. С. Бахтың да сүйікті құралы болған еді. Фортепианоның келесі ізбасары және клавикордтың замандасы болған біршама жетілдірілген пернелі аспап – клавесин. Клавесин ішектерінің орналасуы клавикордпен салыстырғанда өзгеше еді. Олар пернелеріне перпендикуляр емес, рояльдардағыдай, параллель тартылған болатын. Клавесин даусы күшті болмағанмен, өте сыңғырлаған еді. Алайда, бұл аспап «үлкен» сахналарда музыкалық өнер көрсетуге әбден жарамды болатын. Клавесинде forte,piano динамикалық реңктерін пайдалану мүмкін емес еді. Аспап дауысы өте тез өшіп қалатын, сондықтан сол замандағы композиторлар ұзақ ноталардың дыбысталуын созу мақсатында өз пьесаларын мелизмдермен (безендірулермен) толықтырып отырған.
Кейінірек фортепианоның ізашарлары клавесин мен клавикорд тыңдаушылардың, композиторлар мен музыканттар-орындаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Қуатты forte және нәзік piano шығара алатын, сондай-ақ түрлі музыкалық-мәнерлеу мүмкіндіктеріне ие, кең динамикалық диапазондағы, динамикалық өтуілердің барлық қыр-сырын жеткізе алатын аспап қажеттігі туындады. Алғашқы фортепианоны итальян шебері Бартоломео Кристофори 1709 жылы ойлап тауып, «gravicembalo col piano e forte» деп атаған. Италиян тілінен аударғанда бұл атау «нәзік әрі жарқын дауыспен шығатын пернелі аспап» деген мағына береді. Фортепианоның алдыңғы туыстас аспаптармен салыстырғандағы ең маңызды ерекшелігі – қатты немесе ақырын дыбысталу, біртіңдеп Forte Piano, яғни crescendo және diminuendo, дыбыс динамикасы мен реңкін бірте-бірте және кенеттен өзгерту қабілеті. Бұл тамаша құрал алғаш рет мәлім болған кезде Еуропада барокко мен классицизм арасындағы өтпелі дәуір етек жайған еді. Сол уақытта пайда болған соната жанры фортепианода орындауға ғажап түрде сай келетін, Моцарттың және Клементидің шығармалары оның жарқын үлгілері болып табылады. Пернелі аспап алғаш рет өзінің барлық мүмкіндіктерімен жеке аспап ретінде шыға бастады, бұл жаңа жанр – оркестрімен фортепианоға арналған концерттің – туындауына себепші болды. Фортепиано көмегімен арбап алатын әуен арқылы өз сезімдері мен эмоцияларын білдіру мүмкіндігі туды.
Бұл романтизмнің жаңа дәуірі композиторларының шығармашылығында Шопен, Шуман, Лист шығармаларында көрініс тапты. Бүгінгі күнге дейін осы кереметтей, көп қырлы мүмкіндіктерге толы аспап, жастығына қарамастан, бүкіл қоғамға орасан зор ықпалын тигізуде. Дерлік барлық ұлы композиторлар өз туындыларын фортепиано үшін жарыққа әкелген. Сонымен қатар, жылдар өткен сайын оның даңқы тек өсе түсетіні, өзінің сиқырлы әуенімен бізді әлі де қуантары белгілі.
1.1.2 Пианист аппараты туралы
Аспапшыны бастапқы оқыту кезеңінде орындау аппаратын ұйымдастыру оқу кешеніндегі ең күрделі элементтердің бірі болып табылады. Көптеген түрлі туындыларды зерделеу арқылы музыкалық өнер саласында білімін кеңейтуге көңіл бөліп, орындалатын шығармаларына деген эмоционалдық ықыласының, музыкалық сауаттылығының дамуымен бірге пианистистік аппаратпен жұмыс жасауға назар аудару қажет.
Бастапқыда пианистік дағдылары тек қозғалтқыштық түрде игеріледі. Алайда, әрбір пианистік қозғалыс белгілі бір дыбыстық әсер жасайды. Егер бастапқыда пианистік қозғалыстар дұрыстығы «орындау шартымен» түзетілсе, ал осы қозғалыс негіздерін меңгерген соң дыбыстық бағалау критерийі енгізіледі: қозғалыс дұрыстығы қажетті дыбыстық нәтиже береді; ал дыбысталудағы қателіктер ойын қозғалыстарының дұрыс еместігінің айғағы.
Алдымен non legato, legato, staccato және т. б. жеке штрихтарды орындау дағдыларын игеру қажет, ал содан кейін арнайы жаттығулар, сондай-ақ пьесалар материалдарындағы күрделі кешендерді игеруді бастауға болады. Нұсқаулық-техникалық репертуарды ерекше мұқияттылықпен және әдістемелік бағыттылыққа сай таңдаған жөн.
Этюдтар мен пьесаларда жеке техникалық дағдылар да, сондай-ақ зейіннің заманауи аударылымын талап ететін олардың жүйеліліктері де, әрі көп жоспарлы зейінін талап ететін үйлесімділігі де көрсетілуі керек. Бұның барлығы техника дамуының осы кезеңінде тұрған міндеттермен тығыз байланысты. Техникалық дағды оны түсінгеннен кейін емес, тек оның қозғалысының автоматтандырылуынан кейін ғана меңгерілген болып есептелетінін ерекше ескерген жөн. Белгілі бір қозғалыстар үшін «қолдың есте сақтауы» да керек.
Негізгі техникалық дағдыларды саналы меңгеру уақыттың өтуімен бірге, оқытудың кез келген деңгейінде аспапшының жұмысында кездесетін техникалық қиындықтарды өз бетінше талдау біліктігін қалыптастырады. Күрделі техникалық кешенді қарапайым элементтерге айыра білу ересек пианисттің өзі де жасайтын техникалық қателіктер мен орындаудағы ыңғайсыздықты жеңуге, дыбысталудың ойдағыдай шығуына көмектеседі.
Пианисті аспап алдына отырғызу орындықтың 1/3 бөлігін алуы керек. Отырғызу биіктігі пернетақтаға арақаттынасы бойынша шынтақтың орналасуына байланысты. Шынтақ пернетақта деңгейінде, не сәл жоғары болуы керек. Ғалымдардың пайымдауынша, омыртқа үшін ең қолайлы жағдай жамбас пен дене арасында тік бұрыштың болуы. Денеден пернетақтаға дейінгі арақашықтық созылған қолымен рояль немесе пианиноның алдыңғы қабырға бетіне алақандарымен жете алуы керек, денесі тік болып, шынтағы бүгілмеуі керек. Аяқ басқышқа (педальге) жақын болып, аяқтың ұшы мен өкешесі – параллель, ал дене арқаның төменгі бөлігіне таянып тұруы қажет. Аяқтың қалпына мұқият қарап отырған жөн, табан «салбырап» тұрмауы керек. Жақсы дене мүсіні тік арқаның дұрыс орналасуымен байланысты; иықтары күшті сезінбейтіндей қалыпты жағдайда болуы тиіс; арқаның төменгі бөлігінің ауырлық орталығын сезіну керек. Саусақ пен білезік қозғалысы иықтан басталады. Бұл ретте пернелердің «түбін» сезіне отырып, саусақтың соңындағы тіректі сезіну маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Саусақтарды білезік деңгейінен жоғары көтермеген дұрыс, бірақ бұл ретте саусақтары белсенділікті сақтауы тиіс. Дауыстың шығу анықтылығына саусақтың басу және көтерілуінің бөлінген кезінде қол жеткізіледі. Қолды орналастыруға, фортепиано алдына дұрыс отыруға, қозғалысты үйлестіруге арналған жаттығулар сипаты мен ұзақтығы алдын ала жасалған даярлыққа байланысты.
1.1.3 Пианист білегін реттеу
Фортепианода ойнау кезінде білезік доғал күмбез тәріздес: барлық буындар көрініп, күмбез ішіне бүгілмеуі керек. Әрине білезік бос болғанда, дөңгелек қалыпқа ие, сондай-ақ оны жинақтау кезде пианистік талаптарға сай келеді. Бұған дене бойымен еркін қалыпта тұрған қол білезігіне қарап көз жеткізуге болады: саусақтардың жартылай бүгілген, күш түсірілмей, жұмылмаған қалпы – бұл білезік пианистік дұрыс қалыпта орналасқанын білдіреді. Осыған орай бұл табиғи жинақылықты пайдалану керек.
1.1.4 Саусақ жармасқыштығын тәрбиелеу
Пианистік аппаратты реттеуде жаңа үйреніп жүрген студент үшін ең қиындық тудыратын сәттердің бірі саусақ ұштарының (тырнақ бөліктерінінің) жармасқыштығы мен сезгіштігін тәрбиелеу болып табылады. Әдетте, қысылушылықтың, қимылдамай қалушылықтың алын алу үшін пианисті алғашқы қадамынан бастап қолдың иықтан бастап еркін кең қозғалысына үйретеді. Сөйтіп, алғашқы пианистік қозғалыстар жеке дыбыстарды шығарумен, яғни нон легатоны орындаудың алуан түрлерімен байланысты. Берілген орындаушылық амалдар дұрыстығын жоққа шығармай, дегенмен де, олардың бірқатар шектеулілігін, біржақтылығын да айта кеткен жөн, себебі дыбыс шығарудың бұл тәсілдері жармасқыштыққа, саусақтардың тырнақ бөліктерінің «жастықшаларын» тығыз тигізуге, перне «түбін» сезінуге талап қоймайды. Саусақ ұшы берілген тәсілдерде тірек қызметін атқарады. Ол бүгілмей қолдың жоғары бөліктерінің салмағына төзуі керек. Ал саусақ пен перне қақтығысқан сәттің өзі де бақылануы керек, өйткені дыбысталудың қажетті сипаттамасы (көбінесе толық дыбысталуы) бүкіл қолдың салмағымен, сермеуімен, күшімен қамтамасыз етіледі. Осылайша, тырнақ бөлігі (саусақ ұшы) бойынша есту және дене бағдары қалыптасады, пианизмдегі «тілдік артикуляция мүшесі» ретінде «саусақ ұшының сезінуі» қалыптасады. Легато орындауға көшкенде жармасқыштық емес, сәл көтеріңкі саусақтармен дыбыстардың формалды байланысынан алшақ болу керек. Саусақтың тырнақ бөлігінің жармастығы болмаса, аспапта ойнау практикасымен бекітіліп, пианистік кемшілікке ауысады: дыбыстың қатты шығуы саусаққа түсірілген күшпен қол жеткізіледі, бұл саусақ қимылының тездігін бәсеңдетеді де, пиано үні шықпай үстіртін болады. Саусақтардың тырнақ бөліктері фортепианода ойнау кезінде «тілдік» іспеттес қызметтерді атқарады. Сол себепті саусақтың тырнақ бөілігінің перне «түбіне» жанасу тәсілі ретінде соншалықты маңызды пианистік дағдыны қалыптастыруды фортепианода ойнаудың алғашқы сабақтарынан бастап дамыту қажет.
1.1.5 Бас (бірінші) саусақтың қозғалысын реттеу
Бас (бірінші) саусақтың қозғалысын реттеу пианистік аппаратта елеулі қиындықтарға әкеп соқтырады, оның қате қимылынан бір қатар пианистік кемшіліктер орын алады. Бірінші саусақпен байланысты болатын техникалық ыңғайсыздықтар қолдың қалыпты жағдайы мен қимылы кезінде бірінші саусақ қалған саусақтарға қарсы тұратындай, оның қозғалысы қарсы бағытталған. Яғни, бірінші және қалған саусақтарды салыстырсақ, олар әр бағытта – бір-біріне қарама-қарсы – жұмыс істейді. Осыған орай скрипкашы, виолончелисттің орындаушылық қалпы қолдың (дәлірек білезіктің) табиғи құрылымына біршама тән: қарсы қозғалып келе жатқан бірінші саусақ ойнамайды. Ал пианстің бүкіл бес саусағы да, оған қоса бір жазықта ойнайды, бұл ыңғайсыз, әрі бірінші саусақ үшін қалыпты емес. Сонымен қатар, тұрмыстық қозғалыста бірінші саусақ тірек рөлін атқарады, оған күш қозғалыстары тән – қолмен білезік арқылы байланысқан, сол себепті аз қозғалмалы, қысқа әрі күшті саусақ. Бірінші саусақтың тұрмыстық қозғалыстағы тіректігі мен аз қозғалғыштығы фортепианолық орындауда бір қатар ыңғайсыздықтар тудырады. Бес саусақпен орындау кезінде ыңғайсыз бірінші саусақты қалай қолданарын білмей, білім алушылар жиі оны алақан сүйекке қысып, алақан астына жасырады, алақан сүйектен алып басқа саусақтарға перпендикуляр ұстайды. Бірінші саусақ ойнауы тиіс «жастықшаның» бөлігін нашар сезінеді де, оны пернеге толықтай, бүкіл ұзындығымен салып басады. «Астына қоюды және «орнын ауыстырып қоюды» орындау кезінде бірінші саусақты қатты ұстайды, сол себепті бірінші саусақты «астына қойған» кезде білезік оны сәйкес пернеге қою үшін көтеріледі. «Орнын ауыстырып қою» кезінде орын ауыстыру үшін бірінші саусақ арқылы бүкіл қол бұрылады. Осы айтылғанның бәрі бірінші саусақтың қозғалысын реттеу ерекше көңіл бөлуді талап ететінінің айғағы. Бірінші саусақты реттеудегі алғашқы әдістемелік міндеттердің бірі ол туралы күшті, ұзын, қимылдағыш ретінде бірден түсінік қалыптастыру қажеттігі болып табылады. Тұрмыста аз қозғалатын бас саусақ барынша ауқымды қозғалтқыштық ресурстарға ие. Орындайтын бас саусақ басқалары тәрізді үш бөліктен емес, екі бөліктен тұрады, яғни ойнай отырып, ол қысқара алады. Бірақ еркін қозғалыста бас саусақ қалпы алақан сүйектің бүйірінен алақан сүйек бөлігін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, ойнамайтын бірінші саусақтың үш бөлігі бар деуге болады, сондай-ақ өзінің ұзындығы мен сермеу қозғалысы бойынша ең ұзын саусақтардан кем түспейді. Егер бірінші саусақты сермей отырып қозғалтса, оның ұзындығы бойынша үшінші саусақпен тең екеніне, әрі барынша қозғалатынына да көз жеткіземіз. Тағы бір айта кететін жайт, бір қатар пианистік қозғалыстарда ойнаушы бірінші саусақ ұзын саусақ ретінде де қолданылады. Мәселен, дыбыстың негізгі позициясынан алыс тұрғанды алу бірінші саусақтың (алақан сүйек бөлігін қоса отырып) күштірек алуды қажет етеді. Екінші міндет – жаңа үйреніп жатқан пианисті бірінші саусақ ұшын (тырнақ бөлігін) жақсы қолдануға үйрету: «жастықшамен» бүйір жағымен жармасқытып ойнау. Бірінші саусаққа басқалармен салыстырғанда көбірек көңіл бөлу керек, яғни үнемі бақылап тұру қажет. Бірінші саусаққа арналған бастапқы жаттығулар оның қозғалыстық мүмкіндіктері туралы және оған сәйкес сезімдер туралы түсінік беруге бағытталады.
1.1.6 Білезік қозғалысын реттеу
Педагогика тәжірибесінде «білезік» деп аталатын білек буыны өзінің әмбебаптылығы бойынша алуан түрлі қызмет атқаратын пианистік аппараттың маңызды бөлігі болып табылады. Ол саусақтан бастап қолдың жоғары бөліктеріне дейін және қарсы бағытталатын түрлі қозғалыстардың таратушысы болып табылады. Білек осы бағыттарды өзгертеді, бағыттайды, түзетеді, сонымен қатар көптеген өзіндік қызметтерді атқарады. Оны қолдың «дем алу аппараты» деп атауға болады. Жаңа үйреніп жатқан пианисті білек қозғалыстарының қарапайым жаттығулар түріндегі барлық негізгі формалармен қамсыздандыру керек. Бұл актив және пассив қозғалыстар, олар тік (вертикаль), жазықтық (горизонталь) және айналмалы болып бөлінеді. Жаттығулар бір мезгілде немесе жылдам жүйелілікте: әр сабақта жаңа енгізіледі. Егер әр жаттығуда оның толық бекітілуіне, автоматты түрде ордалуына дейін тоқталса, онда білек қозғалысының біреуі үстем болып, келешекте басқа қозғалыстарды енгізуде қалыптасқан дағды қарсы тұруы мүмкін.
1.1.7 Білектің горизонталь қозғалыстары немесе жазықтық қозғалыстар
Білек қозғалысының осы формасын меңгеру пианиске қажет болған жағдайда гаммаларда, пассаждарда, қысқа арпеджиода және тығыз және кең орналасу түріндегі басқа да «қозғалыстың жалпы формасында» дыбысталудың түзулігіне қол жеткізу үшін керек.
1.2 Музыкалық жүйенің дыбыстық қатарының негізгі сатылары
До | Ре | Ми | Фа | соль | ля | Си |
do | re | mi | fa | sol | la | si |
C | D | E | F | G | A | H |
Негізгі сатылар фортепианодан ақ пернеде шығатын дыбыстарға сәйкес келеді.
1.2.1 Ноталардың ноталық станда орналасуы
Негізгі сатылардың жеті атауы дыбыстық қатарда мерзімді түрде қайталанады, осыған орай барлық негізгі сатылардың дыбыстарын жеке шәкілдің бүкіл ұзындығы бойынша қамтиды. Бірдей сатылардағы дыбыстардың арасындағы ара қашықтық октава деп аталады. Демек, бүкіл дыбыстық қатарды октавалы бөлікке бөлуге болады. Октава басы деп «до» дыбысы есептеледі. Бүкіл дыбыстық қатар жеті толық октавадан және дыбыстық қатар шегі (фортепиано пернесінің соңында) бойынша екі толық емес октаваны қалыптастыратын бірнеше дыбыстан тұрады. Октавалар атауы келесідегідей: субконтроктава, контроктава, үлкен октава, кіші октава, бірінші октава, екінші октава, үшінші октава, төртінші октава және бесінші октава. Егер Сіз фортепиано пернесі алдына ұзындығы бойынша дәл ортасына отырсаңыз, алдыңызда бірінші октава пернелері тұрады. Олардың дыбысталуы жай сөйлеп тұрған әйел даусының биіктігіне біршама жақын. Төменде октаваға бөлінген перне түрінде бейнеленген музыкалық жүйенің дыбыстық қатарының сызбасы беріледі:
Контр Субконтр үлкен кіші бірінші екінші үшінші төртінші октава октава
1.2.2 Негізгі дағдылары
Non легато (итал. non legato.) - бір дыбыс басқа көшу күрт бөлінген, бірақ, онда әдісін орындау. Ойнатқанда үшін тегіс немесе тырыспалы дыбыс болған жоқ, сондықтан осы сенсорлық пернелер басылған және жойылады. Біріншіден, біз жазба мәтінінде берілген саусақ қолданылады, содан кейін оң және сол қолын айнымалы, тек үшінші саусақпен әр жаттығуды ойнау керек.
№1
№2
№3
Legato (итальяндық Legato.) - бұл келісілген әуен ойнату болып табылады. Легато ойнату, тегіс және үзіліссіз және тремор жоқ үні бастап реңін дыбыс тіпті тарату үшін, дыбыс басқа ауыстырылды қалай мұқият тыңдау керек. Сіз қажетсіз қозғалыстар, тремор және ноталар бар легато лигасында көтерілген шамадан тыс қолмен саусақ жоқ дағдыларын түптеу дыбыстарды өндірісіне тікелей назарына легато ойнатқанда Бұл өте маңызды болып табылады.
№4
№5
АЙНАЛАЙЫН АҚ МАМАМ
ӘЙ-ӘЙ БӨПЕМ
Қазақтың халық әні
ТҰСАУ КЕСУ
Қазақтың халық әні
ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ
Стаккато (Стаккато итальяндық «Үзік».) - дыбыстарды қысқа тырыспалы өнімділігі. Ол легато қарсы болып табылады. Осы шеберлігі ойындар дыбыс ұзақтығы мен қарқыны өзгертпестен олардың арасындағы кемшіліктерді арттыру азайту болып табылады. Бұл бар өнім сынамын, жеңілдігі, рақымын сыйлайды. Стаккато орындау кезінде, кенеттен дыбыс өндірістік әдістері қолданылды. Finger жазбаны таң және бірден босатады. Stave стаккато ескерім жоғары немесе төмен орналасқан нүктесі тағайындалған.