Жігітке кедейшілік бір сергелдең,
Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тен.
Үйіңе кұрбың. келіп, құр аттанса,
Не керек бұл дүниеде үміттенген.
Жігітке ашу дұшпан, ләпсі жауың,
Алдында акыл деген аскар тауың.
Көңіліңе бір зәредей түссе қайғы,
Білмейсің қай жеріңнін. ауру, сауын.