«1С: Кәсіпорын» жүйесінің әкімшіліктеудің және конфигурациялаудың технологиялық құралдары.


  1. «1С: Кәсіпорын» программасында конфигурациялау режимінде технологиялық құралдары
  2. «1С: Кәсіпорын» программасының режимдері

«1С: Кәсіпорын» программасында конфигурациялау режимінде технологиялық құралдары.

 «1С: Кәсіпорын» программасында конфигурациялау режимінде интерфейс құруды және ақпараттарды өңдеудің спецификалық алгоритмдерін сипаттау үшін келесі арнайы технологиялық құралдар бар болады:

  1. Кіріктірілген программалық тіл. Кіріктірілген тілдің қажеттілігі жүйенің өспелі концепциясымен анықталған.

Кіріктірілген тілдің синтаксисы жоғары дәрежелі тілдердің стандартарына толығымен жауап береді.

Тіл пәндік-бағытталған болып табылады. Ол жүйенің конфигурациясымен анықталған пәндік мәліметтердің мамандандырылған типтерін камтиды. Мұндай типтер мәліметтерімен жұмыс тілде объектілік техниканың қолданысымен ұйымдастырылған. Тіл қолданылушылардың біреше түлеріне бағытталған. Атап айтқанда, мәліметтердің нәзік типтедірілуі және қателіктер мүмкіндігін азайтатын синтаксистік құрылымдарына қатаң тәртіппен ерекшеленеді.

Жүйе өз құрамында көрнекті (визуалды) және тілдік конфигурациялау құралдарын иемденгендіктен, жүйедегі кіріктірілген тілдің қолданылуы белгілі жағдайлар мен тікелей байланысты болды, яғни тіл модельдері конфигурацияларлар үдерісінде орнатылатын жеке алгаритмдерді өндеу үшін  нақты жағдайларда қолданылады. Осылайша, мысалға, құжатқа қатысты жаңа құжатты енгізу кезінде реквизиттердің автоматты түрде толтыру алгоритмін бейнелеуге болады. Бұл процедура жүйемен қажетті уақытта шақырылып отырады.

  1. Сұраныстар механизмі. Күрделі құрылымды есеп берулерді алу үшін жүйеде пәндік-бағытталған сұраныстар механизмі қарастырылған. Бұл құрал жүйенің ақпараттық базаның шартты-ауыстырылмалы құрылымына негізделеді, бұл жеткілікті қиындатылған сұраныстарды салыстырмалы түрде жеңіл бейнелеуге көмектеседі.
  2. Кіріктірілген мәтіндік редактор жүйемен кіріктірілген тілдегі програмдық модульдерді құру және мәтіндік түрдегі құжаттады түзету үшін пайдаланылады. Редактордың ерекшеліктерінің бірі болып кіріктірілген тілдің синтаксистік конструкцияларды контекстті түспен ерекшелеу мүмкіндігі табылады. Жүйенің кіріктірілген тілінің мәтіндерді басқарудың (манипуляциялау) күшті құралына ие болғандықтан, мәтіндік пішім басқа әр түрлі ақпараттар жүйелерімен алмастыруға үздік қолданылуы мүмкін.
  3. Диалогтардың кірістірілген редакторы. Күйге келтірілетін құрылымдағы мәліметтермен жұмыс және МS Windows операциалық жүйесі интерфейсінде жұмыс істеу ақпаратты өңдеу мен енгізу нысандары өз бетімен күйге келтіру  қажеттілігін тудырады. Бұл үшін «1С Кәсіпорын» жүйесінде кіріктірілген экрандық диалогтар редакторы бар. Жүйеде пәндік ақпараттарды (құжаттарнысаны, сұраунама, есеп берулерді күйге келтірулер) қарауға және енгізуге қолданылатын көптеген терезелерді рәсімдеуге көмектеседі.
  4. Кестелік құжаттардың кіріктірілген редакторы. Барлық шығыс құжаттары (алғашқы құжаттар, есеп берулер) үшін жүйеде кестелік құжаттардың бірыңғай пішімдері қарастырылған. Бұл құрамында кестелік құрылымы мен веторлық графиканың рәсімдеушілік мүмкіндіктерін енгізетін күшті құрал. Сондықтан да ол өте қиын құрылымдық сызығы бар кішкентай құжаттар (төлем тапсырыстары сияқты), сонымен қатар көлемді ведомостер, журналдар және сол сияқты басқа да құжаттарды құруға қолданылуы мүмкін. Кестелік құжаттар қолданылушыларға рәсімдеу мүмкіндіктерінің (қаріп, түс, сызық, оюлар) үлкен жиынын береді. Графикалық түрдегі (диаграммалар) ақпаратты шығару мүмкіндігі бар. Кестелік редактордың негізгі ерекшеліктерінің бірі болып, «1С:Кәсіпорын» жүйесінің кіріктірілген тілі көмегімен есеп берулердің құрылуына бағытталуы есептілінеді. Есеп берулердің құрылуының иілгіштігі оның көмегімен секцияларды (құжат аумақтары) басқару механизмінің бар болуының көмегімен мүмкін болады. Кестелік редактор тек тік секцияларды ғана емес сонымен қатар көлденең секцияларында басқаруға мүмкіндік береді,  бұл есеп берулердің құрылуын тек ұзындығына ғана емес, сонымен қатар ені бойынша да масштабтауға мүмкіндік береді. Және де сонымен қатар басқа жағынан, мәлуіметтерді енгізудің құралы және оларды өңдеу мен бейнелеудің  интерактивті кесте түріндегі есеп беруді құру мүмкіндігі де өндірілген.
  5. Конструкторлар – «1С: Кәсіпорын» жүйесіндегі стандартты элементтерін өндіруді жеңілдететін көмекші құралдар. Жүйеде анықтама, құжат, құжаттар журналы, есеп беру және субконто түрі конструкторлары бар. Тағы бес конструкторлар стандарты жағдайлардағы модульдік бағдарламаларды құрастыруды жеңілдетеді.
  6. Қолданушылар интерфейсінің жүйелік күйге келтіру жүйесі.
    Жүйенің нақты конфигурация интерфейсі толығымен мәліметтер құрылымын күйге келтірілуін көрсетуі үшін, «1С Кәсіпорын» жүйесінде кестелік құжаттармен нысандардың диалогтық редакторларынан басқа, жалпы интерфейстік жүйе компоненттерін күйге келтіру мүмкіндіктері қарастырылған: меню, саймандар тақтасы, пернелер комбинациясы.

Конфигурациялау сатысында әр түрлі қолданушыларға  арналған бірнеше қолданушылар интерфейсі құрылуы мүмкін (басқарушылар, меннеджерлер, қоймашылар және т.б.).

  1. Қолданушылар құқықтары мен мәліметтерді авторизациялау. Құқықтар құрылымы жүйенің нақты конфигурациясымен анықталады. Мысалы, келесідей құқықтар жиынтығы енгізілуі мүмкін: «бас бухгалтер», «қойма жұмыскері», «менеджер», «бөлім бастығы». Қолданушылардың тізімі нақты ұйымдарға арналып жасалады. Әрбір қолданушылар итерфейсі тағайындалады.
  2. Дұрыстаушы. Жүйедегі конфигурацияларды құрастыруды жеңілдету үшін дұрыстаушы қарастырылған. Дұрыстаушы көмегімен конфигурациялар модельдерінің бағдарламалық орындалуын камтамасыз етеді, орындалудың салыстырмалы уақытын өлшеп, ауысушылық құрамды қарастырады.
  3. Қолданушылардың ұйымдастырушылық жұмыстары. Жұмысшылардың ағымдағы жағдайы бақылау үшін жүйеде қолданушылар мониторы қолданылады. Ол нақты уақытта қай қолданушы қандай нақты ақпараттық базада, қандай режимде жұмыс істеп отырғанын көруге мүмкіндік береді.
  4. Өндірістердің тіркеу-журналы жүйемен автоматты түрде жүргізіледі. Онда қолданушылардың мәліметтерінің өзгеріс фактілерінің барлығы көрсетіледі.

Қолданушыларды ақпараттық базамен жұмысы «1С:Кәсіпорын» режиміндегі жүйені іске қосқан кезден басталады. Осының көмегімен жүйенің келесі пәндік аумақтарда іске асырылады: құжаттармен операцияларды енгізу, сұраныстар толтыру, әртүрлі есеп берулерді құру, әр түрлі регламенттік есеп айырысуларды орындау және т.б. қолданушыларға конфигурациялау кезеңінде құрылған алгоритмдерді қолдана отырып конфигурациялар құрылымында бейнеленген ақпараттады енгізу мен өңдеуге мүмкідік береді. Конфигурацияларға байланысты нақты режимдермен (құжаттар, операциялар, анықтама, есеп берулер) жұмыс істеу ерекшеліктерін түсініктеме конфигурацияның өзінің сипаттамасында баяндалуы мүмкін. Бұл жағдайда оларды қолданушылық бейнелеу режимінен алуға болады. Нақты конфигурациялармен анықталатын «1С:Кәсіпорын» жүйесінің негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:

  • константалар жиыны;
  • анықтама құрылымы, құрамы және қасиеттері;
  • анықтама элементтерін енгізу және тізімдерін қарастыру нысандары;
  • жіктемелердің мағыналарының жиыны мен құрамы.;
  • құжаттар мен операцияларды енгізу нысандары;
  • құжаттар, операциялар мен өткізгіштер журналдарының нысандары;
  • шот жоспарының жиыны және олардың қасиеттері;
  • шоттар тізімінің және шоттар енгізу нысаны;
  • бухгалтерлік шоттар (конфигурацияда көрсетілгендері ғана);
  • есеп берулер мен өңдеу алгоритмдері мен нысандары;
  • қолданушылар интерфейсі (бас меню, саймандар тақтасының жиыны);
  • қолданушылардың әр түрлі объектілер мен программалар режимдеріне рұқсат алуға құқығы.

«1С: Кәсіпорын» программасының режимдері.

1С төрт режимде іске қосылуы мүмкін:

- Кәсіпорын – ақпараттық базаны қолдану режимі. Бұл режимде жай қолданушылар жұмыс жасайды, мәліметтер енгізеді, есеп берулерді басады және т.б. Бұл режимде конфигурациялар режимін өңдеуге болмайды.

- Конфигуратор – конфигурациялау (программалау) режимі. Бұл режимде программистер жұмыс істейді, жаңа анықтамалар, есеп берулер құрайды, программалық модульдер жазады. Бұл режимде ақпараттық базаға мәліметтер енгізуге болмайды.

  • Монитор – берілген уақытта ақпараттық базамен жұмыс істеп отырған қолданушыларды бақылау режимі. Ақпараттық базамен жасалатын барлық операциялар тіркеу журналында тіркеледі. Монитор режимінде нақты қолданушының нақты объектіге қатысты жасалған барлық операциялыр жиынтығын алуға болады, және де сүзгілеудің басқа да шарттарын енгізуге болады.

 

Дұрыстаушы – программамен қиындықтар болған жағдайға негізделген программистерге арналған бағдарлама. Мұнда программаның нақты жүрістеріне қарай бөліп қарастыруға болады. Бұл кезде программа Кәсіпорын режимінде орындалады. 1С:Кәсіпорын жүйесінің конфигураторы 1С-тің іске қосылуының арнайы режимі болып табылады, және ол құрастырушы программистерге арналған. Бұл режимде өндеуші  мәліметтер базасында, программалық модульдерді, құрылымын түзетеді немесе құрастырады, әкімшілік жұмыстарды жүргізеді. Конфигурация режимінде ақпараттық базаға, мұрағаттардан мәліметтерді енгізуден басқа, мәліметтерді енгізуге болмайды. Жай қолданушылар басқа «Кәсіпорын» режимінде жұмыс жасайды. Бұл режимде мәліметтерді енгізуге, анықтамаларды толтыруға, құжаттарды енгізуге, еесп берулерді құрастыруға және түзетулерді енгізуге  болады. Кәсіпорын режимінде конфигурациялар құрылымын түзетуге болмайды.

 

Сонымен негізгі ереже:

Конструктор режимінде – мәліметтер базасының құрылымын анықтаймыз және программалар жазамыз.

Кәсіпорын режимінде – біз программаны қолданамыз және мәліметтер енгіземіз.

1С тілі Бейсик тіліне өте ұқсас, барлық негізгі кілтті сөздерді орысша жазуға болады.   

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. 1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана. Учебная версия. Москва. Фирма «1С», 2008,432 с.
  2. 1С:Бухгалтерия 8. Электронный учебник. Учебная версия. Москва. Фирма «1С» , 2008,432 с.
  3. Видеокурс 1С:Бухгалтерия 8 для Казахстана. Учебная версия. Москва. Фирма «1С» , 2009.
  4. 1С:Бухгалтерия. Электронный учебник. metodbaza.ru/1c-buchgalteriya-8-0/