Тәлімгерлердің оқу деңгейін бағалау және бақылау бойынша материалы


5.1 Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

Курстық жұмысының мақсаты

Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг проблемасы – оны реттеудің формалары мен әдістері Қазақстан Республикасының ең маңызды әлеуметтікэкономикалық проблема.

«Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» пәнін курстық жұмысының мақсаты – кәсіпкерлік білім берумен қатар, ондағы стандарт жүйесімен таныстыру, әлеуметтік қызмет көрсетудегі мониринг зерттеуінің мазмұны мен әдісіне үйрету болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері

Курстық жұмыстың міндеттеріне стандарттау жүйесінің теориялық негіздерін зерттеу, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы технологияны қолдану, мониторинг зерттеулерінің бағытын зерттеу, олардың жабдықтары мен мониторинг ұйымдарындағы технологиялық ақпараттың рөлін зерттеу, санақ бойынша негізгі әлеуметтік көрсеткіштердің әдісін қолданудағы іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға әрекеттендіру.

«Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» пәнін оқытудың мақсаты – студенттерді кәсіпкерлік білім берумен қатар, ондағы стандарт жүйесімен таныстыру, әлеуметтік қызмет көрсетудегі мониринг зерттеуінің мазмұны мен әдісіне үйрету болып табылады.

Курстық жұмыстың түсіндірме хатында келесі құрылым болу керек:

- титулдық парақ (А қосымшасы);

- жоспар;

- актіке негіздеумен кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- әдебиеттер;

Курстық жұмысында тақырыпты толық аша отырып, талдау жасалу тиіс және берілген мекеме жөнінде есептеме көрсету керек. Курстық жұмыстың көлемі 40 - 45 бет қолымен жазылған мәтін немесе 20 - 25 бет баспа мәтіні.

Тақырыпты таңдау мен курстық жұмысты әзірлеуге және қорғауға талаптар

Студент курстық жұмыстың тақырыбының нөмерін сынақ кітапшасының соңғы саны бойынша таңдайды немесе оқытушының таңдауы бойынша.

Курстық жұмыстың түсіндірме хаты (МИ ПГУ 4.01.3) оқу құжаттарды әзірлеу ережеліріне сәйкес әзірлеу керек.

Студенттің әзірленген және қолын қойылған курстық жұмысы жетекшіге қол қоюға ұсынылады.

Егер курстық жұмыс уақытында орындалса және талаптарға сай болса, онда жетекші студентті курстық жұмысын қорғауға жібереді.

Студенттер курстық жұмысты белгіленген уақыттан кеш орындаса, онда курстық жұмысты кафедра меңгерушінің руқсатымен қорғауға жіберіледі.

Курстық жұмысты қорғауы кафедра меңгеруші сессиядан бірекі апта бұрын бекіткен графигі бойынша жүргізіледі.

Курстық жұмыс жетекшінің қатысуымен кафедра меңгерушісі бекітеді және қорғауы үш кісіден түратын комиссия отырысында жүргізіледі.

Курстық жұмысты қорғау үшін студент 3-5 минуттік қысқаша баяндамен сөйлейді және комиссия мүшесінің сұрақтарына жауап береді.

Курстық жұмысты орындау сапасы және қорғауы жүз балдық шкала бойынша цифрдық эквивалентке ауысып әріптік және дәстүрлі бағамен бағаланады. Сынақ кітапшасына баға дәстүрлі түрде қойылады («өте жақсы», «жақсы», «қанағат»).

Баға қойғанда келесіге назар аудару керек:

- қорғаған кезде баяндаманың сапасы;

- студенттің теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындықтың деңгейі;

- түсіндірме хаты әзірлеу;

- курстық жұмыс жетекшінің пікірі.

Курстық жұмыстың оң бағасын жоғарлату мақсатымен қайта қорғауы жіберілмейді.

Курстық жұмыстың мақсаты – экономика негіздерінің білімін алу.

Курстық жұмысы 20-25 бет көлімінде орындалады. Жұмыстың басында жоспар көрсетіледі, кіріспе, қорытынды, соңында – қолданылған әдебиеттер.

Курстық жұмыстың тақырыптар тізімі

1-тақырып. Стандарттаудың пайда болуы мен дамуының тарихи аспектілері

Стандарттау түсінігі, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Әлеуметтік стандарттау, оның ерекшеліктері. Нормативті құжаттар, оның әлеуметтік стандарттауды орнықтырудағы аса маңызды мәні. Стандарттар мен норма жүйесі әлеуметтік және экономикалық саясаттың бағыты ретінде. Әлеуметтік қызмет саласында стандарттау.

2-тақырып. Нарық әлеуметтік қызметтің көп қырлы кешенді жүйесі ретінде

Нарық әлеуметтік қызмет: қалыптасу факторы, бағыттары. Әлеуметтік қызмет субъектілеріне сипаттама. Әлеуметтік қызмет сипаты, оны топтастыру. Білім беру қызметі. Медициналық қызмет. Бос уақыты ұйымдастыру қызметі. Тұрмыстық қызметі. Коммуналдық қызмет. Әлеуметтік жұмыс қызметі. Әлеуметтік қызмет сұранысының қалыптасу негіздері. Әлеуметтік қызметтің нарықпен байланысы. Нарық қызметінің дамуындағы әлеуметтік саясаттың рөлі.

3-тақырып. Әлеуметтік стандарт: түсінігі, мәндік сипаттары

Стандарт түсінігі. Стандарт жүйсіндегі категориялықтүсініктілік аппараты. Әлеуметтік стандарттар. Әлеуметтік стандарт халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі ретінде. Әлеуметтік стандарт жүйесі халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту денсаулықты арттыру бағдарламаларын өңдеудің негізі ретінде. Мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттар адамдардың, жалпыға бірдей тұрғындардың әлеуметтік қажеттіліктер мен мүмкіндіктерін материалдық жағдайларын қанағаттандырудағы әлеуметтік нормалар мен нормативтері. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдени салалардағы минималды стандарттар әлеуметтік қамсыздандыруындағы мемлекеттік минималды стандарттар жүйесі. Қоғамдағы стандарт жүйесінің қолдану мәні.

Мониторигты ұйымдастыру мен стандартты өндеудегі әлеуметтік статистиканың рөлі.

4-тақырып. Әлеуметтік көрсеткіштер (индикаторлар), әлеуметтік нормалар

Әлеуметтік индикатор түсінігі. Негізгі салалардағы әлеуметтік индикаторлар жүйесі: тұрғындар кірісі, жұмыспен қамтылуы; халыққа әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтудағы сипаты (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру т.б.); демографиялық жағдай; экология. Кедейшілік көрсеткіштері мен атаулы әлеуметтік көмек.

Өмір саласындағы әлеуметтік нормативтер. Әлеуметтік нормалар: оның белгілері.

5-тақырып. Күнделікті өмір сүру минимумы әлеуметтік стандарт ретінде

Күнделікті өмір сүру минимум түсінігі. Күнделікті өмір сүру минимумының көрсеткіш жүйесі. Күнделікті өмір сүру минимум бюджеті. Күнделікті өмір сүру минимумының ауқымын есептеу әдісі. Халықты әлеуметтік қорғаудағы күнделікті өмір сүру минимумының жүйесі. Кедейшілік. Кедейшілік көрсеткіштері. Кедейшіліктің мөлшерін бағалаудағы қажетті көлемдерді анықтау үшін жүргізілетін мониторинг жағдайы. Күнделікті өмір сүру минимум әлеуметтік базалық көрсеткіштер ретінде, оның басқа мемлекеттік минималды стандарт саласындағы еңбек ақыны төлеу, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік көмек көрсетудегі мәнін анықтау.

6-тақырып. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін құру – мемлекеттік әлеуметтік саясат міндетінің бірі. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің негіздері - өмірге қажетті минималды стандарпен қамту жүйесінің негізгімен қамсыздандыру. Халықты әлеуметтік қорғау стандарттының үш деңгейлі жүйесі: минималды, орта, рационалды. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік мәні. Мемлекеттік минималды стандарт жүйесінің ілгерленуі - әлеуметтік саясат міндеттінің бірі және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі болып қаралады.

7-тақырып. Әлеуметтікеңбек қатынастары саласының минималды әлеуметтік стандарты

Әлеуметтікеңбек қатынастары саласындағы минималды әлеуметтік стандарттың мемлекеттік жүйесі; оған сипаттама. Минималды еңбек ақы түсінік ретінде. Бақылау мен бекіту. Әр түрлі елдердегі минималды еңбек ақы деңгейі мен қатысы. Қазақстандағы және шет елдердегі еңбек ақыны қайта қарау механизмі.

Зейнетақы минималды көлемі. Бір айлықты есептеудегі көрсеткіш, оның қолданылуы. Айлықты есептеудегі көрсеткішті белгілеу. Негізгі лауазымды еңбекақы: белгілеу мен қалыптастыру. Белгіленген қанынас, минималды ебекақы мен күнделікті өмір сүру минимумы.

8-тақырып. Әлеуметтік қамсыздандырудағы стандарттар мен нормативтер

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қамсыздандыру. Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызмет көрсету түрлері, оларға сипаттама. Әлеуметтік стандарттар мен нормативтер, қызмет көрсетудегі оның рөлі. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі стандарттарды өңдеуге қойылатын талаптар. Мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсетудегі мемлекеттік стандарттар. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемесіндегі қызметті бағалау әдісі. Халықтың әр түрлі топтарына әлеуметтік қызмет көрсетудегі жұмыстарды ұйымдастыру мекемелерінің құрған әр түрлі тармақтық әрекеттері.

9-тақырып. Әлеуметтік қызмет көрсету мен әлеуметтік жұмыс

Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызмет: оқыту (білім беру), клиентке көмек көрсету мен әлеуметтік қорғау, ғылыми қызмет көрсетудегі практикалық сипат. Қызмет көрсету сипаты: медициналықәлеуметтік, психологиялықпедагогикалық, әлеуметтіктұрмыстық және т.б. Әлеуметтік қызметкелер функциясына кіретін негізгі міндеттерді іске асыру (диагностикалық, ұйымдастырушылық, профилактикалық және т.б.) Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі әлеуметтік стандарт.

10-тақырып. Білім беру саласында қызмет көрсету стандарттары

Білім беру саласындағы қызмет көрсету, оған сипаттама. Мемлекеттік білім беру стандарты. Әлеуметтік стандарттар және білім берудегі қызмет көрсету нормативі; оны өңдеуде қойлатын талаптар. Білім беру саласында қызмет көрсету стандартының тиімділігін арттыру жолдары.

11-тақырып. Медициналық қызмет көрсету стандарты

Қазақстандағы денсаулық сақтау қоғамының тұжырымдамасы. Медициналық қызмет көрсету сипаты. Медициналық қызмет көрсетудегі кепілдік көлемі. Медициналық қызмет көрсету стандарты, оған сипаттама. Медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру және оны факторлары. Медициналық қызмет көрсету мекемелерінің ісәрекеттерін бағалайтын талаптар.

12-тақырып. Халықаралық ұйымдардың қызметтерін қарайтын әмбебап әлеуметтік стандарттар

Халықаралық әлеуметтік стандарттар, олардың қалыптасудағы мақсаты. Стандарттаудағы халықаралық заңдылық, әлеуметтік статус саласындағы қазақстандағы заңдылықтың ереже бойынша сақталуы. Әлеуметтік көрсеткіштегідей халықаралық ұйымдардың ұсынылған мүмкіншіліктерін өз жағдайына қарай қайта қарап, өңдеп пайдалану: ООН, ЮНЕСКО, МОТ, ВОЗ, МВФ және т.б. Қазақстандағы халықаралық стандарттарды қолданудың тәртібі.

13-тақырып. Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері, ұйымдары

Мониторинг түсінігі. Мониторинг сипаты технология ретінде. Әлеуметтік мониторинг. Мониторинг әлеуметтік қызмет көрсетудегі зерттеудің негізі ретінде; тиімді басқарудың компоненті ретінде. Мониторинг және дәстүрлі диагностика. Мониторинг функциялары. Мониторинг принциптері. Мониторинг элементтері, оның құралдары.

Мониторингтың ақпараттықаналитикалық қызметі: ісәрекет мазмұны, ұйымдары. Әлеуметтік жұмыстағы мониторинг.

14-тақырып. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мониторинг қызметінің сапасы

Әлеуметтік қызмет көрсету негіздерінің теориясы және оның сапасы. Сапалық қызмет көрсету мониторингнің технологиясы. Мониторинг құралдары. Сапалық қызмет көрсету мониторингнің ақпараттық технологиясы. Мүгедектер, әлеуметтік қарттар мониторингі.

15-тақырып. Халықтың денсаулық сақтау мониторингі

Денсаулық сақтау жағдайының статистикалық көрсеткіштер жүйесі. Халықтын денсаулығын анықтайтын факторлар. Халықтын аймақтық жағдайлардағы денсаулықты сақтау ерекшелеріндегі әлеуметтік, экологиялық, табиғиклиматтық байланыстары. Мониторинг жүйесіндегі дербестік, қоғамдық денсаулық сақтау. Халықтын денсаулық сақтау көрсеткіштерінің жүйесі. Халыққа қызмет көрсететін медициналық, денсаулық жүйелеріне сипаттама мен көрсеткіштер. Әлеуметтік бағдарламалар жасаудағы денсаулық сақтау мониторингінің мәні, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру.

16-тақырып. Білім беру қызметіндегі мониторинг сапасы

Білім беру қызметіндегі мониторинг сапасының функционалды элементтері. Мониторинг құралдары. Мониторинг жүргізудегі ерекшеліктері. Білім беру жүйесіндегі мониторингтік зерттеудің тиімділігі, оны практикада қолдану.