Инженер мамандығы бойынша оқытатын жоғарғы мектептерде инженерлік сызба пәні жалпы кәсіби тақырыптардың ішіндегі ең негізгі бөлігі болып есептеледі.
Инженерлік курсын оқыту базасына мектептегі геометрия пәнінің материалдары кіреді. Мектептегі геометрия курсында геометриялық фигуралардың негізгі өзіне тән белгілері оқытылады. Инженерлік сызба курсында бұл негізгі белгілер күрделі фигура ретінде оқытылады. Мысалы, жазықтықтағы сызықтар мен қисық беттер. Инженерлік сызбаның геометрия пәнінен айырмашылығы, ол сызудың әдісі мен сызылған фигура құрылысының тәсілін оқытып, негізгі белгілері арқылы заттың бейнесін анықтайды. Графикалық қызмет оқушылардың түрлі графикалық ақпаратты қабылдағандағы ойын, талдауын, қайта өңдеу қабілетінің толық сапалы дамығандығын білдіретін ойшылдық пен танымдық қатарында орындалуын талап етеді. Бұлардың бәрі шынайы бейненің не ойлаған нысанның немесе кейіптеудің сызу, сурет, схема, графика және т.б түріндегі бейнесін тудыруға жол ашады. Инженерлік сызба курсын оқу белгілі бір қиындықтармен байланысын сездіреді, заттың өзіндік өзгешеліктерінің келісімін, геометриялық жаңартудың қиындығы, сонымен қатар көптеген студенттерге елестету мен көз алдына келтіру тәжірбиесінің жоқтығы қиындық туғызады.
Соңғы жағдай жобалау сызуының шынайы жазықтықтан және геометриялық нысаннан үзіліп кеткенін анықтайды, бұл затты қабылдауды қиындатады. Адамның графикалық дайындығының деңгейі графикалық бейне техникасын меңгергендігімен емес, оның бейнелерінің ойдағы бейнелеуге қаншалықты дайын екендігіне және бейнелі ойлауының қаншалықты дамығандығын, сонымен қатар жазықтықты елестету деңгейін, жалпы ойлау қабілетінің дамығандығымен анықталады.
Инженерлік сызба ғылым ретінде жазықтықтағы геометриялық бейнелердің дұрыс келтірілуін зерттейді. Жазықтықтағы бейнелерді сызу деп атайды. Геометриялық бейнелердің арқасында нүкте, сызықтар (түзу және қисық), жазықтықтар ұғымы түсіндіріледі. Бұл бейнелердің жиынтығы кез-келген жазықтық формасы бейнелерін (бөлшек, түзіліс, құрылыс) береді.
Міне, осыдан келіп инженерлік сызба курсының мақсаты мен міндеті туады және оқыту нәтижесінде студент мынаны білуі тиіс:
- жазықтықтағы кеңістік түрлерінің бейнелеу әдісін білу;
- техникалық сызуды құрастыра білу;
- нысанды кеңістікте ойша жобалау қабілетін дамыту;
- сызуды үйрету;
- кеңістік түрлерімен байланысты графикалық есептерді шешу әдісін меңгерту;
- сызудың ережесін құрау;
- кеңістіктегі түрге байланысты графикалық есеп шығарудың әдіс-тәсілдері мен ережесін білу;
- жазықтықта кеңістік түрлерінің бейнесін құрастыру;
- графикалық тәсіл арқылы сызуда кеңістіктік есеп қатарын шығару.
Ұсынылған оқу құралы барлық оқу түрлеріндегі оқитын студенттерге арналған. Бұл инженерлік сызба пәнінен сабақ беретін оқытушы-профессорлар құрамына да пайдалы болады.