Көкаршын ән еркесі баппен айтса,
Ер жігіт не болады серттеы қайтса.
Ән болмас көкаршындай қайда барсаң,
Ән білем деген адам шынын айтса.
Көкаршын көңіліме қонған әнім,
Сүйеді, сұлу әнді менің жаным.
Айқайлап шырқағанда жүз құбылтып,
Кетеді бойым балқып, қызып қаным.