Су жағалауына топсеруен өткiзу
Су жағалауын мекендеушiлердi анықтау
Су қоймасының жағалық аймағы екi тiршiлiк ету ортасының ауысу шекарасы. Дәл осы шекарада бақылауға жеңiл, әрi көптеген бейiмдеушiлерге болатын организмдер шоғырланған. Осы себептен жағалаулық су ортасы табиғатқа қызықты да пайдалы өткізуге ең тиiмдi жер болып табылады. Топсеруен мақсаты қатысушыларды – оқушыларды жағалаулық тiршiлiктiң ерекшелiктерi мен мұндағы жәндiктермен жақынырақ таныстыру, жағалаулық суларды мекендеушiлердiң ара қатынасына, олардың құрлықта тiршiлiк ететiн жәндiктермен өзара бір-бірімен байланысына ерекше назар аудару қажет.
Экологиялық топсеруендердің қоршаған орта және организмдер туралы түсініктерді қалыптастырудағы орны ерекше. Табиғатта топсеруен жүргiзу сабақты ұйымдастырудың ең тиiмдi формасы, сонымен бiрге топсеруендердiң тәрбиелiк тапсырмалардың шешiмiн табуға маңызды топсеруенде көрсетiлген су қоймасының басқаларға қарағанда тиімдірек екендігіне назар аудару қажет. Мұғалiм алдына қойған негiзгi мақсаты сулы ортаның мекендеушілердің бейімделшіліктері, өзара қарым қатынасы, топтасып тiршiлiк етудiң маңызы туралы, сулы ортаның жалпы экожүйесi туралы сұхбат барысында топсеруеннiң мақсаты жайлы тереңiрек мәлiмет беру.
Негізгі назарды неге аудару керек?
Бiрiншiден. Оқушылардың назарын осы жағалаулық су ортасының ерекшелiктерiне, осы ортаны мекендейтiндердің көбi нелiктен пойкилотермдi екендiгiн түсiндiруге арналу қажет. Бұл топқа жататын организмдердiң дене температурасы сыртқы орта температурасымен тiкелей байланысты екендiгiн оқушылардың есiне салу керек.
Сулы орта температурасы тұрақтылығымен ерекшеленедi. Жылы күндерде де, түнде де, кез келген уақытта судың температурасы шамалы ғана өзгерiске ұшырайды. Яғни сулы ортаны мекендейтiн гидробионттарға дене температурасының тұрақтылығын сақтау керек емес. Сондықтан да гидробионттардың көбi пойкилотермдi организмдер қатарына жатады.
Жағалаулық аймақтың температуралық режимінiң ерекшелiгi неде?
Жағалаулық сулы орта маусымдық, кейде тәулiктік температураның өзгерiстерiне тәуелдi болады. Жағалаулық сулар тез арада жылиды және тез арада жылу бередi, қыста бұл жерлерде судың түбiне дейiн мұз басады. Осы себептен жағалаулық аумақты мекендеушiлер тiршiлiк ету орталарын жиi ауыстырып отыруға мәжбүр болады.
Екiншiден. Сулы ортаның, бұл жердегi тiршiлiкке әсер ететiн тағы да бiр ерекшелiгі- оттегiнiң мөлшерi. Оқушылар сулы ортаның температурасы мен мұндағы ерiген затттардың мөлшерiнiң, оттегi құрамының физикалық заңдылықтарын білуі қажет. Бұл көрсеткіштер адам баласының іс- әрекеттерi мен шаруашылық әрекеттері жүжеге асатын, олардың салдарлары байқалған жерде айқын көрiнедi. Бұндай топсеруендерді жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен өткiзген жөн.
Топсеруенге дайындық
Су қоймасына топсеруендi көктем соңында, жазда немесе ерте кезде өткiзген жөн. Топсеруендi жыл маусымының осы жылы кезеңдерiнде өткiзiлуiнiң себебi: бұл кездесу ортасының мекендеушiлер аса көп болуында.
Оқушыларды табиғатқа шығармас бұрын, оларға жағалық жерлерге тiршiлiк ететiн жәндiктер мен өсiмдiктердiң ерекшелiктерi туралы әңгiмелеп беру қажет. Бұл сұхбат нақты көрiнiс алу үшiн оқушыларға топсеруеннiң мақсаты жайлы көбiрек айтып, назарларын осы биоценоздың организмдерiнiң ерекшелiктерiне аудару.
Жағалық сулардың аса терең еместiгi бұл жерлердiң күн көзiне тез жылуына себеп болады. Судың қозғалмай тұруына су жағасындағы балдырлар мен көптеген өсiмдiктер себептi болады. Осының бәрi жағалық сулардың құрамындағы отттегi мөлшерiнің судың орталық аймағына қарағанда бiршама аздығына әкелiп соқтырады. Ал кейбiр кезде, мысалы: судың үнемi жылып тұруының және өсiмдiктердiң шiрiген қалдықтарының көптеп кездесуiнiң салдарынан анаэробты, яғни отттексiз жағдай туады.
Оқушылардың назарын мынаған аударыңыз: су қоймаларының эфтрофикациясы, яғни судың биогендi элементтерге бай болуы, адамдардың шаруашылық әрекеттерiнiң нәтижесi бола алады. Мысалы: ауыл шаруашылық жерлердiң бетiнен шайылатын тыңайтқыштар, өнеркәсiптiк су қалдықтары органикаға бай. Осының бәрi табиғи сулардың эвтрофикациясына әкеп соқтырады.
Оқушылар осындай құбылыстардың осы сулардағы тiршiлiкке тигiзетiн әсерi туралы суреттеп берсiн. Оқушылар өз тарапынан бұл мәселелердi шешудiң жүйесiн ойластырып тұру қажет.
Түсiндiру соңында су қоймасының жағалық аймақтарының тiршiлiк ерекшелiктерiнiң, топтарының әртүлiлiгiмен топтасып тiршiлiк етудiң су қоймасына тигiзетiн жалпы әсерi туралы айта кетiңiз. Судағы өсiмдiктер тек қана сулы ортада тiршiлiк ететiн жәндiктерге пана бола қоймай сонымен бiрге құрлықта тiршiлiк ететiн жәндiктердiң көбейетiн, ұя салатын, жауларынан және ауа райының қолайсыздығынан тығылатын орны - панасы болады.Ашық күндерi су өлшеушi қандалалары су жағалауында жүрiп, өздерiне қорек ретiнде су бетiне түскен ұсақ жәндiктермен, насекомдарды iздеп жүредi. Дәл осы жерде су өлшеушi қандалалар өздерiнiң жұмыртқаларын су сарғалдақтарының шалаңдардың жапырақтарына салады. Бiр сөзбен айтқанда, су жағалауы көптеген су және құрлық бетiнде тiршiлiк ететiндерге ортақ пана бола алады. Сондықтан да бұл жердің түр әртүрлiлiгi басқа жерлердiң орта экожүйелерiмен әлдеқайда бай болады. Топсеруеннiң мақсаты жайлы оқушыларға өзiмен бiрге не алып, қалай киiну керектiгi туралы қатысушыларға тағы да бiр сөз соңында айта кету керек.
Топсеруендi өткізу туралы
Топсеруендi ашық күні өткiзу жөн. Тек осы жағдайда ғана мұғалiм қатысушыларға су жағалауын мекендейтiн жәндiктердің әртүрлiлiгiн толығымен көрсете алады. Оқушылар жұмыс барысында қолданатын жабдықтарымен танысуы керек. Бұл үшiн судың жағалауы бойымен өту қажет және зерттелетiн су жағалауын таңдау керек, бұл жер мұғалiмнiң әрекетiн көруге ыңғайлы болу керек.
Судың мөлдiрлiгiн анықтау үшiн Секке шеңберiн қалай қолдану керек екендiгiн iс жүзiнде көрсетiңiз. Секке шеңберiн диаметрi 20 см болатын фанера қалдығынан кесiп алуға болады. Фанерадан жасалған шеңбердi су өткiзбейтiн ақ бояумен сырлап, оның су түбiне бiркелкi түсу үшiн жан жағына тастар мен темiр металдарды бекiту керек.
Су мөлдiрлiгiн анықтау үшiн шеңбердi ұзын таяққа бекiтiп су қоймасының қоректi жерiне түсiру керек. Лабораториялық термометрдiң, қармақтың және оған бекiнген жүк арқылы су қоймасының жағалық зонасының температурасын қалай өлшеу керек екендiгiн көрсетiңiз. Оқушылардың назарын қармаққа бекiнген жiп бойындағы белгiлерi бойынша осы жердегi су тереңдiгiн анықтап алуға мүмкiндiк бар екендiгiне назар аударыңыз.
Оқушылардың әрбiр тобында: сулы сачок, лупа, үлкейткiш шыны, пинцет, ақ кюветка және жәндiктердi көру үшiн тарелка, бөлшектеу үшiн ыдыс болу керек. Ұсталынған жәндiктердi бақылау үшiн өзен суларына толы бiрнеше шыны банкiлерi болуы қажет.
Жұмыс барысында оқушылар көргендер мен естiгендерiн дала күнделiктерiне жазып алуларына ерекше назар аударыңыз.
35-сурет – Су жағалауын мекендеушiлер
Суреттерде көрсетiлген организмдердің кейбiр ерекшелiктерiне тоқталып кетейiк (35-сурет).
Тұщы су қоймаларын мекендейтiн қарапайым жәндiк – жалған атты сүлiк. Бұл сүлiктi мемлекетiмiздiң кез – келген территориясынан кездестiруге болады. Адамдарға деген оның ешқандай зияны жоқ, бiрақ кейбiр жәндiктер менжануарлар үшiн ол жырқыш болып табылады. Сүлiктiң қорегi: моллюскалар, әртүрлi құрттар, жәндiктердiң уылдырықтары бола алады . Жалған атты сүлiгiнiң мешкейлiгi
36-сурет – Су жағалауын мекендеушiлер
соншама: егер оған әдейi салынған жемтiкпен жәндiкпен бiр ыдысқа салса, сүлiк жемтiкке бiрден шабуыл жасайды. Сүлiктiң өз қорегiн қалай ұстайтынын бақылау үшiн, оны кiшкене жалған атты сүлiкпен ж әне жауын құртымен бiрге бiр шыны ыдысқа салу керек .су қоймаларында жиi кездесетiн тағы да бiр жыртқыш – инелiктiң дернәсiлi. Инелiктiң дернәсiлiн көбiне су түбiнде немесе қорегiн күтiп, су түбiнде отырады. Дернәсiлдердiң негiзгi қорегi: дафнийлер, су есектерi, кейде балық майшабақтары. әдетте балық майшабақтарын үлкен иiнағаштың дернәсiлдерi жейдi. Инелiктің дернәсiлi 1 тәулiк iшiнде елудей майшабақты жей алады.
Су қоңыздары. Олардың сүлiктер мен инелiк дернәсiлiнен айырмашылығы қорегiн тосып отырмайды, ол су бетiмен белсендi жүзiп, өз қорегiн iздейдi. Мешкейлiгi соншама, ол ұсақ да шабуыл жасайды.
36-суретте көрсетiлгендердiң iшiнде жалғыз шөпқоректi жәндiк – кәдiмгi тоспа ұлуы. Бұл былқылдақ денелiлер су өсiмдiктердiң жапырақтарымен, сабақтарымен қоректенедi. Тоспа ұлуы үнемi қорек iздеуде болады, ол кейде өлi балықты немесе өлi ұлуды да қорек ете алады, яғни оны полифагтарға: өсiмдiктермен де, жәндiктермен де қоректенетiн экологиялық топқа жатқызуға болады. Сонымен қатар қоректiк тiзбектiң бастамасы болады, себебi ол шөппен қоректенушi болып табылады.
Өсiмдiктердiң iшiнен кәдiмгi жапырақжебеге назар аударыңыз. Оның ерекшелiгi: үш түрлi жапырақтан тұруында, осы жапырақтар бiр-бiрiнен тек қана сыртқы пiшiнiмен ғана емес, сонымен қатар тiршiлiк ету жағдайларымен де ерекшеленедi. Төменгi, су асты жапырақтары балдырларға ұқсас, себебi лента пiшiндi болады. Жапырақтардың екiншi бiр түрi – жебе тәрiздi. Олар найза ұшының ұзартып дөңгеленген пiшiнiне ұқсас. Су бетi жапырақтары найзаның жалпақ ұшына ұқсайды.
Дүңгiршек – ерекше өсiмдiк, оның құрбаны тамшыларға қонған ұсақ жәндiктер. Сонымен бiрге олар күн сәулесiнiң энергиясын меңгеретiн автотрофты қоректене алады және гетеротрофтар бола алады, яғни бұндай организмдердi ғалымдар миксотрофты организмдер деп атайды. Миксотрофтар – аралас қоректенетiн организмдер.
Жүзушi шалаң өзiнiң мұндай атауын тiршiлiк ету ерекшелiгiне байланысты алды. Оны су ағысы баяу өзендер мен көлдерде кездестiруге болады. Жебе жапырақ тәрiздi шалаң үш әртүрлi жапырақтардан тұрады. Олар да бiр-бiрiнен сыртқы пiшiнi мен құрылысымен ерекшеленедi.
Шалаңның су асты жапырақтары – жiңiшке ланцет тәрiздi, ал су бетiнде жүзiп жүретiн жапырақтарының ұзын сағақтары болады. Олар сопақ пiшiндi, жиектерi бүтiн болып келедi. Су бетiндегi жапырақтарында ауа қапшықтары болады. Гүлдерi масаң тәрiздi гүл шоғырына жиналған. Гүлдеу кезiнде су бетiнен шығып тұрады.
Қоға, қарапайым тiлмен қамыс деп атайды. Бұл өсiмдiк су қоймаларының жағалауларында көптеп кездесетiн өсiмдiктердiң бiрi. Қоғаның қалың шалғындығы насекомдармен қатар, iрi жануарларға да пана болады. Тiк тұратын, қатты қоғаның жапырақтары жел тұрғанда ерекше, қатты дыбыс шығарады. Қоғаның қалың өсiндiлерi бунақденелiлердiң, iрi жануарлардың тамаша жасырын орындарын құрайды. Бұл өсiмдiктi танымал халық әндерiнiң сөздерiнен кездестiруге болады. Шынында да, қоғаның қатты жапырақтары жел болғанда ештеңемен салыстыруға келмейтiн, күштi дыбыстар шығарады.
Су сарғалдағының сабақтары кей жағдайларда екi метрге дейiн жетедi. Су сарғалдағы онша көп көзге түспейдi, өйткенi оның сабағы жапырақтарымен бiрге толығымен суға батып өседi. Тек қана оның гүлдерi су бетiнде өседi. Су сарғалдақтары суларда қоға секiлдi жиi кездескенiмен онша байқалмайды. Су сарғалдағының кейбiр дараларының сабақтары 2 м-ге дейiн жеткенiмен айқын көзге көрiнбейдi.
Қарапайым кiрпiбастың гүл шоғыры тек қана аталық немесе тек қана аналық гүлдерден тұрады. Жасыл түстi аналық гүл шоғырлары аталықтардан iрiлеу және әдетте аналықтармен салыстырғанда екi-үш есе аз.
Кiрпiбастардың гүлшоғыры тек аналық және аталық гүлдерден тұрады: аталық және аналық гүлшоғырлары бiр өсiмдiкте орналасады. Ашық сары аталық гүлдердiң гүл шоғыры аналық гүл шоғырларынан жоғары орналасады. Жасыл аналық гүлшоғырлар аталық гүлшоғырдан үлкенiрек болады. әдетте, олар аталық гүл шоғырға қарағанда 2-3 есе аз болады. Кiрпiбастар маусымда гүлдей бастайды. Дегенмен, гүлшоғырларды шiлденiң соңында ғана көруге болады. Өсiмдiктердiң бұл ерекшелiктерi фенологиялық ерекшелiктерiне топсеруеннiң уақытын жоспарлаған кезде есепке алу қажет.
Нұсқау карточкасы
Құрал – жабдықтар: Бақылау күнделiгi, қарандаш, ұлғайтқыш әйнек, лейкопластырь, қақпағы бар банкалар, этикетка үшiн қолданылатын қағаздар.
Тапсырмалары
Оқушылар үйiнде нұсқау карточкаларының жоғарыда келтірілген тапсырмалары бойынша жазбаша есеп жасайды.
Есепке шалғындық пен су қоймаларының өсiмдiктерi мен жануарларының суреттерi, зерттеу жүргiзiлген жердiң жоспары сызбанұсқасы келтiрiлуi керек.
Экологиялық бiлiм беру мен тәрбиелеудi ұйымдастырудың әртүрлi экожүйелерге экологиялық топсеруен сияқты мектептен тыс формаларын даярлау мен өткiзуде жоғарғы сынып оқушылары өздерiнiң бiлiмдерiне сүйенедi. Бұл процесте көптеген жалпы бiлiмдiк және арнаулы iс-дағдылар мен дағдыларды пайдалануды жүзеге асырады. Мысалы, хабардар көздерiн iздеу, оларды талдау, баяндамама мәтiндер даярлау, көрнекi құралдарды әзiрлеу, қарым – қатынас жасау әдiстерi. Бұлардың бәрi психоэмоциональды қысым тудырады, ал бұл процесс белгiлi бiр дәрежеде жоғарғы сынып оқушыларының талас тудыратын мәселерге өздерiнiң жеке көзқарастарын қалыптастыруға мүмкiндiк тудыруға жағдай жасайды.
Оқушылар экологиялық топсеруендердi өткiзу процесiнде биотикалық және антропогендiк қарым – қатынастардың типтерiн сипаттауға қажет терминдер мен түсiнiктердi дұрыс таңдауды үйрендi, соңғы әдебиеттер мен анықтамалар мәлiметтерiмен бағалауды жақсы меңгердi, бүгiнгi таңдағы көзқарас позициясы тұрғысынан материалдың маңыздылығын анықтады және адам – биосфера, адам-атмосфера, адам-гидросфера сияқты қатынас нәтижесiнде табиғатты жыртқыштық пайдалану нәтижесiндегi бұзылыстар жөнiндегi қорытындылар жасайды.
Тәжiрибелiк зерттеулер нәтижелерi көрсеткендей, қалыпты оқу жүктеме жағдайында қоршаған табиғатты қорғау жөнiнде қоршаған ортаны қорғау күнiне арналған мектеп мекемелерiнде, әртүрлi экологиялық жүйелерге топсеруендерде алуан түрлi экологиялық идеяларды насихаттау сияқты және экологиялық мазмұнды жобаларды жазу сияқты әртүрлi формадағы жұмыстарды орындау қиын емес. Мысалы, жоғарғы класс оқушыларды су қоймалары мен ормандар тазарту идеяларына, құстарды тарту-елiктiру идеяларына Ақмола облысының қарағайлы орманды территорияларына құс ұяларын салушыларды тарту сияқты жұмыстар олар үшін өте қызықты. Үш жыл көлемiнде бұл сияқты жобаларды iске асыруға алты рейд жасауға болады. Бұл уақытта экспедицияның көптеген қатысушылары дала жағдайында жұмыс жасаудың әдiс – тәсiлдерiмен танысады. Ғылыми тәжiрибеге кiрiсiп, әртүрлi типтегi биоценоздардың түрлiк алуан түрлiлiгiн зерттеп, түрлердiң сандарын басқаруды үйренудің - реттеу мақсатындағы тәжiрибелердi қою үшiн табиғатта түрлердiң қарым-қатынасын зерттеуге өте қажетті экологиялық іс-дағдыларды қалыптастырудағы орны ерекше.