Қарағым, айналайын асыл туған,
Сорлы әкең жаяу жүріп, закон қуған.
Мұсамен қағаздасып жүргенімде,
Салықжан айналайын сонда туған.
Қ а й ы р м а с ы:
Уа, “Әлдижан, әлдижан,
Көңілім сүйген Хұснижан.
Ахау, ой, Гауһар қыз,
Алма мойын, қоңыр қазым.
Ішуге Омбы барып шай таппадым,
Қайтейін, қайран жүрек, жай таппадың.
Жұлдызға аспандагы қол созам деп,
Торыдай жауыр болған кайқақтадым.