ІХ. Жобалық оқыту технологиясы


Тақырыбы: Біздің мектеп бағы

Ұсынылып отырған жоба екі бөлімнен тұрады:

І. Әртүрлі әдістермен топырақтың құнарлығын анықтау;

ІІ. Мектеп бағы мен мектеп жанындағы участокты көгалдандыру бойынша шығармашылық жұмыстар.

І. Әртүрлі әдістермен топырақтың құнарлығын анықтау

Құнарлы болу үшін топырақ құрамында өсімдіктерге қажетті су мен қарашірік жеткілікті мөлшері болу қажет. Участоктың құнарлығын анықтау үшін төмеңгі көрсеткіштер зерттеледі: қарашірік мөлшері, су мөлшері, механикалық құрамы, су өткізгіштігі, ауа өткізгіштігі, топырақ қышқылдығы.

  1. Топырақтағы қарашірік пен су мөлшерін зерттеу әдістемесі.
  2. 15-20 см терендіктен 100 г салмақтағы топырақ үлгісі алынады.
  3. Тақтайға жұқа қабатпен күн көзіне 5-6 сағатқа қалдырады.
  4. Әбден кеуіп болғаннан кейін өлшенеді.
  5. Фарфор тостағаншасында түтін шығуы аяқталғанға дейін күйдіреді.
  6. Қайтадан өлшеу керек.
  7. Осылайша қарашірік пен су мөлшері анықталады.
  1. Топырақтың механикалық құрамын зерттеу әдістемесі

43-кесте – Топырақтың құрамы мен құрылысы

Топырақ пішіні

Сипап-сезу арқылы анықтау

Ылғалды топырақты түйіршектеу

Ылғалды топырақты кесуге сынау

Құрғақ топырақтың тығыздығын сынау

Құмды

Қиыршықтар едәір сезіледі

Түйіршік түзілмейді

Топырақ пышақпен кескенде шашырайды

Топырақ бос

Супесчанды құм

Қиыршықтар

сезіледі, шамалы жағылады

Түйіршік нашар түзіледі

Топырақ пышақпен кескен кезде кесілімнің беті кедір-бұдыр

Топырақ кішірек, бірақ берік емес түйірлерден тұрады

Саздылау

Жағылады, қиыршықтар шамалы ғана байқалады

Түйіршік түзіледі және «колбаса» сияқты болып, сақина жасағанда ол сынады

Кесіндінің жоғарғы жағы бұдырлау

Топырақ тығыз түйірлерден құралған

Сазды

Жағылады, қиыршықтар байқалмайды

«колбаса» сияқты болып, сақина жасағанда иілдіргенде сынбайды

Кесімдінің беті жылтыр

Топырақтың түйіршіктері тығыз, кілуі қиын

 

  1. Топырақтың ауа өткізгіштігін зерттеу

Ауа өткізгіштік топырақтың құнарлығының маңызды көрсеткіші. Қарашірік, минералды тыңайқыш және су сияқты ауа да өсімдік тамырларына өте қажетті. Топырақ құрамында судың болатынын дәлелдеу оңай. Егер құрғақ топырақтың бір уысын алып, оны суы бар стаканға салсақ, топырақтан көп мөлшерде газ көпіршіктері бөлінеді. Бұл бөлініп жатқан газ - ауа. Алынған нәтижелер визуалды, яғни сандық цифрлік дәлелдемелері жоқ.

  1. Топырақтың су өткізгіштігі критерийі бойынша топырақ күйін зерттеу

Борпылдақ дене ретінде өз бойынан суды сіңіретін топырақ қасиеті. Су өткізгіштік уақыт бірлігінде топырақтың бірлік аудан бетінен өтетін мм су бағанасының су көлемімен өлшенеді. Су өткізгіштік шамасын Н.А.Качинский шкаласы бойынша анықтауға болады.

44-кесте – Топырақ күйін зерттеу

Бірінші сағ.сіңірілетін су бағанасындағы су өткізгіштігі

Баға

1000-дан жоғары

провальная

1000-500

шамадан тыс жоғары

500-100

өте жақсы

100-70

жақсы

70-30

қанағаттанарлық

30-дан кем

қанағаттанарлық

  1. Топырақ қышқылдығын анықтау

3–4 г топырағы бар пробиркаға 4–5 см3 хлористы калийді қосыңыз, сосын 3–4 минут бойы қоспаны араластыру керек. Ерітінді түсі ақшылданған кезде, пиперкамен фарфор тостағаншасына 1–2 тамшы осы ерітіндіден және 1–2 тамшы индикатор – лакмус тамызыңыз. Егер ерітінді қызғылт түске боялса, онда топырақ қышқыл, ал жасылдауға боялса, онда сілтілі болғаны. Түсті шкаланы пайдаланып, зерттелген сынамалардың қышқылдығын анықтаңыз.

  1. Топырақтың құнарлығын оның түсі мен өсімдіктің өнімділігі бойынша анықтау

Топырақ құнарлығының негізгі белгілерінің бірі ондағы рең, түс беретін гумус заттарының болуында. Топырақтың түсі арқылы гумус мөлшері мен құнарлығы бойынша категорияларға шартты түрде бөлуге болады.

45-кесте – Топырақтың түсі арқылы гумус мөлшері

Түсі

Құнарлығы

қара

гумусты, құнарлы

қоңыр, боз

орташа гумусты, орташа құнарлы

боз

аз гумусты, аз құнарлы

  1. Топырақ құнарлығын сонымен қатар өсімдіктердің өнімділігі бойынша (биотестілеу әдісі) анықтауға болады.

Құрал жабдықтар: пластмассалы стакандар, шыны түтіктер - 0,8 см, әртүрлі жерден алынған топырақ үлгілері, таза жуылған және күйдірілген құм, сұлы тұқымдар.

Зерттеу әдістемесі:

  1. Әртүрлі гумусты құрамды топырақ үлгілерін әртүрлі жарық жағдайында қарау, оның категориясын анықтау
  2. Топырақ үлгілерін үш реттік қайталануда пластмассалық стакандарға салыңыз.

Бақылау таза жуылған және күйдірілген өзен құмы. Әрбір ыдыстағы топырақ үлгісінің көлемі 100-150 г - нан кем болмау керек. Суару стакан түбіне перпендикулярлы орнатылған шыны түтікшесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Тұқымдарды 26–27 º С температурада өскіндердің негізгі бөлігінің 5-6 мм-ге жеткенге дейін өсіру қажет.
  2. Бірдей өскен өскіндерді 12–13 данадан стакандарға отырғызыңыз. Өскіндер өсе бастағаннан бірнеше күннен қалдыру керек. Топырақты суару біркелкі болуы қажет.
  3. Өскіндер биіктігі 8–12 см-ге жеткенде, оларды топырақтан жәймен суырып алып, сумен жуып, фильтрлі қағазда кептіріңіз.
  4. Түтікті жапырақты және тамыр жүйесін жеке-жеке ұзындықтарын өлшеп, кестені толтырыңыздар.
  5. Топырақтың бір түрінде өскен өскіндердің бүкіл массасын таразыда өлшеңіз.
  6. Топырақтың құнарлығы өскіндердің салмағы және биіктігі бойынша анықталады. (100 % деп есептелінетін бақылау вариантының көрсеткішіне қатынасы бойынша).

Ол үшін бағалау шкаласы құрастырылады. Топырақ құнарлығы бойынша 5 шартты категорияға бөлінеді.

  • өте кедей, аз құнарлы – құм (100 %)
  • топырақ кедей, гумусы аз, құнарлығы аз (125 % )
  • оаша гумусты, орташа құнарлы (150 %)
  • гумусты, құнарлы (175 %)
  • өте құнарлы, жоғары гумусты қара топырақ (200 %)

ІІ. Оқушылардың шығармашылық жобалары

Жобаның екінші бөлігін жүзеге асыру шеңберінде «Біздің болашақ бағымыз» тақырыбына арналған суреттер, шығармалар және т.б. жарыстарды өткізуге болады. Жоғары сынып оқушылары үшін участокта өсімдіктерді отырғызу жоспарын, мектеп жанындағы территорияны көгалдандыру үшін шөптесін, бұталы және ағашты өсімдіктердің сорттары мен түрлерін таңдау жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынуға болады. Реті келсе балалар мектеп жанында өсуге бейімделген өсімдіктерді таңдау үшін көптеген ғылыми, ғылыми көпшілікке арналған әдебиеттермен жұмыс істеуі мүмкіндігінше қажет. Бұл жұмыстардың нәтижесі рефераттар мен ғылыми жобаның нұсқасы болады.

Тақырыбы: Сатып алуда қалдықтар мөлшерін азайту

Жобалар әдісі жұмыстың әр түрлі коллективті формаларына негізделетін пәнаралық оқыту түрі. Жобаны жоспарлау және өткізу оқушылардың қызығушылығы мен білім деңгейі ескерілетін қатысушыларға тапсырмаларды мұқият жоспарлау және таратуды талап етеді. Жобаны жүргізу процесінде оны іске асырудың әдістері мен құралдарының өзгергіштігі (мобильділігі), зерттеулік және шығармашылық кезеңдер мен талаптарды ескеру өте маңызды. Жобаның негізінде «іс әрекеттердегі зерттеу» принципі жатыр. Ол еңбек дағдыларын өзгертуге  немесе бекітуге, еңбек, эстетикалық, ғылыми әдебиет және т.б. іс әрекеттер түрлерінде біліммен іскерлік алуға бағытталған.

Жобалар әдісі мектептің қоғамдық өмірден оқшалануын болдырмауға жағдай жасайды. Жоба қатысушылары өздерінің акциялары және іс-шараларында саясат пен экономика өкілдерімен пікірлерінің сәйкес келмеуі, қарама-қайшы пікірде болуы да болатынын естен шығармау керек. Мысалы, супермаркеттерде ораушы материалдарды пайдалануға бақылау, тыйым салынған жерлерде қоқыстардың табылуы, тұрғындардан анкеталық жауап алу, листовкаларды тарату, қоршаған ортаны шамадан тыс ластаушы кәсіпорындарды жабу және т.б.

Жобалар әдісі қоғамдық маңызды проблемаларды шешуге жағдай жасайды.

Егер сіз табиғат әлемін түсінгіңіз келсе, онда табиғатқа баруыңыз керек. Егер сіз қалдықтардың пайда болу мәселесін  түсінгіңіз келсе, онда тұтыну әлеміне баруыңыз керек.

Іс - шаралардың көптеген мүмкін варианттарының бірімен танысайық.

Табиғатқа «дос» магазин

Жоба мақсаты: жергілікті азық-түлік магазиндерінің ассортименттінің товарларының және ораушы материалдарының экологиялық сапасын оқытушылардың зерттеуі.

Әуелі оқушылармен ораушы материалдардың түрлері,оларды даярлаудағы шығындар, екінші қайтара пайдалану мүмкіншілігі тақырыбына пікір - талас жүргізіледі (төмендегі «Қосымша ақпаратты» қараңыз).

Шыны және пластикті бөтелкелерсияқты ораушыларды нақтылы мысалдар ретінде келтіріп, себеп - салдарлы байланыстарды анықтау қажет. Магазиндердің қоршаған ортаға «достығын» және сатып алушылардың денсаулығына әсерін зерттеуге арналған анкета сұрақтарына оқушымен бірге құрастырыңыз.

Сүт. Қандай ораушы материалдары бар және қандай ыдыстағы сүтті бұл жерден сатып аласыз?

Сусындар. Сусындар қай елден әкелінген?

Ораушы материалдар түрлеріне назар аударыңыз. Жергілікті өнеркәсіптердің (ұлттық) сусындары бар ма? (Сатушыдан сұрау). Қандай ораушы пайдаланылған: қағаздан жасалған пакеттер, шыны құтылар және т.б? сіздің ойыңызша, қандай товарлар ыңғайсыз оралған, қандай товарлар оралымды қажет етпейді?

Дүкендерді зерттеу жоспарын құрастыру қажет. Оқушылардың топтарын ұйымдастыруға болады. Егер бұл жобаларға ата-аналарды қатыстырса қызықтау болар еді, дүкен меңгерушісімен сұхбат жүргізуді ұйымдастырып, оның проблемалық сұрақтарға жауап беруін сұрау, қоршаған ортаға «достықты» дамыту, ораушы материалдардың әртүрлі түрлеріне альтернативті варианттар іздестіру сияқты мәселелерді көтеріп, пікір алмастыру керек.

Іс – шараның нәтижелерін қорытындылауда ораушы материалдардың құпиясын ашатын көрме ұйымдастыру пайдалы, мектепке жақын орналасқан дүкендердің картасын құрастыру және олардың табиғатқа «достығын» көрсететін көрсеткішіне баға беру.

Жоба нәтижелерін өз ауданыңыздың тұрғындарының мәліметтерді жеткізілсе жұмыс нәтижелі болады. Жергілікті газеттерде мәліметтерді жариялау, оқушыларға жоба нәтижелерін ата – аналарына, достарына, таныстарына жеткізіп, түсіндіру жөнінде тапсырма беріледі.

Ораушы материалдарды экологиялық талапқа сай емес дүкендерден реті келгенше сатып алмау.

Өзімізден бастап, нақтылы кішкене істен бастап, бізді қоршаған табиғатқа біз көмектескенімізді түсінуіміз маңызды!

Жобаны өткізуге қажетті қосымша ақпарат.

Көптеген Еуропа елдерінде үй шаруашылығының қоқысы жалпы қоқыс көлемінің 50% құрайды.

  • Күн сайынғы үйдегі қоқыстарды ораушы материалдар жалпы қоқыстың неше %-ін құрайды?
  • Үй шаруашылығында 2–3 күндегі қоқыстың жалпы көлемінің қоқыстардың әртүрлі типтері (органика, қағаз, металл, шыны, жасанды материалдар, резеңке және т.б.) неше %-ін құрайды?
  • Қоқыстың қандай типтерін өзіміз тиімді пайдалануымызға болады (шарушылықта,саяжайда бақшада)?
  • Сіздің үйіңіздің жанында қоқыстарды өңдейтін пунктер бар ма? Олар нені қабылдайды?

Сіз білесіз бе?

  • Көп рет пайдаланылатын шыны бөтелкені (0,5 л) орташа 40 рет қолдануда болады.
  • Көп рет пайдаланылатын бөтелкенің біреуі 450 дана 0,33 литрлік 1 рет пайдаланылатын қаңылтыр банканы алмастыра алады.

Азық – түлік өнімдеріндегі экологиялық символика

Көптеген дамыған Европа елдері 90 жылдардан бастап екінші қайтара өңдеу арқылы қоқыстарды өңдеу стратегиясын, қалдықсыз технологиясын дамытуға бағытталған. «Ораушы материалдар жөніндегі жарлық» бойынша өндірушілердің жауапкершілік принципі енгізілді. Бұл принцип бойынша ораушы матералдарды өндірушілер және сатушылар оларды қабылдауға және өңдеуге міндетті. Мысалы, 1992 жылы осы мақсатпен жеке адамдардың қолдауымен  «Германияның дуалды жүйесі» деген бағдарламасы жүргізіледі. Ораушы материалдар пайдаланатын немесе тарататын кәсіпкерлер қоқыстарды өңдейтін өндірістер жүйесіне жарна, төлем төлейді. Міндетті түрде өңделуге тиісті, бұл бағдарлама шеңберінде қорап материалдарына «жасыл пункт» символы қойылады. Жинақтау және екінші қайтара өңдеудің финанстық шығындары товардың бағасына кіреді. «Жасыл пункт» символы ешуақытта барлық экологиялық товарлардың көрсеткіші бола алмайды, бұл символ тек ғана қорап материалдарына қатысты.

Көптеген импортты товарларды сатып алғанда біз екі қайтара жеңілеміз. Біріншіден, біздің елде өндірілмейтін қайта өңделуге үстеме ақы төлемейміз. Екіншіден, күн сайын туған табиғаттың ластануына белсенді қатысамыз: өңделмейтін орама материалдар орасан зор мөлшерде қоқыс жиналатын жерлерге келіп, тотығып, жаңбыр ағындарымен бірге топыраққа еніп, грунт суларын ластайды.

Сіз табиғатқа көмектесе аласыз!

Көп рет пайдаланылатын орама материалдағы товарларды таңдаңыз! Негізінен біздің әлемімізді ластайтын бір реттік орама материалдардан бас тартыңыз!

Тамақ өнімдеріндегі экологиялық символика

Экологиялық жер шаруашылығының принциптерімен өсірілген және өңделген тамақ өнімдері қорап материалдардағы символ белгілерімен белгіленген және көбіне маманданған эко немесе биодүкендерде сатылады.

Экологиялық жер шаруашылығы :

  • Пестицидтерді қолдануға тыйым салады;
  • Құрамында хлоры бар калийлі, фосфорлы, азотты тыңайтқыштардың суда тез еритін түрлерін пайдалануға тыйым салады.
  • Табиғи жағдай мен жайылыммен малдардың санының мөлшерінің сәйкестігі назарға болуын қажет етеді.
  • Өңдеу процесінде бағалы қоректік заттардың құрамының сақталуын қатаң түрде басшылыққа алады.

Жоғарыда көрсетілген талаптардың орындалуы өнімдердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Экологиялық жер шаруашылығының негізінде өндірілген товарлардың құны қалыпты жағдайда өндірілген товармен салыстырғанда әдетте анағұрлым қымбат болады. Өндірістік товарлардың экологиялық символикасы

«Көгілдір періште» символы ЮНЕСКО тарапынан қабылданған. Бұл символы товардың сапасын көрсетеді. Мысалы, бұл символ: экологиялық, өйткені 100 % -к макулатурадан өндірілген немесе «экологиялық, өйткені аз қалдықтар түзеді» деген мағынаны көрсетеді.

Экологиялық талаптар бойынша товарларды сипаттайтын басқа да символдар бар. Мысалы, экологиялық стандарттарға сай даярланған, өзінің қорабында Egostyle Bio Demeter Esc Natur және т.б символикасы бар косметикалық кремдер.

33-сурет – Экологиялық символика

Өндірістік товарларды сатып алғанда оның техникалық сипаттамасына, қолдану ерекешеліктеріне мұқият қараңыз.

46-кесте – Қоршаған ортаны ластау көздері

Өңделмейді, қоршаған ортаны күшті ластайды

 

Сусындармен қаңылтыр банкілер

 

Полиэтилен пакеттер

Бір реттік қораптар

 

 

Пластикалық стакандардағы йогурт

 

Дезодоранттар (озон қабатын бұзатын фреондар)

Екінші қайтара қолданылады, қоршаған ортаға жүктемесі аздау

 

Шыны бөтелкелер, екінші қайтара қолданылатын бөтелкелер

Шүберек сөмкелер, қағаз пакеттер, көп ретті қолданылатын ыдыстар (шыны ыдыс, бидондар)

 

Шыны банкадағы йогурт

 

Дезодоранттар-пульверизаторлар.

Тақырыбы: Демалу мен ойындар үшін талдан құрастырылған алаңдар

Экологиялық орталықтар мен балалар бақшасының территориясына ландшафттың алуантүрлі дизайны соңғы кезде кеңінен қолданылады. Тірі қаңқалар, туннелдер, үйшіктер және әртүрлі құрылымдар демалу және балалар үшін таңғажайып әлем жасайды.

Тал бұтақтары талғамсыз, тез өсетін және әртүрлі пішінді құрылымдарды құрастыруға мүмкіндік береді. Талды алаңдарды құрастыру идеясы Европа елдерінің табиғатты қорғау орталығы тарататын «Естественные игровые пространства для детей» (Natur spiel - Raume for kinder) журналында келтірілген.

Ресей мемлекетінің экологиялық лагерлер базасында бұл жоба бірнеше жыл бойы орындалған. Біздің көзіміздің жеткендігі жоғары класс оқушылардың өз өлкесінің аймағының нақтылы мысалында қоршаған ортаға тұрғындардың тұтыну мәселелерін зерттеуді ерекше ынтамен айналысқандығы.

Проблема. Демалыс аймағы мен орманды бақтағы қоқыс мәселесі

Себептері: Әдетте демалушылар табиғатта бір рет пайдаланатын қораптардағы товарларды қолдануды лайықты көреді. Қалдықтар өңдеу жүйесінің және қоқыстар контейнерлерінің жоқтығы, болмауы. Жалпы қауымда және оқушыларда бұл проблемалардың маңыздылығын түсінушілігі мен экологиялық сауаттылығының жоқтығы.

Проблемаларды шешу жолдары. Кез келген ауданда орналасқан дүкенге серуен: ассортиментті зерттеу, қоршаған ортаға әсері әлсіз әсер ететін товарларды, заттарды табу, іздестіру альтернативісінің мүмкіншілігі жөнінде дүкен директорымен сұқбат жүргізу. Тұтынушылардың сұраныстарына бағытталған кәсіпкерлердің ұмтылысы: оқушылар отандық, шыны ыдыстардағы сатып алатын товарларды сатуға әкелуге бағытталуы тиіс. Бақ және орманды бақтар территорияларында ұзақ уақыт бойы қоқыстарды жинақтайтын (пластиктерді, шыныларды және т.б) өсімдік бұтақтарынан өрілген қақпа құрылысын ұйымдастыру. Бақ немесе орманның орманшысымен орманды бақ зонасынан қоқысты әкетуді ұйымдастыру жөнінде келісім - шарт жасау. Реті келсе шетел тәжірибелеріне сүйенбей жобаны жүзеге асыру. Бұндай жобаны жүзеге асыруда оқушылар белсенділік көрсетеді. Осындай жобалар оқушыларға экологиялық тәрбие беруде экологиялық сауаптылықты қалыптастыруда жаңа идеялардың, қызықты экологиялық іс-әрекеттердің басы болуы мүмкін.

Тақырыбы: ХХІ ғасырға қадам

Оқушылардың экологиялық жобасы

Жобаның негізгі мақсаты: ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және зерттеу бойынша әртүрлі әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы экологиялық проблемаларды шешуде балалардың қоршаған ортаға қатысты сезімдерін дамыту. Жергілікті экологиялық проблемаларға көпшіліктің көңілін аудару.

«ХХІ  ғасырға қадам» жобасының бірнеше ерекшелігі бар:

  • Жоба барысында балалар орнықты даму тұжырымдамасын өмірде практикада жүзеге асумен танысады.
  • Жобалардың әдісі негізінде оқушылар өзінің іс-әрекеттерін жоспарлау тәсілін меңгереді.
  • Жобаны ұйымдастыру балалардың ұйымдастыруымен жүзеге асырылады.
  • Жұмыс үшін ұсыныстары келтірілген материалдарды әдістеменің сипаттамасын жобаға қажетті мекемелер мен кәсіпорындардың мекен-жайы туралы мәліметтерді әрбір оқушы ақпараттық қолдау ретінде алады.
  • Жобаның әрбір қатысушысымен оның семинар, дөңгелек стол, конференцияларда қатысуы есептерді талқылау және есеп берудің авторларымен штабтың хат жазысуы арқылы тұрақты байланыс орнатылады.

Ұйымдастырушы және орталық болып әртүрлі мектептердің немесе кластардың белсенді өкілдері немесе аудандық (мектептік) экологиялық клубтан тұратын балалар ұжымы ұйымдастырушы және орталық болуы қажет. Штаб құрамына осы жобаға қызығушылық танытатын ата-аналар, педагогтар, оқушылар қатарынан өкілдер кіруіне болады. Ақпараттармен, іс-әрекет бағыты, әр түрлі шараларды: конференцияларды, семинарларды, әртүрлі акцияларды, шығармашылық есептерді даярлау мен ұйымдастыру жөнінде бұлар үнемі кездесіп отырады.

Жоба басталуы экологиялық шаралар мен мерекелерге (қоршаған орта аптасы, экологиялық қауіптіліктен  қорғау күні және т.б) қиыстырып бастау дұрыс болар еді.

Бірінші кездесуді жеке бір бағдарламаға арналған әрбір станциясы орналасқан станцияларда ойын түрінде өткізу ыңғайлы. Болашақ қатысушылар әрбір станцияға өзбетінше немесе ересектермен бірге не істеу керек екенімен танысады. Жұмыс материалдары мен жұмыс жүргізу әдістемесі келтірілген конверт бірінші кездесуде таратылмайды: бұл кезеңде жобада қатысуы жөнінде шешім мүмкін әлі де нақты қабылданбаған шығар. Оқушылардың ойынын оларға «өтініш» сияқты анкетаны толтыру ұсынылады, сосын штаб адресіне жіберіледі. Тек осыдан кейін мектеп штабының мүшелері арқылы материалдар пакеті жіберіледі.

Бағдарлама тақырыбы қала ортасының сапасының негізгі мәселелерін қамтиды. Мектеп оқушыларының күшімен зерттеуге және жақсартуға лайықты, тиімді тақырыптар алынады.

Тақырыбы: «Қала суы» бағдарламасы

Мақсаты: су экожүйелерінің (өзеннің, тоғанның, көлдің) күйін зерттеу, оларды паспорттау, су қоймаларының күйін жақсарту жөніндегі практикалық іс-шаралар.

Бұл бағдарламаға балалар қатыса отырып:

  • Суқоймалардың паспортын жасап үйренеді
  • Судың мөлдірлігі, түсі, иісі, қышқылдығы сияқты су қоймалардың экологиялық критерийлерін анықтауды үйренеді

Түрлі алуантүрлілікті анықтау арқылы су қоймаларының ластану жүйесінің әсер етуін түсінеді

  • Су қоймаларына қатысты экологиялық ситуацияларды жақсарту жөніндегі практикалық іс-әрекеттердің тәжірибесін жинақтайды.

«Алуантүрлілік» бағдарламасы

Мақсаты: ауданның биоалуантүрлілігін зерттеу; қала ортасындағы өсімдіктердің өсіп - дамуына және жануарлардың тіршілігіне қажетті қолайлы жағдайларды жасау жөніндегі практикалық іс-әркеттер іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.

Жобаға қатысушыларға әуелі бағдарламаның екі тармағының тақырыптары ұсынылады. Әрине жоба авторлары бұл тақырыптарды міндетті орындайтын маңызды мәселе деп есептемейді. Жоба жетекшісі бұл тақырыптарды өзгертуге құқылы.

«Құстар» бағдарлама тармағы

Бұл бағдарлама тармағына қатысу балаларға:

  • Қалада тіршілік ететін құстардың негізгі түрлерін ажыратуды үйренеді;
  • Бақылау дағдыларымен қаруланады;
  • Қала ортасында тіршілікке қолайлы жағдайларды жасап, құстарды қалай тарту керектігін уйренеді.

«Менің ағашым» бағдарлама тармағы

Оқушылар бұл бағдарламаға қатысу барысында:

  • әртүрлі ағаштар мен бұталардың түрлерін танып білуді үйренеді;
  • ағаштарды отырғызуды және оларға күтім жасауды үйренеді;
  • қалада жасыл желеңдердің маңызын, рөлін түсінеді.
  • шығармашылық тапсырмаларды орындау, өзінің сүйікті ағашына қатынасын білдіру арқылы өзінің білімі мен қабілеттілігін көрсете алады.

Тақырыбы: Саяжай участогы-жасанды экожүйе мысалы

Зерттеудің орындалу мерзімі. Зерттеулер шілде айы және келесі жылдың наурыз айы аралығында жүргізілді. Бірінші жылы участок картаға түсіріліп, жануарлар мен өсімдіктер түрлері тізімделді, саяжай аумағы мен мен өзен жағалауының зерттеуі жүргізілді. Екінші жыл материалдарды жалпылау мен рәсімдеу жұмысы жасалды.

Зерттеу нысанын сипаттау. Зерттеу нысаны ретінде жеке меншік саяжай участогы алынды. Оның ауданы шамамен 0,06 га. Барлық жағынан саяжай участоктарымен қоршалған. Өзен арнасынан 100 м арақашықтықта, суан 6 м биіктікте, грунт сулары 5 м тереңдікте  орналасқан. Біз оны құдық қазғанда анықтадық. Сонымен қатар, топырақ қабатының астында сұр және сары түстес ұсақ сазды құмның жатқаны анықталды. Сондықтан участок топырағы қоректік заттарға бай деп айта алмаймыз. Жер бедері біркелкі емес. Құрылысы аяқталмаған аумақтарға қарап, бұрынғы кезде бұл жерде шалғындық пен бұталар болған деуге болады. Енді қаладан өзен арнасына дейінгі ара қашықтықты саяжай участоктары алып жатыр. Бұл жердегі ауа қаламен салыстырғанда таза, бірақ солтүстік жақтан жел соққанда ПО «Пигмент»-нен анилинді бояғыштардың иісі байқалады. Кейде өзен суында мұнай қабықшасы мен лас көпіршіктер табылады, саяжайшылар өзенге әр түрлі қалдықтарды тастайды. Участокта қарапайым құрылыстардан басқа шағын бетонды бассейн, ағаштан жасалған аулалық құрылыстар мен альпілік сырғанақ бар. Грунттың бір бөлігі жасанды түрде жасалған: шабындықтан әкелінген топырақ шымтезекпен араласқан. Аумақтың барлығына ұзақ жылдар бойы органикалық тыңайтқыштар енгізілген. Үйдің оңтүстік-батыс бұрышы және солтүстікке қарай участок анағұрлым ылғалды және көлеңкелі, қалған аумақта орташа ылғалды және күнгейлі.

Зерттеу әдістемесі және әдебиеттер

Нақты саяжай участоктарын зерттеуге арналған әртүрлі әдістемелерді қолдану бойынша арнайы ұсыныстар әдебиеттерде табылмады. Сондықтан табиғи экожүйелерді зерттеуге арналған әдістеме қолданылды:

Карталау, өсімдіктер дүниесі көрсетілген участоктың карта сызбанұсқасы құрастыру және әр түрлі экологиялық жағдайдағы участоктар да белгілеу; профильдарды, сызбанұсқаларды құрастыру, материалдарды суреттер түрінде рәсімдеу;

Жануарлар мен өсімдіктердің тізімін құрастыру. Белгісіз түрлерді анықтау үшін мектептік атлас – анықтауыштар және де кейбір басқа да анықтауыштар қолданылады. Ақпарат анағұрлым толық болу үшін отбасы мүшелерімен сауалнама жүргізілді, олардың бақылаулары тізімдерді құрастырған кезде ескерілді;саяжай қалдықтарының тізімі жасалды, олардың сипаты және жойылу түрі де тіркелді.

Қардың рН анықтау үшін қағаз индикатор қолданылды. Одан басқа, қардың ластану деңгейін анықтау мақсатында қар сынамасы алынды. Еріген қар суы қағаз сүзгісі арқылы өткізілді. әр түрлі көкөністердің құрамындағы нитраттың деңгейі «Аквачек» қағаз индикаторы арқылы анықталды. Саяжай участогын экожүйе ретінде талдағанда оның құрылымы, зат айналымы, қоректік торларын құрастыру кезінде                         Т. Миллердің «Қоршаған ортадағы өмір» оқулығында сипатталған тұғырлар қолданылды. Жұмыс кезінде сонымен қатар «Агроэкожүйенің түзілуі» кітабы, бақ және бақша өсімдіктерін өсіру бойынша саяжай участоктарының иелеріне арналған кейбір кітаптар қолданылады.

 

Саяжай участогының экожүйелік талдауы

Өсімдіктер дүниесі

Участокта мәдени өсімдіктермен, интродукцияланған (жергілікті жерге бейімделіндірілген), астық тұқымдастары егілген аумақтар бар. Мәдени түрлер – бұл жеміс – жидекті өсімдіктер (бұталар), шөптесін біржылдық және көпжылдық өсімдіктер, ағаштар. Олардың құрамы көбінесе тұрақты болып келеді. Участоктың барлық жерінде арамшөптер өседі. Олардың құрамы жүргізілетін күресте қолданылатын шаралар мен топыраққа енгізілетін көңге байланысты. Мысалы, көңді енгізген соң бақшада көп мөлшерде жаңа арамшөптердің түрлері пайда болды: төселмелі жоңышқа және дала жоңышқасы және басқа да бірқатар арамшөптер. Арамшөптерді көбінесе біз қолмен жұламыз. Осы мақсаттар үшін арнайы алаңдар бөлінген, альпілік сырғанақ жасалған. Кей өсімдіктер тез бейімделеді, кейбіреулеріне жағдайлар жақпай қалады. Осылай, 1975 жылы Алтайдан кедр қарағайы әкелінді (сібір қарағайы). Алдымен ағаш баяу өсті, оның қылқандары кейде сарғайды, бірақ қазір кедрдің жағдайы жақсы, биіктігі 3,5 м дейін жетеді. Тұқымдары солтүстіктен әкелінген кәдімгі шырша үшін орта жағдайлары қолайсыз болды: 3 өнген тұқымдардың ішінен тек бір ғана ағаш қалды, ол өте баяу өседі –                 6  жылдан бері тек 5 см-ге ғана өскен.

Альпілік сырғанақта сирек, қорғалатын түрлер орналасқан, бұл жерде ормандарда, далаларда, тауларда өсетін түрлер, ерте гүлдейтін өсімдіктер орналастырылған. Олар тек адамның көмегімен ғана көршілес бола алады (көбісі табиғатта бірге өспейді). Қызығы, альпілік сырғанаққа көшірілген өсімдіктердің кейбіреуінің мөлшері күрт ұлғайды (мысалы, бәйшешек). Бұл мүмкін олардың құнарлы топырақта өсуіне байланысты болар. Гүлдейтін өсімдіктер араларды, басқа да жәндік-тозаңдатушыларды еліктіреді. Жеміс ағаштарының астында астық тұқымдастары отырғызылатын арнайы аймақ бөлінген. Қызығы, мұнда бақбақтардың жаңа түрі пайда болды- сабағы және гүлтабаны қысқа. Бұл шөпті тұрақты түрде шабуға байланысты болар. Аймақтың басқа территориясында бақбақтардың түрі кәдімгі бақбақ секілді. Аймақта өсімдіктердің әр түрлі тіршілік формалары берілген: ағаш, бұта, лианалар, шөптесін өсімдіктер. Саяжай аймағының өсімдік қауымдастықтарында осындағы әр түрлі жануарлардың мекен етуге жағдай жасайтын ярустарды бөлуге болады. Одан басқа осы аймақта әр түрлі өсімдік түрлерінің болуы жануарлардың әр түрлі болуына жағдай жасайды. Саяжай аймағының өсімдік дүниесі –бұл жануарлардың мекен ету ортасы мен қорегі. Экожүйе алуантүрлі болған сайын, соғұрлым ол тұрақты болады.

Жануарлар дүниесі

Саяжай участогының аймағы үлкен болмаған соң, мұнда отырықшы жануарлар аз. Мұнда бунақденелілер, ұлулар, кейбір топырақ жануарлары кірмейді. Әр түрлі құстар ұшып келеді, қыстыгүні орманнан қояндар, сирек-ласка келеді. Түрлердің санының көп болуы жәндіктер тобына тән, олар жалпы алғанда участокта басымдылық көрсетеді. Құстардың әр түрлілігі анағұрлым үлкен, бірақ әр түрдің дара саны өте көп емес. Мысалы, жыртқыш-құстар саяжай участогының төбесінен сирек ұшып қалықтайды.

Неліктен участокта жәндіктер басымдылық етеді? Мүмкін бұл әр түрлі өсімдіктер көп мөлшерінің болуына байланысты шығар. Сонымен қатар көптеген мәдени түрлер жәндіктерге қатысты анағұрлым төзімсіз болады, ал арамшөптер болса керісінше. Мәдени өсімдіктердің бір сұрыпы өсетін қатарда соларды жейтін жәндіктердің саны ұлғаяды. Міне бірнеше жыл бойы участокта улы химикаттар қолданылмайды. Біз осы жәндіктердің биологиялық күрескерлерін қолдануды жөн көреміз.

Колорад қоңызы аз мөлшерде кездеседі, өйткені біз картопты сирек өсіреміз. Тек қана кәдіні отырғыза бастаған кезде колорад қоңыздары пайда болды. Бұл мысал өсімдіктер мен жәндіктер арасындағы қарым қатынастың қаншалықты тығыз болатынын көрсетеді. Саяжайда әр жылдарда жәндіктердің әр түрі басым болды. Мысалы, 1992 жылы гүлшетенде испандық шіркей көп болды, ал екінші жылы алма жегіш көп болды. Жәндік қоректенетін өсімдіктердің өнімділігі көп болған сайын, соғұрлым сол жәндіктің өзі де көп болады.

Участокта шырыштар мен ұлулар тығылатын жасырын жерлер көп. Бір жағынан, олар өнімге нұқсан келтіреді, екінші жағынан бақшадағы зат айналымын қолдайтын редуценттер болып табылады. Участок экожүйесінің тепе-теңдігін ұстап тұруында маңызды рөлді құстар ойнайды. Олар бақшада ұя салады. Тек алтын қарақаттың биік және тікенекті бұталарында кей кезде ұсақ құстардың ұялары пайда болады. Оларға мүмкін шу, өсімдіктерді ерітінділермен өңдеу жұмыстары кедергі болатын шығар. Ұшып келетін құстар көп. Олар өсімдіктердің тұқымдарын, жемістерін, жәндіктерді жейді. Жәндікпен қоректенетін құстарды жемсалғыш жасау арқылы біз еліктіруге тырысамыз. Көлеңкелі ылғалды жерлерде бақа, құрбақа, жыландарды кездестіруге болады. Үйде тышқандар бар, оларды жабайы мысықтар аулап жейді. Бассейнде кейде балықтар мен шаяндар тіршілік етеді. Өзеннен алынған бұл суда дафния, масалардың дернәсілдері көп. Бірақ мұндай ағынсыз суда ұзақ уақыт тіршілік ете алмайды, сол үшін біз оларды өзенге жібереміз.

Егер де саяжайдың жануар дүниесін табиғи экожүйелердің жануарлар дүниесімен салыстырсақ, даралардың түрлерімен, санымен, алуантүрлілігімен, жүйелі топтардың арақатынасында айырмашылығын байқауға болады. Саяжай участогында табиғи экожүйелердің көптеген түрлері жетіспейді: жыртқыш құстар мен сүтқоректілер, өсімдікқоректі, әсіресе тұяқты жануарлар. Бұл тынымсыздық факторы және ірі жануарлар мекен ету үшін ортасының территориясы үлкен болуы қажеттілігімен түсіндіріледі. Жануарлар дүниесі өсімдіктер дүниесіне қарағанда адамның реттеуіне аз деңгейде ұшырайды, бірақ сонда да оған тәуелді. Адам жануарлар дүниесіне жанама жолымен (ағаштарды отырғызу, оларды ерітінділермен өңдеу), сонымен қатар тікелей де - өзіне қажетсіз түрлерді жою арқылы әсер етеді.

Саяжай участогы экожүйесінің сипаттамасы

Экожүйе – бұл тірі ағзалар қауымдастығының ортаның өлі компоненттерімен бірлескен жиынтығы. өсімдік және жануарлар өлі табиғаттың компоненттерімен байланысты: топырақ (оның химиялық құрамы, қоректік заттардың мөлшері, құрылымы), ылғалдылық (жауын шашын  және суармалы) және атмосфералық ауаның жағдайы. әр экожүйе құраммен, құрылыммен, энергияның, химиялық заттардың және ағзалардың белгілі бір арақатынасымен сипатталады.

Саяжай участогында энергияның негізгі көзі күн сәулесі болып табылады. Ол өсімдіктермен қорытылады және топырақтың, құрылыстың қызуына, ылғалдың булануына кетеді. Участокта энергияның қосымша көзі –бұл электр тогы және органикалық отынның энергиясы. Отын жанған кезде көмірқышқыл газының орташа мөлшері бөлінеді, ол участоктағы өсімдіктермен қорытылады. Жылу энергиясының артығы атмосферада шашырап кетеді. Адам өсімдіктерді өзінің қажеттіліктері үшін өсіреді, яғни органикалық заттардың көп мөлшерін адам тағамға қолданады, басқа бөлігін жәндіктер мен басқа ағзалар жейді, тағы бір бөлігін жыл сайын өліп, компост үйінділерінде шіриді.

Саяжай участогы - бұл жасанды экожүйе. Мұнда негізгі консумент адам болып табылады. Ал, барлық өсімдік қоректі ағзалар (жәндіктер, ұсақ кеміргіштер) оның бәсекелестері болады және көбінесе «зиянкестер» ретінде қарастырылады. Адам олармен күреседі. Шынына келгенде, экожүйеде олар да керек, тек олардың санын реттеу қажет.

34-суретте участоктың қоректік торы көрсетілген. Ол да табиғи экожүйелердің қоректік тізбегінің ережесі бойынша құрылған. Әрине, ол участоктың жануарларының өзара қатынасының барлық түрлерін, олардың өсімдіктермен байланыстарын көрсетпейді, бірақ продуцент, консумент, редуценттер қандай жануарлармен берілгенін көрсетеді. Саяжай участогындағы ең алуантүрлі топ ретінде байқалған – екінші реттік консументтер. Бұл барлық жыртқыш жәндіктер, өрмекшілер, көптеген құстар, жыртқыш сүтқоректілер, қосмекенділер мен рептилиялар.

Участоктағы үшінші реттік консументтер сирек кездеседі. Өсімдіктердің өлік бөліктері, жануарлардың өлекселері, ағзалардың тіршілігінің қалдықтары көптеген редуценттерге қорек болып табылады. Редуценттер- бактериялар, саңырауқұлақтар, жауын құрттары, шырыштар, ұлулар. Олар топырақ қабатында және оның бетінде, ағаш діңдерінде және құрылыстарда, компостта, жерде жатқан жапырақтар астында тіршілік етеді.

Саяжай участогының экожүйесі тек қана адамның реттеуі мен көмегінің арқасында ғана тіршілігін жалғастыра алады. 20 жыл бұрын саяжай участогі түгелімен бұталар, арамшөптер және шалғындық өсімдіктер өскен. Егер саяжайға ұзақ уақыт келмесе, ондағы топырақ арамшөптермен жабылады, ал мәдени өсімдіктер өзін нашар сезінеді. Адам экожүйенің барлық компоненттеріне және онда жүретін барлық процестерге әсер етеді.

Саяжай участогындағы су айналымы және адам

Саяжай участогында адам судың көп мөлшерін тұтынады: суару үшін, үйді тазалау үшін, жуыну үшін, кір жуу үшін, т.б. Көбінесе саяжай ауылдары өзендердің маңында орналасады, сол кезде адамдар өзеннің жағдайына үлкен әсер етеді. Ауыз су ретінде көбінесе жер асты сулары пайдаланылады. Мысалы, біз тағамдық мақсатында жер асты суын, ал басқа жағдайда- өзен суын қолданамыз.

Участокта жаңбыр, қар, шық, тұман, бұршақ, қырау түседі. Гидрометорталықтың мәліметтері бойынша, біздің ауданда жауын-шашындар көбінесе бейтарап немесе әлсіз қышқыл болып түседі. Сынама шаң құрамына және басқа да қоспаларға алынды. Бір қарағанда қар тап-таза болып көрінді. Алайда, ол ерігенде және суды сүзгілегенде, мұнда шаң, органикалық заттар болғаны анықталды.

34-сурет – Участок экожүйесіндегі қоректік тор

Көрнекті түрде саяжай участогындағы су айналымын көрсету үшін және оған адамның әсерін көрсету үшін сызбанұсқа құрастыру керек. Су көздері бір бірімен байланысты екені мәлім. Саяжайлардың көптеген иелері бұл туралы ойланбайды. Олар өзенде автокөліктерін жуады, кір жуады, жағалауға қоқыстарды төгеді және өзенге де лақтырады, ал содан соң өзен суымен өсімдіктерді суарады. Одан басқа, жағалаудың көптеген жерлерінде өсімдіктер жойылған, бұталар оталған, шөптесін өсімдіктер өсетін жерді жыртқан, ал қатарлар кей кезде өзенге жақын орналасқан. Нәтижесінде жағалаулар шайылады. Сонымен қатар, өсімдіктер әлі де қалған жерде өзен өз арнасынан шықпайды. Егер участоктар суға тым жақын орналасса, олардың бетінен өзенге тыңайтқыштар, улы химикаттар шайылады да сумен бірге «сапарға шығады». Олар топыраққа сіңіп, содан кейін жер асты суларына түседі және одан кейін өзенге келеді. Егер саяжайшылар жер асты суларын көп мөлшерде қолдана берсе, ол да су режиміне әсер етеді. Сондықтан суды үнемдеу қажет. Өзен өздігінен, тірі ағзалардың көмегімен тазалана алады, бірақ адам көбінесе оларды жояды: қамысты, рогозды шауып, ондағы моллюсктарды жояды.

Улы химикаттар мен тыңайтқыштарды қолдану

Өзінің бәсекелестерін жою үшін адам көбінесе әр түрлі улы химикаттарды қолданады. Саяжайшылар зиянкестердің көп мөлшерін жоюға талпынады, алайда олар аз мөлшерде де керек. Участокта түрлердің саны көп болған сайын, соғұрлым экожүйе тұрақты болады. Барлық улы химикаттар денсаулық үшін және қоршаған орта үшін қауіпті: олар топыраққа түсіп, содан кейін өсімдіктерге, жер асты суларына енеді, яғни өсірілген өнімді және қоршаған ортаны адам денсаулығына қауіпті қылады. Улы химикаттардың орнына күрестің биологиялық әдісін қолдануға болады. Біздің участокта бүлдірген арасында сарымсақ отырғызылған, ол жәндіктерді шошытады. Одан басқа, біз мәдени өсімдіктерді иісі күшті өсімдіктердің қайнатындысымен өңдейміз, мысалы пижма, махорка, қызанақ сабағы және т.б. Қатарларға күл себеміз, зиянкестерді қолымен жинаймыз, құстарды еліктіреміз, бақаларды жинаймыз. Жыртқыш жәндіктерді әр түрлі гүлді өсімдіктер еліктіреді. Осылайша, гүлдердің нектарымен паразитті соналар қоректенеді, олар зиянкес жұлдызқұрттарды жейді.

Барлық саяжайшылар минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолданады, бірақ көбінесе көп мөлшерде органикалық тыңайтқыштарды қолданады, алайда көңнің өзі көп мөлшерде мәдени өсімдіктердің құрамында нитраттардың жоғарылауына әкеледі.

Өсімдіктерге көңнің шектен тыс көп мөлшері қалай әсер ететінін байқау үшін тәжірибе жүргізуге болады. Екі участоктан көкөністер алып, зерттелінеді. Біріншісінде көң және басқа да органикалық тыңайтқыштар шектеулі мөлшерде ережелерге сай енгізілді. Екіншісінде бұл тыңайтқыштар кез келген мерзімде анағұрлым көп мөлшерде енгізілді, бұл участоктың көкөністерінің айырмашылығы олардың үлкендігінде. Көкөністердегі азот қосылыстарының құрамы қағаз индикаторы «Аквачек»арқылы өлшенді. Екінші участоктағы көкөністер мен жемістерде индикатор шектен тыс көп мөлшерлі азотты көрсетті, әсіресе қызылша, салат, тұрып, олар азот қосылыстарының көп мөлшерін жинақтауға қабілетті. Біздің участоктың көкөністері мен жемістерінің арасында тек салат қана нормадан ауытқып, нитрат мөлшері көп екенін көрсетті. Осыдан, тәжірибе көрсеткендей, көң мөлшері аз болса да, және де алынған өнімнің мөлшері ондай үлкен болмаса да бірақ денсаулыққа зиянсыз екені байқалды.

Саяжай участогындағы қалдықтар

Кез келген участоктағыдай саяжайда да көп мөлшерде әр түрлі қалдықтар жиналады. Қалдықтардың бөлігі біз қалаға қайтадан әкетіледі. Қалдықтардың кей түрі біз пеште өртеледі. Органикалық қалдықтардың бөлігін (өсімдіктердің сабағы, түскен жапырақтар, шіріген жемістер, жұмыртқаның қабығы, тамақ қалдығы) компостқа қолданылады. Компост шұңқырға біз кір жуудан соң қалған суды да төгеміз (көбінесе біз кір жуғыш ұнтағын емес, сабынды қолданамыз). Содан кейін компостты топыраққа енгіземіз. Осыдан топыраққа біз одан өніммен алған қоректік заттардың қайтарамыз, сонымен қатар қоршаған ортаны ластамаймыз. Біз ешқашан да қалдықтарды участок шекарасынан асырмаймыз.

47-кесте – Саяжай участогындағы қалдықтарды жою жолдары

Қалдықтардың түрлері

жағу

компост

Екіншілік пайдалану

Жинау және сақтау

Қағаз

+

 

 

 

Ағаш

+

 

 

 

Жасыл масса

 

+

 

 

Тамақ қалдықтары

 

+

 

 

Пластик

+

 

 

+

Қаңылтыр

+

 

 

+

Шыны, кірпіш

 

 

+

+

Цемент

 

 

+

+

Металды заттар

 

 

+

+

Жуғыш заттар

 

+

 

+

Мата

+

 

 

 

Резеңке

+

 

 

 

Тері

+

 

 

 

Қорытынды

  1. Саяжай экожүйесі- жасанды экожүйенің ерекше типі. Оның тіршілік етуі, ерекшеліктері, құрылымы, қоршаған ортаға әсері адамға байланысты. Сонымен қатар саяжай экожүйесі табиғи заңдылықтардың есебінен де түзіледі (қоректік тізбектер, өсімдіктер мен жануарлардың өзара қатынасы, зат айналымы, су энергиясы).
  2. Саяжай экожүйесі табиғидан айырмашылығы- тірі ағзалардың түрлік құрамы, құрылымы бойынша ажыратылады. Бұл жерде қоректік тізбек қарапайымданған, жоғарғы реттік консументтер әлсіз байқалады. Адам саяжай участокта бірінші реттік консумент болып табылады.
  3. Өсімдіктердің, жануарлардың түрлік құрамы алуан түрлі болған сайын саяжай экожүйесі де тұрақты болады, адамның да әсері аз болады.
  4. Саяжай участоктарының иелері көбінесе табиғи заңдарды білмейді де, оларды бұзады, саяжай участоктарын және қоршаған ортаны ластайды.саяжай участогы қоршаған ортамен тығыз байланысты, оның жағдайы ортаға әсер етеді.
  5. Саяжай экожүйесі адаммен жасалып, бақыланса да, табиғи заңдарға бағынады. Саяжайшылар осы заңдардың рамкасында әрекет етуі керек.
  6. Саяжай участогымыз шаруашылықты ұйымдастырудың экологиялық салауатты тұғырының мысалы бола алады. Біз мүмкіндігінше, табиғи заңдарын ескеруге және қоршаған ортаға зиян тигізбеуге тырысамыз.

Негізгі қорытынды. Саяжай участогының иелеріне табиғат заңдарын білуге және оларды ескеру тиімді және қоршаған ортаны ластау тиімсіз болып табылады.

Ұсыныстар

Саяжай участокты зерттеу негізінде алынған нәтижелері саяжай иелеріне ұсыныстар құрастырылды. Олардың барлығыы табиғаттағы өзара қатынасқа негізделген. Егер саяжайшылар оларды орындаса, олар қоршаған ортаны өздері үшін де зиянсыз етеді, өздері ішетін су, көкөністер, жемістер олардың денсаулығына қауіп төндірмейді.

  1. Улы химикаттарды пайдаланбау: олар зиянкестерді жоюмен қатар, олардың жауларын да өлтіреді- жыртқыш-жәндіктерді, жер асты суларын ластайды. Ал бұл сумен өнімдерді суарады, ал ол адам денсаулығына қауіпті.
  2. Саяжай участогының жануарларын мазаламаңыздар, олар бау –бақшаның зиянкестерімен күрес кезінде пайдасы тиеді. Шу құстарды қорқытады, олардың ұяларына қарғалар қоныстанып алады.
  3. Әртүрлі қалдықтарды жақпаңыздар, олардан бөлінген газдар ауаны ластайды. Олардан компост дайындау керек - бұл жақсы өнімді қауіпсіз өнімді алуға мүмкіндік береді.
  4. Автокөліктеріңізді өзен суына жумаңыздар: бұл суды суару үшін сақтау керек.
  5. Өзенде кір жууға болмайды, суды жуғыш заттармен ластауға болмайды.
  6. Қоқысты өзенге тастамаңыздар. Өзенді қоқыс орнына айналдырмаңыздар.
  1. Суды үнемдеу қажет: жер асты суларын шектен тыс пайдалану олардың деңгейінің төмендеуіне әкеледі және су режимін өзгертеді.
  2. Бақа мен құрбақаларды сақтаңыздар: олар бау-бақшаның зиянкестерін жояды. Жауын құрттары да пайдасын тигізеді: олар топырақты қопсытып, шіріген қалдықтарды қайта өңдейді.
  3. Участокта жасыл желек жерлерді қалдырыңыздар: бұл жерлер құстар, жыртқыш жәндіктер үшін пана болады.
  4. Тыңайтқыштарды енгізудің нормасын сақтаңыздар: оларды шектен тыс көп пайдалану жер асты мен жер үсті суларын ластайды, сонымен қатар өніміңізді де.
  5. Зиянкестермен күрескенде хош иісті өсімдіктерді қолдану қажет- бұл ең зиянсыз және тиімді тәсіл болып табылады.
  6. Құстарды өз участогыңызға көбірек еліктіріңіз, олар зиянкестердің көбін қорек етеді.
  7. Барлық органикалық қалдықтарды жинаңыздар, олардан компост дайындау арқылы өзіңізге қауіпсіз тыңайтқыш және қалдықсыз өндіріс көзі.
  8. Участоктың өсімдік алуантүрлілігін ұлғайтыңыз. Неғұрлым саяжайыңыз түрлерге бай болса, соғұрлым тұрақты болады да, және адамның кірісуін аз деңгейде қажет етеді.