Пианист аппараты туралы


Аспапшыны бастапқы оқыту кезеңінде орындау аппаратын ұйымдастыру оқу кешеніндегі ең күрделі элементтердің бірі болып табылады. Көптеген түрлі туындыларды зерделеу арқылы музыкалық өнер саласында білімін кеңейтуге көңіл бөліп, орындалатын шығармаларына деген эмоционалдық ықыласының,  музыкалық сауаттылығының дамуымен бірге пианистистік аппаратпен жұмыс жасауға назар аудару қажет.

Бастапқыда пианистік дағдылары тек қозғалтқыштық түрде игеріледі. Алайда, әрбір пианистік қозғалыс белгілі бір дыбыстық әсер жасайды. Егер бастапқыда пианистік қозғалыстар дұрыстығы «орындау шартымен» түзетілсе,  ал осы қозғалыс негіздерін меңгерген соң дыбыстық бағалау критерийі енгізіледі: қозғалыс дұрыстығы қажетті дыбыстық нәтиже береді; ал дыбысталудағы қателіктер ойын қозғалыстарының дұрыс еместігінің айғағы.

Алдымен non legato, legato, staccato және т. б. жеке штрихтарды орындау дағдыларын игеру қажет, ал содан кейін арнайы жаттығулар, сондай-ақ пьесалар материалдарындағы күрделі кешендерді игеруді бастауға болады. Нұсқаулық-техникалық репертуарды ерекше мұқияттылықпен және әдістемелік бағыттылыққа сай таңдаған жөн.

Этюдтар  мен пьесаларда жеке техникалық дағдылар да, сондай-ақ зейіннің заманауи аударылымын талап ететін олардың жүйеліліктері де, әрі көп жоспарлы зейінін талап ететін үйлесімділігі де көрсетілуі керек. Бұның барлығы техника дамуының осы кезеңінде  тұрған міндеттермен тығыз байланысты. Техникалық   дағды оны түсінгеннен кейін емес, тек оның қозғалысының автоматтандырылуынан кейін ғана меңгерілген болып есептелетінін ерекше ескерген жөн. Белгілі  бір қозғалыстар үшін «қолдың есте сақтауы» да керек.

Негізгі техникалық дағдыларды саналы меңгеру уақыттың өтуімен бірге,  оқытудың кез келген деңгейінде аспапшының жұмысында кездесетін техникалық қиындықтарды өз бетінше талдау біліктігін қалыптастырады. Күрделі техникалық кешенді қарапайым элементтерге айыра білу ересек пианисттің өзі де жасайтын техникалық қателіктер мен орындаудағы ыңғайсыздықты жеңуге, дыбысталудың ойдағыдай шығуына көмектеседі.

Пианисті аспап алдына отырғызу орындықтың 1/3 бөлігін алуы керек. Отырғызу биіктігі пернетақтаға арақаттынасы бойынша шынтақтың орналасуына байланысты. Шынтақ пернетақта деңгейінде, не сәл жоғары болуы керек. Ғалымдардың пайымдауынша, омыртқа үшін ең қолайлы жағдай жамбас пен дене арасында тік бұрыштың болуы.

Денеден пернетақтаға дейінгі арақашықтық созылған қолымен рояль немесе пианиноның алдыңғы қабырға бетіне алақандарымен жете алуы керек, денесі тік болып, шынтағы бүгілмеуі керек.

Аяқ басқышқа (педальге) жақын болып, аяқтың ұшы мен өкешесі – параллель, ал дене арқаның төменгі бөлігіне таянып тұруы қажет. Аяқтың қалпына мұқият қарап отырған жөн, табан «салбырап» тұрмауы керек.

Жақсы дене мүсіні  тік арқаның дұрыс орналасуымен  байланысты; иықтары күшті сезінбейтіндей қалыпты жағдайда болуы тиіс; арқаның  төменгі бөлігінің ауырлық орталығын сезіну керек.

Саусақ  пен білезік қозғалысы иықтан басталады. Бұл ретте пернелердің «түбін» сезіне отырып, саусақтың соңындағы тіректі сезіну маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Саусақтарды білезік    деңгейінен жоғары көтермеген дұрыс, бірақ бұл ретте саусақтары белсенділікті сақтауы тиіс. Дауыстың шығу анықтылығына саусақтың басу және көтерілуінің бөлінген кезінде қол жеткізіледі.

Қолды орналастыруға, фортепиано алдына дұрыс отыруға, қозғалысты үйлестіруге арналған жаттығулар сипаты мен ұзақтығы алдын ала жасалған даярлыққа байланысты.

Пианист білегін реттеу

Фортепианода ойнау кезінде білезік доғал күмбез тәріздес: барлық буындар көрініп, күмбез ішіне бүгілмеуі керек. Әрине білезік бос болғанда, дөңгелек қалыпқа ие, сондай-ақ оны жинақтау кезде пианистік талаптарға сай келеді. Бұған  дене бойымен еркін қалыпта тұрған қол білезігіне қарап көз жеткізуге болады: саусақтардың жартылай бүгілген, күш түсірілмей, жұмылмаған қалпы – бұл білезік пианистік дұрыс қалыпта орналасқанын білдіреді. Осыған орай бұл табиғи жинақылықты пайдалану керек.

Саусақ жармасқыштығын тәрбиелеу

Пианистік аппаратты реттеуде жаңа үйреніп жүрген студент үшін ең қиындық тудыратын сәттердің бірі саусақ ұштарының (тырнақ бөліктерінінің) жармасқыштығы мен сезгіштігін тәрбиелеу болып табылады. Әдетте, қысылушылықтың,  қимылдамай қалушылықтың алын алу үшін  пианисті алғашқы қадамынан бастап қолдың иықтан бастап еркін кең қозғалысына үйретеді. Сөйтіп, алғашқы пианистік қозғалыстар жеке дыбыстарды шығарумен, яғни нон легатоны орындаудың алуан түрлерімен байланысты. Берілген орындаушылық амалдар дұрыстығын жоққа шығармай, дегенмен де, олардың бірқатар шектеулілігін, біржақтылығын да айта кеткен жөн, себебі дыбыс шығарудың бұл тәсілдері жармасқыштыққа, саусақтардың тырнақ бөліктерінің «жастықшаларын» тығыз тигізуге, перне «түбін» сезінуге талап қоймайды.

Саусақ ұшы берілген тәсілдерде тірек қызметін атқарады. Ол бүгілмей қолдың жоғары бөліктерінің салмағына төзуі керек. Ал саусақ пен перне қақтығысқан сәттің өзі де бақылануы керек, өйткені дыбысталудың қажетті сипаттамасы (көбінесе толық дыбысталуы) бүкіл қолдың салмағымен, сермеуімен, күшімен қамтамасыз етіледі. Осылайша, тырнақ бөлігі (саусақ ұшы) бойынша есту және дене бағдары қалыптасады, пианизмдегі «тілдік артикуляция мүшесі» ретінде  «саусақ ұшының сезінуі» қалыптасады.

Легато орындауға көшкенде  жармасқыштық емес, сәл көтеріңкі саусақтармен дыбыстардың формалды байланысынан алшақ болу керек. Саусақтың тырнақ бөлігінің жармастығы болмаса, аспапта ойнау практикасымен бекітіліп, пианистік кемшілікке ауысады: дыбыстың қатты шығуы саусаққа түсірілген күшпен қол жеткізіледі, бұл саусақ қимылының тездігін бәсеңдетеді де, пиано үні шықпай үстіртін болады. Саусақтардың тырнақ бөліктері фортепианода ойнау кезінде «тілдік» іспеттес қызметтерді атқарады. Сол себепті саусақтың тырнақ бөілігінің перне «түбіне» жанасу тәсілі ретінде соншалықты маңызды пианистік дағдыны қалыптастыруды фортепианода ойнаудың алғашқы сабақтарынан бастап дамыту қажет.

Бас (бірінші) саусақтың қозғалысын реттеу

Бас (бірінші) саусақтың қозғалысын реттеу пианистік аппаратта елеулі қиындықтарға әкеп соқтырады, оның қате қимылынан бір қатар пианистік кемшіліктер орын алады. Бірінші саусақпен байланысты болатын техникалық ыңғайсыздықтар қолдың қалыпты жағдайы мен қимылы кезінде бірінші саусақ қалған саусақтарға қарсы тұратындай, оның  қозғалысы қарсы бағытталған. Яғни, бірінші және қалған саусақтарды салыстырсақ, олар әр бағытта – бір-біріне қарама-қарсы – жұмыс істейді. Осыған орай скрипкашы, виолончелисттің орындаушылық қалпы қолдың (дәлірек білезіктің) табиғи құрылымына біршама тән: қарсы қозғалып келе жатқан бірінші саусақ ойнамайды. Ал пианстің бүкіл бес саусағы да, оған қоса бір жазықта ойнайды, бұл ыңғайсыз, әрі бірінші саусақ үшін қалыпты емес. Сонымен қатар, тұрмыстық қозғалыста бірінші саусақ тірек рөлін атқарады, оған күш қозғалыстары тән – қолмен білезік арқылы байланысқан, сол себепті аз қозғалмалы, қысқа әрі күшті саусақ. Бірінші саусақтың тұрмыстық қозғалыстағы тіректігі мен аз қозғалғыштығы фортепианолық орындауда бір қатар ыңғайсыздықтар тудырады. Бес саусақпен орындау кезінде ыңғайсыз бірінші саусақты қалай қолданарын білмей, білім алушылар жиі оны алақан сүйекке қысып, алақан астына жасырады, алақан сүйектен алып басқа саусақтарға перпендикуляр ұстайды. Бірінші саусақ ойнауы тиіс «жастықшаның» бөлігін нашар сезінеді де, оны пернеге толықтай, бүкіл ұзындығымен салып басады.

 «Астына қоюды және «орнын ауыстырып қоюды» орындау кезінде бірінші саусақты қатты ұстайды, сол себепті бірінші саусақты «астына қойған» кезде білезік оны сәйкес пернеге қою үшін көтеріледі. «Орнын ауыстырып қою» кезінде орын ауыстыру үшін бірінші саусақ арқылы бүкіл қол бұрылады. Осы айтылғанның бәрі бірінші саусақтың қозғалысын реттеу ерекше көңіл бөлуді талап ететінінің айғағы.

Бірінші саусақты реттеудегі алғашқы әдістемелік міндеттердің бірі ол туралы күшті, ұзын, қимылдағыш ретінде бірден түсінік қалыптастыру қажеттігі болып табылады. Тұрмыста аз қозғалатын бас саусақ барынша ауқымды қозғалтқыштық ресурстарға ие. Орындайтын бас саусақ басқалары тәрізді үш бөліктен емес, екі бөліктен тұрады, яғни ойнай отырып, ол қысқара алады. Бірақ еркін қозғалыста бас саусақ қалпы алақан сүйектің бүйірінен алақан сүйек бөлігін пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз, ойнамайтын бірінші саусақтың үш бөлігі бар деуге болады, сондай-ақ өзінің ұзындығы мен сермеу қозғалысы бойынша ең ұзын саусақтардан кем түспейді. Егер бірінші саусақты сермей отырып қозғалтса, оның ұзындығы бойынша үшінші саусақпен тең екеніне, әрі  барынша қозғалатынына да көз жеткіземіз. Тағы бір айта кететін жайт, бір қатар пианистік қозғалыстарда ойнаушы бірінші саусақ ұзын саусақ ретінде де қолданылады. Мәселен, дыбыстың негізгі позициясынан алыс тұрғанды алу бірінші саусақтың  (алақан сүйек бөлігін қоса отырып) күштірек алуды қажет етеді.

Екінші міндет – жаңа үйреніп жатқан пианисті бірінші саусақ ұшын (тырнақ бөлігін) жақсы қолдануға үйрету: «жастықшамен» бүйір жағымен жармасқытып ойнау. Бірінші саусаққа басқалармен салыстырғанда көбірек көңіл бөлу керек, яғни үнемі бақылап тұру қажет.

Бірінші саусаққа арналған бастапқы жаттығулар оның қозғалыстық мүмкіндіктері туралы және оған сәйкес сезімдер туралы түсінік беруге бағытталады.

Білезік қозғалысын реттеу

Педагогика тәжірибесінде «білезік» деп аталатын білек буыны өзінің әмбебаптылығы бойынша алуан түрлі қызмет атқаратын пианистік аппараттың маңызды бөлігі болып табылады.

Ол саусақтан бастап қолдың жоғары бөліктеріне дейін және қарсы бағытталатын түрлі қозғалыстардың таратушысы болып табылады. Білек осы бағыттарды өзгертеді, бағыттайды, түзетеді, сонымен қатар көптеген өзіндік қызметтерді атқарады. Оны қолдың «дем алу аппараты» деп атауға болады. Жаңа үйреніп жатқан пианисті білек қозғалыстарының қарапайым жаттығулар түріндегі барлық негізгі формалармен қамсыздандыру керек. Бұл актив және пассив қозғалыстар, олар тік (вертикаль), жазықтық (горизонталь) және айналмалы болып бөлінеді. Жаттығулар бір мезгілде немесе жылдам жүйелілікте: әр сабақта жаңа енгізіледі. Егер  әр жаттығуда оның толық бекітілуіне, автоматты түрде ордалуына дейін тоқталса, онда білек қозғалысының біреуі үстем болып, келешекте басқа қозғалыстарды енгізуде қалыптасқан дағды қарсы тұруы мүмкін.

Білектің горизонталь қозғалыстары немесе жазықтық қозғалыстар

Білек қозғалысының осы формасын меңгеру пианиске қажет болған жағдайда гаммаларда, пассаждарда,  қысқа арпеджиода және   тығыз және кең орналасу түріндегі  басқа да «қозғалыстың жалпы формасында» дыбысталудың түзулігіне қол жеткізу үшін керек.