Экологияда популяция деп – үлкен аймақта тіршілік ететін және өзара байланыста болатын бір түрдің особьтарының (дараларының) тобын айтады. Популяция сөзі латынның «populus» - халық, қоныс деген сөзінен шыққан. С.С.Шварцтың анықтамасы бойынша: популяция – қоршаған ортаның ұзақ уақыт бойы және үнемі өзгеру жағдайында өздерінің санын сақтау үшін, барлық қажетті жағдайлары бар, организмдердің белгілі бір түрлерінің қарапайым топтары.
Популяция – биота түзілуінің, қалыптасуының негізі болатын «ұяшығы»: мұнда тірі ағзалардың өзіндік қайталануы, көбеюі жүзеге асады, ол бейімделушілік сапасының тұқым қуалаушылығына байланысты түрдің тірі қалуын қамтамасыз етеді, ол жаңа популяциялардың және түр түзілу процестерінің басын береді. Яғни эволюциялық процестердің элементарлы бірлігі болып табылады, өйткені түр оның сапалы кезеңі.
Сапалы сипаттағы проблемалардың көбін шешуге мүмкіндік беретін сандық сипаттамалардың ролі ерекше.
Белгілі бір жағдайда организмдер сандарының қалыпты ұстауын популяция гомеостазы деп атайды. Әртүрлі түрлерде популяцияның гомеостатикалық мүмкіншілігі түрліше. Олар да особьтардың қарым - қатынасы арқылы іске асады.
Популяцияның негізгі сипаттамалары
Топтық ерекшелік – бұл популяцияның негізгі сипаттамасы. Оларға: особьтардың кеңістікте таралуы, популяция саны, популяция тығыздығы, туылым, өлім – жітім, өсу қарқыны, популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрылымы, популяцияның этологиялық құрылымы жатады. Популяцияға белгілі ұйымдасушылық тән. Территорияда особьтардың таралуы, олардың жыныс және жас ерекшеліктері бойынша қатынасы, морфологиялық – физиологиялық, мінез-құлықтық және генетикалық ерекшеліктері-популяцияның құрылымын көрсетеді. Популяцияның құрылымы бір жағынан түрлердің жалпы биологиялық қасиеттері негізінде, екінші жағынан ортаның абиотикалық факторларының және басқа түрлердің популяцияларымен қарым – қатынас жасау нәтижесінде қалыптасады. Сондықтан популяция құрылымы бейімделушілік сипатта.
Популяцияның кеңістіктік таралуы
Популяцияның тіршілік ететін кеңістігі оның тіршілігіне қажетті жағдайды береді. Популяцияны құрайтын особьтардың қолайлы және қолайсыз орта жағдайына реакцияларында және бәсекелестік қатынаста көрінетін кеңістіктік орналасуының әртүрлі типі болады. Особьтар мен олардың топтарының кеңістікте кездейсоқ, бірдей немесе біркелкі және топтық таралу түрлері болады.
Популяцияның статикалық көрсеткіштері
Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды.
Популяцияның статикалық көрсеткіштеріне олардың саны, тығыздығы мен құрылымның көрсеткіштері жатады.
Популяция саны
Бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпы саны, яғни өсімдіктің немесе жануардың басының саны, мысалы кейбір кеңістіктік бірліктегі өзен жағалауындағы, теңіз акваториясындағы, судағы, аймақтағы және т.б. ареалдардағы ағаштар немесе жануарлар саны.
Кейбір жануарлардың санын әртүрлі әдістермен анықтайды. Мысалы, самолетпен немесе вертолетпен. Гидробионттардың санын тормен аулауды (балықтар), микроскоптық организмдер (фитопланктон, зоопланктон) үшін арнаулы өлшегіш ыдыстарды қолданады.
Адам популяциясының санын мемлекеттің бүкіл халқын санақ жүргізу жолымен анықтайды. Халықтың санын және құрылымын білудің экономикалық және экологиялық мәні зор.
Популяция тығыздығы
Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады. Мысалы 1 га жерде 150 қайың немесе 1 м судағы 0,5 г циклоп – осы түрдің популяция тығыздығын сипаттайды.
Популяция тығыздығы аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтер саны, мысалы, тұрғындар тығыздығы - бір шаршы километрге шаққандағы адам саны немесе гидробионттар үшін бір литр немесе кубометр көлем бірлігіндегі особьтар саны.
Популяцияның тығыздығының мысалдары: 1 гектар ормандағы 500 ағаш, 1 кубометр судағы 5 млн дана хлорелла, 1 га су қоймасының бетіне келетін 200 кг балық.
Популяцияның тығыздығы аудандағы немесе көлемдегі особьтердің біркелкі емес таралуын есептемей анықтайды, яғни аудан бірлігіндегі халықтың, ағаштың, жануардың немесе көлем бірлігіндегі микроскоптық балдырлардың орташа тығыздығын табамыз.
Популяцияның динамикалық көрсеткіштері
Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық көрсеткіштеріне туылым, өлім - жітім және популяцияның өсу жылдамдығы жатады.
Туылым
Көбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны. Тірі организмдерде көбеюдің зор мүмкіншілігі бар. Мысалы, бактерия әрбір 20 минут сайын бөлінеді. Мұндай қарқындылықпен көбейсе, бір клетка 36 сағатта бүкіл планетаны жабатын ұрпақ береді. Сол сияқты бақбақ 10 жылдың ішінде егер бүкіл тұқымдары өссе, өз ұрпақтарымен бүкіл жер шарын қаптайды. Бірақ табиғатта іс жүзінде организмнің мұндай өнімділігі жүзеге аспайды. Туылым немесе туылым жылдамдығы - популяция санының ұлғаюы белгілі уақыт аралығында туылған және иммиграцияланған особьтерге байланысты, ал сандардың азаюы - өлім мен особьтердің эмиграциясына байланысты.
Өлім – жітім
Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы өлген особьтер саны. Бірақ популяциядағы организмдердің санының көбеюі немесе азаюы туылым мен өлім-жітімге ғана емес, сонымен қатар олардың иммиграциясы мен эммиграция жылдамдығына, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы популяцияға келген және кеткен особьтер санына да байланысты болады. Өлім-жітім туылымға қарама-қарсы шама.
Өсу қарқындылығы
Популяцияның өсу қарқындылығының өзгеруі - әр түрлі болуы мүмкін. Көбеюдің жоғары потенциалы түрлердің тірі қалуында үлкен роль атқарады. Саны төменгі деңгейдегі популяция қолайлы жағдайларға ауысуының нәтижесінде тез қайта қалпына келуі мүмкін. Кейбір түрлер тек жаппай көбеюі арқасында оларды тұтынушыларға қарсы тұра алады. Түрлердің жаңа кеңістікті тезірек игеруіне жоғары көбеюі көмектеседі.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Өсімдіктердің белгілі түрлерінің тығыздық индексін есептеу
Мақсаты: популяция тығыздығын анықтаудың қарапайым тәсілімен танысу.
Құрал–жабдықтар: рулетка және ауданды анықтайтын басқа құрал, жұмыс дәптері, қалам;
Жұмыс барысы:
Популяция особьтарын толық есептеу әдісі
Сынама аудандар әдісі
Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Популяцияның жас ерекшелік спектрін зерттеу
Мақсаты: популяция жас ерекшелік спектрін анықтауды үйрену.
Құрал–жабдықтар: әр түрлі өсімдіктер (үйеңкі, шетен, шаған), сызғыш, қалам, жұмыс дәптер.
Жұмыс барысы:
Өсімдіктердің бүкіл тіршілік циклі төрт кезең: тыныштық кезең (тұқым); вегетативті кезең (жас өсімдіктер), генеративті кезең (жеміс беретін) және сенильді кезең (кәрі – өлетін өсімдіктер) болып бөлінеді.
Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Популяция тығыздығының организмдер тiршiлiгiне әсерi
Мақсаты: популяцияның орташа және экологиялық тығыздықтарының олардың тiршiлiктерiне әсерiн анықтау.
Құрал-жабдықтар: KMnO4 ерiтiндiсi, ақ қағаздар, шелек, су сепкiш, пинцет.
Жұмыс барысы:
Популяцияның тығыздығын анықтау үшiн жауын құрттарын пайдалануға болады.
Х = n /0,5: мұндағы: n-особьтардың нақты сандары: 0,5 – жер көлемi.
Орташа тығыздықты анықтаған соң шектеулi аудандағы особьтар санын есептеп, экологиялық тығыздықты табу керек. Сонан соң орташа және экологиялық тығыздықтарды салыстыра отырып, популяция тығыздығының особьтардың дене мөлшерi мен белсендiлiгiне қалай әсер ететiнiне назар аударыңыз.
Қорытындысы дәлiрек шығуы үшiн тәжiрибенi бiрнеше варианттар мен әртүрлі топырақ бөлiктерiмен жасау қажет. Тәжiрибе нәтижелерiн дәптерге жазыңыздар.
Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Популяцияға әсер етуші қарым – қатынастың берік моделін оқып – зерттеу
Мақсаты: екі популяцияның өзара әсерлерін әртүрлі жағдайларда оқып-зерттеу.
Құрал–жабдықтар: Петри шәшкесі, ақ нан, апельсин, мукор және пенициллин саңырауқұлақтарының жіпшесі (мицелий), қалам, жұмыс дәптері, сызғыш, кескіш.
Жұмыс барысы:
Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Популяция тығыздығының шыбындардың көбеюiне әсерi
Мақсаты: организмдердiң өсiп-өнуiнiң популяция тығыздығына байланысты екенiне көз жеткiзу.
Құрал-жабдықтар: Жемiс шыбындары, пластикалық тығындар, пробиркалар, бинокулярлар, ашытқы.
Жұмыс барысы:
Пробиркалардың тығынын төмен қаратып төңкерiп ұстау қажет. Өйткенi ұрғашы шыбындар қоректiк ортаға өз жұмыртқаларын салуы тиiс, ал ересек шыбындар тiрi ашытқысы бар қосымша дайындалған пробиркаларға аударыңыздар.
Жұмыс нәтижелері бойынша қорытынды жасаңыздар.
Тапсырмалар
а) туу деңгейінің өсуі;
б) санитарлы – гигиеналық жағдайлардың және тамақтану жағдайларының жақсаруының арқасында өлім деңгейінің төмендеуі;
в) өндірістік революция;
г) энергияның жаңа көздерін пайдалану;
д) әйелдер білімінің жақсаруы.
Жауабы: б
Жауабы: Жаңа жағдайларға акклиматизацияланған мангустар өз отанымен салыстырғанда сиымды ортаға тап болды. Аралдарды олардың санын реттеушілер болмады, нәтижесінде, ол өте қатты көбейді. Мангустар егеуқұйрықтарды ғана емес, басқа да қант қызылшасының зиянкестері- буынаяқтылардың табиғи жауы болатын жануарлармен қоректенді.
Жауабы: Шамамен 12 жыл.
а) 20 особь;
б) 1гектарға 20 особь;
в) көбейетін 100 аналыққа 20 особь;
г) 20%;
д) 100 тұзаққа 20 особь;
е) жылына 20 особь.
Жауабы: б
а) 100 особь;
б) жылына 100 особь;
в) гектарға 100 особь;
г) 100.
Жауабы: б
Қосымша материалдар мен ақпараттар